Ұлы Жібек жолы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 11:08, курсовая работа

Описание

Ұлы Жібек жолы – Шығыс пен Батысты байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін керуен жолының жүйесі. Ұзындығы 7 мың шақырымнан астам Ұлы Жібек жолының дүниежүзілік өркениеттің дамуында үлкен роль атқарғаны бәрімізге мәлім. Ұлы Жібек жолы Қытайдан басталып, Римге барып аяқталған. Бұл трасконтинентальды жол тек қана сауда - саттықтың көтерілуіне ғана емес, сонымен қатар қалалар мен өнердің гүлденуіне, мәдениеттер, діндер мен тілдердің араласып толысуына, жалпы айтқанда, адамзат мұрасының қалыптасуына қатты әсер етті.

Работа состоит из  1 файл

ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ.doc

— 75.95 Кб (Скачать документ)

     Бұл кезеңде Шу, Талас және Сырдария аңғарларында қалалық орталықтар қалыптасады, оларға мұнаралы дуалдармен қоршалған егіншілік қоныстар негіз болған еді. Қазір олардың көпшілігі Тянь-Шанның тау етегіндегі өңірінен, Арыс аңғарынан, Сырдарияның орта және төменгі ағысынан табылды. Бұл қалалар ,әсіресе, Арал өңірінің құрғақ шөл аймағында, Жетіасар алқабында жақсы сақталған. Олардың күн күйдірген сары дуалдары осы кезге дейін асқақтап тұр, сүйір ұшты мұнаралардың үңірейген көздері жазық далаға қарайды, ал тақырлардың астында ертедегі зор мазарлар жасырынып жатыр.

     VI ғасырдың екінші жартысында Қазақстан  Кореядан Қара теңізге дейінгі  кеңістікті қамтыған орасан зор көшпелі империя Түрік қағанатының құрамына кірді. VI ғасырдың аяғында Қағанат екі бөлікке - Шығыс түрік және Батыс түрік қағанаттарына бөлінеді. Соңғысының орталығы — Жетісу, ал астанасы Суяб қаласы болады.

     Жібек жолы учаскесі нақ сол кезде жанданып, ол Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қалалық феодалдық мәдениетінің дамуында маңызды рөл атқарды. Жетісуда ол толып жатқан қалалық орталықтардың  пайда болуына түрткі болды, ал Қазақстанның онтүстігінде не жол бойында болған, не оған сауда тармақтарымен байланысты қалалардың тез өсуіне себепші болды.

     Егер  батыстан шығысқа қарай қарағанда, Жібек жолының Қазақстандағы бөлігі былайша керінеді. Жол Шаштан (Ташкенттен) шығып, Тұрбаттағы асу арқылы Жібек жолындағы аса ірі орталықтардың бірі Испиджабка беттейді. Мұнда түрлі елдердің саудагерлері тоқтаған, қалада Бұхараның, Самарқандтың көпестеріне қарасты сауда құрылыстары мен керуен-сарайлар болды, ал Испиджаб көпестері Мерв, Балх, Бұхара мен Хорезм көпестерімен бірге Бағдаттағы Харба ибн Абдаллах әл-Балхи рабадында өз факторийін ұстаған. Испиджабтан құлдар, ақ маталар, қару, семсер, мыс пен темір тасылған. Испиджабтан керуендер Шығысқа, Шарап, Будухкет қалалары, Тамтаж және Абараж керуен-сарайлары арқылы Таразға беттеген.

     Талас аңғарында Жібек жолының бойындағы  бірінші ірі қала Жувикат болатын, одан өткен соң Таразға барған. Бұл — Қазақстанның ежелгі қалаларының бірі, ол VI ғасырдың өзінде-ақ белгілі болған. II Юстинианның Иранға қарсы әскери одақ қүру және жібекпен сауда жасасу туралы мәселелерді шешу үшін келген, стратег Земарх бастаған дипломатиялық елшілігін түрік қағаны Дизабул 568 жылы нақ осында қабылдаған. Деректемелерде Тараз «көпестер қаласы» деп аталады. Сонымен бірге, ол түргештердің, ал содан соң қарлұқтардың және қарахандардың астаналық орталығы болған.

     Тараздың  маңында Бұхарадан шыққандар негізін калаған Жамукет қаласы тұрды. Ол VI ғасырдың өзінде-ақ аталады, оның негізін Бұхара соғдылары қалаған, оларға Жамук деген кісі басшылық етіп, қала да соның есімімен аталған. Археологтар Жамукеттің жұртын Талас аңғарында, Жамбылға жақын жерде, Талас өзенінің оң жағалауында, Сарыкемердің қарсысынан тапты. Оның қираған жұрты қазір Қостөбе деп аталады. Бұл қалалардан басқа Талас аңғарында, аңғардың ірі күміс кеніштері орналасқан таулы бөлігінде Шелже, Сус, Көл және Текабкет сияқты белгілі қалалар болған.

     Аңғардың  жазық жағында Атлах қаласы тұрды, оның дуалы түбінде бұрын атап өтілгеніндей, 751 жылы арабтардың қытай әскерлерімен ықпал өрісі жолындағы шайқасы өткен. Таразға жақын жерде, Таластың бойымен төмен қарай солтүстікке бет алатын сауда жолында Адахкет және Дех- Нуджикет қалалары болған, ал монғолдар кезінде деректемелерде Янги, Янги-Балық және Кенжек қалалары аталады.

     Талас аңғарындағы Таразға керуендер  Касаннан Шатқал жотасындағы Шанаш және Талас Алатауындағы Карабура асуы арқылы Ферғана аңғарынан келетін жолмен де барған. Жолдың бүл бөлігі Жібек жолының «Ферғана» және «Жетісу» бағыттарын қосып жатты.

     Тараздан  шығысқа қарай шыққан жол шөл  жерлермен Құлан қаласына бет алады. Тараз бен Құлан арасындағы жер қарлұқтардікі болатын. Құланға баратын жолда Касрибас, Көл-Шөп, Жол-Шөп арқылы өту керек болды. Касрибастың жұрты Қырғыз жотасын бойлай өткен ертедегі жол бойыңда тұр және Ақыр тастың қираған жұрты ретінде мәлім, ол тастан каланған құрылыс болып табылады, жоспарлануына қарағанда бір кезде замок болса керек. Көл-Шөпке Өрнек қаласының орны сәйкес келеді, оны қазып-аршу оның сипатын көрсетті: бұл - мешіті, жасақтарға арналған казармалары және төңірегінде қолөнершілер мекені бар әдеттегі бекіністі орда.

     Қытайлар Цзюйлань деп атаған Құлан қаласы «түріктер елінің Мауараннахр жағындағы шекарадағы сүйкімді калашық» ретінде белгілі. Жолнұсқаларға қарағанда, ол Тараздың шығыс жағында 17 фарсах жерде жатыр және Құлан ауылының шығыс шетінде орналасқан Луговое қаласының жұртына сәйкес келеді. Құланнан әрі шығыс жақта бір-бірінен 4 фарсах жерде Мирки және Аспара қалалары тұрған.

     Жолдан  бөлінген бір тармақ Сарыққа, сонан соң «түрік кағанының конысына» және Қырмырауға барады. Қырмыраудан шықкан жол Жетісудың аса ірі қалаларының бірі Невакетке - қытайша Синчэнге апарады. Бұл атаудың екеуі де Жаңақала деп аударылады. Невакет түрік қағандарының ордасы ретінде және соғдылардың қаласы ретінде белгілі. Сәті түсіп анықталғанындай, Невакетке қазіргі Қызылөзен және Новоивановка ауылдарының арасына орналасқан Қызылөзен қаласының жұрты сәйкес келеді.

     Невакеттен шыққан жол Пенджикент (Бунджикент) аркылы Жетісудың аса ірі қаласы Суябқа жеткізген. Ол батыс түріктерінің, сонан соң түргештердің, қарлұқтардың астанасы болған. Ол жөнінде қытай және араб саяхатшылары тура X ғасырға дейін жазады да, сол кезде қала кенеттен шежірелердің бетінде көрінбей кетеді. Астана рөлі Баласағұн қаласына көшеді, ертеректе оның аты, сірә, Беклік немесе Семекна болса керек. Баласағұн қарахандардың, сонан соң қарақытайлардың астанасы ретінде белгілі, ал XIII ғасырдың басында оны қиратқан да қарақытайлар болатын. Аз уақыттан кейін қала қайта салынды, бірақ XIV ғасырдың өзінде-ақ ол кирап жатты және жартылай қираған сарайлар, мешіттер мен мұнаралар және эпитафиялы ауқымды зираттар ғана мұнда жуырда өмірдің қызу қайнап жатқанын көрсететін еді.

     Археологтар бұл қалалардың орналасқан жерін де анықтады: олар қазіргі Тоқмақ қаласына жақын жерде жатыр және орта ғасырлардағы белгілі екі ескерткішке — бір-бірінен 5 шақырым қашықтықта орналасқан Ақбешім және Боран қалаларының жұртына сәйкес келеді.

     Жібек жолы Суябтан шығып, Ыстықкөлдің  не солтүстік, не оңтүстік жағасымен  жүреді. Оңтүстік бөлігінде керуендер  Жоғарғы Барсханнан ірі қаладан  өткен, ал солтүстік бөлігі аттары бізге  дейін жетпеген шағын керуен-сарайлардың жұрттарымен белгілі. Содан соң бұл жолдар Бедел асуы жанында тоғысқан да, сол арқылы, не Ташрабат арқылы Жібек жолы Қашғар мен Ақсуға апарған.

     Ыстықкөл  ойпатынан жол Сәнташ асуы мен  Қарқара аңғары арқылы Іле аңғарына, содан соң Іленің оң жағалауымен Өсек және Хоргос арқылы Алмалыққа жетіп, одан кейін Такла-Макан шөлінің солтүстік шетімен, Хами және Тұрфан жазирасы арқылы Дунхуан мен Қытайға барған.

     Х-ХІІ  ғасырларда Жібек жолының бір  тармағы бүкіл Іле алқабын  оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа  қарай кесіп өткен. Тармақ Невакеттен басталып, сонан соң Бунджикетке барып, Қастек асуы арқылы Іле Алатауының солтүстік беткейлеріне жеткен. Асуға Баласағұннан тағы бір жол шыққан. Бұл арада бағдар алатын белгі қасиетті Ұрынарж таулары болған, ол таулар Шу және Іле өзендері алаптары арасындағы су айрығын құраған. Бүл таулар туралы сонау VII—VIII ғасырларда кытай жолнұскаларында айтылып, оларды «Цзедань таулары» деп атайды. Мұнда деректемелерге сәйкес он рудың кағаны әрқашанда билеушілер мен ақсақалдарды бекітіп отырады. Ұрынарж топонимі қазіргі Ұзынағаш қонысының атауында осы кезге дейін сақталған. Жібек жолының сілемі Қастек, Қаскелең және Алматы орындарында тұрған шағын қалашықтар арқылы өтіп, Талғар қаласының солтүстік шетінде орналасқан Талхир қаласына жеткен. Осында Талғар өзенінің оң жағалауындағы тау етегінде орта ғасырлардағы үлкен қаланың қираған жұрты жатыр. Талхиз (Талхир) транзитті сауданың ірі орталығы болған.

     Іле аңғарына басқа жолмен де келген —  ол Құланнан, Аспарадан не Нузкеттен Шудың орта және төменгі ағысындағы қалаларға барған. Ташөткел өткелінен өткен жол Шу-Іле тауларының солтүстік беткейлеріне барып, солтүстік Балқаш өңіріне түскен. Шуды бойлап төмен қарай жүрген жол Қаратаудың теріскей бетіндегі қалаларға шығарған.

     Талхизде  Жібек жолы тарамдалған. Оңтүстік жол  Есік, Түрген, Шелек арқылы Борохудзир маңында Іледен өтетін өткелге қарай  жүріп, сонан соң ол Іленің оң жағалауымен Хоргос арқылы Алмалыққа беттеген де осы жаққа Ыстықкөл аңғарынан келе жатқан жолмен қосылған. Осы бөліктен археологтар шағын Есік, Түрген, Лавар қалашықтары мен үлкен Шелек қаласының қираған орындарын тапты. Іленің оң жағалауымен жол қазіргі Көктал қонысы мен Жаркент қаласы арқылы өткен. Көктал өңірінде Ілебалық қаласы тұрған. Солтүстік жол Талхизден Талғар өзенінің бойымен Іле өзеніндегі өткелге деиін жеткен, өткел Қапшағай шатқалында орналасқан. Содан кейін жол Шеңгелдіге барып, одан ары Алтынемел асуы аркылы Көксу аңғарына түскен де, қазіргі Дунгановка ауылының орнында тұрған Екі-Оғыз қаласына жеткен. Нақ осы жерден Іле алқабындағы аса үлкен бір қаланың жұрты табылды. 1253 жылы барған Вильгельм Рубруктің айтуынша, бұл қалада «сарациндер» тұрған, яғни иран көпестерінің сауда колониясы болған. Рубрук қаланы Эквиус деп атайды.

     Екі-Оғыздан  шыққан жол қарлұқ жабғуының астанасы Қиялыққа (Қайлаққа) жеткен. Қаланың базарымен даңқы шыққан, онда мұсылмандардан басқа, өз шіркеуі болған христиандар да тұрды. IX Людовиктің монғол ханы Мөңкеге жіберген елшісі монах Вильгельм Рубрук солай деп хабарлайды.

     Қаялық  ІХ-ХІІІ ғасырдың басында Іле аңғарының  солтүстік-шығыс жағын иеленген қарлұқтардың ордасы болды. Ол Қаратал өзенінің аңғарында, Антоновское ауылының шетінде орналасқан. Рубруктің жазбасына қарағанда, Қаялыққа жақын жерде «христиандар қонысы» болған, Жібек жолы оны да басып өткен. Одан әрі ол Тентек өзенінің аңғарына түсіп, Алакөлді айналып, Жоңғар қақпасы арқылы Шихо аңғарына барған да, ол жерден Бесбалық арқылы Дунхуан мен ішкі Қытайға шыққан. Алакөлдің оңтүстік-батыс жағасында XIII ғасырдағы саяхатшылар «аймақ астанасы» деп атаған қала тұрған. Ол Көктұма ауылындағы қала жұртына сәйкес келеді. Қазір бұл ескерткішті көл суы шайып кеткен.

     Алайда  Земархтың жолымен Европаға жету үшін Жібек жолының Қазақстан бөлігіндегі түпкі нүктелерінің бірі — Испиджаб қаласы болатын. Испиджабтан шыққан керуен жолы Арыстағы Арсуба никетке, одан әрі Сырдарияның бойымен төмен жүре отырып, Арал өңіріне жеткен. Сырдарияны бойлай жүретін керуен жолындағы ең үлкен қалалар Отырар-Фараб пен Шауғар болды. Отырардың қасында X ғасырда Отырар жазирасында бас қала болған Кедер қаласы орналасты. Ол «түрлі елдерден келген көпестер жиналатын жер» ретінде белгілі болған.

     Отырар  көптеген керуен жолдарының тоғысатын торабында түрды. Бұл жерден бір жол — Шауғарға, екіншісі Сырдария арқылы өткелден өтіп, Васидж қаласына шығады. Соңғысы Шығыстың аса көрнекті ғалымы Әбу Насыр әл-Фарабидің туған жері ретінде белгілі. XIII-XIV ғасырларда бұл қала Зернук деп аталған. Одан шыққан жол Сырдария бойымен жоғары өрлеп, оғыздардың Сүткент қаласы арқылы Шашқа, төмен қарай Жентке барған. Сол жерден Қызылқұм арқылы Хорезмге, Үргенішке, ал одан Еділ бойына, Кавказға баратын жол шығады. Жібек жолының бүл бөлігі әсіресе XIII ғасырда, Еділдің төменгі ағысыңда Алтын Орданың Сарай қаласы қалыптасқан кезде жандана түсті. XIII-XIV ғасырларда бұл жол Сарайшық, Сарай-Бату және Каффа арқылы өткен.

     Шауғардан оғыздар мемлекетінің астанасы болған Жанкент қаласына жол шыққан. Бұдан да Қызылқұм арқылы Хорезмге жол барған. Онымен 10 күндік жол өткен.

     Шауғардан және кейініректе Иассыдан Тұрлан асуы арқылы өтетін жол Қаратаудың теріскей беткейіне шығып, Сырдарияны бойлай жүретін жолмен қосарласа жүріп отырған. Онымен қарым-қатынас әсіресе XIII-XIV ғасырларда жанданады. Армян патшасы Гетум мен монах Рубрук солтүстік Арал өңірінен Монғолияға нақ сол жолмен сапар шеккен. Бұл жолдың бойында Созак, Ұрысоған, Құмкент, Сөгілкент қалалары орналасқан. Жол Таластың төменгі ағысына шығарып, одан жоғары өрлеп, Таразға көтерілген, Билікөлдің батыс жағасын бойлап, Берукет-Паркет, Құтықшын каласы арқылы тағы да сол Таразға шыққан.

     Оңтүстік  Қазақстан мен Жетісу арқылы өтетін Жібек жолының негізгі торабынан солтүстік пен шығысқа карай жолдар шығып, олар Орталық және Шығыс Қазақстан аудандарына, кейін Сарыарқа ретінде белгілі болған Дешті Қыпшақ даласына, Ертіс жағалауына, Алтай мен Монғолияға беттеген. Мұнда дала жолы өткен, онымен аттылы көшпелілердің тайпалары жүріп-тұрған, сонымен бірге егіншілікке қолайлы жерлерде — Сарысу, Кеңгір, Жезді өзендерінің аңғарларында, Ертіс жағалауында орта ғасырлар кезеңінде егіншілік алқаптар мен қала өмірі пайда болып дамыды. Сонымен бірге сонау қола дәуірінде-ақ мысқа, қалайыға, қорғасынға, күміске бай кеніштер ұқсатылып, неғұрлым кейінгі кезде нак сол жерлерде кен қазушылардың, металл балқытушылардың, мысшылар мен күміс ісі шеберлерінің қоныстары өсіп шықты. Орталық Кдзакстанның шикізат ресурстарына — малға, жүнге, теріге, металға бай аудандары сауда байланыстары жүйесіне, соның ішінде халықаралық жүйеге тартылып, көптеген керуен жолдарымен Жібек жолы жүйесіне қосылды.

     Отырардан Арсубаникет арқылы Арыстанды, Шаян алқаптарымен Қаратаудың аласа тауларынан асып; Шауғар мен Иассыдан Тұрлан асуы арқылы; Сауран мен Сығанақтан; Жанкенттен Орталық Қазақстан даласына жолдар шығып, Сарысу мен Кеңгірдің, Торғай мен Есілдің жағалауларына жеткен. Бұл жерлерден дуалдары кұлаған төрт бүрышты калалар жұрты түріндегі: Болғанана, Жаманқорған, Нөгербек-дарасы Домбауыл, Милықұдык, Ормамбет қоныстары ашылды. Олардың төңірегіндегі көлемді зираттар аршылды, оларда Жошы-хан мен Алаш кесенелері сияқты сәулет өнерінің үлгісі сақталған. Орта ғасырлардағы деректемелерде аталатын Жубин, Конгликет қалаларын, Ортау және Қойтау жайлауларын, әл-Идрисидегі Гарбин және Махмұд Қашғаридегі Бақырлытау кен орындары нақ осында шоғырланған.

Информация о работе Ұлы Жібек жолы