Тұлғааралық қарым-қатынас педагогикасының мақсат,міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 22:06, лекция

Описание

Тұлғаға бағытталған қарым-қатынастағы сөздің ерекшелігі. Күнделікті әңгімелесу сипаты: 1) жеке адамдармен қарым-қатынастағы жекелік; 2) ойламаған жерде және күштемеу арқылы қарым-қатынасқа түсу; 3) жағдайға байланысты қарым-қатынасқа түсу; 4) сезімге берілу. Сөйлеу және оның мақсаты. Ақпараттық сөз.

Работа состоит из  1 файл

Тұлғааралық қарым.docx

— 135.33 Кб (Скачать документ)

5)Қашықтық.

Бұл стильдің ерекшелігі педагогпен оқушының қарым қатынасы жүйесінде қашықтық арқылы айқындалатын шектеулер бар. Мұғалім мен оқушы қарым қатынасында қашықтық сақтаған жөн. Бірақ ол мұғалімнің қалауы немесе бұйрығы арқылы орындалмай, мұғаліммен оқушы қарым қатынасынан табиғи түрде туындалуы қажет.бұл қашықтық мұғалімнің жетекші рөлде екендігінің көрсеткіші, беделінің айқындамасы.

6)қорқыту

Бұл стильге  көбіне тәжірибесі аз мұғалімдер жүгінеді. Оқушыны қорқыту арқылы тілге  тарту мүлдем болашағы жоқ тәсіл. Себебі мұғалім оқушылардың іс әрекеттеріне қатаң нұсқау бере отырып коллективтегі  достық қарым қатынасты,бірін бір түсінушілікті жояды.

7) қылмыңдау

Бұл да көбіне тәжірибесі аз мұғалімдерге тән тәсіл. Бұл стильді ұстанған мұғалім  балалардың алдында жалған,арзан бедел жинауға тырысады. Бұл әрине педагогикалық этикаға жат қылық. Бұл  стильге жүгінудің себебі бір жағынан мұғалімнің  баламен тез тіл табысуға, сыныпқа ұнауға деген талпынысы болса, екінші жағынан муғалімнің жалпы педагогикалық және қарым қатынастық мәдениетінің таяздығы. 

Педагогикалық қарым қатынас  құрылымы үш кезеңге бөлінеді:

  1. Коммуникативті ақпарат алмасу
  2. спортшылардың арасындағы байланысты  құру. Қарым-қатынаста  оның қатысушыларының нақты тәуелдiлiгi, олардың өзара тәуелдiлiгiмен байланысты;
  3. адаммен адам перцеп қабылдауы. Ол оқушы тәрбие алған әлеуметтiк эталондармен анықталады.                                              

 

                                                                                                                                                                                                        33.Коммуникацияның ішкі және сыртқы сипаты. Коммуникация (лат. communication байланысамын, катынасамын) (катысым) — адамдардын танымдык-енбек процесінде катынас жасау, пікір алысу, ой бөлісу — олардың бір-бірімен әрекет жасауынын айрыкша формасы болып табылады. Адамзаттык Коммуникациянын хайуанаттар Коммуникациянан басты ерекшелігі — онын тіл аркылы жүзеге асатындығында.Коммуникация коммуникативтік актілерден кұралады, пікір айтушылар, оны түсіндірушілер коммуниканттар деп аталады. Коммуникация үшін тілдік катысымнан басқа , бет-қол кимылы, семиотика жүйесіне жататын музыка ноталары, ойын ережелері, Морзе әліппесі, ЭЕМ багдарламалары, математика, техника саласына катысты кибернетика, компьютер жүйесі пайдаланылады.Сөйлеу аркылы адамдар өзара еркін түсінісе алады. Коммуникациялық кызметте тіл танымдық-белгілік мәнге ие болып, адамды әлеуметтік тұлға дәрежесіне көтерудін манызды тірегіне айналады. Тек жеке тұлғалардын емес, қоғам мен қоғам мүшелерінін арасын байланыстыратын қызметінін арқасында Коммуникация қоғамнын калыптасуына айрыкша ықпал етеді."Коммуникация" үғымын глоссематикада тіл танбалары арасындағы парадигматикалык катынасты аныктау үшін, 1935 ж. Л. Ельмслев (Дания) енгізген. Ол шағын тіл элементтерін көрінісі мен мазмүны жағынан ерекшелеп көрсету үшін Коммуникациялык тест жасаған. Мысалы: заттын сандык мөлшерін білдіретін моль-ноль, ноль-нуль сөздері көрінісі жағынан роль-руль сиякты бір-бірінен ерекше. Бірак олар мазмүны жағынан эр түрлі катынаста: моль-ноль, роль-руль жұп сөздері көрінісі мен мазмүн сәйкестігі жағынан бір-бірімен Коммуникациялык катынаста, ал ноль-нуль жұбы—тек бір танбанын варианттары ғана, онда Коммуникациялық катынас Ж°К. Коммуникациялык тест тілдік танбалардын көрінісі мен мазмұнын аныктау мақсатында тілдік талдаудын барлык деңгейіндеде (мыс. синкретизм (к.) құбылыстарында) қолданылады.Коммуникация — "Мен"-нің өзін басқадан табуына көмектесетін, қарым-қатынасты білдіретін философияның категориясы. К.Ясперстің экзистенциализмінде, сондай-ақ казіргі француз персонализмінде мейлінше толық көрініс тапты. Тарихи жағынан коммуникация туралы ілім ағартушылыққа қарай өрлейтін қоғамдық шарт доктринасына қарама-қарсы қалыптасты. Коммуникация теориясын жақтаушылар (К.Ясперс, Б.Больнов, Э.Мунье) негізінен алғанда қоғамдық шарт дегеніміз контракт, мәміле деп атап көрсетеді, бұл мәмілеге қатынасушылар екі жақка бірдей міндеттемелермен шектелген: олар бір-бірін осы міндеттемелерге сай, яғни абстрактілі, бейнесіз түрде ұғынады. Шарт дегеніміз — адамдардың іс жүзіндегі бытыраңқылығында жатқан байланыс. Ал коммуникация шартқа қарама-қарсы, саналы түрде орнатылатын өзара тәуелділік ретінде қарастырылады. "Контрактының орнына жанасым" (Ф.Кауфман). Коммуникация орнатудың құралы пікір-сайыс деп жария етті.

34.Педагогикалық қарым-қатынас  стилінің ерекшеліктері мен классификациясы.Біз кез келген топқа келгенде, балалардың назарын өзімізге аудару үшін белгілі бір әрекет жасау қажеттігін сеземіз. Бұл бағыттағы алғашқы қадам –балалардың қызығушылығын тудыру үшін өзін дұрыс көрсету. Психологияда ол өзін сыйға тарту деп аталады. Қарым-қатынас мектепке дейінгі ұйымның табалдырығынан басталады,ол мақсатқа бағытталған үдерңс, ол тек біздің жеке ниеттерімізге ғана байланысты емес, оқыту және тәрбие логикасымен анықталады. Осы жағдайдың өзінен әртүрлі көзқарастар мақсатқа бағытталынып, қарым-қатынастың вербальды(дыбыстап айтылатын) және вербальды емес(дыбыссыз) құралдарын таңдау қажеттігі туындайды. Педагогикалық қарым-қатынас мақсатпен және жорамалдаумен қатар құрылуы қажет. Бұл педагогикалық үдерістің маңызды соңғы категориясы.Қарым-қатынас тұтастай жүзеге асырылу керек:Ақпарат алмасу, өзара қатынастарды ұйымдастыру, баланың жеке тұлғасын тану және өзара әсерді ұйымдастыру.Егер бұл функциялардың ішінен қарым-қатынас үдерісінде біреуі таңдалса, қарым-қатынастың біртұтас жүйесі бұзылады, қарым-қатынас механизмінде іркілістер пайда болады.Мынадай педагогикалық ережені есте сақтайық: егер біз балалармен бірге жұмыс істегенде табысқа жеткіміз келсе, онда саналы түрде жреді деп қарастыру қарым-қатынастың барлық қоғамдық тұрмыс аумағынан асып кететінін көрсетеді. Қарым-қатынас қоғаммен қатар,әрбір адамның мәнді сипаттамалары арасында жатыр, яғни қарым-қатынастағы адам- қоғамның элементі.

35.Педагог тұлғасына қойлатын  талаптар және оның атқаратын  қызметті.

Қазақстан Респулкасының《білім туралы》заңында《білім беру жұйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктер негізінде жеке адамды қалыптастыруға, кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау,оқытудың жаңа технологияларын енгізу білім беруді ақпараттандыру, халқаралық-ғылымдық коммуникациялық аумаққа шығару делінген.》бұл міндеттерді шешу ұшін мектеп ұжымдарының әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру,өзгерістерге бптыл жол ашарлық жаңа тәжірбие жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттілігі туындайды.

 Балалар  ең алдымен мұғалімнің сабақты  қызықты өтуін,мейрімді болуын  көңілді болуын қажет етеді.екінші  орында оқушыға деген сыи құрмет  әділдік,болуын.үшінші қатарға мұғалім  тарабынан талап қойушылық жене  оның өз пәнін жеттік білуі  болды,сонымен қатар балаға деген  сүйспеншілік сабырлық шыдамдылық  болуын талап етеді.

Мұғалім башаға арналған бір тұтас білім беру бағдарламасын яғни білім беру мен  тәрбиенің барлық мақсаттары мен  мазмұның бағытқа алу қажет.

Педагог ғалымдар М.Сакаткин,Э.Костяшкин,В.Сластениннің  бастамасымен жалпы одақтық《мұғалім》бағдарламасыда жасалды онда үш негізгі аспектіге назар аударылған-мазмұндық,даралық,процецуалдық.кәсіби даяарлаудың бұл үдерісінде сайкес мәселені шеше білуі тис.

Мектеп оқушысы  қарым-қатынас обьектісінен іс-әрекет субектісіне айналуы тис.ендеше оқытудың мазмұны мен әдістемесін  мұғалімнің кәсіби дайарлығыда бағыттап беймдеу керек.оқыту әдістемесі мұғалімнің өтілетін сабақтың мазмұнын жеткізуіне бағытталады,

Өз пәнін  жеттік игерген әдіскер ұстаз  өз сабақтарында жаңаша педегогикалық  әдістерді кеңінен пайдаланады.

Сонымен педагог  пәндік білімін жүйесін ғылыми білімнің әр саласы бйнша білікпен дағдыны  игеріп қана қоймай,оқыту технологиясының  жүйесін ,оқушылардың оқу қызметінің біліктілік пен өмірлік дағдылады  игеруне бағытталуы керек.

 36.Педагогикалық кикілжіңнің негізгі белгілері

Конфликт (кикілжің, қақтығыс, дау- дамай)- адамдардың санасындағы  қатынастарының жағымсыз сезімдерге байланысты қарама- қарсылық туғызуы. Қақтығыстарға  қарама- қарсылық әрекетінің негізінде  бір- бірімен сәйкес бір мезгілде жүзеге аспайтын қажеттіліктер, құндылықтар  жатады.

Қақтығыстардың  құрылымы 2 ұғымнан тұрады:

  1. Қақтығыс жағдаяты- қақтығыстың нақтылы негізі екі жақтың қызығушылығы мен қажеттілігі арасындағы нақтылы қайшылық.
  2. Инсидент- дау- дамай жағынан кең көлемді.

Дау- дамайдың сатылары:

  1. Нақтылы қақтығыс жағынан пайда болады
  2. Нақтылы санамен қабылдау
  3. Қақтығыстық іс- әрекеттер
  4. Қақтығыстың шешілуі

Қақтығысты  шешу:

  1. Инсидентті өшіру, дау дамай -жағдайын тарату
  2. Біржақты ұтысын қамтамасыз ету
  3. Алдау арқылы немесе өтіріктің көмегімен дауды бөлу

Дау- дамайды тарату жолдары мен әдістері:

  1. Бір- біріне кеңістікте екі жаққа толық ажырату
  2. Жағдайды іштей басқа көзқараспен тарату, қатысушының рухани құндылықтарын, көзқарастарын өзгерту
  3. Тікетірестен ынтымақтастыққа көшу көбіне іскерлік арасындағы дау- дамайды шешу.

Қақтығыстың жағымды және жағымсыз жақтары болады:

Жағымсыз  жақтары- адамның арасындағы адами  қасиеттердің төмендеуі.

Жағымды жақтары- топ арасында болады.

37.Интернет жүйесі арқылы коммуникативтік  қатынас жасау

Қоғамның  дамуы ғылыми-техникалық прогрестің тез даму қарқынымен сипатталады. Қазіргі  егемен елімізде ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды тиімді пайдалану  арқылы білім сапасын арттыру  – бүгінгі күннің басты мақсаты. Ал білімді ақпараттандыру жүйесінің  негізгі мақсаты – ақпараттық-коммуникациялық  технологияның (АКТ) қазіргі заманға  сай жетістіктерін пайдалана  отырып, Қазақстан Республикасында  білімнің сапасын арттыратын, болашақ  кәсіби шеберлердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыратын, мәдениаралық және тілдік коммуникацияның негізін жасауға  бағытталған, бірыңғай танымдық орта жасау. Әдеби дерек көздердің талдауы  – қашықтан оқыту анықтамасына үш құрамның кіретінін анықтады: ашық оқыту, компьютерлік оқыту, қарым-қатынастың «Интернет» жүйесі үшін өте күшті  танымдық мотивация тән, сондықтан  қашықтан оқытуды ХХI ғасырдың оқуының  технологиясы етіп отыр. Нағыз күшейтілген  мотивациясымен арақашықтықта оқыту  сырттай оқудан ерекшелінеді, осының салдарынан оны сырттай оқудың дамуындағы жаңа кезең деп атауға болмайды.Оқытудың бұл түрін әріптестермен қарым-қатынас  жасаудың жоғары деңгейіне, ынтымақтастыққа  жетелейтін, жоғары кәсібилікпен сипатталатын ХХІ ғасырдың маманын дайындаудың  жүйесі деп атауға болады. Оқытудың бұл түрі үшін, әлеуметтік маңызды  себептердің шапшаң күшейуі ашық және компьютерлік оқытуға, қазіргі  кездегі қарым-қатынас құралдарын пайдаланудың арқасында іскерлікке, танымдық-ынтымақтастықтың өзін-өзі  жүзеге асырылуына, дамуына және өз орнын табуына, өзара қарым-қатынастың күшейуіне тән.Қашықтан оқыту мынадай  әлеуметтік маңызды функцияларды жүзеге асыру үшін бейімделген:

-  қоғамның білімділігінің деңгейі мен білім сапасын жоғарылату;

-  сапалы дайындалған мамандарға деген мемлекеттің қажеттілігін қанағаттандыру;

-  халықтың әлеуметтік және кәсіптік тұтастығын, оның кәсіпкерлік және әлеуметтік белсенділігін, өзіндік сана сезімнің деңгейін жоғарылату;

-  жоғары мектеп жинақтаған кадрлық және материалдық әлеуетті, білімді сақтауға және молайтуға ықпал ету;

-  ТМД аумағындағы бірыңғай білімдік кеңістіктің дамуына және оны сақтауға ықпал ету.

Білімнің  негізі – мектеп болып табылғандықтан, осындай жаңа технологияларды орта мектептерде қолдану, соның ішінде Интернетті пайдалану мақсатында төмендегі мәселелерді ұсынып отырмыз. Бастауыш сыныпқа арналған сайт тұжырымдамасы РБАО арқылы Қазақстанда ЮНЕСКО-ның Білім саласындағы ақпараттық технологиялар институтының «Республиканың ауылдық мектептеріне арналған қашықтан оқу бағдарламасы» атты пилоттық жоба негізінде жасалды. Бастауыш сыныпқа арналған сайтта мұғалімдер үшін, ата-аналар үшін, балалар үшін мағлұматтар қарастырылған.

Мұғалімдер  үшін:

-     оқу бағдарламасы бойынша қажетті материалдар;

-     әріптестерімен өзара тәжірибе алмасу;

-     тәрбие сағаттарының сценарийлері;

-     психологиялық тапсырмалар мен жаттығулар;

-     психологиялық кеңестер;

-     ұлттық ойын түрлері;

-     сабақтарға қойылатын кейбір талаптар.

Оқушылар  үшін:Дүниетану пәні бойынша оқу бағдарламасы аясында оқулықтан тыс қажетті материалдар бөлімдерге бөлініп, адам, табиғат, жануарлар мен өсімдіктер, қоғам және жанұя тақырыптарында берілген:

-     дені саудың жаны сау;

-     сен білесің бе?

-     ең-ең...

Ата-аналар үшін:

-     тәрбие – талбесіктен басталады;

-     балаңыз мектепке баруға дайын ба?

-     ата-ананың бала алдындағы абыройы.

Берілген  материалдардың мазмұны түсіндірме мәтіндер, суреттер, анимациялық суреттер, сайтты безендіруге арналған интернеттегі жасақтамалар арқылы оқушыны қызықтыратын, жалықтырмайтын түрлі-түсті материалдармен қамтамасыз етілген. Бастауыш сыныпта «Дүниетану» сабағында жүргізілетін тәжірибелердің жасалу барысы көрсетілген. Әрбір мәтінді оқып танысқан соң, бала берілген тапсырмаларды орындайды. Тапсырмалар баланың мүмкіндігіне қарай үш деңгейде берілген. Оқу материалын меңгерген бала электронды пошта арқылы мұғалімнің көмегімен өз ой-пікірлерін жолдауға, достарымен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік берілген. Алыс аудандардағы балалармен пікір алмаса алады. Берілген материалдар тақырыпқа сай, ұлттық дүниетанымды қалыптастыру мақсатында көне дәстүрлерімізді, ұлттық бұйымдарымызды, жануарлар тақырыбында берілген төрт-түлік ерекшеліктері, өлең, жұмбақтар арқылы бала бойына сіңіру қарастырылған. «Дені саудың жаны сау», «Сен білесің бе?», «Ең-ең...» тақырыбында жасалған арнайы айдарлар арқылы баланың танымдық қабілетін арттыру жолдары қарастырылған.

Мұғалімдерге  арналған бөлімде әріптестерімен тәжірибе алмасу, психологиялық кеңес, ұлттық ойын түрлері, баланың танымдық қасиеттерін дамытатын психологиялық тапсырмалар мен ойындар, тәрбие сағаттарының сценарийлері берілген. Мұғалімдерге өз ұсыныс-пікірлерін білдіру үшін арнайы айдар жасақталған. Форум арқылы әрбір мұғалім әріптестерімен кеңесіп, талқылаулар жасай алады.

Ата-аналар үшін интернет-сайтты пайдалану өте  тиімді. Олар мұғалімдердің тәжірибесін, балалары нендей нәрселерді оқып, үйреніп жатқандықтарымен хабардар болып отырады. Сонымен бірге кеңестер, т.б. көптеген материалдарды танып білуге мүмкіндік жасалған.

Информация о работе Тұлғааралық қарым-қатынас педагогикасының мақсат,міндеттері