Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім беру эволюциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 09:14, автореферат

Описание

Зерттеу нысаны: оқушыларға этномәдени білім беру.
Зерттеу пәні: Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім беру эволюциясы.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасу және даму тарихы жүйеленіп, оның ғылыми-педагогикалық негіздері зерттелсе, онда этномәдени білім беру теориясы мен практикасын жетілдіруге байланысты жаңа педагогикалық идеяларды одан әрі дамытуға мүмкіндік болады, өйткені, этномәдени білім берудің даму тенденциялары, ерекшеліктері, динамикасы анықталады және перспективасы болжанады.

Работа состоит из  1 файл

Abildina_S_K.doc

— 351.50 Кб (Скачать документ)

Арнайы тоқталуды қажет  ететін мәселе – халықтың сол замандағы тәлім-тәрбиелік тәжірибесі. Қазақ халқы ата-тегінен қалған мұраны сақтап қана қалған жоқ, олардың болашақ жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге, этностың рухани-адамгершілік бейнесіне, мәдениетке, тұрмысқа, әлеуметтік қатынастарға тигізетін әсерін терең ұғынып, оны әрі қарай дамытуға тырысты. Халықтың тәрбиелеу, білім берудің өмірлік тәжірибесінде қолданған педагогикалық формалары мен құралдары алуан түрлі әрі мол. Осының нәтижесінде ұлтымыздың жас ұрпағы сол замандағы қоғамның даму деңгейіне сәйкес, жеткілікті деңгейде ақыл-ой, дене, еңбек, эстетикалық, адамгершілік тәрбиесін алды. Көшпенді қазақ халқының тіршілігі мен еңбек әрекеті табиғатпен, жануарлармен тығыз байланысты. Балалар тәрбиесі табиғатпен ұштастырыла жүргізілді.

Тарихи жағдайлар мен  рухани мұралардың барлығы халқымыздың  этномәдени білімдері өте ерте заманнан басталғанын, тарихы терең екендігін  дәлелдейді. Бұл рухани, этномәдени асыл мұраны ортағасырлық ойшылдардың тәрбие, білім беру туралы идеялары және халық тәлімі мен ауызекі шығармашылығы одан әрі байытты.

Қазақ халқының этномәдени білім беру негізін ортағасырлық Қазақстандағы философиялық және этикалық-педагогикалық идеялар құрайды. Қазақ халқының этнопедагогикалық ойлары қалыптасуына халық тәрбиесі, діни сенімдер, т.б ықпал етті. Сонымен қатар, Орта Азия мен Таяу Шығыс, Қытай, кейінірек Ресей халықтарының тәжірибесі мен білімдік-тәрбиелік идеялары да өз әсерін тигізді.

Қазіргі Орта Азия мен Қазақстанды мекен еткен түркі халықтарының тарихында Х-ХІІ ғасырлар қоғамдық дамудың жаңа кезеңі болды. Бұл кезде өз қауымын айдай әлемге танытқан ғұламаларымыз тарих сахнасына шықты. Атақты ғалым Ф. Копрулузаде тілімен айтқанда: «Түркі халықтарының қоғамдық-мәдени даму тарихында Қайта өрлеу - Ренессанс дәуірі болды». Өйткені, мемлекетті басқарудың исламға негізделген әлеуметтік-этикалық нормаларын белгілеу қажет болды. Осы қажеттілікті өтеу үшін әл-Фарабидің «Әлеуметтік-этикалық трактаттары», ибн Синаның «Даныш-намесі», «Білім кітабы», әл-Бирунидің «Хикметтері» («Даналық сөздері»), Ахмет Иүгінекидің «Хибатул хакаийк (Ақиқат сыйы») дастандары, Ахмет Иасауидің «Диуани хикметі» («Даналық кітабы»), Сүлеймен Бақырғанидың «Ақырзаман кітабы», Құрбанғали Халидтың «Тауарих хамса» («Бес тармақты тарих») т.б. шығармалар өмірге келді.

Қазақ халқының құрылуы  этникалық территорияның қалыптасуымен  қатар жүрді. Көптеген этникалық-саяси  және шаруашылық факторлардың әрекеті  нәтижесінде Қазақстан аумағында негізгі этникалық – территориялық бірлестіктер – Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз құрылды. Қазақ хандығының пайда болуы – Қазақстан территориясында ХIV-XV ғасырларда болып өткен әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестердің заңды қорытындысы. Тарихи әдебиетте Шығыс Дешті Қыпшақтың көшпелі тайпаларының бір бөлігі Жошы ұрпағы Керей мен Жәнібектің басшылығымен  Шу мен Талас өзендерінің жазығына көшуі Қазақ хандығының құрылуының бастауы деген пікір бар.

Қазақ халқы  өз алдына тәуелсіз мемлекет болғанға дейін талай күресті бастан кешіргені хақ. Атап айтқанда, араб, моңғол, жоңғар басқыншыларынан өз атамекенін қорғап қалғандығы тарихтан белгілі.

Бұл кезең  ХV-ХVІІІ ғасырлар аралығын қамтиды. Осы аралық қазақ елі үшін ауыртпалығы  мол болғанымен, халықтың тәлім-тәрбиелік дәстүрі қалыптасып, дамуы осы кезден басталады.

Қазақтың  ХV-ХVІІІ ғасырлар аралығындағы тәлім-тәрбиелік  ойларының  бастауы болған Орхон-Енисей ежелгі жазбалары, оны жалғастырған, қазақ жерінде дүниеге келген әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари сияқты аса ірі ғұлама-ғалымдар мұрасындағы тәлімдік ойлар Өтебойдақ Тілеуқабылұлы, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайри сияқты ойшылдардың туындыларынан көрініс тапты. Өз еңбектерінде олар адам, ел басқару мұраттарын, этикасын, тәрбие мәселесін, жалпы адамгершілік пен ізгіліктің бастау бұлағын ата-баба салт-дәстүрлерінен, діни наным-сенімдерден, ғылымның халықтық бай тәжірибеге негізделуінен іздестірген еді.

Қазақ хандығы тұсындағы  этномәдени білім көрінісін халықтың ауыз әдебиетінен табамыз. Осы кезеңде халық арасынан шыққан талантты адамдар –ақындар, салдар, серілер, жыраулар болды. Жастарды отансүйгіштікке, патриоттыққа, қайырымдылыққа, ұжымшылдыққа, еңбекті қадірлей білуге тәрбиелеуде, үлкенді сыйлап, әдепті, кішіпейіл, елгезек, мейірімді болу сияқты жақсы қасиеттерді олардың санасына сіңіріп, бойына ұялатуда Асан қайғы, Шалкиіз, Доспамбет, Ақтамберді, Бұқар т.б. ақын-жырау шығармаларының үлкен маңызы бар.

Қазақстанның Ресейге  қосылғанға дейiнгi этномәдени білім  беру практикасын сөз етсек, бұл дәуiрде көбiнесе конфессионалдық дiни мектептер мен медреселер, кейiн орыс-қазақ мектептерi қатар қызмет жасап, этномәдени білім беруде олардың өзіндік маңызы болды.

Біз этномәдени білім  беру идеяларының алғышарттарын  ғылыми тұрғыдан негіздеуге талпыныс жасадық (Кесте 1).

 

Кесте 1 – Қазақстандағы  этномәдени білім беру идеяларының  тарихи-педагогикалық алғышарттары

 

№/№

Этномәдени білім  
идеялары

Этномәдени білім беру идеяларының  өкілдері

Этномәдени білім беру идеялары баяндалған еңбектері

Этномәдениет түрлері

1

Ұлы түркі қағанаты, Қорқыт ата  мұрасы, араб-шығыс мәдениетінің ықпалы

(VI-XV ғғ.)

Әбу Насыр әл-Фараби (870–950),

 Жүсіп Баласағұни (ХІғ.),

Махмұд Қашқари (ХІғ.),

Қожа Ахмет Иасауи (1103–1166) т.б.

«Әлеуметтік-этикалық трактаттары», «Бақытқа жету жайында», «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері» т.б.

«Құтты білік»,

«Даналық кітабы»

Қалалар санының өсуі: олардың Жетісу аймағында пайда болуы, Қолөнерінің  дамуы (қыштан жасалған ыдыс-аяқ, темір  ұсталық, металл өңдеу, т.б.).

Сәулет өнерінің ансамбльдері, кесенелер мен мешіттер 

2

Қазақ хандығы тұсындағы этномәдени білім беру идеялары (XV–XVІІІ ғасыр )

Өтебойдақ Тілеуқабылұлы (1388–1483),

Мұхаммед Хайдар Дулати (1499–1551)

Қадырғали Жалайыр (1555–1607)

Асан қайғы (XVғасыр ) 

Қазтуған (XV ғасыр)

Бұқар Жырау(1697–1787)

Шал (Тілеуке) Құлекеұлы (1748–1819)

т.б.

«Шипагерлік баян»

«Жамиғ ат-тауарих»

«Тарих и Рашиди», «Жаһаннаме»

Ақын-жырау шығармаларының мақсаты  жастарды отансүйгіштікке, патриоттыққа, қайырымдылыққа, ұжымшылдыққа, еңбекті қадірлей білуге тәрбиелеуде, үлкенді сыйлап, әдепті, кішіпейіл, елгезек, мейірімді болу сияқты жақсы қасиеттерді олардың санасына сіңіріп, бойына ұялату

Халықтың тарихы, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрпы, дүниетанымы, мінез-құлқы, сана-сезімі туралы білім. Өсиет, ғибрат сөздер, тәлімдік-тәрбиелік, танымдық сөздер, жырлар, ертегілер т.б.


 

Тарихи педагогикалық  процестерді дәуірге бөлу оны санадан өткізуге, ұғынуға көмектеседі, оның ішкі заңдылықтарын анықтауды жеңілдетеді, ғылыми қорытынды жасап, оны заманауи құбылыстармен байланыстыруға мүмкіндік береді. Мектеп және педагогика тарихын дәуірлерге бөлмей, зерттеу қиын. Дәуірлерге бөлу - жалпы адамзаттың немесе аймақтың, елдің, белгілі халыққа тән тарихи педагогикалық үдерістердің қалыптасу және даму кезеңдерінің негізгі мазмұнын мәндік анықтау болып табылады.

Дәуірлерге бөлудің  күрделілігі жалпыәлемдік тарихи - педагогикалық үдерістің, сондай-ақ, оның аймақтық немесе аумақтық тарихына негізделген бөліктерге бөлудегі қажеттіліктерді қанағаттандыруға қабілетті бірыңғай өлшемдерді тұрақтандырудың қиындығына байланысты.

Кезең – кез келген тарихи педагогикалық құбылыстың, үдерістің дамуындағы уақыттың белгілі аралығы.

Біздің зерттеу проблемамыз  Қазақстанда этномәдени білім берудің  қалыптасуы мен даму тарихына байланысты болғандықтан, біз қазақ тарихы, педагогика тарихы, қазақ халық педагогикасы тарихына байланысты кезеңдерге бөлу проблемасын зерделеп, оның басты қағидаларын басшылыққа алдық.

Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің эволюциясын  кезеңдерге бөлуде төмендегідей тұжырымдамалық тұғырлар басшылыққа алынды:

  1. Қазақстанда этномәдени білім берудің қалыптасуының тарихи-педагогикалық алғышарттары анықталынды.
  2. Этномәдени білім берудің әртүрлі кезеңдерінде қоғамның тарихи-әлеуметтік даму процесіне талдау жасалды.
  3. Этномәдени ой-пікірлердің, халықтық педагогиканың тәлімдік құндылықтарының қалыптасуы мен дамуы ұлттық ғылым мен мәдениеттің тиісті кезеңдердегі жай-күйімен ұштастыра зерттелді.
  4. Зерттеу материалдарын ғылыми-педагогикалық талдауда этномәдени білімнің маңызды компоненттері этнологиялық, этнопсихологиялық, этнофилософиялық және этномәдениеттану ғылымдарының әдіснама-әдістерін ескере отырып, дерек көздерін кешенді пайдалануға үлкен мән берілді.

Қорытындылай келгенде, Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуын  төмендегідей шартты кезеңдерге бөліп көрсетеміз:

1 кезең: Қазақстанда  этномәдени білім берудің пайда  болуы (ХІХ ғасырдың екінші  жартысы мен  ХХ ғасырдың  басы);

2 кезең: Қазақстанда  оқушыларға этномәдени білім  берудің қалыптасуы (ХХ ғасырдың 20-90 жылдары);

3 кезең: Қазақстанда  оқушыларға этномәдени білім  берудің дамуы (1991 жылдан бергі  кезең).

Біз шартты түрде ұсынып отырған, Қазақстанда оқушыларға  этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуының ғылыми маңызы аса зор  үрдістері мен кезеңдері өз бастауын ХІХ ғасырдан алғанымен, қазақ халқы тарихының ежелгі дәуірдегі жалпы этникалық мәдениетінің алатын орнын жоққа шығармаймыз.

Түрлі әдебиет көздері  мен мұрағат материалдарын талдау негізінде Қазақстанда этномәдени білім берудің қалыптасуы мен даму кезеңдерінің салыстырмалы-мазмұндық сипаттамасын төмендегі кестеде береміз (Кесте 2).

 

Кесте 2 - Қазақстанда  оқушыларға этномәдени білім берудің  қалыптасу мен даму кезеңдеріне  салыстырмалы-мазмұндық сипаттама 

 

№/№

Этномәдени білім берудің қалыптасу мен даму кезеңдері

Этномәдени білім беру идеялары, теориясы мен әдіснамасының өкілдері

Этномәдени білім беру сипаты

Этномәдени білім беру ұйымдары, оқу-тәрбие мекемелері

Этномәдени білім беруге бағытталған  оқулықтар мен бағдарламалар, тұжырымдамалар

1

2

3

4

5

6

1

Ресей құрамындағы Қазақстанда  этномәдени білім беру (ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы)

1-кезең -этномәдени білім берудің  пайда болуы

Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев  және т.б.

Сауда, өндіріс капиталының пайда болуы, Қазақстанның шикізат аймағы болып қалуы.

Ұлттық байлықты Ресей орталығының иеленуі.

Саяси-әлеуметтік алғышарттар:

1 .Ресейдегі саяси және революциялық ахуалдар.

2. Отаршылдыққа қарсы  әрекеттер. 

3.Ақпан және Қазан  революциялары кезіндегі ахуалдар.

Діни мектептер мен  медреселер,

орыс-қазақ, тұңғыш қазақ  мектебі т.б.

М.Нұрбаев «Қазақша әліппесі»,

З.Ерғалиұлы «Қазақ әліппесі»,

 И.Аралбаев, Х.Сәрсекеев  «Әліппе яки төте оқуы»,

М.Малдыбаев «Қазақша ең жаңа әліппесі»,

Қ.Қожықов «Әліппе»,

К.Серғалин «Қазақша әліппесі»,

А.Байтұрсынов «Букварь для киргизов», «Оқу құралы»,

Ғ.Сулейманов «Тәнтану» (анатомия),

Ғ. Сулейманов Табиғаттану» т.б.

2

Кеңестік  Қазақстандағы

этномәдени білім беру (ХХ ғасырдың 20-90жылдары).

2-кезең этномәдени 

Ә.Бөкейханов ,

А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев,

М.Дулатов,

Ш.Құдайбердиев ,

Ж.Аймауытов ,

- Алаш қозғалысы.

- Кеңестік империя саясаты.

- Қазақ халқына сапалы білім беру.

- Қазақ газет-журналдарын шығару.

Бастауыш, жетіжылдық, сегізжылдық, орта мектептер.

А.Байтұрсынов «Әліп-би», «Тіл құралы», «Сауат ашқыш»,

М.Дулатұлы «Есеп құралы»,  «Қирағат»,

Ә.Қасымұлы «3- жылдық есеп құралы», «4-ші жылдық есеп құралы», «2-ші есеп құралы»,


 

№ 2 кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

6

 

білім берудің қалыптасуы

С.Сейфуллин,

Х.Досмухамедов,

Ы.Оршыбеков,

М.Ғабдуллин,

Б.Момышұлы,

Б.Адамбаев,

М.Әлімбаев т.б.

- Қазақтың ұлттық мектебін  ашу

- Төл оқулық, оқу құралдарын  жазу

- Қазақтың ғылыми тілін  қалыптастыру

ХХ ғасырдың

70-жылдарынан бастап этнопедагогикалық  зерттеулер қолға алына бастады.

 

М.Жұмабаев «Педагогика»,

Ж.Аймауытов «Психологи», «Тәрбиеге  жетекші»,

1960ж. төл оқулықтар жазу Е.Бекмаханов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, І.Кеңесбаев,  А.Ысқақов, Т.Қордабаев, М.Ғабдуллин  т.б. 

3

Тәуелсіз Қазақстан жағдайында этномәдени білім беру, (ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап қазірге дейін)

3-кезең -этномәдени білім берудің  дамуы

М.Х.Балтабаев,

Қ.Бөлеев,

Қ.Б.Жарықбаев,

С.Қалиев, К.Ж.Қожахметова, М.Құрсабаев,

Ш.М.Мухтарова

Ж.Ж.Наурызбай К.Оразбекова Т.Табылдиев,

С.А.Ұзақбаева 

т.б.

Этномәдени білім беру теориясы мен әдіснамасы қалыптасты. Ғылыми теориялар жарыққа шықты.

Іргелі ғылыми зерттеулер жүргізілді.

Ұлттық тәлім тәрбие қағидаларына негізделген ғылыми-тәлімдік бағдарламалар  оқу-тәрбие жұмысына енгізілді.

Қазақ тілі ғылым тіліне айналды.

Ұлттық мектептер,

этномәдени мектептер,

аралас мектептер

Қазақстанда этникалық -мәдени білім  беру тұжырымдамасы (1996ж),

М.Х. Балтабаев «Педагогическая  культурология»,

С.Қалиев «Қазақ этнопедагогикасының  теориялық негіздері мен тарихы»,

К.Ж. Қожахметова «Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика»,

Ж.Ж.Наурызбай «Ұлттық мектептің  ұлы мұраты»,

С.А. Ұзақбаева «Тамыры терең  тәрбие»,

Ә.Табылдиев «Қазақ этнопедагогикасы»  т.б.


 

Қазақтың ұлы ағартушыларының  тәлімгерлік еңбектері Қазақстанда этномәдени білім берудің бастауы, бірінші кезеңі. Бұл Қазақстанның Ресей құрамында болған дәуірге сәйкес келеді. Еліміздегі этномәдени білім беру идеялары XIX ғасырдың II жартысында қазақ халқының ұлы ойшылдарының әлеуметтік-саяси, философиялық, педагогикалық, психологиялық көзқарастарымен өзекті байланыста дамыды. Қазақстанда этномәдени білім беру идеялары Ш.Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А.Құнанбаев есімдерімен байланысты.

Информация о работе Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім беру эволюциясы