Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім беру эволюциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 09:14, автореферат

Описание

Зерттеу нысаны: оқушыларға этномәдени білім беру.
Зерттеу пәні: Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім беру эволюциясы.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасу және даму тарихы жүйеленіп, оның ғылыми-педагогикалық негіздері зерттелсе, онда этномәдени білім беру теориясы мен практикасын жетілдіруге байланысты жаңа педагогикалық идеяларды одан әрі дамытуға мүмкіндік болады, өйткені, этномәдени білім берудің даму тенденциялары, ерекшеліктері, динамикасы анықталады және перспективасы болжанады.

Работа состоит из  1 файл

Abildina_S_K.doc

— 351.50 Кб (Скачать документ)

 

ӘОЖ 373.1.013:39 (574) Қолжазба құқығында


 

 

 

 

 

 

ӘБІЛДИНА САЛТАНАТ ҚУАТҚЫЗЫ

 

Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы  
мен дамуы

 

13.00.01. – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика

 

 

 

Педагогика  ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған  диссертацияның

авторефераты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Қарағанды, 2010

 

Жұмыс академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде орындалды

 

 

Ғылыми  кеңесшілері:  педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Кенесарина З.У.

 

педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Наурызбай Ж.Ж.

  

 

Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының докторы

Нұрғалиева А.Қ.

 

педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Иманбаева С.Т.

 

педагогика ғылымдарының докторы

Ыбыраимжанов Қ.Т.

 

 

 

Жетекші ұйым: Х.Досмұхамедов атындағы

Атырау мемлекеттік университеті

 

 

Диссертация 2010 жылы «____» ___________ сағат ___ Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғау жөніндегі БД 14.50.05 біріккен диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (100028, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28, Ғылыми кеңестің мәжіліс залы).

 

Диссертациямен Е.А.Бөкетов  атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады (Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28).

 

Автореферат 2010 жылы «____» ___________ таратылды.

 


 

Диссертациялық  кеңестің

ғалым хатшысы Н.Ә. Мыңжанов

 

 

 

Кіріспе

 

Зерттеудің  көкейкестілігі қазіргі Қазақстан жағдайында қалыптасқан мәдени-тарихи үдерістерден туындайды.

Қазақстан Республикасында 120-дан астам ұлт пен ұлыстардың өкілдері тұрады. Бұл өз кезегінде, әр ұлт өкілінің төл мәдениетін, ана тілін сақтап, ұлттық салт-дәстүріне  қызығушылығын арттыру, оларды игеруге ұмтылысын күшейту қажеттілігін туындатады. Сонымен қатар, өз мәдениетімен қоса ортақ Отанға, мемлекеттік тілге құрметті арттыру, халықтың этностық-мәдени мүдделерін іске асыру – білім беру саласындағы аса маңызды міндеттердің бірі екендігі сөзсіз.

Бүгінгі таңда этномәдени тұрғыда толыққанды дамыған, көпмәдениетті  ортаға бейімделген, шығармашылық қабілеті жоғары, нарықтық бәсекелестік жағдайында өмір сүруге дайындалған, өзіндік ұлттық бет-бейнесі анықталған этнос субъектісін  қалыптастыру күн тәртібінде тұр. Мұның барлығы қазіргі таңда этномәдени білім берудің зәру тақырып екендігін айқындай түспек.

«Қазақстанның ел бірлігі  доктринасында» ұлт бірлігінің үшінші негізгі қағидаты – «біріктіруші және бекітуші ретінде Ұлт Рухын  нығайту және дамыту» көрсетілген, оның халықтың өзіндік санасының бір бөлігі болып табылатын мыңдаған жылдық дәстүрге, құндылықтар мен мәдениетке, тілге сүйенетіндігі айтылған. Сондықтан да доктринада мемлекет алдына оларды жаңғырту мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту міндеті қойылады, мемлекеттің, әр азаматтың, қоғамның жауапкершілігі айқындалады.

Қазақстан Республикасында  этномәдени білім беру жүйесін реттеу мен дамытудың басты принциптері еліміздің негізгі заңнамалық құжаттарында көрініс тапқан. Олар: Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» заңы (1997), Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңы (2007), Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Кеңес бекіткен бірнеше Тұжырымдамалар: Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы (1994), Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасы (1995), Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени білім тұжырымдамасы (1996) және т.б. Оларда барлық құндылықтарды сақтай отырып, білім беру жүйесін Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық-мәдени және мәдени-тарихи дәстүрлерін ескере отырып қайта қарау қажеттілігі айтылған.

Зерттеу тақырыбы елімізде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен қабылданған  «Қазақстанның ел бірлігі» Доктринасымен, «Тілдердің үштұғырлылығы» ұлттық мәдени жобамен және «Мәдени мұра» бағдарламасымен де үндесіп жатыр. «Мәдени мұра» бағдарламасының арқасында қазақтың төл тарихы мен этномәдениеті жан-жақты зерттеліп, оның негізгі нәтижелері ғылымның әлемдік деңгейінде жарық көріп отыр. Сондықтан, қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихының әлі де шешілмей жатқан мәселелерін қарастыруда Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің тарихын зерттеу жұмыстарының ғылыми маңызы зор.

ХХ ғасырдың аяғында әлемдік  білім беру жүйесінде ұлттық білім беру жүйелерінің интеграциясы негізінде тарихи-педагогикалық мұраларды жаһандандыру үрдістері қарастырыла бастады. Жалпы адамзаттық құндылықтар ұлттық дәстүр, мәдениет, тәрбиелік-білімдік жүйелердің өзара әрекеті мен сан түрлілігінде дамиды және молығады.

«Тарихымызды білмей тұрып алға жылжудың қиын екені белгілі. Сондықтан, бүгінде өткенімізді  ой елегінен өткізіп, барымызды екшеп, жоғымызды іздеп жатқан жайымыз  бар», – деген академик М.Қ.Қозыбаевтың пікірі зерттеу тақырыбымыздың көкейкестілігін айқындай түседі. Олай дейтініміз, бүгінгі таңда этномәдени білім беруді нәтижелі жүзеге асыру үшін ел тарихында қалыптасқан игілікті тәжірибелерді саралап, қорыту және оның даму үрдістерін айқындау – кезек күттірмейтін мәселе. Сонымен, Қазақстандағы этномәдени білім беру идеяларының, теориясы мен практикасының қалыптасуы мен даму тарихын зерделеудің көкейкестілігі арта түсуде.

«Этномәдени білім беру»  ұғымын біз қалыптасқан ғылыми көзқарастан кеңірек қарап, бұл мәселеленің ауқымы халық педагогикасы құндылықтарын, этнопедагогика, этнопсихология, этномәдениеттану ғылымдарының мазмұнын қамтитынын ескердік. Зерттеу жұмысында «этномәдениет», «этномәдени білім», «этномәдени білім беру» терминдерін қолдану, біздіңше, Қазақстанда ұлттық-мәдени білім беру ісінің қалыптасуы мен даму кезеңдерін анықтауға мүмкіндік береді әрі қазіргі күнгі толерантты жаңа ғылыми және этносаяси бағыттарға сәйкес келеді.

Біз этностық мәдениетті ел тарихында  ғасырлар бойы халқымыздың еркін  және ерікті шығармашылығы процесінде жасалған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар ретінде қарастырамыз. Этностық-мәдени білім – осы ұлттық құндылықтарымызды, түркі әлемінің ортақ мәдени мұраларын, қазақстандық этностар мен этностық топтардың рухани-адамгершілік әлеуетін, жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген ұлттық қазына. Этностық-мәдени білім беруді осы баға жетпес байлықты сақтаушы, дамытушы және келесі ұрпаққа жеткізуші бірден бір құрал деп есептейміз. Осы тұрғыдан келгенде, тақырыбымызға қатысты мәселелер бірқатар зерттелгенін атап өту керек.

ХІХғ.-ХХғ. басында ұлттық білім  беру проблемалары Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, С.И.Гессен, М.Жұмабаев,  Н.И.Ильминский, П.Ф.Каптерев, В.В.Розанов, К.Д.Ушинский, Ш.Уәлиханов және т.б. еңбектерінде қарастырылды.

ХХ-ХХІ ғ.ғ. педагогикалық теория мен практикада этнопедагогика ғылымы қанат жайып, этномәдени білім беру қайта жаңғыртылып, дамытылды. Бұл М.В.Богуславский, Л.Н.Беленчук, Қ.Бөлеев, Г.Н.Волков, Р.Қ.Дюсембинова, Ш.И.Джанзакова, Б.А.Жетпісбаева, С.Т.Иманбаева, С.Қалиев, К.Ж.Қожахметова, Ш.М.Мұхтарова, Ж.Ж.Наурызбай, Ә.Қ.Нұрғалиева, Ә.Табылдиев, С.А.Ұзақбаева, В.К.Шаповалов және т.б. зерттеулерінде  кеңінен көрініс тапты.

Қазақстандағы ағарту ісінің және педагогикалық ойлардың даму тарихына, Қазақстандағы халыққа білім  беру ісіне, еліміздің мектептеріндегі оқыту әдістері мен тәрбие мазмұны туралы мәселелерге К.М. Арынгазин, Қ.Б.Бержанов, Ш.К.Беркімбаева, И.Я. Гармс, Қ.Б.Жарықбаев, Е.Жұматаева, К.Құнантаева, С.Мусин, Ә. Омаров, Т.С.Сабыров, Н.Сабитов, Қ.Б.Сейталиев, Г.М.Храпченков, Қ.Ыбыраимжанов және т.б еңбектерінде талдау жасалды. 

Тұтас педагогикалық  процесс жағдайында тұлғаны тәрбие объектісінен субъектісіне айналдыру, әлеуметтендіру, ізгілендіру проблемаларын  А.А.Бейсенбаева, З.У.Кенесарина, Б.И.Мұқанова, Р.К.Төлеубекова, Г.А.Уманов, Н.Д.Хмель және т.б. қарастырса, оқушылар мен  болашақ мамандар тұлғасын тәрбиелеу теориясын дамытуға Ш.А.Абдраман, Қ.Ж.Аганина, Е.И.Бурдина, К.К.Жампейісова, С.Т.Каргин, Қ.М.Кертаева, Г.Ж. Меңлібекова, Н.А.Минжанов, Г.О.Тажигулова, Ә.Ә.Усманов, Л.А.Шкутина және т.б.үлес қосқан.

Қазақстанда тарихи-педагогикалық  зерттеулердің ғылыми дәстүрі біраз  ғылыми мектептерді, зерттеу бағыттарын қамтиды. Атап айтсақ, қазақстандық ғалымдар Т.М.Әлсатов, Ж.Есекеев, А.Ильясова, К.Ж.Ибраева, А.К.Игибаева, А.Көбесов, Ә.Н.Көшербаева, Е.Омарұлы, Ә.Сембаев, Қ.А.Сарбасова, Т.Тәжібаев, В.Г.Храпченков, Қ.Қ. Шалғынбаева және т.б. зерттеулерінде елімізде білім беру жүйесінің қалыптасу және даму тарихы, педагогикалық ойлардың дамуы бойынша құнды материалдар қамтылған.

Жұмысымызды құнды ғылыми деректермен дәлелдеуде республикамызға белгілі тарихшылардың (Ж.Артықбаев, М.Қ.Қозыбаев, Ә.Х.Марғұлан және т.б.), саясаттанушылардың (Қ.Е.Көшербаев, К.Нұрпейісов, М.М.Тәжин және т.б.), философтардың (Ғ.Есім, Д.Кішібеков, Ә.Нысанбаев және т.б.), әдебиеттанушылардың (М.Әуезов, М.Ғабдуллин, М.Жолдасбеков, Н.Келімбетов, А.Сейдімбек және т.б.), психологтардың (Н.Елікбаев, Қ.Жүкеш және т.б.) зерттеу еңбектерінің көмегі зор болды.

Біздің жұмысымыз үшін әлеуметтік-мәдени, антропология, этнопсихология, этносоциология саласындағы зерттеулер де құнды болды (Д.Г.Брагина, Ю.В.Бромлей, Н.Жандильдин, Қ.Б.Жарықбаев, М.Ю.Мартынова, Г.А. Пестова және т.б.).

Мәдениеттану тұрғысында (М.Х.Балтабаев, Ж.Ж.Наурызбай, В.В.Краевский, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин, А.Сейдімбек, т.б.) тұлғаны жалпыадамзаттық мәдениетті меңгеруге бейімдеу, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлттық мәдениет жиынтығының тұлға бойында көрініс беруі, мәдениет аясында жеке тұлғаның өзін-өзі іске асыруы қарастырылған.

Зерттеуіміз Қазақстанда  оқушыларға этномәдени білім беруге арналғандықтан, жалпы білім беретін мектептер және ондағы оқу-тәрбие үдерісінің түрлі аспектілерін қарастырған еңбектер де назардан тыс қалған жоқ. Республикада бастауыш, жетіжылдық және сегізжылдық оқытуды жүзеге асыру проблемасына арналған біраз зерттеулер де баршылық: Р.Д.Когай, Ұ.Қыяқбаева, К.Т.Омарова, А.К.Тлебалдиева және т.б.

Дегенмен, ресми құжаттарға, іргелі ғылыми еңбектерге, мектеп практикасына жасалған талдау  Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім беру тарихы арнайы зерттелмегенін көрсетті.

Сонымен:

- Қазақстан Республикасының  қазіргі кездегі даму жағдайында  оқушыларға этномәдени білім  берудің жаңа мазмұнға ие болуы  мен бүгінгі күнге дейін қалыптасқан  этномәдени білім беру идеялары, теориялары және практикасы жинақталып  қорытылмауы арасында;

- этномәдени білім  берудің даму тенденцияларының  айқындалмауы және олардың этномәдени  білім беруді теориялық негіздеуге  қажеттілігі арасында;

- этномәдени білім  беру тәжірибесінде жинақталған  жетістіктер мен кемшіліктердің  анықталмауы және олардың жалпы білім беретін орта мектеп практикасында ескерілмеуі арасында қайшылықтар бар екендігі анықталды.

Осы қарама-қайшылықтардың шешімін іздестіру бізге зерттеу проблемамызды анықтауға және тақырыпты «Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуы» деп таңдауымызға себеп болды.

Зерттеу мақсаты: Қазақстанда этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуын тұжырымдамалық тұрғыдан зерттеп, анықтау және оны білім беру жүйесінде пайдалану мүмкіндіктерін ашу.

Зерттеу нысаны: оқушыларға этномәдени білім беру.

Зерттеу пәні: Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім беру эволюциясы.

Зерттеудің  ғылыми болжамы: егер Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасу және даму тарихы жүйеленіп, оның ғылыми-педагогикалық негіздері зерттелсе, онда этномәдени білім беру теориясы мен практикасын жетілдіруге байланысты жаңа педагогикалық идеяларды одан әрі дамытуға мүмкіндік болады, өйткені, этномәдени білім берудің даму тенденциялары, ерекшеліктері, динамикасы анықталады және перспективасы болжанады.

Зерттеудің  міндеттері:

    1. Оқушыларға этномәдени білім берудің әдіснамалық және теориялық қағидаларына талдау жасап, ғылыми тұрғыдан негіздеу.
    2. Қазақстанда этномәдени білім беру идеяларының даму генезисін анықтау.
    3. Қазақстанда этномәдени білім берудің қалыптасуының тарихи-педагогикалық алғышарттарын анықтау.
    4. Оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы мен даму кезеңдерін айқындаудың тұжырымдамалық тұғырларын анықтап, Қазақстанда этномәдени білім берудің негізгі кезеңдерін ашып көрсету.
    5. Қазақстанда этномәдени білім беру теориясы дамуының негізгі тенденцияларын ашып көрсету.
    6. Қазақстанда этномәдени білім беру практикасының даму ерекшеліктері мен динамикасын көрсету.
    7. Қазақстан Республикасы орта мектептерінде этномәдени білім беру процесін жетілдіру бойынша ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасау.

Зерттеудің  жетекші идеясы: бүгінгі күн талабынан туындап отырған этникалық толерантты тұлғаны қалыптастыруды біртұтас үздіксіз тарихи - педагогикалық процесс ретінде қарастыру Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуын ретроспективтік тұрғыдан талдауға, бағалауға, пайдалану мүмкіндіктерін анықтауға және даму перспективасын көрсетуге мүмкіндік береді.

Информация о работе Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім беру эволюциясы