Ағылшын тілі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 11:48, лекция

Описание

Ағылшын тілі (ағылш. English) — Үнді-Еуропалық тілдер жанұясының батыс герман тобына жататын тілі.
Герман тобына ағылшын тілінен басқа неміс, норуег, швед, недерланд т.б. тілдері жатады. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алған Англо-Саксондардың тілі, бірақ жауланған келттердіңтілдері әсерін тигізген.
Ағылшын тілі — халықаралық тіл. Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланатын тіл. Ағылшын тілі Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Аустралия және басқа елдерде ана тілі болып есептеледі. Одан басқа көптеген мемлекеттерде ресми тілі болып саналады.

Работа состоит из  1 файл

Анара.docx

— 32.73 Кб (Скачать документ)

Ағылшын тілі (ағылш. English) — Үнді-Еуропалық тілдер жанұясының батыс герман тобына жататын тілі.

Герман тобына ағылшын тілінен басқа немісноруегшведнедерланд т.б. тілдері жатады. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алған Англо-Саксондардың тілі, бірақ жауланған келттердіңтілдері әсерін тигізген.

Ағылшын тілі — халықаралық тіл. Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланатын тіл. Ағылшын тілі ҰлыбританияАмерика Құрама ШтаттарыЖаңа ЗеландияАустралия және басқа елдерде ана тілі болып есептеледі. Одан басқа көптеген мемлекеттерде ресми тілі болып саналады.

Ағылшын тілі — БҰҰ-ның алты тілінің бірі болып саналады. Ағылшын тілі — дүние жүзіне ең кең таралған тіл. Үндіеуропатілдерінің батыс герман тобына жатады. А. т. құрылымы жағынан флективті. ҰлыбританияАҚШАвстралияЖаңа Зеландияның мемлекеттік тілі болып табылады. Канадада (француз тілімен қатар), Ирландияда (ирланд тілімен қатар) мемлекеттік қос тілдің бірі. БҰҰ-да қабылданған ресми алты тілдің негізгісі. Алты құрлыққа кең тараған бұл тілде қазір 400 млн-нан астам адам сөйлейді. Қазақстанда да 20-ғ-дың 50-жылдарынан бастап Абылай хан атынд. Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері ун-тінде, өзге де жоғары және орта оқу орындарында Ағылшын тілі оқытылып мамандар дайындалды. Жеке пән түрінде мектеп бағдарламаларына енгізілді. А.т-нің түп-төркіні 5-6 ғ-да құрлықтан Британаралына қоныс аударған англ, сакс, ют тайпалары мен аралдағы байырғы кельт (бриттер) тайпаларының тілі болып саналады. А.т-нің даму тарихы ежелгі ағылшындық (7-11 ғ.), орта (12-15 ғ.) және жаңа (15 ғ-дан бері) дәуір болып үш кезеңге бөлінеді. А.т-дегі жазба ескерткіштер 7-8 ғ-дан белгілі. Ол уақытта ағылшындар руна жазуын пайдаланып, тасқа, ағашқа, сүйекке ойып жазған. 6-7 ғ-да ағылшындар арасында христиан дінінің таралуына байланысты руна жазуы қолданыстан шығып, латын әліпбиі қолданыла бастады. Ағылшындар латын әліпбиін ілгері дамытып, оған W, J және V әріптерін қосты. 1066 ж. Англияны нормандар басып алды да, мемл. тіл — француз тілі болып, Ағылшын тілі қарапайым халықтың сөйлеу тілі есебінде сақталды. 1476 ж. Англияда ағылшын тілінде кітап басып шығару басталды. Бұл жағдай Лондон диалектісі негізінде ағылшынның жазба әдеби тілін қалыптастырды. Ағылшын тілі британдық және американдық болып екі түрге бөлінеді. Британдық Ағылшын тілі өз ішінде шотландиялық, солтүстік, батыс, шығыс, оңтүстік диалектілерге жіктеледі 
 
 
 
 
 

Біздің көріп отырған дүниемізде қай тіл күшті, қай тіл басым (әскері көп, қаруы мықты, рухы өр…) екенін информация ағынынан кез келген адам тауып ала алады. 
Олардың қысқаша кестесі төмендегідей: 
Мәртебесі,  
тілдер Ана тілі ретінде қабылдаушылар Жалпы пайдаланушылар Мемлекеттік тіл мәртебесі БҰҰ жұмыс тілі  
Ағылшын тілі Бес жүз миллион Бір миллиард 44 елде Иә  
Қытай тілі Бір миллиард екі жүз миллион Бір миллиард үш жүз миллион 2 елде Иә  
Үнді тілі Бес жүз миллион Бес жүз миллион 2 елде жоқ  
Испан тілі Бес жүз миллион Бес  жүз миллон 22 елде Иә  
Араб тілі Үш жүз миллион Үш жүз  миллион 15 елде Иә  
Бенгал тілі Екі жүз миллион Екі жүз миллион 1 елде жоқ  
Португал тілі Екі жүз миллион Екі жүз миллион 6 елде жоқ  
Француз тілі Екі жүз миллион Үш жүз миллион 31 елде Иә  
Орыс тілі Жүз отыз миллион Жүз сексен миллон 1 елде Иә  
Неміс тілі Жүз он миллион Жүз елу миллион 5 елде жоқ  
Жапон тілі 110 миллион 130  миллион 1 елде жоқ  
Түрік тілі 70 миллион 80  миллион 2 елде жоқ  
Қазақ тілі 15 миллион 18 миллион 1 елде жоқ 

Ендеше не үшін кей тілдер күшейіп өркен жаяды да, кей тілдер құрдымға кетіп жойылады? Себебін бірер ауыз сөзбен, бір мақалаға сыйғызу мүмкін емес. Десе де ұлт ұстазы А. Байтұрсын ұлы  бізге тілдің дамып, өркендеуінің шарты «Оқыту-оқу; Жазу-зерттеу және Қолдану;» деп соқырға таяқ ұстатқандай көрсетіп кеткен болатын. Ендеше осы ойды тармақтап, талдап көрейік: 
1. Оқыту-оқу. 
Бұл тұтас білім беру жүйесіне қаратылған. Оқулықтарды қалай дайындау, оқушыларды қалай тәрбиелеу, нені оқытып, неден сақтану – тілдің әскерін дайындау деген сөз. Қатардағы әскерден қолбасыға дейін көтерілетін ұлт ұландары тәрбиеден туады. 
2. Жазу-зерттеу. 
Бұл дегеніміз тілді нормалау, қандай әліпби алу, қандай тіл ережелерін сақтау, қысқасы заман талабына сай тілді қалай дамыту,терминдер жасау, бағдарламалар жасау т.б. мәселелер. 
3. Қолданылуы.
 
 
 
 
 

    Қазіргі таңда шет тілі ретінде ағылшын тілін оқытуды жаңа сатыға көтеру отандық педагогикадағы іргелі міндеттердің біріне айналып отыр. Өйткені, елімізде Қазақстан Республикасының Президенті Н Ә Назарбаевтың бастамасымен «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасын дамыту басымдыққа айналып, соның ішінде жаһандану жағдайында әлемдік интеграцияға кірігу тілі ретінде ағылшын тіліне мән берілуде. Халықаралық қатынастар мен бизнес, туризм, әлемдік экономика мен саясат, білім және ғылым саласы мен озық технология, құқық пен мәдениет салаларының халықаралық аренадағы негізгі қолданыс тілі ағылшын тілі болып отыр. Осы ретте болашақ заңгерлерге мамандығы аясында ағылшын тіліндегі арнайы лексикасын қалыптастырудың маңызы зор.

    Болашақта заң, құқық қорғау және сот жүйесінде маман болатын студенттердің ағылшын тілін жетік меңгеріп, оны жұмыс барысында сауатты қолдана білу үшін ағылшын тілі пәнінің мұғалімдерінің әдістемелік шеберліктерінің жоғары болуы талап етіледі. Отыз бес жылға жуық ЖОО-дағы педагогикалық өтіл барысы көрсеткендей, болашақ заңгерлерге ағылшын тілін үйретуде  құқықтық-процессуалдық, азаматтық және қылмыстық істерді тергеу, сотта қарау және жазалау актілерін сабақ барысында ойын түрінде көрсету әдісін қолданудың маңызы мен тиімділігі зор. Мұндай ойын түріндегі сабақ барысында студенттер сот, прокурор, адвокат, айыпталушы, жәбірленуші, куәгер ролдеріне ене отырып, сот процесін көрсету арқылы ағылшын тіліндегі салалық терминдерді қолданады. Бұл ретте crime, punishment, verdict, judge, advocate, public prosecutor, criminal process, evidence, motive, witness, prosecution, defense, imprisonment, protocol, criminal code, criminal group, fact, damage, collegial court, sanction, etc. заң терминдерін жиі қолдану арқылы студенттер арнайы лексикалық бірліктерді тез игеріп, оның мағынасына қарай қолдануына мән береді.

    Жалпы қылмыс әкімшілік құқық бұзушылық және қылмыстық құқық бұзушылық болып екіге бөлінсе, бұлардың әрқайсысының өзіндік терминолгиясы бар. Бір азаматтың шағым айтып, сотқа келуі, қылмыстық істің қозғалуы, тергеушінің тағайындалуы, айыпталушының ұсталуы, сот процесінің жүргізілуі, мемлекеттік айыптаущы мен қорғаушының ұстанымдары, куәгерлердің дәйектері, жаза тағайындау, үкім шығару, бас бостандығынан айыру, шартты жаза, ауыр қылмыс, орташа ауыр қылмыс, моралдық және материалдық өтем, ар намысты таптау, жалған айып тағу, тергеу амалдарын жүргізу, сенімхат, қолхат, нотариалдық бекіту, адвокатқа жүгіну, жазамен келіспеу, еңбекпен түзеу колониясы, кәмелет жасқа толмағандар қылмысы, жасөспірімдер қылмысы, өзін-өзі қорғау, зорлық-зомбылық, медициналық сот сараптамасы, саусақ ізі, тері-май іздері, қан тобы, айғақ болатын заттар, үй тінту, ұрлық-қарлық, адам зорлау, кісі өлтіру, тонау, қарақшылық, бұзақылық, қоғамдық тәртіпті бұзу, көлікті мас күйінде айдау, қасақана кісі өлтіру, топтық қылмыс, жапа шегу, т.б. арнайы құқықтық заң саласындағы сөз тіркестерін әр түрлі оқиға бойынша қолдана отырып, соған сәйкес, құқықтық процесстерді түсіну, сот ісін жүргізудің тәсілдерін меңгеру секілді әрекеттерді сабақ барысында үйретудің тиімділігі мол.  
 

Германтану (орыс. германистика)

  • 1) герман халыктарының тілін, әдебиетің, тарихын, материалдық және рухани мәдениетін зерттейтін ғылыми пәндердің жиынтығы;
  • 2) герман тілдерін зерттейтін тіл білімінің саласы.

Герман тілдері - үнді-еуропа тіл семьясына кіретін туыстас тілдер тобы, өз ішінен үш топқа бөлінеді: солтүстік герман тілдері (швед, дат, Норвегияисландия, фарер), батыс (ағылшын, неміс, нидерланд, Люксембург, африкаанс, фриз, идиш), шығыс (өлі гот, бургунд, вандал, гепид, герул).

Германтану жеке сала ретінде 17 ғасырда, герман тілді халыктарда көне жазба ескерткіштерге кызығушылык басталған кезде, ана тілін көтеруге, бірыңғай әдеби тілді калыптастыруға бет алған кезде бөлініп шыкты. Германияда, Англияда, Нидерланды елдерінде ана тілінінокулыктары 16 ғасыр , Скандинавия елдерінде 17 ғасыр пайда болды.

Ғылыми Германтанудын негізі 19 ғасыр 2 жартысында герман тілдерін салыстырмалы-тарихи тұрғыда алғаш толық сипаттаған Я. Гриммның "Немецкая грамматика" (4 том, 1819 - 1837) енбегінде салынды. 19 ғасыр 70 - 80 жылы жасграмматизм кезінде герман тілдері мен диалектілерін зерттеуге, герман тілдерінің аргы тірек тілін ашуға көніл бөлген кезде германтану жаңа белеске көтерілді, мол нақты тілдік материал жиналды.

Германтанудың дамуына Кенес ғалымдары В. М. Жирмунский, В. Н. Яриева, А. И. Смирницкий, С. Д. Кацнельсон т. б. үлкен үлес қосты. Германтанудағы қазіргі жаңа проблемалардың бірі ағылшын, неміс тілдерінің бірнеше ұлттарға кызмет ететін нұскаларын (Мысалы, ағылшын тілінің американдық нұсқасы тағы басқа) зерттеу болып табылады.[1][2]

     Неміс тілі индоеуропалық тілдер тобына жататын герман тобының батыс германдық топшасына жатады. Неміс тілінің диалектілік бөлінуінің негізіне батыс-гармандық тайпалар - франктер, сакстер, турингтер, алемандар, баварлар (баюварлар) диалектілері жатады. Жазуы латын графикасы негізінде. Әдеби неміс тілінің австриялық және швейцариялық нұсқалары ГФР –дағы әдеби неміс тілінен диалектілер мен сөйлеу тілі ара қатынасы сипаты және түрлі әдеби тілдерді пайдалануымен ерекшеленеді. Неміс тілі нұсқаларындағы ауызша сөйлеу айырмашылығы неміс тілінің диалектілік бөлінуімен ескерілген.

Информация о работе Ағылшын тілі