Туркие және Орталық Азия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 19:27, реферат

Описание

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Түркия Республикасы - Батыс Азия мен Оңтүстік-шығыс Еуропада, яғни Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде орналасқан мемлекет. Ауданы 779,452 шаршы шақырым, оның 97 пайызына жуығы шамамен 755,688 шаршы шақырым) Кіші Азияда орналасқан, ал 3 пайызға жуығы (23,764 шаршы шақырым) Еуропада орналасқан.

Содержание

Кіріспе
І. Түркия және Орталық Азия
1.1 Қазақстанмен Түркияның экономикалық қатынастары
1.2 Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынас
1.3 Қазақстан мен Түркияның Елбасыларының арасындағы достық байланыс
ІІ. Түркия және Орталық Азия мемлекеттерінің байланыстары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Туркия - Орталык Азия - реф.doc

— 107.50 Кб (Скачать документ)

    Түркия  және Орталық Азия 
 

    Жоспар 
 

Кіріспе 

І. Түркия және Орталық Азия

1.1 Қазақстанмен  Түркияның экономикалық қатынастары

1.2 Қазақстан  мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық  қарым-қатынас

1.3 Қазақстан  мен Түркияның Елбасыларының  арасындағы достық байланыс 

ІІ. Түркия және Орталық Азия мемлекеттерінің байланыстары 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Кіріспе 

    Зерттеу жұмысының өзектілігі. Түркия Республикасы - Батыс Азия мен Оңтүстік-шығыс Еуропада, яғни Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде орналасқан мемлекет. Ауданы 779,452 шаршы шақырым, оның 97 пайызына жуығы шамамен 755,688 шаршы шақырым) Кіші Азияда орналасқан, ал 3 пайызға жуығы (23,764 шаршы шақырым) Еуропада орналасқан.

    Түркия  жер көлемі жағынан дүние жүзі бойынша 36 орында тұрады.

    Түркия  Республикасы солтүстік-шығысында  Грузия, Армения, Әзірбайжанмен, шығысында  Иранмен, оңтүстік-шығысында Ирак және Сириямен, солтүстік-батысында Болгария және Грециямен шектеседі. Мемлекет территориясы батыстан шығысқа қарай 1600 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 650 шақырымға созылып жатыр.

    Түркияда  қазір 650 млн. 800 мың халық бар. Халқының 90 пайыздан астамы түріктер. Олардан  басқа күрдтер, арабтар,  гректер, лезгиндер,  еврейлер, тағы да басқа  ұлттар тұрады. Олардың ішінде 15 мыңнан астам қандастарымыз да бар.

    Түркияның мемлекеттік тілі - түрік тілі, үнемі  қолданыста болатын шет тілдерінен ағылшын, француз, неміс тілдерін атауға болады.

    Мемлекет  діні - ислам (суннизм тармағы), оған халқының 99 пайызы сенеді.

    Түркия - индустриалды-аграрлы ел. Өнеркәсіп өнім құнының 82 пайыздан астамы өңдеу саласының, 10 пайызы тау-кен өнеркәсібінің, 7-8 пайызы энергетика саласының еншісінде. Өнеркәсіп орындары, негізінен, елдің батыс және орталық бөлігінде шоғырланған. Өңдеу өнеркәсібінің басты салалары - тамақ, тоқыма, құрылыс материалдары, химия өнеркәсіптері болып табылады.

    Түркияның ауыл шаруашылығында жетекші рөлді  егін шаруашылығы алады.

    Бидай өндіруден түркі тілдес елдер  ішінде бірінші, ал Азия елдері ішінде Үндістаннан кейінгі екінші, сондай-ақ қант қызылшасы, арпа, сұлы, күнбағыс есіруден де Азия елдері ішінде бірінші орында. Ел аумағының 25,5 млн.га бөлігін бүкіл территорияның 33 пайызын егістік алқаптары алып жатыр.

    Түркия  темекі өнімін жинаудан және оны экспортқа  шығарудан дүние жүзінде ең алдыңғы орында тұратын елдің бірі.

    Түркияда  халықаралық туризм өте жақсы  дамыған. Шетел туристерін Түркиядағы ерте дүние ескерткіштерінің молдығы, жұмсақ теңіздік климатымен қатар Жерорта  теңізі мен Қара теңіз жағалауында  орналасқан әсем табиғаты қызықтырады. Қазіргі уақытта Түркия Республикасының туризмнен табатын жылдық табысы 15-20 млрд. АҚШ доллары көлемінде.

    Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздігін алған кезде  нарықтық экономикаға көшу, сыртқы сауданы дамыту, шетелдік капитал, технология және ноу-хауды тарту арқылы нарықтық ашық экономиканы жүзеге асыру үшін, әрине, әріптестерге мұқтаж болды. Осы кезде Қазақстанмен халықаралық қатынастарды бастаған бірінші мемлекет Түркия болды, сонымен қатар Түркия Қазақстанды егеменді ел ретінде алғаш таныған мемлекет. Қазақстан Республикасы өзіндік тұңғыш елшілігін Түркия мемлекетінің көмегімен 1992 жылы 11 қазанда Анкарада ашты.

    Екі жақты қатынастарды одан әрі дамыту үшін, екі елдің елбасылары әсіресе, Қазақстанның тәуелсіздігінің алғашқы  уақыттарында бір-бірімен тығыз байланыста болды.

    Елбасылар, Премьерлер және Министрлердің 1992 жылда  кейінгі өзара сапарлары Түркия мен Қазақстан арасындағы қатынастардың  және ынтымақтастықтың сапасын көрсетеді.

    Кез келген екі мемлекеттің белгілі  тауар өндіру мен қызмет көрсетулерінде бір-бірінен салыстырмалы артықшылықтары болуы мүмкін. Дегенмен, қатынастарды күшті негізге орналастырмай, экономикалық қатынастардан түсетін барлық табыстарға қол жеткізе алмайды. Елдер арасында қол қойылған келісім-шарттар, хаттар және басқа да құжаттар әр түрлі қатынастарды дамыту үстінде заңды өзек туғызады.

    Қазақстан тәуелсіздігін алғалы бері, халықаралық  қатынастарды күшті, заңды және мекемелік  өзек үстінде дамыту үшін Түркияның 80-нен астам келісім-шарттар мен  хаттамаларға қол қойды.

    Осы құжаттар экономика, сауда, сыртқы саясат, денсаулық сақтау, ғылым-білім және қорғаныс салаларындағы қатынастарды қамтиды. Алғашқы экономикалық келісімге 1992 жылы 1 мамырда қол қойылды. Бұл келісім "инвестицияны екі жақты күшейту және қорғау деп аталды. 1993 жылы 2 қыркүйекте Анкарада қол қойылған хаттама бойынша Қазақ-Түрік аралас экономикалық комитеті құрылды. Білім саласында ынтымақтастықты жетілдіру мақсатымеы Түркістаи қаласында Қожа Ахмет Иассауи атындағы орта мемлекеттік университет құру үшін 1991 жылы келісім-шарт жасасты. 1992 жылдың 1 мамырында Қазақстан мен Түркия мемлкеттерінің Президенттері мәдени ынтымақтастық шартына қол қойды.

    Міне, осыдан кейін Қазақстан мен Түркия арасында мәдение-білім, руханият салаларындағы  қарым-қатынастар кең ауқымды  орын алды.

    Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Түркия және Орталық Азия мемлекеттерінің, оның ішінде Түркия мен Қазақстан Республикасының арасындағы байланысты, саяси, әлеуметтік - экономикалық, мәдени және дипломатиялық қарым-қатынастарын зерттеу. 
 
 
 
 
 
 
 

    І. Түркия және Орталық Азия 

    1.1 Қазақстанмен Түркияның экономикалық қатынастары 

    Қазақстан 1994-2001 жылдар арасында сауда айналымын  екі еседен артық жоғарылатты. Экспорт 1,4 есе, импорт 2,8 есеге артты. Импорт 1994 жылы 3561 миллион АҚШ долларынан 2002 жылы 6490 миллион АҚШ долларына жеткен. Бірақ экспорт одан жылдамырақ артқан. Осы мерзім ішінде 3230 миллионнан 9709 миллионға жеткен.

    Қазақстанның  Түркиямен болған сауда қатынастары  Қазақстанның сыртқы саудасының дамуына аса үлкен оң әсер етті. Әсіресе 1998 жылдың соңында екі ел арасындағы сауда дамып, 303,5 мд-4. АҚШ долларына жетсе, ал 2002 жылы 265 млн АҚШ долларыды құрады. Қазақстанның ең ірі сауда әріптестері ішінде Түркия 1998 жылы 10 орында, 1999 жылы 2,6 пайыздық үлеспен 9-шы және 1998 жылы 3,1 пайыздық үлеспен 10-шы орында болды.

    Қазақстан Түркияға табиғи ресурстарды, яғни мыс, мырыш,_ қара металл прокатын, тыңайтқыш, мал терісі мен жүн шикізаттарын экспорттап, Түркиядан ядролық-реакторлар, қазандықтар мен жабдықтар, кондитер тағамдарын, көлік құралдарын, электр машинрларын, мыс пен одан жасалған бұйымдар, май, какао, шәй, косметика және дәрі-дәрмектер импорттайды.

    Халықаралық экономикалық қатынастың келесі маңызды  саласы - шетелдік тікелей инвестиция (ШТИ). Соңғы 3-4 жылда Қазақстан айтарлықтай ШТИ тартқан. Түрік мемлекетінің инвестициялық көмегі еліміздің экономикалық дамуында қазіргі заманғы озық техникамен, технологиямен жабдықталған әлемдік стандартқа сай өнім өндіретін кәсіпорындардың қалыптасуына өз септігін тигізуде. 1994-2001 ж.ж аралығында Түркия құйған инвестиция 563 млн АҚШ долларына жетіп, жалпы сыртқы инвестицияның 3,3 пайызын құрады.

    Қазақстанға құйылған сыртқы инвестиция 2001 жылдың өзінде ғана 2,5 млрд АҚШ долларынан асты.

    Түркия  Республикасы өндірістен тыс салаларда  басты инвестор болып табылады.

    Қазақстан мен Түркияның экономикалық қатынастарындағы тағы бір маңызды аспект - мұнай мен газды өндіру мен өңдеудегі байланыс, Түркия жыл сайын 18 млн тоннадан астам мұнай сатып алады, өздерінде газ кен орны жоқ. Мердігер ретінде мұнай құбырының құрылысымен айналысатын "КазФен" бірлескен кәсіпорны-түркиялық "ТекФен" компаниясы мен "Қазақмұнайгазқұрылысы" арасындағы байланыстың жемісі. Бұл компанияға құрылтайшылардың бірі болып Жапонияның "Мицубиси" фирмасы қосылып отыр. Ресми мағлұматтарға қарағанда Түркия мұнай секторына 286 млн. ДҚШ доллары көлемінде инвестиция құйған. Қалған Түркия инвес-тициялары өндіріс салаларында (тағам, үн, жиһаз жасау, пластмасса терезелер мен есіктер жасау, т.б), сондай-ақ телекоммуникация, қонақүйлер және мейрамханалар, сауда, құрылыс салаларында шоғырланған. Жалпы алғанда Түркия компанияларының саны көбеюде. 1997 жылы Қазақстанда 228 Түркия фирмасы болса, 2001 жылдың соңында 514-ке жеткен. Түркия фирмаларының 18 пайызы өндіріс саласында жұмыс істейді. Қазіргі кезде Қазақстанда 660-тан астам түрік компанияларымен бірлескен қазақ-түрік кәсіпорындары жұмыс істеуде. Осы орайда Қазақстанда жұмыс өтеп жатқан "Энка", "Окан Холдинг", "Финтрако", "Джейлан", "Ахсель", "Текфек Холдинг", "Эмсаш", "Алсим-Аларко", "Бурдж.Анада-луГрубу", "Туркуаз", "Турксол" сияқты ірі түрік компанияларының атқарып жатқан жұмыстарын ерекше атап өтуге болады.

    Түркияның Қазақстандағы келесі маңызды экономикалық қарым-қатынасы банк жүйесінде. Қазір Қазақстанда Түркияның 4 банкі бар. Олардың екеуі мемлекеттік, екеуі жекеменшік және барлығы 100 пайыз Түркия иелігінде. Осы банктердің 7 филиалы бар. 4 банктың барлық капиталы 30 млн. доллардан асқан.

    Түрік іскерлерінің Қазақстанды жандандырып, нәтижесімен көзге түсіп жатқан істерінің бірі - құрылыс_жұмыстары. Қазіргі кезде түріктің "Финтрако", "Окан Холдинг", "Еуразия" тағы да басқа маманданған фирмалары Қазақстанда тұрғын үй, банк, кеңсе ғимараттарын салумен айналысуда.

    Қазақстанның  әлемдік экономикаға кірігуінде ақпарат трансферттері қамтамасыз ететін, бәсекелес телекоммуникация секторының үлесі зор. Осы тұрғыдан телекоммуникация саласындағы Түркия инвестициясының Қазақстанның экономикалық өсіміне көзге түсерліктей үлесі болуда. 1998 жылы Қазақстанның ұялы телефон саласына Түркияның екі жеке компаниясы кірді.

    Ұялы  телефон саласының 88 пайызы Түркия операторларында. Олар өз тұтынушыларын 110-нан аса мемлекеттермен байланыстыруда. Әрбірі осы уақытқа дейін 100 млн АҚШ долларынан астам инвестиция құйып, екеуі жыл сайын 15 млн АҚШ долларынан астам салық төлеуде[16, 56 б.].

    Түркияның нақты секторда да телекоммуникация жөнінде ин-вестициясы бар. Қазақстан  үкіметімен бірлескен бір жеке Түркия-Канада компаниясы телефон терминалы мен  аппаратураларын шығарып отыр. Бұл  фирма мемлекетке технология трансферті үшін Қазақстан және Түркия елдерінің Президенттері Н.Назароаев пен Т.Өзалдың бірлескен шешімімен 1992 жылы құрылып, 1995 ж қаңтарда Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен ондіріске бастады. Бұл күнге дейін 10,1 млн доллар инвестиция, оның 52 пайызы Түркия, 48 пайызы Қазақстан тарапынан құйылған.

    Мемлекет  басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  Түркияға ресми сапар жасады. Сапар  барысында, Түркия Президенті Абдулла  Гүлмен, Премьер-Министр Режеп Тайып  Ердоғанмен және Парламент төрағасы Мехмет Әли Шахинмен кездесіп екі  елдің арасындағы ғылыми-техника, туризм, білім беру, экология мәселесіне қатысты құжаттарға қол қойды. Елбасы бұл сапарында қос елдің арасындағы сыйластық пен сенімділіктің, тұрақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстың жандана түсуіне айрықша мән берді.  
Абдулла Гүл өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаевтың қос елдің арасындағы қарым-қатынасты дамытуға, түркі әлемін түлетуге қосқан еңбегін жоғары бағалайтынын айта келе, Елбасын Түркияның жоғары мемлекеттік наградасымен марапаттады. «Жақында біздер Әзірбайжанда өткен саммитте Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркі кеңесін және Түркі академиясын құру туралы бастамасы қолдау тапты. Бұл ұсыныс түркі әлемін сөзсіз жақындастыра түсетініне сенімдімін», – деді Абдулла Гүл келіссөздердің қорытындылары бойынша өткен баспасөз мәслихатында. Ол Астанада Түркияның тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүрік монументінің ашылғанын және оның ашылу салтанатына Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысқанын зор құрметпен атап өтті. Осы ретте айта кетуіміз керек, бұл – Ататүріктің Орталық Азияда бой көтерген алғашқы ескерткіші. Баспасөз мәслихатында Нұрсұлтан Назарбаев: – Түркия Еуропа пен Азияның аралығындағы транзитті ел. Осы дәлізбен қазақстандық мұнай мен газ өтсе, бұл Түркия мен Қазақстанға тиімді болады, – деді. Елбасы Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты тауар айналымы 3 миллиард долларды құрайтынын және оны ұлғайтуға деген үлкен мүмкіндік бар екенін айтты.

    Елбасы  кеңейтілген құрамдағы кездесулерден  соң, Премьер-министр Реджеп Тайып  Ердоғанмен, Парламент төрағасы Мехмед Әли Шахинмен, Республикалық халық  партиясының төрағасы Дениз Байкалмен, Ұлттық қозғалыс партиясы төрағасы Девлет Бахчелимен және осы елдің тоғызыншы президенті Сүлеймен Демирелмен кездесу өткізді. Екіжақты кездесулерде сауда-экономикалық қарым-қатынасын дамыту, Қазақстан мен Түркияның заң шығарушы органдарының түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы аясындағы ынтымақтастығын нығайту, саяси партиялардың елдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуде атқаратын қызметі мен осы бағытта өзара тәжірибе алмасуы сияқты мәселелер бойынша әңгіме қозғалды. Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның бұрынғы басшысы Сүлеймен Демирелмен кездесуінде түркі әлеміндегі ынтымақтастықты нығайту, халықаралық саясаттағы қос елдің ұстанымдары мен түркі тілдес мемлекеттердің ортақ мақсаттағы қызметін жетілдіру мәселелері талқыланды.

    Бұдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев осы  елдің Парламентіне келіп, депутаттар алдында сөз сөйледі. Елбасы Түркия Парламентінде сөйлеген сөзінде  Астанадағы Тәуелсіздік және Келісім  сарайында Түркі академиясын  ашуды ұсынды. Елбасы жақында Әзірбайжанда өткен Түркітілдес елдер мемлекеттер басшыларының саммитінде Түркі академиясын ашуды ұсынған болатын. Академияға түркі тарихы мен мәдениеті, Түркі тілдерін үйрену жөніндегі орталық, Түркі кітапханасы және Жалпытүркілік мұражай енген болатын. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Әбішұлы ТҮРКСОЙ жанындағы қаржы қорын құру туралы Түркия мен Әзірбайжанның бастамаларын оң бағалады. «Бұл жобаны қолданысқа тезірек енгізу керек»  - деді Елбасы. Түркия депутаттары алдында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей «Самсун – Жейһан» мұнай құбырының құрылысына қатысуға әзір екенін жеткізді. 
– Кезінде біздер «Баку – Жейһан» мұнай құбырын қолдағанымыз сияқты, қазір де Ресеймен бірлесе отырып «Самсун – Жейһан» мұнай құбырының жобасына қатысуға дайынбыз. Қазір Қазақстан жылына 70 млн. тонна мұнай өндіре алатын қуатты елге айналып отыр. Сондықтан біздер мұнай тасымалдайтын қосымша бағыттардың болғанын қалаймыз, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Парламентінде сөйлеген сөзінде «2010 жылы Қазақстан – Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымын, ал, Түркия Азиядағы өзара іс-қимыл мен сенім шаралары кеңесін басқаратын болады. Осылайша, еуразиялық қауіпсіздікті нығайтуға бірлесіп күш жұмсауға мүмкіндік туып отыр», – деді. Елбасы Қазақстан Түркияның ЕуроОдаққа мүшелікке ұмтылысын қолдайтынын айтты. Сапар аясында ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев Қазақстан Республикасы Үкіметі атынан Түркия Республикасымен ғылым және техника саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды. Келісім-шарт шеңберінде екі елдің ғалымдары бірлескен ғылыми-зерттеу және техникалық жобаларды жүзеге асыратын болады. Нұрсұлтан Назарбаевтың сапары ТҮРКСОЙ-дың штаб-пәтері мен №1 Анкаралық индустриялық аймақта жалғасты. 
Нұрсұлтан Назарбаев Ыстамбұлдың Чираган Сарайында Окан университетінің басшылығымен де кездесу өткізіп, аталған университеттің Құрметті докторы атағына ие болды. «Атақ Қазақстан мен Түркия арасындағы достықты дамытуға, еуразиялық аймақ аумағында бейбітшілікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін, сондай-ақ, Қазақстанның экономикасын нығайтудағы орасан еңбегі үшін берілді», – деді аталмыш жоғары оқу орнындағы Қамқоршылық кеңесінің президенті Бекир Окан. Алдағы уақытта білім ордасында көзге түскен студенттерге Н.Назарбаев атындағы шәкіртақы беріле бастайды. Өз кезегінде Елбасы келесі жолы доктор ретінде осы университетте дәріс оқитынын айтты. Бұдан соң Нұрсұлтан Назарбаев Чираган Сарайында Түркияның жетекші кәсіпкерлерімен кездесті. Түркияның TUSKON бизнесмендер мен өнеркәсіпшілер конфедерациясына мүше 1700 түрік бизнесмені форумға қатысуға қатты қызығушылық танытқан. TUSKON конфедерациясының төрағасы Рызанұр Мерал: «Біздер форумға мұншама көп адам жиналады деп ойламаған едік», – деп таңқалысын жасыра алмады. Кездесуге құрылыс, энергетика, сауда, қаржы қызметі, фармацевтика, металлургия, мұнай-газ секторында және тоқыма өнеркәсібі салаларында жұмыс істейтін холдингтердің басшылары қатысты. Бизнес-форумда Нұрсұлтан Назарбаев: «Мен сіздерді Қазақстанға шақырамын. Біз ірі түркиялық бизнесті күтеміз. Қазақстан 2010 жылы индустриялық бағдарламаны іске асыруды бастайды – бұл үшін қаражат та және мүмкіндік те бар»– деді. Мемлекет басшысы түркиялық бизнеске ауылшаруашылығында, мұнай-химия өнеркәсібінде, инфрақұрылым саласында, сондай-ақ құрылыс материалдарын өндіру саласында бірлескен жобаларды іске асыруды ұсынды. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда экономиканың түрлі салаларында 2 мың бірлескен Қазақстан – Түркия кәсіпорындары жұмыс істейді. Осылайша, Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияға жасаған сапары өте табысты болды.
 

Информация о работе Туркие және Орталық Азия