Қазақ хандығының тұсындағы мәдениет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 13:54, реферат

Описание

Сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары – Шалкиіз (XV ғ.), Доспамбет (XVI ғ.), Жиембет (XVII), т.б. жыраулар. Қазақтың батырлар жыры мысалы: Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып келе жатқан шығармалар. Қазақтың әлеуметтік – тұрмыстық дастандары да (Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Қыз-Жібек т.б.) феодалдық-рулық қоғамның өмірін үлкен шеберлікпен көрсетеді.

Работа состоит из  1 файл

Хан-2.doc

— 33.00 Кб (Скачать документ)

Қазақ хандығының тұсындағы мәдениет 

      XVI-XVII ғасырларда ауыз әдебиеті кең  өріс алды. Ауыз әдебиетінің асыл қазыналарын жасаған, оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырған халық арасынан шыққан дарынды-ақындар, сал, серілер, жыраулар еді.

     Сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары – Шалкиіз (XV ғ.), Доспамбет (XVI ғ.), Жиембет (XVII), т.б. жыраулар. Қазақтың батырлар жыры мысалы: Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып келе жатқан шығармалар. Қазақтың әлеуметтік – тұрмыстық дастандары да (Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Қыз-Жібек т.б.) феодалдық-рулық қоғамның өмірін үлкен шеберлікпен көрсетеді.

     Халық арасында ана тіліндегі жазба  әдебиет діни және тарихи мазмұндағы кітап түрінде тарады.

     “Тарихи-и  Рашиди” – Орта Азия мен Қазақстанның XIV ғ. II-жартысы- нан XVI ғ. басына дейінгі тарихы баяндалған шығарма.

     Бұл шығарма 1541-1546 жылдары жазылған. Оның қолжазбасы екі дәптерден құралған. Бірінші дәптерде Шағатай әулетінің тарихы баяндалады, екіншісінде XV-XVI ғ. Шинжаң өлкесінде, Орталық Азияда, Индия мен Ауғанстанда өткен тарихи оқиғалар баяндалады.Онда қазақ тарихына қатысты құнды деректер бар. XV ғасырлырдың ортасында батыс Жетісуда қазақ хандығының құрылуы, қазақ-қырғыз, өзбек халықтарының қатынасы, Шығыс Қазақстанның қоғамдық шаруашылық жағдайы берілген.

     Ол  еңбекті жазған Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551) тарихшы, әдебиетші. Ол араб, парсы  тілдерін жетік білген. Хан сарайында  сақталған құжаттарды пайдаланған.

“Жамих  ат-тауарих” (Жылнамалар жинағы) –  ерте кездегі қазақ тілінде жазылған тарихи шығарма. Онда: ерте кезден бері қазақ даласын мекендеген қаңлы, жалайыр, қыпшақ, найман, керей, қоңырат, алшын, т.б. тайпаларының шежіресі беріледі.

     XI ғ. Орта Азия мен Қазақстан  территориясында өмір сүрген  қарахандар әулетінің, оғыз-қыпшақ тайпалар одағының дәуірінен бастап 1600 жылға дейінгі тарихы баяндалады.

     Әсіресе XIII ғ. мен XVI ғ. арасындағы қазақ жерінде  болған ірі тарихи оқиғалар баяндалады.

     Қазақ қоныстанған жерлердің жағдайы, ондағы қалалар, қазақ хандығы мен  хандардың өмірбаяны, қазақ хандығының заңды ережелері жайында деректер берілген.

     “Жамих  ат-тауарих” кітабыныің жазушысы Қадырғали Қосынұлы Жалайыр (1530-1605) Сырдария бойын мекендеген жалайыр тайпасынан шыққан, сол себептен “Жалайыр” аталған.

Ол қазақ  хандығының орда-сарайында ханның ақылшысы және ханзада- лардың тәрбиешісі болып  қызмет істеген. Бұл еңбек алғаш  рет 1854 жылы Қазанда жарық көрген. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Ғұндар мен сақтар мәдениеті 

     Сақтар  империясының құрамына массагет, исседон, савромат, аримаспы, дайлар, турлар, арийлер және басқа да тайпалар кiрген.

     Сақтардың көсемдерi Африсиап, Томирис сол  кездегi iрi мемлекет Парсы империясының патшалары Кирге, Дайриге, Александр  Македонскийге қарсы күрес жүргiзу барысында әскери-көшпелi тұрмысты қалыптастырған.

  Металл өңдеп, әлемдiк маңызы зор “скифский зверийный стиль” атты зергерлiк бұйымдар, қару-жарақтар мен киiмдер жасай бiлген. Жылқы жануарын өте қатты қадiрлеген, мал баққан. Осы тұрмыс-тiршiлiктерге байланысты, сақтар өз ұрпақтарын дене, еңбек және эстетикалық тәрбие принциптерi негiзiнде тәрбиелеп өсiрген. Сол замандарда өмiр сүрген, Тәңiр дiнiнiң негiзiн салған данышпан Заратуштра сақтар мен парсыларға ортақ әлемдегi тұңғыш “Авеста” кiтабын жазған. Заратуштра сол кездiң өзiнде (Аристотельдiң замандасы) рухани-танымдық, тәлiм-тәрбиелiк мәндi ойлар айтқан. Сақтардың қайратты, жауынгер халық екенiн атақты тарихшы Ксенофонт (б. д. д. 434-355 ж. ж.) былай деп суреттейдi: “Персидский царь устроил конные ристалища для всадников, представляющих разные народы. Когда начались бега, то какой-то молодой сак вырвался вперед и достиг финиша.

  Персидский царь предложил царю царство в обмен на коня, но тот отказался заявив, что отдал бы коня лишь в обмен на благодарность храброго человека...”, — деген екен (61, 27).

       Ғұндар б. д. д. III ғасыр мен  бiздiң дәуiрiмiздiң I-II ғасырлары  аралығында сақ тайпалары мекендеген  территорияның мұрагерлерi болды.  Сол кезеңдердегi үйсiн, қаңлы, жу-жу, дунку тайпалары ғұн империясының құрамына кiрдi, ғұндар металл игердi, мал шаруашылығымен айналысты. Бiрақ олардың ең негiзгi кәсiбi әскери-жауынгерлiк өнер едi. Олар өздерiнiң ұрпақтарын ер жүрек, алғыр, ептi болуға және зергерлiк бұйымдар жасауға тәрбиеледi.

     Қадым замандардағы сақтар мен ғұндардың  аңыз-әфсанаға айналып кеткен ерлiк тарихынан, көк түрiктердiң ежелгi қаһармандық шежiресiнен сыр шерткен жыр-дастандар бертiн келе, қазақтың батырлық жырларының идеялық және көркемдiк тұрғыдан қалыптасуына тiкелей ықпал еттi.

Информация о работе Қазақ хандығының тұсындағы мәдениет