Қазақтстанда ортағасырлық ғылымның дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 16:55, реферат

Описание

Қолына қалам алып, үмітпен жол қуған зерттеушіге, әсіресе, мәдениет тарихы мәселелерінің айдан анық, қалтарыс-бұлтарысы жоқ даңғыл, ұзын-ырғағы жатық сілтемелерге толы бола бермейтіндігінен де болар, біз соңғы кезге дейін қазаққа тек көшіп-қонып күнелткен, қала мәдениетінен құр алақан ел ретінде қарап келдік. Оның жартылай отырықшы және отырықшы топтары қалыптастырған заттық және рухани мұрасына көңіл аудара алмадық. Тіптен үш мың жылдан астам тарихы бар халықтың және оның ата-тегін құрғандардың бүкіл дүниежүзілік өркениятқа қосқан үлесі жайында сөз қозғаудың өзі де бізге орынсыз болып көрінетін.

Содержание

Кіріспе

I тарау VI-IX ғасырдағы ғылымның дамуы (мәдениеті, әдебиеті т.б.)
1.1. Тасқа жазылған дастандар. (Оғыз, Күлтегін Тоныкөк )

1.2 Әбу Насыр Әл-Фараби (зерттелуі өмірі жайлы)

II тарау X-XII ғасырдағы әдебиет мәдениет ғылым салалары

2.1 Махмұт Қашқари «Диуани лұғат ат-түрік»

2.2 Жүсіп Баласағұн «Құдатғу білік»

2.3 Ахмет Иүгінеки «Хибатул хакайк»

2.4 Ахмет Яссауи «Диуани хикмет»

Работа состоит из  1 файл

тарих реферат на распечатку.doc

— 160.00 Кб (Скачать документ)

      Терракота бет-әлпеті, шашы және киімі жөнінен  сипаты үлгідегі соғдылардың, түріктердің бейнелері болып келеді. Олар антропоморфтық ыдыстарда да, ыдыстардың жапсырмаларында да бейнеленген. Терракоталарда мейлінше алуан түрлі кейіпкерлер бар, олардың кейбіреулері зороастралық және буддалық иконография құдайларының бейнелерімен байланысты. Бұл жағынан алғанда, Қызылөзендегі терракоталық плакеткаға салынған құдай образыедағы патшаның немесе қорқор ұстаған Аровахишт құдайларының бейнесі ерекше.

      Оссуарийлер қақпақтарының төбесі көбінесе адамның  басы, құстар мен аңдар, ғажайып мифологиялық бейнелер түрінде безендірілген. Оссуарийлерге балшықтан ойып, қалыптап, жапсырып және бояп түрлі бейнелер салынған.

      Солардың  ішіндегі екі оссуарийлердегі бейнелер ерекше қызықты. Олар сопақша етіп жасалған, алдыңғы қабырғасында жоқтау көрінісі бейнеленген, онда композицияның ортасында мінәжат етіп, қолдарын кеудесіне басқан үш адамның бейнесі бар оссуарий мен жәшік сияқты тік бұрышты, ғибадатханада қасиетті от жағу көрінісі бар оссуарий бейнеленген. Ортасында – ішінен жалын шығып тұрған сатылы биік мехрап, ал жан-жағында ұсақ қатпарланып сәнделген және үщ рет оралған белбеулі ұзын жейде киген абыздар бейнеленген. Абыздардың қолдарында және олардың айналасында ғибадатханадағы дұға оқу ғұрпына тән әр түрлі айшықтар бар.

        Көшпелі және отырықшы халықтың  көркемдігі жоғары бұйымдарының  көпшілігі киім-кешек әшекейлері  болып табылады. Құрама белдіктердің  қаптырмалары, салпыншақтары мен  қарсы ілгектері, ат әбзелдерінің  әшекейлері ою-өрнектің байлығымен  ерекшеленеді. Әсем құрама белдіктердің бейнелері түріктердің тас мүсіндерінде, Пенджикент пен Афрасиабтың фрескаларында сақталған. Қаптырмалар географиялық түрде – төрт бұрышты, ай сияқты, жүрек тәрізді мүсіндер болып келеді.

      Белдіктердің  ұзына бойына тағылып, өсімдік тірізді  және зооморфтық оюлармен өрнектелген олар біртұтас ансамбль сияқты әсер қалдырады. Белдіктер киімнің, жауынгерлік керек-жарақтардың атрибуттары ғана емес, сонымен қатар ерекше айырым белгісі және көркемдік мәдениет көрсеткіші болған. Жалпы алғанда, көркемдік мәдениетті былайша сипаттауға болады. Аз уақыттың ішінде бүкіл Орта Азияны бағындырып алған түріктер «отырықшы өркениет өнерін кеңінен пайдаланды, оларды көп мүсінді композициялар»...«иконографиялық канондар, күрделі оюлар қызықтырды...», олар «соғдылардың өсімдік тәрізді оюларын» үйреніп, одан әрі дамытып, «абстрактілі элементтерінің ұштасуына айналдырады». Сонымен бірге көшпелілер мәдениеті өз кезегінде соғдылардың отырықшы қоғамына да ықпал етті. Варахша жолбарыстарының жарқындығы, күміс ыдыстардағы қарақұйрық пен таутекенің сезімталдығы күдіргі және көпен ері безендірілген стильді және сонымен бірге тірі сияқты көрінетін жолбарыстар мен барыстырды, қабандар мен таутекелерді, құландар мен еліктерді еріксіз еске алады.

Информация о работе Қазақтстанда ортағасырлық ғылымның дамуы