Тұлғааралық қарым-қатынас педагогикасының мақсат,міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 22:06, лекция

Описание

Тұлғаға бағытталған қарым-қатынастағы сөздің ерекшелігі. Күнделікті әңгімелесу сипаты: 1) жеке адамдармен қарым-қатынастағы жекелік; 2) ойламаған жерде және күштемеу арқылы қарым-қатынасқа түсу; 3) жағдайға байланысты қарым-қатынасқа түсу; 4) сезімге берілу. Сөйлеу және оның мақсаты. Ақпараттық сөз.

Работа состоит из  1 файл

Тұлғааралық қарым.docx

— 135.33 Кб (Скачать документ)

7.Педагогикалық өзара қатынастың  мәні.

Педагогикалық қарым-қатынасты рухани өндірістің бір түріне жатқызуға болады,себебі ол өзінің мазмұнына міндетті түрде  шығармашылықты әрі өнімді түрде  білім,іскерлік,дағдыларды жеткізу,сондай-ақ әрқашан жаңаны уағыздау,жан-жақты  және үйлесімді дамыған адам тұлғасын қалыптастыру,тәрбиелеуді ендіреді.

 Педагогикалық  мәдениетті мұғалімнің қадағалауы  тиіс көптеген шарттарға негізделіп  қалыптасады.Бұл шарттар қатарының  болуы қарым-қатынастың жалпы  қажет екенін көрсетеді.Алғашқы  шарттарға;мұғалім мазмұнының сәйкестігі,амалы,ритмі,қарым-қатынас  сипатының әртүрлі психофизиологиялық  және әлеуметтік ерекшеліктерін  қабылдау және осыған өзара  ықпал етуші оқушылар,ата-аналар,әріптестер  қатынасқа түседі.Ол өзінің қарым-қатынасын  барлық өзінің әріптестерінің  ерекшеліктеріне сай құрады.

Қарым-қатынасқа  негізделген факторларды екі  үлкен топқа бөлуге болады:тұлғалық және операциялық.Бұл екі фактор да бір-бірімен тығыз байланысты жәнетәуелді боп келеді.Тұлғалық-адамның  өзіне тұлға ретінде қатынасы болса,операциялықта барлық қарым-қатынас  үдерісінің  өзі сипатталады.

 Педагогикалық  қарым-қатынас субъектілері - адамдардың  жоғарыда қарастырылған жас, тұлғалық  ерекшеліктерімен, өмірлік тәжірибесімен,  ұстанымдарымен сәйкес ерекше  сипатқа ие педагогикалық қарым-қатынасты  ұйымдастыру міндеті оқытушының  кәсіби, әлеуметтік, психологиялық  мәдениетінің жоғары болуын ғана  емес, тұлғалық кемелденуін де  талап етеді.

8. Педагогикалық қарым қатынастың  стильдері мен құрылымы

Педагогикалық қарым қатынастың көптеген стильдері  бар. Солардың ішіндегі негізгілері:

1)авторитарлық.

Бұл стильге  тән қасиет ол мұғалімнің қатаң басқаруы. Мұғалім көбіне бұйырып сөйлейді,үзілді кесілді ескертпелерді жиі айтады.

Мұғалім кей  оқушыларға жөн жосықсыз  урысса, ал кейбіреулеріне себепсіз мақтау айтады.

Авторитарлық  мұғалім жумыстын мақсатын айқындап, оның орындалу жолдарын көрсетіп,кім  кіммен жұмыс жасайтынын айқындайды. бұл стиль оқушының жұмыска деген  құлшынысын азайтады. Себебі мұғалім  баланың потенциялына сенімсіздік  білдіреді, баланың өз өзіне деген  сенім азаяды.

2)Попустительский 

Бұл стильдің ең басты ерекшелігі- мұғалім  оқу  процесі барысында өзінің рөлін жояды,яғни болып жатқан жағдайларға ешқандай жауапкершілікті  мойнына алмайды. Бұл стиль педагогикалық стильдердің арасындағы ең қолайсызы. Себебі мұндай стильді қолдану берілген тапсырманың ең төменгі деңгейде  орындалуына әкеп соқтырады. Орындалған жумыстың сапасы да нашар болады. Бұндай стиль оқушыларды да қанағаттандырмайды. Оларға ешқандай жауапкершілік жүктелмесе де мұндай сабақтарға құлықсыздық танытады. Мұғалім оқушылардың іс әрекетіне барынша аз араласады, оларды басқарудан бойын аулақ ұстайды, өз әрекеттерін үстірт қана орындап, тек әкімшіліктің тапсырмасын орындау мен ғана шектеледі.

3)Демократиялық

Бұл стильдің ең басты ерекшелігі - оқушылар алдагы атқарылатын жұмыстың орындалу барысы мен оны ұйымдастыру туралы талқыға белсенді түрде қатысады. Осының нәтижесінде оқушылардың өз- өзіне деген сенімділігі артады,әркім өзін -өзі баскруға үйренеді. Сонымен қатар басқа адамдармен тез тіл табысып , бірін бірі сыйлау және біріне бірі деген сенімділігі артады.

4)Біріккен шығармашылық іс әрекет негізінде құрылған қарым қатынас

Бул стильдің негізінде педагогтың жоғарғы білгірлігі мен оның этикалық ұстанымдарының бірлігі жатыр. Оқушыны шығармашылық ізденіске бағыштау мұғалімнің тек қарым қатынастық іс әрекетінің нәтижесі ғана емес оның пед/қ қызметінің де жоғарғы деңгейін  көрсетеді. Ортақ іспен айналысу  мұғалім мен оқушы арасындағы достықты,пікір бірлестігін туындатады.мұғалім жол сілтеуші аға , әрі пікірі бір жолдас болып кетеді.

5)Қашықтық.

Бұл стильдің ерекшелігі педагогпен оқушының қарым қатынасы жүйесінде қашықтық арқылы айқындалатын шектеулер бар. Мұғалім мен оқушы қарым қатынасында қашықтық сақтаған жөн. Бірақ ол мұғалімнің қалауы немесе бұйрығы арқылы орындалмай, мұғаліммен оқушы қарым қатынасынан табиғи түрде туындалуы қажет.бұл қашықтық мұғалімнің жетекші рөлде екендігінің көрсеткіші, беделінің айқындамасы.

6)қорқыту

Бұл стильге  көбіне тәжірибесі аз мұғалімдер жүгінеді. Оқушыны қорқыту арқылы тілге  тарту мүлдем болашағы жоқ тәсіл. Себебі мұғалім оқушылардың іс әрекеттеріне қатаң нұсқау бере отырып коллективтегі  достық қарым қатынасты,бірін бір түсінушілікті жояды.

7) қылмыңдау

Бұл да көбіне тәжірибесі аз мұғалімдерге тән тәсіл. Бұл стильді ұстанған мұғалім  балалардың алдында жалған,арзан бедел жинауға тырысады. Бұл әрине педагогикалық этикаға жат қылық. Бұл  стильге жүгінудің себебі бір жағынан мұғалімнің  баламен тез тіл табысуға, сыныпқа ұнауға деген талпынысы болса, екінші жағынан муғалімнің жалпы педагогикалық және қарым қатынастық мәдениетінің таяздығы. 

Педагогикалық қарым қатынас  құрылымы үш кезеңге бөлінеді:

  1. Коммуникативті ақпарат алмасу
  2. спортшылардың арасындағы байланысты  құру. Қарым-қатынаста  оның қатысушыларының нақты тәуелдiлiгi, олардың өзара тәуелдiлiгiмен байланысты;
  3. адаммен адам перцеп қабылдауы. Ол оқушы тәрбие алған әлеуметтiк эталондармен анықталады.                                              

 

9.Алмасу теориясы(Дж.Хоменс, Блау).

Блау Питер Микаэл 7.2.1918 жылы Венада дүниеге келген. "Әлеуметтік кұрылымға түрліше көзқарастар" деген негізгі еңбегінде адамдардың қарым-қатынасындағы экономикалық аспектілерге көп көңіл бөлген. Күрделі әлеуметтік ұйымдардың арасындағы байланыстар, ұжымдық құндылықтар мәселелері жөнінде бірталай еңбектер жазған. Бір сөзбен айтқанда, Блау Америкадағы әлеуметтік құрылымды зерттейтін ірі мамандардың бірі 60-шы жылдары Блаудың басшылығымен Америкада әлеуметтік кұрылымның өзгеру динамикасын зерттеу барысында математикалық әдістерді қолданып, жасөспірімдердің әлеуметтік статусының өзгеруіне әсер ететін факторларды көрсеткен. Микроәлеуметтану теориясының ішіндегі маңыздысының бірі Блаудың әлеуметтік алмасу теориясы. Бұл теория құрылымдық функционализммен салыстырғанда жүйені емес, адамды басты орынға қойды

Әрбір әлеуметтік қайраткер өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға талпынады. Дж.Хоманс өзінің әлеуметтік алмасу теориясында әрбір қайраткер әлеуметтік өзара әрекет барысында марапаттауды (материалдық та, моральдық та – қолдау, келісу, мақұлдау) максимизациялауға және шығынды минимизациялауға ұмтылатындығын атап көрсетеді. Өзара марапаттау тұрақтылық тенденцияны танытады, сақталады. Осы тұрғыдан өзара күту пайда болады.

10.Педагогикалық қарым-қатынас  стилінің ерекшеліктері мен классификациясы.

Қарым-қатынас  деп аталатын процесс - аса кең  және сиымды түсінік. Бұл саналы және саналанбаған вербалды байланыс, ақпарат  алу мен беру, оның өзі барлық жерде және үнемі байқалып отырылады. «Әлемнің кең алқабында коммуникация алып аспан денелерін бір-бірімен  байланыстырады деген жорамал бар  және Лермонтовтың «жұлдыз жұлдызбен  тілдеседі» деген метафорасы осылайша жаңа күтпеген мағынаға ие болады».

Қарым-қатынас сан алуан сипатта. Оның көптеген формалары, түрлері бар. Педагогикалық қарым-қатынас адамдар карым-қатынасының жекеше түрі. Оған осы өзара әрекет формаларының жалпы қасиеттері де, білім беру процесіне тән қасиеттері де лайық. Сондықтан, педагогикалық қарым-қатынасты анықтамас бұрын, алдымен қарым-қатынасты жалпы феномен ретінде сипаттаушыларды қарап шығайық.

Қарым-қатынас субъектілері өзіндік функционалды жүктемені алып жүреді және бұрыннан бері қарым-қатынастың түрлі функцияларын жүзеге асырушылар ретінде қарастырылады.

Қарым-қатынас функциясының неғұрлым жете талдауы контакттілік, ақпараттык, түрткі болушы, үйлестіруші, түсіну функциясын, қатынастар орнатудың эмотивті функцияларын және әсер ету функцияларын саралап жіктеуге мүмкіндік береді (Л.А. Карпенко).

Қарым-қатынасты, қалай дегенмен де, бір-бірімен психологиялық қатынаста байланысқан адамдар арасындағы мақсатты, тура немесе қайсы бір құралдармен жанамаланған контакт орнату және қолдау процесі ретінде анықтай отырып, А.А. Леонтьев оның келесі сипаттамаларын бөледі: контактілік, бағдарланғандық, бағыттылық, арнайы семиотикалық пен процестің психологиялық динамикасы.

Қатал қарым-қатынас баланы ұрып-соғу арқылы ашық көрінеді не жасырын, яғни эмоционалдық дұшпандық пен суықтықтан көрінеді. Жоғары моральдық жауапкершілік бала болашағының ерекшелігіне үміт артып, баладан жоғары моральдық тәртіп талап етуден болады. Тәрбиенің мұндай түрін ұстанатын ата-аналар балаға отбасының басқа мүшелеріне қамқоршы, қорғаншы болуды жүктейді.

11. Қарым-қатынас деңгейлері. Қ-қ– адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі не одан да көп адамдардың арасындағы танымдық, эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады. Б.Д. Ломов қ-қ деңгейлерін қарастырады: 1) Макродеңгей – индивид басқа адамдардың қалыптасқан қоғамдағы қатынастарға, дәстүрлерге, салтқа сәйкес қарым-қатынас жасауынан көрінеді. 2) Мезодеңгей – тақырып мазмұнымен анықталады.3) Микродеңгей – мазмұны мен сыртқы көрсеткіштері арқылы көрінетін контактілік байланыс.  Қарапайым деңгей.   Жалпы қатынаста тек қарапайым деңгейге дейін жіберілетін жалпы сипаттамаға ие. Ол үшін әңгімелесуші адам серіктес емес, ол керекті не кедергі келтіретін пін болып табылады. Егер ол керек болса, оған қарай тырысу керек, ал егер кедергісін келтіретін болса, одан құтылуға әрекет жасау керек. Осыдан қ –қ кезіндегі ұстаным да шыға келеді: "ата-ана" не "балалық" , егер серіктес өзіндік "Меннің" жақсы емес тарапынан толық ашық  болмаған серіктес тұлғасына қызығушылық пен құрметтеуге лайықты тойтарыс берген болса. Манипулятивті деңгейдегі серіктесті іздейтін субъект өзінің келісімен басқа адаммен қарапайым деңгейде қ –қ орнатуға тырысады, бірақ қ –қ орындау әдісіне келген кезде оның іс-әрекеті конвенционалды деңгейдегі қарым –қатынасқа сай келеді. Манипулятордың сипаттамасы: ол  үшін серіктес ойындағы қарсылас ретінде болады. Сол үшін ол серіктесін әңгіменің барысында барынша сөзден жеңуге тырысады. Мұндағы ұтыс материалды не басқалай болмаса да ол психологиялық тұрғыда басқа адамнан жоғары тұрып,  жеңілденеді. Манипулятивтік деңгейде серіктестің нәзік тұсын тауып алады, өзіндік жабық "Меніне" қол сұғып  қатынаста осындай ұстаныммен іс-әрекет жасайды. Сыртқы құрылым кез келген, ал ішкі құрылым "ата-аналық" болуы мүмкін. Стандартталған  деңгей. Ұзартылған  рөлдік қ –қ бұл деңгейде болмайды. Қ –қ белгілі  бір стандарттарға негізделеді және ол серіктестердің өзінің "рөлдік веерінің" әрқашанғы қайырылып отыруын не бетперде ұштасуды көрсетеді. Мыс: "Нөлдің  бетпердесі": "Мен сізге тиісіп  жатқан жоқпын, демек сіз де  маған тиіспеңіз". Қатыспаудың  , кішіпейілділіктің, сүйкімділіктің бетпердесі. "Жолбарыстың  бетпердесі": барлығы қорқу үшін. Өзімшілдіктің, менмендіктің бетпердердесі.  "Қоян  бетпердесі". "Масқарапаз  бетпердесі".  Стандартталған  деңгейдегі қарым –қатынас кезінде серіквтеске қызығушылық белгілі бір әлеуметтік рөлді орындау кезінде туындайды. Мысалы, көліктегі жолаушыға деген қарым –қатынас, дүкендегі сатып алушыға болған қарым –қатынас, жолдағы бірге болған жолаушыға, т.б.  Мұндағы негізгі ерекшелік нақты, шынайы, ақиқаттағы "Мен" бетперде артында  жасырын тұрады да, әңгімелесуші өзара толықтырып отыратын ұстанымды қолданады.   Конвенционалды  деңгей.  Бұл деңгей жоғарғы мен төменгі деңгейлердің арасындағы орташа деңгей болып табылады. Бұл қарым –қатынас түрінде әңгімелесуші серіктес тұлғасына қызығушылықпен қарайды, оны жақсы түсінеді және оның орнында тұруға дайын болады. Өзін барынша ашық ұстауға, немесе берілген ситуацияға орай әрекет жасауға тырысады, бірақ толығымен ашыла алмайды. Мұнда әр түрлі ұстанымдарды қолданады.Конвенционалды  деңгей серіктесінен жоғары дәрежедегә мәдениеттілікті, және диалог ұстай алатын қабілетті талап етеді. Мұндай деңгейде қарым –қатынас орнату адамнан жоғары мәдениеттілік пен өз үстінен жақсы жұмыс атқаруды талап етеді. Бұл деңгей адамдар мен тұлғараалық қатынастар арасындағы оптималды проблемаларды шешуде қолданылады.   Жұмыстық  деңгей. Жұмыс барысында қарым –қатынас жасай отырып, олар бір-бірімен ортақ тіл табысуға, олардың жұмыстары жемісті болу үшін өзара ұғынысуға тырысады. Бір-біріне жылы қарым –қатынас орнатады. Дәл жұмыс барысында адам толық ашыла алады. Тұлғаға деген қызығушылық серіктес кезінде жұмыс жасау барысында оянады.  Ойын  деңгейі. Ойын  деңгейінде қарым –қатынас толықтығымен, адами қасиеттілігімен, мазмұнының ашықтығымен, өзара қарым –қатынастың байлығымен ерекшеленеді.  Бұл кезеңде біз өзімізге толық таныс емес адамдармен жақын қарым –қатынас орнатуға тырысамыз.   Бұл деңгей серіктеске деген созылмалы қызығушылықтың болуымен ерекшеленеді. Рухани  деңгей .Бұл адамдардың арасындағы қарым –қатынастың  ең жоғарғы деңгейі.       Серіктес  рухани бастаманың жетелеушісі ретінде  қызмет атқарады. Рухани деңгей адамдағы жұмыс және ойын деңгейін де қамтиды. 

12.Символикалық интеракция теориясы (Дж.Мид, Г.Блумер)

Символикалық  интеракция - адамдардың арасындағы топпен немесе өзара әрекеттесулер арқылы өмірдегі әлеуметтік және психолгиялық байланыстарды анықтау. Мид бойынша, қоғам мен әлеуметтiк индивид  өзара әрекеттесулердi бiрiгiп анықтайды.  Басқалардың рөлдi қабылдауының кезеңдерi - өзіндік меннің әлеуметтiк  кезеңдерiмен  сәйкес келеді. Өзіндік «мен» бiріңғай әлеуметтiк түрде болады және де оның негізгі сипаты- қабiлеттiлiк  үшiн өз-өзiн сыртқы әлеуметтiк  тұрғыдан бақылау, өзiн-өзi бағалау болып  саналады. Сонымен қатар Мид өзара  әрекеттесудi екi түрге бөледі: бейнелі  және бейнесіз. Символикалық әрекеттесу интеракцияның негiзгi факторы адамның  қарым қатынасына негізделген. Қарым-қатынас  процесінде тiлдік конструкция әртүрлi адамдардың бiрдей реакциясын тудырады. Нәтижесінде кез келген сөзге  адамдардың арасында өзара әрекеттесумен  келiсiм арқылы өзіндік пікірі туындайды. Блумер прагматизмге сүйене отырып объектiнің  мәні оның ролімен емес қасиеттермен анықталады дейді. Объект - бұл нақты  әлеуметтiк күтiлетiн өзара әрекеттесу. Блумер кез келген ұғым туралы түсінік  әлеуметтiк өзара әрекеттесуде пайда  болатынын анықтады. Блумера әдiстемелiк  жол маңызды ұғымдардың зерттеуiндегi жоғары бағалау ойлады, операциональ емес.Әлеуметтiк мәселе туралы ұжымдық  ұсыныстың қалыптасуының бес  кезеңдерiн ерекшеледi:

1. әлеуметтiк  мәселенiң пайда болуы

2. мәселенiң  легитимациясы

3. әсерлердiң  қатынасындағы мәселенiң мобилизациясы

4.әсердiң  ресми жоспарының құрастырылуы

5.оның эмпирикалық  жүзеге асырылуы, ресми жоспардың  өзгеруi.

Сайып келгенде, бейнелi түрде интеракционизмның  негiзгi ұғымы - өзара әрекеттесу. Өзара  әрекеттесу символдармен алмасу. интеракционизм бейнелi түрде ,ым-ишара және тiл арқылы iске асады. Қарым қатынас символдарын  қолдану барысында өзара әрекеттесудегі  барлық қатысушылар бұл шартты тiлдердi  түсiнеді және бiр-бiрiмен нақ сол  ойдағыдай ойлайды. Қарым қатынас  символдары арқасында адамдар мiнез-құлығының  түсіну жеңiлдейді және бір біріне оңай бейiмделедi. Мидтің ойынша индивид  өзін өзгелерлің көзімен көре алғанда  ғана өзін өзі түсіне алады. Мен ұғымы  тума пайда болмайды және ол біріңғай әлеуметтiк болып табылмайды.

13. Коммуникативтік білік пен  мұғалім қабілеті

Болашақ маманға  институт қабырғасында білімділік ж /е  кәсіптік бәсекелестікке төтеп бере алатын өз мамандығына ыңғыйлы, қабілетті, ерекше педагогикалық қасиеттерді  қалыптастыру қажет. Мұғалімге аса  қажетті педагогикалық мамандыққа бейімділік, балалармен жұмыс істеуге  айқын берілгендік, бейімділіктің  көрінетін басты нәрсесі балаларға  деген сүйіспеншілік, шеберлік, теориялық  білімдерді меңгеру, іскерлікке жету т.б  қасиеттер қажет. Педагогикалық  қ-қ келесі бөліктерді қамтиды:

-мерекелік  шараға н/е сабақты дайындау  үдерісі кезінде қ-қ қалыптастыру

-қ-қ-тың үзбей  ұйымдастырылуын қамтамасыз ету

-педаггикалық  үдерісте қ-қ-ты басқару

Кәсіби педагогикалық  қ/қ –тың  шынайы тұрғыдан әр түрлі  жолдары бар, яғни оқушыларды алғашқы  күндерінен бастап – ақ оқуға ынталығын  арттыруға ұмтылып, қ/ қ мәдениетінің кейбір өлшемдерін меңгеру аса маңызды  болып табылады . Ал қ/қ үдерісінде сабақ үстіндегі оқыту мәселелерін  шешу барысында әр түрлі педагогикалық  функциялар қолданылады. Атап айтқанда ;сүйемелдеуші , басқарушы, ұйымдастырушы.

Педагогикалық қабілеттің негізгісі  баламен тіл  табыса білу, қ/ қ жасайды ұйымдастыра  білу ж/е олардың іс әрекетін басқара  білу.Мұғалім шынайы адамгершіліктің  үлгісі.  Ол қзінің ана тілін әдеби  ж/е ғылыми сөз байлығын жете меңгерген , өз рухани игіліктерің бойына сіңірген адам болу керек.

14.Д.Корнегидің қарым-қатынастағы  10 ережесі. 1. Ойыңыз көңілді болсын, өзіңізді көңілді ұстауға тырысыңыз, сонда өмірге құлшынысыңыз өсе түседі. Көптеген адамдар өздерінің қаншама бақытты болғысы келгенмен талпынысына сай бақытты болады.

2. Ешқашанда  өзіңізге жамандық жасаған адамға  өштесіп, қарымта жамандық жасауға  тырыспаңыз, өйткені сіз бұл қылығыңызбен  өзіңізге көп залал келтіресіз. Генерал Эйзенхауэр сияқты жасаңыз.  Ол кісі: «өзіңіз жақтырмайтын  адам туралы ешқашан да бір  минуттан артық ойланбаңыз», - деген  екен.

3. Біреудің  рақымсыздығына ренжіп, уайымдаудың  орнына ешкімнен мақтау күтпеңіз. Есіңізде болсын, бақытты болудың  бірден-бір жолы – біреуден  рақмет күту емес, өз қуанышыңыз  үшін жақсылық жасау.

4. Өзіңіздің  бастан кешкен сәтті кездеріңізді  ғана есептеп, жамандықтарды ұмытыңыз. Өмірде алдыңызға екі мақсат  қойыңыз. Біріншісі – ұмтылған  нәрсеге қол жеткізу. Екіншісі - өз жетістіктеріңізге қуана  білу.

5. Біреуге  еліктемеңіз. «Еліктеу - өзіңізді  өзіңіз өлтіру».

6. Өмірде  ең бастысы - өзіңіздің табыстарыңызды  барынша пайдалану емес. Бұл кез  келген ақымақтың қолынан келеді. Ең бастысы - өзіңіздің жоғалтқан  нәрсеңізден пайда табу. Ал бұған  ақыл керек, ақылды мен ақымақтың  айырмашылығы осында. Егер сізге  тағдыр лимон сыйласа, лимонад  жасауға тырысыңыз!

7. Өзіңізді  жабықтыратын оқиғаларды ұмытыңыз, басқаларға бақыт сыйлауға тырысыңыз.  «Біреуге – жақсылық жасағаныңыз  - өзіңізге көмектескеніңіз».

Информация о работе Тұлғааралық қарым-қатынас педагогикасының мақсат,міндеттері