Қазақтстанда ортағасырлық ғылымның дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 16:55, реферат

Описание

Қолына қалам алып, үмітпен жол қуған зерттеушіге, әсіресе, мәдениет тарихы мәселелерінің айдан анық, қалтарыс-бұлтарысы жоқ даңғыл, ұзын-ырғағы жатық сілтемелерге толы бола бермейтіндігінен де болар, біз соңғы кезге дейін қазаққа тек көшіп-қонып күнелткен, қала мәдениетінен құр алақан ел ретінде қарап келдік. Оның жартылай отырықшы және отырықшы топтары қалыптастырған заттық және рухани мұрасына көңіл аудара алмадық. Тіптен үш мың жылдан астам тарихы бар халықтың және оның ата-тегін құрғандардың бүкіл дүниежүзілік өркениятқа қосқан үлесі жайында сөз қозғаудың өзі де бізге орынсыз болып көрінетін.

Содержание

Кіріспе

I тарау VI-IX ғасырдағы ғылымның дамуы (мәдениеті, әдебиеті т.б.)
1.1. Тасқа жазылған дастандар. (Оғыз, Күлтегін Тоныкөк )

1.2 Әбу Насыр Әл-Фараби (зерттелуі өмірі жайлы)

II тарау X-XII ғасырдағы әдебиет мәдениет ғылым салалары

2.1 Махмұт Қашқари «Диуани лұғат ат-түрік»

2.2 Жүсіп Баласағұн «Құдатғу білік»

2.3 Ахмет Иүгінеки «Хибатул хакайк»

2.4 Ахмет Яссауи «Диуани хикмет»

Работа состоит из  1 файл

тарих реферат на распечатку.doc

— 160.00 Кб (Скачать документ)

«Оғыз қаған» жыры XIII-XIV ғасырда хатқа түскен. Одан бұрын түскен болуы мүмкін деген пікірлер де бар. Біздің дәуірімізге жеткен 2 нұсқасы бар. Олар – ұйғыр, араб нұсқалары деп аталып жүр. «Түркімен шежіресінің» түпнұсқасы жетпей, жеті көшірме нұсқасы жеткен, солардың негізінде түрколог А.Н. Кононов бір ізге түсіре отырып орыс тіліне аударылып шығарылған.

   Зерттелуі XIX ғ .басталады.   Диц неміс тіліне аударылған одан кейін В.В. Радлов жолма жол аударма жасап түсіндірмелерін жазады. Ұйғыр нұсқасы тарихи шежіреден қарағанда көркем шығармаға жақын. Бұл екі нұсқаден бөлек нұсқаларда бар, бірақ негізгі сипаты осы екі нұсқаға келеді. Бартольд Щербак, Ф.Р. ғалымы Фелльо сияқты ғалымдар қазақ сахарасында туылған шығарма деп есептейді. 
 

    1.2 Әбу Насыр Әл-Фараби

   Отырар (Фараб) ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, топ жарғаны Аристотельден кейінгі  «екінші ұстаз» («Әл-Мұғаллим ас-Сани»), «шығыстың Аристотелі» атанған ұлы ғұлама Әбу-Насыр әл-Фараби. Оның толық аты-жөні - Әбу Насыр Мұхаммад бин Мұхаммад бин Тархан бин Узлағ әл-Фараби. Яғни әл-Фарабидің өз аты Әбу Насыр Мұхаммад, әкесініңде ныспасыда Мұхаммад, бабасының да аты Тархан, арғы атасы Узлағ. Түрік оқымыстылары Әбунасыр ныспасының соңына кейде «әт-түркей» деген сөзді қосып, оның түркі екенін шегелей түседі.

 Араб, парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің сырға құяр тұсындағы Фараб қаласында қайсыбір деректерде – оның тікелей ықпалында болған іргелісі Лассиджде (оқсыз) Отырарлық әскер басының отбасында дүниге келген. «әл-Фараби», яғни «фарабтық» деген атқа ие болған.

   Әл-Фараби алғашқы білімін Отырар медреселерінің бірінде алғанға ұқсайды. Өйткені, «көне дәуірден қалған бір деректерге қарағанда, Мәуренахрда балаларда түркі қол өнерімен ғылымға үйрету, баулу, оқыту олардың 5 жасар кезінен бастап болған».

     Ол кезінде мұсылман дүниесінің  екінші рухани орталығы Мессопотамия болғандықтан, жас Әбу Насырді ата-анасы таяу және орта шығыс елдеріне сапарға дайындайды. Бірақ Әбу Насыр Бағдатқа бармас бұрын жолай Шаш пен Самарқанд, Бұхара шаһарларына соғып, білімін толықтырған секілді. әйтседе Әбудің мұнда қанша болғаны жайлы араб шежірелері ештеңе айтпайды. Кейін ол жолай Иран еліндегі Мешһед, Нишапур, Рей Исфаһан қалаларына келеді. Иран халқының мәдениетімен танысады. Содан соң әрі қарай Бағдатқа аттанады.

   Атағы әлемге әйгілі Шығыстанушы ғалым  В.В. Бартольд (1869-1930): “IX-X ғасырларда ғылыми жұмыстар негізінен Тигр және Евфрат алқабындағы ескі мәдени орталықтар болған. Бағдат бүкіл мұсылман әлемінен әсіресе Иран мен Орта Азияда шыққан әдебиетшілерді өзіне тартты” – деп жазған.  

   Әл-Фараби логика, әуез, астрономия және басқа  ғылымдар бойынша көптеген еңбектер жазған. Ибн Халликан өз еңбегінің тағы бір жерінде жерлесіміз жайлы: «Ол – аса ірі мұсылман фәлсафашыларының бірі. Олардың ешқайсысы да оның деңгейіне жеткен жоқ. Әбу Әли ибн Сина да (980-1037) өзінің шығармаларын жазу үстінде оның еңбектерін пайдаланғанын, сол арқылы мәшһүрлікке қолы жеткенін еске алады» - деген.

   Әбу Насыр әл-Фараби ғылымының фәлсафа, логика сияқты салаларының іргетасын қайта қалаған, әр ғылым саласын жеке пән ретінде игеру жағын көтере отырып, олардың мәнін айқындап, мазмұнын ажыратуға тырысқан.

   Әл-Фараби өмірінің соңғы жылдарын Шамның Халаб  қаласында өткізді. Әбу Насыр әл-Фараби 950жылы қайтыс болған. «Фараби қазасы туралы екі дерек бар,  - дейді М. Хайруллаев, - Біріншісінде ғалымдар оны Шамда қайтыс болған десе, екіншісінде Әбу Насыр қасына бірнеше адам ертіп, Асқалан қаласына бара жатқада жол торыған қарақшылардың қолынан қаза тапқан.Сайф ад-Даула қарақшыларды тауып, дарға асқан ».  

    Әл-Фараби шығармаларының зертелуі, аударылуы

   Жан-жақты оқымысты, Аристотель кейінгі екінші ұстаз «Әл-мұғаллим ас-сани» атанған Әл-Фарабидің өмірі жете зерттелмей, көп ғасырлар бойы өзі шыққан түркі халықтарына бейтаныс болып келді. Әл-Фараби шығармаларының зертелуіне, қзақ тіліне аударылуына А. Машанов, А. Көбесов, Ә. Дербісалиев, А. Нысаналы сияқты ғалымдар, қаламгерлер үлкен үлес қосты.

Ол туралы Әбу Әли ибн Сина (980-1037), XII-XIII ғасыр перзенттері тарихшы Заһир ад-Дин Әбу әл-Хасан әл-Байһаки (1099-1170), Ибн Әби Усайбиға (1203-1270), Шамс ад-Дин Әбу-л-Аббас Ахмад Ибн Халликон (1211-12852), Ибн Сайд әл-Кифти (1167-1248) еңбектерінде мәліметтер беріледі. Әл-Фараби туралы үлкен мәлімет берген ғалым әл-Байһаки пікір бойынша да Әл-Фараби ерекше тұлға, ол исламда Әбу Насырға тең түсер адам туған жоқ деп оның білімін жоғары бағалаған.

   Фарабидің Мысырға келу кезеңін кей зерттеушілер Египетте сол тұста әміршілік етуші түркі тектес Мұхаммед Ибн Тұғұн Әл-ихшид деген кісімен байланыста болса кеерк деген пікір айтады.  А. Ирисов Братиславия университетінің кітапханасынан табылған арабша жазылған ғылыми еңбегі – «Өлең кітабын» өзбек тіліне аударып, 1975 жылы жеке кітап етіп шығарды. Әл-Фараби өлеңдерін қазақ тіліне 1971 жылы ақын Аян Нысаналы аударды.

   Әл-Фарабидің  қазіргі қолда бар мәліметтерге қарағанда алпысқа жуық туындылары бар. Сақталып бізге жеткен. XX ғасырдың 70-90 жылдары солардың кейбіреулері кейде толық, кейде үзінді ретінде орыс-қазақ тілдеріне аударылып, жарықта көрді.  

    Әл-Фарабидің  ақындығы

   Әл-Фараби заманында талантты да білімді ақын болған. Өлеңдер жазып нағыз поэзияның үлгісін көрсетіп отырған. Фарабидің өз заманында аты әлгілі ақын болғандығы туралы пікір айтушылар болған. М. Райакули  Хаддолт өзінің 1878 жылы Тегеранда шыққан кітабында Фарабидің парсы тілінде шығарған өлеңдерінен мысалдар келтірген. Аталған парсыша үзінділерді өзбек ғалымдары өз тілдеріне аударып, 1959 жылы Ташкентте жариялады.

Мысыр әдебиетші ғалымы Махмуд Аббас әл Аккад «Әл-Фарабиани» (1944) кітабында  Фарабидің ақындығы туралы мәліметер  беріп, Фараби шығармаларының бірнеше  шумақтарын келтіреді. Аян Нысаналы аудармасы бойынша 1971 жылы ғұламаның 4 жолы 10 шақты өлең шумақтары қазақ тілінде жарық көрді.

   Әл-Фарабидің  еске алған орта ғасырлық жазушылар, ақындар оның талантының жан-жақты, терең болғанын таңдана еске алған. Орта ғасыр  зерттеу еңбектеріне сайф ад-Даула сарайында өнер жарысы болып тұрғаны, оған көптеген ақындар қатысып жыр сайысы қыза түскен шақтарда Әл-Фарабидің жұрттың бәрінен озып шығып, жүлдегер атанғаны, сөйтіп, Сайф ад-Дауланың назарын ерекше аударып отырғаны жөнінде мәліметтер бар. Кейбір тұтас шайырлар Әл-Фарабидің араб-парсы ақындарының ең бастысы ең күштісі санаған.

   Әл-Фарабидің  ақындығы жөнінде замандасы атақты ақын Әбу-Фирастың мынадай сөзі бар: «Поэзия  - алтын түйе болса, оның басы Әбунасыр Мұхаммедке, өркеші -Әбу Нувасқа, иығы Омар Ибн Әбу Рабиға, кеудесі - Әбу Таммаға тиеді, қалғаны – ішек-қарыны, оны екеуіміз бөлісіп отырамыз»,-депті.

   Мысалы:

   Қашықтасан  туған жер – қалың елім,

   Не  бір жүйрік болдырп жарау деген,

   Шаршадым  мен қанатым талды менің,

   Шаңыт жолға сарылып қрауменен. 
 

2.1 Махмұд Қашғари «Диуани лұғат ат-түрік» 

     Толық  аты-жөні Махмұд ибн ул-Хусайын ибн  Мухаммаддин Қашқари. 1029-38 жылдар шамасында туылған. Деректерде әртүрлі айтылып жүр. М. Томанов 1030-1090 жылдарда өмір сүрген десе, кейбір деректерде 1029-1101 жылдары өмір сүрген делінеді. Қазіргі Шу өңірінде Барсған қаласында туылған, Қашқарда өмір сүрген. Әкесі, аталары атақты әскери адамдар болған. Әкесі белгілі Бограханның немересі. Оғыз-қыпшақ тайпасынан шыққан. М.Қашқари білімді алғаш Баласағұн, Қашқар қалаларына алған. Білім алуды кейін Орта Азиядағы орталықтары болған Самарқан, Бұқарада жалғастырып, Мерв, Бағдат қаласында толықтырады. Түркі араб-парсы тілдерін игерген. Ол Қашқардан Римге дейінгі аралықты – түркі халықтары мекен еткен жерлерді түгел аралап, саяхат жасай жүріп, олардың өмірін, мәдениетін, тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін, тілін, әдебиет үлгілерін зерттеген. Атақты «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегі мен «Түркі тілдері синтаксисінің қымбат қасиеттері туралы» атты еңбегі соның негізінде жазылған. Соңғысы бізге жеткен жоқ. Сөздік жазу жөнінде өзі: «Мен бұл істерді тіл білмегенім үшін емес, қайта бұл тілдердегі әрбір кішігірім айырмашылықтарды анықтау үшін істедім. Әйтпесе мен тілде олардың ең білгір адамдарынан, ең үлкен мамандарынан едім»-дейді. «Диуани лұғат ат-түрік» көркем шығарма емес, ғылыми еңбек, бітімі – сөздік. М.Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегі 1072-1078 жылдары жазылған. Деректерге қарағанда бұл еңбегін өмір бойы жазып, толықтырып отырған. Ол туралы өзі төрт мәрте жазып, Хижра бойынша 466 жылы бітіргенін жазады. Халиф әлі Мұхтариға арнап құрастырған деген дерек бар. Кейбір еректерде көрсетілгендей бұл еңбекті жазуда Исхақ Әл-Фарабидің «Диуан әл-адабин» басшылыққа алған.  

     «Диуани лұғат ат-түріктің»  зерттелуі, аударылуы 

      «Диуани лұғат ат-түріктің» түпнұсқасы сақталмаған. Жалғыз қолжазба данасы Стамбулдың Фатих кітапханасындасақтаулы. Оны 1266 жылы бір Сириялық Әбу Бәкір бин Абдулфатхат деген кісі түпнұсқадан көшіріп алған. 1914 жылы Әли Әмір деген сатып алып, Ахмет Рифат баспасынан үш томды кітап түрінде жарыққа шығарды. Неміс ғалымы Броккельман 1928 жылы Лейпциг қаласында неміс алфавитімен, сол тілге аударып жариялады. Неміс ғалымы Фриц Хаммел сөздіктегі мақал-мәтелдерді неміс тіліне аударып, жеке кітапша етіп шығарды. Басым Аталай 1939-41 жылы Анкарада 3 том етіп Осман түріктерінің тіліне аударып шығарды. Ол – ғылыми аударма болды. 1960-1963 жылдары ғалым Салық Муталлибов өзбек тіліне аударып, Ташкентте үш кітап етіп басып шығарды. Қытайда 1981 жылы ұйғыр тіліне аударылды.  1970 жылы  «Диуани лұғат ат-түріктің» 900 жылдағы Ферғанада аталып өтілді. А. Егеубай Түрік сөздігін толық аударып, 1997 жыл 1,2-томын, 1998 жылы томын «Хант» баспасынан шығарды. Бұл еңбекті тілдік тұрғыдан Н.А.Баскаков, А.Н.Кононов, А.К. Боровков қазақ ғалымдары Ә. Құрышжанов, А. Ысқақов, М. Томанов, Ғ.Мұсабаев зерттеді.

Кейбір  ғалымдар тілі ұйғыр тіліне жақын  десе, Ғ.Мұсабаев үйсін диалектісіне, яғни қазақ тіліне жақын дейді.

Мысалы:

Алып  Ер Тұңға өлгені ме,

Әзіз  дүние қалғаны ма.

Тағдыр  өшін алғаны ма,

Енді  жүрек жыртылды

Тағдырып  бағып күзетті 

Білдірмей тұзаққа түсірді. 

2.2  Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік»

      Жүсіп Баласағұн шамамен 1015-1016 жылдары  Шу өзенінің бойында  Баласағұн қаласында  туған. Ол – ғылымның әр түрлі салаларын  – тарих, математика, астрономия, т.б. ғылымның түрлерін, араб, парсы тілдерін, игерген ғұлама ғалым. Ж. Баласағұнның есімін әлемге белгілі еткен оның «Құтты білік» дастаны болды. Бұл шығарманы Баласағұнда бастап, Қашқарға келіп 18 айда 54 жасында 1070 жылы жазып бітірген. «Құтты білік» Қарахан әміршісі Табғаш Қара Боғраханға тарту етеді. Оған хан Хас хаджиб деген атақ береді. Бұл аристократтық атақ «бас кеңесші» немесе бас уәзір деген ұғымды білдіреді. Бұл туынды Қарахан мемлекетінде өмір сүрген түркі тайпаларының бәріне түсінікті түркі тілінде жазылған. Қарахан мемлекеті Қарлұқ мемлекетінің заңды жалғасы – Х ғасырда құрылған мемлекет. XI ғасырдың орта кезеңінде Қарахан мемлекетіндегі өлкелер,уәлаяттар арасында соғыс, тартыстар жүріп жатады да, ел тыныштығы кетеді. Ел басқаратын адамдар арасындағы қарым-қатынастар қайшылыққа толы болып, елді басқарудың қиыншылықтары көбейеді. Халықтың тұрмыс жағдайы төмендеді. Осы кезде солардың шешіміне жауап беретіндей мәндегі туынды - «Құтты білік» жазылды.  
 

«Құтты  біліктің» зерттелуі, аударыуы

      «Құтты  біліктің» үш нұсқасы бар. Бірінші  – Вена немесе Герат нұсқасын 1439 жылы Герат шаһарында ұйғыр әрпімен Хасан Қара Сейіл деген кісі көшірген. «Құтты білік» ғылымы әлеміне XIX ғасырдың бас кезінде мәлім болды. Оны алғаш рет Австрияның Стамбулдағы елшісі Иозеф Хаммер-Пургшталл жергілікті Әбдірзақ Шайхзада деген түріктен ұйғыр әрпімен жазылған қолжазбасын сатып алып Вена кітапханасына тапсырады. Екіншісі – Каир нұсқасы араб әрпімен көшірілген, 1896 жылы неміс ғалымы Б.Морис тапқан. Наманган нұсқасын 1913 жылы өзбек ғалымы А. Ваитова тапқан. Араб әрпімен жазылған бұл ңұсқасы толығырақ деп есептелінеді. Бұл еңбекті зерттеп, өзбек тіліне аударып жарыққа шығарған өзбек ғалым Каюм Каримов. Венгер түркологы Вамбери неміс тілінде түркі дастаны туралы мәліметтер беріп, толыққа жуық аударылып шықты. Академик В.В. Радлов еңбегінен кейін ғана ғылыми тұрғыдан зерттеле бастады. 1911 жылы Қазан қаласында басылып шыққан Қ. Халидовтың «Тауарих хамса» атты кітабында «Баласағұн», «Құтты білік» деген сөздердің мағынасына түсініктемелер беріледі. 1947  жылы дастанның ғылыми тұрғыдан бір ізге түсірілген желісі жасалынып шықты. 1970 жылы Ленинградта өткен 4-түркология конференцияда жүйелі, жан-жақты зерттеу қажеттілігі аталып көрсетілді. С.Е. Малов үзіділерін тұңғыш рет орыс тіліне аударса, Н. Гребнев 1971 жылы еркін аудармасын жасап, ол «Бақытты болу ғылымы» деген атпен жеке кітап болып жаияланды. Үш қолжазбаның мәтіндерін сын елегінен өткізіп, елеулі еңбек еткен ғалым - В.В. Арат. Дастанның толық мәтінін 1983 жылы С.Н. Иванов аударып «Благодатное знание» деген атпен шығады. Баласағұн шығармашылығы, ол туылған дәуірді зерттеуге көптеген ғалымдар өз үлестерін қосты. Бұл дастанды қазақ тіліне аударған және зерттеу жүргізген ғалымдар А.Егеубаев, Б.Сағындықов, Ә.Құрышжановтар болды. 1986 жылы А.Егеубаев аударып, жеке кітап етіп шығарды. Бұл еңбек 2007 жылы қайта басылып шықты. Ғаымдар А.Егеубаевтың бұл аудармасын түпнұсқаға мейлінше жақын деп есептеп жүр. Ә.Құрышжановтың аударуымен қазақ тілінде 2005 жылы да жарық көрді.  Әдеби тұрғыдан зерттеуге қазақ ғалымдарынан А.Егеубаев «Кісілік кітабы», «Құлабыз», М.Мырзахметов «Абай және Шығыс», атты еңбектерінде жазып, өз үлестерін қосты.

Мысалы:

Тәңірі  адамдарды жаратты, үздік етті,

Оған  өнер, білім, ақыл, ой береді.

Көңіл берді әрі тілін сайратты.

Ұят берді: мінезі мен қылығы сынық.

Білім берді: адам бұл күндері биікке көтерілді.

Информация о работе Қазақтстанда ортағасырлық ғылымның дамуы