Ұлы Жібек жолы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 11:08, курсовая работа

Описание

Ұлы Жібек жолы – Шығыс пен Батысты байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін керуен жолының жүйесі. Ұзындығы 7 мың шақырымнан астам Ұлы Жібек жолының дүниежүзілік өркениеттің дамуында үлкен роль атқарғаны бәрімізге мәлім. Ұлы Жібек жолы Қытайдан басталып, Римге барып аяқталған. Бұл трасконтинентальды жол тек қана сауда - саттықтың көтерілуіне ғана емес, сонымен қатар қалалар мен өнердің гүлденуіне, мәдениеттер, діндер мен тілдердің араласып толысуына, жалпы айтқанда, адамзат мұрасының қалыптасуына қатты әсер етті.

Работа состоит из  1 файл

ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ.doc

— 75.95 Кб (Скачать документ)

                                                      КІРІСПЕ

          

     Ұлы Жібек жолы – Шығыс пен Батысты байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін керуен жолының жүйесі. Ұзындығы 7 мың шақырымнан астам Ұлы Жібек жолының дүниежүзілік өркениеттің дамуында үлкен роль атқарғаны бәрімізге мәлім. Ұлы Жібек жолы Қытайдан басталып, Римге барып аяқталған. Бұл трасконтинентальды жол тек қана сауда - саттықтың көтерілуіне ғана емес, сонымен қатар қалалар мен өнердің гүлденуіне, мәдениеттер, діндер мен тілдердің араласып толысуына, жалпы айтқанда, адамзат мұрасының қалыптасуына қатты әсер етті.

       Ұлы Жібек жолы адамзат тарихында  алғаш рет Жерорта теңізінен Тынық мұхитқа дейін ұлаң - ғайыр аймақтағы түрлі ұлттар мен елдердің мәдениетін біріктірген еді.

     Ұлы Жібек жолын тарихи - географиялық мәдени аспектілер жағынан ғылыми зерттеу жұмыстары негізінен XІX ғасырдың екінші жартысында басталды. Осы трансконтинентальды жолдың зертеулеріне Батыс еуропалық,  орыс және жапон ғалымдары үлкен үлес қосты. 1877 жылы классикалық ғылыми  «Қытай» атты еңбегінде белгілі неміс ғалымы Фердинанд Пауль Вильгельм Рихтгофен Еуразия материгінің түрлі бөліктерін байланыстыратын жолдар жүйесін Жібек жолы «Seіdenstrassen», кейіннен Ұлы Жібек жолы деп атап кетті. Осыдан кейін Жібек жолына бұқаралық қауымның қызығушылығы артты.  
 
 
 
 
 
 
 
 

           
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  1.1 ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫныҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СІЛЕМІ 

     629 жылы буддалық тауап етуші Сюань-Цзян «Будданың қасиетті сүйектерін көріп, дін ілімін тыңғылықты зерттеу үшін» Қытайдан Үндістанға аттанды. Ол Қытайды Батыспен жалғастырып жатқан және техника жаңалықтарын, діни идеялар мен мәдениет жетістіктерін жеткізуші болған ха-лықаралық жолмен жүрді.

     Чаньаннан шыққан көпестер керуенімен бірге қоспақ түйемен Дунхуан арқылы үлы Гоби шөлінің шетімен жүріп, «Ұлы Айдаһар шағылдары» деген атпен мәлім тұзды шөлден, Хами және Тұрфан жазирасынан, Тянь- Шанның солтүстік беткейлерін бойлай өтіп, Музур-Ола жотасы болуы мүмкін деп саналатын мұзды таулардан шыкқан Сюань-Цзян мен оның серіктері «Мөлдіреген Көгілдір көлге» жеткен. Оны «Қайнаған көл» (Ыстықкөл) деп те атаған. Көлді айналып өткен тауап етуші Суяб қаласына келіп, онда Батыста шекарасы Қара теңізге дейін созылып жатқан орасан зор империяның әміршісі түрік кағанымен кездескен. Сюань-Цзян түріктердің кағаны мен оның маңындағыларды былайша суреттейді: «Бұл жатжерліктердің жылқылары тамаша екен. Қаған жасыл жібек шапан киген; оның басы жалаңаш, тек ұзындығы бір чжаннан (3,2 м) астам жібек шүберекпен орап, ұштары артына салбыратып жіберілген. Оның ізіне зерлі шапан киіп, шаштарын бұрым етіп өрген екі жүзден астам тархан еріп жүр. Аң терісімен әдіптелген киім және жұмсақ бас киім киген өзге жауынгерлер айбалталар, тулар мен садақтар ұстаған. Түйелер мен атқа мініп келе жатқандардың көп екені сонша, көзбен шолып шығу мүмкін емес».

     Өзіне қаған жасаған кабылдауды суреттей келіп, Сюань-Цзян түрік ақсүйектерінің жібек киімдерінің сән-салтанатын талай рет атап көрсетеді және өзінің сыйлыққа «қызыл күрең сәтеннен тігілген толып жатқан киім жиынтығы мен елу тай жібек» алғанын да хабарлайды. Бұл көріністе Шығыс пен Батыс саудасының негізгі өнімі, ертедегі және орта ғасырлардағы құрлықаралық ұлы жолға атын берген жібек ерікті болсын, еріксіз болсын бірнеше рет айтылады. Бұл жолдың кашан «іске қосылғаны» туралы сұраққа осы кезге дейін түрлі жауап қайтарылады. Егер «Жібек жолының» жекелеген учаскелердің түп-негізі туралы айтар болсақ, қарым-қатынастар мен айырбас байланыстарының басы уақыты жағынан б. з. б. ІІІ-ІІ мыңжылдықтарға барып тіреледі. Бұл байланыстар Бадахшан тауларында көктас және Жаркентдария өзенінің жоғарғы ағысында, Хотан аудандарында нефрит кеніштерінен кен қазылуы себепті жолға қойылған еді. Бадахшанда өндірілген көктас Иранға, Месопотамияға, Анадолға, Мысыр мен Сирияға шығарылды. I мыңжылдықтың орта шенінде Бадахшанның көктасы Қытайға апарылады.  

     Орта  Азия мен Орта Шығысты Жерорта  теңізімен және Үндістанмен жалғастырған «Көктас жолымен» катар Шығыс  Түркістанды Қытаймен байланыстырған «Нефрит жолы» да болды.

     Б. з. б. I мыңжылдықтың орта шенінде «Дала  жолы» жандана бастады, егер тарихтың атасы Геродоттың суреттеуіне ден қойсак, оның мынадай бағыты айқын болады: ол Қара теңіз өңірінен Дон жағалауына, содан coң Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтар жеріне, Ертіске қарай, одан әрі Алтайға, Жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлі маңын мекендеген агриппейлер еліне шыққан. Бұл жолмен аң және мал терілері, иран кілемдері, қымбат бағалы металдардан жасалған бұйымдар таралған.

     Таяудағы  кездің өзінде жібектің ойлап табылуы және онымен сауда жасау б. з. б. I мыңжылдық кезіне жатады деп саналып келген еді. Алайда Тайху көліне жақын жерде, Чжецзян провинциясында қазба жұмыстарын жүргізген қытай археологтары неолит дәуіріне жататын жібек маталар, белдік пен тоға тапты. Матаның мезгілі - б. з. б. 2750+100 жж. Оған жасалған талдау сол кезге қарай-ақ, яғни осыдан бес мың жылдай бұрын жібек тоқу қарапайым сатыдан шыққанын дәлелдейді. Б. з. б. VI-V ғасырларда қытай жібегі басқа елдерге, соның ішінде Батысқа да шығарыла бастаған. Алтайдағы Пазырық «патшалық» обаларының б. з. б. V ғасырдағы деп саналатын біреуін қазған кезде феникс кестеленген жібек көрпе табылды. Оңтүстік және Батыс Европа аудандарында б. з. б. VI—V ғасырлардағы қабірлерден жүннен жасалған бұйымдарға тігілген жібек маталар мен шашақтар шықты.

     Қымбат тұратын жібектердің таралуына сақтар мен скифтердің көшпелі тайпалары қатысқан, сол кездегі ғажайып товар Орталық Азия мен Жерорта теңізі өңіріне солар арқылы жеткен.

     Алайда, VI-IV ғасырлардағы Жібек жолы туралы айтуға бола қоймас, қымбат товарлар дала өңірі арқылы жеткізілген, ол 40-параллель маңынаң өткен және Хуанхэ өзенінің үлкен иіндерінен басталып, Алтайдың шығыс және солтүстік сілемдерін, Қазақстан мен Қара теңіз өңірі далаларын кесіп өткен де, гректер мен этрускілер жеріне жеткен деп шамалау дұрысырақ болады.

     Жібек Үндістанға сол кезде барған, мұны «сина патто» - «қытай жібегі» деген сөз дәлелдейді.

     Б. з. б. I ғасырдың ортасында ғана «Жібек жолы» тұрақты дипломатиялық  және сауда жолы ретінде пайдаланыла  бастайды. Ал бәрі 138 жылы, император  У-ди Батыстың беймәлім елдеріне жіберген Чжан-Цзяңға ерген елші керуені Хань астанасынан шыққан кезде басталған еді. Чжан-Цзян 13 жылдан кейін қайтып оралды. Ол қазіргі Ауғанстан аудандарына дейін жетіп, Қытайдың ішкі аудандарынан Орталық Азияға бірінші болып тура жолмен жүріп өтті. Осы жол бойынша Батысқа жібек артқан керуендер аттанып, ал Қытайға Жерорта теңізі жағасынан, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядан товарлар әкеліне бастады.

     Көп кешікпей халықаралық сауда Орта Азиядағы Зеравшан және Қашқадария аңғарларында орналасқан ел Соғдыдан шыққан саудагерлердің қолына көшті. Соғдылардың Шығыс Түркістандағы «Тохарлық» қалаларда және Қытайдың Ланчжоу, Дунхуан, Чаньан сияқты қалаларында сауда колониялары болды. Мысалы, Дунхуанда мыңға тарта соғдылар тұрған. Соғдылар Жапонияға өткен, жібек жолы жапондардың ертедегі астанасы Нараға жетіп аяқталған. Осындағы бір ғибадатханада соғды тілінде жазылған қолжазба сақтаулы.

     Қазақстанның батысын Қиыр ПІығыспен, Амур бойымен керуен жолдары байланыстырып жатты. «Бұлғын жолы» дейтін жол арқылы Византияның, Иранның, түрік қағанаттары мен соғды княздіктерінің Бохай мемлекеттерімен және Жапониямен байланыстары жүзеге асырылған. VI ғасырда «Бұлғын жолының» теңіздегі бөлігі «Жапонияға баратын жол» деп аталған. II-V ғасырларда Жібек жолы, егер Шығыстан бастасақ, Чаньаннан басталып, Ланчжоу ауданында Хуанхэ арқылы өтетін өткелге, одан әрі Нань-Шанның солтүстік сілемдерін жағалап, Ұлы Қытай қорғанының батыс шеті мен «Яшма қақпалары бекетіне» беттеген. Осы арада бір жол айрылып, Такла-Макан шөлінің солтүстігі мен оңтүстігін жағалап кеткен. Солтүстік жол Хами, Тұрфан, Бесбалық, Шихо жазиралары арқылы Іле өзенінің аңғарына; ортаңғы жол Чаочаннан Қашқарға, Ақсуға және Бедел асуы арқылы Ыстықкөлдің оңтүстік жағасына; оңтүстік жол Дунху-ан, Хотан, Жаркент арқылы Бактрияға, Үндістан мен Жерорта теңізіне шыққан, бұл - «оңтүстік жол» деп аталатын жол; «солтүстік жол» Қашғардан Ферғанаға және одан әрі Самарқанд, Бұхара, Мерв арқылы Хамаданға, Сирияға барған.

     VI—VII ғасырларда, Ферғана арқылы өтетін  бұрынғы жол төте және қолайлы болғанымен, Қытайдан батысқа Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан аркылы өтетін жол мейлінше жандана түседі. Жолдың ауыстырылуын мынадай себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда түрік қағандарының ордалары болды, Орта Азия арқылы өтетін сауда жолдарын солар бақылап отырды. Екіншіден, Ферғана арқылы өтетін жол өзара қырқыс салдарынан VII ғасырда қауіпті болды. Үшіншіден, түріктердің бай қағандары мен олардың төңірегіндегілер теңіздің арғы жағының товарларын ірі мөлшерде тұтынушылар болатын.

     Сөйтіп  бұл басты жолға айналды да, елші және сауда керуенінің негізгі көпшілігі VII-XIV ғасырларда осы жолмен жүрді. Жібек жолының бұл бағыты бір орнында тұрақтап қалған жоқ, ғасырлар ішінде белгілі бір учаскелері мен тармақтары алма-кезек мейлінше үлкен маңыз алып, керісінше, басқаларымен жүріс тоқтап қалды, ал олардың бойындағы қалалар мен сауда бекеттері құлдырауға ұшырады. Мәселен, VI—VIII ғасырларда негізгі бағыт Сирия - Иран - Орта Азия - Оңтүстік Қазақстан - Талас аңғары - Шу аңғары - Ыстықкөл ойпаты - Шығыс Түркістан болды. Бұл жолдың бір тармағы, дәлірек айтқанда, тағы бір бұтағы жоғарыда айтылған жолға Византиядан Дербент арқылы Каспий өңірі даласы - Маңғыстау - Арал еңірі - Оңтүстік Қазақстанға шықты. Иранға қарсы Батыс түрік қағанаты мен Византия сауда-дипломатиялық одақ жасасқан кезде, ол жол сасанилік Иранды айналып өтті. 568 жылы Константинопольге император II Юстинианның (565-576) сарайына түрік қағаны Дизабулдан соғдылық Маниах бастаған елшілік келді, Маниах, қытай шежірешілерінің айтуынша, «...түріктерді үйретіп, бағыттап отырғандардың» бірі болған. Алайда бұл жолы түріктер де, соғдылар да жібекпен көп мөлшерде сауда жасауға  байланысты ортақ мақсат көздеді. Ол бұлардың екеуіне де орасан көп кіріс келтіретін еді.

     Жібектің  бір бөлігі Қытайдан келіп түсетін, басқа бөлігі Шығыс Түркістан қалалары мен Соғдының өзінде дайындалатын, бұл орайда оны өндірудің өскені сонша, оны өткізу өткір проблемаға айналды. Оны жібекті ең ірі тұтынушы - Византияға сатуға парсылардың кедергі жасауы тереңдете түсті. Оған өте нақты себептер болды, өйткені жібек Византияға сарай мен ақсүйектердің қажеттері үшін ғана емес, сонымен қатар тағылардың әскерлерін жалдаған кезде валюта ретінде де қажет еді, олар бірінші кезекте Иранмен соғыста пайдаланылатын. Егер парсы үкіметі жібекпен емін - еркін өткізіп сауда жасауға рұқсат етсе және жібек Византияға дейін жетсе, «онда бірнеше жылдан кейін Евфратта сансыз көп жалдамалы армия тұрар еді де, оған тойтарыс беруге Иранның бүкіл күші жетпес еді».

     Сондықтан түріктер мен соғдылар парсылармен  уағдаласа алмады да, түріктер Византияға Маниах елшілігін жібереді. Ол Иранды және оның бақылауындағы жерді айналып өтіп, Жетісудан Сырдария бойымен Арал өңіріне, Маңғыстау арқылы Каспий өңіріне, Солтүстік Кавказға, Кавказ жотасы арқылы Константинопольге жетті. Елшілікті жақсы қабылдаған Юстиниан Талас жағалауындағы қаған ордасына өз елшілігін аттандырды. Сөйтіп, «түріктердің гректерге» баратын жаңа жолы жұмыс істей бастады. Оның бағытын археологиялық олжалар жақсы көрсетеді, олар әсіресе Кавказ жотасының етектерінде көп, онда Мощевая балка қорымы ашылды, Одан жібек бұйымдар, жібек матаға салынған суреттің киындылары, қытай көпесінің кіріс-шығыс жазбалары және VII—X ғасырлардағы басқа да көптеген шетелдік заттар табылды.

     Бұл жолдың бойында Сырдарияның үлкен де бай қалалары тұрды, олар туралы біраз кейініректе XVI ғасырдағы тарихшы Рузбихан былай деп жазды: «Ходжент (Сырдария) өзені Түркістан бекіністерінің арасынан ағып өтеді. Сейхун өзенінен қазып шығарылған арналардың жағасында сондай асқақ көрінетін аса биік замоктар сияқты биік бекіністер ортасынан ағып жаткан езен жұмақтың куаныш-шаттығын айтып тұрғандай».

     Кейініректе, IX—XII ғасырларда бұл жол «Тянь-Шань» жолына қарағанда азырақ пайдаланылатын болды. Бірақ ХIII—XIV ғасырларда ол кайта жанданады. Құрлықтағы саяси жағдай елшілердің, көпестердің және басқа да саяхатшы адамдардың жол тандауын анықтап берді.

      Қазақстан Жібек жолы ауқымына кірер қарсанда оның оңтүстік аймағында ежелден өзіндік мәдениет дамып, оның қалыптасуына көшпелі тайпалар мен отырықшы халықтap қатысты. Бұл ретте этникалық тұрғыдан алғанда көшпелілер де, отырықшы тұрғындар да біртектес еді немесе бір үлгідегі этникалық -саяси құрылымдар шеңберінде біріккен болатын. Отырықшы және көшпелі мәдениеттердің өзара әсері мен бір-бірін байытуы дүниежүзілік прогрестің сара жолы болды. Мұндай кірігудің қойнауында өркениеттің Қазақстан мен Орта Азия халықтары жасаған көптеген жетістіктері, сондай-ақ оны мекендейтін халықтар этногенезінің бастаулары жатыр. Мәселен, б. з. б. VI—III ғасырларда мұнда сақтардың көшпелі жәие жартылай көшпелі тайпалары мекендеді, олардың жоғары мәдениеті көптеген обалы ескерткіштерді қазу арқылы мәлім, олардың арасында Бесшатыр, Есік, Түгіскен, Ұйғарақ бар.

     Сақтардың Қытаймен, Үндістанмен, таяу және Орта Шығыспен сол кездің өзінде-ақ байланыстары болған. Мұны сақ шонжарларының қабірлерінен табылған қытай. айналары, Орта Азиядан, Ираннан әкелінген көркемдігі жоғары шетелдік бұйымдар дәлелдейді. Түгіскендегі шикі кірпіштен қаланған іргелі жерлеу құрылыстары оларды салуға жатжерлік шеберлерінің тартылуы туралы ойға жетелейді. Усун және Кангюй мемлекеттері өмір сүрген уақытта б. з. б. II - біздің заманымыздағы I мыңжылдықтың бірінші жартысында, Жібек жолы қызу пайдалаңыла бастаған кезде, мұнда Рим шынысы мен теңгелері, қытай жібегі, айнасы мен лакталған ыдыс-аяғы, Европаның фибул-ілгектері және Ираннан оймышталып-басылған тастар әкелінді.

Информация о работе Ұлы Жібек жолы