Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім беру эволюциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 09:14, автореферат

Описание

Зерттеу нысаны: оқушыларға этномәдени білім беру.
Зерттеу пәні: Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім беру эволюциясы.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасу және даму тарихы жүйеленіп, оның ғылыми-педагогикалық негіздері зерттелсе, онда этномәдени білім беру теориясы мен практикасын жетілдіруге байланысты жаңа педагогикалық идеяларды одан әрі дамытуға мүмкіндік болады, өйткені, этномәдени білім берудің даму тенденциялары, ерекшеліктері, динамикасы анықталады және перспективасы болжанады.

Работа состоит из  1 файл

Abildina_S_K.doc

— 351.50 Кб (Скачать документ)

Этномәдени білім берудің  әдіснамалық-теориялық негіздерін жан-жақты зерттеу монографиялар, оқулықтар мен оқу құралдарын жазуда да оң көрініс табуда.

Сонымен, Қазақстанда  этномәдени білім берудің даму кезеңі еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізіп, халықтың ана тілі, ұлттық мәдениеті, төл тарихымен толыққанды қауышуға мүмкіндік алған тарихи кезеңнен, яғни өткен ғасырдың 90-жылдарынан басталып, бүгінгі күнге дейінгі, әзірге қысқа да болса ғасырларға бергісіз аралықты қамтиды. Отбасына, мектепке ұлттық тәрбие қайта оралды, қоғамда халықтық тәлім-өнегеге бетбұрыс басталды, бұл үдеріске қазақстандық педагог-ғалымдар да өз үлестерін қосуда. Соның нәтижесінде:

  1. Этномәдени білім, этностық педагогиканың әдіснамалық-теориялық негіздері жасалды (С.Қалиев, К.Ж.Қожахметова, Ж.Ж.Наурызбай, С.А.Ұзақбаева т.б.).
  2. Этнопедагогика жеке оқу пәні болып қалыптасты (Ш.И.Джанзакова, Р.Қ.Дүйсембінова, Қ.Б.Жарықбаев, Ш.М.Мұхтарова, Ә.Табылдиев т.б.).
  3. Этностық-мәдени білімнің тарихи-педагогикалық, этнопедагогикалық, этнопсихологиялық, этнофилософиялық, мәдениеттанушылық негіздері зерттелуде (М.Х.Балтабаев, Ш.К.Беркімбаева, Қ.Бөлеев, С.Ғаббасов, Қ.Б.Жарықбаев, Е.Ө.Жұматаева, Б.А. Жетпісбаева, К.Ж.Ибраева, С.Т.Иманбаева, Қ.А.Сарбасова, Р.Қ.Төлеубекова т.б.).
  4. Ұлттық тәрбие, этномәдени білімнің ғылыми-теориялық мәселелерінің терең де жан-жақты зерделенуіне тәлімдік бағдарламалар (З.Ахметова, К.Адамова, А.Қыраубаева, М.Құрсабаев, Л.С.Сырымбетова, т.б.) мен оқулықтар авторлары (З.Әбілова, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ә.Табылдиев т.б.) үлкен үлес қосты.

Зерттеу мәселемізді практикалық қырынан зерделегенде де Қазақстанда этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуының біз жоғарыда ұсынған кезеңдерді басшылыққа алдық. Қазақстан Республикасында оқушыларға этномәдени білім беру практикасының негізгі бағыттарын білу мақсатымен Қазақстан жерінде қалыптасқан медреселер мен мектептер, ондағы оқу-тәрбие үдерісінің ұйымдастырылуы, оқу жоспарлары мен оқу бағдарламарына талдау жасап, мұсылман мектептері мен медреселердегі, орыс-қазақ мектептеріндегі, кеңестік дәуір мектептеріндегі, тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы мектептердегі оқушыларға этномәдени білім беру жайына сипаттама бердік.

Мұрағат материалдары мен  түрлі әдебиет көздеріне талдау жасай келе, Қазақстан территориясында  этномәдени білім берудің бірінші кезеңінде мектептер мен медреселер, орыс-қазақ мектептері, сан жағынан шамалы арнайы оқу орындары жүйесімен сипатталынатынын анықтай отырып, мынадай қорытындыға келеміз:

  • қазақ топырағындағы мектептер мен медреселер этномәдени білім беру тәжірибесінің бастауы болды;
  • мектептер мен медреселерде халық педагогикасының таңдаулы элементтері қолданылды;
  • жаңа әдісті медреселерде ана тілінде оқытуға көп көңіл бөлінді.

- сол кезеңдегі мектептерде  ұстанған ұлттық педагогикалық  қағидалар бүгінгі және келешек қазақ мектебі үшін пайдалануға боларлықтай асыл мұралар деуге болады, олар басшылыққа алған қағидалар мыналар: оқу баланың туған тілінде болуын; мектепте берілетін білім мен тәрбие ұлттық негізде бағытталуы; оқулықтардағы оқу материалдарында халықтық педагогика элементтері қамтылуы; мектеп оқулықтарын жазуда бала жанына жақын, тартымды болуын негізге алу т.б.

Бүгінгі күнге жеткен мектептердегі мұралар қазақ өлкесіндегі осы уақытқа дейінгі мектептерде этномәдени білім беруге қатысты мәліметтерден хабардар болуымызға септігін тигізді.

Қазақстанда этномәдени білім берудің екінші кезеңінде  жалпы білім беретін мектептердегі  оқу үдерісі негізінен кеңес  өкіметінің идеологиялық ұстанымдарына  сай жүргізілген, бірыңғай білім  беру саясатының аясында ұйымдастырылды. Бір орталықтан басқару мен бірыңғай білім беру жүйесі салдарынан ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, мектептердің ұлттық сипатта дамуына еркіндік берілмеді.

Жалпы алғанда, осы кезеңдегі мектептерде этномәдени білім беру жайына талдау жасай келе, анықталған кемшіліктерді төмендегідей топтарға жүйелеуге болады:

  1. Барлық оқу пәндері бойынша оқу-әдістемелік жүйенің ұлттық 
    республикалар үшін біркелкілігі;
  2. Педагогика ғылымы мен мектеп тәжірибесінің қоғамдық-әлеуметтік сұранысты және рухани қажеттілікті толық мағынада қамтамасыз етпеуі;
  3. Ұлттық және аймақтық құндылықтар мен ерекшеліктердің білім беру мазмұнында, оқу үдерісінде ескерілмеуі;
  4. Әрбір баланың өз халқының ұлттық, этникалық ерекшелігін тереңірек тануына, ұлттық дүниетанымының қалыптасуына ықпал ететін этнопедагогика ұстанымдарының жүзеге асырылмауы;
  5. Қазақ мектептерінде оқу үдерісін ұйымдастыруға ұлттық тілде дайындалған қажетті оқу-әдістемелік құралдар, дидактикалық құралдар мен материалдар болмауы.

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері Қазақстанның білім беру жүйесі мен педагогикалық ғылымы (үшінші кезең) әлемдік білім кеңістігінен өз орнын алып, қарқынды дами түсуде.

Этномәдени білім беру бағытында төмендегідей игілікті істер  атқарылды:

  •   оқу құралдары мен оқулықтар, ұлттық тілдегі терминдер сөздігін шығару ісі жалғасуда;
  • балалар үшін мәтіні үш тілде қатар берілген суретті кітаптар шығарылуда;
  • тілашарлар мен тілді өздігінен үйренетін кітапшалар шығарылуда;
  •   радио мен теледидардан тіл курстары мен ел, жер тарихынан мағлұматтар беретін хабарлар берілуде Президент Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес қазақ тілінде «Балапан», «Мәдениет», «Білім арнасы» т.б. телеарналары ашылды;
  • мемлекеттік тіл мен басқа этникалық топтар тілін дамытуға бағытталған әдістемелік оқу құралдарын шығару ісі жалғасуда;
  • жалпы білім беретін мектептерде «Қазақстан халықтарының тарихы мен әлем тарихы», «Қазақстан халықтарының мәдениеті мен әлем мәдениеті» т.б. біріккен курстар енгізілуде.

Мұның барлығы көпұлтты мемлекетімізде этномәдени білім беру проблемаларын өз мәнінде шешіліп жатқандығының айғағы. Ал бұл, өз кезегінде Қазақстан Республикасында этникалық-мәдени және мемлекеттік сәйкестілікке қол жеткізеді.

Қазақстан тәуелсіздікке  қол жеткізгеннен бері этномәдени білім  беру тәрбие жұмысында қатты қолға  алынған.

Біз диссертацияда Қазақстан осы үшінші кезеңде оқушыларды ұлттық мұра арқылы тәрбиелеуге бағытталған бағдарламалар мен тұжырымдамаларды жүйелеп, оларға мазмұнды сипаттама бердік. 

Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы мен даму тарихын болашақ педагог-мамандарға оқып үйрету мақсатында жоғары оқу орындарының оқу үдерісіне «Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім беру тарихы» атты элективті курс енгіздік (Кесте 3).

 

Кесте 3 – «Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім беру тарихы»  элективті курс бағдарламасының мазмұны

 

№/№

Тақырып атауы

Лекциялар

Семинарлар

СОӨЖ

СӨЖ

Кіріспе

Арнайы курс бағдарламасының мақсаты, мазмұны, міндеттері. Этномәдени білім  берудегі базалық ұғымдар.

1

1

3

3    3

Халықтың көне тарихи-тәрбиелік  тәжірибесі – этномәдени білім берудің қайнар көзі

1

1

3

3    3

  1. 3

Ортағасырлық Орта Азия мен Қазақстан  халықтарының тәлімдік ой-пікірлері - этномәдени білім негізі

2

2

3

3    3

  1. 4

Қазақ хандығы тұсындағы этномәдени білім идеялары (XV-XVІІІ ғасыр)

1

1

3

3    3

Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасу және даму кезеңдері

2

2

3

3    3

Қазақтың ұлы ағартушыларының  тәлімгерлік еңбектері – Қазақстанда  этномәдени білім берудің бастаулары (ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен  ХХ ғасырдың басы)

2

2

3

3    3

Қазақстанда этномәдени білім берудің қалыптасу кезеңі (ХХ ғасырдың 20-90 жылдары)

2

2

4

3    4

Қазақстанда этномәдени білім берудің  даму кезеңі (ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бері)

2

2

4

4

Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім  беру практикасының негізгі бағыттары

2

2

4

4

БАРЛЫҒЫ: 90 сағат

15

15

30

30


Элективті курстың мақсаты  – Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуына әсер еткен әлеуметтік-педагогикалық  алғышарттарды болашақ мұғалімдерге ашып көрсету, оларда этномәдени білім  беру теориясы мен тарихы бойынша білім, іскерлік, дағыларын қалыптастыру.

Этномәдени білім берудің  демократиялық және гуманистік стратегияларын түрлі мәдениеттің өзіндік ерекшеліктерін ескермей жүзеге асыру мүмкін емес. Қазіргі қоғамның маңызды сипаттының бірі азаматтардың ұлттық формалар мен нышандар арқылы жеке тұлғалық және топтық деңгейде дербес мәдениетті сақтауға ұмтылысы болып табылады.

 

Қорытынды

 

Диссертациялық зерттеу  жұмысымыздың нәтижесі бізге төмендегідей тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді.

1. Бүгінгі қоғам дамуының талабына сай оқушыларға «Этномәдени білім беру» категориясы тарихи қалыптасқан әлеуметтік мәдени феномен, ол өзіне түрлі этностардың педагогикасын алады, базалық ұлттық құндылықтар негізінде білім беру кеңістігінде бір-бірімен өзара әрекет етеді және әр халықтың тәлім-тәрбиелік дәстүрлері қайталанбастығын бейнелейді. Мағынасы жағынан жақын «халықтық педагогика», «этникалық педагогика» ұғымдарынан бөлек этномәдени білім берудің ұғымдық-категориялық сипаттамасы, өзіндік құрылымы бар екендігін анықтадық. Оған:

  • Қазақстанда этномәдени білім берудің базалық құндылықтары (руханилылық, діни, дәстүрлілік т.б.);
  • Қазақстанда этномәдени білім беру дәстүрлері (тәрбиенің оқытудан басымдылығы негізінде этномәдени білім беру идеалын іздеу; этномәдени білім беру мазмұнында жалпы мәдениет пен этномәдениет компоненттерінің үйлесуі, халық педагогикасына және оқыту мен тәрбиелеудің дәстүрлі формаларына иек арту);
  • Қазақстандағы этномәдени білім берудің басқа халықтардың педагогикасына қатынасының бағыттылығы жатады.

Этномәдени білім берудің әдіснамалық және теориялық тұжырымдары мен қағидаларының мәні мыналар болып табылады:

- этностық мәдениет  пен білім берудің жұртшылықтың  оқу-тәрбие саласындағы этностық-мәдени  қажеттіліктерін қанағаттандыру  мақсатындағы өзара кірігуі (интеграциясы);

- жеке тұлға және  ұлттар мен ұлыстардың этностық-мәдени  сәйкестілігін сақтап, дамытуын  қамтамасыз ететін дәстүрлер  парадигмасы;

- этномәдени білім  беру жүйесі әлеуметтік бағыттылығы,  көптұғырлығы, күрделі қызметтік  жан-жақтылығымен ерекшеленеді.

2. Этномәдени білім берудің қалыптасуы мен даму кезеңдерін айқындаудың тұжырымдамалық тұғырларын және даму процесін анықтау бізге Қазақстанда этномәдени білім беру идеяларының даму генезисін дәл көрсетуге мүмкіндік берді.

Қазақстанның этномәдени білімі тарихи бастауын еліміздің аумағында мәдени-әлеуметтік құбылыстар пайда болған кезеңнен алып, күні бүгінге дейін желісі үзілмей келе жатқан тарих. Қазақ халқы осы тарих пен мәдениеттің заңды мұрагері. Қазақстандық этномәдени білімнің генезисінде халқымыз бастан кешкен көшпелілер өркениетінің, түркі мәдениетінің, ислам дүниесінің, Еуразия әлемінің, әлемдік құндылықтардың қалыптасу, даму кезеңдерінің мәні мен мазмұны бар.

3. Халықтың тарихи-тәрбиелік ой-пікірі мен іс-тәжірибесі, сақ-ғұн және ұлы Түркі қағанаты дәуірлеріндегі рухани-мәдени құндылықтар, ортағасырлық Орта Азия мен Қазақстан ойшылдарының, ақын-жырауларының тәлімгерлік мұрасы Қазақстанда этномәдени білім берудің қалыптасуының тарихи-педагогикалық алғышарттары болып табылады.

4. Зерттеу проблемасы аясында жүргізілген әдіснамалық және теориялық талдаулар нәтижесінде біз мәдени-этникалық білім берудің қалыптасуы мен даму кезеңдерін айқындаудың төмендегідей тұжырымдамалық тұғырларын негізге алдық:

- этномәдени білім  берудің эволюциясын зерттегенде  педагогикалық, оның ішінде этномәдени, этнопедагогикалық ой-пікірлердің пайда болуы мен дамуының тарихи-қоғамдық алғышарттарын анықтап алудың маңызы зор, себебі идеялар қоғамның тарихи-әлеуметтік жайына тәуелді;

- этномәдени білім  берудің нақтылы бір кезең  мен қоғамдағы эволюциясының үрдісін (тенденциясын) анықтау да маңызды, өйткені, ғылым, білім беру мен мәдениеттің даму тарихын қоғамның тиісті кезеңдегі даму процесімен ұштастыра қарастыру керек;

- этномәдени білімнің  генезисін анықтағанда қазақ  елінің даму тарихын халықтың әр кезеңдегі қоғамдық құрылысын, саяси-экономикалық ерекшеліктерін ескеру қажет, себебі, қай елдің болмасын ғылымы мен мәдениетінің дамуы тарихтың әр кезеңінде әртүрлі болады;

- этномәдени білім  берудің тарихын, әдіснамалық,  теориялық және практикалық негіздерін зерттегенде дерек көздері мен құжаттарды кешенді әрі толық қолдану, басқа тектес пәндердің де теориялық-әдіснамалық әдістерін қолданып, ғылыми-педагогикалық талдау жасау маңызды, бұлай етпеу халықтың сан ғасырлық тәлімдік тәжірибесі, ғұлама ғалымдарымыздың тәрбиелік ой-пікірлері, еліміздің басынан өткен қилы заман толық ескерілмей, нәтижесінде тарихи ақиқатты бұрмалауға әкеліп соғуы мүмкін.

Зерттеу проблемасы аясында  жүргізілген кешенді талдаулар  барысында біз Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы мен даму кезеңдерін шартты түрде үш  кезеңге бөліп сипаттауға болады:

1 кезең: Қазақстанда  оқушыларға этномәдени білім  берудің пайда болуы (ХІХ ғасырдың  екінші жартысы мен ХХғ. басы);

Информация о работе Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім беру эволюциясы