Тұлғааралық қарым-қатынас педагогикасының мақсат,міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 22:06, лекция

Описание

Тұлғаға бағытталған қарым-қатынастағы сөздің ерекшелігі. Күнделікті әңгімелесу сипаты: 1) жеке адамдармен қарым-қатынастағы жекелік; 2) ойламаған жерде және күштемеу арқылы қарым-қатынасқа түсу; 3) жағдайға байланысты қарым-қатынасқа түсу; 4) сезімге берілу. Сөйлеу және оның мақсаты. Ақпараттық сөз.

Работа состоит из  1 файл

Тұлғааралық қарым.docx

— 135.33 Кб (Скачать документ)

Оқыту үдерісінде тұлғааралық қарым-қатынас  мәдениетінің болмауы немесе төмен  деңгейде болуы көп жағдайда келіспеушілік  пен келеңсіз оқиғаларға, сондай-ақ оқытушының студентпен немесе бүкіл  топпен байланысының нашарлауына себеп  болуы мүмкін. Мұндай келеңсіз жағдайды табысты әрі шебер түрде реттей білу оқытушының қарым-қатынас мәдениетіне  тікелей байланысты.

Оқытушы мен студент арасындағы тұлғааралық  қарым-қатынастың негізгі моральдық  нормалары бар, олар – өзінің тыңдаушыларының  әрқайсысының қадір-қасиетін құрметтеу, ішкі дүниесіне ықыласпен және сеніммен қарым-қатынас жасау, қайырымдылық пен мейірбандық таныту.

54.Педагогикалық процестегі кикілжіңді  болдырмау жолдары.

Педагогикалық процестегі кикілжіңді болдырмау жолдарын қарастырмас бұрын,алдымен кикілжіңнің  не екеніне тоқтала кетейік.

ТАРТЫС, конфликт (лат. conflіctus – қақтығыс) – екі немесе бірнеше жақтардың қарым-қатынасы барысында мақсаттары мен көзқарастарының өзара қарама-қайшылығы. Тартыс әлеуметтік және бейәлеуметтік болып екіге бөлінеді. Әлеуметтік Тартыс субъектілері адамдар, ал бейәлеуметтік Тартысқа табиғат құбылыстары жатады. Тартыстың алғышарты қарама-қайшылық болғандықтан осы негізде Тартыс ертеден зерттеліп келеді. Мәселен, біздің заманымыздан 6 – 5 ғасырларда Қытай ойшылдары “янь – инь” тіршілік дамуының негізі десе, антикалық ойшылдардың барлығы дерлік соғыстың пайда болу себептері туралы жазды. Гераклит әлем тек соғыс пен қайшылық негізінде пайда болады деп жазса, Платон соғыс – өз жолындағының барлығына қайғы әкелетін қасірет деді. Ол болашақта соғыс болмайтын “алтын дәуір” туатынына сенді. Аристотель қоғамды басқарушы және бағынушы адамдарға бөлді. Ол “әлсіздер әр уақытта теңдікке ұмтылса, басшылардың ойына бұл туралы кіріп те шықпайды” деп жазған. Орта ғасырларда Н.Макиавелли (1496 – 1527) өзінің “Мемлекет” еңбегінде, сондай-ақ Э.Роттердамский, Ф.Бэкон, Т.Гоббс сияқты атақты батыс зерттеушілері Тартысты кеңінен зерттеді. 18 ғасыр ойшылдары қарулы қақтығыстарға қарсы тұрып, оның себептерін Тартысты зерттеу арқылы тануға тырысты. Э.Кант “көршілестер арасында Тартыс әр уақытта болады, яғни бейбітшілік орнауға екі жақ та өз күштерін салуға тиісті”. А.Смит Тартыстың негізі ретінде қоғамдағы таптық бөлінушілік пен экономикалық бәсекелестікті таныды. Г.Гегель соғыстың жағымды салдары жайлы айта келіп, Тартысты реттеуші мемлекет болуы керек деген. Ағылшын биологы Ч.Дарвин тіршілік үшін күресті бүкіл жаратылыс бастауы деп дәлелдеуге тырысты. Тартыс мәселесі туралы батыс зерттеушілерінің бірнеше теориялық мектептері қалыптасқан. Қазіргі заманда Тартыс мәселесін зерттейтін ғылым саласы – “Конфликтология” деп аталады.

Педагогикалық процестегі кездесетін қарама-қайшылықтарды  шешу-оқыту процесінің қозғаушы күші болып табылады.Оқу процесінің негізгі  қозғаушы күші  оқушылардың алдына қойып отырған мұғалімнің міндеттері мен оларды орындауға қажетті  оқушылардың білімдері,іскерлігі  және ақыл ойлары арасындағы қарама қайшылық.

Мысалы,ынтымақтастық  педагогикасы дәстүрлі педагогиканың  кемшіліктерімен күресіп,ондағы көптеген қарама қайшылықтарды  шешуге ат салысты:

Мысалы:оқушылардың  қызығушылығы және сабақ тақырыбы арасындағы қайшылық.

                                                                                                                                                  

 55.Әлеуметтік-философия тарихындағы коммукация мәселелері. әлеуметтiк философия адамның қоғамдық өмiрiнiң барлық«әлемдерiнiң» – тарих, мәдениет,дiн,саясат,құқық,экономика т.б.әлемдерiнiң түпкi, онтологиялық негiздерiн зерттейтiн философиялық бiлiм саласы.Ол қоғамдардың бір-бірімен өзарабайланысын да зерттейді.Коммуникация – қарым-қатынасқа түсушілердің жеке-даралық қасиеттерін сақтай отырып әлеуметтік бірлікке жетуді көздейді. Бұл сәтте оның зерттеу объектісі ретінде біртұтас тарихи процесс,ондағы субъективтік және объективтік шарттардың өзарабайланысы,даму заңдылықтары есептеледі.Адамдардың практикалық іс-әрекеті мен қоғамдық қатынастарыда әлеуметтік философияның назарында деуге болады. Өйткені өздерінің сан алуан практикалық іс-әрекеттері барысында адамдар өздеріне қажетті рухани және материалдық игіліктерді өндіреді, табиғатты түрлендіріп, өзгертеді,қажетті рухани жағдай мен әлеуметтік мәдени ортаны қалыптастырады. Адамдар бірлесіп еңбек ету барысында өздерінің қоғамдық өміріне қатысты проблемаларын шешу үшін бір-бірімен әр түрлі қатынаста болады. Бұл қоғамдық қатынастардың өзара бірлігінен қоғам құрылады.Сонымен,адамдардың қоғамдық қатынастарын табиғи-тарихи процесс ретiнде қарастырсақ,бұл мәселеде басты рөльді К.Маркс тұжырымдаған «қоғамдық сана» және «қоғамдық болмыс» категориялары алады.Өйткенi қоғам тарихында адамның санасы мен еркi арқылы реттелетiн, мақсат-мүддесiмен басқарылатын белсендi iс-әрекетiнсiз ештене болмайды.Бұл мақсат-мүдделердiн объективтi негiз бар - олар қоғамдық болмыс қатегориясымен айқындалады.  
Қоғамдық болмыс- қоғамның материалдық өмiрi,ең алдымен адамдардың өндiрiстiк қызметi және адамдар арасында қалыптасатын өндiрiстiк, экономикалық қатынастар жиынтығы. Қоғамдық сана- адамдардың рухани өмiрi, яғни адамдар өздерiнiң практикалық iс-әрекетiнде басшылыққа алатын идеялар,теолриялар мен көзқарастар жиынтығы. Қоғамдық сана ұғымы көлем жағынан аса кең философиялық категория болып келедi.Өйткенi ол коғамның рухани өмiрiнiң барлық жақтарын,шындықтың адам ойлаунда бейнеленуiнiң барлық формаларын қамтиды:идеялар,теориялар, көзқарастар ғылыми бiлiмдермен қатар,әлеуметтiк сезiмдер мен көңiл күйлер, әдет-ғұрыптар,мiнез-құлықтар, дәстүрлер,халықтар кейiп ерекшелiктерi де кiредi. Бiрақ бұл екi категорияның арақатынасында келесi үрдiс байқалады:  
Маркс пен Энгельс өз философияларында бұл категориялардың арақатынасы жайында келесi тұжырым жасап- қоғамдық болмыс бiрiншi,ал қоғамдық сана оған тәуелдi, оның туындысы екенiне келесi дәлел келтiрдi: адамдар ғылыммен, өнермен,философиямен, саясатпен т.б.айналасу үшiн алдымен сусын iшуi, тамақ жеуi,киiнуii баспанасы болуы тиiс,ал бұлар болу үшiн оларды өндiру қажет. Осы қарапайым ақиқаттың астарында қандай мән жатыр?Адамның бүкiл өмiрi, тiршiлiгi сайып келгенде материалдық игiлiктер өндiру тәсiлiне тәуелдi. Олай болса,бүкiл қоғам өмiрiнiң негiзi-еңбек.Өндiрiстiк еңбексiз қоғам өмiр сүре алмайды, тiптi пайда болмаған да болар.Адамның еңбек қызметiнiң практикалық iс-әрекетiнiң белсендiлiгi,сананың жасампаздығын,активтiлiгiн тудырады.Болжамдық-әлеуметтiк ф-я кейбiр философиялық концепциялардағы әлеуметтiк болжау жасап,ғылыми негiз iздеп қызмет атқарады.Қоғамдық өмiрдiң заңдылықтары мен логикасы,оның әуел бастағы мәнi мен мақсаты туралы барлық сұрақтар- бұл бiздiң тарихи болмысымыздың мәнi,заңдылықтары, логикасы туралы сұрақтар.Гегельдiн“Философия- оймен ұсталып қалаған дәуiр” деген пiкiрi әлеуметтiк философияға өте сәйкес келедi.

57) Коммуникацияның философиялық  аспектілері(М.Бубер, Д.Вуд т.б).

Тұлааралық  қарым-қатынас теориясы 20ғ 60жылдры пайда бола бастады. Бірнеше философтардың  теориялары туындаған,мысалы диалогтық  фил-я (философтың,мәдениеттанушының,әлеуметтанушының). Бұның негізін қалаушы М.Бубер 1992ж ол өзінің еңбегін жазған.”Мен ж/е Сен”. Онда ол адамзаттың тұрмысын адамаралық қатынасты Мен ж/е  Олар тұрғысынан қарастырды.Яғни адамдардың бір-біріне бір-біріне ықпал ететіні  туралы қағиданы тудырған.                                                                                                                                  Адамдар қарым-қатынасы әлеуметтік өмір-негізі. Бұл идеяны дамыткан Джулия Вунд.  Дж.Вунд 3- деңгейге бөлді.

      -Мен ж/е Олар.

      -Мен ж/е Сіз.

      -Мен ж/е Сен.

К.Ясперстің  ф-ясында адам әлемінде коммуникациясыз  өмір сүруге болмайды.

Неміс философы О.Ф.Бальнов эксестенционизм идеясын  құрастырған.Яғни ол коммуникация адамдардың өзін тану үшін ж/е тұрақтану үшін қажет.

 

 

58.Әлеуметтік арақатынас кезеңдері(М.Аргайл)?

Әлеуметтік  қарым-қатынас теориялары.

М.Аргайл табиғатты  жағымды және жағымсыз эмосия ретінде  таныған.Өзінің бағыт психология теориясын  қалыптастырған.Онда жұмыс,демалыс,өз ортасына қарым-қатынасты жатқызады.Оның түрлері:неке,романтикалық махаббат,достық.Жағымды  оспектілеріне психологиялық және физикалық,дендаулық, бақыт көпшілдіктің арасында нақты тығыз байланысы  бар дейді.

59. Коммуникативтік үрдістің көпсалалығы  ж/е көпсатылығы (О.И. Матьяш)

Матьяш тұлғааралық  коммуникация теориясы туралы өзіндік  пікірін білдірген. Ол бұл теория психологиялық парадигмаға сәйкес бастапқы рольге ие дейді.

Көпсалалығы:

  • -кеңістіктегі жағдай мен уақытқа байланысты дистантты қ-қ;
  • -нақты н/е жанама ақпараттың болмауы, жанама, жанама емес қ-қ;
  • -ауызша-жазбаша қ-қ;
  • -сөйлеуші «мен» мен тыңдаушы «сен» арқылы монологты диалогты қ-қ;
  • -қатысушылардың санына қарай – тұлғааралық жалпылық қ-қ;
  • -қарым-қатынастағы жағдайға ж/е өзара әрекетке байланысты жеке-арнайы қ-қ.

Көпсатылығы:

  • Қатынасты орнату (танысу). Өзіңмен танысқан адамды түсінуге тырысу;
  • Мәселені нысанаға алу, болып жатқан жағдайдың анығын білу, үзіліс ұстау;
  • Мәселені талқылау;
  • Мәселені шешу;
  • Қатынасты аяқтау (қатынастан шығу).

 

60)Тұлғааралық  қарым қатынас теориясының қалыптасуы  және негізгі даму кезеңдері

Тұлғааралық қарым-қатынастың аналитикалық моделі негізінде Тұлғааралық қарым-қатынастың аналитикалық моделі негізінде біз ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынастың перцептивтік, коммуникативтік, интерактивтік компоненттерден және олардың әрқайсысын айғақтайтын өлшемдер мен көрсеткіштерден түзілетін құрылымдық-мазмұндық моделін жасадық. Перцептивтік компонент педагогикалық қарым-қатынас субъектілерінің өзара түсінісуінің негіздемесі ретінде бір-бірінің психологиялық бейнесін қалыптастыра отырып, бірін-бірі тану, қабылдау үдерісі болып табылады. Коммуникативтік компонент вербалды, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын қолдана білуді білдіреді. Коммуникативтік техникаларды ұтымды қолдана білу арқылы ақпарат «жүрісі» ғана орындалып қалмайды, педагогикалық қарым-қатынас субъектілері арасында өзара сенім туындайды. Интерактивтік компонент қарым-қатынас субъектілері үшін ортақ іс-әрекетті ұйымдастырып, жүзеге асыру мақсатымен бір-бірімен әрекеттесуін білдіреді. Өзара әрекет барысында қарым-қатынас субъектілері бір-біріне белгілі бір ықпал жасайды.Біз ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынастың перцептивтік, коммуникативтік, интерактивтік компоненттерден және олардың әрқайсысын айғақтайтын өлшемдер мен көрсеткіштерден түзілетін құрылымдық-мазмұндық моделін жасадық. Перцептивтік компонент педагогикалық қарым-қатынас субъектілерінің өзара түсінісуінің негіздемесі ретінде бір-бірінің психологиялық бейнесін қалыптастыра отырып, бірін-бірі тану, қабылдау үдерісі болып табылады. Коммуникативтік компонент вербалды, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын қолдана білуді білдіреді. Коммуникативтік техникаларды ұтымды қолдана білу арқылы ақпарат «жүрісі» ғана орындалып қалмайды, педагогикалық қарым-қатынас субъектілері арасында өзара сенім туындайды. Интерактивтік компонент қарым-қатынас субъектілері үшін ортақ іс-әрекетті ұйымдастырып, жүзеге асыру мақсатымен бір-бірімен әрекеттесуін білдіреді. Өзара әрекет барысында қарым-қатынас субъектілері бір-біріне белгілі бір ықпал жасайды

Тұлғаның  қалыптасуындағы маңызды факторлардың бірі – қарым-қатынас мәселесі болып  табылады. «Қарым-қатынас» түсінігі мен  тұлғаның қалыптасуындағы қарым-қатынастың алатын рөлі туралы идея кеңестік психологтар  А.Н.Леонтьев, А.Б.Добрович, И.А.Зимняя, Г.В.Казнова, М.И.Лисина, А.В.Мудрик, Л.А.Поварницынаның және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Ал жоғары оқу орындарында оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастыру мәселесінің теориялық негізі «оқыту үдерісіндегі тұлғааралық қарым-қатынастарды қалыптастыру» ұғымының мәні мен мазмұнын анықтауға байланысты. Сондықтан бұл ұғымның жан-жақты талқылануы маңызды. Мұның бәрі зерттеу жұмысының «Тұлғааралық қарым-қатынастардың теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде қарастырылды.

Тұлғааралық қарым-қатынастың бірлігі мен қызметтік  пайымы біркелкі түсінікті бермей, қарым-қатынастың қызмет түрі ретінде  де қарастырылады. Себебі қарым-қатынас, біріншіден, бұл - қызметтің ерекше бір түрі (коммуникативтік қызмет), екіншіден, кез келген қызметті жүзеге асырудың шарты, үшіншіден, арнайы қойылған қызметтің нәтижесі болып табылады.

Тұлғааралық қарым-қатынас адамдар болмысының қажетті шарты болып табылады. Қарым-қатынассыз адамның жекелеген  психикалық қызметтерінің, үдерістер  мен ерекшеліктерінің, жеке тұлғаның және тұтас қоғамның толыққанды қалыптасуы мүмкін емес. Кейде «қарым-қатынас», «әлеуметтік қарым-қатынас», «тұлғааралық қарым-қатынас», «іскерлік қарым-қатынас» және «мәдени қарым-қатынас» түсініктері өзара байланысты болғанымен, бір-біріне тең келмейді, себебі олардың өзіндік өзгешеліктері болады.

Бірлескен іс-әрекеттерге байланысты қарым-қатынастар айқын байқалатын пәндік бағдарлы топтық қарым-қатынастар (бұған еңбек ету, оқу барысында қалыптасатын қарым-қатынастар жатады);

Тұлғааралық қарым-қатынастар, яғни бір адамның екінші адаммен қарым-қатынасы. Тұлғааралық қарым-қатынасқа адамзат аралық ақпарат алмасу жатады, бұл қарым-қатынастың бірінші коммуникативтік жағы ретінде сипатталады. Тұлғааралық қарым-қатынастың екінші жағы – қарым-қатынас жасаушылардың өзара әрекеттестігі – тек сөйлесу үдерісі арқылы ғана емес, істері мен әрекеттері арқылы да қарым-қатынас жасау. Қарым-қатынастың үшінші жағы қатынас жасаушылардың бірін-бірі қабылдауы болып табылады

61. Педагогикалық  ықпалдасудың  мәнін ашыңыз.

Педагогикалық үдеріс кезінде балалармен өзара  қ-қ алғашқы қ-қ болып табылады. Оларда  педагогиканың оқу-тәрбиені күшейту негізінде қ-қ-тың барлық  күрделі құрылымдары жатыр.  Оқытушы  білім алушылармен  оқу үдерісінде оқыту міндеттерін ж/е бағдарлама б/ша қойылған талаптарды орындауда  қ-қ-қа  түседі. Бұл қ-қ-тың маңыздылығы  – студенттерді оқытуда білімге, еңбекке ж/е жолдастармен белсенді, дұрыс қ-қ жасауын қалыптастыруды саналы түрде қолдану болып табылады.  Басқа сөзбен айтқанда орнатылған қ-қ  пед-қ  міндетті шешу мақсатында қолданады.  Адамгершілік қ-қ-тың бастапқы жүйесін  саналы түрде құрғанда ғана соның  көмегімен мұғалім өзінің күш  жігерін ж/е әлеуметтік тәжірибесін  меңгеру үдерісіне қатысушылардың  белсенділігін басқара алады  ж/е ол әсерлі бола алады. Зерттеушілердің  «қиын» балалардың пайда болу себептеріне  «педагогикалық қ-қ тапшылығынан»  деп көрсетеді. М.А. Березозиннің, Я.Л. Коломинскийдің, А.В. Киричуктың, А.В. Мудриктің  ж/е т.б  зерттеулері б/ша , педагог  балалардың ұжымына өте жақсы  әсер ете алады, кіші топтардағы байланыс психологиялық жағынан сенімді, мейірімді болып, қ-қ-тың табыстылығына  әкеледі.

Информация о работе Тұлғааралық қарым-қатынас педагогикасының мақсат,міндеттері