Сыртқы жане ішкі инвестиция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 11:52, курсовая работа

Описание

• Қазақстанға шетел инвестицияларын тартуды мемлекет тарапынан реттеуді зерттеу; Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартудың хал-ахуалының жағдайын сараптау;
• Қазақстан Республикасындағы шетел инвестициясының келіп түсуіне талдау жасау;
• шетел инвестицияларын тартудың негізгі мәселелерін қарастыру;
• шетел инвестицияларын тартудың жетілдіру жолдарын табу.

Работа состоит из  1 файл

Сыртқы және ішкі инвестиция 2.DOC

— 163.50 Кб (Скачать документ)

Әлеуметтік-экономикалық жағдай да Қазақстанның даму жолы ұзақ мерзімді перспективада әлеуметтік және саяси тұрақтылықты сақтау, тиімді басқару, жағымды ұстап тұруды қажет етеді. Елдің ұлттық артықшылығы иілгіш және балансталған экономиканы құруға бағыттау керек, ол халықаралық деңгейде бәсекелесе алуы тиіс, бұл жеделдетілген экономикалық өсуге елдің тұрмысының қолайлы жағдайда болуына себебін тигізеді.

Инвестициялық преференциялар. Инвестицияны реттеудің және қолдаудың әдістері инвестициялық преференцияның көрінісі ретінде ел заңында көрсетіледі, яғни нақтылық сипатқа ие – инвестициялық, салықтық преференция. Инвестициялық преференция берудің негізгі шарттары – инвестицияны экономиканың приоритеті секторларына салу, олардың тізімін ел үкіметі  бекітеді.

Инвестициялық салықтық преференциялар келесідей түрде беріледі: инвесторларға корпоративтік табыс салығы, егер инвестор жаңа өндіріс ашатын болса немесе кеңейтетін болса жеңілдіктер беріледі.

Капитал  негізінен екпінді  түрде  дамушы  елдерге  ағылады, әрине  Қазақстанға  шетел  капиталын  тартуда  бәсекелестер  бар. “Капитал  елге  келу  үшін” инвестициялық  климот  деп  аталатын  көптеген  факторлардың   болуын  қажет  етеді. Сол  факторлардың  ішінен:

                  нарықтың  потенциалы; 

                  ұлттық  экономиканың  ресурспен  қамтамассыз  етуі;

                  реформалардың  қадамы;

                  экономикалық  коньюктураның  жағдайы;

                  инвестициялар  үшін  заңды  базасы;

                  саяси  климот;

                  бюрократия, жемқорлық, криминогендік  жағдай.

Басқа  да  қажетті  жағдайлар:

                  заңдардың  тұрақтылығы;

                  кедендік, қаржылық, салықтық  реттеуде  кәсіпкерлікке  нақты  құқықтық  база  жасау;

                  салықтардың, тарифтердің  және  жеңілдіктер  деңгейінің  бәсеке  қабілеттілігі.

Шетел  инвесторлары  үшін  ұлттық  инвесторларға  сияқты  жағдай  жасау  қажет. Мұндай  талаптардың  орындалуы  инвестициялық  тәуекелді  төмендетуге  мүмкіндік  береді. Американың “Наследие” деген  мемлекеттік  қоры  инвестиция  салғанда  елді  таңдаудың  9 факторын  атап  айтты:

                  эконоимкалық  өсімнің  деңгейі  немесе  басқаша  жалпы  ішкі  өнімнің  өсімшесі;

                  саяси  тұрақтылық;

                  нарықтың  көлемі  (бір  адамға  шаққанда  жалпы  ішкі  өнімнің  көлемін  халық  санына  көбейтумен  анықталады);

                  шетел  көмегіне  тәуекел (экономикалық  еркіндікте  қозғалып  келе  жатқан  көптеген  елдер, зерттеушілердің  айтуынша, шетел  көмегінен  тәуелсіз. Олар  өзінің  дамуында  тек  өз  ресурстарына  сенеді);

                  сыртқы  қарыз  мөлшері (әрине, бұл  проблема  шешімсіз  емес, егер  қарызға  алынған  ақша  жол  құрылысына, инфроқұрлымды  дамытуға  жұмсалса, бұл  экономикалық  даму  үшін  жақсы);

                  волютаның  басқа валютаға еркін түрде айырбасталуы (пайданың  репотриациялану  мүмкіндігі кез-келген  салым  үшін  қажет  жағдай. Бұл  мүмкіндік  заңмен  кепілденеді. Ол  жергілікті  волютамен  бекітіледі);

                  волюта  күші (бұл  волютаның  инфляцияға  қатысты  тұрақтылығы);

                  ішкі  қорлардың  деңгейі (эксперттердің  айтуынша, экономиканың  дамуы  үшін  ЖІӨ ішкі  қорлануы 24 % болу  қажет. Мұндай  қорлану  ЖІӨ-ң  4-5 % өсуге  мүмкіндік  береді;

                  инфрақұрылымның  деңгейі.

Тікелей инвестицияны кәсіпорынға салу кезінде инвесторды  бәрінен  бұрын  қызықтырады:

                  ақпараттың бар  болуы;

                  жетімділігі;

                  толықтылығы;

                  шынайылығы;

                  оны  берудің  оперативтілігі (уақыттылылығы).

Инвестициялық қызметті халықаралық – құқықтық реттеу. Ерекше назарды халықаралық келісімдердің маңызына, бәрінен бұрын – инвестицияны өзара қорғау шартына мән берген жөн.

Жоғарыда барлық айтылған инвестициялық климатты жақсартуға байланысты мемлекеттік саясат мемлекетшілік және халықаралық денгейде орын алады.

 

1.2. Қазақстанға  шетел  инвестицияларын  тартуды мемлекет                                           тарапынан реттеу

 

Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызмет жалпы мемлекеттік және шаруашылық заңдармен, сонымен қатар республикалық және аймақтық денгейлерде арнайы нормативтік актілер жүйесімен реттеледі.

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, жер, кен, кәсіпорын және кәсіпкерлік қызмет туралы, акционерлік қоғамдар, біріккен кәсіпорындар туралы, банк және банктік қызмет туралы заңдар, салық салу, сыртқы экономикалық қызмет, кендік бақылау және валюталық реттеу, қарыз туралы, арендалық қатынас және сақтандыру туралы заң ережелері, нормативтік актілер және жекешелендіру бағдарламасы және т.б. бірінші топқа жатады.

Екінші топқа заң ережелері мен нормативтік актілер, республикалық ведомствалардың құжаттары жатады, олар капитал құратын және бюджет құратын ақшалай қаражаттар облысында инвестициялық процесті, сонымен қатар қаржылық активтерде орналастырудың салу бөлігін, аймақтық ерекшелікті ескеріммен аймақтағы инвесторлардың мүддесін қорғайтын аймақтық нормативтік актілерді реттейді.

Инвестициялық қызметке әсер ететін бірнеше жағдайлар жалпы сипаттағы халықаралық шарттар мен келісімдермен (мысалы – Европалық энергетикалық хартия мен келісім), сонымен бірге халықаралық қаржылық институттармен келісімдер арқылы (мысалы - Әлемдік Банк, Халықаралық Валюталық Қоры, Инвестициялық дауларды шешу халықаралық орталығы, Инвестицияларды сақтандыру бойынша көпжақты агенттігі,  Еуропалық қайта құру және даму банкі) реттеледі.

Қазақстан инвестициялық климатының жақсаруын 2003 жылдың 8 қаңтарында «Инвестициялар тұралы» заңының қабылдануы көрсетті. Бұл заңның ерекшелігі шетел және отандық инвесторларға тең құқық беру. Бүгінгі таңда Қазақстанда ұлттық капиталды ынталандыру мақсаты тұр. Заңның бірінші бөлімі инвестицияның құқықтық режимі, екіншісі инвестицияға мемлекеттік қолдаудың реттеу нормалары.

Инвестиция туралы қабылданған барлық мүліктің түрлері, лизинг шартын жасаған уақытынан бастап, лизинг пәні қосылады. Ары қарай инвестордың құқықтары және бір уақытта нақты сипатқа ие. Кәсіпкерлік қызметтің объектілері орнына тек қана екінші объект жазылған: жарғылық капитал және тіркелген активтер. Ол экономикадағы өндірістік сфераның дамуын ынталандырады және Қазақстанның ішкі нарығын тірілтеді.

Инвестиция кепілдіктер. Инвестордың мүддесін қорғау құралдары мен механихзмдері ретінде келесі дәстүрлі кепілдіктер қарастырылады: Қазақстан Республикасының территориясында инвестордың құқықтарының қорғалуына кепілдеме; табыстарды пайдалану кепілдемесі; ұлттандыру және реквизициядан кепілдеме. Заңда инвесторларға өтемақы нормасы да қарастырылған. Бұл жағдай инвесторлар үшін маңызды болып табылады. Шығындарды өтеу тәртібі азаматтық кодекске сәйкес. Кепілдеменің жаңа түрі заңнамалық актілердің тұрақтылығы: Қазақстан Республикасы келісімдерінің жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Инвестициялық преференциялар. Инвестицияны реттеудің және қолдаудың әдістері инвестициялық преференцияның көрінісі ретінде заңда көрсетілген, яғни нақтылық сипатқа ие – инвестициялық, салықтық преференция. Инвестициялық преференция берудің негізгі шарттары – инвестицияны экономиканың приоритеті секторларына салу, олардың тізімі Қазақстан Республикасының Үкіметі  бекітеді.

Инвестициялық салықтық преференциялар келесідей түрде беріледі: инвесторларға корпоративтік табыс салығы, егер инвестор жаңа өндіріс ашатын болса немесе кеңейтетін болса жеңілдіктер беріледі. Корпоративтік табыс салығы преференциясын пайдалану үшін салық төлеуші инвестициялық проект негізінде пайдалануға жаңа енгізіліп жатқан соммасы қосылмайды. Инвестициялық салықтың преференциялардың уақыты өткеннен кейін заңмен бекітілген нормада салықты төлей береді. . Заңда инвесторларға өтемақы нормасы да қарастырылған.  Мемлекеттік қолдау мақсатында салықтық преференциядан басқа кедендік жеңілдіктер, яғни олар импортталған құралдарға кедендік баждан босатылады. Инвестициялық преференциялар инвестордың мемлекеттік органмен жасасқан    контрактісі    негізінде    беріледі.   Қазақстанда   салық   преференциялар   мен кедендік жеңілдіктерден басқа заңда мемлекеттік гранттар көрсетілген, яғни инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін қажет мемлекеттік мүлікті қайтарымсыз беру. Заң мемлекеттік грант ретінде мына объектілерді айқындайды: жер учаскелер, ғимараттар, машиналар және құралдар. Және де мемлекеттік грант көлемі инвестициялық жобаның 30%-нен аспау керек.

Жаңа инвестицияға мемлекеттік көмек берудің артықшылығы бұрынғымен салыстырғанда:

-                     корпоративтік табыс салығына және мүлікке салынған салыққа жеңілдік берілді, яғни инвестор қаншалықты көлемде негізгі қорды инвестициялайтынына байланысты;

-                     қаншалықты деңгейде жеңілдіктер беруді есептеу тартылатын инвестицияның сапасына байланысты болады;

-                     заңмен өз еркімен сақтандыру енгізіледі, яғни коммерциялық тәуекелдік сақтандыру;

-                     заңда инвемтициялық дауды шешу тәртібі өзгертілген, яғни инвестор үшін екінші оң жағдай. Біріншіден инвестициялық даудың кең ұғымы пайдаланылады, екіншіден барлық дауларды халықаралық арбитражда шешуге мүмкіндік бар әдістемелерін.

Инвестициялық қызметті халықаралық – құқықтық реттеу. Ерекше назарды халықаралық келісімдердің маңызына, бәрінен бұрын – инвестицияны өзара қорғау шартына мән берген жөн. Өзімізге белгілі, қазіргі жағдайда шетел инвестициясын құқықтық реттеу екінші деңгейде жүзеге асады: ұлттық құқықтық және халықаралық құқықтық. Ұлттық құқықтық реттеудің кемшілігі халықаралық құқықпен жөнделеді. Шетел инвестициясына кепіл ұлттық заң берген кез келген уақытта алынып тасталуы мүмкін. Ал халықаралық заңдар берген кепілдер біржақты тәртіппен алынып тасталмайды. Халықаралық құқықтық реттеу шетел инвестициясын көпжақты және екіжақты келісім негізінде жүзеге асырады. Сонымен қатар халықаралық ұйымдар, мысалы: БҰҰ құқықтық реттеуге үлкен әсерін тигізеді. Халықаралық құқықтық реттеудің бір бөлігін инвестицияны өзара қолдау келісімі құрайды. Екіжақты келісім инвестицияны былай анықтайды:

                  жылжитын және жылжымайтын мүлік негізінде меншік;

                  компаниядаға пайдық қатысу;

                  инвестицияға байланысты экономикалық құндылықтарды құрумен байланысты ақша қаражаттарын талап ету құқығы;

                  интелектуалдық меншікке құқық соның ішінде технология, ноу-хау;

                  басқа барлық құқықтар мен заттай құндылық.

Кейбір екіжақты келісімдер инвестицияға коммерциялық қызмет және концессия ұғымын қосады. Әрине, екіжақты келісімнің мәні ондағы кепілдікке байланысы. Осылайша Қазақстан Республикасы қол қойған келісімдерде инвестрларға екі жақты негізгі екі режим беріледі: ең қолайлы жағдай тәртібі немесе ұлттық тәртіп. Инвестор әрбір жағдайда екі режимді таңдауға құқылы. Сондықтан Қазақстан Республикасы инвестиция облысын инвесторлар үшін жалпы ережелер қолданылған, елге байланысты. Жоғарыда барлық айтылған инвестициялық климатты жақсартуға байланысты мемлекеттік саясат мемлекетшілік және халықаралық денгейде орын алады.

Қазақстан Республикасының  құқықтық режимі бойынша шетел инвестициясы келесі жағдайлармен белгіленген:

1.                  Кез-келген шетел инвестициясының жұмсалу түрлері Қазақстан Республикасының заңнамаларымен бекітілген, заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының қайырымды істерімен немесе шетелдік заңды немесе жеке тұлғалардың істерімен шектетіледі;

2.                  Мемлекеттік заңнамаға сәйкес заңды және жеке тұлғалардың халықаралық келісім шарты бойынша немесе сол мемлекеттің артынан халықаралық конвенцияға қол қойғаннан бастап ҚР-ғы заңнамалық актілерге де байланысты;

3.                  Қазақстан Республикасының экономика және әлеуметтік заңнамаларының кейбір баптарына қосымша жеңілдіктер енгізіліп, Қазақстан Республикасының  салық төлеу жөніндегі заңнамаларынан басқа;

4.                  Қазақстан Республикасының территориясындағы заңнамалардың, актілердің, берілген инвестицияның шетелдік инвесторларға немесе шағын кәсіпорындарға тиым салынады немесе ұлттық қауіпсіздік комитетімен қамтамасыз етіледі;

5.                  Шетел инвесторларына кепілдікті сол қызмет істеп отырған өнеркәсіп орындарына беріледі.

Қазақстан Республикасының «Шетел инвестициялары туралы» заңында құқықтық және экономикалық және де Қазақстан Республикасының экономикасына шетел инвесторларын тарту барысында, мемлекеттік кепілдікті қорғау барысында оларды ұжымдық түр бойынша немесе шетел инвесторларының арқасында келісілген құжат бойынша анықталады.

Информация о работе Сыртқы жане ішкі инвестиция