Сыртқы жане ішкі инвестиция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 11:52, курсовая работа

Описание

• Қазақстанға шетел инвестицияларын тартуды мемлекет тарапынан реттеуді зерттеу; Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартудың хал-ахуалының жағдайын сараптау;
• Қазақстан Республикасындағы шетел инвестициясының келіп түсуіне талдау жасау;
• шетел инвестицияларын тартудың негізгі мәселелерін қарастыру;
• шетел инвестицияларын тартудың жетілдіру жолдарын табу.

Работа состоит из  1 файл

Сыртқы және ішкі инвестиция 2.DOC

— 163.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасына ағылып келген инвестициалардың көп бөлігі тікелей инвестициалар болып табылады сәйкесінше Қазақстан Республикасындағы шетел инвестициясының заңында кәсіпорындардың зеңнамалық іс-әрекеттері бекітілген:

                  «Шетелдік заңды тұлғаның араласуымен құрылған өндіріс орны»-бұл заңды тұлға Қазақстан Республикасының территориясында заңнамаға сай жұмыс істеп жатқан шетелдік немесе біріккен кәсіпорын;

                  «Шетелдік кәсіпорын»- шетелдік тұлғалармен байланысып, Қазақстан Республикасының территориясында заңнамаға сай істеліп жатқан шетел инвесторының кәсібі;

                  «Біріккен кәсіпорын» - шетел тұлғаларының қатысуымен Қазақстан Республикасының территориясында (заңнамаға сай, акция, пайда ақшасы) қаражат бар шетел инвесторы.

Қазақстан Республикасының заңнамасының 14 бабына сай заңды тұлғалар шетел тұлғаларымен бірігіп келесі түрде өнеркәсіп құра алуына құқы бар:

                  шаруашылық жолдастық (Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі 58 бап коммерциялық ұйымдардың ортақ капиталын бөлу туралы заңы немесе мүліктерді пайдалану барысында ортақ режим орналасу тәртібі);

                  акционерлік қоғам (Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінде 85 бабына сай) заңды тұлға, өзінің ортақ өндіріс шаруашылықпен айналысатын немесе ортақ капиталын өндіріске қоса алатын қабілет.

. Шетел инвесторларының әлеуметтік жағдайы жақсарған  сайын халықаралық келісім шарт құжаттарына сай   кез келген мемлекеттік республикалық экономикалық қызығушылығын тудыратыны ақиқат.

Бұл талаптар Қазақстан Республикасының екі жақты қарым-қатынастың ұлттық қауіпсіздіктің, экологиялық және денсаулық сақтау қауіпсіздіктерінің жақсаруына байланысты істелінетін істер. Заңнамалардағы өзгерістер адекватты түрде Қазақстан Республикасының ортақ қазынасына құйылады және де инвесторлардың ортақ  мақсатына ыңғайластырылады.

ІІ. Экспроприяция кепілдігі (Қазақстан Республикасының заңы 7 бап «Шетел инвестициясы»):

                  шетел инвестициясының ұлттандыру саясаты, экспроприяция жүйесіне және де дискриминациялық адекватты  компенсациясына сай қызмет істейді;

                  нарықтық экономикада компенсация қызметі басты роль атқарады;

                  қаражатты пайдалану барысында ақшаларды  төлеу және экспроприяция периодына қосылу процесі Қазақстан Республикасының халықтық банкінде есептелінеді.

ІІІ. Лауазымды және  мемлекеттік органдардың кепілдіктегі заңсыз іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамаларына сай шетел инвесторларының құқықтық жағдайына сай қызмет істеп заңдық күшін жоя алмайды (Қазақстан Республикасының заңы «шетел инвестициясы туралы» 8 бап).

IV. Шетел инвесторларының  өтем алу процесі және кепілдік компенсациясы. («Шетел инвестициясы туралы» Қазақстан Республикасының заңы 9 бап). Шетел инвесторларының Қазақстан Республикасында соғыс және де әскери қайшылықтар болған жағдайда, революция, келеңсіз жағдай, азаматтық көтеріліс және де басқа жағдайлар бола қалған жағдайда Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына компенсациялар жоғары деңгейлік төлеу қызметке кіріседі. Шаруашылық жұмыста шетел инвесторларының бюджетке қаражат және де қаржы органдарының заңсыз қаулылары заңнамалармен белгіленеді.

V. Кірістерді пайдалану кепілдігі («Шетел инвестициясы туралы» заңында 13 бап).  Шетел инвесторлар Қазақстан Республикасының территориясында өзінің тауарларын өндіруін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сай істеуі тиіс.  Өзінің кірістерін сақтау және пайдалану барысында Қазақстан Республикасының территориясында кез-келген валютамен банкке уақытша сақтауына құқы бар және оны реттей алады.

VI. Жеке валюталардың пайдалану кепілдігі («ҚР шетел инвестициясы туралы» 11 заң). Валюталық операция Қазақстан Республикасының заңнамаларында соның ішінде  1996 жылы 24 желтоқсан № 54-1 «Валюталық реттеу» заңнамасымен өндіріледі. Қазақстан Республикасындағы инвесторлардың инвестициясы ақша аударылып шетелге  және мемлекеттің ішкі айналым процесінде Қазақстан Республикасының заңнамаларына сай сәйкестендіріледі. Бұл айналымға жататындар:

а) кірістер;

б) келтірілген зардаптарға төленетін компенсациялар мен ақшалар;

в) өзінің мүліктерін сатқан ақша;

г) сатудан түскен пайда немесе инвестицияның ликвидациясы;

д) заңды ақша түсімдері.

Өндіріс орындары шетел тұлғаларының қатысуымен валюталық реттеуді берілген заңнамаларымен теңестіріледі. Шетелдік инвестор  өзінің өнеркәсібін ұлттық валютамен еркін басқара алады.

VII. Шетел инвесторларының қызметтік кепілдігі (шетел инвестиция туралы заңы -12 бап). Барлық нормативтік актілер, сот үкімдері, шетелдік инвестицияның нәтижесіне байланысты екі жақтың пайдасына шешілуі тиіс.  Шетел инвесторларының  өзінің мүліктерін тіркеу үшін, қаулылардан және де заңды тұлғалардан, коммерциялық құпияларын жасыру барысында  толықтай ақпарат алуы тиіс. Қазақстан Республикасының үкіметінің ведомства аралық комиссияның шешіміне сай орындалады  (1999 жылғы 2-ші желтоқсан №1843 қаулысында белгіленгендей).

Бұл комиссияның мақсаты  инвестиция функцияларын ұйымдастыру шаралары барысында болып табылады:

                  өз уақытын, сапалы инвесторларының қамтамасыз етілуі;

                  комиссияның компетенциясына сай притензияларды шетелдік инвесторларына тарту;

                  шетел инвесторлармен мемлекеттің саясатына белсенді араластыру;

                  Қазақстан Республикасының үкіметінің және де Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы инвесторлар кеңесінің шынайы секторлары экономикаға құйылған әсерлері.

Комиссия жетекшісі Қазақстан Республикасының Премьер Министрі жетекшісі тағайындайды. Комиссия төрағасының қызметі-отырыстар графигін ұйымдастыру, рекомендацияның жұмысшылар ортасындағы  ортақ бақылау, егер де комиссия төрағасы жоқ болса орынбасары атқарады. Комиссия хатшысы отырыстың хаттарын негізгі материалдарды протоколдарды тексеріп отырады. Қазақстан Республикасының Президентіңің 1996 жылы 8 қарашадағы №3203 қаулысына сай мемлекеттік саяси формасының шетел инвестициясын ҚР-ң  экономикасына құю  барысында қызмет істейді.

VIII. Мемлекеттік тексеріс кепілдігі (Қазақстан Республикасының “Шетел инвестициялары туралы” заңы):

                  бақылауды және тексеруді Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сай мемлекеттік лауазымы бар тұлға және заңды арнайы тұлға істей алады;

                  салықтарды өндіріп алу Қазақстан Республикасының салық кодексінде жазылған заңнамалармен реттеліп отырады;

                  мемлекеттік салықты басқару, тексеру, санитарлық және де басқа мемлекеттік органдардың бақылау қадағалаулары талап мүдделеріне сай қызмет істейді. Шетел инвесторлары өздерінің күрделі сұрақтарын осы құзырлы орындарға талап ете алады және де өз іс-әрекеттерін бөліседі.

Шетел инвестициясының тарту агенттігі Қазақстан бойынша жалғыз мемлекеттік  орган болып табылады. Қазақстан Республикасының инвестициялар агенттігінің ең негізгі жұмысы 1999 жылғы 24 желтоқсандағы №1969 қаулысына сай:

                  Қазақстан Республикасындағы  инвестициялық климаттық асу   және    өндірілу процесі;

                                        инвестициялық климаттың Қазақстан Республикасының территориясы бойынша даму стратегиясына сай қызмет істеуі;

                                        Қазақстан Республикасында тікелей инвестициялық пайдалану өндірілу қаражатын реттеу;

                  мемлекеттік есептеу және есептесу ұйымдарда тікелей

                  инвестицияның қаражаты.

Қазақстанға келген тікелей шет инвестицияларыынң (ТШИ) ағымымен байланысты құқықтық құжаттардың жиынтығын зерттегенде олардың жоғарыдағы тізіммен ұқсастығын көреміз. Шетел инвесторлары үшін осы заңдар дұрыс қызмет атқарылуы және ойынның ережелері сақталуы маңызды болып табылады. Қабылданған заңдар құқықтық және экономикалық негізде болу керек. Инфрақұрылым аясының сапалық артта қалуы банктік және инфрақұрылым аясы табылады. Шетел капиталын тарту үшін тұрақты макроэкономикалық және есаяси ортаны құру керек. Бұл жерде ашық сауда саясаты, дұрыс бюджет саясаты және шетел валютасына қатысты либералды саясаты маңызды рөлді атқарады. Сонымен қатар жекешелендіру процесінің рөлін нақты анықтап көрсету керек және шетелдіктердің жекешелендіруге қатысуға байланысты ережелерін құрастыру керек.

              ТШИ-ды тартудың тағы бір негізгі шарты, ол тұрақты және ретті құқықтық негіздің болуы. Бұл мемлекеттік режимнің қағидасына сай болуы тиіс және рыноктардың дұрыс қызмет етуіне жағдай жасауы керек. Заңдарды қабылдаумен қатар оларды орындау және мәжбүрлеп қолдану қажет.      

 

 

2.  ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНА ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯСЫН  ТАРТУДЫҢ  БОЛАШАҒЫ

 

 

2.1. Сыртқы инвестицияларын тартудың негізгі мәселелері

 

 

Қазақстанда соңғы жылдары инвестициялық жағдайдың жақсаруына қарамастан, инвестициялар бойынша шетелдiк кеңесшiлер аудиторлық және заң фирмаларын қоса алғанда, коммерциялық және экономикалық сұрақтар бойынша шетелдiк елшiлiктердiң атташелерi (олар қызығушылық бiлдiрiп, бiрақ инвестициялауға толық шешiм қабылдамаған мүмкiн инвесторлармен тiкелей таныс) қазiргi күнге дейiн республикада келiссөздер жүргiзу және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшiн сәйкесiнше жағдайлар жасалмаған деп есептейдi. Олар инвестициялық жағдайлар бойынша халықаралық индекстердi дәлелге алады, мысалы, ЕБРР (Европалық қайта құру және даму банкi), ол бойынша Қазақстан қолайлы емес инвестициялық жағайлары бар елдер қатарына жатады. Олар жемқорлық, мәліметтерді жиі бұзу, инвестициялауды жүзеге асырудағы жоғары шығындар, виза дайындаудағы қиындықтар мен жергiлiктi iскер серiктестерiнiң сенiмсiздiгi туралы айтады. Осы проблемалардың бәрi инвесторларды кен өндiру өнеркәсiбiнен басқа өндiрiс және қызмет салаларына инвестициялаудан шошытады.

Шетел инвесторларының қатты уайымы инвестициялық процесстерге жемқорлық болып отыр. (Заирдағы Мебуту, Италиядағы бiрнеше даулар т.б.). Жеке мамандардың ойынша жемқорлықтың белгiлi бiр дәрежесiнен құтылу мүмкiн емес. Бiрақ инвестициялық процесстердегi  ақшаны заусыз табу мен пара алу қазiргi кезде экономика мен қаржыны әлемдiк масштабта тұрақсыздандыра алатын көлем алды. Жемқорлықты жою бойынша үлкен жұмысты Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) жүргiзуде.

                

Шетелдік тікелей инвестицияны тартудың басқа формасы жалға беру мен концессияны білдіреді, яғни сыртқы кәсіпкерлік құқық беру, ұзақ мерзімді жалға беру қызметіндегі шаруашылық қызметтерінің әртүрлі түрдегі ерекшелігі. Орны толатын және орны толмайтын табиғат ресурстарын өңдеуге құқық беру, мемлекеттің жеке меншік басқа түрдегі салалардың ерекшелігі сонымен қатар елдің заңдастырылған сәйкестіктеріне сай мемлекеттің монополияны белгілейтін арнайы уақыттарды бекіту. Біріккен кәсіпорындарының Қазақстандағы даму перспективаларын бағалаған кезде ол елге шетел инвестициясын тартуды көздеу керек және олардың басқа қаржылық қызметтерінің артықшылығын ескерген жөн. Бірақ оны таңдаулар кезінде тенденцияның инвестициялар басымдылық формасын қазіргі уақытта әлемдегі экспортталатын капиталды қадағалау болып табылады. Қазақстан мен басқа да мемлекеттердің әлемдік нарықтағы әлсіз позицияларына байланысты шетелдік капиталға баланста сұраныс пен ұсыныс жеткілікті жолдамда, тек олардың өзара бәсекелесу, яғни капиталдың төменгі әлемдік сегментінде, банк несиелерімен және халықаралық ұйымдардың ресми несиелері мен жоюлы кепілдіктерді қамтамасыз етулер арасында.  Бағалау перспективасы бұл елдердегі шетел капиталының түсімі 60-70% болса батыс елдерінің үкіметінің ресми және кепілді несиелерін көрсететін болады, сонымен қатар халықаралық ұйымдар несиелері. Бұл белгілі жағдайда Халықаралық валюта қорының өсуін оның қысым тұтқасындағы өсуін жеке капиталдың түсіміне әсерін, экономикалық саясаттағы бұл елдердің энергетикалық құрылымдық реформаларын болжайды. Осыған қарамастан Қазақстанның капиталдар экспортында жалпылама мақсатта елдермен байланыста, бірақ мұндай форма шетелдік кәсіпкерлік капиталға тікелей инвестиция тартуды көрсетеді. Бірлескен және толық кәсіпорындарды қалыптастыру формасымен мемлекет пен шетелдік инвесторлар арасындағы кәсіпорынның шарттарын қалыптастыру арқылы ерекшеленеді. Шетел кәсіпкерлігінің капиталдарын тарту сонымен қатар бәсекелестіктің дамуымен және ішкі нарықта монополиямен күрестің активті құралдары болып табылады. Инвестициялық ресурстар көмегімен ұлттық өндірушілер күшінің тиімділігін арттыруға болады. Тікелей шетелдік инвестицияның парасаттылығы экспорт диверсификациясымен салыстырулар бойынша шетелдік несиелермен қосымша жұмыс орындарын пайдалану қабілеті.

Тек шетелдік инвестиция мен бірлескен кәсіпорынды қалыптастырудан басқа республикадағы шетел капиталының түсім формаларын оның ішінде бірлескен және шетелдік банктерді қалыптастыру арқылы жүзеге асады. Қазіргі уақытта бұндай банктер мемлекеттік ұлттық банктерге тіркеп қояды. Әлемдік тәжірибе инвестициялаудың басқа формасын иемденеді. Олардың арасында соңғы он жылдықта «жаңа формадағы өнеркәсіп инвестициялар» немесе акционерлік формадағы емес инвестициялар деп аталатын ерекше дамуды көрсетті. Оларға лицензиялау, лизинг, франчайзинг, бірлескен өндіріс, құрылыс заводтары жатады. Стратегиялық ынтымақтастықты жүзеге асыру барысында әрбір нақты жағдай формасында фирма оңтайлы жағдайларды таңдайды. Қазіргі уақытта батыстың инвесторлары қаншама тәуекелділікті қысқартса да капитал салымдарымен шетелдік инвесторлар үшін қамтамасыз етудің белгілі артықшылығын ескеріп отырады. Акционерлік бірлескен кәсіпорынның мүшелік жетекшілік органдары компания істері шешімдері жөнінде өзіне жауапкершілікті жүктейді.

Тікелей  инвестициялау  тек  капиталдың  орын  ауыстыруы  деп  қарастыру  дұрыс  емес. Көбінесе  бас  компания  өз  маркасын, басқару  құрылымын, ноу-хауын  және  т.б.  қолдану  арқылы  барлық  қажетті  қаржылық  ресурстарды  толығымен  немесе  ішінара инвестицияны қабылдаушы елден алады. Филиал  тиімді  болған  кезде  ол  өз  пайдасы  мен  қайтадан  алынған  несиесі  есебінен  өседі,.

Қазақстанның шетел инвесторларына тартымды фактор – ел экономикасының бір жақты дамуы себеп болуы мүмкін. Қазақстан экономикасының алдынғы болашағында өнеркәсіптің өндіруші және қайта өндіруші шикізат салаларынан кірісті алуға бағдарлануымыз қажет. Транзиттік процестегі деңгейінің маңызды индикатор қызмет секторының дамуы болып табылғанмен, тиісіт денгейге дейін даму үшін белгілі мерзім керек. Халықаралық нарықта Қазақстанның позициясын нығайту үшін алдын ала маңызды шарт өнеркәсіптің экспорттық потенциалын көбейту болуы мүмкін. Экономика секторларының арасында инвестицияны қайта бөлу пайдасына республикадағы инвестициялық саясатты қайта қарастыру болашақта саналы болып көрінеді, басқа салалардың жеткілікті инвестицияланбауынан экономиканың жеке салаларында инвестиция осы көп болып кетуі «голландтық ауруға» шалдықтыруы мүмкін. Инвестициялық саясаттың ұзақ мерзімді және басымды мақсаты экономиканың әр түрлі салаларының дамуында теңдікке жету болып табылады.

Инвестиция және салық бойынша халықаралық орталық Қазақстанда инвестициялық климаттың арнайы зерттеуін жүргізді. Қазақстанда инвестициялық позицияны (бағытты) ұстанатынын немесе осындай мүмкіндікті қарастырып жатқанын 46 респонденттердің 39-ы көрсетті. Бұл респонденттер қазіргі кезеңде республикада орын алатын шетел инвестициясының сферасындағы барлық негізгі позицияларды көрсетеді. Ірі батыс компаниялары басшыларының пікірі бойынша Қазақстанда инвестициялық климат жалпы алғанда қолайлы, бірақ ары қарай шетел капиталының құйылуы үшін күрделі кедергілер мыналар болуы мүмкін:

Информация о работе Сыртқы жане ішкі инвестиция