Тұлғааралық қарым-қатынас педагогикасының мақсат,міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 22:06, лекция

Описание

Тұлғаға бағытталған қарым-қатынастағы сөздің ерекшелігі. Күнделікті әңгімелесу сипаты: 1) жеке адамдармен қарым-қатынастағы жекелік; 2) ойламаған жерде және күштемеу арқылы қарым-қатынасқа түсу; 3) жағдайға байланысты қарым-қатынасқа түсу; 4) сезімге берілу. Сөйлеу және оның мақсаты. Ақпараттық сөз.

Работа состоит из  1 файл

Тұлғааралық қарым.docx

— 135.33 Кб (Скачать документ)
="text-align:justify">16.Тұлғааралық комуникация теориялары.     

     Тұлғаның      қарым қатынас   өнері өзінің араласатын адамдарының  жақсы біліміне негізделеді және  бұл адамның ғылыми білімінің   психологиясына қатысты болады. Күнделікті түрлі ұжыммен қарым  қатынаста тұлға өзінің қатынасын  өзгеріссіз стеротиптерде құра  алмайды.   Ортаның жылжымалылығы  оның мұғалім ретінде жұмыс  істеуі одан мобильділікті, икемділікті  және сонымен қатар, терең ойлану  реакциясын талап етеді. Бұл  дегеніміз педагог әрқашан өзін, әрекет етуші ортаны зерттейді,  яғни өзін қарым-қатынас күйінде  қарастырады. 

Педагогикалық қарым-қатынасты рухани өндірістің бір түріне жатқызуға болады, себебі ол өзінің мазмұнына міндетті түрде  шығармашылықты әрі өнімді түрде  білім, іскерлік , дағдыларды жеткізу, сондай-ақ әрқашан жаңаны уағыздау, жан-жақты және үйлесімді дамыған  адам түлғасын қалыптастыру, тәрбиелеуді  өндіреді. Егер оқытушы қарым-қатынасты  екі жақты үдеріс ретінде қарастырып, ондағы оқушылар мен  тәрбиеленушілерді  өзімен бірдей тең құқылы серіктестікке  қарастыратын болса, ондай оқытушы  өзара қатынас мәдениеттілігінде  жоғары кәсіби деңгеңге көтеріле алады. Мұндай жағдайда оқытушының оқытушының қарым-қатынастағы іскерлігі , кәсібилігі, тіпті таланты оның оқушылармен  қарым-қатынаста әр түрлі кедергілерді жойып, олардың өздеріне деген сенімділіктерін  ұялата алуынан көрінеді.

Қарым-қатынасқа  негізделген факторларды 2 үлкен  топқа бөлуге болады: операциялық  және тұлғалық. Бір-бірімен тығыз  байланысты. Тұлғалық-адамның өзіне  тұлға ретінде қатынасы болса, операциялық-мұнда  барлық қарым-қатынас үрдісінің  өзі сипатталады: қандай жағдаймен, қандай тәсілдердің көмегімен, адамдармен байланыс орнату. Қ-қ.та оның барлық тұлғалық ерекшелігінде сырт келбеті, киімі,тәжірибесі, білімі, эмоцясының көрінуі, жалпы барлық және басқа да адам тұлғасына қатысты, өзіне тәуелділігі оның негізгі  маңызды қарым-қатынасын дамытады.

17.Тұлғаарлаық қарым-қатынаста  ым-ишаралардың маңызы . Коммуникатордың қимылдары,ым-ишаралары әкімшіл жағдайда тыңдаушыларды басуға,бағындыруға арналған:мінберде тұрып сөйлеу,микрофонды,жұдырық пен сұқ саусақты,жабық позаларды пайдалану.Бұған қарама-қарсы диалог коммуникациясы кезінде ашық қимылдар мен ым-ишаралар,еркін позалар жүзеге асады,коммуникатор реципиентпен бір деңгейде болып тең адамдар әңгімесін жүргізеді.Ым-ишаралар адамның сөз арасында жатқан шынайы (жасырылған)ниеттерін анықтауға көмектеседі.Кинесика-оптикалық –кинестикалық жүйе ,оны адамның қолының (ишара-жест),бетінің (ым-мимика),денесінің(пантомимика) қимылдары құрайды.Арнайы зерттеулер нәтижесінде беттің 20000 қимылдары анықталған.Сонда адам бетін үш салаға бөліп:қас пен көз,мұрын,ауыз және ерін,олардың қимылына байланысты адамның негізгі 6  сезімін білдіруге болатыны анықталған.Олар:қуаныш,ыза,таңқалу,жиіркену,қорқыныш,уайым.

18.Коммуникация ұғымы мен қарым-  қатынастың ерекшеліктері

Коммуникация  ортақ түсінушілікке әкелетін екі  жақты ақпарат алмасу. «Коммуникация» терминін латын тілінен аударғанда, «жалпы, барлығымен бөлісу» дегенді  білдіреді. Егер өзара түсінушілік  болмаса, коммуникация да болмайды. Коммуникация жетістігін білу үшін, кері байланысты білу керек, яғни адамдар сізді қалай  түсінді, қалай қабылдады тағы сол  сияқты сұрактарға жауап берілуі  тиіс. Коммуникациялық компентенттілік  – адамдармен керекті контактіні құру және ұстай алу қабілеттілігі. Коммуникативті қабілеттілік адамның  жасына, біліміне, мәдениетіне, психологиялық  даму деңгейіне, өмірлік және кәсіби тәжірибесіне байланысты ерекшелінеді.

1) Кинестика  – адам сезімдері мен эмоциясының  сыртқы көрінісін, мимика беттің  бұлшықеттерінің қозғалысын, жестика  дененің әр бір бөлігінің жестік  қозгалысын, пантомимика дененің  барлық моторикасын, поза, жүріс-тұрысын,  иілуді зерттейді.

2) Таксика  қарым-қатынас жағдайындағы жанасуды, қолды қысуды, сүйісу, сипау, итеру  және тағы басқалаларды зерттейді.

3) Проксемика  қарым-қатынас кезіндегі адамдардың  кеңістікте орналасуын зерттейді.

Қарым-қатынасты  адамның өмірлік іс-әрекетінің негізгі  факторы десек қателеспейміз. Интеллект  және ерік, эрудиция және эмоционалды  мәдениет тәрбиелілік – осылардың  барлығы; және басқа адамдарды түсіну, яғни психикалық дұрыс бағалау. Екіншіден  олардың мінез-кұлық және жағдайына  адекватты эмоционалды жауап  бере алу, үшіншіден әр адамның өзінің жеке даралық ерекшеліктеріне байланысты стилін, әдіс-тәсілін, формасын таба білу. Қарым-қатынас мәдениетін көтеру үшін, ерте жастан бастап адамның басқа  адамға жанашырлық, тілектестік, ортақтастық, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыра білу керек. Қарым-қатынас ең алдымен, бір адамның екінші адамды өзара  түсінушілігінен басталады. Немқұрайлық  қатігездік тұрпайылық сыйламсыздық қарым-қатынасты  бұзады. Ал, егер тілек, өзара сұрақтар, өзара келіспеушілік басым болса, онда достық қатынас, яғни ол жанұяға  қажетті психологиялық атмосфера  болып табылады. Біз білетіндей адамның  өзара түсінушілігіне бөгет болатын  жағдайлар; оның қайталанбастығы, жеке даралығы, бір-біріне ұксамайтындығы. Өзара түсінушіліктің тағы бір кедергісі  қабылдаудың стереотиптілігі. Кейбір адамдар басқаларды терең білмей өз ойларын айта салады. Мысалы; ол –  дәрігер, ол – сатушы, сонымен бәрі түсінікті, себебі олардың моделі, шаблоны  бейнесі сол адамға беріледі. Адамның  басқа адаммен қарым-қатынасы оның жеке күші мен әлсіздігі, өмірлік  қайталанбас жеке даралық көріінісі, тәрбиелеу ерекшелігі сияқты мінез-құлқының ерекшелігіне байланысты. Адамға басқа  адамдардың бағалауы мен бірге өзіндік  ойы, әлеуметтік статусы ұжым да алатын орны сияқты қасиеттер әсер етеді. Қарым-қатынас  басқа да іс-әрекет сияқты белгілі  бір нәтижемен аяқталады Қарым-қатынас  нәтижесін оның өнімі ретінде  қарастыруға болады. Өнімі әр түрлі  болады. Оның ішінде басты орын алатындары өзара қатынас және өзінің образы. Өзара қарым-қатынас қатынас үрдісіне өзінің әсерін тигізеді. Адамдар арасындағы өзара қатынас таңдау сипатына ие болады. Бұл таңдау адам қажеттілігіне  байланыста анықталады. Баланың өз образы өмірлік іс-тәжірибенің әр түрлі түрінде пайда болады: жеке даралық әрекет тәжірибесі және қарым-қатынас  тәжірибесі бала дамуындағы шешуші фактор – баланың өзіне қатынасы қоршаған ортаны белсенді өзгерту және әлеуметтік тарихи сипат алады. Өз образын біз  аффективті – когнитивті комплекс ретінде қарастырамыз. Оның аффективті жағын өзін-өзі бағалау ал, когнитивті жағын, баланың өзі туралы ойы  деп айтуға болады. Бала өмірге келісімен  алдымен үлкендермен, одан кейін  құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасқа  түсе бастайды. Осының нәтижесінде  жаратылысынан берілген адам болу қабілетін  іске асырады. Қарым-қатынас баланың  психикалық дамуының негізгі факторы  және жағдайы. Қарым-қатынаста адамдар  өзін-өзі және басқаларды тану қажетттілігін  қанағатандырады. Өзін-өзі тану және қарым-қатынас бір-бірімен тығыз  байланысты .

Қарым-қатынаста  адамдардың әлеуметтік қатынасы жүзеге асады. Қарым-қатынастың бір-бірімен  байланысты үш жағын қарастыруға болады. Коммуникативті жағы, мұнда – қарым-қатынас адамдар арасындағы ақпарат алудан тұрады; интерактивті жағы – адамдар арасындағы өзара әсер етуді ұйымдастырудан тұрады; перцептивті жағы – қарым-қатынасқа түскен адамдардың бір-бірін қабылдау негізінде өзара түсінушіліктің пайда болуы.

Қарым-қатынаста  келесі аралық кеңістікті көрсетеді; интимді  зона (15-45 см), өте жақын, таныс адамдар  қарым-қатынасынан көруге болады; жеке немесе дербес зона (45-120 см), достарға бірге  істейтін қызметкерлерге арналған кеңістік; әлеуметтік зона (120-400 см) көп таныс  емес адамдар арасындағы қарым-қатынаста  көрінеді; көпшілік зонасы (400 см артық), адамдардың көп тобымен қарым-қатынаста  көрінеді, мысалы дәріс бергенде немесе жиналыстарда көрінеді.

Қарым-қатынас  түрлері:

1) «Маска  контактісі» – формальді қарым-қатынас,  онда әңгімелесушінің жеке даралық  ерекшеліктері ескерілмейді, яғни  бастапқы маска қолданылады (кішіпейілділік, салмақтылық, қатысушылық және  тағы басқа). Әңгімелесушіге деген  шын қатынасын, әмоциясын көрсетпей,  жестер, мимика қолданылады.

2) «Жабайы  қарым-қатынас» – басқа адамды  керекті және бөгет жасайтын  объект ретінде бағалау – егер  әңгімелесуші адам керек болса,  қарым-қатынасқа белсенді түрде  түседі, ал егер бөгет жасаса, агрессивті, ұнамсыз қылықтармен  жауап береді.

3) Формальді-рольдік  қарым-қатынас. Қарым-қатынастың  тәсілі мен мазмұны алдын-ала  белгіленіп қойған, және де әңгімелесуші  туралы пікір оның әлеуметтік  орнына қарай анықталады.

4) Іскерлік  қарым-қатынас – онда әңгімелесушінін  мінезі, жеке өзіне тән ерекшеліктері,  жасы, оның көңіл күйі ескеріледі, бірақ іс мәнді болып қала  береді.

5) Рухани, жеке  адам аралық достық қарым-қатынас  – мұнда кез-келген тақырыбта  әңгімелесуге болады және тек  ғана сөзбен емес, бір-бірін бет  әлпеті, қозғалысы, интонациясы арқылы-ақ  ұғады. Мұндай қарым-қатынас егер, қарым-қатынасқа түсушілер бір-бірінің  көзқарасын, қызығушылығын жақсы  білсе ғана жүзеге асады.

6) Манипулятивті  қарым-қатынас – әр түрлі әдіс-тәсілдер  қолдану арқылы әңгімелесушіден  пайда табуға бағытталған қарым-қатынас  турі 

Қарым-қатынастың көп қырлығы және көп сапалығы. Бұл тұрғыдан алып қарайтын болсақ, қарым-қатынас адамдардың бір-біріне қатынасы, ақпарат алмасуы. Жеке адамның  өзара қатынас аспектісі –  бұл құбылыстың бір ғана компоненті. Адамдық қарым-қатынастың ғылыми-технологиялық  революцияның әсерінен ең кең тараған  формасы – рухани коммуникация.                      19.Коммуникацияның атқаратын басты қызметтері төмендегідей болып келеді: 
1. Ақпараттық қызмет 
2. Әлеуметтік қызмет 
3. Экспрессивті қызмет 
4. Прагматикалық қызмет 
5. Интерпретациялық қызмет 
Ақпараттық қызмет – адамдар арасында ақпарат алмасуды жүзеге асырады, ал әлеуметтік қызмет – адамдар арасында өзара қарым-қатынасқа түсу қабілетін арттырады. Осы соңғы қызмет біздің пікірлерімізді, дүниетанымымызды, қандай да бір орын алған оқиғаға деген қатынасымызды құрастырады. 
Экспрессивті қызмет адамдардың ақпарат алмасу барысында бір бірінің эмоционалды көңіл-күйін түсінуін білдіреді. Қарым-қатынас барысында эмоциялардың қаншалықты маңызды екендігі кімге де болса мәлім. Эмоцияны сөз қылып айтпай-ақ бет әлпетімен де жеткізуге болады. 
Прагматикалық қызмет арқылы коммуникацияға қатысушылардың іс-әрекеті мен өзін-өзі ұстау мінез-құлығы шектеледі. Ол сол коммуникацияның көздеген түпмақсатына сай жүргізіледі. 
Интерпретациялық қызмет коммуникацияға бірге түскен адамды түсіну үшін қажет. Коммуникация құралдарының түр түрі қоршаған шындықтың оқиғасы туралы ақпарды жеткізіп қана қоймай, сонымен қатар, оны белгілі бір мағынада түсіндіреді, интерпретациялайды.

20.Қарым- қатынастағы диалогтың  алатын орны

     Қарым- қатынастағы диалогтың алатын орны ерекше. Өйткені, қарым- қатынастағы диалогтың дұрыс, жақсы болуы екі немесе одан да көп адамның бір- бірімен дұрыс пікір алмасуына көмек береді. Диалог – екі жақты құбылыс. Қарым- қатынаста көзделетін мақсатқа орай диалогтің өзіндік ерекшеліктері болады:

  • күнделікті тұрмысқа байланысты;
  • ым-ишараттың, дене қимылының белсенділігі;
  • ресми қарым- қатынасқа құрылуы,
  • эмоционалды- экспрессивтілігі, әсерлілігі;
  • сөйлемдердің ықшамдалуы;спонтанттылығы, яғни сөйлейтін сөздің алдын-ала жоспарланбауы;
  • ауызекі стилінің ерекшеліктерінің басым болуы.

Оқу бағдарламасында қатысымдық құзірет  деңгейіндегі диалогке қойылатын талаптар тұрғысынан белгіленгені:

  • сөйлеу мәдениетін игеру, өзінің сөзін,ойын жалғастыра алу;
  • экология, тарих, экономика, әдебиет, мәдениет тақырыптарына сөйлесе алу;
  • айтылған әңгіме,оқылған мақала, кітап т.б. жайында өз пікірін білдіре алу;әңгімелесу кезінде өз пікірін дәлелдей алу;

            Диалог репликалардан құралады, оның бірі- сөйлеу уәж жасайтыны,  екіншісі- жауап ретіндегі – реплика.  Диалогте ой ауысып отыратын  белгілі, сондықтан әңгімелесушілер  бір-бірімен ақпарат ауысып отырады.  Алғашқы сөйлеуші әңгіменің басталуына  түрткі болады, адресатты әңгімелесуге  шақырады.

           Диалогтік сөйлеу дағдысының  қалыптасуы мына өлшемдермен  анықталады:

  • әңгімелесушілердің бірін- бірі тез түсінуі;
  • қысқа жауап беруі;
  • әртүрлі, дайын тілдік құбылыстарды дұрыс, тез, орынды қолдана білу;
  • тақырыптан ауытқымай, оны дәл, нақты жалғастыра білу;
  • жауап беру икемділігінің жоғарылығы;

әңгімелесушілердің  бір- бірінің көңіл күйін, жайын  сезіне білуі.

           Сонымен, диалог- тілдік ережелерді түсіну, тілдік нормаларды сақтау, сөйлеу дағдыларын қалыптастырудан тұрады

23.Қарым-қатынас түрлері

1. Маскiлi  қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде  бiрнеше маска кию. Формалды  қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың  тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге  талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген  сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас  барысында көрсетпейдi. 
2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады. 
3. Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады. 
4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi: 
5. Маникулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады

24. Қазіргі кездегі коммуникативтік  білім берудің маңызы

Білім беру ұйымларының кез –келген іс –  әрекетке кіріскенде және оның орындалу барысында, нәтижеге жетуге жоғары мектеп оқутушысы белгілі бір талаптарды ұсынады.. Педагогикалық қ / қ коммуникативтік  жоспарды терең интеллектуалдық  деңгейде, шығармашылықтың ерекше түрі болып саналады

Білім беру жүйесінің басты міндеті  ұлттық ж/е жалпы азаматтық құндылықтар  ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға ж/е кәсіби шыңдауға бағытталған  білім алу үшін қажетті жағдайлар  жасау, оқытудың жаңа технологияларын  енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық – ғылымдық коммуникациялық  аумаққа шығару. Бұл міндеттерді  шешу үшін мектеп ұжымдарының әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл  жол ашарлық жаңа тәжірибе, жаңа қ/қ қа өту қажеттілігі туады.Сондықтан  әр мұғалім өз іс – әрекетінде қажетті  өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер  жөнінде мағлұматтарды, жаңа әдіс –  тәсілдері дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білу керек.

25Қазіргі кездегі  коммуникация тұжырымдамалары 

Адам әлемі  – коммуникация әлемі. Л. Витгенштейн  айтпақшы, адам өзін-өзі адам ретінде  тек қана басқа адамдармен коммуникациялық  байланыс жүйесіне енгеннен соң сезінеді екен. Біз өзімізге үйреншікті туған-туыс, дос-жаран арасында отырғанда коммуникацияның  көптеген вербалды сөйлеу мен сөзге негізделген және бейвербалды сөзге негізделмегенкомпоненттерден тұратын кешенді әрі үзіліссіз үрдіс екендігіне мән бермейміз. Бәлкім, біз өзімізден тілі, ділі, діні, мәдениеті бөтен шетелге сапарға аттанғанда ақпараттың тек қана тіл арқылы ғана емес, сонымен қатар, көптеген басқа өз арнамен жететіндігін түсінеміз. Коммуникация дене мен қолдың қимылы, ишаралар бас изеу, бас шайқау, қол сермеу және т.б. көзқарас, бет-бейнедегі мимика сынды көптеген құрамдас бөліктерден тұратындығын сонда нақ түсіне бастағандай боламыз.  Қарым-қатынастың адамзат өмірінде аса маңызды роль атқарады. Қарым-қатынас нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамитындығы әр жеке тұлғаның қалыптасуында жетекші факторлардың бірі болады. Қарым-қатынас барысында өзара пікір алмасу, сезім әлеміне бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу арқылы адамдар арасында сенімді кең ауқымды эмоциялар арқылы екі немесе бірнеше психологиялық жүйе не бірнеше рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, өзара түсіністік, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдісі іске асады. 
«Коммуникация» термині қарым-қатынас құралы ретінде де кең қолданылады.

Информация о работе Тұлғааралық қарым-қатынас педагогикасының мақсат,міндеттері