Тұлғааралық қарым-қатынас педагогикасының мақсат,міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 22:06, лекция

Описание

Тұлғаға бағытталған қарым-қатынастағы сөздің ерекшелігі. Күнделікті әңгімелесу сипаты: 1) жеке адамдармен қарым-қатынастағы жекелік; 2) ойламаған жерде және күштемеу арқылы қарым-қатынасқа түсу; 3) жағдайға байланысты қарым-қатынасқа түсу; 4) сезімге берілу. Сөйлеу және оның мақсаты. Ақпараттық сөз.

Работа состоит из  1 файл

Тұлғааралық қарым.docx

— 135.33 Кб (Скачать документ)

76.Релаксация түрлері және сессия  кезінде оны ұйымдастыру жолдарын  көрсетіңіз.

Релаксация-(лат)-әлсіреу,азаю деген мағынаны білдіреді.Оның негізгі  турлері:Қобалжу,өзін-өзі ұстай алмау,іс-әрекетінің қарама-қайшылығы,дірілдеу,дәрменсіздік.Ал,сессия кезінде оны ұйымдастыру жолдары:1.жоғарғы  психологиялық дайындықтар жүргізу.2.әрбір  жеке адамның ерекшелігіне байланысты,бөлек  жаттығулар жүргізу.3.көптеген жағдаяттарды ұйымдастыру арқылы,бейімделуді  үйрету.4.студенттерге білімдік деңгейін,жаңа шешімдер қабылдау арқылы ,оларды жаңа бағыттар жасауға үйрету.5.студенттердің  сессияға дайындық кезінде ,оларды батылдыққа,өзін-өзі  қиын жағдайдан алып шығуға деген  көз –қарастырдарды қалыптастыру.6.қоршаған ортасымен қарым-қатынастар жасауға,дамытуға насихаттау.7.студенттердің өткен жетістіктері арқылы оның сенімділігін арттыру.8.сонымен қатар,ең бастысы оның физология және психология жағынан жақсы көрсеткіште болуын қадағылау.9.студенттердің жеке ерекшеліктеріне байланысты ,өзін-өзі ретке келуге,жетіліпәрі дамуға мүмкіндіктер беру.

 77.Оқытудың сөздік әдістерін атап, бір мысал келтіріңіз. Білімді меңгерту қандай жолдармен немесе тәсілдермен іске асса да, оқыту әдістерін таңдау негізінен, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттеріне сәйкес анықталады. Оқыту процесінде ең көп тараған дәстүрлі әдіс - сөздік немесе мұғалімнің ауызша баяндау әдісі. Бұл әдіс оқыту процесінде басқа әдістерге қарағанда жетекші роль атқарады. Сөздік әдісі мектептің барлық сатыларында қолданылып, әңгіменің сипаты, көлемі, ұзақтығы өзгереді. Әңгіме арқылы жаңа білімді хабарлау үшін оған кейбір талаптар қойылады. Олар:

•    әңгіменің оқушылардың адамгершілігіне  әсер етуі; 

•    әңгімеде дәлелді және ғылыми фактілердің  болуы;

•    ой пікірдің дұрыстығын дәлелдейтін  жарқын және нанымды мысалдардың, фактілердің  жеткіліктілігі;

•    әңгіменің жүйелілігі болуы керек;

•    әңгіменің әсерлілігі;

•    тілінің қарапайымдылығы және түсініктілігі;

•    мұғалімнің фактілері, оқиғаларға берген бағасының болуы.

 В. А.  Сухомлинский: ''Сөз - ең маңызды  педагогикалық құрал, оны еш  нәрсемен ауыстыра алмайсың..."- деп оның маңызына ерекше назар  аударады. Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондай-ақ дауыс  ырғағы мен мимикасы мәнерлі  және бай болғаны қажет. Бұл  ойымыз дәлелді болу үшін Ы.  Алтынсаринның пікірін келтірейік:''Мұғалім  балалармен істес болады: егер  олар бір нәрсені түсінбесе,  онда мұғалім шәкірттерді кіналамай,  оларға дұрыс түсіндіре алмағаны  үшін өзін-өзі кінәлауы керек.  Мұғалім балалармен сөйлескенде  ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен  сөйлеп, шұбалаңқы сөздер мен  керексіз терминдерді қолданбастан  әрбір затты ықыласпен, қарапайым  тілмен түсіндіру керек''деген.  Бұл әдісті қолданғанда мұғалім  оқушыларға білім берумен қатар  олардың таным белсенділігін  арттыруға (зейін, қабылдау, ойлау  т.б. процестерін) байланысты да  әрекет жасайды.Мұғалімнің оқу  материалын ауызша баяндауы көп  жағдайда түрлі көрнекі және  техникалық құралдарды пайдаланумен  ұштастырылады.Ауызша баяндаудың  тағы бір ерекшелігі, оқытушы-ның  түсіндіруі мен оқушылардың ұғыну  процесінің қатар жүруінде.

78.Оқушының дамуы бір-бірімен  байланысты 3бағыта жүреді (биологиялық,  психологиялық, әлеуметтік) аталған  бағыттарға мысал.

Оқушының  дамуы - оның рухани өсуінің, жетілуінің процесі жеке адам үшін елеулі болып  табылатын барлық сфераларды іс-әрекетте, өзін қоршаған құбылыстарға, адамдарға  деген қарым-қатынасқа, танымдық процестерінде  болатын сапалық өзгерістер процесі. Әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялың ерекшеліктеріне  байланысты, адамның ой-санасының, білім  көлемінің толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруінде де өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды  құбылыс. Мектептегі кезеңнің өзі бастауыш (6-10 жасқа дейін), тоғыз жылдық (10-15-ке дейін), орта мектеп оқушылары (15-18-ге дейін) болып үшке бөлінеді. Баланың дене дамуындағы ең маңыздысы - орталық жүйке  жүйесі, өйткені адамның психикалық әрекеттері осы орталық жүйке  жүйесіне байланысты болады. Балалардың дене және психикалық дамуында соңғы  жылдары айқындалған күрделі  өзгерістердің бірі - ағзаның жедел  дамуы. Бұл құбылыстарды акселерация (латынша "дәлелдеу") деп аталады. Акселерацияға тән ерекшелік: балалардың бойының, салмағының бұлшық еттерінің  жедел түрде өсіп жетілуі. Әлеуметтік орта - жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға мектептің ықпал  жасауы нәтижесінде баланың дүниеге  көзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттері дамып  қалыптасады. Егер адамдардық қалыптасуына ортаның қатысы шамалы болса, онда орта адамдардық талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан адам өзінің дамуы үшін қажетті материалдарды осы әлеуметтік ортадан жинайды. Егер бала әлеуметтік ортадан тыс қалса, онда оның даму дәрежесі жануарлардан жоғары болмайды.

79.


Мектеп пен отбасының қарым-қатынасы формаларын атап,мысал келтіріңіз?

Қазіргі мектеп отбасының  қолдауына бұрынғыдан да күштірек мұқтаж, бұл жерде сөз терең түсіністік пен өзара құрметке құрылған серіктстік жайында болып отыр. Педагогтің ата-аналармен  жұмысы ынтымақтастық болмайынша, ата-аналарды оқу-тәрбие процесіне белсенді тартпайынша мүмкін емес.

Бұл педагог пен ата-аналарға балаларда өзін-өзі тани білу және таныта білуге қажетті сапалар мен  қасиеттерді қалыптастыруға мүмкіндік  жасау үшін күштерін біріктіруге  көмектеседі.

Педагогтердің, отбасымен  қарым-қатынас сипаты жіктелімді болып  келеді. Сынып жетекшісі барлығына  бірдей қарым-қатынас формасын артпайды, ата-аналардың қажеттіліктеріне, сұраныстарына, отбасылық тәрбие ерекшеліктеріне  бағдарланавды, ата-аналарды мектеп, сынып  істеріне араласытыруда асқан төзімділік танытады.

Отбасымен қарым-қатынас  жасаудың негізгі формалары-топтық және даралық.

Даралық формалары: бала тәрбиесі мәселелеріне байланысты әңгімелесу, кеңес беру, отбасына бару. Отбасына барғанда төмендегідей шарттар сақталуы тиіс:

  • отбасына алдын ала ескертусіз бармау
  • ол үйде 5-10 минуттан артық болуды жоспарламау (мазаларын алмау үшін)
  • кіреберісте түрегеп тұрып немесе сырт киімді шешінбей тұрып әңгімені бастамау керек.
  • әңгімелескенде жұлқына сөйлеуден аулақ болу керек.
  • Ата-аналарға ақыл үйретпей, кеңес түрінде айтқан жөн
  • Мүмкін болса, баланың көзінше әңгімелескен дұрыс

Топтық формалары: ата-аналар жиналысы, ата-аналар клубы, ата-аналар дәрісханасы, ата-аналар білімі, жекелеген тәрбие мәселелеріне арналған конференциялар (медиктермен, психологтармен, заңгерлермен) кездесулер.

  • қарым-қатынаста педагогтердің ата-аналар жиалысындағы қарым-қатынас жасау стилінің маңызы зор.
  • Жиналыста монолог ата-аналармен жүргізілетін диалогтан азырақ болғаны жөн.
  • Жиналыс балалардың жасы мен сынып ерекшеліктеріне байланысты айына немесе төрттікте бір рет өткізіледі.

Оқу жылының басында, ата-аналармен  бірінші рет кездескенде, апта күні мен уақытын дұрыс тыңдап, оқу жылына арналған кездесу тақырыбын келісіп алған дұрыс. Ата –аналар жиналысының тақырыбын сынып жетекшісі жасап, ата-аналар комитетінде талқыланады. Кезекті жиналыс тақырыбын барлық ата-аналар тыңдап алады.

 

 

80. «Телефонмен дұрыс  қарым-қатынас түзу Ережесі».   Дистантты қ-қатынас – қосымша қ-қ түрі. Ол кеңістікте арнайы құрал-жабдықтар арқылы жүзеге асады. Оның негізігі  ерекшелігі – адамдар сөйлесіп отырып, жест не мимиканы қолданбайды. Телефон – серіктестермен байланыста болу үшін қолданылатын ең тиімді құрал. Бұл желі арқылы сөйлесу өте маңызды, себебі іскер адамдар осы байланыс түріне өз уақытының 4-25 % жұмсайды. Телефон арқылы сөйлескенде өзін-өзі ұстау мәдениеті де іскерлік этиканың бір бөлігі. Қазіргі заманда адамның ажырамас атрибуты болып саналатын телефонмен дұрыс қ-қ орнату ересжелері: 1) тұтқаны көтерерде қандай ақпатар бергіңіз не сұрағыңыз келетінін  ойлану; 2)  тұтқаны бірінші қоңыраудан кейін көтеру; 3) "Алло" не "тыңдап«тұрмын»  деп алғашқы сөзді бастаймыз; 4)сөйлесуде айна эффектісін ескеріп, дауыс мәнерін қадағалау; 5)Айтылуы қиын сөздерді қолданбау; 6) Асықпай, арасында үзіліс жасау; Әңгіме барысында екі жақты таныстыру 10-20секунд, жұмыс барысымен таныстыру 40с, сұрақты талқылау 100 с, қорытындылау 180с не 3 мин болу керек, бірақ уақыттың орташа ұзақтығы  бұдан 15-2 есе көп.  7) сыпайылық, жақсы ниет, әріптес әңгімесіне ден қою керек, егер ол сізге ыңғайсыздық тудырса оны мәдениетті түрде ескертіңіз; 8) Әңгімені бірінші болып сізге телефон соққан адам аяқтайды, егер сіз асығыс болсаңызда әңгімені аяқтауға тырыспаңыз; 9) Телефонмен сөйлесу аяқталғанда мына қоштасу сөздерін қолданыңыз: жағымды жаңалық айтқаны үшін не құттықтағаны үшін сол арада рақмет айту; егер қажет деп тапсаңыз әріптесіңізге оның телефон шалғаны сіз үшін қуанышты жағдай екеніне сендіріңіз; жақсы тілектер айтып қоштасыңыз. 

81. Мұғалімнің коммуникативтік  қасиетін айқындаңыз.

Оқыту үрдісі — мұғалімнің баламен үнемі рухани қарым-қатынаста, ынтымақтастық жағдайда болуын керек етеді. Оқыту процесінде бала тек мұғалімнің әсерін қабылдаушы ғана емес, оның әрекеті мен өзінің психикалық процестерін басқару, ұйымдастыра  білуі (іс-әрекетін білуі, бағалауы, өзін-өзі  тәрбиелеуі) оқытудағы субъект екенін айқындайды. Зерттеуші М.Балақаев өзінің тіл мәдениетін тереңінен зерттеген  еңбектерінде тіл мәдениетінің негізгі  принципі деп сөйлемдердің, жеке сөздердін тыңдаушыға, оқушыға бірден түсінікті болу керектігін көрсетеді. Зерттеуші жазуда, сөйлеуде адам ойына қажетті сөз таңдағанда олардың стильдік ерекшелігтерін ескеруді айтады. Қарым- қатынасты оқытудың оқу функциясын жүзеге асыру былайша қамтамасыз етіледі:

   - мұғалімнің  оқушылармен нағыз психологиялық  байланысы;

   - мұғалімнің  оқушылармен оқыту процесін оқу  әрекетіне айналдыру;

   - оқытудың  қолайлы жағдайларын қалыптастыру;

   - ұжымдық  танымдық ізденіс пен бірлесіп  ойластырудың психологиялық                  жағдайының пайда болуы;

   - оқу  процесінде жеке адамның өз  бетінше жүзеге асыруы және  өзінің творчествалық ойын айқындауы  тиіс.

Қарым- қатынасты  оқытудың тәрбиелік функциясын оқу  былайша қамтамасыз етіледі:

    - оқу процесінде педагог пен  балалардың психологиялық байланысы  негізінде тәрбие қарым- қатынасы  жүйесін орнату;

   - оқу  әрекетін ойдағыдай қамтамасыз  ететін педагогикалық қарым- қатынас  жүйесін қалыптастыру;

   - жеке  адамның тұтастай танымдық бағыттаушылығын  қалыптастыру;

   - оқу  әрекеті процесінде (танымдық, жас  ерекшелік, эмоциялық, дидактикалық, т.б.) психологиялық кедергілерді  жеңу;

   - оқушыларға  тұтастай комплексті тәрбие ықпалын  жүзеге асырудың мүмкіндігі;

   - оқушылар  ұжымындағы өзара қарым- қатынасты  ойдағыдай қалыптастыру.

82.Тілдік қарым-қатынастың қалыптасуын  сипаттаңыз.

Тілдік қатынас - тіл арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас  жасауы; қоғамдық, ұлттық тіл арқылы ұғынысу, түсінісу; яғни адамзаттың тіл  арқылы сөйлесім әрекетін меңгеруі тілдік қатынас дегенді білдіреді. Тілдік қатынас (ТҚ) сөйлеу тілі арқылы ұғынысыу, түсінісу, қарым-қатынас жасау дегенді  білдіре келіп, адамның екінші біреуге  жеткізейін деген ойын жарыққа шығаруды көздейтін; қоғамның дамуы үшін ең қажетті  қоғамдық-әлеуметтік ақпараттар жиынтығы арқылы адамдардың бір-бірімен пікір  алмасуы, адамдар қатынасының түп  қазығы дегенді білдіреді.

Жалпы адамдардың қарым-қатынасына қатысты әрекеттер  екі үлкен тармақтан тұрады. Оныі бірі – тілдік қатынас, екіншісі - тілсіз қатынас. Тілдік қатынас пен тілсіз қатынастың ұқсастықтары да, айырмашылықтары  да бар. Бұл қатынастардың сәйкес жақтары: олардың екеуі де,  адамдардың бір-бірімен байланысын қамтамасыз етеді, яғни адамдар арасындағы қатынасқа  қызмет етеді.

Тілдік қатынас  – тілсіз қатынастан әлдеқайда күрделі  және бөлек. Сондықтан да тіл білімі – адамдардың қарым-қатынас құралы тіл туралы және сол қарым-қатынасқа  негіз болатын тілдік қатынас  туралы ғылым.

Лингвистикадағы тілдік қатынас мәселесін жан-жақты  қарастырып, белгілі бір тұжырымға  келген автордың бірі – Э.П.Щубин.

Э.П.Щубин  шет тілдерін оқытудың қағидалары мен  әдістемелерін сөз ете отырып, жалпы тілдік қатынастың құрамын, олардың  атқаратын қызметін, оқытудың мақсаты  мен мазмұнын, тілдік құралдарды анықтауға  тырысады. Оның бұл проблемаға қатысты  өзіндік пікірлері бар. Ол көзқарастардың ұтымды жақтары да, субъективтік жақтары  да кездеседі.

Тілдік қатынастың өтуі бірнеше кезеңнен тұрады. Олар мыналар:

1. Хабардың  пайда болуы. 

2. Хабардың  сыртқа шығуы.

3. Хабардың  жеткізілуі.

4. Хабардың  қабылдануы.

5. Хабардың  жауабы.

Тілдік қатынастың дыбыс арқылы айтылуы және әріп арқылы таңбалануы лингвистикада ауызша және жазбаша тілдік қатынастар деп те айтылады.

Тілдік қатынастың басты ерекшелігі: ол үздіксіз қозғалыста болатын қатынас құралы тілдің санамен бірлігі арқасында жүзеге асады және тек адамзатқа ғана тән болып табылады.                                                                                                                                                  

83.Коммуникативті тұлға моделі

      Қарым- қатынас  барысында оның тұлғалық ерекшеліктері, қабілеті, білімі, эмоциялық көрінуі жалпы барлық жағдайларды қоса жүзеге асыратын адам.

      Қарым- қатынас барысында барлық жайыттарды ескере отыратын адам.

      Қарым- қатынас барысында мәдениетті сақтайтын адам.

      Өзінің тұлғалық ерекшеліктерін ұтымды пайдаланатын адам.

      Жан- жақты толық  қарым- қатынасқа түсе алатын адам.

      Коммуникацияға түсу кезінде ойын анық жинақтап жеткізетін адам.

      Үнемі шындыққа жанасатын ақпарат айтқандықтан оның сөзін бәрі тыңдайтын адам.

Информация о работе Тұлғааралық қарым-қатынас педагогикасының мақсат,міндеттері