Түркеш қағандығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 16:52, реферат

Описание

Түргеш қағанаты (704-756 жж.) Түргештер дулы тайпа құрамының ішіне жатады, түргештердің өзі - қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі. (Кейбір тарихи деректер бойынша, "сары" және "қара" деген тайпа бөліктері этниқалық емес, саяси жағынан қарастырғаны жөн. Демек, Сақал қаған болған кезде түргеш кағанаты екіге бөлініп кетеді. Біревінде Сақал өзі қаған болған, ал екіншісінде халықты басқарған Сулық. Сақалға бағынатын халықты "сары түргеш" деп атаған, ал Сулыққа бағынған халықты - "қара түргеш".)

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word (4).doc

— 265.50 Кб (Скачать документ)

Түркеш  қағандығы

Түргеш қағанаты (704-756 жж.) Түргештер дулы тайпа құрамының  ішіне жатады, түргештердің өзі - қара және сары түргеш болып бөлінгені  белгілі. (Кейбір тарихи деректер бойынша, "сары" және "қара" деген тайпа  бөліктері этниқалық емес, саяси  жағынан қарастырғаны жөн. Демек, Сақал қаған болған кезде түргеш кағанаты екіге бөлініп кетеді. Біревінде Сақал өзі қаған болған, ал екіншісінде халықты басқарған Сулық. Сақалға бағынатын халықты "сары түргеш" деп атаған, ал Сулыққа бағынған халықты - "қара түргеш".)

Түргеш қағанаттың саяси өмірі тарихта Орта Азияға шапқыншылық жасаған арабтармен тығыз байланыстырады. 7-ғ. бас кезінде  Араб түбегінде Араб мемлекеті қалыптасты. Ислам мемлекеттік дінге айналады. Осы дінді таратушы Мұхаммед 632 ж. қайтыс болғаннан кейін, арабтар ислам дінін тарату үшін жаулаушылық соғыстар бастады.

Арабтар Орта Азияға жаулауы басталған кезде, Қазақстан  мен Орта Азияның басым бөлігі Батыс Түркі қағанаты қол астында  болды. Арабтарға қарсы күресте  Жетісуда өкімет басына келген түргештер болды. Оның негізін салған Үш-еліг қаған (699-706 жж.). Оның ордасы Шу бойындағы Суяб қаласы болды. Екінші (кіші) ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласында орналасты. Үш-еліг-қаған елді 20 түтіктікке (еншілікке) бөлді, оның әрқайсысының 7 мыңнан әскері болды. Үш-еліг-қаған Қытай империясымен және Согд мемлекетімен саяси бірлестік құрып, арабтарға қарсы күреседі.

Түргеш қағанатында  Үш-елігтен кейін оның мұрагері болып, баласы Сақал-қаған (706-711) таққа отырады. Оның кезіңде Түргеш мемлекетінде ішкі бірлік болмайды және қағанат үнемі арабтармен, қытайлармен күрес жүргізіп отырды. Түргеш қағанаты Сулық қаған (715-738) тұсында күшейді. Оның тұсында түргештер екі майданда күрес жүргізді. Батыстан арабтар, шығыстан Тан әулеті кұш көрсетті. Елшілік жолымен (неке байланысы) және әскери шаралар арқылы Сулық шығыстан келетін қатерді болдырмады. Бұл жағдай түргештердің батыста белсенді әрекет етуіне мүмкіндік туғызды. 723 жылы Ферғана қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен тізе қосып, түргештер арабтарды жеңеді. Сулықты арабтар Абу Мұзахим (Сүзеген) деп атайды. 737 жылы Сулықты өз қолбасшысы Баға-Тархан өлтіреді.

Оның қазасынан  кейін "сары" түргештер мен "қара" түргештер арасында өкімет билігін  алу үшін күрес басталды. 746 жылы Жетісуға Алтай мен Тарбағатайдан  қарлұқтар келіп қоныстанады. Арабтармен, сондай-ақ өзара қырқыстардан әлсіреген түргештер қарлұқтарға белсенді қарсылық көрсете алмайды. Мұны Қытай империясы пайдаланды. Оның Шығыс Түркістандағы уәлилары 748 жылы өз әскерін Суяб қаласына аттандырады да, оны басып алады. Шаштың иесі дарға асылады. Оның баласы арабтардан көмек сұрап келеді. 751 ж. Тараз жанындағы Атлах қаласы маңында арабтар мен қытай әскері арасында зор шайқас болады. Шайқас бес күнге созылады. Шешуші сәтте қытайлардың ту сыртындағы қарлұқтар көтеріліс жасап, арабтар жағына шығады. Қытайлар толық жеңіледі. Тан әскері Жетісуды, Шығыс Түркістанды тастап кейін шегініп кетеді. Арабтар Шашқа қарай кетеді. Бірақ ішкі қырқыс Түргеш мемлекетін әбден тұралатып тастады. 756 жылы түрік тілді қарлұқ тайпаларының әрекетінен түргеш мемлекеті құлады.

Түркі тілді  көшпелі, жартылай көшпелі тайпалар Батыс түркі қағанаты орнына 4 бірдей құдыретті мемлекет орнатады. Хазар  қағанатын қоспағанда, Төменгі Еділ өңірі мен Солтүстік Кавказда, Қазақстан жерінде үш этникалық-әлеуметтік бірлестік пайда болды: Сырдың бойын, Арал өңірін Оғыз мемлекеті, ал Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында, астанасы орта ертісте болған Қимақ мемлекеті дүниеге келді. Батыс түркі қағанаты орны Жетісуда - қарлұқтар қалды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Оғыз мемлекеті

Оғыз мемлекеті (9-11 ғасырлардың басы). 9-10 ғасырлар Сырдың орта, төменгі ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында оғыз тайралардың саяси бірлестігі құрылды. «Оғыз» деген терминнің этимологиясы әлі де анықталмаған. Махмуд Қашғари, Марвази енбектерінде, оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық, баят, язғыр, имур, қарабулақ, тутырка, т.б. Оғыздар 2 экзогамды фрактриядан құрылған. Бұлар — бузук және үшүк (учук).

Оғыз мемлекеті

8 ғасыр ортасында  түргештер мұрасы үшін қарлұқтармен  болған күресте оғыздардың едәуір  бөлігі Жетісуды тастап, Шу алқабына кетеді. Осы жерде олардың «Көне Гузия» деп аталатын ордасы болды. 9 ғасыр бас кезінде оғыздардың көсемі қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірі мен даласын басып алады. 9 ғасыр соңында олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қоластына қаратады.

Печенегтермен соғыс олардың саяси бірлігін күшейтіп, тайпалардың оғыздық одағын құруға мүмкіндік берді. Оғыздар  құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының үнді-европа, финн-угор тектес ежелгі компоненттері және Жетісу мен Сібірдің халаджылар, жағарлар, чаруктер, қарлұқтар, имурлер, байандұрлар тайпалар кірді. Оғыздардың этникалық қауымдастығының құрылуы ұзақ процесс болды.

9 ғасыр соңы  мен 11 ғасыр басында оғыз тайпалары Сырдың төменгі ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан зор территорияны мекендейді. Оғыздар туралы алғашқы дерек тер 9-10 ғасырлардың басы араб деректерінде мысалы, әл-Якубидің (9 ғасыр) еңбегінде айтылады.

Орта Азия мен Шығыс Еуропаға және Орталық Азияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы 10 ғасыр оғыз мемлекетінің астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің халқы — түркі және иран тілінде сөйлеген. «Жабғы» атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болған. Оғыз жабғыларының орынбасарларын Күл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер өкіметі мұрагерге — «иналамиға» — беріліп отырған. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерінің «сюбаши» деп аталатын бас қолбасшысы маңызды роль атқарған. Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Отырықшылықта қатар дамыды. Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ деген қалалары болды. Құл саудасы дамыды. Оғыздар мәжусилер болып, бақсы-балгерлерге табынды. Біртіндеп ислам діні де ене бастады.

Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды орны болды. 965 жылы олар Киев Русымен одақтасып хазар қағанатын талқандайды. 985 жылы оғыз жабғысы орыс кінәздарымен бірлесіп Еділ Булғариясын талқандады. Осының бәрі оғыз мемлекетінің саяси күш-қуаты өсуіне әсер етті.

10-11 ғасырлар Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырайды. Оған алым-салыққа қарсылық білдірген оғыз тайпалары көтерілістері себеп болды. Салжықтармен, қыпшақтармен болған соғыстарға шыдамай, оғыз мемлекеті 11 ғасырдың ортасында біржола құлайды. Жартысы қыпшақтардың қысымынан Шығыс Еуропа мен Кіші Азияға, жартысы Мәуереннахрдағы қарахандарға, хорасан селжұқтарына, қалғаны Дешті-Қыпшақ тайпаларына араласып кетті. 
 
 
 
 

Қарахан мемлекеті

Қарахан мемлекеті  ең көп дамыған кезіндегі

Қарахан Әулетінің мемлекеті Қарахан қағанатының билеушілері. Қарахан Әулетінің шығу тегі жөнінде зерттеушілердің пікірі әр түрлі. Олардың біреуі ұйғырлардан, екіншісі яғмалардан, үшіншісі қарлұқтардан, төртіншісі жікілдерден шыққан дегенге саяды. Қытай ғалымы Гың Шымин бұл әулет «ислам тарихы материалдарында» Афрасияб (Алып Ер Тоңға) есімімен сәйкестендірілетіндігін де атап көрсетеді. Батыс зерттеушілері Қарахан Әулетінің тегі – қарлұқтардың билік жүргізуші тобы» деп қарайды. Қарахан Әулетінің негізін қалаушы – Сатұқ Бұғра Қарахан ( Әулие Ата). Ол өлген соң билік Мұсаға (Мұса ибн Абд әл-Кәрім) тиді. 998 ж. оның ұлы Әбілхасан Әли ибн Мұса таққа отырды. 1041 жылы Қарахан қағанаты Батыс және Шығыс Қарахан қағанаты болып екіге бөлінді. Батыс Қарахан қағанатында Әли ибн Мұса ұрпақтары, Шығыс Қарахан қағанатында Хасан Боғра хан ұрпақтары билік жүргізді. Олардың билігі 13 ғасырдың бірінші ширегіне дейін жалғасты.

Мемлекет құрылуы

Қарахан мемлекеті негізін салған Сатұқ Боғра хан (915955). 940 (942) ж. Сатуқ Баласағұн билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қағанмын деп жариялайды. Осы кезден бастап Қарахандар мемлекеті тарихы басталады. Қарахан мемлекетінің құрылуы мен оның ерте тарихында басты рольді Қарлұқ конфедерациясының тайпалары атқарды.

Ұсақталғандық

Қарахан мемлекеті  шекаралары тұрақты, толып жатқан еншіліктерге бөлінетін. Еншілік иелерінің құқтары зор болатын. Олар өз атымен теңгелер шығаруға дейін, кейде тіпті лауазымдарын өзгерте алатын. 11 ғ. 30 жж. соңында Ибрахим ибн Насырдың тұсында мемлекет екіге бөлінеді: біріншісі, орталығы Бұқарда болған, қарауына Ходжентке дейінгі Мәуереннахрды қосып алған Батыс хандығы, екіншісі — қарамағына Тараз, Исфиджаб, Шаш, Ферғана, Жетісу мен Қашғар кіретін Шығыс хандығы. Оның астанасы Баласағұн қаласы. Осымен Қарахан мемлекетінің еншіліктерге бөлінуі заңды түрде бекітілді.

Арслан хан кезіңде қарахан мемлекеті одан сайін бөлініп кетеді: әрбір еншілік өз тәуелсіздігін құру үшін таласады. 1056 ж. Қадыр ханның ұлы Йинал-тегін өкімет мұралығы жолындағы күресте інісі Сүлейменнің иелігін басып алады. Бірақ ұзамай ол у беріліп өлтіріледі. Тәж-таққа Йинал-тегіннің баласы Ибрахим ие болады, бірақ ол да біраздан кейін Барыс хан әміршісімен болған соғыста қаза табады.

Осыдан кейін  Шығыс қағанатын 15 жыл бойы (10591074) Қадыр ханның балалары Юсуф Тоғрул хан мен Боғра хан Харун басқарады. Олардың тұсында Ферғана Шығыс қағанатқа күшпен қосылады. Екі қағанат арасындағы шекара Сырдарияны бойлай өтеді.

Тоғрұл қайтыс болғаннан кейін оның еншілігі Боғра хан Харунның (10751102) — Қашғар, Баласағұн мен Хотан қожасының қол астына көшеді. 1089 ж. бастап ол Салжық сұлтаны Мәлікшахтың кіріптар вассалына айналады.

1102 ж. Боғра хан қайтыс болғаннан кейін, көп ұзамай Мәуереннахрға Баласағұн мен Таластың иесі Қадыр хан Жабраил шабуыл жасап, Амударияға дейінгі жердің бәрін басып алады, тіпті Салжықтардан Термезді тартып алмақшы болады, бірақ олардан жеңіліп қалады. Сұлтан Санжардың басқаруы кезінде (11181157) салжықтар Мәуереннахрда шексіз билігін жүргізеді, бірақ бұл кезде Қарахан әулетінің саяси құлдырауының белгісі біліне бастады. Бұған бас себебі — Қарақытай мемлекетіінің құрылуы және оның жүргізген сыртқы әскери саясаты болып табылады.

Ыдырауы

12 ғ. екінші жартысында қарақытайлар Батыс қағандығына қауіп төндіре бастайды. 1141 ж. Қарахан — Салжықтың әскерін талқандағаннан кейін Қарахандар мемлекеті екі хандығының билігі де қарақытайлар қолына көшеді.

Информация о работе Түркеш қағандығы