Экономикалык теория жане онын адистери

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 12:36, реферат

Описание

Экономикалық теория пәнінің дамуында үш кезеңді бөліп көрсетуге болады; экономия, саяси эконоиия, экономикс. Экономикалық теориянвң пәні ғылым ретінде бірден қалыптасқан жоқ, ол ұзақ тарихи дамудың нәтижесінде болып табылады. Экономикалық ойдың алғашқы көзі өзінің тамырларын ежелгі дәуірден бастайды. Алғашқы адамдардың өздерінде игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну бойынша алғашқы қауым мү

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 26.12 Кб (Скачать документ)

 Неоклассиктер көңіл аударған басты мәселе – адамның қажеттіліктерін қанағаттандыру. Экономикалық ғылымның мақсаттарын айқындай отырып, олар әр түрлі факторлардың экономикалық хал-ахуалға ықпалы жөнінде айтты. Ең бірінші игіліктердің (тауарлар мен қызметтердің) тұтыну құны (пайдалылығы) және тұтынушылар тарапынан осы игіліктерге сұраныс мәселесі тұрды. Неоклассик өқілдері экономикалық заңдар кез келген қоғам үшін бірдей дегенді алға тартты.

 А.Маршаллдың басты идеясы нарықтағы процестерді анықтаушы күш ретінде сұраныс пен ұсыныстың қалай қалыптасатының, қалай өзара әрекет ететіндігі талдап, сұраныс икемділігі түсінігін енгізді. Ол тепе – теңдік база түсінігін қолданды. Пайдалылықтарды (тұтыну құндарын ) өлшеу мен салыстыру жолымен тұтынушылардың талғамын анықтау мәселесін австриялық мектеп экономистері Қара Меңгер мен Евгений Бем-Баверк және т.б. қойды. Мұндай жақындау микроэкономика деген атқа ие болды.

 Кейінен маржинализм  Д.М.Кейнстің нарықтық реттеу экономикасын тұрақсыз етеді, сол үшін мемлекеттік араласу қажет деген теориясын өзінің бойына сіңірді.

 Д.М.кейнс (1883 – 1946 жж.) А.Смитпен және К.Маркспен қатар әлемнің үш ұлы экономистердің бірі болып табылады. Экономикалық теорияда болған нағыз ревалюция 1936 жылы жарияланған Кейнстің «Жұмысбастылық, пайыз бен ақшаның жалпы теориясы» (1883 – 1946) атты еңбегемен жасалды. Оның есімімен макроталдау мәселесіне аса көңіл аударған батыстық экономикалық ойдың жаңа бағыты – кейнсиандықтың пайда болуымен байланысты. Кейнс кейбір неоклассикалық ілімнің негізгі тұжырымдарынан, атап айтқанда, нарықты өзін-өзі реттеуші механизм ретінде қарастырудан бас тартады. Нарық Кейнс тұрғысынан тиімді сұранысты қамтамасыз ете алмайды, сондықтан да оны мемлекет ақша – несие және бюджет саясаты арқылы ынталандыруы тиіс. Бұл саясат ұлттық табыстың тез өсімін қамтамасыз ететіндей және меншік инвеститциялар мен тұтыну шығындарының өсімін ынталандыру тиіс. Кейнс теориясының тәжірбиелік бағыттары соғыстан кейінгі жылдары үлкен қолдауға ие болып, оның ұсыныстары Англия, АҚШ және батыстың басқа да елдерінде қолданылады.

 Маржинализмді бүтіндей бағалай отырып, оның жақсы жағы ретінде сәйкес концепцияларда қалыптасқан жаңа идеялардан бойын аулақ ұстамауын атап кетуге болады. Мұнда өзгеріссіз оның басты постулаты шектеулі шамаларды, шектеуліпайдалылықты, шектеулі табысты, шектеулі шығындарды т.б зерттеу болып қалды. Алайда, маржинализмнің болымсыз қасиеті де бар: ол артығымен математикаланған абстрактілі пікірлерге толып кеткен, графиктер мен формулалармен жүктеліп кеткен. Ал ең бастысы әлеуметтік мәселелерге көңір аудармауы болды.

 Маржинализмнің әлеуметтік мәселелерді шешуге қаблнтсіздігінің реакциясы ретінде институционалды - әлеуметтік бағыт пайда болады. Оның өкілдері: Т.Выблен, У.Митчел, М.Вебер, В.Зомбарт, Д.Гельбрейт, Г.Мюрдаль жән

Информация о работе Экономикалык теория жане онын адистери