Ұлы Жібек жолы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 11:08, курсовая работа

Описание

Ұлы Жібек жолы – Шығыс пен Батысты байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін керуен жолының жүйесі. Ұзындығы 7 мың шақырымнан астам Ұлы Жібек жолының дүниежүзілік өркениеттің дамуында үлкен роль атқарғаны бәрімізге мәлім. Ұлы Жібек жолы Қытайдан басталып, Римге барып аяқталған. Бұл трасконтинентальды жол тек қана сауда - саттықтың көтерілуіне ғана емес, сонымен қатар қалалар мен өнердің гүлденуіне, мәдениеттер, діндер мен тілдердің араласып толысуына, жалпы айтқанда, адамзат мұрасының қалыптасуына қатты әсер етті.

Работа состоит из  1 файл

ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ.doc

— 75.95 Кб (Скачать документ)

     Жанкентген сожүстік-батысқа қарай шыққан жол Білеуіт өзенінің жағалауына жетіп, Қоңырат пен Қарсақпай ауданына апарған. Орталық Қазақстанға Отырардан Шауғар мен Ақсүмбедегі Тұрлан асуы арқылы Сарысудың төменгі ағысына және өзенді бойлай жоғары өрлеп, Ұлытауға (Кендірлік тауына), ал одан Есіл мен Ертістің бойымен кететін Сарысу жолы деп аталатын жол да шыққан. Неғүрлым қысқа жол - Созақ арқылы Шудың төменгі ағысына, ал одан Бетпақдала арқылы Жезқазған өңіріне апаратын жол саналды. Тағы бір жол — «Хан жолы» жаңа заманға дейін пайдаланылып келді және Тараздан Таластың бойымен төмен қарай Мойынқұм мен Бетпақдала арқылы Атасудың жағалауына қарай кетеді.

     Ибн-Бахр мен әл-Идрисидің мәліметтеріне  сәйкес, Тараздан Адахкет және Дех-Нуджикет қалалары арқылы Ертіске — кимектер хақанының ордасына қарай және одан әрі Енисейдегі қырғыздар еліне қарай сауда жолы барған. Қырғыздарға әрбір үш жылда жібек артылған керусн жіберіліп отырған.

     Іле алқабын Орталық Қазақстанмен, Шу-Іле тауларының солтүстік беткейлерімен содан соң Шуды жағалап, оның төменгі ағысына, одан кейін Сарысудың жағасына қарай өтетін жол жалғастырып жатқан. Шеңгелді маңында солтүстік-Іле жолынан тағы бір маңызды жол бөлініп, ол Көктал мен Бояулы керуендері арқылы Балкаш өңіріне, ал сонан соң Іле өзенінің Ақтам және Ағашаяқ қалаларының жұрты жатқан Ортасу атырауын жағалап, Балқаш жағасына қарай, ал содан кейін ені 8 шақырымнан сәл асатын бұғаз қалдырып, көлдің оңтүстік және солтүстік жағаларын жалғастырып жатыр деуге болатын Ұзынарал түбегі арқылы өткен. Осы арадағы мүйістен көпшілік бөлігін су басып кеткен қала жұрты табылды. Керуендер бұғазды кешіп, ал қыста мұз үстімен өтіп, Тоқырауын өзенінің сағасына шыққан соң оны жағалап, Ұлытау етегімен, одан әрі солтүстікке қарай жүрген деп шамалауға болады.

     Жоңғар  қақпасына беттеген солтүстік-Іле жолынан Алакөлді батыс жағынан айналып өтетін жол бөлініп, ол Тарбағатай арқылы Ертіске,кимектер елінің жеріне барған. Тарбағатайда және Ертіс жағалауында кимек қалалары - Банжар, Қанауыш, Астұр, Сисан қалалары мен «хақан астанасы» - темір қақпалы дуалмен бекітіліп қоршалған үлкен қала орналасқан. Кимектердің қалалары Енисейдегі қырғыздардың, Монғолиядағы ұйғырлардың қалаларымен және Шығыс Түркістанның жазираларымен сауда жолдары арқылы байланысып жатты. Оңтүстік Арал өңірі арқылы Кама алабына Жібек жолын солтүстікпен жалғастырған жол өтті. Осы жерде дайындалған қымбат бағалы аң терілері Орта Азияға, Шығыс Түркістанға, Қытайға, Үндістан мен Иранға апарылған. 
 

                      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

        1.2 САУДА ЖӘНЕ ТОВАР АЛМАСУ

     Бұрын атап өтілгеніндей, Жібек жолы бастапқыда қытай жібегін Батыс елдеріне шығаруға қызмет етті. Өз кезегінде, онымен Римнен, Византиядан, Үндістаннан, Ираннан, Араб халифатынан, ал кейініректе Европа мен Русьтен осы елдерде өндірілетін товарлар тасылды. Бұл ғажайып, таңсық товарлардың тізімі таусылмайды. Бұлар - мирро мен ладан, жасмин суы мен амбра, кардамон мен мускат жаңғағы, өміртамыр (женьшень) мен айдаһардың (питон) өті, кілемдер мен маталар, бояулар мен минералдық шикізат, алмас пен яшма, янтарь мен маржан, піл сүйегі, құйма күміс пен сүйегі, құйма күміс пен сом алтын, аң терілері мен теңгелер, садақтар мен жебелер, семсерлер мен найзалар және басқа да көптеген заттар. Жібек жолымен сату үшін Ферғананың асыл тұқымды аттары, араб және нисия арғымақтары, түйелер мен пілдер, мүйізтұмсықтар мен арыстандар, барыс пен киіктер, қаршығалар мен сұңқарлар, тотықұстар мен түйеқұстар алып жүрілді. Мәдени өімдіктер: жүзім, шабдалы, қауын, тәтті тағамдар мен қант, жемістер мви көкөністер Жібек жолы арқылы тарады.

     Алайда  сауда жасалатын негізгі зат  жібек болып қала берді. Алтынмен бірге жібек халықаралық валютаға айналды, ол патшалар мен елшілерге сыйға тартылды, жалдамалы әскерге ақы және мемлекетгік қарыз ретінде төленді. Иранның шахиншахы Хосроу I Ануширван қытай императорынаи баска тартулармен қатар, қытайдың жібек киімі» - «ушари» алған, оның көкшіл өңіріне тәж киген және әшекейлер тағынған патша бейнеленген. Қытай, Орта Азия, Шығыс Түркістан билеушілері сарайларыньщ фрескаларында шонжарлар киген жібек киімдерде оларға тән барлық кымбат бұйымдар әшекейлерімен, ұсақ-түйектерімен, тіпті тігістерімен айнытпай салынатыны кездейсоқ емес. Жібек жолымен тасылатын жібектің де, товарлардың бір бөлігінің де оның Қазақстан бөлігінде тұрған қалаларда қалып отырғаны әбден табиғи нәрсе. Мұны археологиялық олжалар айқын дәлелдейді.

     Отырар  алқабындағы Мардан қорымын казған кезде қабірлердің біреуінен қытайдың біздің заманымыздағы I—IV ғасырларға жататын жеті «У-шу» теңгесі шықты. Бұл теңгелердің князь Чжан-Цзянның жолымен Ба-тысқа, соның ішінде Кангюй мемлекетінің орталығы орналасқан Сырдарияның орта тұсына бет алған сауда керуендерімен байланысы болғанына дау жоқ. Қытай деректемелерінде ол кездер туралы былай делінген: «...жуырдағы кездің өзінде шетелдік иеленушілермен қатынастар орнатуды күткен және бәрінен бұрын алыс шет аймақтарда белгілі болу даңқын қымбат тұтқан Қытай сарайы Кангюймен байланысын үзбеді».

     Батыспен  байланысты қымбат тұратын заттар арасынан Жетісудан табылған күміс құмыраларды атап өту керек, онда византиялық үлгіге еліктеп крестер түрінде калыппен өрнек салынған. Құмыраларды жасаған шебер өз жүмысын Византияда істелген деп көрсетуге тырысқан. Бір саптыаяқ тұтқасының иілген жерінде «көне заман сипатындағы» бас бейнеленген. Зерттеушілердің пікірінше, Византия үлгілеріне бұлайша еліктеуге тыры-сушылықты «империя халқы түр-тұрпатының әсерлі әсемдігі» туғызған. Жамбыл каласында Тараздың орнынан I Юстинианның византиялық алтын солиді табылды, оның бір бетінде дулыға киіп, найза мен қалқан ұстаған император, екінші бетінде қолына крест ұстаған Жеңіс құдайы бейнеленген. Византияның алтын солидінің кең таралғанын және халықаралық валюта ретінде қолданылған. Кімнің билеушісі күшті екені жөнінде византия және парсы көпестерінің айтысуы туралы Кузьма Индикоплавтың VI ғасырдың орта шеніне жататын әңгімесі мәлім. Персия саудагері тек күміс керсете алған кезде, византиялық бүкіл әлемге таралған алтын теңге көрсетіп жеңіп шыққан.

     Талғар  қаласының жұртынан шетелдік бұйымдардың қызықты олжалары табылды. Бұл — көмбе, оның құрамына ішкі жағы ұзақ жасау нышаны— саңырауқұлақ түріндегі медальондармен көмкерілген бала мүсіндерінің оймышталып жасалған бейнелерімен безендірілген қытайдың төрт фарфор тостағаны кіреді. Ыдыстардағы нышандар ер баланың дүниеге келуін (төрт бала) және бірлікті — «и туань хоци» (бір толық бала) тілеу деп те түсіндіріледі. Көмбеде фаянс тостағанның сынықтары да болды. Ішкі жағында, қызыл түске люстрмен жасалған тау жөне теңіз пейзажы көрінісінде, отырған он бір ер кісі мен бір әйел бейнеленген. Барлық кейіпкерлер алтындатылған әсем киім киінген, алты мүсіннің киімі қызыл, алтауында -алтынмен әдіптелген қара киім. Адамдардың басынан алтын нұр шашылып тұр. Еркектердің бет-әлпеттері мұрындарының етті және қастарының қою болуымен ерекшеленеді. Он еркектің шашы қырылып тасталған, сегізінің мұрты бар. Ортада отырған еркек басқаларынан тұлғалы, ұзын шашы, салбыраған мұрты мен сақалы бар. Ол басына алтын тәж киген, оң қолына ұшы иығы деңгейінде тұрған семсер ұстаған. Ақ жүзді әйелдің көздері қиық, қастары доғадай иілген, мұрны түзу, аузы оймақтай. Ол басына биік бас киім киген, оның астынан ұзын шаштары иығына түсіп тұр. Мүсіндердің арасында аждаһаның қабырщақты денесі иретіліп жатыр. Тостағанның сыртқы жағында нақ сол адамдардың мүсіндері екі қатарға бейнеленген, оларды қара түс арасындағы аждаһаның кабыршақты ақ денесі бөліп жатыр. Тостағанның сыртқы түбінде иероглифтер жазылған сопақша таңба бар. Фарфор тостағандар мен фаянс тостағанның сынықтара Талхизге қытайдан XII ғасырдың аяғы - XIII ғасырдың басында әкелінген.

       Көмбе құрамына кіретін үш мыс табақтың фрагментері де сол кездегі деп саналады. Олардың басқаларынан жақсырақ сақталған біреуінің диаметрі 49,5 см. Ыдыстың ішкі беті бірнеше шеңберлерге бөлінген. Ортасындағы медальонда арыстан денелі, әйел бетті, канаты бар екі жанды нәрсе бейнеленген, олардың басына тәж кигізілген. Сфинкстер артқы аяқтарымен, бір-біріне арқасын беріп геральдикалық кейіпте тұр, мүшелі кұйрықтары айқасып жатыр, беттері тура қаратылған. Доға тәрізді жіңішке қанаттары жоғары көтерілген. Медальонның бос жерлері өсімдік тәрізді өрнеуктермен толтырылған. Медальонның сыртындағы шеңберге жүгіріп бара жатқан иттер ментүлкілердің бейнелері - «аң қуу» көрінісі салынған. Taғы бір жолақты лира тәрізді мүсіндердің бейнелері алып жатыр, олар өсімдік өркендерінен өрілген. Табақшаға ұқсайтындар көп, оларда сфинкс және аң қуу көріністері бейнеленген. Бұлар - Орта Азиядан, Еділ бойынан, Кавказ өңірінен, Таяу және Орта Шығыстан табылған шыныаяқтар, айналар, табақшалар. Тегінде, мұндай бұйымдарды шығаратын орталықтар бастапқыда Иранда болып, сол жақтан олардың өздері де, сюжеттері де Жібек жолымен таралса керек.

     Сырдарияның орта ғасырлардағы қалаларын, атап айтқанда, жиырма жылдай уақыт бойы кең көлемді зерттеулер жүргізіліп жатқан Отырарды қазу жұмыстары кезінде шетелдік заттар табылды. Бұл — шиыршық aтып жатқан жолбарыс немесе барыс бедерленіп бейнеленген нефрит қапсырма. Қапсырманың көлемі диаметрінде 3,2—3,5 см, оның бүйірлерінде бекітуге арналған құлақшалар бар. Бейненің иконографиясы оның Қытайда шығарылғанын дәлелдейді. Жыртқыш мүсінін көрсету дәстүрлі аспан аждаһалары «лун» және аждаһа сияқты касиетті «ак жолбарыстар — байху» бейнелеріне өте ұқсас. Мұндай «жолбарысты қапсырма-регалиялардың» ертедегі үлгілері Чжоу дәуірінің Чжанго кезеңіне жатады. Қапсырмалардың жасалған уакыты - Тан немесе Сун дәуірі. Қапсырманың пайцзе немесе иеленуші адамның рулык эмблемасы болуы мүмкін.

     Отырардан табылған күміс көмбе мәні жөнінен сирек кездесетін, халықаралық сауданы зерттеу үшін маңызды олжалар санатына жаталы. Ол өз құрамы жағынан ақшалай-зттай болып келеді. Көмбедегі теңгелер жиынтығының құрамы бірегей: онда Шығыс Түркістан калалары - Алмалықтың, Пулад пен Эмильдің (Омылдың), Орду әл-Заманың; Европадағы Қырымның; Кіші Азиядағы Сивастың, Конияның, Тебриоздың; Қазақстандағы Женттің теңге сарайларында соғьтлғандары бар. Теңгелердің жииалған уақыты XIII ғасырдағы 60-жылдардың екінші жартысына жатады, ал олар XIII ғасырдың 40-60-жылдарында соғылған. Көмбедегі күміс бұйымдар әсерлі, олардың арасында құрама белдіктің үйғырша жазулары бар күміс қапсырмалары; Орта Азияда оратылып жасалған білезіктер мен Еділ бойында өріліп жасалған білезіктер; Кіші Азиядағы бір қаланың қолөнер шеберханасынан шыққан белдіктің тоғасы бар. Көмбе монғол империясы дәуірінде Жібек жолының бойында тұрған қалалардың өзінше бір «визит карточкалары» тәрізді.

     Көмбеде линзалар және сопақша күміс кесектері де болды. Олар ақша ретінде қолданылған болуы мүмкін, бұл жазбаша деректемелерде тура көрсетіледі. Мәселен, Флоренция көпесі Францеско Бадуччи Пеголотти Европадан Шығысқа баратын көпестер өзімен бірге маталар әкетуге, оларды Үргеніште сатып, сол жерде ондағы елдерде қолданылатын сомдар (күміс кесектерін) жинап алуға тиіс деп жазған.

       Отырарды қазған кезде табылған бұйымдар арасынан XIII—XIV ғасырлардағы қола айналар табылған. Олардың бір белігі сырттан әкелінген және қалаға Қытай мен Персиядан Жібек жолы арқылы келіп түскен айналардан алынған көшірмелер бойынша Отырарда құйылған. Мысалы, бұл - сырт жағында «аң қуу» бейнеленген айна мен он екі жылдық хайуанаттар циклының жануарлары мен аңдары бейнеленген және циклды иероглифтік белгілері бар қытай айнасы.

     Отырардағы  қазба жұмыстарының бірінде диаметрі 4,3 см болатын, беттерінде бедерлі бейнелер бар қола медальон табылды. Бір бетінде  колында атқалы тұрған садағы және белінде ұштары жоғары қаратылып жебелер толтырылған қорамсағы бар салт атты көрсетілген. Оның қасында ит немесе сілеусін жүгіріп бара жатыр. Басқа бетінде жатқан аждаһа бейнеленген, оның денесі шеңбер сияқты ширатылған. Қытай нышандарына сәйкес, «аспан аждаһасы - лун» бейнеленген. Бұған ұқсас медальондар Жетісудан, Орта Азиядан, Еділ бойынан табылғаны мәлім. Бір ғажабы, сілеусін ерткен, қолында садағы бар салт атты бейнеленген медальондармен XIII ғасырдың аяғы — XIV ғасырдың басында Мысырда шығарылған кола ыдыстың бүйірлері безендірілген.

     Оймышталып  әдемі сәнделген қола сиясауыт табылды. Сиясауыттың бүйірлерінде және алынбалы қақпағында медальондардағы өсімдік тәрізді өрнек салынған көріністе үйрек бейнелері бар, ал түбінде канатты сфинкс бейнеленген. Қақпағында ізгі ниет тілеген жазбалар айқын көрінеді. Сиясауыттар XII ғасырдың аяғы - XIII ғасырда Орта Азия мен Хорасанда жасалған. Сиясауыттар көп табылған және көптеген мұражайлардағы көркемдік металдар жиынтығының жинағын көріктендіріп тұр. Мәселен, Өзбекстан Ғылым академиясының тарихи мұражайында бүйірлеріндегі медальондарда хатшылар бейнеленген сиясауыт сақтаулы, ал АҚШ-тағы Метрополитен Музейіндегі сиясауытта тақта отырған билеуші бейнеленген. Отырардан табылған әдемі шыны ыдыс, графин нақ сол кезге жатады. Ол мөлдір ақ шыныдан жасалып, көк, қызыл және жасыл түсті әр түрлі эмальдармен суреттер, геометриялық өрнектер салынған. Ыдыстың иіндері алтынмен апталған. Бұл шыны ыдыс Отырарға шыны ісінің дәстүрлі орталығы Сириядан келген, ал бағалы шыны бұйымдар бүкіл әлемге сол жерден апарылатын. Сирия бұйымдары Сырдарияда табылған.XII—XIII ғасырларда түрлі-түсті эмальдармен әсемделіп, алтын жалатылған шыны бұйымдар дайындау Сирияда жолға қойылған. Мұндай бұйымдар Батыс Европада, Кавказда, Еділ бойында, Орта Азияда табылды. XIV ғасырда саяхатшы Ибн-Баттута Хорезмде бір жоғары шенді чиновниктің үйінен Сирия шынысының бай жиынтығын көрген.

Информация о работе Ұлы Жібек жолы