Қазақтстанда ортағасырлық ғылымның дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 16:55, реферат

Описание

Қолына қалам алып, үмітпен жол қуған зерттеушіге, әсіресе, мәдениет тарихы мәселелерінің айдан анық, қалтарыс-бұлтарысы жоқ даңғыл, ұзын-ырғағы жатық сілтемелерге толы бола бермейтіндігінен де болар, біз соңғы кезге дейін қазаққа тек көшіп-қонып күнелткен, қала мәдениетінен құр алақан ел ретінде қарап келдік. Оның жартылай отырықшы және отырықшы топтары қалыптастырған заттық және рухани мұрасына көңіл аудара алмадық. Тіптен үш мың жылдан астам тарихы бар халықтың және оның ата-тегін құрғандардың бүкіл дүниежүзілік өркениятқа қосқан үлесі жайында сөз қозғаудың өзі де бізге орынсыз болып көрінетін.

Содержание

Кіріспе

I тарау VI-IX ғасырдағы ғылымның дамуы (мәдениеті, әдебиеті т.б.)
1.1. Тасқа жазылған дастандар. (Оғыз, Күлтегін Тоныкөк )

1.2 Әбу Насыр Әл-Фараби (зерттелуі өмірі жайлы)

II тарау X-XII ғасырдағы әдебиет мәдениет ғылым салалары

2.1 Махмұт Қашқари «Диуани лұғат ат-түрік»

2.2 Жүсіп Баласағұн «Құдатғу білік»

2.3 Ахмет Иүгінеки «Хибатул хакайк»

2.4 Ахмет Яссауи «Диуани хикмет»

Работа состоит из  1 файл

тарих реферат на распечатку.doc

— 160.00 Кб (Скачать документ)

Ақыл  берді: осының арқасында түйін шешіді.

Құдай кімге ақыл, ой, білім берсе,

Мың сан  ізгілікке қол созады. 

2.3 Ахмет Йүгінеки  «Хибатул хакайк»

      Толық аты-жөні Әдиб Ахмет иби Мұхмуд Йүгінеки XII ғасырдың аяғы мен XIII ғасырдың басында өмір сүрген ақын. Бұл туралы өз кітабында айтылады. Ахмет Йүгінеки Жүйнек (Югнак) қыстағында туылған. Бартольдтың айтуынша Жүйнек деген жер Самарқанд маңында бар. Маллаев Юғнақ Ферғана, Түркістан аймақтарында бар дейді. Р. Бердібаев, Х. Сүйіншәлиев, А. Қыраубайқызы, Н. Келімбетов. Т.б. қазақ ғалымдары ақынды Түркістан маңындағы Жүйнекте туылып, сонда өмір сүрген деп есептейді. Туғаннан зағип соқыр болған. Шығармасын түркі тілінде жазған. Араб, түркі тілдерін меңгерген, өз ортасының білімді, оқыған ақыны болған. Шығармаларын өзі айтырып отырып біреуге жаздырған сияқты. Шығармалары халық арасында сол кезде кең тарап, беделді болған. Бізге Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» атты жалғыз еңбегі белгілі. Дастанның түпнұсқасы бізге жетпеген. XIV-XV ғасырларды жазылған үш көшірмесі жеткен. Сонымен бірге үш түрлі үзінділері бар дейді зерттеушілер. 

Шығармашылығының  зерттелуі 

      Қазір бізге бұл шығарманың бірнеше  қолжазба нұсқасы мәлім. Соның ішінде ең көнесі әрі біршама толық сақталғаны – Самарқанд нұсқасы. Бұл қолжазба қазіргі Стамбул қаласындағы Айя-София кітапханасында сақтаулы. Оны 1444 жылы Самарқан қаласында атақты каллиграф Зейнул –Абидин Джураний деген кісі ұйғыр әрпімен көшірген екен. 1480 жылы Шейхзаде Әбдірзақ-бақши көшірген нұсқасын Нәжіп Асим осман түріктерінің тіліне аударып, шығарманың түпнұсқасымен қоса оны 1916 жылы жеке кітап етіп басып шығарды. 2-нұсқа: XIV ғасырдың аяғымен XV ғасырдың басында көшірілген. 526 жол. Араб жазуымен жазылған. Ендігі бір көшірме Ұзын көпірдегі Сейіт Әлі дегеннің кітапханасына тапсырылып, кейінен жоғалып кеткен. Тағы басқа да нұсқалары Берлин кітапханасында сақталған. Берлин нұсқаларын салыстыра зерттеп, толық мәтінін шығарған Рашит Арат болды. 1951 жылы латын әрпімен шығарды. ХХ ғасырдан бастап (1915 жылы) Нәжип Әсім, В.В. Радлов, Т. Ковалевский т.б. француз, поляк сияқты ұлт-ел ғалымдары зерттеді. Бұл кітап қазақ тіліне аударылып, әдеби шығарма ретінде 60-жылдардан бастап қазақ әдебиетінің тарихында қарастырыла бастады. Қазақ ғалымдарынан тілдік тұрғыдан Ә. Құрысжанов, Б. Сағындықов, Өміралиев, Ш.Сарыбаевтар зерттеді. өзбек ғалымы Қ. Махмудов 1972 жылы «Ахмет Йүгінекидің «Хибатул хақойық» асари  хақида» деген атпен академиялық нұсқасын және лингвистикалық талдау еңбектрін жариялады. Стамбулдық нұсқасын қазақ ғалымдары Ә.Құрысжанов, Б.Сағындықовтар 1985 жылы шығарманың авторлық мәтіні, сөзбе-сөз  аудармасын және поэтикалық аударма мәтінін енгізіп жеке кітап етіп шығарды.

Мысалы:

Бұл кітапты  Ыспаһсалар Бек үшін

Шығардым. Дүниеде аты қалсын деп.

Кітабымды көрген, естіген кісі

Шаһымды дұға оқығанда есіне алсын деп.

2.4 Қожа Ахмет Ясауи  «Диуани Хикмет»

      Қожа  Ахмет Иссауи – ақын, ойшыл, ұстаз, бүкіл түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни қайраткер, ағартушы, жаңа сопылық ағымның ғұламасы, пірі; Сайрам қаласында туып, Йасы қаласында тұрған, сондықтан әлемге Иассауи деген атпен тнымал. Фарид-ад-дин Аттар «Мантық ат-таир» еңбегінде оны «Түркістан пірі» деп атаған. Әзиз әкесі – шайхы Ибрахим жолын ұстаған діндар адам болды. Анасы – Қарашаш, екеуінің  мазары – Саирамда тұр. Иассауи діни танымының бастауын бала кезінде әкесінен, алғашқы ұстазы Шихабуддин Испиджабиден үлгі қылып алып, кейін Арыстан баб  басқарған сопылық ұйымға кіреді, талантты шәкірт болады.  Оның 90 мыңдай шәкірт-мүриттері болған. Шәкірттері ұстазының ілімін Орта Азияға таратып әкеткен. Иассауидің Ибраһим және Гауһар Шаһназ есімді ұл-қызы болған. XIII  ғасыр шамасында жазылған «Насаб нама» кітабында Иассауидің бабасы Ысқақ бабтың Сайрамда мешіт салдырған кісі екенін айтылады. Кеңес өкіметінің кезінде кертартпа идеологияны насихаттайтын кітап ретінде саналып, оқу бағдарламаларына кіргізілмеді. Оның есімін ел жадына оралту үшін ғалымдар ақынның жалпы адамшылық көзқарасын діннен бөліп қарауға мәжбүр болады. Ауыл мектебі мен медреседен оқып, білім алған зиялылар ақын туралы да, «Хикметтер» хақында да жақ ша алмады. Осыдайша қазақ халқының үш-төрт буыны сопылық поэзияның інжу-маржан тундыларын білуден марқұм қалды. Тіпті Ахмет Йасауи кесенесі тұрған Түркістан шаһарының өзінде ұлы ойшыл әулиенің есімі аталмай, көбінесе оның Әзірет Сұлтан деген лақап аты ғана ауызға алынатын. 

Шығармашылығының  зертелуі

      Қазақ зертеушілерінен алғаш Ясауи  тақырыбына қалам тартқан белгілі қоғам қайраткері жазушы Міржақып Дулатов болды. Ол өзінің «Қазақ» газетіне баылған «Хазірет Сұлтан» атты мақаласында тек Әзірет Сұлтан жөнінде ғана емес, жалпы қазақ тарихынан, Түркістанда билік құрған хандар жайында да келелі сөз қозғады. Орыс шығыстанушыларының Е.Э. Бертельс, А.Н. Самойлович, А.К. Боровков, Г.Ф. Благова, Ә.Наджиб сияқты ғалымдар кезінде зерттеп еңбектеріне жариялаған болатын. Кеңес дәуіріндегі Қ.А. Ясауи жайындағы үнсіздікті тек 1957 жыла ғана ғалым Ханғали Сүйіншәлиев бұзды. Ол Ясауидің биік дәрежедегі ақын екендігін «Қазақ әдебиетінің қалыптасуы кезеңдері» деген еңбегінде жазып, ақынның әдебиетіміздегі орнын белгілеп, шығармашылығына әдеби тұрғыдан баға берді. Қ.А. Ясауи Шығыс Ренесанысымен байланыстыра зерттеу мәселесіне қойған ғалым Ә.Қоңыратбаев болды. Қазіргі кезде Н.Келімбетов, Р.Бердібаев, М.Жармұхамедов, Ә.Дербісалиев, М.Шафиғов, С.Дәуітов сияқты әдебиетші ғалымдар және Б.Сағындықов, Ғ.Айдаров, Ә.Құрышжанов, Ә.Қайдаров сияқты тілші ғалымдарымыз ясауитануға ат салысуда. Ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеп, оған тарихи, әдеби, тілдік тұрғыдан түсінік берген ғалым – М.Жармұхамедұлы. К.Х. Тәжікова Ясауидің дүние танымдық көзқарасын, сопылық оқуын танытуда еңбек етіп келеді. Ясауитануға Түркия ғалымдарының сіңірген еңбегі орасан зор . К.Ераслан Қ.А.Ясауидың хикметтерін түрік тіліне аударып, «Диуани хикмет сечмелер» атпен Анкарадан жеке кітап етіп шығарды. Қ.А.Ясауи поэзиясын зерттеуге өзбек ғалымдарынан Э.Р.Рустамов, Н.М.Малаев, В.И.Захидов, М.Хаққұловтар да үлестерін қосты. А.К.Борвков, Э.Наджип сияқты ғалым – түркологтар «Диуани Хикметтің» тілін зерттеп, хикметтер XII ғасырдағы оғыз-қыпшақ тілінде жазылған деген анықтама жасады.

Мысалы:

Тарихатқа шариғатсыз кіргендердің

Шайтан  келіп иманын алады екен.

Осы жолда  пірсіз тақуалық қылғандар

Әуре - сарсаң болып жарым жолда қалады екен.

Тариқатқа саясатшыл муршид керек.

Ол муршидқа шын сенетін шәкірт керек.

Қызмет  етіп, пірдің ризашылығын алу керек.

Орта  ғасырлық өнердің дамуы 
 

Мазмұны

      Кіріспе

      1. Діни сәулет өнері

      2. Бейнелеу өнері.

      3. Қолданбалы өнер 

     Cәулет  өнері ескерткіштері -  оны жасаған қоғамның өмірі туралы аса бай ақпарат көзі. Өнердің және құрылыс техникасының ескерткіштері болуымен қатар, олардың дәуіпдің эстетикалық нормалары, идеологиясы туралы, ғылыми-техникалық мүмкіншіліктің дамуы туралы, мәдени қарым-қатынастар туралы, құрылыс қолөнерінің ұйымдастырылуы мен деңгейі туралы айқын түсінік береді.

      Алайда  Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қазіргі кезге дейін сақталған  архитектуралық құрылыстар саны көп  емес және мұсылмандық орта ғасырлар дәуірімен шектелген. Сондықтан  сәулет өнері тарихының жалпы проблемаларын шешу, архитектуралық-көркемдік бейне эволюциясын ашып көрсету көбінесе сәулет өнері ескерткіштерін археоллогиялық зерттеулерге байланысты.

      Сәулет  өнері археологиялық қазба жұмыстарында табылған ескерткіштерде, тіпті тас дәуірі ескерткіштерінің өзінен-ақ ұшырасып, одан кейінгі кезеңдерде барған сайын ұлғая береді. Ол адамның материалдық және рухани мәдениет сапаларын біріктіретін жасампаздық қызметінің ерекше түрі – «пайданың, беріктік пен әсемдіктің» ұштастырылуы болып табылады.

        Діни сәулет өнері. Қалаларда еңселі ғибадатхана және діни ғимараттар болған. Ақбешім мен Суябтан екі будда ғибадатханасы толық қазып ашылды, олардың мерзімі VII ғасырдың аяғы – VIII ғасырдың басы деп белгіленді.

        Бірінші Ақбешім ғибадатханасы  тік бұрышты етіп жоспарланған. Көлемі 76x22м. Ол мінәжат ететі орын мен галереядан тұрады, оларға аула жақтан үш орамды баспалдақ апарады. Мінәжат орны жанындағы сегіз бағаналы залдың төбесі тегістеліп жабылған. Шығыс жағына тұрғылықты және шаруашылық мақсатындағы  қақпалы құрылыстар оорналасқан. Олардың жүйесіне шаршылап жоспарланған кішкене шіркеу қосылған. Дәліздің қабырғаларын бойлай жасалған тұғырлар мен сәкілерін мүсіндер қойылыпты. Кіреберістегі целлада екі жағында сатылы екі тұғыр тұр, сірә, оларға аяғын салбыратып отырған Будданың мүсіндері қойылған болса керек. Мінәжат орнының еденінен иконостастың Будда бейнеліп, алтын жалатылған қаңылтырлары табылды.

      Ақбешімдегі екінші ғибадатхана шашылап жоспарланған (38x38м) және есігі солтүстікке қаратылған. Айқастырыла жоспарланған целлада (10,5x10м) шағын шаршы алаңға шығаын екі дәліз салынған.

      Мінәжат ететін орны мен дәліздердің қабырғаларында мүсіндер қоюға арналған қуыстар  бар, қабырғалар сурет салып әшекейленген. Қыш мүсіндердің қалдықтары ішінен будда пантеонының әр түрлі кейіпкерлері, соның ішінде Будда, бодисатва, докшита мүсіндері табылды. Мерзімі IX-X ғасырлар деп белгіленген Қызылөзеннің бірінші ғибадатханасы Ақбешім ғибадатханаларынан біраз өзгеше. Ол айналма дәлізі бар целла мен оңтүстік-шығыс жағы ашық залдан тұрған. Ортадағы мінәжат ететін орнының көлемі шағын (3,2x3,2м). Оның тегіс ақ түспен әрленген қабырғаларының көгілдір, қоңыр және қызыл бояулармен сурет салынған шағын тұстары сақталған.

      Фрагменттерінің біреуінде қара «сиямен» салынған жазу бар, нашар сақталуы себепті оны оқу мүмкін болмады. Айналма галерея мінәжат орнын үш жағынан қоршап жатыр, дәліздердің ені 2,3-2,7м. Ғибадатхана кешенінде мінәжат орнының бүйір жақтарынан жапсыра салынған, аула жағы ашық екі орын бар.

      Қызылөзеннің  екінші ғибадатханасы жоспарлануы жағынан бірінші Ақбешім ғибадатханасына ұқсайды. Мінәжат ететін орны мен оның алдындағы ауланың кішкене учаскесі, екі айналма дәліз қазып салынды. Целла шаршылай жоспарланып (6x6 м), күмбезбен жабылған; тромпылар түріндегі, аркаларына әшекейлер салынған күмбез астындағы құрылыс жақсы сақталған. Мінәжат орны күрделі мүсіндік композициялармен безендірілген, олар құрылымы жағынан қабырғаларды ағаш бағандар мен тіреулердің көмегімен бекітуге байланысты болған. Уақыт қабырғалардағы мүсіндерді қазіргі кезге дейін жеткізбеген, бірақ үйінділер астынан ұсақ пластиканың көптеген фрагменттері (жоғарыға, қуыстарға орналастырылған немесе мүсіндік композицияның негізімен ұштастырылған) қазылап алынды. Целлаға кіре берістен екі қыш мүсінінің қалдықтары табылды. Олар тұғырларда бүйірінен тұрады; денесінің және басының жекелеген бөліктері бойынша есептегенде олардың биіктігі бір жарым адамның бойынындай болатыны анықталды. Мүсін ерте заманда-ақ қираған.

      Айналма дәліздердің ұзындығы – 12 метрден. Қабырғаларында сары топырақты полихромдық кескіндердің қалдықтары сақталған, олар құрылыс қайта салынған кезеңдердің бірінде ганчаға салынған кескіндеме композициялардың астында қалған. Батысындағы дәлізде «Нирвандағы Будда» мүсіні боялған (басы мен денесінің бір бөлігі сақталмаған). Мүсін қызыл түске боялған тұғырда оң жақ бүйірінен жатыр екен. Будданың матамен қатпарланып әсемделген киімі де қызыл түсті.

      Ақбешім және Новопавловск (Ключевск) қалаларының  орнындағы кескінемемен және өрнекті  әшекеймен, іргелі мүсінмен және бедерленіп безендірілген тұрғын жайлар кешендерімен қоса ішінара қазып-аршылған монастырьлар (сангарамалар) мен кішкене шіркеулер де сол уақытқа жатады.

      Жетісудың несториан-христиандары ғибадатханаларының архитектурасы жөнінде Ақбешім  қала орны шахристанының солтүстік-батыс бөлігінен аршылған шіркеуден аңғаруға болады. Жоспарлануы жөнінде бұл – кіреберісі аркамен көркемделген тік бұрышты ғимарат. Оның көлемі 36x15 м. Үй ұзын жағынан батыстан шығысқа қаратылған; батыс жағында аула бар, оның қабырғаларын бойлай бастапқыда жаппа жасалған. Шығыс жағында шіркеудің өзі орналасқан. Шаршылап жоспарланған шіркеу төбесі күмбезделіп жабылып, қабырғалары ашық бояулармен боялған. Осында қазып алынған құрал-сайманды қабір арқылы бүкіл кешеннің мерзімі VII-VIII ғасырлар деп белгіленеді. Шағын, түрі қарапайым Ақбешім шіркеуі Марыдағы V-VI ғасырлардағы салтанатты (Хароба-Қошық) несториан шіркеуімен біртектес. Таяу Шығыс ғибадатханаларының  христиандық сәулет өнерінен айырмашылығы – Орта Азияда шіркеудің ерекше үлгісі қалыптасты, онда неф ашық ауламен алмастырылды.

      Зороастрийлік діни құрылыстар да мәлім. Ғибадатхана  мақсатындағы бір кешен, тегінде, зороастралық жерлеу салтын өткізуге және қасиетті от жағуға байланысты болса керек, ол Қызылөзен қаласы жұртының батыс бөлігінде орналасқан. Бұл – айналасында аулаға кіретін және қоршау құрайтын орындары бар мұнара тәрізді ауқымды құрылыс. Бүкіл кешен 250x160 м жерді алып жатыр. Сүйір басты, биіктігі 12м мұнара диамтері 40м болатын үлкен алаңда орналасқан. Төбесінде шикі кірпіш төсеп, беті арнайы қоспамен салынған алаңша бар. Одан 2,3 метрдей төменіректе,сірә, галерея болса керек. Мұнара-ғибадатханада қасиетті от жанып тұрған болуы мүмкін, ол Иран мен Хорасанда сасанилер кезеңіндегі әдет бойынша, қоғамдық ғұрыптар кезінде жоғарыға шығарылып отырған.

      Қазақстанның  зерттеліп отырған ғимараттарының құрылысында пайдаланылған негізгі  құрылыс материалдары шикі кірпіш болған. Уақыт өте келе оның түрі мен көлемі біртіндеп өзгере берген. Кірпіштерден басқа күйдірілген балшық кесектері пайдаланылған. Қабырғаларды қалаудың үш түрі: шикі кірпіштен немесе күйдірілген балшық кесектерлен және кірпіштен күйдірілген кесектерді араластырып қалау түрлері аңғарылды. Сарайлар мен қарапайым тұрғын үйлер бөлмелерінің едені сазбен немесе сабан араластырылған балшықпен сыланған. Олар өте беріктігімен ерекшеленеді, оларды жөндеу оңай болатын, пайдалану барысында еденге балшықтың жаңа қабаты үнемі жағылып отырды. Кейбір архитектуралық ғимараттарда есіктің төменгі жағынан ағаш табалдырық табылды. Табалдырықтардың құрылысы зерттеушілердің жалпы есік жақтауы мен есік табалдырығының  құрылысын анықтуына мүмкіндік береді. Орта ғасырлардағы сәулет өнеріне талдау жасай отырып, зерттеушілер еңселі үйлерде әдетте есіктерге арка тәрізді маңдайшалар салынған деген қорытындыға келді. Құрылыстың төбесін жабудың жалпақ аралықпен, күмбездеп, «дірбазарлап» және тікелей көтеріп жабу сияқты бірнеше түрі кездеседі. Ғимараттардың сипатына, жайдың неге арналғанына, климат ерекшеліктеріне, жергілікті құрылыс материалдарының болуына қарай сәулетшілер белгілі бір жабу түріне артықшылық беріп отырған. Жайдың көлемі үлкен болып, бір бөренелердің ұзындығымен жабуға мүмкін болмаса, бөлменің ортасына төрт баған орнатылып, «дарбазаның» төбесін солар ұстап тұрған. Бағандар айван-жаппалар астына да орнатылған. Ошақтарлың мынадай түрлері: еденге, қабырғалар жанына, қабырғаға жанастыра орнатылған, алып жүруге ыңғайлы түрлері болған.

Информация о работе Қазақтстанда ортағасырлық ғылымның дамуы