Тұлғааралық қарым-қатынас педагогикасының мақсат,міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 22:06, лекция

Описание

Тұлғаға бағытталған қарым-қатынастағы сөздің ерекшелігі. Күнделікті әңгімелесу сипаты: 1) жеке адамдармен қарым-қатынастағы жекелік; 2) ойламаған жерде және күштемеу арқылы қарым-қатынасқа түсу; 3) жағдайға байланысты қарым-қатынасқа түсу; 4) сезімге берілу. Сөйлеу және оның мақсаты. Ақпараттық сөз.

Работа состоит из  1 файл

Тұлғааралық қарым.docx

— 135.33 Кб (Скачать документ)

Мұғалім бұл сайтты өз сабағында балаларға  тапсырма беру кезінде, оқу-тәрбие үрдісінде  қажетті материалдар іздегенде, әріптестерімен пікір алмасу барысында қолдана алады. Баланы ақпараттандыру кезеңіндегі жаңа технологияны қолдана білуге, өз бетінше ақпарат іздеуге, шығармашылықпен айналысуына үйретеді.

Сайтта  берілген материалдарды тек ата-ана, мұғалім, балалар үшін деп шек қоя алмаймыз. Барлық тұтынушылар сайтқа кіріп, өз қажеттерін өздеріне көшіре алады және өз ұсыныс-пікірлерін жібере алады.

 

38.Мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынас мәдениеті.

 Мұғалімнің  қарым-қатынас мәдениеті өзінің  араласатын адамдарының жақсы  біліміне негізделеді және бұл  адамның ғылыми психологиясына  катысты болады.Күнделікті түрлі  ұжымммен қарым-қатынаста педагог  өзінің катынасын өзгеріссіз  стеротивтерде кұра алмайды. Ортаның  жылжымалығы оның мұғалім ретінде  жұмыс істеуі одан мобильділікті,  икемділікті, және сонымен катар  терең ойлану реакциясын талап  етеді:Бұл дегеніміз мұғ әркашан  өзін, әрекет етуші ортаны зерттейді  яғни өзін қарым-қатынас күйінде  қарастырады.Егер мұғ қ-қ та  екі жақты үдеріс ретінде карастырып, ондағы оқушылар мен тәрбиленушілерді  өзімен бірдей тең құқылы серіктестікте  қарастыратын болса, ондай мұғ  өзара қатынас мәдениеттілігінде  жоғары кәсіби денгейге көтеріле  алады.Мұндай жағдайда мұғ-нің  қарым-қатынастағы іскерлігі, кәсібилігі  тіпті таланты оның оқушылырмен  қ-қ та әртүрлі кедергілерді  жойып олардың өздеріне деген  сенімділіктерін ұялата алады.Мұғ  қарым-қатынас мәдениеттілігі  әлеуметтік  құндылықты бағдар ретінде педагог  кәсібәмен тікелей байланысты. Пед/қ  қ-қ мәдениеті мұғ-ің қадағалауы  тиіс көптеген шарттар негізделіп  қалыптасады.Алғашқы шарттарға мұғ  мазмұнының сәйкестігі, амалы, қ-қ  сипатының әлеуметтік ерекшеліктері  кабылдау және оған ықпал етуші  оқушылар ата-аналар қ-қ ға  түседі.Мұғ-нің кәсіби мәдениетінің  маңызды шарты оның қ-қ шебері  болу қабілеті жатады.

      Мұғ-нің қ-қ мәдениетінің жоғары  денгейі-мұғ-ің жеке кұндылық  қасиеттерінің жақсы сапаларының  көрінуі оған адамның кұндылықтарын  түсініп оқушыны жеке түлға  ретінде сыйлау, қ-қ та кімге  болсын сыпайылық таныту, оқушылардың  жан дүниесіне ат үсті карамау  оларды түсініп, әрдайым көмек  көрсетуге тырысу,қ-қ жүйесін  талдап, кәсіби пед/қ қ-қ стилін  дамыту мен  әсерлендіре білу

39.Тұлғааралық қоммуникациядағы  сезім  мен эмоция

Қарым-қатынастың бейресмилігі, ситуацияға тәуелділігі, машықтылығы (спонтанность) сөйлеушілердің әлеуметтік рөлі, психологиясы, эмоциялық  күйі сөйлеу тілінің құралымдық сипатының  күрделі екенін танытады.  
Сөз субьектісі, яғни сөйлеуші өзін тұлға ретінде көрсетеді. Оның сөйлеген сөзінен белгілі бір этносқа, ұлтқа тән екені, мәдениет деңгейін дүниетанымдық ерекшелігін, этикалық және құндылықтар жөніндегі түсінігін байқатып тұрады.  
Сөйлеу тілі диалог формасында жүзеге асады. Диалогтің ойдағыдай болуы, ойдағыдай аяқталуы үшін қарым-қатынас жасауды қажетсіну негізгі шарттардың бірі. Бұл қажетсіну коммуникативтік мүдделілік деп аталады.  
Коммуникативтік мүдделілік деңгейіндегі қатынаста диалогке қатысушылар арасында, олардың әлеуметтік мәртебесіне, әлеуметтік рөліне қарамастан, тепе-теңдік (паритеттілік) сақталады.  
Әңгімелесушінің жан дүниесіне байланысты түсіністік, сөйлесушілердің, тілдесушілердің дүниетанымындағы жақындық, өмір тәжірибесіндегі ұқсастық, мүдделестік, мәдени, туыстық т.б. апперцепциялық ая диалогтің нәтижелі болуына әсерін тигізетін шарттардың бірі.  
Ишара, ым, интонация, реплика, тон, дауыс тембрі арқылы өзара түсіністікке жол ашылып, тілдік қарым-қатынастың ойдағыдай болуына ықпал етеді. Тыңдаушы сөз мәніндегі тұспалды аңғаруы шарт, сөйлеушінің не аңғартқысы келетінін аңдауы керек. Сөйлеушінің коммуникативтік діттемін тыңдаушының аңғара білуі диалогтің ойдағыдай өтуін қамтамасыз етеді. Коммуникативтік интонациямәтінге, яғни вербалды деңгейге дейін, яғни сөз тыңдаушыға жеткенге дейін қалыптасады.

 

Қарым-қатынастың тілдік дүниеліктердің қалыптасуына көп  жағдайда тілдік емес факторлар ұйытқы болады. Тілдік емес факторлар көзқарас, әрекет, жай-күй, эмоция, білім, сенім  т.б. мәнділіктерден тұрады. Осымен байланысты тілдік қарым-қатынастың ойдағыдай  болуы немесе сәтсіз аяқталуы сөйлеушінің  тек тілдік формаларды талдауына  тәуелді емес. Коммуникацияның ойдағыдай  өтуі лингвистикалық және лингвистикалық емес факторларға байланысты.  
Диалогтегі сәттілік пен сәтсіздік а) коммуниканттардың әлеуметтік-стереотиптік ерекшеліктеріне; ә) коммуниканттардың аялық біліміне, б) коммуниканттардың құзыретіндегі жақындыққа, я болмаса алшақтыққа; в) коммуниканттардың жыныс, жас, тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты жайттарды ескеру/ескермеуден болуы ықтимал.  
Қарым-қатынастың тепе-теңдігі (паритеттілігі) сақталмаған жағдайда диалог ойдағыдай өрбімей қалады, өйткені сөйлеушілердің біреуі басым болады да тақырып тізгінін қолдан шығармайды. әріптеске сөз бермейтін үнемі өзі сөйлей беретін адам тыңдаушының қандай қабақ танытып отырғаны, дұрыс, не бұрыс түсініп отырғаны т.б. жағдаяттарға мән бермейді, сөйтіп сөйлеуші коммуникацияға қатысушының көңіл күйін аңғаруға қабілетсіздік танытады.  
Диалог сөздің өрбуіне, нәтижелі болуына кесірін тигізетін нәрсе – орынсыз ескерту жасау, сөзді орынсыз бұзу, орынсыз сұрау қою, орынсыз көп сөйлеу, айтылғанды орынсыз қайталау т.б. Мұндай “орынсыздықтар” тыңдаушымен есептесудің, қарым-қатынастағы ынтымақтастықты (кооперативность) бұзып, сөздің берекесін кетіреді.  
Сөйлеушінің тілді білуі деңгейі тым төмен болған жағдайда тілдік қатынас сәтсіздікке ұшырауы мүмкін. Мұндайда сөйлеуші жергілікті сөздерді қолдануы мүмкін. Қайсыбір сөйлеушінің тыңдаушы біле білмейтін арнаулы терминдерді орынсыз қолдануы, сондай-ақ шетелдік сөздерді орынсыз жұмсауы диалогтің сәтті өтуіне кедергі жасайды.  
Стратегия кооперативті және бейкооперативті болып бөлінеді: бейкооперативті стратегияның негізіне жанжал (конфликті), ұрыс-керіс, қорқыту-үркіту, алдау, өтірікке бару, тура жауаптан қашқақтау т.б. теріс құбылыстар, ал кооперативтік стратегияның негізіне сенім, ынтымақтастық, шынайылық, қайырымдылық т.б. тәрізді жағымды құбылыстар жатады.

40.Тілдік коммуникацияның құрылымы.

Тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын  өзгеше қатынас құралы. Тілмен сөйлесу  адамзат баласы үшін тысқары бір  дүние емес, ол ішкі құбылыс. Сөйлеу тек адамға ғана тән. Адам тіл арқылы бір-бірімен қатынаса алады. Тілді  үйрету әдісі үнемі заман талабына, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып, жетіліп отырады.

Тілдік  коммуникацияға хабар жіберушіні, хабар  алушыны, олардың әңгімелесу барысы және тілдің бөлігі ретінде хабарламаны  енгізуге болады.

Коммуникативтік құзырлықты құрайтын компоненттер бірлігі, төменде көрсетілген бағыттармен  қамтамасыздандырылады:

1. Коммуникативті шеберлікті дамытуды (тілдік білім мен машықтардың  дамуымен қатар), атап айтсақ:

- жеңіл, әртүрлі жанрдағы текстерді  оқу және түсіну қабілеті;

- қатынастың оқу-еңбек, тұрмыстық,  мәдени салаларында диалогтық  қатынасты ауызша іске асыра  алу қабілеті;

- өзі, қоршаған орта туралы және  оқыған материалды тікелей текстке  сүйенбей қысқаша монолог ретінде  айта білу қабілеті;

Білімгерлердің, Шетел тілі меңгеру үдерісінде дамуы:

    • тілдік жорамал механизмі және білім мен қабілеттерді жаңа ситуацияға ауыстыра білу шеберлігі;
    • тілдік, интеллектуалдық және танымдық қабілеттері;
    • сезім мен эмоцияның құнды бағдарлары;
    • шеттілдік ортаға түсуге дайындық пен қабілет, шетел тілінде әрі қарай өздігінен білімін көтеру қажеттіліктерін талап етеді.

41.Вербалды қарым-қатынас

 

Қарым-қатынас  негізі екі канал арқылы жүзеге асады. Тілдік (вербалды) және тілдік емес (вербалды емес) қарым-қатынас каналдары. Сөйлеу тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол-ақпараттың қайнар көзі, басқа адамға әсер етудің тәсілі. Тілдік қарым-қатынас  құрылымына мыналар жатады:

  1. Сөздік мәні мен мағынасы-сөздерді нақты, дұрыс айту, сөйлемдерді дұрыс құру
  2. Тілдегі дыбыстық құбылыстар-сөйлеудің темпі, ритмі, дикциясы, дауыстың жоғарғы-төмендігі, әуезділігі, тембрі
  3. Дауыс шығару көріністері-қарым-қатынас барысында пайда болатын арнайы дыбыстар. Мысалы: күлу, жылау, сыбырлау, күрсіну, «хм-хм», «эх-ах» сөздегі дыбыстар

  Коммуникациялық жүйе – бұл  алынатын және берiлетiн ақпаратты  түсiнудi қамтамасыз ету мақсатында  адамдар арасындағы хабар алмасу. 
Коммуникацияның негiзгi функциялары мыналар: 
1.Информативтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесудi ұйымдастыру. 
2.Интерактивтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн пайдалана отырып сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiне мiнез-құлқына әсер ету. 
3.Перциптивтi – қарым-қатынасқа түсушi серiктестердiң бiрiн-бiрi қабылдауы және өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру. 
4.Экспрессивтi – эмоционалды бастан кешiрулер сипатын өзгерту. 
42. Тұлғааралық қарым-қатынас пен іскерлік қарым-қатынас ерекшеліктері

Ққ бұл  адамдардың бір-бірін қ-қта түсіну, білім, ақпарат, толқулы  көніл күймен  алмасу.Адамның әртүрлі әрекетінде  әртүрлі ққ түрлері, тәсілдері көрінеді.Ққ жасағанда әйтеуір ққ түрлері, тәсілдері  көрінеді. Адамның жан-жактылыгы, әзілкештігі,уайымшылдығы т.б ққ көрінеді. Адамның жан дүниесінің баюы  өзгелерге  көмегім, пайдам тисе дегенге бағытталады.

 Ққ адамдардың  дүнетанымын кеңейтуге, интелектісінің  дамуына, ұжымдық сапаларды   меңгеруге, білімдердің, іскерліктердің  дамуына ықпал етеді. Ол мақсаттылық   сезімдері мен еріктер бағалау,  бағдарлаудың,яғни қоғамның  белсенді  мүшесі ретіндегі тұрақты қажеттіліктерін  сипаттайды. Сол себептен жалпы  адам мәдениеттілігінің  көрсеткішінің  жүйесіндегі  ққ маңыздылығын  ұмытпаған  жөн, ең бастысы  халықтық білім беруді қалыптастыруға  деген  ел алдындағы міндеттерді  кәсіби тұрғыда орындауға жауапты  адамдар үшін ққнастың маңызы  зор.

 Іскерлік  ққ  негізі өзара әрекеттің,  қабілет пен дағдының алмасуы.Осы  ісәрекетте ққтың арқасында қатысушылардың  тәжірибелік  қабілеті мен  дағдысы қалыптасады. 

Кез келген іс әрекет  ққ арқылы  жүзеге асады. Адам ққ арқылы қоғаммен  өмірмен  қққа түседі онсыз өмірдің мәні жоқ.Яғни тіршілікте адам  өмірінің  негізгі  әрекеті  ққ.

Ққ бұл  адамдардың бір бірімен ақпарат, білім беру, тәрбие алмасу әрекеті.

Іскерлік  әңгіме адам арасындағы  ең бірінші  байланыс, ол тілдік байланыс. Ол жұмыста  да, өмірдеде қолданылатын әдістердің бір түрі.

43. Коммуникация теориясының категориялары  мен заңдылықтары. Қоғамдағы ж\е табиғаттағы ақпараттық алмасу белгілі заңдар орындалғанда ғана мүмкін.  Заңдар – құбылыстың қажетті, мәнді, тұрақты,қайталанатын байланыстары мен қатынастары. К\яны зерттеудің түпкі мақсаты – оның заңдарын айқындау және тұжырымдау. К\я теориясы заңдарының өзгешелігі табиғат пен қоғамдағы қалыптасқан ақпараттық байланыстармен сипатталады және оның пәнімен анықталады. Ерекшеліктері: К\я заңдары объективті сипатқа ие.

1) Кез келген  к\я түрлі ақпаратпен алмасуды  сипаттайтын өзара әрекетті білдіретіндіктен  к\ялық өзара әрекетте кем дегенде  2 қатысушы болуы тиіс. Шығу көзі  – қабылдаушы; коммуникатор –  коммуникант, шешен және тыңдаушы.

2) Кез келген  коммуникация кері байланыс ұстанымына  негізделген (кері байланыс заңы).

3)  Кез  келген коммуникация таңбалық  сипатқа ие. Белгілі бір белгі  – таңбасыз коммуникация болмайды. Бұл жерде таңба ретінде ақпарат. 

4) «Минималды  негіз заңы», к\я жүзеге асуы  үшін ең болмағанда бір негіз  керек. Ол  – белгі не\се  қабылдау, беру н\е кодтау мен  декодтау туралы ереже түрінде  болуы мүмкін.

5) «коммуникативті  жүйенің гетероген заңы», ком-я  тек әрекеттесу жүйелерінің ақпараты  потенциялдық сәйкес кемегенде  ғана болады, яғни коммуниканттардың  ақпарат мүмкіндігінің толық  сәйкес келуі олардың арасындағы  ақпарат алмасуды толық жояды,  мүмкіндіктердің мұндай сәйкес  келуі болмайды.

6)Әлеуметтік  коммуникацияның (мыс, адамдардың  коммуникативтік қажеттілігінің  өсуі, ақпараттық алмасу көлемінің  артуы мен жеделдеуі туралы  заң) заңдары адамдардың әрекеті  мен ойлауы арқылы жүзеге асады.  Сондықтан объективті және субъективті  баланыстарды есепке алмай айқындау  және тұжырымдау мүмкін емес. Әлеуметтік коммуникация заңдарының  объективтілігі адамдардың объективті  әрекетімен мүддесінің, коммуникативтік  қажеттілігін, қозғалысын анықтауымен  түсіндіріледі. Бұл заңдар тірі  материяның атрибутивті қасиеті  ретінде ақпараттық алмасудың  жалпы ортақ сипатын ,қоғамдағы  өзара байланысты  бейнелейді.

7) Жалпы ғылыми  заңға к\я құралы арқылы құрылымды  жүйелі ұйымдастыру мен реттеуді  жатқызсақ болады.

8) қоғамдағы  коммуникативтік байланысты кеңінен  тудыру заңы.

9) к\яның  динамикалық ж\е статистикалық  заңдары. Коммуникация заңдары  басқа да әлеуметтік және табиғи  заңдармен бірлікте жүзеге асады:  экономикалық, психологиялық, саяси  және техникалық.

44)Коммуникация теориясының функциясы мен әдістері

Қарым-қатынас функциялары. 
Өзiнiң мiндетi бойынша қарым-қатынас көп функциялы. Қарым-қатынастың 5 негiзгi функциясын бөлiп көрсетуге болады. 
1. Прогматикалық функция – адамдардың бiрiккен iс-әрекетi процесiнде өзара әрекеттесуде жүзеге асады. 
2. Қарым-қатынастың қалыптастырушы функциясы - бұл адамдық тұлға ретiнде дамуы және қалыптасу процесiнде танылады. Шындығында үлкен мен қарым-қатынас жасамай болмайды. 
3. Растау функциясы – бiз өзге адамдармен қарым-қатынас жасағанда ғана өзiмiздiң қандай екенiмiздi танып түсiнiп растай аламыз. Өз құндылығыңды мойындалатынына көз жеткiзу үшiн адам өзге адамдардың қолдауын iздегенде осы функция көрiнедi. Ульям Джеймс өзi адам үшiн қоғамда өзiмен өзi қалдырылып мүлде ескерусiз қалғанан артық жаза жоқ дейдi. Мұны психология тұрғысынан растамау деп атаймыз. Қарапайым сенiкi дұрыс емес немесе сен жамансың деген сөздермен бiлiнетiн және растаудың белгiлi бiр бөлiгi бар жоққа шығарумен салыстыруда яғни растамау деп аталады. 
4. Тұлғааралық қатынастарды ұйымдастыру және қолдау функциялары. Кез-келген адамдардың қарым-қатынасы өзге адамдарды бағалаумен және белгiлi бiр жақсы немесе жаман эмоцияналды қатынастарды орнатумен, байланысты тiптi адамдардың өзiмен әртүрлi жағыдайда қатынс жасауға болады. 
5. Тұлғаның iшiндегi қарым-қатынас формасы. – бұл маңыздылардың бiрi. Өз-өзiмен жүргiзiлген диалогтың негiзiнде бiз белгiлi бiр шешiмдер қабылдап маңызды әрекеттерге барамыз. Мұндай iшкi қарым-қатынасты адам ойлауының әртүрлi тәсiлi ретiнде қарастыруға болады.

Информация о работе Тұлғааралық қарым-қатынас педагогикасының мақсат,міндеттері