Сыртқы жане ішкі инвестиция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 11:52, курсовая работа

Описание

• Қазақстанға шетел инвестицияларын тартуды мемлекет тарапынан реттеуді зерттеу; Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартудың хал-ахуалының жағдайын сараптау;
• Қазақстан Республикасындағы шетел инвестициясының келіп түсуіне талдау жасау;
• шетел инвестицияларын тартудың негізгі мәселелерін қарастыру;
• шетел инвестицияларын тартудың жетілдіру жолдарын табу.

Работа состоит из  1 файл

Сыртқы және ішкі инвестиция 2.DOC

— 163.50 Кб (Скачать документ)


   Қазақстанға  шетел  инвестицияларын  тартуды  мемлекет тарапынан реттеуді зерттеу; Қазақстан Республикасына  шетел инвестицияларын тартудың  хал-ахуалының жағдайын сараптау;

   Қазақстан Республикасындағы  шетел инвестициясының келіп түсуіне талдау жасау;

   шетел инвестицияларын тартудың негізгі мәселелерін қарастыру;

   шетел инвестицияларын тартудың жетілдіру жолдарын табу.

Курстық жұмыс кіріспеден, ұш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Шетел инвестицияларының мәнін және мазмұнын оның халықаралық экономикалық қатынастардағы рөлін, даму тенденциаларын  және Қазақстандағы шетел инвестициясының құқықтық аспектілерін зерттеуге жұмыстың бірінші тарауында қол жеткізілмек.

Екінші тарауда шетел инвестициясының оның ішінде тікелей шетел инвестициасының Қазақстан экономикасындағы орнын, көлемін, даму барысын, экономикалық дамуға тигізетін әсерін, сонымен қатар республикадағы тікелей шетел инвестициясын тартудағы және мемлекет тарапынан оларды реттеудегі  шараларды зерттеп талдау мақсаттары шешіледі.

Үшінші тарауда теориалық білімдерді тәжірибелік шындықпен салыстыра отырып, Қазақстан Республикасына шетел инвестициясын тартудағы негізгі мәселелерді айқындау және оны жетілдіру жолдарын іздестіруді көздеу мәселелері қойылмақ.


1    ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ КӨЗДЕРІ

 

 

1.1 Сыртқы инвестицияаларын тартудың негізгі нысандары және             механизмдері

 

Қазіргі уақытта капиталдың халықаралық қозғалысы, әлемдік шаруашылықтың және ұлттық экономикалардың дамуында маңызды роль атқарады.

Әлемдегі нарықтағы инвестициялық капиталдық сұранысымен ұсынысына шиелініскен баланста Қазақстан мен ТМД-ның басқа мемлекетінің позициялары өте төмен болып саналады. Бұл мәселелерге енді тек қана өз араларында, әлемдік капитал нарығының өте шағын сигментінде бәсекелесуге ғана болады.  Ал тікелей және портфельді инвестицияларға келсек, бұл аймақта олардың ликвидтіліктері экономиканың құрылымдық өзгермелі мәселелерімен, ішкі қаржылық нарықтық көбірек болуымен шектелуі.

Инвестициялық климатты модельдеу мемлекеттің шетелдік инвестицияны қолдану және тарту саясатын жасаудың маңызды түйіні болып табылатын себебі, ол біріншіде, шетелдік инвесторға әсерін тигізетін факторларды жүйелі елестетуге мүмкіндік береді. Екіншіден, елдегі жағдайды тереңірек бағалауға мүмкіндік береді. Үшіншіден, шетелдік серіктес іс-қимылының ынталануын сезінуге мүмкіндік береді.

Капитал миграциясының осы ғалымдар анықтаған бір себебі – капиталға деген сұраныс пен ұсыныстың әр елде бір қалыпты болмауы.

Капитал көп жағдайда оған деген сұранысы бар және де сұраныс мөлшері көп еледрде шығарылады.

Негізінен, капиталды оған деген сұранысы көп елдер емес, ұсынысы көп елдер шығарады.

Капиталдың халықаралық қозғалысы әртүрлі нысандарға ие болады.

Пайда болу көздері бойынша әлемдік нарықта қозғалыстағы капитал ресми және жеке болып бөлінеді. Ресми (мемлекеттік) капитал – үкметтердің шешімімен және де үкмет аралық ұыймдар шешімімен шетелге жіберілетін немесе шетелден әкелінетін мемлекеттік бюджеттің қаржылары. Капитал қозғалысының бұл категориясына үкмет аралық келісімдер негізінде бір елмен екінші елге берілетін мемлекеттік қарыздар, кредиттер, гранттар, көмектер жатады.

              Ресми капиталдың көздері мемлекеттік бюджеттің құжаттары болып табылады, яғни нәтижесінде салық төлеушілердің ақшалары.               Сондықтан да шетелге сауда капиталдарының орын ауыстыруы туралы шешім үкметпен және парламентпен шешіледі.

              Жеке (мемлекетті емес) капитал – басқарушы органдары мен бірлестіктерінің шешімімен, шетелге шығарылатын немесе шетелден әкелінетін жеке фирмалардың, банктердің және басқа да мемлекеттік емес ұйымдардың қаражаттары.

              Капитал қозғалысының , бұл категорияға шетел фирмаларымен шетелге капиталды инвестициялау, сауда несиелерін беру, яғни банк аралық несиелер. Бұл капиталдық құрылу көзі мемлекеттік бюджетпен байланыспаған өзіндік немесе қарыздық жеке фирмалардың қаржылары. Бірақ фирмалардың автономды қатыстылығына қарамағанда, өздерінің капиталдарының халықаралық орын ауыстыру туралы шешім қабылдауда, әдетте үкмет оны реттеуге және бақылауға құқығын өз артында қалдырады.

Қолдану мінездемесі бойынша капитал екіге бөлінеді: 

1.                  Кәсіпкерлік капитал – табыс табу мақсатында қаражаттар өндіріске тура және жанама түрінде салынады. Кәсіпкерлік капитал ретінде көбінесе жеке капитал қолданылады, бірақ не мемлекеттің өзі де, мемлекетке бағыныштылар да шетелге қаражат сала алады.

2.                  Қарыз капитал – пайзды алу мақсатында қарызға берілетін қаражат. Халықаралық масштапта, жеке көздерден халықаралық несиелеу айтарлықтай көлемдерге жетсе де қарыз капитал ретінде негізінен ресми капитал қолданылады.

Салу мерзіміне қарай  капитал орта мерзімді және ұзақ мерзімді капитал болып бөлінеді.

              Орта мерзімді капиталда   капитал бір жылдан жоғары мерзімге салынады. Қарыз капиталы сияқты тікелей және портфельді инвестициялары түріндегі кәсіпкерлік капиталдың барлық салымдары әдетте ұзақ мерзімді болып табылады.

              Қысқа мерзімді капиталда капитал салымдары бір жылдан кем мерзімге беріледі.

              Салым мақсаты бойынша капитал тікелей және портфельді инвестиция болып бөлінеді:

Тікелей инвестициялар  - инвестродың капитал орналасқан объектіге бақылау жасауды қамтамасыз ететін капитал салынған елдегі ұзақ мерзімді экономикалық қызығушылықты иемдену мақсатындағы капитал салымдары.

Мемлекеттік фирмалар бойынша қатысты емес шетелдік инвестициялардың көлемін санамағанда, олар толығымен жеке кәсіпкерлік капиталды шетке шығарумен байланысты.

Портфельді инвестициялар - бұл инвесторға инвестицияланған объектіге нақты бақылау жасау құқығын беретін шетелдік бағалау қағаздарына капитал салымдары.

Халықаралық капитал қозғалысының нысандары әр белгілі бір елмен мойындалады, әдетте ол өзінің инвестициялық және банктік заңдылықтары мен орналастырылады.

              Тікелей шетел инвестицияларына қатысты:

                  капитал шығарудың субъектілері;

                  тікелей шетел инвестициялаудың себептері;

                  тікелей инвестицияларының экономикалық эффекттері;

                  тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау.

Қазіргі таңда әр түрлі сфераларға салынатын тікелей шетел инвестицияларының тез өсу тенденциясы айқындала түсті. Капиталды шетке шығарудың алғашқы кезеңінде капиталдар көп жағдайда дамыған елдерден алынып, тәуелді елдерге шығарылды.

Ал қазіргі уақытта капиталдың миграциясы көбінесе дамыған елдердің арасында жүреді, яғни тікелей шетел инвестициялардың 70 – 75 % - ті өнеркәсібі дамыған елдердің үлесінде болып тұр. Тікелей инвестициялардың ХХ ғасырдың 90 жылдарының басында жалпы көлемінің 25,8%-ті дамушы елдерге, 18,2%-ті АҚШ-қа, 99 %-ті Ұлыбританияға, 26,6%-і Батыс Еуропаның басқа елдеріне, 10%-і Канадаға, 9,5%-ті әлемнің басқа елдеріне салынады.

Дамыған елдердің арасында капитал миграциясының өсуінің бірден-бір себебі, дамушы елдерде ғылымды көп қажет ететін, жоғары білімді мамандармен қамтамасыз етілетін өнім өндірісін ұйымдастыру өте қиын. Сонымен бірге, өнеркәсібі дамыған елдерде өте ірі қаржылар мен сиымды ішкі нарықтар бар. ФРГ мен Жапонияның шетелдерге қаржы бөлуі ХХ ғасырдың 60 жылдарының ортасынан бастап, жылдамдатылды. Олардың тікелей инвестицияларының өсу қарқыны АҚШ пен салыстырғанда, екі еседей көп болды. Капиталды салу сфераларына бәсекелестік күшейді. Мемлекеттің капитал экспортеры ретіндегі рөлі кенеттен өсіп кетті.

Қазіргі уақытта елдер арасындағы капиталдың қарама-қарсы қозғалысы кең дамуда, яғни олардың әр қайсысы бір мезетте әрі экспортер, әрі импортер рөлін атқарады, яғни капиталдың айқасқан айырбасы деген қозғалыс пайда болды. Сонымен бірге, елдің ішінде капиталдың жетіспеуінен экспорттың жүзеге асырылуына, ал импорттың шетелдік капиталдың ұлттық капиталды бірнеше рет ығыстыруына әкеліп соғуы мүмкін. Капитал миграциясы пайда болған кезеңнен бастап, ХХ ғасырдың 70 жылдарының аяғына дейін Батыс Еуропа капиталдардың байланысқан айырбасының ең үлкен аймағы болып саналады. Бұл ең алдымен экономикалық одақтастықтың Еуропалық Одақ ішіндегі интеграциялық процесстердің дамуы салдарынан пайда болған. Батыс Еуропаның ішіндегі қаржылардың үлесі ХХ ғасырдың 70 жылдарының аяғынан бастап,  азая бастады, сонымен бір мезгілде АҚШ-та капитал экспорты өсе бастады. Ұлттық экономиканың ішінде ХХ ғасырдың 80 жылдарында жұмсалған шетелдік капиталдың көлемі бойынша дүние жүзінде бірінші орын алды. Қазіргі уақытта капитал миграциясының тағы бір ерекшелігі – дамушы елдерге, атап айтқанда, мұнай табатын ОПЕК – ке кіретін елдерде капитал экспортының пайда болуы.

ОПЕК – мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы. Капитал нарығында ОПЕК елдері белсенді рөл атқаруда. Мысалы, Кувейттің жеке меншік секторының инвестицияларының шетелдегі мөлшері (1995 ж.) 100 млрд. долл., ал мемлекеттік секторының инвестициялары – 30 млрд.  долл. болды.

Мемлекеттегі қолайлы инвестициялық климатты жасау дегеніміз – бұл қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы инвестициялық климатты бағалаудың, салыстырмалы талдаудың негізі болып табылады, толық көрсеткіштер жүйесін құрайтын әр түрлі әдістер кешенінің жиынтығы:

                  мемлекеттің  нарық потенциалының мінездемесі;

                  табиғи және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуі;

                  экономикалық реформалардың күйі және дамуы;

                  инвестициялық іс-әрекет үшін заңдылық база;

                  мемлекеттік ограндарда жүргізу, басқару кепілдерін қабылдаудың реттелуі;

                  валюталық нарықтың және нарық инфрақұрылымының  дамуы;

                  банктық жүйенің тұрақтылылығы;

                  саяси климаттың тұрақтылылығы және бағыттылылығы.

              Инвестордың типіне, инвестициялық мақсаттар мен тәуекел дәрежесіне байланысты шетел инвестицияларының түрлерін бөліп көрсетеді. Сонғы жылдары қаржылар (құралдар) әр түрлі, бұның көмегімен шетел инвестициялары жүзеге асырылады. Бұл электрондық коммуникация шеңберіндегі жетістіктердің арасындағы байланысты жақсартқан және жаңа инвестициялық механизмдерді дамытқан жетістіктердің арқасында мүмкін болды.

              Капитал қозғалысының осындай механизмдерінің бірі тікелей шетел инвесторы болып табылады, бұларды шетел компанияларымен мемлекетке жүзеге асыру арқылы инвесторлар рыноктан тез кету мүмкіндігінен айырылады. Бірақ олар жоғары дәрежедегі тәуекелмен байланысты ұзақмерзімді салымдар салуға дайын, өйткені бұл жағдайда салым тәуекелімен байланысты шығындардай пайда жоғары болатынына сенімді болады. Тікелей шетел инвестициялар тікелей емес инвестицияларға қарағанда капиталдың маңызды сомаларын құрайды. Инвестицияның өте жоғары көлемі мен капиталсалымның ұзақ мерзімімен үйлестіруде, инвестициялаудың бұл формалары алушы елдер үшін табысты болып табылады. Осыдан, Қазақстан инвестицияның мұндай формасын тартуға құштар екенін көруге болады.

              Тікелей инвестициялар арқылы шетелге өндіріс факторларының қозғалысы сыртқы сауданы ынталандырады, өйткені келесілерді жабдықтау талап етіледі:

                  қосалқы бөлшектер;

                  қосымша өнімдерді;

                  еншілес фирмалар үшін құрал – жабдықтарды кәсіпорындар мен үкімет төмендегілер үшін тікелей инвестицияға қатысуға тырысады;

                  рыноктарды кеңейту;

                  материалдар немесе ресурстарды сатып алу үшін.

Сонымен қатар үкімет саяси артықшылықтарға сай келуге тырысады. Бүгінгі күні шетел капиталын тарту немесе тартпау сұрағы қойылмайды. Проблема басқада: оны қай сфераға тарту керек және қандай жағдайда, нақты инвестициялар пайда болатындығын анықтау. Ал соңында әр бір нақты нысанның ұлттық мүдделерге сәйкес келуі туралы айтылады. Бұл мәселелер бойынша біздің шаруашылығымызда барлығы жақсы емес.

Шетел капиталының импортер елдегі келесі себептерге байланысты шетел инвестициясын тартуға ынталанады:

                  елдің экономикалық дамуын қаржыландыруға жалпы қаражаттардың жетіспеуі, халықтың жұмыс бастылық деңгейін көтеру қажеттілігі, төлем балансының тапшылығын меңгеру және тағыда басқа;

                  орташа және жоғары дамыған елде шаруашылықтың аймақты құрылымын жетілдіру, жаңа техника мен технология алу, бәсеке қабілеттілікті көтеру үшін шетел капиталын тартады;

                  шетел капитал қатынасына таңдаулы саясатты (жеке аймақ және сала бойынша шектеу және ынталандыру) кейбір орташа дамыған елдер, сонымен қатар өте бай елдер де (Кувейт, Сауыд Аравиясы, Сингапур) жүргізеді, олар экономиканың жалпы қарқынында ғана емес, белгілі саланың және технологияның дамуында қызығушылық танытады;

                  көп мемлекеттер шетел капиталын ұлттық экономикаға екі жақты негізде енгізеді, яғни өзара сауда саяси инвестициялық жол беру шеңберінде (мысалы ЕО-ның ішенде капитал қозғалысының либерализациясы немесе Жапонияның ағылшын инвестиция қатынасына қарағанда, АҚШ-тың Жапондық инвестициясына либералдық қарым-қатынасымен байланысты АҚШ-тың Жапонияға шығындануы). Басқа елдермен экономикалық ынтымақтастық бойынша келісімдерге қол қойғанда, халықаралық ұйымдарға кіргенде, келісімнің қатысушылары ұлттық экономикаға шетел инвестициясының жіберілуін либерализациялауға мәжбүр болады.

Қазақстан үшін екі, бірінші себеп дәл келеді. Шетелден инвестициялар белгілі салаларда, техника және технология түрінде және аймақтарға қажет КСРО-ның құлдырау нәтижесінде пайда болған диспропорцияны жеңу және жиналып келе жатқан артта қалушылықты жеңу.

Қазақстан Республикасында экономикалық өсу және оны тұрақтандыру үшін шетел капиталын әкелу және игеру басты бағыттардың бірі, халық шаруашылығы объектілері және салаларының өмір сүруіне қолайлы болуы үшін шетел капиталының экономикалық қаржылық және ұйымдастырушылық регламентациясы инвестициялаудың қауіпсіздігін табыстылығын нормативті-құқықтық қамтамасыз ету және қолайлы жағдай туғызу болып табылады.

Информация о работе Сыртқы жане ішкі инвестиция