Халықаралық валюта нарығы және валюталық реттеу туралы жалпы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 18:15, курсовая работа

Описание

Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда – бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда – белгілі бір қоғамдық-экономи-калық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………….……….2
І. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТА НАРЫҒЫ ЖӘНЕ
ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1. Халықаралық валюта нарығы және валюталық операциялар………...3
1.2. Валюталық нарықты реттеудің мағынасы мен қажеттілігі……….......12
1.3. Валюта нарығын бақылаудың негізгі бағыттары………….…………….14
ІІ. КАПИТАЛ ҚОЗҒАЛЫСЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ВАЛЮТАЛЫҚ
ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ
2.1. Валюталық нарық типтері және оның элементтері.................................17
2.2. Қазақстан Республикасында валюталық нарықтың қалыптасуы.............24
2.3. Валюта бағамы және оның мәні..................................................................28
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ВАЛЮТА НАРЫҒЫН РЕТТЕУ
3.1. ҚР-да валюталық қатынастарды мемлекеттік реттеу..............................37
ҚОРЫТЫНДЫ…………………................................................................41
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………........................................43

Работа состоит из  1 файл

Валют.docx

— 125.70 Кб (Скачать документ)

Валюта рыноктары шет ел валютасымен (сатып алу, сату, айырбастау) және шетел валюталарывдағы төлем құжаттарымен (чектер, вексельдер, телеграф және пошта аударылымдары, аккредитивтер) жасалатын операциялардың жүзеге асырылуына байланысты экономикалық қарым-қатынастардың айрықша саласы. Түрлі елдер банктерінің арасындағы корреспонденттік байланыстар арқылы құрылатын валюта рыноктары солардың көмегімен сыртқы саудаға, инвестицияларға, туризмге, басқа да қатынастарға байланысты халықаралық ақша есеп айырысуы жүргізілетін тұтқа болып табылады.

Валюталық нарықтың негiзгi қатысушылары болып табылатындар:

  • Орталық банк
  • Сауда банктері
  • Фирмалар, сыртқы сауда операцияларың орындайтын
  • Халықаралық инвестициялық серiктестiктер, зейнетақы және қорлар, сақтандыру компаниясының хеджевыесi.
  • Валюталық биржалар
  • Валюталық делдалдар
  • Жеке тұлғалар

Валюта нарығы

 

Валюта нарығы, Валюта рыногі — 1) сұраным мен ұсыным негізінде қалыптасқан валюта курсына сай валюталарды сатып алу-сату шоғырланған ресми орталық; 2) шет ел валюталарын және шет ел валютасымен төленетін төлем құжаттарын сатып алу-сату жөніндегі тұрақты экон. және ұйымдық қатынастар нарықсі. Бұған еуродепозиттер нарығы, еурокредиттер нарығы, еурооблигациялар нарығы енеді. Биржалық валюта нарығы, биржадан тыс (банкаралық) валюта нарығы түрлеріне бөлінеді. Дүниежүзілік аса ірі валюта нарығы АҚШ-та, Ұлыбританияда, Францияда, Швейцарияда, Жапонияда, Сингапурда орналасқан. Валюта нарығына операциялардың екі түрі: “спот” (валютаны тез жеткізу), “форвард” (келісілген курс бойынша уағдалы уақыттан бір ай және одан көп уақыт кейін жеткізу) қолданылады. Валюта нарығы экономиканы мемл. реттеуге бағытталған валюта саясатын жүргізуге мүмкіндік береді.

Валюта  – елдiң  ақша бiрлiгi, оның  шартты түрi, халықаралық төлем  есеп айырысу айналымының  каналдары  арқылы  ұлттық  ақшаларды  қолданудың  ерекше  формасы.  Осы халықаралық  немесе ұлттық валюта қатынастарының негізінде валюталық нарық ұғымы  пайда болады.

Валюталық  нарық - ұлттық  заңдылықтарымен немесе  халықаралық келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды  ұйымдастыру және  реттеу  формасын  бiлдiредi . /3/

Халықаралық валюталар қатынастар – ұлттық  шаруашылықтарының  қызметкерлерiнiң  нәтижесiнен  өзара қызмет  ететiн  және  әлемдiк шаруашылықтағы  валюталардың  қызмет  етуi  барысында  қалыптасқан  қоғамдық  қатынастар  жиынтығы  бiлдiреді.

Валюталық қатынастардың  жекелеген элементтері ерте Грецияда және Римде вексель түрінде пайда  болды. Яғни, оларда алғаш рет вексель  жәрменкелері пайда болып, аудармалы вексель бойынша есеп айырысулар жүргізілді.

Шаруашылықтың  интернационалдануы  және  әлемдiк  еңбек  бөлiнiсiн  интенсивтендiрілуі  халықаралық  нарықтың  құрылуына  себепшi болды. Өндiрiс  күштерiнiң  дамуымен  iшкi  рыноктағы  өркендеген салалардың  өнiмiн  сатуда  туындайтын  қиындықтар, тауарлар тасымалы  жағдайларын  жетiлдiру – мiне  осылардың  бәрi  әлемдiк  сауда  саттық  байланыстардың  кеңесiне  әсер  еттi.  Яғни, сыртқы сауда жағдайларын, әр елдің валютасының  құнын анықтау қажеттігі туындады. Алғашында мұндай айналыстарға елдер  немесе аумақтар бойынша алтын қолданылса, ал осы заманғы күрделенген төлем  нарықтарінің және төлем тәртіптерінің  пайда болуына байланысты бұл  валюталық қатынастар одан сайын  күрделене түсті.

Әлемдегi  елдердiң  қарым  – қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал  және  несие  жылдан –  жылға  ұлғая түсуде. Ұлттық  қоғамдағы  ұдайы  өндiрiс  процесiнде  қалыптасқан  тауар  айналымы тұрақты  түрде   әлемдiк  нарыққа  ұласады  және  де  әрбiр  егемен  мемлекеттiң  заңды  төлем  құралы  болып  оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық  тауар  айналымында, әдетте, шетел  валютасы  қолданылады.  Елдердiң  әлемдiк  шаруашылыққа  интеграциялауына ақша  капиталының  бiр  бөлiгiнiң  ұлттық  ақшадан  шетел  валютасына  және  керiсiнше  айналуын  туындатады. Ол  халықаралық  валюта  есеп  айырылысу  және несие – қаржы  қатынастарында  жүзеге асады.

Халықаралық  валюталық  қатынастар  халықаралық  экономикалық қатынастарды  жалғастырады. Валюталық  қатынастардың  ұлттық  және  әсемдiк  экономиксының  дамуына,  саяси  тұрақтылыққа, елдер  арсындағы  күштердiң  шектi  қатынастарына  тәуелдi  болып  келедi. Сыртқы  экономикалық  байланыстарда, оның  iшiнде  валюталық  байланыстарда  саясат  пен  экономика, дипломация   мен комерция, өнер кәсiптiк  сауда  мен  өндiрiс  бiр – бiрiмен  өзара бетеме  байланысуы  валюталық  қарыс – қатынастардың  ұлттық  және  әлемдiк  шаруашылықтағы орны  ерекшелiгiн көрсетедi.

Капиталдың  шеңбер  айналысы  процесiнде  ұлттық нарықтан әсемдiк  нарыққа қосылуы  нәтижесiнде  ұлттық  ақшалардың  iшiндегi  ақшалай  капиталының  бiр бөлiгi  шетел  валютасына  айналады  немесе  керiсiнше . Ол көрiнiстi  халықаралық  есеп  айырысуларда, валюталық, несиелiк  және  қаржылық  операциялардың  барысында  байқауға  болады.

Шаруашылықтың  интернационализациялануы  жағдайында  ұдайы  өндiрiстiң  сыртқы  факторларға:  әлемдiк  өндiрiс  динамикасы; шетелдiк  ғылым  деңгейiне, халық  аралық  сауданың  дамуына, шетел  капиталы  ағымына  арта  түседi. Сондықтан  да  бұл  валюталық  қатынастар  мен  ұдайы  өндiрiстiң  арасында  тiкелей  және  керi  байланыстың  болатынын  көрсетедi. Халықаралық  сауданың  дамуына, валюталық  қатынастар  тұрақсыздығы  мен  валюталық  дағдарыс  ұдайы  өндiрiс процентiне  керi  әсерiн  тигiзедi.

Валюталық  нарықтардiң  даму  заңдылықтары  ұдайы  өндiрiс белгiлерiне  байланысты  анықталып  отырып, ұлттық  және  әлемдiк  шаруашылықтың  негiзгi  даму  кезеңдерiн  көрсетедi.  /4/

Дүниежүзілiк  валюталық  нарықтардiң  арасындағы  дағдарыс  тұсында  оның  құрылымдық қағидаларының  әрекетi  бұзылып, аяқ  асты  валюталық  қайшылықтар орын алды. Дүниежүзілiк  валюталық  нарықдегi дағдарыс ескi нарықтың бұзылып және оның орнына валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ететiн жаңа нарықмен ауысуына әкеледi.

Жаңа  дүниежүзілiк  валюталық  нарықты  құру  үш  басты  кезеңнен  жүргiзiледi: 

1-шi кезең, жаңа  нарықтың  қағидаларының  қалыптасуы, алғы  шарттардың  түзiлуiн, анықталуын  қамтиды, мұнда бұрынғы нарықмен  өзара  байланысы  сақталады. 

2-шi кезең, жаңа  нарықтың  қағидаларының  құрылымдары   толығымен аяқталып, бiртiндеп  iске   қосылады.

3-шi кезең, толық  қызмет  ететiн  жаңа  дүниежүзлiк   нарық  құрылады.

Дүниежүзілiк  ваюталардың  нарықтың  мынандай  эваолюциялары  белгiлi:

  1. Жаңа валюталық  нарықтың  құрылуының  алғы  шарттары.
  2. Париждiң  валюталық нарықсi.
  3. Генуэз  валюталық нарықсi.
  4. Бреттон – Вудс   валюталық нарықсi.
  5. Ямайка  валюталық нарықсi.
  6. Еуропалық  валюталық нарықсi.

1929-1936  жылдарда  дүниежүзілiк   валюталық  дағдарыстың  басты   ерекшелiктерi  келесiдей:   

–  циклдiк сипат: валюталық  дағдарыс  дүние  жүзлiк  экономикалық және  ақша   несиесiмен  байланысты  болды;

– құрылымдық  сипат: дүниежүзлiк  валюталық  нарықтың  алтын девиздiк  стандарт  қағидасы  құлдырауға ұшырады;

–  ұзаққа созылуы: 1929 жылдан  1936 жылдың  күзiне дейiн болуы.

БҰҰ–ның  Бретон–Вудстағы  1944 жылы  болған валюталық қаржылық  конференциясында  дүниежүзлiк  сауданың  ұйымдастырудың, валюталық, несиелiк  және  қаржылық  қатынастарды  ұйымдастырудың  ережелерi  бекiтiлiп  үшiншi  валюталық  жұйе  дүниеге  келдi.

60  жылдардың  аяғынан  бастап, Бреттон – Вудс  валюталық   нарықтың  дағдарысқа  ұшырауы. 1976 жылғы  қаңтардағы  ХВК - ға  мүше елдердiң Кинготондағы  келiсiмi  ХВК – дың жарғысына  өзгерiстер  енгiзе  отырып, төртiншi  валюталық  нарықтың  келесiдей  бағыттарын  бекiттi:

  • Алтын – девиз  стандартты  орнына  СДР  стандарты  енгiзiлдi;
  • Елдерге  кез-келген  валюталық  бағам  режимiнiң  таңдауға  құқық  берiлдi.

СДР-дiң  қызметт  етуiнiң  мынандай  басты  мәселесi  болды:

    1. эмиссиялау  және  басу;
    2. қамтамасыз  ету;
    3. бағамды  анықтау  әдiсi;
    4. СДР-дiң пайдалану  ауқымы;

Еуропалық  валюталық  нарық, экономикалық  интеграциялану  процесiн  ынталандыру  мақсатында  құрылды. Интеграцияналдану  процесiнiң  даму  себептерiне: шаруашылықтың  интеграциялануы, өндiрiстiң қарсылас  орталықтардың  дүниежүзлiк  нарықтағы  өзара  қарсы  күресi  және  валюталық  тұрақсыздағы  жатады . Еуропалық  экономикалық  қоғамдастық –  бұл  батыс  еуропа  елдерiнiң  бiршама  дамыған аумақты интеграцияналдыру  тобын  бiлдiредi , ол 1957 жылы  наурызда  алты  елдiң: ФРГ, Франция, Италия, Бельгия, Нидерландия, Люксембург, Рим  елдерiнiң  арасыында  жасалған  келiсiм  шартында  қабылданып, 1958 жылдың  1  каңтарында  басты  қызмет  етедi. /3/

Батыс  еуропалық  интеграция  өзiнiң  iрi  ерекшелiктерiмен   ажыратылады:

Бiрiншiден, ЕҚ құрылуы  көмiрдiң  ортақ  нарығынан  басталады  және  шаруашылық  кешен  интегралданғанға  дейiн  6  ел  және  12  саяси  одақ болса, бiрiншi  уақытта  15-16  мемлекетке  жеттi.

Екiншiден, ЕҚ – ның институционалдық құрылымы  мемлекеттiң  құрылымына  жақын  және  мынадай  ұйымдардан  тұрады:

  • Еуропалық  кеңес;
  • Министiрлер кеңесi – заң шығарушы орган;
  • ЕҚ комисиясы – атқарушы орган
  • Еуропалық парламент – кеңес берушi орган. Бұл орган  ЕҚ  және министiрлер  кеңесiнiң  қызметiн  бақылайды, ЕҚ  бюджетiн  бекiтедi.

ЕҚ  соты – құқықтық  нормаларын  сақтамаудың  қадағалау  ұйымы.

Үшiншiден,  интеграцйиялық  процестiң  материялдық негiзi болып, ЕҚ – тың  бюджетiнiң бiр  бөлiгiнен  құралған  көп  бiрлескен  қорлар қызмет  етедi.

1999 жылдың  1  қаңтарынан  бастап, Евро  қолма – қолсыз  төлемдер  үшiн мемлекеттердiң жаңа  қағаздарын  орналастыру  енгiзiлiп, эволюциялық   одаққа  мүше  елдердiң  ұмтық   ақша  бiрлiктерi  2002 жылы  1 шiлдесiнен   бастап  өз қызметтерiн  жойды   делiнген. 

ЕВЖ, алтындынақты  резервтiк  активтер  пайдаланды:

Бiрiншiден, Еуро  –  алтынмен  жартылай  қамтамасыз  етiлген;

Екiншiден, ЕҚ – қа  бiрлестiгi  үшiн  207 кг мөлшерiнде бiрлескен алтын қоры құралған.

ЕВЖ-дегi  мемлекет  аралық  аймақтықты  реттеу  орталықты  банктерге  уақытша  төлем  балансындағы  тапшылықты  жабуға  және  валюталық  интеграцияға  байланысты  есеп айырысулар  үшiн  несие  беру  жолымен жүзеге асырылады.

Екiншi  дүниежүзілiк  соғыста  Еуропа  мемлекеттерiнiң  қираған  экономикасын қалпына  келтiру  және  тұрақтандыру  мәселелерiн  шешу  мақстында  Бреттон-Вудстағы өткен  халықаралық  валюта  қаржылық  конференциясында  2  ұйым: Халықаралық  валюта  қорын (ХВҚ) және  халықаралық қайта  құру және даму банкi ( ХҚҚДБ) құру  туралы  қаулы  қабылданды. Қор  әлемдiк  валюта  нарықсiнiң   тұрақтылығын  қолдау  үшiн, ал  банк  оған  қатысушы  елдердiң  ұзақ  мерзiмдi  экономикалық  дамуын ынталандыру  үшiн  құрылған .

ХВҚ  Бiрiккен  Ұлттар  Ұйымының  маманданған органы  ретiнде  өз  жұмысын  1947 жылы  наурызда  бастады. Оның  штаб-пәтерi Нью-Йоркте  орналасқан, басқарушы  органы  барқрмалар  кеңес  қатысушы  елдердiң  қаржы  министiрлерiнен немесе  орталық  банктердiң басқармаларынан  тұрады, кеңес  жыл  сайын  шақырылады. Атқарушы органы  директат. алғашқы  кезде   бұл  қорға  49 ел  мүше  болып  кiрiп, оның капиталы  8 млд  доллорды   құрады.  Қазiргi  кезде  мүшелерiнiң  саны  иөрт  есе  көбейiп, ал  капиталы  шамамен  18  есе  өстi. /5/

ХВҚ-ның  негiзгi  қызметтерi төмендегiлер:

Халықаралық  сауданың  немесе  валюталық  ынтымақтастықтың  дамуына  көмек  көрсету.

  • Валюталық  паритеттiң  тұрақтылығын  сақтау  және  валюталық  шектеудi  жою;
  • Төлем  балансының  теңелуi  үшiн  кез-келген  қатысушы  елге  несие ресурстарын  беру;

Қорға  мүше  болып  кiру –  мемлекеттiң ХҚҚДБ-ге және оған  туыстас  басқада  валюта  несие  ұйымдарына  кiруiнiң  мiндеттi  жағдайы.

Халықаралық  қайта  құру   және  даму  банкi  БҰҰ-ның  маманданған  және  оның  шешiмдерiне  тәуелсiз  орган ретiнде  өз  жұмысын  1946 жылы  маусымда  бастады . Банктiң  өз  жұмысын  кеңейту  барысында  туыстас  төрт  бөлiмшелер  ұйымдастырылады: халықаралық  салық  корпарациясы , халықаралық  даму акциясы,  халықаралық  инвестицияладрды,  таластарды  реттеу  орталығы және  инвестициялықты  қорғау  жөнiндегi  көп  жақты  агенттiк. Қазiргi  кезде  осы  ұйымдар  бiрiгiп  әлемдiк  банк (ӘБ) тобын  құрайды, оның  штаб пәтерi Вашингтонда  орналасқан, ал  ХҚҚДБ – осы  топтың  орталық  буыны – оны  әлемдiк  банк  деп  атайды.

Әлемдiк  банк  топтың  ең қуатты  бөлiмшесi, ол  240 млд   доллардан  акциялық  капиталды  иемденедi, қазiргi кезде  оның  құрылтайшылар  саны    180  мемлекетке  жеттi. Банк басқару  органы – басқармалар  кеңесi –  қатысушы – елдердiң  қаржы  министiрлiгiнен  немесе  орталық  банктерден  басқармаларынан  тұрады. Оны  президент  басқарады. Банктiң  күнделiктi  атқарушы  директорлар  кеңесi  басқарады, кеңес  штап  пәтрiнде  орналасқан  ол  жетңi саиын  кеңес  отырысын  өткiзедi. Кеңес  24  адамнан  тұрады, олар-iрi  акциянерлердiң  бiр-бiр  өкiлi  және  19  аймақтың  өкiлдерi.

Әлемдiк банктiң  негiзгi атқаратың  қызметтерi:

Спектiрлi  бағытта, яғни  денсаулық  сақтау, бiлiм  беру  қоршаған ортаны  сақтаудан  бастап  инфроқұрылым  және  экономикалық  саясат  реформасына  дейiн  дамушы  елдерге  көрсететiн  инвестициялық  iс-  шаралар;

  • Экономикалық  мәселелер  бойынша талдау және  кеңес  беру  iс – шаралары;
  • Көрсетiлген  қызметтердiң, сондай-ақ  жүргiзiлетiн  жобалардың  мазмұнымен  құрамын  үнемi  өзгеру;
  • Бай  және  кедей  елдерге  ресурстарды  қайта  бөлудегi  делделдiк  қызметi;

Информация о работе Халықаралық валюта нарығы және валюталық реттеу туралы жалпы түсінік