Тұлғааралық қарым-қатынас педагогикасының мақсат,міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 22:06, лекция

Описание

Тұлғаға бағытталған қарым-қатынастағы сөздің ерекшелігі. Күнделікті әңгімелесу сипаты: 1) жеке адамдармен қарым-қатынастағы жекелік; 2) ойламаған жерде және күштемеу арқылы қарым-қатынасқа түсу; 3) жағдайға байланысты қарым-қатынасқа түсу; 4) сезімге берілу. Сөйлеу және оның мақсаты. Ақпараттық сөз.

Работа состоит из  1 файл

Тұлғааралық қарым.docx

— 135.33 Кб (Скачать документ)

26)Тұлғааралық коммм\я мазмұны.Коммуникация деген сөз латын тілінен аударғанда (лат.«communicare»-біреумен кеңесу) байланыс дегенді білдіреді. Ол «ортақ етемін, байланыстырамын, сөйлесіп-пікірлесемін, қарым-қатынас жолы, бір орынның екінші жақпен байланысы; сөйлесу, ақпарат беру» дегенді білдіреді. Оны қазақ тіліндегі аудармасын келтіріп бергеннің орнына осы тақырып контестінде термин ретінде латын тілінде қалдырған орынды деп білдік, өйткені байланыс ұғымына адами сарын тән болып көрінеді. 
Адам әлемі – коммуникация әлемі. Л. Витгенштейн айтпақшы, адам өзін-өзі адам ретінде тек қана басқа адамдармен коммуникациялық байланыс жүйесіне енгеннен соң сезінеді екен. Біз өзімізге үйреншікті туған-туыс, дос-жаран арасында отырғанда коммуникацияның көптеген вербалды (сөйлеу мен сөзге негізделген) және бейвербалды (сөзге негізделмеген) компоненттерден тұратын кешенді әрі үзіліссіз үрдіс екендігіне мән бермейміз. Бәлкім, біз өзімізден тілі, ділі, діні, мәдениеті бөтен шетелге сапарға аттанғанда ақпараттың тек қана тіл арқылы ғана емес, сонымен қатар, көптеген басқа өз арнамен жететіндігін түсінеміз. Коммуникация дене мен қолдың қимылы, ишаралар (бас изеу, бас шайқау, қол сермеу және т.б.), көзқарас, бет-бейнедегі мимика сынды көптеген құрамдас бөліктерден тұратындығын сонда нақ түсіне бастағандай боламыз. 
«Коммуникация» термині қарым-қатынас құралы ретінде де кең қолданылады. Коммуникацияны «араласу», «сөйлесу», яғни белгілі бір ақпаратты жеткізу барысында тілді іске қосу деп те қарастыруға болады. Әрине, коммуникация терминіне терең талдау жасайтын болсақ, оның лингвистикалық тілді пайдалану арқылы белгілі бір ақпарды жеткізумен шектейтін мәнімен қоса әлеуметтік-психологиялық мағынасы да барлығын көреміз – адам тұлғаларының эмоционалды, аффективті-құндылықтық реңкі басым қатынасу, іштесу, араласуын да білдіретіндігін көреміз. Осы айтылғанмен жалпылама анықтаманы шектегенді жөн көргендіктен, коммуникация деп біздер адамдар арасында таңбалық-белгілік құрылымдар арқылы ақпар алмасу ісін жүзеге асыратын негізгі қарым-қатынас жолын айтамыз. 
Сонымен, араласу мен коммуникация арасында ұқсастықтар да, айырмашылықтар да бар. Қорытындылай келе, анықтайтын болсақ, коммуникация деп тұлғааралық байланыста да, көпшілік байланыста да түрлі коммуникативтік құралдар арқылы ақпаратты жеткізу мен қабылдаудың әлеуметтік шартталған процессін айтады. Коммуникация – адам «Мен»-інің өзін «Басқадан» табуына көмектесетін, қарым-қатынасты білдіретін философиялық категория десек те болады. Коммуникация Ясперстің экзистенциализмінде, сондай-ақ, қазіргі француз персонализмінде мейілінше толық көрініс тапты. 
Коммуникация мен адамдар арасындағы аралас-құраластық қарым-қатынасы – мәдениеттің маңызды бөлігі. Олардың маңыздылығы сонша, көп жағдайда мәдениетті коммуникациямен теңдестіру сарыны да жиі кездеседі. Мәдени қарым-қатынастарды зерттеудегі танымал маман Э. Холл мәдениет дегеніміз коммуникация, ал коммуникация дегеніміз мәдениет деп теңдестіре қарастырады. 
Коммуникация процесін түрлі үлгіде көзге елестетуге болады. Солардың бірін келтіре кететін болсақ, оны интерактивті үлгі деп атаймыз. Интерктивті үлгідегі коммуникация бірінен кейін бірі келіп отыратын төмендегідей өзара байланысты сатылардан тұрады: 
Жіберуші көз – ақпарды жіберу үшін даярлаушы (ол жеке адам да, ұйым да бола алады). 
Кодтау – жіберілетін ақпарды белгілі бір таңбалық түрге айналдыру. 
Ақпар – коммуникацияның не үшін жүзеге асырылып жатқандығына себепкер идея, жаңалық, хабар. Ол рәміз, таңбалардан тұрады, сөйтіп, не ауызша, не жазбаша, не көзге көрінетін визуалды қалыпта болады. 
Арна – ақпаратты тасымалдау жолы. Ол тұлғааралық сипатта да, көпшілік сипатта да болуы мүмкін. 
Кодын алып тастау – ақпаратты қабылдау барысында түсінікті ету жолы. 
Қабылдаушы – ақпардың кімге арналғандығы. 
Кері байланыс – қабылдаушының алған ақпаратына деген реакциясы: ақпарат оның білімін, ұстанымын, іс-әрекетін өзгертуі мүмкін. 
Бұдан басқа коммуникация процессінің психологиялық компоненттері де болады. Оларға: 
коммуникативтік ниет – басқа біреумен қарым-қатынасқа түсу пиғылы; 
ақпараттың жобасы – автордың қабылдаушыға жібергісі келген таза бастапқы күйдегі ақпарат, сол ақпараттың идеясы; 
ақпараттың көздеген мақсаты жатады. Соңғысы әдетте екі топтан тұрады: жақын арадағы мақсат және ұзақ уақытты көздеген түпмақсат. Көбінде адамдар түпмақсатты жасырын ұстауға тырысады. 
Коммуникация туралы айта бастағаннан-ақ оның рәміздік табиғатына жүгінуге тура келеді. Адамдардың реттелген түрде қарым-қатынас жасау қажеттілігі, табылған білімді сақтау және мұралау талабы, әлеуметтік мәні бар ақпаратты ұрпақтан ұрпаққа жеткізу керектігі адамзат мәдениетіндегі көптеген таңбалардың, рәміздердің дүниеге келуіне әсер етті. 
Рәміз – мәдениеттегі ең көпмағыналы ұғымдардың бірі. Ол қандай да бір затты, процессті әлде құбылысты білдіретін шартты белгілер. Олардың басты қызметі өзі арқылы басқаның орнын басу, басқаның орнына жүру. Мысалы, кітап сөзі нақты шындықтағы кітаптың орын басатын белгі-сөз. Кітапты сурет (икона) ретінде де жеткізуге болады. Рәміздер өзінің тасымалдауға жеңілдігінің арқасында нақты заттардың ауырлығын, қомақтылығын білдіртпейді деуге болады. 
Рәмізге байланысты тағы бір айта, түсіндіре кететін терминдер денотация мен коннотация. Денотация деп рәміздің жалпыға түсінікті нақты мағынасын айтамыз, ал коннотация деп барлығы үшін емес, шағын ғана топ үшін өзекті мағына туралы айтылады. Сондықтан да ол денотацияға қарағанда субъективті әрі эмоционалды табиғатқа ие. Халық арасындағы қарапайым мысалды түсінікті болу үшін келтіре кететін болсақ, «базар» сөзі Шығыс халықтарында сату-сатып алу орнын білдіреді. Бұл мағына көпшілік түсінігіне ортақ. Ол – денотат. Ал ол сөзді қазіргі қоғамдағы кейбір топтар басқа мағынада – «айтылған сөз» мағынасында пайдаланып жүр. Бұл «базар» сөзінің коннотациясы. 
Адам қарым-қатынассыз тіршілік етпейді. Қарым-қатынас үстіндегі кез келген әрекет ақпарат болып табылады. Өйткені адам әлемі мәнділік әлемі. Сол мәнді беруші де, мәнге назар аударушы да, пайдаланушы да адамның өзі. Адамның сөйлемеген кезінде де, оның үнсіздігінен де көп нәрсені аңғаруға болады, өйткені оның барлығы қоршағандарға әсерін тигізбей қоймайды. Кейде өзіңе қабақ астынан үндемей қараған жанның бұдан гөрі маған айғайлап ұрысқаны дұрыс еді дейтіндей жағдай да болатындығы мәлім. 
Коммуникация арналары туралы бір-екі ауыз айта кетер болсақ, онда бұқаралық ақпарат көздері (баспасөз, радио, теледидар және т.б.) мен тұлғааралық қарым-қатынас жолын айта аламыз. Оған вербалды, бейвербалды және паравербалды ақпарат тасымалдау көздерін жатқызамыз. 
Вербалды ақпарат көздеріне – тілді, сөзді, айтылған әңгімені жатқызамыз. Ал тіл пайдаланылмаған жағдайда бейвербалды каналдар: мимика, қол қимылы, дене қимылы, көзқарас, арақашықтық, өзі-өзі ұстау мәнері, киім киіс үлгісі мен иіс те кіруі мүмкін. Күліп амандасқаннан жақтырмай суық амандасқанды ажырату оңай ғой. Айтылатын сөз біреу, ал қалдырған әсер – түрліше. Ал паравербалды арналарға интонация, дауыс ырғағы, сөйлеу шапшаңдығы кіреді.

28.Дүниежүзілік коммуникативтік  білім беру жүйесі.Қазіргі білім беру жүйесіндегі педагогтің кәсіби құзіреттілігінің теориялық негізін айқындап алу үшін, осы терминнің дербес анықтамасын келтірейік. «Кәсіби құзіреттілік – жеке тұлғаның кәсіби іс – әрекетті арттыруға ториялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі».  Яғни, педагогтің құзіреттілігі – жеке тұлғаның білімі мен тәжірибесін нақты бір жағдайда қолдана білу іскерлігімен байланысты тұлға қасиетін білдіретін  ұғым деуге болады. Кәсіби құзыреттілік мәселесін зерттеген ғалымдардың ой – тұжырымдарын терең талдай отырып, білім беру жағдайында педагогтің құзыреттілігін мынадай үш аспектімен бірдей кешенде сипаттауға болады:

1.                 Мәндік аспект, яғни ахуалды жете  түсіну, оны ұғыну және оған  деген қарым – қатынас, бұл  жағдайда оқытудың теориялық  негізін, өткір мәселелерді ұғыну;

2.                 Проблемалық практикалық аспект: бұл осы жағдайда педагогтің  алдына мақсат орындау жолдарын ан, міндет нормаларын қойып жәнықтауды сипаттайды;

3.                 Коммуникативтік аспект: бұл-педагогтің  осы үрдісіне, ахуалға қатысын  және өзара ықпал жасауын қамтамасыз  етеді.

 Коммуникативтік  әрекет-оқушылардың әлеуметтік –психологиялық  ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық  мақсатты өзара қарым-қатынасты  орнатудан, диалогтық формадағы  тұлғааралық қарым-қатынас құрылымынан  көрінеді. Педагогикалық әрекеттің  бұл түрі білім еру процесіне  қатысушылардың өзара қарым-қатынасына  оның мақсаттары мен құралдарының  дамуына сәйкес түзету енгізуді  қажет етеді.

29. Тұлға аралық қ-қ-қа ақпараттың  ықпалы 

Қарым –  қатынас тұтастай жүзеге асырылуы үшін: ақпарат алмасу, өзара қатынастарды ұйымдастыру, баланың жеке тұлғасын тану ж/е өзара әсерді ұйымдастыру  сияқты функциялар керек. Егер бұл ф-я-р-дың  ішінен қ-қ үдерісінде біреуі таңдалса, қ-қ-тың біртұтас жүйесі бұзылады. Механизмде іркілістер пайда болады. Адамның  ішкі рухани байлығы басқаларға пайдалы  болуды көздейді. Онымен қоса, адам әлеуметтік тіршілік иесі болғандықтан біреуге  бірнәрсе айту, ойымен бөлісу, бірнәрсені ұғыну, түсінуге деген қажеттілік болады. Адамдар ақпаратпен бағдарлаумен , ойларымен алмаса отырып олардың  қатынасына өздері өмір сүріп отвһырған  қоғамның жалпы мәдениеті із қалдырып отыр. Қазіргі таңдағы жаңа ақпараттық технологиялар жаңа заман мұғалімінен  ең алдымен оқушымен жан-жақты, терең  байланыс орнатуды міндеттейді. Соңғы  зерттеулерге қарағанда таным-білімдегі  өзгерістер жыл сайын , күн сайын, тіпті сағат сайын бақыланатын  көрінеді. Сондықтан мұғалім мен  оқушы арасындағы байланыс кеңейген сайын жаңа ақпараттармен  қарулануы  тиіс.

30.Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас  мәдениеті. Педагогикалық бағыттағы мәдениет - адамдардың бірлескен ғылыми, моральдық-әлеуметтік көркем және техникалық құндылықтар жасаудағы қарым-қатынас жиынтығы, яғни адам тұлғасына бағытталған өзін-өзі танып білу немесе рухани өмірбаяны. Адамның мәдениеттілігінің негізгісі - әріптестермен, туыстармен, таныстармен, өзге адамдармен қарым-қатынас жасай білу. Қарым-қатынас  бұл адамдардың бір-бірін қарым-қатынаста түсіну, білім, ақпарат,толқулы көңіл-күйімен алмасу. Қарым-қатынас мәселелерін шешуде білім жеткіліксіз, сондықтан жеке тұлғада адам мен адамныі үйлесімді қарым-қатынасын өамтамасыз ету, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру қажеттігі туындайды. Себебі қарым-қатынас мәдениеті білімді белсенділікке, нақты іс-әрекетке бағыттайтын құрал. Осыған байланысты жоғары оқу орындарында теориялық білім және кәсіби біліктілікке тәрбиелеуде қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру қажеттілігі айқындалады. Қарым-қатынас пен мәдениеттің ажырамас тұтастығын көрсететін негізгі жол – тұлғаны дамыту, тәрбиелеу, қалыптастыруда оның қоршаған дүниені қабылдауы, меңгеруі және табиғи, әркеттік, әлеуметтік қатынасы. М.С.Коган қарым-қатынас мәдениетіне: «рухани және қатынастық-материалдық құндылықтар байлығы, адамзат санасы, тұрмысы, өткені мен бүгіні», деген анықтама береді. Қарым-қатынас тағы адамның сөйлеген сөзіне, сөйлеу мәдениетіне қарай сол адам туралы белгілі образға болжам жасаймыз және оның мәдениеттілігінің қандай деңгейде екенін білеміз. Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру механизмі, әрбір сапалық деңгейде қайталанатын және бір этаптың төмендеуі, қорытынды нәтижені өзгертетін бір-бірімен тығыз байланысты үдеріс.

4)Дүниежүзілік  коммуникативтік білім беру жүйесі.Қазіргі  білім беру жүйесіндегі педагогтің  кәсіби құзіреттілігінің теориялық  негізін айқындап алу үшін, осы  терминнің дербес анықтамасын  келтірейік. «Кәсіби құзіреттілік  – жеке тұлғаның кәсіби іс  – әрекетті арттыруға ториялық  және практикалық әзірлігі мен  қабілеттілігінің бірлігі».  Яғни, педагогтің құзіреттілігі – жеке  тұлғаның білімі мен тәжірибесін  нақты бір жағдайда қолдана  білу іскерлігімен байланысты  тұлға қасиетін білдіретін  ұғым  деуге болады. Кәсіби құзыреттілік  мәселесін зерттеген ғалымдардың  ой – тұжырымдарын терең талдай  отырып, білім беру жағдайында  педагогтің құзыреттілігін мынадай  үш аспектімен бірдей кешенде  сипаттауға болады:

1.                 Мәндік аспект, яғни ахуалды жете  түсіну, оны ұғыну және оған  деген қарым – қатынас, бұл  жағдайда оқытудың теориялық  негізін, өткір мәселелерді ұғыну;

2.                 Проблемалық практикалық аспект: бұл осы жағдайда педагогтің  алдына мақсат орындау жолдарын  ан, міндет нормаларын қойып жәнықтауды  сипаттайды;

3.                 Коммуникативтік аспект: бұл-педагогтің  осы үрдісіне, ахуалға қатысын  және өзара ықпал жасауын қамтамасыз  етеді.

 Коммуникативтік  әрекет-оқушылардың әлеуметтік –психологиялық  ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсатты өзара қарым-қатынасты орнатудан, диалогтық формадағы тұлғааралық қарым-қатынас құрылымынан көрінеді. Педагогикалық әрекеттің бұл түрі білім еру процесіне қатысушылардың өзара қарым-қатынасына оның мақсаттары мен құралдарының дамуына сәйкес түзету енгізуді  қажет етеді.

31.Педагогикалық өзара қатынас:кезеңі,мерзімі,қашықтығы. 

Қарым-қатынас  тарихи алғашқы форма болып табылады оның негiзiнде өркениет дамуының кейiнгi кезеңдерiнде қарым-қатынастың басқа  түрлерi пайда болды. Мысалы; жазбаша  қарм-қатынас жазбашалықтың құралуынан кейiн ғана пайда бола бастады. Бiздiң  әрқайсымыз адамдар арасында өмiр  сүрiп және жұмыс iстегендiктен кез-келген жағдайда өз тiлектерiмiзге тәуелсiз  түрде адамдармен қарым-қатынасқа  түсемiз.

Кезінде бірінші  болып қарым-қатынастың көпдеңгейлі, иерархиялық, көпөлшемді ұйымдасуын көрсеткен  белгілі кеңес психологы Б.Г.Ананьев  қарым-қатынастың макро-, мезо-, микродеңгейлерін бөледі: қарым-қатынасқа түсуші адамдар  өмір сүретін қоғам, өздері мүшесі болып  табылатын әр типті ұжымдар, өздері жиі байланысқа түсетін жақын  қоршаған ортасы, сонымен қатар осы  іс-әрекет субъектісі ретіндегі өзараәрекеттесуші  адамдардың қарым-қатынаста қалыптасатын және жүзеге асатын индивидуалды сипаттамалары.

Қарым-қатынаста  келесі аралық кеңістікті көрсетеді; интимді  зона (15-45 см), өте жақын, таныс адамдар  қарым-қатынасынан көруге болады; жеке немесе дербес зона (45-120 см), достарға бірге  істейтін қызметкерлерге арналған кеңістік; әлеуметтік зона (120-400 см) көп таныс  емес адамдар арасындағы қарым-қатынаста  көрінеді; көпшілік зонасы (400 см артық), адамдардың көп тобымен қарым-қатынаста  көрінеді, мысалы дәріс бергенде немесе жиналыстарда көрінеді.

Қарым-қатынастың көп қырлығы және көп сапалығы. Бұл тұрғыдан алып қарайтын болсақ, қарым-қатынас адамдардың бір-біріне қатынасы, ақпарат алмасуы. Жеке адамның  өзара қатынас аспектісі –  бұл құбылыстың бір ғана компоненті. Адамдық қарым-қатынастың ғылыми-технологиялық  революцияның әсерінен ең кең тараған  формасы – рухани коммуникация.

Қарым-қатынаста  адамдардың әлеуметтік қатынасы жүзеге асады. Қарым-қатынастың бір-бірімен  байланысты үш жағын қарастыруға  болады. Коммуникативті жағы, мұнда  – қарым-қатынас адамдар арасындағы ақпарат алудан тұрады; интерактивті жағы – адамдар арасындағы өзара  әсер етуді ұйымдастырудан тұрады; перцептивті жағы – қарым-қатынасқа  түскен адамдардың бір-бірін қабылдау негізінде өзара түсінушіліктің пайда болуы.

32.Педагогикалық қарым қатынастың  стильдері мен құрылымы

Педагогикалық қарым қатынастың көптеген стильдері  бар. Солардың ішіндегі негізгілері:

1)авторитарлық.

Бұл стильге  тән қасиет ол мұғалімнің қатаң басқаруы. Мұғалім көбіне бұйырып сөйлейді,үзілді кесілді ескертпелерді жиі айтады.

Мұғалім кей  оқушыларға жөн жосықсыз  урысса, ал кейбіреулеріне себепсіз мақтау айтады.

Авторитарлық  мұғалім жумыстын мақсатын айқындап, оның орындалу жолдарын көрсетіп,кім  кіммен жұмыс жасайтынын айқындайды. бұл стиль оқушының жұмыска деген  құлшынысын азайтады. Себебі мұғалім  баланың потенциялына сенімсіздік  білдіреді, баланың өз өзіне деген  сенім азаяды.

2)Попустительский 

Бұл стильдің ең басты ерекшелігі- мұғалім  оқу  процесі барысында өзінің рөлін  жояды,яғни болып жатқан жағдайларға  ешқандай жауапкершілікті  мойнына  алмайды. Бұл стиль педагогикалық  стильдердің арасындағы ең қолайсызы. Себебі мұндай стильді қолдану берілген тапсырманың ең төменгі деңгейде  орындалуына әкеп соқтырады. Орындалған жумыстың сапасы да нашар болады. Бұндай стиль оқушыларды да қанағаттандырмайды. Оларға ешқандай жауапкершілік жүктелмесе де мұндай сабақтарға құлықсыздық танытады. Мұғалім оқушылардың іс әрекетіне  барынша аз араласады, оларды басқарудан бойын аулақ ұстайды, өз әрекеттерін  үстірт қана орындап, тек әкімшіліктің тапсырмасын орындау мен ғана шектеледі.

3)Демократиялық

Бұл стильдің ең басты ерекшелігі - оқушылар алдагы атқарылатын жұмыстың орындалу барысы мен оны ұйымдастыру туралы талқыға белсенді түрде қатысады. Осының нәтижесінде оқушылардың өз- өзіне деген сенімділігі артады,әркім өзін -өзі баскруға үйренеді. Сонымен қатар басқа адамдармен тез тіл табысып , бірін бірі сыйлау және біріне бірі деген сенімділігі артады.

4)Біріккен шығармашылық іс әрекет негізінде құрылған қарым қатынас

Бул стильдің негізінде педагогтың жоғарғы білгірлігі мен оның этикалық ұстанымдарының бірлігі жатыр. Оқушыны шығармашылық ізденіске бағыштау мұғалімнің тек қарым қатынастық іс әрекетінің нәтижесі ғана емес оның пед/қ қызметінің де жоғарғы деңгейін  көрсетеді. Ортақ іспен айналысу  мұғалім мен оқушы арасындағы достықты,пікір бірлестігін туындатады.мұғалім жол сілтеуші аға , әрі пікірі бір жолдас болып кетеді.

Информация о работе Тұлғааралық қарым-қатынас педагогикасының мақсат,міндеттері