ҚР-ның сыртқы және ішкі қарыздары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 11:39, реферат

Описание

«Мемлекеттік қарыздарды басқарудың теориялық негіздері мен оны реттеудің тәжірибесі» деп аталатын бірінші бөлімде мемлекеттік қарызданудың теориялық тәсілдемесінің эволюциясы және мемлекеттік қарызды басқару жүйесінің негіздемесі, Қазақстандағы мемлекеттік және жекеменшік қарыздануды жандандырудың нысандары, мемлекеттік қарызды басқару стратегиясы: қолдану құралдары мен параметрлері ұсынылған.

Мемлекеттік қарызданудың мәселесінің мәнін түсіну экономикалық ғылым классиктері Адам Смит пен Давид Риккардо еңбектерінен басталады. А. Смит зерттеулерінде мемлекеттік шығындарды несие арқылы қаржыландыру тәжірибесі жағымсыз бағаланады, оның пікірінше, мұндай тәжірибе халық байлығын азайтады, осымен бір мезгілде салық ауыртпалығын тереңдетіп, капитал жинауға едәуір кедергі келтіреді. А. Смит мемлекеттік қарыз мәселесін соғыс уақытындағы мемлекеттік шығындарды қаржыландырумен тығыз байланыста көреді. Соғыстарға орай пайда болған қарыздар бейбіт шақта өз-өзінен жоғалып кетпейді, керісінше, қарызды өтеу және пайыздық төлемдерін қамтамасыз ету проблемаларына байланысты одан әрі өсе түседі, бұл, өз кезегінде, салықтардың артуына әкеледі. А. Смит еңбектерінен тікелей көрініп тұрғандай, ол экономиканы милитарландыру мен соғыс жүргізу үшін тартылған ақша құралдарын тиімсіз пайдалануды сынады, мұндай көзқарасты толығымен әділ деп қабылдауға болады, себебі А. Смит өмір сүрген уақытта мемлекет халықтың негізгі бөлігінің өмірін жақсарту бойынша әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру жауапкершілігін толығымен мойындамайтын.

Работа состоит из  1 файл

Реферат қаржы.doc

— 180.50 Кб (Скачать документ)
 

      Сырттан қарыз алу көлемінің айтарлықтай өсуінен елдік орта-ұзақ мерзімді болашақтағы төлем қабылеттілік индикаторлары ретінде дəстүрлі қаралатын сыртқы қарыздың салыстырмалы өлшемдері нашарлады. Атап айтқанда, ЖСҚ-ның ЖІӨ-ге соңғы жылдары жеткілікті дəрежеде жоғары болып, 2006 жылдың аяғында 91% асқан қатынасы, 2007 жылдың 2 тоқ. аяғында 101,1% болды. ЖСҚ-ның тауарлар мен қызмет көрсетулер экспортына қатынасы да ұлғайды жəне 2006 жылғы 178,1 салыстырғанда 198,4 % болды

    Тұтастай  алғанда елдің борыштық құралдардағы сыртқы активтері 69,7 млрд. долл. бағаланды жəне осылайша елдің таза сыртқы қарызы 30.06.07 жылы 22,4 млрд. долл. құрады (31.03.07 ж. 20,1 млрд. долл.).

    Мемлекеттік жəне мемлекет кепілдік берген сыртқы қарыздың серпіні 3-кестеде берілген.  

3-кесте  – Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген сыртқы қарыздың серпіні

                                                                                                                                            (млн. АҚШ долл)

Көрсеткіштері 4 тоқ.

2003

4 тоқ.

2004

4 тоқ.

2005

4 тоқ.

2006

1 тоқ.

2007

2 тоқ.

2007

Мемлекеттік қарыз: 3 073,2 2 499,6 1 582,4 2 572,0 3 557,7 4 566,7
    - Үкімет 3 073,2 2 496,1 1 478,9 1 495,2 1 476,5 1 422,5
    -  Ұлттық Банк 0 3,5 103,5 1 076,8 2 081,2 3 144,2
Мемлекет  кепілдік берген сыртқы қарыз 549,4 633,3 592,5 552,6 565,2 531,6
Барлығы 3 622,6 3 132,9 2 175 3 124,6 4 122,9 5 098,3
Ескертпе–ҚР-ның  Ұлттық Банкінің  деректері бойынша 
 

    2007 жылдың екінші тоқсаны ішінде  үкіметтік заемдар бойынша игеру 39 млн. долл. болды. Өтеуді жəне бағамдық ауытқуларды қоса есептегенде, мемлекеттік басқару секторының заемдар түрінде тартылған сыртқы қарызы 3 млн. долл. өсті. Сонымен қатар 2007 жылдың мамырда мемлекеттің еурооблигациялар бойынша міндеттемелері толық өтелді, мемлекеттік басқару секторының сыртқы қарызы 2007 жылдың 2 тоқ. аяғында 1422,5 млн. долл. құрады (4-сурет).

Ескертпе–ҚР-ның Қаржы Министрлігі, Қазақстанның Ұлттық Банкінің деректері бойынша

    4-сурет  – Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген

    қарыздың  құрылымы

    Банктер қаралып отырған кезеңде де АМК заемдары мен еурооблигациялары түрінде басымдықпен белсене қарыз алуды жалғастырды жəне 2007 жылғы екінші тоқсанның аяғында олардың сыртқы берешегі 46 млрд. долл. жуық болды. 2007 жылғы 2 тоқсанда резидент еместерден несиелер бойынша сыртқы берешектің өсімі тұтастай алғанда 6,6 млрд. долл. астам болды (5-сурет).

                           Ескертпе–Қазақстанның Ұлттық Банкінің деректері бойынша

    5-сурет  – Құралдардың түрлері бойынша  Банктердің сыртқы

    берешегі, 2007 жылдың 2 тоқ. 

    Қазақстандық  банктердің негізгі резидент емес кредиторлары мынадай қаржы ұйымдары болып табылады: шетелдік банктер (Morgan Stanley Bank International Limited, Standard Bank Plc, Deutsche Bank AG London Branch, банктердің əр түрлі синдикаттары), Халықаралық қаржы ұйымдары (ЕБРР, АБР) жəне басқа да институционалдық инвесторлар (оның ішінде АМК шығарған еврооблигациялардың түпкілікті ұстаушылары болып табылатындар). Тұтастай алғанда, Банктер үшін негізгі кредитор елдер үлестеріне 45,9 млрд. долл. жалпы берешек сомасының 50 % тиесілі Нидерландия жəне Ұлыбритания - 17,8 % болып табылады (6-сурет).

 

6-сурет – Банктердің кредитор елдер бойынша сыртқы

    қарызы, 2007 жылдың 2 тоқ.

                          Ескертпе–Қазақстанның Ұлттық Банкінің деректері бойынша

    Жан басына шаққандағы сыртқы қарыз (фирмааралық берешекті қоспағанда) 7-суретте көрсетілген. Қарастырылған көрсеткіш 2003 жылы 731,4 АҚШ долларынан 2004 жылы 1063,9 АҚШ долларына дейін өскен, ал 2007 жылдың екінші тоқсанында бұл көрсеткіштің деңгейі 4294,4 АҚШ доларын құраған (2006 жылы- 3151,1 АҚШ долл.). Жан басына шаққандағы сыртқы қарыздың деңғейін 2003-2007 жылдар аралығында қарастырсақ, онда бұл көрсеткіш күрт өскенін байқауға болады, яғни 5,9 есе көтерілген.

               Ескертпе–ҚР-ның Қаржы Министрлігі, Қазақстанның Ұлттық Банкінің деректері бойынша

    7-сурет  – Жан басына шаққандағы жалпы  сыртқы қарыз (фирмааралық берешекті  қоспағанда), АҚШ долл. 

    Жалпы сыртқы қарыздың ЖІӨ-ге қатынасы (фирмааралық  берешекті қоспағанда) 8-суретте  көрсетілген. Бұл көрсеткіш 2003 жылы 35,5 мөлшерінен 2005 жылы 42,4-ке дейін өсті, ал 2007 жылдың екінші тоқсанында 71,5-ке дейін көтерілген. Сөйтіп, зерттеу кезең аралығында жалпы сыртқы қарыздың ЖІӨ-ге қатынасы 2,0 есе жоғарлаған.

   

                  Ескертпе–ҚР-ның Қаржы Министрлігі, Қазақстанның Ұлттық Банкінің деректері бойынша

    8-сурет  – Жалпы сыртқы қарыздың ЖІӨ-ге  қатынасы (фирмааралық берешекті  қоспағанда), %-бен 

    9-суретте  жалпы сыртқы қарыздың ТҚЭ-ге  қатынасы (фирмааралық берешекті  қоспағанда) берілген. Қарастырылған  көрсеткіш 2003 жылы 73,2 мөлшерінен 2005 жылы 79,3-ке дейін өсті, ал 2007 жылдың екінші тоқсанында 141,6-ға дейін көтерілді. Жалпы бұл көрсеткіш 2003-2007 жылдар аралығында 1,9 есе жоғарлаған.

                  Ескертпе–ҚР-ның Қаржы Министрлігі, Қазақстанның Ұлттық Банкінің деректері бойынша

    9-сурет  – Жалпы сыртқы қарыздың ТҚЭ-ге  қатынасы (фирмааралық берешекті  қоспағанда), %-бен 

    Сөйтіп, Қазақстандық экономиканың осалдығын талдау, ЖСҚ-дың серпіні, ең алдымен, кепілдік берілмеген сыртқы қарыз есебінен тұрақты үрдісі бар екенін көрсетті. Мұның үстіне, жыл сайын мемлекттік қарыздың салыстырмалы көрсеткіштері өсуде. Мемлекттік сыртқы қарыздың құрылым еврооблигацияларды шығару, экспорттық несиелерді тоқтату, екі жақты мемлекеттік қарыз алу үлесін арттыру арқылы жүзеге асырылатын қарыз алудың өсуінен туған несиегерлер құрамының өзгеруімен сипатталады. Жалпы сыртқы қарыздың салыстырмалы параметрлерін табалдырықты көрсеткіштермен салыстыру қарыздың жеке көрсеткіштерінің дағдарыстық мәнінен асып кеткені жөнінде қорытынды шығаруға мүмкіндік береді. Сондықтан, бұдан әрі, егер сыртқы қарыздың өсуінің жоғары қарқыны сақталатын болса, сырттан қарыз алу экономиканың тұрақты дамуына мүмкіндік бермейді, яғни қызмет көрсету мен сыртқы қарызды өтеуде қиын мәселелер пайда болуы мүмкін.

      «Қазақстан Республикасының  сыртқы қарызын  басқару механизмдерін  жетілдіру» деп аталатын үшінші бөлімде ақша саясаты сыртқы қарызды басқару құралы ретінде және сыртқы қарызды басқару үлгісі, оңтайлы саясаттың сандық есебі, тұрақтандыру қоры және болашақ ұрпаққа жүктеме, сыртқы қарыздың мониторингі мен басқаруын жүргізу үшін ұсыныстар негізделген.                                                                                                     

    Мемлекеттік қарызды басқарудың классикалық үлгісі қарызқорлық және ақша-кредит саясатының байланысы жөнінде мәселені қозғамайды. Ол мемлекет активтеріне қарызға алу мен жұмсалымдар көмегімен тұрақты салықтарды уатыты бойынша қайта бөлгенде оңтайлы серпінді салық салу үдерісін сипаттайды. Егер қазыналық өкіметтін салықтық жүктемені таңдап алудың нақты мүмкіндігі болғанда, бұлай қойылу заңды. Шындығында, онымен бірге өтпелі экономикаларда ғана емес, тұрақты салық салу деңгейі қазыналы өкімет тарапынан тиімді әсер ету объектісі бола алады. Бұл, дұрысы, көрсеткіш, ол қоғамдық таңдап алу тетіктерінің іс-қимылымен анықталатын немесе лоббистік мүдделер тобының ойын нәтижесі болып табылатын саяси-экономикалық тепе-теңдікті сипаттайды. Бұл секілділер айтарлықтай шамада мемлекеттік шығынды қалыптастыру деңгейіне де жатады. Сондықтан салық жүктемесі деңгейін тек шарттылықтың үлкен дәрежесімен мемлекеттін макроэкономикалық саясатының құралы ретінде қарастыруға болады.

    Осыған  орай қарызды басқару міндетін қою баламалырақ көрінеді, онда бюджет профициті көрсеткіштерінің тізбектілігі экзогенді берілген. Мұнда мемлекет тапшылықты инфляциялық қаржыландыруға жол беретін, бірақ ұзақ уақытты ысырапты мейлінше азайтатын қарызқорлық саясатты таңдап алады.

    Мемлекеттік қарызды басқаруды талдауға мұндай тәсіл инфляция мен қарыздың өзара байланысына ерекше назар аударады. Біз қарыздың уақытша және валюталық құрылымын таңдап алу проблемасынан дерексіздендірілеміз, сондықтан ақша эмиссиясын қазыналық саясаттың негізгі құралы ретінде қарауымызға болады. Егер инфляциялық өктемдіктің басқа бағыттарын, мысалы, өндірісті ынталандыру әрекеттерін немесе банк секторын қолдауды есепке алмасақ, онда инфляцияға мұндай тәсілді қолдану құқыққа сәйкес болады.

     Ресми үлгіні құру үшін мынадай жағдайды қарастырайық. Айталық елдің шетел валютасымен көрсетілген D0 кейбір базалық қарызы болсын. Бұл қарыз бойынша негізгі бөлімнің пайызы мен өтеуін қоса жыл сайынғы төлемдердің кестесі белгіленген. t=0 уақыттың нөлдік кезеңінен бастап және T ақырғы кезеңге дейін, төлем мөлшері δ құрайды. Қарызды басқарумен шұғылданатын қазыналық билік органы бар. Ол әрбір кезеңде нарықта қосымша қарызға алуды іске асырады. Қазыналық биліктің міндеті экономикаға ең аз экономикалық жүктеме кезінде барлық төлемдерді кесте бойынша қамтамасыз етуде.

    Ресми түрде сөз болжалды дисконтталған атқарым шығынын мейлінше азайту жөнінде болуға тиіс. Мұндай ретінде квадарттық атқарым қарастырылады, ал қарызды басқару міндеті мынадай түрде болады:

                                                                T                 

min    Eo  ∑   β t   mt2,                              

                                        {mt , bt}             t=1

(1)

                                                                                                                    

                                                              

                                    m t  + b t  = d t +  ( R t / G t ) b t-1 ,                                         (2) 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             

t=1, …, T үшін;

                                                         bT  ≤ b* ,                                                                                                 (3) 

мұндағы mt – ақша базасының нақты өсуі немесе сеньораж, β – дисконттаушы көбейткіш, R t нақты пайызы, G t- ЖІӨ-нің өсу қарқыны, b t  - нақты өрнекте t кезең аяғына қосымша таза қарызға алу (дегенмен b0 =0); dt бастапқы қарызға қызмет көрсетуге байланысты t кезеңіндегі бюджет тапшылығы. Барлық сандық айнымалы шамалар сәйкес жылдың ЖІӨ-нің үлестерінде берілген. Бюджеттің нақты тапшылығы dt= xt δt – st,мұндағы xt- доллардың нақты бағамы, st бюджеттің бастапқы профициті.

Информация о работе ҚР-ның сыртқы және ішкі қарыздары