Халықаралық валюта нарығы және валюталық реттеу туралы жалпы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 18:15, курсовая работа

Описание

Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда – бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда – белгілі бір қоғамдық-экономи-калық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………….……….2
І. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТА НАРЫҒЫ ЖӘНЕ
ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1. Халықаралық валюта нарығы және валюталық операциялар………...3
1.2. Валюталық нарықты реттеудің мағынасы мен қажеттілігі……….......12
1.3. Валюта нарығын бақылаудың негізгі бағыттары………….…………….14
ІІ. КАПИТАЛ ҚОЗҒАЛЫСЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ВАЛЮТАЛЫҚ
ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ
2.1. Валюталық нарық типтері және оның элементтері.................................17
2.2. Қазақстан Республикасында валюталық нарықтың қалыптасуы.............24
2.3. Валюта бағамы және оның мәні..................................................................28
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ВАЛЮТА НАРЫҒЫН РЕТТЕУ
3.1. ҚР-да валюталық қатынастарды мемлекеттік реттеу..............................37
ҚОРЫТЫНДЫ…………………................................................................41
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………........................................43

Работа состоит из  1 файл

Валют.docx

— 125.70 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ………………………………………………………………….……….2 

І.  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТА  НАРЫҒЫ  ЖӘНЕ 

ВАЛЮТАЛЫҚ  РЕТТЕУ  ТУРАЛЫ  ЖАЛПЫ  ТҮСІНІК

1.1.  Халықаралық валюта  нарығы  және  валюталық  операциялар………...3

1.2.  Валюталық   нарықты  реттеудің мағынасы мен қажеттілігі……….......12

1.3.  Валюта нарығын  бақылаудың негізгі бағыттары………….…………….14

 

ІІ. КАПИТАЛ ҚОЗҒАЛЫСЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ВАЛЮТАЛЫҚ 

ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ  РЕТТЕУ

2.1. Валюталық нарық типтері және оның элементтері.................................17

2.2.  Қазақстан Республикасында валюталық нарықтың қалыптасуы.............24

2.3.   Валюта бағамы және оның мәні..................................................................28

 

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДА  ВАЛЮТА НАРЫҒЫН  РЕТТЕУ

3.1. ҚР-да валюталық қатынастарды мемлекеттік реттеу..............................37

 

ҚОРЫТЫНДЫ…………………................................................................41

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР…………........................................43

 

КІРІСПЕ

 

Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық  жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда – бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда – белгілі бір қоғамдық-экономи-калық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы.

Валюталық  жүйелердің  дамуы  өз  кезегінде  валюта  нарықтарының  дамуына  септігін  тигізді.  Валюта  нарығы – FOREX  (Foreign Exchange  Operations – шетелдік  айырбас операциялары) деп аталады.

Қазіргі  уақытта  халықаралық валюта  нарығы  ең   үлкен  қаржы  нарығы.  Қазақстан  Республикасына бүгінгі  таңда валюта  нарығына  маманданған  көптеген  дилингтік  компаниялар  келіп  жатыр.

Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына  қатысты   халықаралық   экономикалық   қатынастарға   делдал  болады.

Валюталық қатынастар жағдайы  ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.

Қазақстан  Республикасында  КASE  қор  нарығында  тек  акция, облигациялармен  ғана  емес,  сонымен  қатар  валюталармен де  операциялар    жасалады.  Ұлттық  валютамыз – теңге  1999  жылдан бастап  еркін  жүзу  бағамымен  келе  жатыр,  яғни оның  бағамы  сұраныс  пен  ұсыныс  арқылы  анықталатын  болды.  Еркін  жүзу  бағамы – ел  экономикасының  жаңа  дәрежеге  көтерілгенінің  белгісі.

Валюта  нарығы  ел  экономикасын  қан  жүйесі  секілді.  Валюта  нарығын  реттеу  –  бүкіл  ел  экономикасын  реттеудің  алғы  шарты.

Менің бұл курстық жұмысты  жазған мақсатым: Валюта нарығы және валюталық операцияларды, валюталық нарығын реттеудің мағынасы мен қажеттілігін, бақылаудың негізге бағыттарын, негізгі ұғымдармен жалпы ережелерді, резиденттердің кредит алуымен және резидент еместердің резиденттердің экспорт – импорт мәмілелерін кредиттеумен байланысты операцияларын тіркеуді резидент еместердің Қазақстан Республикасына тікелей және портфельдік инвестицияларын тіркеуді және Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүзеге асыратын резиденттер мен резиден еместердің құқықтары мен міндеттерін, валюта операцияларын жүргізудің ережесін анықтап толық қамыту, ал міндетім осы аталған мәселелерді түсінікті әрі нақты етіп жеткізе білу. 
 

 

 

І.  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТА  НАРЫҒЫ  ЖӘНЕ 

ВАЛЮТАЛЫҚ  РЕТТЕУ  ТУРАЛЫ  ЖАЛПЫ  ТҮСІНІК

 

1.1. Халықаралық валюта  нарығы  және  валюталық  операциялар

 

Валюта(итал. voluta — құн, баға) — тауарлар құнының шамасын өлшеу үшін пайдаланылатын ақша өлшемі. Халықаралық валюталық қаржы операциялары тәжірибесінде ол мынадай мәндерде қолданылады: 1) мемлекеттің ақша өлшемі және оның типі (алтын, күміс, қағаз ақша), [1]мысалы, Қазақстанның ұлттық ақшасы — теңге, Ресейдікі — рубль; 2) шет мемлекеттердің ақшасы; 3) халықаралық (аймақтық) есеп айырысу өлшемі (вексель, чек, банкнот) және төлем құралы. 19 ғ-ға дейін күміс валюта мен биметаллизм кең тарады. 19 ғ-дың басында Ұлыбританияда, 19 ғ-дың 2-жартысынан басқа елдерде алтын валюта енгізілді. Валютаның жалпы дағдарысы кезеңінде (1-дүниежүзілік соғыс кезінде) қағаз валюта кеңінен қолданыла бастады. Алтын мен күміске айырбасталмайтын банкноттар қағаз ақша түрінде болды. Ел экономикасында ауық-ауық инфляция болғанда, қағаз валюта құнсызданып отырды. Мұндай жағдайда кейбір елдер өз валютасының номиналды алтындық баламын тұрақтандыруға тырысады. Көптеген елдерде валюта курсы валюталық шектеу арқылы реттеледі. Валюталар пайдаланылу тәртібіне қарай айырбасталымды (конверсияланатын), ішінара толық айырбасталымды және айырбасталмайтын (томаға тұйық) валюта болып үшке бөлінеді.

Бірінші топқа валюталық  шектеу жойылған елдердің валютасы (АҚШ  доллары, т.б.) жатады. Ол кез келген шет ел валютасына айырбасталады. Ішінара  айырбасталымды валютаға валюта операцияларын  жасауға толықтай валюталық шектеу жойылмаған елдердің валютасы (мысалы, Ұлыбританияның, Францияның, Италияның, сондай-ақ ТМД елдерінің) жатса, соңғы топқа барлық операциялар бойынша валюталық шектеу сақталған елдердің валютасы жатады. Томаға-тұйық валюта өз мемлекеті шегінде ғана айналыста болады.

Валюта дегеніміз  – мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірлігі немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісі мен айырбастауға жататын тиындар) түріндегі қолма-қол және аударым нысанындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ, шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірлігіндегі қаражат.

Валюта арқылы сыртқы тауарлар мен қызметтерді пайдалануға, туризм және мемлекетгің жеке ақша қозғалысын және т.б. көптеген қызметтерді жасауға  болады.

Валюталық нарық дегеніміз – ұлттық валютаны шетелдік валютаға алып сатқан кезде, ұсыныс пен сұраныс нәтижесінде қалыптасқан белгілі-бір ресми орын.

Халықаралық есеп айырысу спецификасының маңызы мынада: валюталық баға төлем құралы ретінде көбінесе шетелдік валютаны қолданады, өйткені әлі халықаралық бүкіл мемлекетгерде алуға тиісті белгілі-бір валюта жоқ, сондықтан да сыртқы саудада, несиеде, инвестицияда мемлекет аралық есеп айрысу үшін бір валютаны екінші валютаға сату керек. Валюталық курстың бағамы оны сатып алу қабілеті арқылы белгіленеді.

Валюталық бағам  дегеніміз – бір ақша бірлігінің екінші ақша бірлігі- мен алғандағы бағасы. Ол нарықты экономика жағдайында сұраныс пен ұсыныстың нәтижесінде анықталады және экономиканың жағдайын көрсетеді. Валюталық бағам халықаралық сауда және капитал қозғалысында өте үлкен роль атқарады. Валюталық бағамның өзгерісін байқасақ, ол сол валютаның құнсызданғанын немесе құнының жоғарлағанын көрсетеді.

Валюталық нарықты айтқанда онда көбінесе нақты және номиналды  валюталық бағам деген сөздер кездеседі. Екі елдің тауарларының қатынасы негізінде (сол елдің валютасы негізінен алынған) нақты валюталық  бағамды анықтауға болады. Мемлекеттің  валюталық нарығында көрсетілген  валюталық  бағамды – номиналды бағам деп атайды.

Валюталық бағамның үш түрі бар:

  • Ø белгіленген;
  • Ø өзгермелі;
  • Ø аралас;

Белгіленген валюталық  бағам деп  – берілген  мерзім ішінде өзгермей қалынған  бағам; сол бағамның өзгермеуіне мемлекет өзі кепілдік береді. Белгіленген жүйенің мысалы ретінде Бреттон-Вудск жүйесі қалыптасқан.

Өзгермелі валюталық  бағам кезінде ол сол валютаға байланысты бағамның сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасуы.

Аралас валюталық  бағамның мысалы ретінде көптеген дамыған елдерді айтуға болады; оларда өзгермелі бағам да және кейбір жерлерінде белгіленген валюталық бағам да  бар.

Валюталық операциялар  дегеніміз – ол меншік құқығының және өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға ауысуына байланысты операциялар, яғни, валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасына әкелу және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту болып табылады. Валюталық операциялар ағымдагы операциялар жане капитал қозгалысына байланысты операциялар болып бөлінеді.

Ағымдагы операцияларға  жататындар:

- тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен аспайтын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айрысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;

- 180 күннен аспайтын мерзімге кредиттер беру және алу;

- салымдар   (депозиттер),   инвестициялар,    заем   және   өзге   операциялар   бойынша  девиденттерді, сыйақыларды жөне өзге кірістерді аудару және алу;

- гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын аударымдар, мұрагерлік сомманы,  жалақыны, зейнетақыны, алименттерді және басқа соммаларды аудару;

- капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатқызылмайтын барлық өзге де  валюталық операциялар.

Капитал қозғалысына  байланысты операцияларға жататындар мыналар:

- инвестицияларды жүзеге асыру;

- интелектуалдық   меншік   объектілеріне   ерекше   құқықты   толық   беруді   көздейтін мәмілелер бойынша есеп айрысуды жүргізуге арналған аударымдар;

- жылжымайтын мүлікке мүліктік құқықтарды төлеуге аударымдар;

- тауарлар, жұмыстар және қызметгер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен асатын мерзімге ұзартуды көздейтін экспор-импорт мәмілелері бойынша есеп  айрысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;

- 180 күннен асатын мерзімге кредиттер беру және алу;

Валюталандыру

Клиенттің немесе корреспонденттің жеке есептік шоты бойынша, банк жазған әрбір сомаға пайыздар есептелетін  датаны белгілеу үшін колданылатын термин.

Валюталық реттеу

Елдің төлемдік балансын нығайтуды, ұлттық валютаның тұрақтылығын, ішкі валюталық рыноктың дамуын және оны  қадағалап, бақылауды қамтамасыз ету  мақсатында валюталық операцияларды  өткізу тәртібін тұрақтандыру бойынша  өкілеттелген мемлекеттік органдардың (валюталық реттеу органдары) қызметі.

Валюталық реттеудің  мақсаттары мен міндеттері


  • Валюталық, реттеудің мақсаты тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің саясатына жәрдемдесу болып табылады.

Валюталық реттеудің  міндеттері:

  • Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтардың айналысының тәртібін белгілеу;
  • Казақстан Республикасының дүниежүзілік экономикаға одан әрі кірігуі үшін жағдайлар жасау;
  • Валюталық операциялар мен капитал легі жөніндегі ақпараттық базаны қамтамасыз ету болып табылады.

Валюталық басқыншылық

Шетелдік валютаның комақты  партиясын банктің сатып алуы немесе сату жолымен жүзеге асырылатын валюталық рынок пен валюта курсына  әсер ету үшін елдің Ұлттық банкісінің мақсатты түрде бағытталған бір реттік елеулі әрекеті. Валюталық басқыншылық мемлекеттің мүддесіне орай, шетелдік валюталардың бағамын реттеу үшін жүзеге асырылады.

Валюта операциялары

Валюталық құндылықтарға  меншік құқығының және өзге де құқықтардың  көшуіне, сондай-ақ валюталық, құндылықтарды  төлем қаражаты ретінде пайдалануға  байланысты операциялар; валюталық  құндылықтарды, ұлттық валютаны, номиналы ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздарды және төлем құжаттарын, резиденттер шығарған номиналы жоқ  бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасына әкелу, жіберу және аудару, сондай-ақ Казақстан Республикасынан әкету, жіберу және аудару.

Валюта құндылықтары

Валюталық заңнамаға сәйкес, елдің аумағында айналысқа түсуге қатысты ерекше режим бекітілген құндылықтар. Мыналар валюта құндылықтары болып табылады:

  • шетел валютасы;
  • номиналы шетел валютасымен көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құжаттары;
  • резидент еместер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздар;
  • тазартылған құйма алтын;
  • резиденттер мен резидент еместер арасында, сондай-ақ резидент еместер арасында операциялар жасалған жағдайда қолданылған ұлттық. валюта, номиналы ұлттық. валютамен көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құжаттары;
  • резиденттер мен резидент еместер арасында, сондай-ақ резидент еместер арасында операциялар жасалған жағдайда қолданылған резидент шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздар.

Валюта Тәуекелдігі

Қор және тауар биржаларында сыртқы сауда, кредиттік және валюталық  операцияларды өткізу кезінде, ұлттық валютаға қатынасы бойынша шетелдік валюта курсынын өзгеруімен байланысты валюталық құндылықтарды жоғалту  қаупі. Ашық валюталық ұстанымы бар  болған кезде пайда болады.

Информация о работе Халықаралық валюта нарығы және валюталық реттеу туралы жалпы түсінік