ҚР-ның сыртқы және ішкі қарыздары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 11:39, реферат

Описание

«Мемлекеттік қарыздарды басқарудың теориялық негіздері мен оны реттеудің тәжірибесі» деп аталатын бірінші бөлімде мемлекеттік қарызданудың теориялық тәсілдемесінің эволюциясы және мемлекеттік қарызды басқару жүйесінің негіздемесі, Қазақстандағы мемлекеттік және жекеменшік қарыздануды жандандырудың нысандары, мемлекеттік қарызды басқару стратегиясы: қолдану құралдары мен параметрлері ұсынылған.

Мемлекеттік қарызданудың мәселесінің мәнін түсіну экономикалық ғылым классиктері Адам Смит пен Давид Риккардо еңбектерінен басталады. А. Смит зерттеулерінде мемлекеттік шығындарды несие арқылы қаржыландыру тәжірибесі жағымсыз бағаланады, оның пікірінше, мұндай тәжірибе халық байлығын азайтады, осымен бір мезгілде салық ауыртпалығын тереңдетіп, капитал жинауға едәуір кедергі келтіреді. А. Смит мемлекеттік қарыз мәселесін соғыс уақытындағы мемлекеттік шығындарды қаржыландырумен тығыз байланыста көреді. Соғыстарға орай пайда болған қарыздар бейбіт шақта өз-өзінен жоғалып кетпейді, керісінше, қарызды өтеу және пайыздық төлемдерін қамтамасыз ету проблемаларына байланысты одан әрі өсе түседі, бұл, өз кезегінде, салықтардың артуына әкеледі. А. Смит еңбектерінен тікелей көрініп тұрғандай, ол экономиканы милитарландыру мен соғыс жүргізу үшін тартылған ақша құралдарын тиімсіз пайдалануды сынады, мұндай көзқарасты толығымен әділ деп қабылдауға болады, себебі А. Смит өмір сүрген уақытта мемлекет халықтың негізгі бөлігінің өмірін жақсарту бойынша әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру жауапкершілігін толығымен мойындамайтын.

Работа состоит из  1 файл

Реферат қаржы.doc

— 180.50 Кб (Скачать документ)

                                           ЖОСПАР

    • «Мемлекеттік қарыздарды басқарудың теориялық негіздері мен оны реттеудің тәжірибесі»
 
  • «Қазақстан Республикасының сыртқы қарызының қазіргі жағдайына талдау жасау: бағалау әдістемесі мен даму серпіні»
 
  • «Қазақстан Республикасының сыртқы қарызын басқару механизмдерін жетілдіру»
 
  • Қорытынды
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

«Мемлекеттік  қарыздарды басқарудың теориялық негіздері  мен оны реттеудің  тәжірибесі» деп аталатын бірінші бөлімде мемлекеттік қарызданудың теориялық тәсілдемесінің эволюциясы және мемлекеттік қарызды басқару жүйесінің негіздемесі, Қазақстандағы мемлекеттік және жекеменшік қарыздануды жандандырудың нысандары, мемлекеттік қарызды басқару стратегиясы: қолдану құралдары мен параметрлері ұсынылған.

    Мемлекеттік қарызданудың мәселесінің мәнін түсіну экономикалық ғылым классиктері Адам Смит пен Давид Риккардо еңбектерінен басталады. А. Смит зерттеулерінде мемлекеттік шығындарды несие арқылы қаржыландыру тәжірибесі жағымсыз бағаланады, оның пікірінше, мұндай тәжірибе халық байлығын азайтады, осымен бір мезгілде салық ауыртпалығын тереңдетіп, капитал жинауға едәуір кедергі келтіреді. А. Смит мемлекеттік қарыз мәселесін соғыс уақытындағы мемлекеттік шығындарды қаржыландырумен тығыз байланыста көреді. Соғыстарға орай пайда болған қарыздар бейбіт шақта өз-өзінен жоғалып кетпейді, керісінше, қарызды өтеу және пайыздық төлемдерін қамтамасыз ету проблемаларына байланысты одан әрі өсе түседі, бұл, өз кезегінде, салықтардың артуына әкеледі. А. Смит еңбектерінен тікелей көрініп тұрғандай, ол экономиканы милитарландыру мен соғыс жүргізу үшін тартылған ақша құралдарын тиімсіз пайдалануды сынады, мұндай көзқарасты толығымен әділ деп қабылдауға болады, себебі А. Смит өмір сүрген уақытта мемлекет халықтың негізгі бөлігінің өмірін жақсарту бойынша әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру жауапкершілігін толығымен мойындамайтын.

    Давид Риккардо мемлекеттің экономикалық процестерге монетарлық араласу  саясатын барынша қатты сынға  алды . Риккардо сынының орталық  пункті мемлекеттік қарыздың жинақ капиталды – халықтың негізгі өнімді көзін дамытуға ықпал ету мүмкіндігі болатын. Салықтар да капитал жинақтауға кедергі болғанмен, олардың мемлекет үшін мемлекеттік қарызға қарағанда ауыртпалығы төменірек, себебі соңғысы индивидумдардың қолындағы табыстарын жанама түрде және байқаусыз қысқартады.

    Рикардоның  теориялық көзқарастарына сәйкес, салық  төлеушілер мемлекеттік шығындар мемлекеттік  қарыз есебінен қаржыландырылған жағдайда пайыздарды салық есебінен төлеудің келешек міндеттемелерінің нақты  көлемін капиталды төмендетуге апаратын ауыртпалық ретінде қарастырмайды және салықтық қаржыландыру жағдайына қарағанда өздерін байырақ сезінеді. Бұл, дегенмен, шындыққа сәйкес келмейді, себебі салықтар мемлекеттік қарыз секілді, Д.Рикардоға сәйкес, тек ғана нысанымен ерекшеленеді, ал олардың экономикалық субстанциясы бірдей. Мемлекеттік қарыз тәжірибесі «біздің үнемділігімізді азайтып, нақты жағдайымыз жөнінде қателесуімізге алып келетін»  иррационалды мінез-құлыққа итермелейді.

    Экономикалық  ойды әрі қарай дамыту көрсеткендей, мемлекеттік қарыз туралы негізгі сұрақ мемлекет қарыз беруші ролін атқаруы керек пе дегенде емес, ол келесі сұрақтарға жауап іздеуге шоғырландырылады: мемлекет қандай мақсаттармен және қандай көлемде қарыз ала алады, сонымен қатар макроэкономикалық тепе-теңдік үшін қандай салдарлармен түсйіндескен.

    Дегенмен  мемлекеттік қарызданудың оңтайлы  шегінен асу, демек, қарызға қызмет көрсетуге жұмсалатын шығынның артуы  ХХ ғасырдың 70-жылдарында Кейнстің экономикалық рецептерінің тиімділігінің төмендеуіне және дамыған нарықтық экономикалы елдердің үкіметінің мемлекеттік реттеудің теориялық базасын қайта қарауына алып келді. Монетаристік ілімнің ғылыми аренасына шығу барысында мемлекеттік қарыз проблематикасы монетаристер мен кейнсиандық мектеп өкілдері арасындағы жаңаша пікірталастардағы едәуір дау-дамайлы сәттердің біріне айналады.

    Монетаристердің пікірінше, бюджеттік-салықтық саясат жүргізуден ұзақ мерзімді де, қысқа  мерзімді де әсерді күтуге болмайды. Егер мемлекет өз қажеттіліктерін капитал  нарығында қарыз алу есебінен қаржыландырып отырса, онда бұл әдетте пайыздық қойылымды өзгерту есебінен жүреді, бұл жеке инвестицияларды итеріп шығаруға әкеледі, ал егер мемлекет осы мақсатқа эмиссиялық банк несиелерін пайдаланатын болса, онда ақша массасының сәйкес ұлғаюына байланысты инфляциялық қысымнан қашу мүмкін емес. Монетаристер экономикалық өсу құралы ретіндегі «басқарылушы инфляцияның» принципиалды жақтаушылары болып табылады.

    Осылайша, негізгі экономикалық мектептердің мемлекеттік қарыздану ролі, мәні және қызметі туралы принципиалды қарама-қайшы көзқарастары «мемлекеттік қарыз» ұғымының мазмұнына, мемлекеттік қарыздың экономиканы мемлекеттік реттеу  құралдарының жүйесіндегі орнына, оның сапалық және сандық құрамына және басқа да параметрлерге деген пікірлердің кең спектрін туғызады.

    «Қазақстан Республикасының сыртқы қарызының қазіргі жағдайына талдау жасау: бағалау әдістемесі мен даму серпіні» деп аталатын екінші бөлімде еліміздегі макроэкономикалық ахуал мен сыртқы қарыз жағдайының өзара байланысы, Қазақстан Республикасының  мемлекеттік сыртқы қарызы мен жалпы ішкі қарыздарының даму жағдайын талдау, сыртқы қарыз деңгейінің Қазақстанның даму үрдісіне ықпал етуі талданған.

    Сыртқы  экономикалық қолайлы конъюктура, ішкі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық пен орта мерзімді экономикалық стратегия шараларын жүзеге асыру 2003-2007 жылдары ең маңызды макроэкономикалық көрсеткіштердің оң серпінін сақтап қалды. ЖІӨ көлемі 2007 жылдың 01 қаңтарында жедел деректер бойынша ағымдағы бағалармен 9 738,8 млрд. теңгені құрады. Нақты ЖІӨ-нің 2006 жылдың 01 қаңтарымен салыстырғанда 10,6% болды. ЖІӨ 2006 жылдың 01 қаңтарымен салыстырғанда нақты көрсеткішпен 80,6% ұлғайды жəне қолайлы жағдайлар болған жағдайда ЖІӨ екі еселеу міндетіне 2008 жылдың өзінде-ақ қол жеткізуге болады.

    1990-жылдардың басында Қазақстан экономикасын түрлендіру кезеңі ұлттық экономиканың әлеуметтік-экономикалық реформалары мен тұрақты дамуын қамтамасыз етуді қаржыландыру үшін қажетті жеткілікті меншікті қаржы ресурстарының болмауымен сипатталады. Бұл несие капиталының ішкі және сыртқы нарықтарында мемелекеттік қарызға алуды тарту қажеттілігі мен ҚР-ның мемлекеттік қарызының түзілуіне себепші болды.

    Республиканың жалпы сыртқы қарызының (ЖСҚ) өсуі тез  қарқынмен жалғасып отыр жəне 2007 жылдың екінші тоқсанының аяғында тоқсан ішінде 10,1 млрд. долл. ұлғая отырып, 92 млрд. АҚШ долл. (бұдан əрі – долл.) астам болды. 2.11-суретте ЖСҚ динамикасы Қазақстан экономикасының секторлары бойынша бөлініп көрсетілген. 1-суретте көрсетілгендей, ағымдағы жылдың екінші тоқсанында «Басқа секторлардың» сыртқы міндеттемелері көлемінің «Банктер» секторының (екінші деңгейдегі банктер жəне «Қазақстан Даму Банкі» АҚ кіретін) көлемінен тұтастай алғанда асып түсуі болды». Егер «Мемлекеттік басқару» секторы бойынша (ҚР Үкіметі) 2005 жылдың аяғынан бері сыртқы қарыздың деңгейі 1,5 млрд. долл. жуық болса, онда «Ақша-кредиттік реттеу органдары» секторы бойынша (ҚР Ұлттық Банкі) 3,1 млрд. долл. дейін өсу болды.

    Ескертпе–ҚР-ның Ұлттық Банкінің  деректері бойынша автор әзірлеген

    1- сурет – ҚР-ның секторлар бойынша жалпы сыртқы

    қарызының серпіні, млн.долл. 

    Бұл жұмыста сыртқы қарызды талдау елдің экономика секторлары бойынша ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік жəне мемлекет кепілдік берген сыртқы қарыз бөлігіндегі сыртқы қарызға талдау (ҚР Үкіметінің, Ұлттық Банктің жəне республика кəсіпорындарының мемлекеттік кепілдігі бар кредиттері бойынша сыртқы берешегінен тұратын) жəне мемлекет кепілдік бермеген сыртқы қарызға талдау жасалған (1-кесте).  

1-кесте  – 2003-2007 жылдардағы ҚР-ның жалпы сыртқы қарызының серпіні

                                                                                                                                           (млн. АҚШ долл.)

Көрсеткіштері 4 тоқ.

2003

4 тоқ.

2004

4 тоқ.

2005

4 тоқ.

2006

1 тоқ.

2007

2 тоқ.

2007

Мемлекеттік және мемлекет

кепілдік берген сыртқы қарыз

3 622,6 3 132,9 2 175,0 3 124,6 4 122,9 5 098,3
Қарыздың  жалпы сомасындағы 

үлесі, %-бен

15,8 9,6 5,0 4,2 5,0 5,5
Мемлекет  кепілдік бермеген

сыртқы қарыз

19297,6 29580,3 41253,5 70898,1 77812,5 86977,1
Қарыздың  жалпы сомасындағы

 үлесі, %-бен

84,2 90,4 95,0 95,8 95,0 94,5
Қортындысы: 22920,2 32 713,2 43 428,5 74 022,7 81 935,4 92 075,5
Ескертпе–ҚР-ның  Ұлттық Банкінің деректері бойынша  автор әзірлеген
 

    Кепілдік  берілмеген қарыз бөлігінің артуына (2-сурет), ең алдымен, мұнай мен газды барлау, өндіру, қайта өңдеу мен тасымалдау жөніндегі ірі жобаларды қаржыландыру себепші болды.

                               Ескертпе–ҚР-ның Ұлттық Банкінің деректері бойынша автор әзірлеген

    2- сурет – ҚР-ның жалпы сыртқы  қарызының құрылымы 

    3-суретте  заемшылар салалары бойынша есепті кезеңнің басындағы ЖСҚ құрылымы келтірілген. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың айтарлықтай қарыз алуының, сондай-ақ ҚРҰБ сыртқы міндеттемелері нəтижесінде «Қаржылық қызмет» саласы көшбасшы болуын жалғастыруда. Шетелдік инвесторлардың Қарашығанақ жобасы бойынша шығындарының орны толтырылуына жəне «Өңделмеген мұнай жəне табиғи газ өндіру» саласына жатқызылған басқа кəсіпорындардың негізгі қарызының өтелуіне байланысты, бұл саланың міндеттемелері төмендеп, 2006 жылғы 8,9 млрд. долл. салыстырғанда 2007 жылдың маусымының аяғында 8,2 млрд. долл. құрады. Үкіметтің сыртқы қарызы «Мемлекеттік басқару» саласына жатқызылды.                                 Ескертпе–ҚР-ның Ұлттық Банкінің деректері бойынша автор әзірлеген

    3- сурет – Жұмсалымдардын негізгі салалары бойынша

    жалпы сыртқы қарыз, 01.01. 2007 ж 

    Сырттан қарыз алу көлемінің өсуі нəтижесінде  оған қызмет көрсету бойынша шығыстар, əсіресе сыйақы, комиссиялар жəне төлем балансының ағымдағы шотында көрсетілетін өзге де ілеспе төлемдер бөлігіндегі шығыстар ұлғаюда. 2-кестеде ЖСҚ-ға тек ұзақ мерзімді борыш бөлігіндегі ғана қызмет көрсету көрсетілген. 

2-кесте  – 2003-2007 жылдардағы ҚР-ның ұзақ мерзімді сыртқы қарызына қызмет көрсету мен өтелуі

                                                                                                                                            (млн. АҚШ долл)

Көрсеткіштері 4 тоқ.

2003

4 тоқ.

2004

4 тоқ.

2005

4 тоқ.

2006

1 тоқ.

2007

2 тоқ.

2007

1. Негізгі  қарызды өтеу және қайта ұйымдастыру 4539,6 7246,1 9355,5 9297,5 2709,7 5476,3
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз 280,1 680,2 1 088,1 197,9 125,2 394,0
Мемлекет кепілдік бермеген қарыз 4 259,5 6 565,9 8 267,4 9 099,6 2 584,5 5 082,3
2. Сыйақыны (мүдені төлеу және комиссиондық  төлемдер) 719,1 939,2 1 698,3 3 639,0 1 183,2 1 286,7
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз 186,8 188,2 170,6 91,8 16,2 20,3
Мемлекет  кепілдік бермеген қарыз 532,3 751,0 1 527,7 3 547,2 1 167,0 1 266,4
Барлығы 5 258,7 8 185,3 11 053,8 12 936,5 3 892,9 6 763,0
Ескертпе–ҚР-ның  Ұлттық Банкінің  деректері бойынша 

Информация о работе ҚР-ның сыртқы және ішкі қарыздары