Қазақтстанда ортағасырлық ғылымның дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 16:55, реферат

Описание

Қолына қалам алып, үмітпен жол қуған зерттеушіге, әсіресе, мәдениет тарихы мәселелерінің айдан анық, қалтарыс-бұлтарысы жоқ даңғыл, ұзын-ырғағы жатық сілтемелерге толы бола бермейтіндігінен де болар, біз соңғы кезге дейін қазаққа тек көшіп-қонып күнелткен, қала мәдениетінен құр алақан ел ретінде қарап келдік. Оның жартылай отырықшы және отырықшы топтары қалыптастырған заттық және рухани мұрасына көңіл аудара алмадық. Тіптен үш мың жылдан астам тарихы бар халықтың және оның ата-тегін құрғандардың бүкіл дүниежүзілік өркениятқа қосқан үлесі жайында сөз қозғаудың өзі де бізге орынсыз болып көрінетін.

Содержание

Кіріспе

I тарау VI-IX ғасырдағы ғылымның дамуы (мәдениеті, әдебиеті т.б.)
1.1. Тасқа жазылған дастандар. (Оғыз, Күлтегін Тоныкөк )

1.2 Әбу Насыр Әл-Фараби (зерттелуі өмірі жайлы)

II тарау X-XII ғасырдағы әдебиет мәдениет ғылым салалары

2.1 Махмұт Қашқари «Диуани лұғат ат-түрік»

2.2 Жүсіп Баласағұн «Құдатғу білік»

2.3 Ахмет Иүгінеки «Хибатул хакайк»

2.4 Ахмет Яссауи «Диуани хикмет»

Работа состоит из  1 файл

тарих реферат на распечатку.doc

— 160.00 Кб (Скачать документ)

      Бейнелеу өнері. Сарайлардың салтанатқа арналғанжәне діни орындары көбінесе қабырғаларына сурет салып, бұйымға және алебастрға, ағашқа ою салу арқылы безендірілген. Қостөбенің сарай кешенінен оюланаған саз бұйымдар, өрнекті ганча мол кездесті. Сәндеудің ең жақсы сақталған түрі – саз сылақтың қалың қабатын көркемдеп оймыштау. Бөлмелердегі қабырғаларды оймыштау өсімдік және геометриялық түрдегі өрнектерді қамтиды. Қабырғаларға арнайы бейнелер мотивтері жиі салынған, олардың ішінде сабағына ілініп тұрған бүлдірген, құлпынай жемістері де, ірі інжулер қатарлары да ішінде шеңбері бар қос қабатты ромб тәрізді торлар да ұшырасады. Қабырғалардың жоғарғы жағы сабағы бар әдемі гүлдермен, жапырақтармен, гүл қауыздарымен безендірілген. Оюланған белдікте шиеленіп шырматылған жапырақтар, сабақтар, үлкен медальон түріндегі өрнектер бар. Еден мен сәкілердегі оюланған бұйымдардың кесектерінде шиеленіп шырматылған қызыл беделер, көп бұтақты пальметтер, інжу салынған қос қабатты дөңес шеңберлер, жапырақтары, сабақтары және шоқталған жүзімі бар, салмақты жүзім шыбығы мотивтері сақталған. Өсімдік  және геометриялық өрнектердің мұндай мотивтері Афрасиаб, Варахша сарайларының, замоктарының, бай тұрғын үйлерінің сәнделуінен жиі кездеседі.

      Ағащты  өрнектеу үлгілері Құйрықтөбе қамалындағы  сарайдың салтанат залынан ұшырасты. Оны қазып тазалаған кезде  үйдің төбесіне салынған, ою-өрнекпен безендірілген ағаштың көмірге айгалған қалдықтары көп мөлшерде жиналды. Ағаш құлап түскен төбенің астында қалу арқасында сақталған. Бөренелердің, консольдердің, басқа да үйдің төбесіне салынған ағаштар, овалдар, крестер, торлар, дөңгелектенген және жүрек тәрізді жапырақшалар, көктепкеле жатқан өсімдіктер түрлерімен өрнектеу арқылы безендірілген. Серігүл бейнеленген бөрене тіреуіштері қызықты.

      Бір кезде салтанат залының қабырғасына  көрік беріп тұрған фризден қалған тақталардың қалдықтары бірегей  олжалар қатарына жатады. Фрагменттері бар тоғыз тақта тазартылып, алынды. Басқалардан гөрі зооморфтық тақта отырған құдайлар бейнеленген тақтай жақсырақ сақталған. Оның ұзындығы 122 см, ені 25см. Аркаларда тақта отырған құдайлар бейнеленген. Сол жақта қанатты екі түйе мүсіні түріндегі бейнеленген еркек құдай тақта отыр. Бір түйенің ұзын тұмсығымен тікірейген құлағы сақталған. Түйелер мойындарын бұрып, бір-біріне қарап тұрғандай. Құдай қарсы қаратып бейнеленген, шынтағынан бүгіліп, қолының басы кеуде тұсында тұрған оң қолына құдай бүгілген үш өркені бар нәрсе ұстап тұр. Оның сол қолында шеті кертілген тостаған бар. оң жақтағы құдай, сірә, әйел болар, қос таутеке бейнесіндегі тақта отыр. Шынтағынан бүгіліп, жоғары көтерілген оң қолына үшбұрышты зат, сол қолына асатаяқ ұстаған, басын маңдайынан бантпен таңып алған, оның ұштары желбіреп тұр.

      Фриздің төменгі жақтан түйіскен тағы бір  тақтасының фрагменті табылды. Онда тақтың аяқтары қанаты бар зооморфтық хайуандар түрінде бейнеленген.

      Тақтарға  жабылған кілемдердің немесе көрпелердің бейнелері байқалады. Таутеке түрінде жасалған тақтың алдында, сірә, донаторлар болар, тізерлеп тағзым еткен екі адамның кішкене мүсіндері бейнеленген. Аркаларға ішкі жағынан төрт жапырақты гүлдер, аркалардың арасындағы қабырғаға отырған кейіпкерлердің бейнелері салынған. Тақта отырған құдайлардың бейнелері Соғды әшекейлерінен де белгілі. Мәселен, Варахшада бұхар-хұдаттар сарайы Шығыс залының қабырғаларында орталық тұлға қанатты түйелер түріндегі тіректері бар тақта отыр. Құйрықтөбедегі сияқты, олар да грифондарға ұқсас, зерттеушілердің оларды «түйенің басы, мойыны және аяғы бар сары грифондар» деп айтатыны тегін емес.

      Құйрықтөбе  тақтарындағы сияқты, тақ алдында  тізерлеп табынушы кейіпкерлер берілген. Пенджикент әшекейлеріндегі жұпты  құдайлар көрсетілген көрініс Құйрықтөбе көрінісіне жақын. Еркек құдай түйе түрінде безендірілген тақ үстінде отыр. Оның зайыбы таутеке түріндегі тіреуіші бар таққа жайғасқан. Құдай қолына түйенің мүсінін ұстап отыр.

      Фризден қалған «замокты қоршау» көрінісі бар  тағы бір тақтаның жұрнағы сақталған, оның ұзындығы – 93см, ені – 23 см. Тақтың орталық бөлігін, сірә, замоктың немесе  қаланың болар, төрт жапырақты гүлдермен безендірілген аркасының пирамида сияқты тістері бар қабырғаларын екі садақшы бейнеленген композиция алып жатыр. Осында қолдарын көтеріп, бір қолына дөңгелек нәрсе ұстаған құдай алдыңғы жақта бейнеленген. Құдай басына қанаты бар тәж киген. Аркалар арасындағы қабырғаларға түрегеліп тұрған кейіпкерлер салынған, олар өте нашар сақталыпты. Сақталып қалған бөлшектеріне қарағанда, құдайлардың төрт қолы болған, олардың екеуі әлгінде атап өтілгендей, жоғары көтеріліп, қалған екі қолы төмен түсірілген. Мүмкін, замокты немесе қаланы қоршау көрінісі жау қоршаған қаланың құлауы туралы айтылатын сондағы – манихей тексінің өзінділері мен салыстырған жөн болар. Онда «Нана-ханым» есімі айтылады.

      Топталған адамдардың бедерлі бейнелері бар, көлемі 125x35см тік бұрышты ағаш тақта  қызықтырарлық. Жоғарғыда суреттелген, құдайлар бейнеленген тақталардан  айырмашылығы, онда ақсүйектер көрінісі берілген. Ортасында бір-біріне қырынан қарап еркек пен әйел тұр, олардың атақты адамдар екені сөзсіз. Әйелдің (ол сол жақта тұрған) жүзі дөңгелек, мұрны жалпақ, көзі үлкен қиықша келген.

      Басына  бөрік киген, мандайына диадема  таққан. Бөрік астынан жемелік байланып өрілген бұрымы оң иығына түсірілген. Оң құлағында салпыншағы бар сопақша шар түріндегі сырға, мойнына әр түрлі ірі моншақтардан алқа таққан. Әйел сыртынан желбегей жамылған.

         Еркектің беті нашар сақталған.  Басында бөрік, үстіне сол жаққа қарай қусырылған (оң жақ өңірі үстінде) шапан киген. Шапанның ішінен тік жағалы жейдесі көрініп тұр. Еркек оң қолымен әйелді құщақтап алған, онығ саусақтары әйелдің иығына салулы, ал алақаны жоғары көтерілген сол қолы әйелдің бетіне жақындатылған. Алақанында дөңгелек нәрсе жатыр. Әйел еркектің сол қолын шынтағынан қолымен қысып ұстап тұр. 

      Бұл жұптың сол жағында тұрған кейіпкер тура қаратып бейнеленген, оның беті дөңгелек, мұрны жалпақ, басына сәлде  ораған, маңдайына жіңішке таңңыш тапқан. Құлақтарының бөбежіктеріне салпыншағы бар сопақша шар түріндегі сырға таққан, кеудесінде алқа, оның ұштарында кішкене шарлар бар. ол шапан киген, оның кеуде тұсына інжулерден жасалған гүл жапырақтары түрінде өрнек салынған. Шапанның ішінен тік жағалы жейде көрінеді. Кейіпкер бүгілген сол қолына бір нәрсе ұстап тұр. Ақсүйек адамдарының оң жағына салынған тұлға да тура қаратылып бейнеленген. Басы мен бет-әлпеті бүлінген. Кейіпкер шапан киген, оның ішінен тік жағалы жейде көрінеді, ол қолына подносқа немесе табаққа ұқсайтын бір нәрсе ұстап тұр.

      Ортадағы  топтың оң жағында тағы да екі кісі бейнеленген, бірақ олардың нобайлары  ғана сақталған; топтың сол жағынан  жалғыз-жарым кісілердің көмескі  кескіндері байқалады. Аркалар аралығындағы қабырғаларға толтыра төрт жапырақты гүлдер мен жапырақтары салбырап тұрған пальма бұтақтары салынған. Басқа ескерткіштерден табылған оюлы ағаш олжаларының арасында адамдары бар мұндай композиция ұшыраспады. Афрасиабтан, І-залдың солтүстік қабырғасынан табылған әшекейлердегі көріністің кейбір ұқсастығы байқалады. Бейнеленген кейіпкерлер арасында қайыққа мінген үш әйел назар аударады. Әйелдердің біреуі қасында отырған әйелдің оң қолының саусақтарын ұстап отыр, ал ол өз кезегінде сол қолын оң жақ иығына салған. Балалықтепе кескіндемесінен осындай көрініс кездестірілді, онда екі еркек пен артқы жақта отырған әйел бейнеленген. Л.И. Альбаумның пікірінше, «қол ишарасы» сипатты мұндай сюжеттер күйеу мен қалыңдықтың құдалары арасындағы сөз байласудың ғұрыптық көріністерімен байланысты. Құйрықтөбеден алынған оюлы тақтада да кескіндеменің сондай көрінісі бейнеленген болуы мүмкін.

      Сарайлар  мен ғибадатханалардың қабырғалары  суреттермен, фрескалармен әшекейленген. Олар мейлінше ашық бояумен салынған. Өкінішке қарай, суреттердің фрагменттері ғана табылды, алайда өнердің бұл түрінің төлтума екенінің Орта Азияның қалаларында сақталып, табылған суреттерге қарап айтуға болады. Суреттердің сюжеттері діни және киелі сипатта болған. Мәселен, Буддалық Қызылөзен қаласының жұртынан Будданы жерлеу, сый тарту сияқты көріністердің бейнелері табылды.

      Бейнедеу  өнерінің тағы бір түрі – ертедегі түріктердің жартастағы бейнелеулері (петроглифтер) көрінеу көз тартарлығымен  және терең символикасымен айрықша  болды. Олар мазмұны жағынан екі  топқа бөлінеді: біріншісі – салт аттылар, қаумалап аң аулау, көшіп-қону, жекпе-жек бейнеленген көріністер; екіншісінде ертедегі түрік қағанаттарының өзінше бір нышандарына айналған таутекелердің таңба сияқты бейнелері бар.

      Евразия көшпелілерінің бейнелеу өнеріндегі салт атты жауынгер бейнесі дала мемлекеттерінің әскери-саяси сипатын көрсетеді. Түріктердің салт аттылары ұзын шекпен түріндегі қорғаныс сауытын киген. Олар мықты аттарға мінген, ат әбзелдеріне ер, үзеңгі, өмілдірік пен құйысқан, жүген, жабу кіреді. Аттың жалын үш немесе одан да көп тісті етіп әдемілеп күзеу, құйрығын күзеу мен ерекше әдіспен өру оны әсемдеудің міндеттері элементтері болған. Салт атты үш бұрышты ұшы бар найзамен қаруланған, ол оны бір қолымен белдемше тұсында, не қос қолымен кеуде тұсында ұстап тұрады. Қылышы, садағы бар жауынгерлердің бейнелері де кездеседі. Кейбір жауынгерлердің белдіктеріне қорамсақтар ілінген. Салт аттылар дулығаларының төбесі үшкіл болып келеді, бірқатар жағдайларда үкі тағылады. «Мүйізді» дулығалар да мәлім, олар, тегінде, қорғану және ғұрыптық міндеттерді қоса атқарған олса керек. Түріктердің салт аттысын бейнелегендегі негізгі элемент ту болып табылады, ол діңгектің басындағы екі, үш және одан да көп салалы, шет жағы кең, тік бұрышты енді мата түрінде бейнеленеді. Найзаның сабына бекітілген жалаулардың, жалаушалардың және бір уыс жылқы қылын шоқтап байлаған суреттері кең таралған. Салт аттылармен бірге садақ, найза ұстаған, кейде жекпе-жек кезіндегі жаяу жауынгерлер бейнелері де ұшырасады. Петроглифтер орта ғасырлар дәуіріндегі жауынгерлердің тартыс пен ерлікке толы алыста қалған жауынгерлік рухын көрсетеді.

      Мүсін өнерінен Будданың, бодисатвалардың, перілердің канонға айналдырылған бейнелері  кездеседі. Буддалардың беті жалпақ, қабағы қатыңқы, құлақтарының ұшы салбыраған болып келеді.

      Мүсіндерде балшыққа жағылған ганч үстінен қызыл сызықпен көз шарасының жоғары жағы, мұрынның қыры жүргізіліп, еріннің жиектері боялған; көздері самайда тұтасып келетін қара сызықпен қоршалған. Қас пен шаштың ірі бұйралары көк және қара түске боялып, самайға тағатын жарты шар түріндегі жапсырма үлкен әшекейлер – сылдырмақтар, кеудеге тағатын алқалар, білезіктер сызықпен айқын бейнеленген. Ақбешімдегі будда ғибадатханасынан табылған бодисатваның басы, күнәлілерді қорқытатын докшит-дін қорғаушысының басы қызықты.

      Ертедегі түріктердің тастан жасалған тұлғалары ерекше назар аудартады. Көрнетілігі мен көркемдік деңгейі жағынан олар әсте де біртектес емес. Кейде таста тек бас пен бет қана бейнеленген, бірақ олардың ішінен мәселен, үш мүйізді тәж кигізілген белгілі бейне секілді нағыз өнер шығармалары кездеседі.

      Мүсін жасау үшін ұзындығы 0,5 метрден 2,8 метрге дейінгі ұзынша тастарды таңдап алынған. Оларды тастың жалпақ бетін аса батырмай бедерлеу немесе бейненің тұрқын қашап  шығару техникасымен жасаған. Тұлғалық мүсіндер сирек кездеседі.

      Көбінесе  мұртты және сақалды еркектер жиі  бейнеленеді, әйелдердің бейнесі сирек  кездеседі. Сақал-мұрты бар еркектер әдетте денесімен дене болып тұратын  шекпен киіп, белдік  буынған. Белдікке қару, қайрақ, қалта және басқа керек-жарақтар ілінген. Мүсіндерде қашап салынған заттар әдетте ертедегі түріктердің обаларында өлген адамдармен бірге қойылған заттар арасынан кездеседі. Бас киім кигендері аз, кейде шашы көрсетілгендері бар. Тұлғалардың  көпшілігінің оң қолына немесе  екі қолына бірдей тостаған, саптыаяқ немесе текше тәрізді ыдыстар ұстатылады. Адамның басы немесе беті ғана бейнеленген  мүсіндер аз емес.

      Әдетте  тұлғалар діни салт ғимараттары қоршауларының  шығыс жағына, беті шығысқа қаратылып  орнатылған түрінде кездеседі. Оған жалғаса шығысқа қарай діңгек тас-балбалдар тізбегі кетеді. Мүсіндердегі еркектердің бет-пішіні әдетте моңғол өңдес, сабырлы да салиқалы болып келеді. Қиғаш көздері, шығыңқы шықшыттары айқын көрсетілген. Бейнелердің көпшілігі нақты адамдардың «портреттері» болып табылады. Ғасырлар қойнауынан мінез-құлқы әр түрлі -  асқақ та көркем, жауынгер және арманшыл нақты адамдардың жүздері қарап тұрады.

      Қолданбалы  өнер. Қала мен даланы мекендеушілердің көркем шығармашылығы мейлінше алуан түрлі болуымен ерекшеленеді. Ең алдымен көзге түсетіндері – ұсақ пластика, терракота, көркем керамика мен металл. Металл мен ағаш оюлардың көптеген сюжеттері керамикаға көшірілген. Ою өнерінде жаңа техникалық тәсілдер, атап айтқанда, жапсыру, доғал және өткір стекалар, пунсон, қалыптар игерілді. Жұқалап ойып өрнектеу мен жылтырату кеңінен дамыды. Оюлардың сюжеті де мейлінше әр түрлі: діни-магиялық сипаттағы нышандар мен эмблемар, антропоморфтық және зооморфтық мотивтер.

Информация о работе Қазақтстанда ортағасырлық ғылымның дамуы