Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім беру эволюциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 09:14, автореферат

Описание

Зерттеу нысаны: оқушыларға этномәдени білім беру.
Зерттеу пәні: Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім беру эволюциясы.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасу және даму тарихы жүйеленіп, оның ғылыми-педагогикалық негіздері зерттелсе, онда этномәдени білім беру теориясы мен практикасын жетілдіруге байланысты жаңа педагогикалық идеяларды одан әрі дамытуға мүмкіндік болады, өйткені, этномәдени білім берудің даму тенденциялары, ерекшеліктері, динамикасы анықталады және перспективасы болжанады.

Работа состоит из  1 файл

Abildina_S_K.doc

— 351.50 Кб (Скачать документ)

Ш.Уәлихановтың ағартушылық-халықшылдық  көзқарасы, Ы.Алтынсариннің тәлімгерлік  мұралары, Абайдың философиялық-педагогикалық көзқарастары Қазақстанда этномәдени білім берудің негізін қалауға прогрессивтік ықпал етті.

Кеңес дәуіріне дейінгі  кезеңде қоғамдық философиялық және этномәдени білім беру идеясының, педагогикалық  ойдың дамуына Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мухаммед Салим Кашимов т.б. қазақ оқымыстылары үлкен үлес қосты. Бұл кезеңде ұлы ағартушылар ісін Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев т.б. жалғастырды.

Қазақстанда этномәдени білімнің тууы мен қалыптасуына Орта Азия ойшылдары идеяларының да ықпалы болды. Солардың ішінде Махмудходжа Бехбуди, Убайдулла Завки (Өзбекстан), Тоглок Молдо (Қырғызстан), Ахмад Дониш (Тәжікстан), Мола Кылыч (Түркменстан) және т.б.

Сонымен қатар осы кезеңде қазақ ағартушылары мен қайраткерлерінің демократтық-гуманистік көзқарастарына Ресейдің озық ой-пікірдегі оқымыстыларының (Ф.М.Достоевский, В.Затаевич, П.Э.Михаэлис, Г.Н.Потанин, В.В.Радлов, Т.Шевченко, А.Янушкевич т.б.) әсері болғандығын да айта кету керек.

Ресей империясы құрамындағы Қазақстанда  этномәдени білім беру теориясына жасаған  тарихи талдау мынадай тұжырымға  келуімізге мүмкіндік берді: 

- Қазақстанды Ресейдің отарлау  саясаты Қазақстанның экономикасына  ғана емес, әлеуметтік-мәдени өміріне де өз ықпалын тигізді;

- орыстандыру саясаты арқылы  халықты өз дінінен, тілінен,  мәдениеті мен тарихынан алшақтатпақшы  болды; 

- осы кезеңде Қазақстанда этномәдени  білім беру идеясының негізін  қалаушылар Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев т.б. болды. Олардың еңбектері мен атқарған педагогикалық қызметтері, ғылыми зерттеулері, әдеби шығармалары этномәдени білім беру негізін қалады.

Қазақ топырағында этномәдени білім идеясының туын алғаш көтерген Ш.Уәлиханов. Ағартушы этномәдени білім беру мазмұнында қазақ халық ауыз әдебиетін жинақтау арқылы балалар мен жастар тәрбиесінің әлеуметтік – тарихи тәжірибесін әсерлі көрсете білді. Ол: «Халықтың тұрмысы мен әдет-ғұрпы,- деп жазды, - бәрінен де артық тілден көрініс табады. Өткенді қастерлеу және аңыздардың молдығы - терістік және Орта Азия көшпелі халықтарының ерекше қасиеті. Қазақ тілінде араб тіліндегідей жасама бояу сөздер жоқ, ол нағыз таза тіл».

Ы.Алтынсариннің пікірінше, оқу-тәрбие процесінде халық шығармашылығын пайдалану балаларды ата-баба салт-дәстүрлерін сыйлауға, адамдардың ойлары мен әрекеттерін дұрыс түсінуге үйретеді, адамгершілік сапаларының, эстетикалық талғамдарының және т.б. қалыптасуына септігін тигізеді. «Қазақ баласы ортаны ғылыми танып-білмеді; алайда ол өзін қоршаған табиғат құбылыстары туралы көп білді, Сарыарқа даласында жақсы бағыт ала білді; ол атқа жақсы шапты, садақтан дәл атты, аңшылыққа, ақындар айтысына қатысты; ертегішілерді тыңдады. Қазақ баласы ұтқыр мақалдарды, ертегілерді, жұмбақтарды, ойындарды, адамгершілік үйретулерді қабылдап, естерінде сақтады».

Абайдың этномәдени білім  беру идеяларындағы басты нысана - «Атаның баласы болма, адамның баласы бол... жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін», – деген гуманистік ой-пікірді қуаттау болды. Абай адамды тұтас жеке тұлға ретінде қабылдады, «толық адам» идеясын ұсынды.

Біз зерттеуімізде аталған  бірінші кезеңде этномәдени білімнің пайда болуына септігін тигізген тұңғыш газет-журналдарға талдау жасадық  және мынадай қорытындыға келдік:

  1. Қазақ тіліндегі педагогикалық баспасөз қазақ халқының жалпы мәдениетін көтеруге бағытталған құнды дүние. Сол  кездегі ұлтшылдық деген сынға қарамастан газет, журнал беттерінен этномәдени білім беруге байланысты, яғни тіл, мәдениет, салт дәстүр, әдебиет, ұлттық тәрбие мәселелері бой көрсетіп отырды.
  2. Баспасөз материалдары қазақ мектептері үшін үлкен педагогикалық және әдістемелік көмек көрсету қызметін де абыроймен атқарды.
  3. Алғашқы қазақ газет - журналдардың қай-қайсы болмасын, Қазақстандағы педагогикалық баспасөздің және педагогикалық ой - пікірлердің қалыптасуына, еліміздегі этномәдени білім беру мен оқу-ағарту ісінің тарихына елеулі үлес қосты.

Кеңестік дәуірде елімізде аса маңызды, тіптен сан ғасырлық тарихқа пара-пар, халық тағдырын, ел болашағын анықтаған оқиғалар болып өтті: Алаш қозғалысы, күштеп ұжымдастыру, аштық, саяси қуғын-сүргін, демографиялық апат, Ұлы Отан соғысы, Қазақстанға депортацияланған халықтар тағдыры, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі, ұлы арман - тәуелсіздікке қол жеткізу. Бұл кезең - қазақ ғылымы мен мәдениетінде, білім беру жүйесінде де үлкен өзгерістер уақыты.

Сонымен, зерттеуіміз  көрсетіп отырғандай, Қазақстанда этномәдени білім берудің екінші, қалыптасу кезеңі еліміздің Кеңес Одағының құрамында болған дәуірге сәйкес келеді. Осы бір қарама-қайшылыққа толы, қасіреті мен зұлматы жетіп-артылатын 70 жылда қазақтың халық педагогикасы, ұлттық тәлім-тәрбиесі ұмытылудың шақ алдында қалды.

Бұл кезеңді шартты түрде  екіге бөліп қарауға болады:

1. Этномәдени білімнің  қалыптаса бастауы – 20-30-жылдар. Ұлттық мәдениет, ғылым, білім беру ісінің қарқынды дамуы (сауатсыздықты жою, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеу, кадрлар даярлау, ғылыми зерттеулер жүргізу, т.с.с.). Бұл кезде халықтың білім беру саласындағы этностық-мәдени, тілдік қажеттіліктерін қанағаттандыруда алаш ардақтыларының еңбегі шексіз. Ж.Аймауытов, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, М.Шоқай, т.б. дүниетаным, сана-сезім, салт-дәстүр, тәлім-тәрбие туралы ой-пікірлері қазақ мәдениеті мен педагогикасының алтын қорына айналды. Идеологиясы кеңестік сипатта болғанымен халқымыздың біртуар зиялылары О.Жандосов, С.Меңдешев, С.Сейфуллин, С.Сәдуақасов, Т.Рысқұлов және т.б. тәлімдік-өнегелік мұраларының да маңызы аса зор.

2. Бір ғана мәдениет  пен тілге бағыт ұстаған білім жүйесі (30-жылдардың ортасы – 90-жылдарға дейін). Білім мазмұнынан ұлттық ерекшеліктің, халықтың қасиет рухының бірте-бірте аласталуы (бірыңғай оқу жоспары, бағдарламалар мен оқулықтардың орыс мәдениеті мен Ресей тарихына негізделуі, ұлттық мектептердің жабылуы, жазу-сызудың кириллицаға көшуі т.с.с.). Этномәдени білім мазмұнына байланысты бұл кезеңді де екі сатыға бөлуге болады:

- Ұлттық педагогика  ғылымының тоқырау жылдары (30-жылдардың  ортасы – 60-жылдар). Қанды қырғын  репрессия, екінші дүниежүзілік  соғыс және олардың ауыр зардабының әсері. Ғылыми зерттеу мәселелерінде көрнекті ғалымдар Ш.Әлжанов, Т.Тәжібаев, Ә.Сыдықовтың еңбектері этномәдени білім мазмұнын байытуда үлкен рөл атқарды;

- Кеңестік мазмұн мен  коммунистік идеология бағыттарының  үстемдік етуіне қарамастан қазақ ғылыми педагогикасының даму уақыты (70-90 жылдар). Этностық-мәдени білім мазмұнын қарастырушылар қатарында бірінші кезекте Қ.Бержанов, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, К.Қ.Құнантаева, Ә.Сембаев, Г.М.Храпченков т.б. ғылыми-зерттеу еңбектерін атап өту керек.

Бұрынғы Кеңес Одағының құрамына енген Қазақ Советтік Социалистік  Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында  өз тәуелсіздігін ресми түрде  жариялап, дербес мемлекет болып танылды. Бұл Қазақ елінің тарихындағы  теңдесі жоқ аса зор тарихи оқиға болды.

Біздің пікірімізше, Қазақстанда этномәдени білім берудің үшінші – дамуы кезеңі осы кезден басталды. Қазақстандық педагогика ғылымы тәуелсіздігімізді нығайту, ана тіліміз бен төл мәдениетіміздің өркендеуі, ұмыт бола жаздаған тәлімдік-өнегелік құндылықтарымызды оқыту мен тәрбие жүйесіне қайта оралту, ғаламдану үдерісінде ұлттық діліміз бен сана-сезімімізді сақтап қалуымызға қызмет етіп отыр. Бұл істің қазіргі кезеңде берік әрі жан-жақты құқықтық-нормативтік және ғылыми-теориялық және қолданбалы базасы жасалғанын айту керек.

Құқықтық-нормативтік  негіз. Қазақстан Республикасының 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда қабылдаған Ата заңы қазақ халқының, елімізде тұратын басқа да этностар мен этностық топтардың білім беру саласындағы ұлттық-мәдени және тілдік мүдделерін іске асыруға барлық құқықтық жағдайды жасайды.

Мемлекеттің ұлттық тілдерге деген қамқорлығына байланысты нормалар ҚР «Тіл туралы» заңында жалғасын тапқан. Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат принциптері ҚР «Мәдениет туралы» заңының баптарында белгіленген. Этномәдени білім берудің мазмұнын анықтауда ҚР «Білім туралы» заңының, оның ішінде «Білім беру жүйесі» және «Білім беру мазмұны» тарауларының маңызы зор.

Мемлекеттік – ресми және реттеуші құжаттар. Ел Президентінің ұрпаққа ұлттық тәлім - тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеяларын жүзеге асыру мақсатында бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес бекіткен: Әлеуметтік-мәдени даму (1993); Гуманитарлық білім беру (1994); Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат (1995); Тарихи сананың қалыптасуы (1995); Этникалық-мәдени білім (1996), тұжырымдамалары, солармен қатар  Жоғары мектеп студенттеріне этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы (1998), «Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірдің қалыптасып, даму тарихын педагогикалық жоғары оқу орындарына арнайы пән ретінде енгізу туралы» (1991), «Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар тәрбиесі» (1995), «Жалпы білім беретін мектептердің дамуы» (1997) ресми құжаттары жарық көрді.

Әдіснамалық-теориялық негіздер. Тәуелсіздік алған жылдан бастап жан-жақты жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Қазақстанда этномәдени білім беру мен осы саланы зерттейтін ғылым - қазақ этнопедагогикасының әдіснамалық-теориялық негіздері қалыптасты.

Тәуелсіз елімізде оқушыларға этностық-мәдени білім берудің әдіснамалық, теориялық және практикалық мәселелерін шешуде «Қазақстан Республикасындағы этникалық - мәдени білім» тұжырымдамасының маңызы зор болды.

С.Қалиевтың «Қазақ этнопедагогикасының  теориялық негіздері мен тарихы» еңбегін қазақ этнопедагогикасы тарихын бір жүйеге келтірген тұңғыш құнды зерттеу деуге болады.

Қазақ этнопедагогикасының  әдіснамалық-теориялық мәселелерін  терең қарастырған ғалым К.Ж.Қожахметова этнопедагогиканың бағыттау негізі педагогиканың әдіснамасы екенін ашып көрсетсе, қазақ этнопедагогикасының ғылыми-теориялық, әдіснамалық негіздерін қалаушылардың бірі ғалым С.А.Ұзақбаева халықтық педагогиканы халық бұқарасы білімінің, іскерліктері мен дағдыларының жиынтығы ретінде мектептегі оқу-тәрбие процесінің әдіснамалық негізі тұрғысынан қарастырған.

Н.Елікбаев қазақ халқының ұлттық психологиясының қалыптасуы мен заңдылықтарын, оның өзіндік табиғатын, құрылымын, тарихы мен әлеуметтік-мәдени негіздерін анықтай келе, тарихи сана мен ұлттық мәдениет – ұлт рухының өзегі, қазақстандық патриотизм мен ұлттық тәрбие – рухани топтасудың тірегі екенін, елімізде этникалық қарым-қатынас мәдениеті мен келісімін жетілдіру арналарын анықтаған.

Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім беру теориясының  негізін қалаған Ж.Ж.Наурызбай Қазақстан Республикасында оқушыларға этномәдени білім беру тұжырымдамасы мен моделін, тіл саясаты тұжырымдамасын ұсынып, оқушыларға этномәдени білім берудің ғылыми-теориялық негіздерін, мақсаты мен міндеттері, құрылымы мен жүзеге асыру принциптерін айқындап берген.

Талданып отырған кезеңде  тағы бірқатар кең ауқымды тұжырымдамалар өмірге келді.

Этнопедагогика  жеке оқу пәні ретінде. Қазіргі таңда этнопедагогика, жеке оқу пәні ретінде әдіснамалық, теориялық және практикалық жағынан негізделіп, білім стандарттары жасалып, бағдарламалары әзірленіп, оқулықтары жазылып, оқу орындарына ендірілді.

Бұл мәселені жан-жақты  зерттеген ғалым Ш.И.Джанзакованың «Этнопедагогиканы жеке пән ретінде құрудың ғылыми негіздері» атты еңбегінде философия мен ғылым әдіснамасындағы ғылыми және оқу пәндері арақатынасының әдіснамалық негіздері анықталған, этнопедагогиканың ғылыми пәндік моделі компоненттерінің мазмұны нақтыланған, жеке оқу пәні мәртебесіндегі этнопедагогиканың болжамдық моделі қарастырылған, этнопедагогиканың құрылымдық-мазмұндық-қызметтік компоненттерінің сипаттамасы берілген.

Ш.М.Мұхтарова «Жоғары педагогикалық білім мазмұнының этностық компонентін қалыптастырудың теориялық негіздері» атты докторлық диссертациясында «жоғары педагогикалық білім мазмұнындағы этностық компонент» түсінігінің мәні ашылған, сонымен қатар зерттеліп отырған феноменнің жаһандану жағдайындағы рөлі мен орны педагогикалық идеяларды және қоғам дамуы тарихындағы позитивті тәжірибені ғылыми рефлексиялау негізінде анықтаған. Ғалым болашақ педагогтың полимәдени тұлғасын қалыптастырудың заманауи тәжірибесін талдаған және ұрпақтарды этностық және этносаралық әлеуметтендіру процесіндегі мұғалімнің рөлін терең зерттеген.

Р.Қ. Дүйсембінованың «Қазақ этнопедагогикасын мектептің оқу-тәрбие процесіне ендірудің ғылыми-педагогикалық негіздері» атты ғылыми еңбегінде қазақ этнопедагогикасын мектептің оқу-тәрбие процесіне ендірудің әдіснамалық-теориялық негіздерінің мазмұны жасалған, қазақ этнопедагогикасының функциональдық мүмкіндіктері айқындалған, қазақ этнопедагогикасын мектептің оқу-тәрбие процесіне ендірудің тұжырымдамасы жасалған, шарттары мен өлшемдері анықталған.

Тарихи-педагогикалық, этнопедагогикалық, этнопсихологиялық, ұлттық философиялық, мәдениеттанушылық  негіздері. Этномәдени білім - білім беру теориясы мен тарихы, мәдениеттану, философия, этнопсихология, этнос теориясының іргелі негіздеріне сүйенетін күрделі педагогикалық құбылыс. Оқушыларға этномәдени білім беру проблемасы қазақстандық ғалымдармен қатар, ТМД елдері ғалымдарының назарынан тыс қалмаған (Л.В.Кузнецова, Д.Н.Латыпов, Ф.Ф.Харисова және т.б.).

Этномәдени білім беру эволюциясының осы кезеңінде  елімізде ғылыми зерттеулерден басқа  этномәдени тәрбиенің авторлық бағдарламалары өмірге келді («Атамекен», «Сенім», «Кәусар  бұлақ», «Қыздар әліппесі», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» және т.б.).

Информация о работе Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім беру эволюциясы