Ұлы Жібек жолы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 11:08, курсовая работа

Описание

Ұлы Жібек жолы – Шығыс пен Батысты байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін керуен жолының жүйесі. Ұзындығы 7 мың шақырымнан астам Ұлы Жібек жолының дүниежүзілік өркениеттің дамуында үлкен роль атқарғаны бәрімізге мәлім. Ұлы Жібек жолы Қытайдан басталып, Римге барып аяқталған. Бұл трасконтинентальды жол тек қана сауда - саттықтың көтерілуіне ғана емес, сонымен қатар қалалар мен өнердің гүлденуіне, мәдениеттер, діндер мен тілдердің араласып толысуына, жалпы айтқанда, адамзат мұрасының қалыптасуына қатты әсер етті.

Работа состоит из  1 файл

ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ.doc

— 75.95 Кб (Скачать документ)

     Жібек жолының бойымен бұйымдар ғана емес, сонымен қатар көркемдік стиль сәні де таралды, олардың әлеуметтік тапсырыс болуы және дайындығы бар негізге, белгілі бір этникалық-мәдени ортаға түсіп, кең таралуы мүмкін. Әмір Темір заманының ақ көрініске көк түспсн салынған, толып жаткан әшекейлерімен ерекшеленетін керамикадағы стилі нақ Жібек жолымен таралды деген пікір бар. Ол Юань әулеті кезіде (1279-1368) Қытайдың императорлық шеберханаларында пайда болып, Иранда, Түркияда, Орта Азияда кең таралды. Кобальтпен әшекейленген керамика тостағандардың, вазалардың таңғажайып үлгілері дүние жүзінің көптеген мұражайларының мұрағаттарына көрік беріп тұр.

                  
 

                      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                   1.3 МӘДЕНИЕТТЕРДІҢ ӨЗАРА ӘСЕРІ

     Орта  ғасырлардың бас кезінде Азияда дүниенің кең-байтақ аймақтары мен елдерді бейнелеген төрт патшалық тұжырымдамасы кеңінен таралды. Бүл «дүние патшалықтарының» әрқайсысы замандастарының кезіне тек өзіне ғана тән артыкшылықтарымен көрінді. Суй (589-618), ал содан соң Тан (618—907) әулеттерінің билігімен біріккен Қытай, орталығы Гангадағы Канауджа қаласында болған үнді билеушілерінің патшалығы, Тынық мұхиттан Қара теңізге дейінгі түріктер бірлестігі, Персия мен Византия сияқты құдіретті мемлекеттердің кұрылуы әлемінің төрт жағында орналасқан дүниежүзілік төрт монархия: оңтүстіктегі пілдер патшасының (Үндістан), батыстағы асыл заттар патшасының (Иран мен Византия), солтүстіктегі сәйгүліктер патшасының (түрік қағанаттары), шығыстағы адамдар патшасының (Қытай) империялары идеясының негізі болды. Нақ сол идея мұсылман авторларына да ауысты: пілдер патшасы сонымен бірге үнді философиясы мен ғылымының дамуымен даналық патшасы, адамдар патшасы — мемлекеттік басқару және атақты кытай өнертабыстары себепті өнеркәсіп патшасы деп те аталды; сәйгүліктер патшасы жыртқыш аңдар патшасы делінді; ал батыс екі патшалыққа бөлінді: олардың біреуі (аңдар патшасы) Персияның, содан соң арабтардың патшасы, екіншісі (ерлер патшасы) халқының көрктілігі себепті Византияның патшасы болды.

     Бұл тұжырымдаманың көрінісі Самарқандқа жақын жердегі Кушания қонысындағы үйдің қабырғаларына салынған әшекей суреттер болып табылады; онда біреуінде — қытай императорлары, екіншісінде - түрік хандары мед үнді брахмандары, үшіншісінде парсы патшалары мен рим императорлары бейнеленген.

     Әрбір халықтың бір нәрсесімен атақты да даңқты екенін ақындар былайша суреттейді: 

     Біліп қойғы, арабтардан өлеңде ешкім озбайды,

     Ал  ежелгі гректердің ұлдарына көрінсең,

          Ем-домымен жан-дүниеңді қозғайды.

  Сауық-сайран үнділердің мекені,

     Есеп-қисап, ән-әуенде Римнен кім өтеді,

     Сурет салса Қытай озар ернегімен, әрімен,

     Ал  жалғанда хас шебері Бағдаттың 

     Қашан да артык бәрінен.

                       (Носир Хисроу)

     Талас аңғарындағы Жамукат деп саналатын Қостөбе қала жұртынан аршылған VIII—IX ғасырлардағы ғибадатхана қабырғаларының қалың сылақ қабатының оймыштап безендірілуін нақ осымен түсіндіруге болады. Қабырғалық беттерге піскен жемістер шоғы салбырап тұрған жүзім сабақтары, қызғалдақтар, жапырақтар, пальметталар, ромб белдеулері, меандрлардың көмкермелері, өсімдік бумалары бейнеленген. Оймыштау сарындарында, өрнектердің жеке элементтерінде, стильде Афраси-аб пен Варахша, сондай-ақ Саммара мен Фустат сарайларының қабырғалары сәнделген оймыштарға мейлінше жақын ұқсастық бар. Мұның өзі Бағдат шеберлері талғамдары мен халифат астанасының астаналық стиль сәнінің қалалық мұсылман ойкуменінің шетін қамтып, Жібек жолымен қалай таралғанын айқын көрсетеді.

     Сол бір алыста қалған оқиғалардың замандастары болған түрлі елдердің авторлары белгілі бір мемлекеттердің неден табысқа жеткені туралы ғана емес, қайта өз халқының өзгелер мәдениеттерінің қазыналарын қалай меңгергені туралы жазған, бүкіл дүниежүзілік мәдениеттің нақты бір түрінің негізгі мазмұны да міне осында болған еді. Езілгендер мен кедейлерге жанашырлық білдіруді уағыздап, рақымсыздықты, дүниеқоңыздық пен екіжүзділікті әшкерелеген, парсының атақты сопы-ақыны Жалалиддин Румидің (1207—1273) сөздері мәдениеттердің өзара әсері, өзара ұстамдылық пафосына толы. Руми былай деп жазған: «Түрік пен үндінің ортақ тіл табысуы қандай жиі кездеседі. Екі түріктің жат жандар сияқты болуы да сондай жиі кездеседі. Демек, ынтымақтылық тілі — мүлде басқа мәселе: тіл ортақтығынан, ынтымақ ортақтығы қымбат». Сондықтан Конье қаласында қайтыс болған «жүрек дінін» жырлаушыны соңғы сапарға мұсылмандардың, христиандардың, иудейлердің, буддистердің шығарып салғаны тегін емес.

     Қолданбалы  өнерде, сәулет өнерінде, қабырғалардағы кескіндемеде товарлардың, мәдени үлгілер  мен елшемдердің Шығыс және Батыс  елдеріне таралуымен қатар музыка мен би өнері, қызықты ойын-сауықтар, орта ғасырлардағы өзінше бір «эстрада» өріс алды. Қызықты ойын-сауықтар, музыканттар мен бишілердің, жабайы аңдарды үйретушілердің, акробаттар мен сайқымазақтардың, фокусшы-сиқыршылардың өнер көрсетуі ерекше таралды. Бұл өнерге тілмаш керек болмады, кезбе труппалар үшін тіл кедергісі болған жоқ — «дене кимылдарымен түсінісетіндерді жұрттың бәрі бірдей ұғады», - деп жазды Эразм Роттердамский. Грек василевсіне де, Киев князіне де, түрік қағанына да, кытай императорына да ұқсас нөмірлер көрсетілген.

     Сарай маңындағы қызметкерлер құрамы шетелдік оркестрлермен толықтырылып отырған. Олар «сарайдағы салтанатты рәсімдерде де, сарайдағы ресми емес салтанаттарда да» ойнаған. Мысалы, патшаның әнді құрмет тұтатын ақсүйектерінің бірі Сюань-цзуньның 30 мың музыкант ұстағаны белгілі. Түрік қағанының Суябка жақын жердегі өз ордасында елшілер қабылдауының суреттелуі сақталған. «Қаған, — деп жазады осы рәсімді көзімен көрген буддалық тауап етуші Суань-Цзян, — шарап қойып, музыка бастауға әмір берді... Осы уақыттың бәрінде жаңғырыққан металл әуені сүйемелдеген жатжерлік музыка қалықтап тұрды. Бұл тағылардың музыкасы болғанымен, ол да құлаққа жағып, жүрек пен ойды қуанышқа бөледі». Тан Қытайында ең көп таралғаны Батыстың – Шығыс Түркістан мен Орта Азия қалаларының музыкасы болғаны мәлім. Кучаның, Қашғардың, Бұхара мен Самарқандтың, Отырар мен Тараздың музыкалық дәстүрлері ресми қамқорлық арқылы қытайдың музыкасымен және музыкалық дәстүрімен ұштасып кетті.

     Иран, соғды және түрік актерлері Қытайдың хорографиялық мәдениетіне көп үлес қосты. Барлық артистерден бишілер — жасөспірімдер мен қыздар мейлінше әйгілі болды.«Батыстың секіргіш билерін» әдетте Ташкенттен келген, иран үлгілі кең көйлек және төбесі сүйір, моншақпен әдіптелген биік бөрік киген балалар орындаған. Олар ұзын мата белбеу буынған, олардың ұштары би қимылдарын орындаған кезде желбіреп тұратын. «Шаш биін» алуан түсті кестемен әшекейленген торғын шапан киіп, күміс белдік буынған екі жас қыз орындаған. Олардың кигендері жеңдері тар көйлек пен кішкене алтын қоңыраулар тағылған төбесі сүйір бөрік, ал аяқтарында зерлі қызыл туфли киген. Биші қыздар «құйындай ұйтқыған Батыс қыздары» биін де орындады, онда ала- қызыл көйлектер мен жасыл шалбар, аяқтарына қызыл күдеріден тігілгеи етіктер киген соғды қыздары секіре қозғалып, шыр айналып, шар үстінде тұрып, калықтап жүрді».

     Мысалы, Константинопольге Шығыс артистерінің «гастрольге». жиі шығып жүргені мәлім. Мәселен, ақсүйектер қонақасында Византия императрицасы орыс княгинясы Ольганың көңілін сайіқымазақтар мен эквилибристикашылар көтерген, ал салжүқ сұлтаны II Арсланның құрметіне I Мануил жасаған мерекеде түрік акробаты қатерлі сальто орындаған. Бетперде киіп те ойындар көрсетілген. Бұл дәстүр мұсылман елдерінде неғүрлым кейінгі кезде де сақталған. Бағдатта Наурызды мейрамдау кезінде тіпті халифтің өзінің алдында да бетперде киіп, ойын керсетілгені мәлім.

     Жібек жолы бойындағы ескерткіштерді қазған кезде түрлі жерлерде музыка және театр мәдениеті саласындағы өзара байланыстың дамығанына көптеген материалдық айғақтар табылды. Бұлар - тан заманының биші жігіттері мен қыздары, бетперде киген актерлер, түйе үстіне сыйып кететін музыкалық ансамбльдер бейнеленген терракоталар жиынтығы. Бұл артистер көпшілігінің бет-әлпеті Орта Азия халықтарының өкілдерін көрсетеді. Пенджикенттің, Варахшаның, Афрасиабтың, Топыраққаланың салтанат залдарында және Шығыс Түркістан қалаларында сақталған қабырға суреттерінде бетперде киген музыканттар, актерлер бейнеленген. Пенджикентте — биші қыздың ағаштан жасалған тамаша мүсіні, Сырдария бойындағы Кедер қаласын қазған кезде Х-ХІ ғасырлардағы артистің саздан жасалған бетпердесі табылды. 
 
 
 
 
 
 
 

                                     

    ҚОРЫТЫНДЫ 

     Ұлы Жібек жолы – Батыс пен Шығыстың ежелгі өркениеттерін байланыстыратын  ерекше сауда және дипломатиялық  қарым - қатынас магистралі. Тарихта  бүкіл дүние жүзінің мәдениетінде өшпес таңба қалдырған, жер мен  жерді байланыстырған Ұлы Жібек  жолының Қазақстан территориясымен  басты тармақтарының өтуі, еліміздің  байланыс желісіне айналуы мемлекетіміздің  атағын дүние жүзіне атақты қылып  қоймай, ортағасырлық қалалар мен  мәдени ескерткіштердің бой көтеріп, оңтүстік Қазақстанда тамаша мәдени үлгілердің қалыптасуына жол берді. Отырар, Сайрам, Құлан, Тараз, Янгикент, Түркістан сияқты қалашықтар, Бабаджа - қатын, Айша - бибі, Қожа Ахмед Яссауи күмбездері, Тамғалы тас, Арпаөзен, Құлжабас петроглифтері үлкен маңызға  ие.

     Жібек жолының ел экономикасы мен туризм индустриясын дамытуда атқаратын ролі зор. Ұлы Жібек жолының тарихи - мәдени мұрасын жаңғырту, еліміздің туризм саласында белсенді қолдану, туризмнің танымдық, діни, экологиялық түрлерін дамытуға жол ашып, мемлекетіміздің туризм саласын дүниежүзілік аренаға шығуына толық мүмкіншіліктер береді. 
 
 
 
 
 

                    
     
     
     
     
     

                    
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

1.     «Қазақстан тарихы» жинағы. Алматы, 2008.

2.     «Қазақстан ұлттық энцеклопедиясы». Алматы, 2007.

3.    Мусин Чапай «Қазақстан тарихы». Алматы, 2008.

    4. Жолдасбаев, Бабаев  «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы». Алматы,2003.


Информация о работе Ұлы Жібек жолы