Тұлғааралық қарым-қатынас педагогикасының мақсат,міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 22:06, лекция

Описание

Тұлғаға бағытталған қарым-қатынастағы сөздің ерекшелігі. Күнделікті әңгімелесу сипаты: 1) жеке адамдармен қарым-қатынастағы жекелік; 2) ойламаған жерде және күштемеу арқылы қарым-қатынасқа түсу; 3) жағдайға байланысты қарым-қатынасқа түсу; 4) сезімге берілу. Сөйлеу және оның мақсаты. Ақпараттық сөз.

Работа состоит из  1 файл

Тұлғааралық қарым.docx

— 135.33 Кб (Скачать документ)

62.Педогогикалық кикілжіңнің  турлері және соның біреуіне  талдау жасаңыз

Қазіргі таңда  педогогикалық жағдайлар тәжірибиелі  оқытушылардың,білікті мамандардың  өзін тыңырыққа тіреп жатады.Мұндай жағдайларда қандай әрекет жасау  керек,шешімін қалай табуға болады?-деген  сауалдар қойылып жатады осындай  кикілжіңге мысал келтіріп кетейін.

2-ші курс  оқитын Айгулдің сабақ улгерімі  өте төмен.Себебі,ол ешкіммен  араласпайды,сөйлеспейді тіпті оқытушылар  сабақ сұрасада жауап беруден  бас тартады.Бірақ өзіндік жұмысты  жақсы орындайды.Тіпті сабақ кезіндегі  үзілістерге де шықпайды топтастарыменде  араласпайды екен.Осы уақытқа  дейін оқытушыларда  оны көтермелеп  бағасын қойып беріп келеді.Ол  солай тиісті бағасын алып  жүре береді.Бір күні бір досы  оқымый келеді Айгүлде оқымай  жур маганда ештеме қылмайды  дейді.Бірақ ол күні оны оқытушы  қатты ұрысады сонда студент оқытушыға қарсы шығады неге сіз Айгүлге отірік баға қойасыз дейді.Солай студентпен оқытушы қатты ұрысады жәнеде өршй түсті.Осы жерден талдайтын болсақ бұл жерде  2жақта кінәлі себебі оқытушы болған  дықтан әділ болу жәнеде өзін ұстай біліп жанағы студентке түсіндіріп керек еді оқымайтын Айгүлді ортамен қосып жұмыс жасау керек еді.Ал жанагы студент 1ден оқытушының үлкен екендігін сыйлап ж.е досын сатпайақ қою керек еді.Егер 2 жақ бір бірін түсінушілікпен қараса быцлай болмас еді.

63.Тілдік қарым-қатынастың қалыптасуын  сипаттаңыз.

Тілдік қатынас - тіл арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас  жасауы; қоғамдық, ұлттық тіл арқылы ұғынысу, түсінісу; яғни адамзаттың тіл  арқылы сөйлесім әрекетін меңгеруі тілдік қатынас дегенді білдіреді. Тілдік қатынас (ТҚ) сөйлеу тілі арқылы ұғынысыу, түсінісу, қарым-қатынас жасау дегенді  білдіре келіп, адамның екінші біреуге  жеткізейін деген ойын жарыққа шығаруды көздейтін; қоғамның дамуы үшін ең қажетті  қоғамдық-әлеуметтік ақпараттар жиынтығы арқылы адамдардың бір-бірімен пікір  алмасуы, адамдар қатынасының түп  қазығы дегенді білдіреді.

Жалпы адамдардың қарым-қатынасына қатысты әрекеттер  екі үлкен тармақтан тұрады. Оныі бірі – тілдік қатынас, екіншісі - тілсіз қатынас. Тілдік қатынас пен тілсіз қатынастың ұқсастықтары да, айырмашылықтары  да бар. Бұл қатынастардың сәйкес жақтары: олардың екеуі де,  адамдардың бір-бірімен байланысын қамтамасыз етеді, яғни адамдар арасындағы қатынасқа  қызмет етеді.

Тілдік қатынас  – тілсіз қатынастан әлдеқайда күрделі  және бөлек. Сондықтан да тіл білімі – адамдардың қарым-қатынас құралы тіл туралы және сол қарым-қатынасқа  негіз болатын тілдік қатынас  туралы ғылым.

Лингвистикадағы тілдік қатынас мәселесін жан-жақты  қарастырып, белгілі бір тұжырымға  келген автордың бірі – Э.П.Щубин.

Э.П.Щубин  шет тілдерін оқытудың қағидалары мен  әдістемелерін сөз ете отырып, жалпы тілдік қатынастың құрамын, олардың  атқаратын қызметін, оқытудың мақсаты  мен мазмұнын, тілдік құралдарды анықтауға  тырысады. Оның бұл проблемаға қатысты  өзіндік пікірлері бар. Ол көзқарастардың ұтымды жақтары да, субъективтік жақтары  да кездеседі.

Тілдік қатынастың өтуі бірнеше кезеңнен тұрады. Олар мыналар:

1. Хабардың  пайда болуы. 

2. Хабардың  сыртқа шығуы.

3. Хабардың  жеткізілуі.

4. Хабардың  қабылдануы.

5. Хабардың  жауабы.

Тілдік қатынастың дыбыс арқылы айтылуы және әріп арқылы таңбалануы лингвистикада ауызша және жазбаша тілдік қатынастар деп те айтылады.

Тілдік қатынастың басты ерекшелігі: ол үздіксіз қозғалыста болатын қатынас құралы тілдің санамен бірлігі арқасында жүзеге асады және тек адамзатқа ғана тән болып табылады.                                                                                                                                                   64.Тілдік коммуникация. Р.Әміров, З.Ерназарованың сөйлеу тілін коммуникативтік-функционалдық жүйе тұрғысынан тани отырып, тілдік-амал тәсілдердің прагматикасын коммуникативтік жағдаятпен (ситуациямен) орайластыра қарайтын сәттері, сонымен қатар тілдік коммуникация құрылымының жүзеге асуын, коммуникацияға қатысушылар (коммуникативтік тұлға) коммуникацияның вербалды//бейвербалды түрінің ерекшеліктерін теориялық әрі әдістемелік тұрғыдан қарастырған Ф.Оразбаеваның зерттеулері, сөз мәдениетінің коммуникативтік-нормативтік аспектісіне қатысты жайттарды айқындауда маңызды болмақ. коммуникацияның аса маңызды құрылымдық компонентерінің бірі ретінде этикеттік таңбалардың қызметі мен өзіне тән нормаларын, қарым-қатынас мәдениетіне тигізетін әсерін көрсету. Тілдік коммуникацияның сапасын қарастыруда сөз мәдениеті ғылыми пән ретінде диалогтік принципті басшылыққа алуға тиіс. Өйткені, осы кезге дейін сөз мәдениетін тексеруде монологтік принцип үстем болып келді. Тілдік коммуникация адресанттың/ автордың/ коммуникатордың/ сөйлеушінің позициясы тұрғысынан тексерілді, ал адресаттың/ оқырманның/ коммуникаттың/ реципиенттің, тыңдаушының позициясы ескерілмеді. Мұндай жағдайда тілдік коммуникацияға баға беру тек авторлық позиция тұрғысынан болса, тілдік қарым-қатынастың сәтті-сәтсіз болуының себептері толық ашылмай қалады. 65.Коммуникативті тұлға моделіҚарым- қатынас барысында оның тұлғалық ерекшеліктері, қабілеті, білімі, эмоциялық көрінуі жалпы барлық жағдайларды қоса жүзеге асыратын адам.

      Қарым- қатынас барысында барлық жайыттарды ескере отыратын адам.

      Қарым- қатынас  барысында мәдениетті сақтайтын адам.

      Өзінің тұлғалық  ерекшеліктерін ұтымды пайдаланатын адам.

      Жан- жақты толық қарым- қатынасқа түсе алатын адам.

      Коммуникацияға түсу кезінде ойын анық жинақтап жеткізетін адам.

      Үнемі шындыққа жанасатын ақпарат айтқандықтан оның сөзін бәрі тыңдайтын адам.

66.Өзін өзі жағымды қабылдау  жаттығуларын ұсыныңыз.

1)Ең  қиын іс-өзіңді- өзің тану,

   Ең оңай іс-басқаға ақыл айту.

(Фалес)

Ең  алдымен өз өзіңізді жағымды қабылдау үшін осы айтылған қағиданы есіңізден  шығарманыз.Бойыңыздағы жағымды  және жағымсыз қасиеттеріңізді анықтаңыз.

2)Сен  ешбір жаңа нәрсе меңгермеген  және өзіңнің біліміңе ештеңе  қоспаған осынау күнді немесе  сағатты бақытсыз сана.

(Я.Коменский)

Өз  өзіңізді жағымды қабылдау үшін әрдайым  ізденіп,біліміңізге білім,ақылынызға ақыл қосудың еш артықтығы жоқ  екенін естен шығармаңыз.

3)Қанша  даңқы болса да,қанша білікті  болса да ,табиғаты түзу жан  еш уақытта –жас шағында да,жасамыс  шағында да –кеудесін көтермейді.

(М.А.Шолохов)

Ұтымды  айтылған пікір.Өз өзіңізге жағымды  болу үшін ешқашан ешкімнің алдында  көкірек керіп,кеуде көтермеңіз.

4)Сіздің  істеріңіздің нәтижелерін басқалар  бағалайды,тек қана өз жүрегіңіздің  таза да әділ болуына тырысыңыз.

(Д.Рескин)

Әрқашан айналаңыздарға қамқорлық танытыңыз.

 

 

67.Қарым-қатынасқа түсушілердің  психологиялық ерекшеліктері неде  деп ойлайсыз?Өз пікіріңізді жазыңыз.

  Қарым-қатынас  жасау ақылды адамға ғана тән  қасиет.Кейбір адамдар қарым-қатынасқа  тез түседі,ал кейбіреулері үшін  қарым-қатынас жасау қиын болып  табылады.Мұның себебі,сол қарым-қатынасқа  түсушілердің психологиялық ерекшеліктерінде.Мысалға  кейбір адамдар ашық мінезді,тез  тіл тапқыш,кез-келген ортада  өзін еркін ұстайтын болады.Олар  тез қарым-қатынасқа түсу арқылы  сол ортаға тез бейімделе алады,көп  таныстар мен достар табады,қандай  ортада кіммен қалай сөйлесу  керектігін біледі.Ал кейбір адамдар  тұйық мінезді,кез-келген ортада  өзін еркін ұстай алмайтындықтан,көп  сөйлемейтін,тұйық болып келеді.Оларға  қарым-қатынасқа түсу,өз ойын  ашық білдіру қиындыққа соғады.

 Қарым-қатынас  шеберлігін игеру үшін адам  өзін жақсы білуі тиіс.Ежелгі  философиялық тезис бойынша: «Өзіңді  өзің таны»-бұл қарым-қатынас  құпияларын игерем деуші адамдар  үшін өте өзекті болып табылады.

Біздің заманымызда  қарым-қатынастың негізгі ережелерінің бірі - сөйлеудің формасы мен мазмұнының нақты аудитория ерекшелігіне тәуелділік ережесі. Шешеннің үш міндетті - «не, қайда  және қалай сөйлеуді сақтауының негізінде» деп Цицерон шешендер түрлерін анықтаған  екен.Менің ойымша,бұл өте дұрыс  айтылған пікір.Қарым-қатынасқа түсушілердің ерекшеліктері де нені,қайда және қалай сөйдеу керектігін білу деп  ойлаймын.

70.Ізгілікті қарым-қатынас

«Адамның  басына қонған бақыттың тұрақты болуы  жақсы мінез-құлыққа байланысты», деген әл-Фараби.  Адамның басқалармен  қарым-қатынас жасауында ең алдымен  әсер етуші фактор сыпайылық, ізгі қарым-қатынас  орнатумен байланысты.  Ол үщін адамда тәрбие болу керек. Ол қасиеттерінің  біріне адамгершілік қасиеті жатады. Педагогикалық қарым-қатынастағы  гуманистік бағытты қорғап-қолдаушы К.Роджерс мұғалімнің оқушылармен  арадағы бір-бірін түсіну мәселесін  басты міндет етіп қойды. Р.Бернс  осы мақсаттағы технологиялық принциптерге толық  қосылатынын атап көрсетеді.  Осы заманғы психология адамдар  арасындағы қарым-қатынастың қалыпты  нормаларын қалыптастыру мәселесіне баса назар аударды. Осы мақсатқа орай қатынас жасаудың неғұрлым адами  тиімді қасиеттерін жетілдіре түсіну үшін оның тек сезіміне ғана әсер етуімен  шектелмей, сондай игі қасиеттерді игерудің әдіс тәсілдерін кісінің бойындағы тұрақты сипаттары етіп қалыптастыруды көздейді. Адамның бойындағы игі қасиеттердің бәрі түрлі әрекеттер арқылы жақсылыққа талпыну, ұштастыру болып отырады.

71)Ұлттық ерекшеліктердің тұлғааралық  коммуникацияға ықпалын талдаңыз

Қарым-қатынас  мәдениетін қалыптастыру мәселесі ұлттық мәдениетімізді дамытуға, ұлттық құндылықтар  мен мәдени мұраларымыздың мәнін  түсіну, тарихты зерделей отырып, жан-жақты  дамыған, рухани мәдениетті жеке тұлға  тәрбиелеуде маңызы зор. Осы орайда ең негізгі талаптардың бірі –  ұлттық қасиеттерімізді танып-білу, соның негізінде қарым-қатынас  мәдениетімізді қалыптастыру. Өзімізді-өзіміз танып, өзгелерге таныту, яғни ұлттық ерекшеліктеріміз бен құндылықтарымызды  бүгінгі талаптарға сәйкес жүйелеп, байытып, дамытып, басқаларға тарату арқылы өзіміздің ұлттық деңгейлерімізді  көтере білу. Осыған байланысты жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді даярлау барысында ұлттық педагогика идеялары негізінде қарым-қатынас  мәдениетін қалыптастыру кәсіби даярлықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру  керек.

Қарым-қатынас  – білім мен біліктілік, дағды  және адамның ішкі құндылықтарына негізделген  мәдени сауаттылығы ретінде қарастыруға  болады.

Қарым-қатынас  – білім мен мәдениеттің компоненті, оның бөлінбейтін бөлшегі іспетті  адамзаттық дүниетанымы мен сана-сезімін  жетілдірудің ерекше жолы. Ұлттық құндылықтарға  негізделген қарым-қатынас мәдениеті  студенттердің саналы көзқарасын, ізгілікті  қарым-қатынас орнатуына, рухани-адамгершілік құндылықтарының қалыптасуына, жүйелі іс-әрекет жасауына мүмкіндік береді.

Ғұлама ойшылдар Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Қ.А.Яссауи т.б. адамдар арасындағы қарым-қатынас  мәселесіне, мәдениеттілік, оның қалыптасуындағы  тәрбиелік істердің маңызына ерекше назар аударған. Ортағасырларлық  ғұламалардың мұраларындағы бұл  мәселе төңірегіндегі айтылған ой-пікірлер ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ыбырай, Абай, Шәкәрім мұраларында жалғасын тапты.

72.” Қақтығыссыз өмір сұру ережелері ”атты жадынама құрастырыңыз.

1.Қақтығыс  болған жағдайда ,өзін-өзі ұстай  білу.

2.Қақтығыс  болған жағдайда,сабырға шақыру.

3.әр  қашанда,адамдарға кешірімді болу.

4.әр  қашанда,адами қасиеттерді жоғар  қою.

5.әрбір  іс-әрекеттерге,ерекше абайлықпен  қарау.

6.әрбір  жағдайға ,ерекше кеңпеиілдікпен  қарау.

7.әрбір  адам өзінің жеке адами мәдениеттерін  деңгеиін көтеру.

8.Күнделікті  өмірде сыпайы,кешірімді болуға  үйренуы шарт.

9.Қандай  жағдайда да,екі жақта алдымен  келісімге келуы шартты .

         10.Әр қашанда,қақтығыстын зияны  туралы хабардар ету.    

75.Педагогикалық мәдениет деңгейіне   диагностикалық картасын құрастыр

Педагогикалық мәдениет - мұғалімнің ғылыми-педагогикалық дайындығы мен тәжірибелік іс-әрекеті арасындағы қарама-қайшылықтарды шешу дәрежесін бейнелейтін, оның педагогикалық іс-әрекет пен тәрбие қатынастарының субъектісі ретіндегі тұтас тұлғасының мәнді сипаттамасы. Адамдардың бірлескен ғылыми , моральдық әлеуметтік  көркем және техникалық құндылықтар жасаудағы қарым қатынас жиынтығы, яғни адам тұлғасына бағытталған өзін өзі танып білу немесе рухани өмірбаяны.

Кәсіби қарым қатынас өлшемдеріне:

Қарым қатынастың құндылық және  кәсіби педагогикалық бағыттылығы

Қарым қатынас  дәстүрлі мен құндылығын, қарым қатынас  нормасы мен дамытушылық  потенцияны білу:

Кәсіби  педагогикалық  қарым қатынас жасау мен оның тәсілдері білу;

Информация о работе Тұлғааралық қарым-қатынас педагогикасының мақсат,міндеттері