Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 16:52, реферат

Описание

Бағалы қағаздардың экономикалық тиімділігі және олардың экономикалық қатынастарының дамуы Қазақстан Республикасының экономикасында ең маңызды орынды иеленеді және оларды жүзеге асыру бүгінгі күннің талабы. Бағалы қағаздар нарығының тұрақты дамуы экономикалық өсуді қаржыландырудың ең қолайлы тетіктерінің бірі болып есептеледі.
Бағалы қағаздар нарығын дамытудың басты құндылығы және «қозғалтқыш күші - нарықты қалыптастыру болып табылатындығында.

Содержание

Кіріспе
Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы
Бағалы қағаздар нарығын реттейтін жүйелер
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығы реферат.doc

— 49.50 Кб (Скачать документ)
 

                              Жоспар:

Кіріспе

Бағалы  қағаздар нарығының пайда болуы

Бағалы  қағаздар нарығын реттейтін жүйелер

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі  
 
 

                                      Кіріспе

       Бағалы қағаздардың экономикалық тиімділігі және олардың экономикалық қатынастарының дамуы Қазақстан Республикасының экономикасында ең маңызды орынды иеленеді және оларды  жүзеге  асыру бүгінгі күннің талабы. Бағалы қағаздар нарығының тұрақты дамуы экономикалық өсуді қаржыландырудың ең қолайлы тетіктерінің  бірі болып есептеледі.

Бағалы қағаздар нарығын дамытудың  басты құндылығы және «қозғалтқыш күші - нарықты қалыптастыру болып табылатындығында.

Қазақстандағы  бағалы қағаздар нарығына баға беру қазіргі  заман талабына сай жүргізілуі мен оның орындалу мақсаты. Бағалы қағаздар  нарығы арқылы экономиканы көтеру және  қоғамдық қатынастарда  олардың қажеттілігі болып табылмақ. 
 
 
 
 
 
 

  Бағалы қағаздар  нарығының пайда  болуы.

       Бағалы қағаздар нарығының кейбір  элементтері 20 жылдары КСРО-да экономикалық саясат кезінде  болған. Ал қазіргі егемен  Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының алғашқы нұсқалары Кеңес одағы заңдарының негізінде 90-шы жылдардың басынан бастап пайда бола бастады.

 Елде  дамыған бағалы қағаздар қалыптасуы  үшін оның құрамдас бөліктері болуы қажет. Олар:

-Сұраныс  пен ұсыныс,

-Делдалдар  мен басқа қатысушылар;

-Нарықтық  инфрақұрылым яғни коммерциялық  банктер, қор биржалары, инвестициялық  институттар және  с.с.

-Нарықты  реттейтін және өзін-өзі реттейтін  жүйелер.

Нарықтың  осы  құрамдас бөліктері қазіргі  уақытта негізінен құрылып болды. Бұл жөнінде елімізде экономикалық жүйені реформалауды тереңдету жолында қабылданған Қазақстанда  мемлекеттік меншікті жекеменшіктендіру Ұлттық  бағдарламасы бағалы  қағаздар нарығының негізігі  субъектілері акционерлік қоғамдардың құрылуын тездетуге шешуші роль атқарды.

      Дегенмен, Қазақстан экономкасының   дағдарысы жағдайында толыққанды  бағалы қағаздар нарығы болуы  мүмкін.емес. Бағалы қағаздар  нарығының   даму деңгейі көп жағдайда  халықтың әл-ауқатына байланысты. Себебі бағалы қағаздарға сұраныс халықтың тұрмысын айқындайды. Сондықтан халықтың табысының өсуі- қазақстанда бағалы қағаздар нарығы  дамуының басты шарты.

Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының құрылымы  және бағалы  қағаздардың өтімдісі  қандай?

Республикада  қалыптасқан  жағдай сипаттағанындай  бағалы қағаздардың ең көлемдісі  және ең өтімдісі мемлекетік қарыз  міндеттемелері. Мемлекеттік  қарыз  міндеттемелері нарығының ерекшелігі  оған қатысушыларға байланысты.

Біріншіден, мемлекеттік бағалы қағаздардың эмитенті-Қаржы Министрлігі,

Екіншіден, Ұлттық банк-оның қаржы агенті (уәкілі), сонымен бірге мемлекеттік бағалы қағаздардың дилері. Дегенмен. Бағалы қғаздар нарығына бұл қатысушылар мемлекттікбағалы қағаздарды шығару мен оларды айналымға түсіру шартарын анықтаушылар мемлекеттік бағалы қағаздар.

  • Мемлекеттік қазыналық вексельдер;
  • мемлекеттік қазыналық облигациялар:
  • Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталары:
  • Жекеменшіктенудіру купондары.

  Мемлекеттік  қазыналық вексельдер ме мемлекеттік қазыналық облигацияларды ішкі мемлекттік қарыз  мөлшерінде мемлекеттік бюджетті қаржыландыру мақсатында Қаржы министрлігі шығарады. Ал қысқа  мерзімді ноталарды банк жүйесінің бірқалыпты жұмысын қамтамасыз ететін қаржы қорын толтыру  мақсатында Ұлттық банк шығарады. Жекеменшіктендіру купондаы аукцион арқылы сатылған мемлекетік кәсіпорындарды жекеменшіктендіруге пайдаланылады, ал оның көптеген мөлшері жеке адамдар қолында осы күнге дейін сақталуда. Кәсіпорындар банкртқа ұшырап., жұмыс істемей тұрған қазіргі кездегі жекеменшіктендіру купондарының орнына берген акциялар оны  иемденушілерге әлі  дивиденд (пайда ) түсіре қойған.  

Бағалы  қағаздар нарығын  реттейтін жүйелер.

        Бағалы қағаздар нарығын реттеу  мемлекеттің ең маңызды міндеті.  Ондағы мақсаты- бағалы қағаздармен келісімге қатысушылардың заңды мүдделері мен құқығын сақтауды қамтамасыз ету.

Бағалы  қағаздар нарығында  қызмет атқаратын  қаржы институттарының ісін бағыттау мен реттеу мемлекеттік органдарға жүктелген. Республикада ондай органдар болып Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия, Қаржы министрлігі, Ұлттық банк Мүлікті басқару жөніндегі Мемлекеттік комитет  және Жекеменшіктендіру жөніндегі  Мемлекеттік  комитет саналады. Осы бағалы қағаздар нарығын  реттейтін мемлекетік органдардың ең негізгісі- Бағалы  қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның құрамы 1995 жылы қаңтарында анықталып, сол жылғы  сәуірдің 21-дегі Республика Президентінің «Бағалы қағаздар жөніндегі  биржасы туралы» жарлығына сәйкес оның  құқықтық статусы, қызметі және өкілеттігі бекітілді. [1,1]. Бағалы қағаздар жөніндегі  Ұлттық комиссия оның төрағасы және комиссия мүшелерінен құрылады.  Олар Республика заңдарымен  міндеттелінген  жауапкершілікпен толық  өкілеттілікті атқарады. Комиссия  төрағасы мен оның  мүшелерін  Премер-Министрдің ұсынуымен 5 жыл мерзімге республика Президенті бекітеді.  Қызметтен  де осы жолмен босатылады. Комиссияның тұрақты қызметі қамтамасыз ету үшін оның атқарушы аппаратты құрылған. Қазіргі кезде республикада бағалы қағаздар нарығының қызметін толық қамтамасыз  ететін инфрақұрылым құрыла қойған жоқ.  Оның ішінде бағалы қағаздар нарығында кездесетін барлық қатынастарды  толығынан реттейтін  жеткілікті норматифтік заң актілері жоқ. 

Сол сияқты  бағалы қағаздар нарығында қалыптасып келе жатқан  көріністі  жеткілікті түрде  хабарлайтын ақпарат құралдары жоқ.

Бағалы  қағаздар нарығын   мемлекеттік  реттеу ғылымға  негізделіп, алдын ала дайындалған концепцияға  жүгінгені дұрыс.  Дүниежүзілік тәжірибеде  бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу  екі түрлі жолмен жүргізіледі: мемлекеттік органдар уәкілі қатысуымен тікелей араласу, сонымен қатар іс-шаралар арқылы нарыққа жанама араласу. Тікелей араласу шараларына мыналар жатады:

      -  бағалы қағаздар нарығы мәселелері  жөнінде заң шығаратын өкілетті  органдардың жұмысы;

       -   осы мәселелер бойынша  атқарушы үкімет органдарының  қаулылары мен бұйырықтары;

        -  бағалы қағаздар   нарығының  жұмысына жаңа  ережелер еңгізетін  немесе ескілерін  өзгертетін  басқа да мемлекттік органдардың  іс-шаралары. Негізінен бұл бағалы  қағаздар нарығына  қатысушыларға  лицензия беру, бағалы қағаздардың   кейбір түрлерінің айналуына шек қою немесе оны  тоқтату, бағалы қағаздарды тіркеу және с.с.  жұмыстар

    Жанама араласу тетіктеріне мыналар  жатады:

       несие үшін процент мөлшерін  өзгерту арқылы айналымдағы ақша  массасын және несие көлемін  мемлекеттік бақылау;

      -  мемлекеттің салық саясаты;

      -  депозиттерге, несиелерге, қарыздарға  үкімет кепілдігі;

      -  қарыз капиталы нарығына  мемлекеттің араласуы (қазыналық  облигациялар, вексельдер, орта және  ұзақ мерзімді бағалы қағаздар, мемлекттік органдардың міндеттемелерін және с.с. шығару) арқылы мемлекет пен корпорациялардың арасында несие үшін тікелей бәсекенің тууы;

     - мемлекеттің сыртқы экономикалық  саясаты (шетел волютасы мен  алтын операцияларын, экспорт  шараларын ынталандыру және с.с.  жұмыстарды реттеу); мемлекеттік сыртқы экономикалық іс-шаралары (саяси байланыстарды ұлғайтунемесе шектеу және с.с.)

   Бағалы қағаздар нарығын реттеу  мемлекеттік  органдарға, не арнаулы  ұйымға (бағалы қағаздар жөніндегі  комиссияға), не қаржы министірлігіне, не мемлекеттік (орталық) банкке жүктеледі. Мысалы, АҚШ-та тиісті заңдарды шығарып, олардың орындалуын тексерумен конгрессте құрылған. Бағалы қағаздар және қор биржалары туралы комиссия шұғылданса, Жапонияда бұл сұрақтар Қаржы министірлігіне қаралады. Реттеуші органдаринвесторлардың қаржысын қорғауға бағытталған негізіне үш қызымет атқарады. Олар:

Біріншеден, нарықта шаруашылық субьектілері ретінде  қызымет істейтін барлық бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды, сонымен қатар, бағалы қағаздарға  тікелей қатынасы бар қызыметкерлерді тіркеу. Тіркеуден өтетін барлық кандидаттар қаржы жөнінен белгілі бір  талаптарға сай болу қажет, яғни олардың керекті мөлшерде (минимум)  өз капиталы  болғаны  жөн.

Инвесторлардың  мүддесін қорғау мақсатында, әдетте тіркеуші органдар тіркеуден өткізбеу құқын алады.

Екіншіден, экономикалық барлық субъектілері нақты  хабарлармен қамтамсыз ету. Ол, әдетте бағалы қағаздарды шығару мен оны  шығарушылар  туралы анық та толық  хабар беретін эмиссия проспектісі  шығарумен жүзеге асырылады. Оған алдын  ала  белгілі бір адамдар ғана біліп және тек солардың арасында орналастырылатын жеке бағклы  қағаздар қосылмайды. Одан басқа  эмитентер бұқаралық ақпарат беттерінде үнемі қаржы есебін, фирманың басшы  адамдары туралы өзгерістерді жариялап тұруға міндетті.

Үшіншіден, институционалдық органдар бағалы қағаздар нарығын тексеру және ондағы құқық тәртібін сақтау қызметімен де айналысады.

  Бұл   органдардың өкілі заң бұзушылардың  кез-келгенін  тексеріп кінәлілерге  әкімшілік шара қолданып, істерін   сотқа беруге құқы бар.

 Ол үшін оларға үлкен өкілеттілік берілген, мысалы бағалы қағаздарға және ақша  қаражатына тыйым салуға. Құжаттарын алуға және с.с. өкілеттілктер.

Осы аталған  бағалы қағаздар нарығын мемлекетік реттеу  тәсілдерімен қатар нарықтың өзін-өзі  реттеу  іс-шараларының да маңызы зор. Оның еңбір дамыған  формасы- қор биржасы. Ол бағалы қағаздар нарығына  бақылау жасаумен  қатар оған  қатысушылардың іс-әрекеттерін реттейтін біртектс  ереже шығарып, оынң  орындалуын қатаң қадағалап отырады. 

                           Қорытынды

   Бағалы қағаздар нарығы ел экономикасы дамуының маңызды бағыттарының бірі болып дамыған мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығы аясында Қазақстанның акциялар  нарығы әлі де жете дамымаған. Бағалы қағаздар нарығының ең басты проблемаларының  бірі - акционерлік қоғамдардың көп болуына қарамастан, акциялардың еркін айналыста  жоқтығы. Кәсіпорындардың акциялары негізінен ірі инвесторлардың бақылау пакетінде  шоғырланған, ал бұл инвесторлар кәсіпорындарды бақылауынан шығарғысы келмейтіні айдан анық. Сондықтан да акциялардың шектеулі саны ғана айналыста жүреді, бұл жағдай қор өз қызметін белсенді жүргізуіне кедергі жасайды.

Қазақстандық  бағалы қағаздар нарығын дамытудың басым бағыттары деп төмендегілерді айтуға болады:

  • инвестициялау мүмкіндіктерін одан әрі кеңейте түсу;
  • қазақстандық  акциялар  мен  мемлекеттік емес облигациялардың сапасы  мен тартымдылығын жоғарылату;
  • инвестициялаудың ұжымдық формалары арқылы халықтың жинақтарын нақты  экономикаға  тарту тетіктерін құру;
  • бағалы қағаздар нарығына қатысушылар қызметін бақылау жүйесін дамыту.

Бағалы  қағаздар нарығы экономиканың кез-келген саласының өз қажетіне ақша қорын  алуына жол ашуда.  

                       Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

1. Республика Президентінің «Бағалы қағаздар жөніндегі  биржасы туралы» жарлығы.

2.Көшенова  Б. А. Бағалы қағаздар нарығы: Оқу құралы.-Алматы: Экономика.-1999.-234 бет

3.Мусатов В.Т.Фондовый рынок. .-М.: Международные отношение,1991.-192

4.Шалгимбаева Г.Н.Рынок ценных бумаг: Алматы, Қаржы-қаражат.1997.-24 с

5. Бороздин  П.Ю.  Ценные бумаги и фондовый рынок.М:,1994

6.Оразбекұлы  Б. Инвестициялық институттардағы   бухгалтерлік есеп. Алматы, Экономика,2002

7. Бағалы  қағаздардың инвестициялық қасиеттерін  рейтингтік бағалау// Саясат,№10,2009,4-6 бет

8. Искаков  Ұ.М. Қазақстан бағалы қағаздар нарығының дамуының заманауи тенденциялары// Қаржы менеджменті,№1,2008

Информация о работе Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығы