Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының негізгі бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 16:02, реферат

Описание

2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін. Бізде Жолбарыстар жоқ, ал тауларымызда тіршілік ететін Қар Барысы дүниежүзілік қоғамдастыққа онша таныс емес.

Содержание

I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
а) Студенттерге жолдау.
ә)Үкіметке 1998жылға 8 нақты тапсырма .
б) Мақсаттар мен оларды іске асыру стратегиялары
в)Күн тәртібінде 2000, 2004ж.ж..
III.Қорытынды.
IV.Пайдаланған әдебиеттер.

Работа состоит из  1 файл

тарих. срс.docx

— 75.49 Кб (Скачать документ)

Бір қолға шоғырланған барынша кең өкілеттіктер қабылданған міндеттемелердің орындалмай қалғаны үшін барынша кең дербес жауапкершілікті көздейтіні анық.

Аймақтардың жарыстас болуы  олардың, әсіресе бюджет мәселелеріндегі  дербестігіне көбірек сүйенуі керек, шамадан тыс орталықтандыру, міне, осы тұста айқын көрінеді.

Бет-жүзіне, лауазымына қарамай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес жүргізу қажет. Басқару корпусы батыл тазаруға және жаңаруға тиіс.

Жаңа тұрпатты шенеунік —  өз ұлтының отаншыл әрі әділ, ісіне  адал және кәсіпқой білікті қызметшісі болуға тиіс. Мемлекеттік қызметтің  беделін биік көтеру және қолдап отыру — біздің таяу жылдарда шеішуге тиіс стратегиялық міндетіміз.

Кадрларды басқарудың жалпымемлекеттік жүйесін құру қажет, онда оларды елімізде және сырт жерлерде нысаналы әрі тиімді даярлаудың, оларды қызмет бабында жоғарылатудың әділетті тәртібі, бірыңғай ақпарат тетігі, әлеуметтік қорғау кепілдігі әрі басқарудың ең іргелі ресурсы — адамға деген сергек көзқарас қамтылуға тиіс.

Сонымен бірге бұл мемлекеттік  жүйенің білімсіз, біліктілігі төмен  қызметкерлерді ығыстыра алатын қабілеті де болуы керек. Әр қызметкер іс жүзінде өзінің пайдалы екенін және керектігін ұдайы дәлелдеп отыруға тиіс.

КҮН ТӘРТІБІНДЕ

БҮГІНГІ БІР КҮН ЕРТЕҢГІ ЕКІ КҮНГЕ ТАТИДЫ

Франклин

Басым мақсаттар былайша  түзілуге тиіс:

— ілгері елдермен белсенді қарым-қатынас жасау, Қазақстанның энергетикалық секторына капитал тарту және еліміздің әскери доктринасын әзірлеу арқылы үлттық қауіпсіздікті нығайту;

— ауылдың неғүрлым өткір проблемаларын шешу;

— кедейшілік пен жүмыссыздыққа қарсы күрес;

— ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның бірлігін нығайту жолымен  экономикалық өркендеуге жету;

— барлық әлеуметтік-экономикалық реформаларды аяқтау, ең алдымен бюджет саласындағы реформаларды аяқтау, соның  нәтижесінде зейнетақыларды, жалақыны және әлеуметтік жәрдемақыларды толық көлемінде уақтылы төлеу;

— қолайлы инвестициялық  ахуал туғызу;

— Үкімет пен мемлекетгік  қызмет реформаларын жеделдету, сыбайлас жемқорлық пен қиянатқа қарсы  күресті күшейту.

ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

2000 жылға қарай:

— Қазақстанның төңірегінде  қалыптасып келе жатқан стратегиялық тепе-теңдікті еліміздің геосаяси тұрғыдағы ұзақ мерзімді мүдделеріне сай келетін тұрақтылықты мемлекеттің сыртқы саяси институттары арқылы көтермелеу.

— Біз Ресеймен және Қытаймен, Орталық Азия дағы көршілерімізбен, ислам мемлекеттерімен және Батыспен қарым-қатынастарымызды нығайтуда едәуір алға жылжитын боламыз.

— Каспий шельфі мен Қарашығанақ  кен орындарын игеруге АҚШ-тың, Ресейдің, Қытайдың, Ұлыбританияның және басқа ілгері мемлекеттердің ірі компаниялары мен капиталы тартылды, ол алдыңғы қатарлы державалардың біздің еліміздің тәуелсіздігіне деген мүдделілігін күшейтеді. Ал мұның өзі әлемдік рынокқа отын шығарып тұрудың тұрлаулылығын қамтамасыз етеді.

— Сыртқы саяси және барлау органдарыньщ күш-жігері мемлекетіміздің  тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуге жүмылдырылады.

— Қазақстанның әскери доктринасы әзірленеді, ол қалыптасқан жағдайға қарай әлсін-әлі дәлденіп тұратын болады.

— Демографиялық стратегияны  іске асыру қаражаттың жетіспеуі  себепті негізінен оның жоғарыда аталған шығасысыз элементтерінен басталады. Дегенмен Үкімет балаларды  және көп балалы аналарды қолдауға арналған жәрдемақыларды одан әрі төлеп тұратын болады.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК РЕФОРМАЛАР

2000 жылға қарай:

— Жалақы мен зейнетақы  төлемеу деген болмайды — бұл өткен уақыт құбылысына айналады;

— Қоғамымыздың барынша  мұқтаж топтары, соның ішінде 150 мың  адам кіші кредиттердің көмегімен және 3,5 миллионнан аса адам (зейнеткерлерді қоса) әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі арқылы мемлекеттен көмек алады;

— Барлық өнімділігі төмен және шығынмен істейтін зауыттар банкроттық жосығынан өткізіледі;

— Ұзақ мерзімді басымдықтарымызды  қолдауға бағытталған бюджет реформаларын батыл жүргіземіз, қолымыздағы қаражатымызға  қарай өмір сүру приципін ұстанатын боламыз;

— Қазақстандықтар үшін салық төлеу үйреншікті іске, отаншылдық парызға айналады;

— Зейнетақы реформасын нысаналы түрде жүргізе беретін  боламыз;

— Өз қаржы секторымыздың  реформасын тәмамдап, құнды қағаздар нарығын іске „қосамыз",

КӘСІПҚОЙ ҮКІМЕТ

2000 жылға қарай:

— Үкімет пен мемлекеттік қызмет реформасы аяқталатын болады;

— Біліктілігі саяз шенеуніктерден арылуға және мемлекеттік қызметшілер  тарапынан жасалатын сыбайлас жемқорлық  пен билікті асыра пайдалануға  қарсы күреске бірінші кезекті мән беріледі.

ҚОРЫТЫНДЫ

КҮШТІМІН ДЕГЕН СЕНІМНІҢ ӨЗІНДЕ КҮШ ЖАТЫР

Боуви

     Жыл соңына дейін барлық 7 басымдығымыздың әрқайсысы бойынша оларды іске асырудың үш жылдық және жылдық нақтылы жоспарлары әзірленіп, олар кейіннен даму жоспарлары мен бюджеттердің негізіне алынады. 2030 жылдың азаматтары мемлекеттің өздерінің құқықтарын қорғайтынына және мүдделерін биік ұстайтынына сенімді болады. Бұл ретте олар қолайсыз жағдаяттар себебімен өмірден өз орнын таба алмай, мемлекетке әлеуметтік көмек сұрап жүгінуге мәжбүр болған аз ғана адамдарға да мемлекеттің қамқорлық жасайтынын білетін болады. 2030 жылғы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналуға тиіс. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай біздің үйлеріміз бен бақтарымызға енбейтін болады, Біздін, балаларымыз бен балаларымыздың балалары кінәрәтсіз жағдайда толыққанды өмір сүретін болады.

2030 жылы біздің ұрпақтарымыз  бұдан былай әлемдік оқиғалардың  қалтарысында қалып қоймайтын  елде өмір сүретін болады. Олардың  Қазақстаны Еуразияның орталығы  бола отырып, жедел өркендеп келе  жатқан үш аймақтың — Қытайдың, Ресейдің және Мұсылман әлемінің  арасындағы экономика мен мәдениетті  байланыстырушы буын рөлін атқаратын  болады.

Оны барлық ұлттар үшін тен, мүмкіндіктер барына сенімді, бірақ  бәрінен бұрын өздерін Қазақстанның азаматтарымыз деп санайтын көптеген ұлттардын, өкілдері мекендейтін болады.

2030 жылғы Қазақстан әлі  де барынша кемелдене алмайды,  Ол әлі әлемдегі ең бай, ең  білімді, ең дамыған ел бола  қоймайды, бірақ ол күрделі жолдан  ойдағыдай өткен және дамудың  келесі кезеңіне нық қадаммен  аяқ басқан ел болады.

Әрине, мұның бәрі — болашақты  ой көзімен көру, оның моделі, асқақ  мұрат, арман ғана. Сіздердін, көпшілігіңіз бұл мұратты кей кезде ең қарапайым  нәрсенің өзі жетіспей жататын бүгінгі  тіршілікпен салыстырып, мұны қиялға балап, ащы мысқылмен езу тартуларыңыз да мүмкін.

Кез келген сыннан бірлігіміздің, күш-жігеріміздің және болашаққа деген  сеніміміздің арқасында абыроймен  шыққанымызды ұмытатындай зердеміз сонша қысқа ма еді? Тәулік бойы тыным таппай жұмыс істіп, аш құрсақ жүрсек те, аузымыздағыны балаларымызға жырып беріп, олардың ертең жақсы өмір сүретініне сенген едік қой.

Бүгін және ертең дәл осылай істеумізге не кедергі? Ендеше неге уайымға  салынып, еңсемізді түсіріп жібердік? Ендеше еліміздін, алдында, әрқайсымыздың  алдымызда орасан зор мүмкіндіктер ашылған осындай кезде, ең бастысы  бұрын ешқашан еншімізге тимей келген еркіндікке қолымыз жеткен кезде мұнымызға не жорық! Барлығы тек өзімізге, сенімімізге, ерік-жігерімізге, бірлігіміз бен еңбегімізге байланыст. “Ел мен үшін не істей алады деп сұрамаңыз, ел үшін өзім не істей алам деп сұраңыз”.

 

Жыл сайын мен сіздердің, еліміздің азаматтарының алдында  не істегеніміз, нені істемегеніміз  және неліктен істемегеніміз жайында  есеп беремін. Әрбір жыл сайынғы  Жолдауда мен біздің стратегиялық мақсаттарға  қарай ілгерілей түсуіміз үшін келесі жылға жаңа міндеттер қойып отырамын.

Алдымызда тұрған қиындықтардың  көптігіне қарап, бұл жоспарларды  байыпсыздық санар көптеген күмәншілдер  де табылар. Бәз біреулер біздің мұратымыз бен стратегиямызды бос сөзге балар. Енді біреулері Орталық азиялықтар, оның ішінде қазақстандықтар Өздерінің Барысы болуға қабілетсіз дер.

Қазақтың халық мақалы: “Шапшаң жүргенге шаң жұқпас” дейді. Сондықтан да бізге — уақыт төреші. Мұратына жүрген жетеді.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Қазақстан даму стратегиясы 2030»
  2. Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х

 

  1. Ұлттық  қазына. 2010 Байпаков. А.Д.

 

  1. kz/tәuelsiz-қazaқstan

 

  1. http://adilet.minjust.kz/kaz/docs/U980003834 сайты

 

  1. http://www.akorda.kz/kz

 

  1. “Президент жарлығы және оны талқыға салу” 2000

 

 


Информация о работе Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының негізгі бағыттары