ҚР-ның сыртқы және ішкі қарыздары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 11:39, реферат

Описание

«Мемлекеттік қарыздарды басқарудың теориялық негіздері мен оны реттеудің тәжірибесі» деп аталатын бірінші бөлімде мемлекеттік қарызданудың теориялық тәсілдемесінің эволюциясы және мемлекеттік қарызды басқару жүйесінің негіздемесі, Қазақстандағы мемлекеттік және жекеменшік қарыздануды жандандырудың нысандары, мемлекеттік қарызды басқару стратегиясы: қолдану құралдары мен параметрлері ұсынылған.

Мемлекеттік қарызданудың мәселесінің мәнін түсіну экономикалық ғылым классиктері Адам Смит пен Давид Риккардо еңбектерінен басталады. А. Смит зерттеулерінде мемлекеттік шығындарды несие арқылы қаржыландыру тәжірибесі жағымсыз бағаланады, оның пікірінше, мұндай тәжірибе халық байлығын азайтады, осымен бір мезгілде салық ауыртпалығын тереңдетіп, капитал жинауға едәуір кедергі келтіреді. А. Смит мемлекеттік қарыз мәселесін соғыс уақытындағы мемлекеттік шығындарды қаржыландырумен тығыз байланыста көреді. Соғыстарға орай пайда болған қарыздар бейбіт шақта өз-өзінен жоғалып кетпейді, керісінше, қарызды өтеу және пайыздық төлемдерін қамтамасыз ету проблемаларына байланысты одан әрі өсе түседі, бұл, өз кезегінде, салықтардың артуына әкеледі. А. Смит еңбектерінен тікелей көрініп тұрғандай, ол экономиканы милитарландыру мен соғыс жүргізу үшін тартылған ақша құралдарын тиімсіз пайдалануды сынады, мұндай көзқарасты толығымен әділ деп қабылдауға болады, себебі А. Смит өмір сүрген уақытта мемлекет халықтың негізгі бөлігінің өмірін жақсарту бойынша әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру жауапкершілігін толығымен мойындамайтын.