Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының негізгі бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 16:02, реферат

Описание

2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін. Бізде Жолбарыстар жоқ, ал тауларымызда тіршілік ететін Қар Барысы дүниежүзілік қоғамдастыққа онша таныс емес.

Содержание

I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
а) Студенттерге жолдау.
ә)Үкіметке 1998жылға 8 нақты тапсырма .
б) Мақсаттар мен оларды іске асыру стратегиялары
в)Күн тәртібінде 2000, 2004ж.ж..
III.Қорытынды.
IV.Пайдаланған әдебиеттер.

Работа состоит из  1 файл

тарих. срс.docx

— 75.49 Кб (Скачать документ)

                                  «Астана медицина университеті» АҚ

                             Қазақстан тарихы кафедрасы

 

 

                      СӨЖ

 Реферат

 Тақырыбы: “Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының негізгі бағыттары”.

                  

 

 

 

 

                                   Орындаған: Айкынбеков Н.С.

                                   Топ: 104 ом

            Астана 2012


                                   Қабылдаған: Хамзаев Б.К. 

                                                            Жоспар.

I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім.

                 а) Студенттерге жолдау.

                 ә)Үкіметке 1998жылға 8 нақты тапсырма .

                 б) Мақсаттар мен оларды іске асыру стратегиялары

                 в)Күн тәртібінде 2000, 2004ж.ж..

III.Қорытынды.

IV.Пайдаланған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 АДАМДАРДЫҢ  ӨМІРІНДЕ ШАРЫҚТАУ СӘТІ БАР,  ОЛ, ЕГЕР ДҰРЫС ПАЙДАЛАНА БІЛСЕ  ТАБЫСҚА ЖЕТКІЗЕДІ. ЕГЕР ОНЫ  ҚОЛДАН ШЫҒАРЫП АЛСА, ОНДА ОДАН  КЕЙІНГІ ЖОЛ ҚАЙРАҢҒА МАЛТЫҒЫП, ТАЙҒАҚ КЕШУМЕН ҰЛАСАДЫ.

Шекспир

   2030 жылға қарай  Қазақстан Орталық Азия Барысына  айналады және өзге дамушы  елдер үшін үлгі болады деп  сенемін. Бізде Жолбарыстар жоқ,  ал тауларымызда тіршілік ететін  Қар Барысы дүниежүзілік қоғамдастыққа  онша таныс емес.

Жануарлар әлемінде Жолбарыс туыстас болғанымен Барыстын, өзіндік  ерекшеліктері де бар.

Бұл — өзіне тән тектілігімен, бұлалығымен, алғырлығымен, жасқануды  білмейтін тәкаппарлығымен, батылдығымен, айлалығымен дараланатын Барыс  болмақ.

Ол ешкімге бірінші  болып шабуыл жасамайды әрі тікелей  соқтығыстардан бойын тартатын болады. Бірақ егер өзінің еркіндігі мен  тұрағына, ұрпағына қатер төнген жағдайда, ол бұларды басын тігіп, бойындағы  барын салып қорғайтын болады.

Ол сыптай да серпінді болуға және семіздік пен жалқаулыққа бой  алдырмауға тиіс: әйтпеген күнде ол қатаң табиғи ортада өмір сүре алмайды.

                                                

Ол жаңа асулар мен шындарды бағындыруда, мақсатына жетелейтін елеусіз, бірақ сенімді соқпақтарды  іздестіруде табанды да бірбеткей болу тиіс.

Ол қауіп-қатерден қаймықпауға, тоқшылықтан босаңсымауға тиіс.

Ол өз ұрпағын баулыған кезде: оны баса-көктей келген қонақтардан  қорғай отырып, аузындағы дәмдісін соның аузына тосуға, оның саулығына, өресі мен пайымына нәр беруге тиіс, сөйтіп кез елген ортадағы қатаң бәсекелестік жағдайында ерте сақайып, өз бетінше дербес өмір сүруге жетелеп, көрегендік танытады.

Ол өзі ішетін тұнық  судың ылайланбауын, ал өз аясында  тіршілік ететін табиғат пен тыныстайтын  ауасының жақсаруын қатаң қадағалап  отыратын болады.Ендеше қазақстандық Барыстың бойына дамудың алдыңғы  қатарлы үздік деңгейіне үстелген батыстың талғампаздығы да, шығыстың кемеңгерлігі мен төзімділігі де тән болуға тиіс.

Ол өзінің талпыныс-ұмтылыстарында, жеңістері мен сәтсіздіктерінде бір ананың сүтін тел емген өзінің бауырлары — Өзбек, Қырғыз және басқа да Орталық Азия барыстарымен дәйім бірлікте болып, олардың өрлеуі мен жетістіктерін мақтаныш тұтатын болады.

          Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында 10 жыл ішінде бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кіруді міндеттеді. Бұл туралы 2005 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия университетінде студенттер алдында оқыған «Инновациялармен оқу-білімді жетілдіру арқылы - білім экономикасына» тақырыбындағы лекциясында атап көрсетті.

       «Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі - тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу». Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі - жаңа Қазақстан» 2007 жылғы халыққа Жолдауында осылай деген болатын. Еліміздің ғылыми-техникалық дамуының бағыттары әлемдік деңгейдегі технологиялардың негізгі бағыттарын басшылыққа алады.

              Әлемдік деңгейдегі технологиялардың негізгі бағыттары:

1.Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

2.Жаңа материалдар ашу.

3.Биотехнологиялар.

4.Энергия үнемдеу.

5.Энергияның баламалы  көздерін жасау.

                Еліміздегі ғылым мен техниканың даму бағыттары: 

1.Нанотехнология.

2.Биотехнология.

3.Ядролық технологиялар.

4.Ғарыштық технологиялар.

5.Көмірсутегі, кен-металлургия  өнеркәсібіне арналған жаңа технологиялар.

           «Қазақстан - 2030» стратегиясын іске асырудың бірінші он жылдығы ішінде әлемдегі ішкі және сыртқы жағдайдың өзгеруі елдің жаңа даму кезеңіне және қазіргі заманғы экономикалық және саяси нақтылықтарға бейімделген мемлекеттік саясаттың жаңа әдістемесі мен бағыттарын уақытылы әзірлеуді қажет етеді.        

 Қазақстанның 2030 жылға  дейінгі ұзақ мерзімді стратегиялық  даму бағдарын іске асырудың  бірінші кезеңі аяқталуына байланысты  Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының  2020жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық  даму стратегиясын әзірлеуді  тапсырды.        

 Осыған байланысты  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің  2008 жылғы 7 қазандағы № 250-ө  өкімімен Қазақстан Республикасының  2020жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық  даму стратегиясын әзірлеу жөнінде  жұмыс тобы құрылды.        

 Жұмыс тобының құрамына  Президент Әкімшілігінің, Парламенттің  және Премьер-Министр Кеңсесінің  өкілдері, Астана және Алматы  қалаларының, Ақтөбе облысының  әкімдері және мемлекеттік органдардың  басшылары енді.        

 Жұмыс тобының отырысы  шеңберінде 2010 жылға дейінгі даму  жоспарының іске асырылуы қорытындыланды, соңғы жылдары жүргізілген реформалардың  нәтижелері бағаланды, мемлекеттік  жопарлаудың жаңа үлгісі мен  әкімшілік реформадағы 2020 жылға  дейінгі даму жоспарының орны  мен рөлі айқындалды.        

2009 жылғы 5 наурыз бен  30 сәуір аралығында мемлекеттік  органдардың басшылары мен облыс,  Астана және Алматы қалаларының  әкімдері тыңдалынатын болады, яғни  тиісті саланың (сфераның), аймақтың  ағымдағы жағдайы қорытындыланады,  тиісті саланың (сфераның), аймақтың  дамуына әсер ететін негізгі  үрдістері айқындалады, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық  бағыттары мен мақсаттары бойынша  нақты ұсыныстары әзірленеді.

       Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:

ҮКІМЕТКЕ 1998 ЖЫЛҒА 8 НАҚТЫ ТАПСЫРМА.

      Үкіметке 1998 жылға 8 нақты тапсырма:

1. Зейнетақыларды, жәрдемақыларды  және бюджеттік ұйымдарда жалақыны  толық және уақтылы төлеуді  қамтамасыз ету.

2. Бір жыл ішінде кемінде  аз қамсыздандырылған 30 мың азаматқа, бірінші кезекте ауылды жерлерде  жұмыс орындарын құруға 3 жыл мерзімге 400 АҚШ долларына парапар сомада  кіші кредиттер беру.

3. Үстіміздегі жылдан  бастап шағын және орта бизнесті, фермер қожалықтарын дамытуға, жұмыс  орындарын құруға кемінде 100 млн.  АҚШ доллары сомасында кредиттердің  берілуін қамтамасыз ету.

4. Мектептерді, ең алдымен  ауылдық жерлердегі мектептерді  компьютерлендірудің кең ауқымды  бағдарламасын іске асыруға кірісу, бұл мақсатқа 1998 жылдың өзінде  кемінде 22 млн. АҚШ долла-рын  бөлу.

5. Шаруа және фермер  қожалықтарына арналған кредиттердің  кемінде 2,5 млрд. теңгеге арзандатылуын  қамтамасыз ету.

6. Салауатты өмір салты  жолындағы қоғамдық науқанды  бастау.

7. Осы мақсатқа кемінде  40 млн. АҚШ долларын бөле отырып, тұрғын үй құрылысы бағдарламасын  іске асыруға кірісу. 1998 жылғы  сәуірде осы бағдарламаны жүзеге  асырудың принциптері мен одан  күтілетін нәтижелер жайында  жұртшылыққа баян ету.

8. Балалардың мектепке  толық баруын қамтамасыз ету.

МАҚСАТТАР МЕН  ОЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

БҰЛ ӘЛЕМДЕ ЕҢ БАСТЫСЫ  — БІЗДІҢ ҚАЙ ЖЕРДЕ ТҰРҒАНЫМЫЗ ЕМЕС, ҚАНДАЙ БАҒЫТТА ЖЫЛЖЫП БАРАМЫЗ — МІНЕ, СОНДА

Холмз

Біздің еліміз мен айтқан перспективаларға қол жеткізуі үшін мынадай ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыру қажет:

1. ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК.  Аумақтық тұтастығын толық сақтай  отырып, Қазақстанньщ тәуелсіз егемен  мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз  ету.

2. ІШКІ САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ  ПЕН ҚОҒАМНЫҢ ТОПТАСУЫ. Қазақстанға бүгін және алдағы ондаған жылдар ішінде ұлттық стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық біртұтастықты сақтап, нығайта беру.

3. Шетел инвестициялары  мен ішкі жинақталымдардық деңгейі  жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ. Экономикалық өрлеудің нақтылы, тұрлаулы және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу.

4. ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ  ДЕНСАУЛЫҒЫ, БІЛІМІ МЕН ӘЛ-АУҚАТЫ. Барлық қазақстандықтардын, өмір сүру жағдайларын, денсаулығын, білімі мен мүмкіндіктерін ұдайы жақсарту, экологиялық ортаны жақсарту.

5. ЭНЕРГЕТИКА РЕСУРСТАРЫ. Мұнай мен газ өндіруді және  экспорттауды қалыпты экономикалық  өрлеу мен халықтың тұрмысын  жақсартуға жәрдемдесетін табыс алу мақсатында жедел арттыру жолымен Қазақстанның энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану.

6. ИНФРАҚҰРЫЛЫМ, ӘСІРЕСЕ  КӨЛІК ЖӘНЕ БАИЛАНЫС. Осы шешуші секторларды ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға, саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеуге жәрдемдесетіндей етіп дамыту.

7. КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТ. Ісіне  адал әрі біздің басты мақсаттарымызға қол жеткізуде халықтың өкілдері болуға қабілетті Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінін, ықпалды және осы заманғы корпусын жасақтау.

Осы ұзақ мерзімді басымдықтардың әрқайсысы үшін біз бір жылдық, үш, ал кейіннен бес жылдық жоспарларда белгіленген нақты іс-қимылдарға күш-жігерімізді жұмылдыра отырып, біз стратегиямызды талдап жасауға және оны дәйекті түрде іске асыруға тиіспіз.

Осы ұзақ мерзімді басымдықтар  мемлекет пен біздін, азаматтарымыздың күш-жігерін жұмылдыру үшін қызмет етуге, еліміздін, бюджеті мен кадр саясатын қалыптастыру кезінде өлшемдер негізіне алынуға тиіс.

1- ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

САҚТЫҚТА ҚОРЛЫҚ ЖОҚ

Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибесі мемлекеттің алға басуы және тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттардың бастауында оның ұлтының қауіпсіздігі мен мемлекеттілігінің сақталуы тұрғанына куә. Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды турде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет. Біздің ұрпақ еңсере алмай, өздеріне қалдырған ауыртпалықтар, қиыншылықтар мен проблемалар үшін болашақ ұрпақ кешірер. Егер біз өз мемлекеттілігімізден айрылып, егемендігіміздің стратегиялық негіздерін, өз жерлеріміз бен ресурстарымызды қолымыздан шығарып алсақ, бізге кешірім жоқ. Әрине, болашақты бағамдаудың мұндай қисыны кез келген ішкі және сыртқы жағдайларда ұзақ мерзімді кезеңге арналған Қазақстан саясатының стратегиялық бағыты үшін уақыты жағынан үздіксіз болуы керек. Бұл Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының бірінші стратегиялық басымдығы болуға тиіс.

Қауіпсіздіктің басымдығы анық: егер еліміз қауіпсіздігін сақтамаса, онда тұрақты даму жоспарлары туралы сөз қозғауымыздың өзі қисынсыз. Бабаларымыздың өз мемлекетінің іргетасын қалауы мен дамытуын шолып қарағанда, олардың өз мемлекеттілігін сақтап қалу үшін тарихи ауыр және қатал күрес жүргізгенін айқын көрсетеді. Осы стратегиялық міндеттің шешімін үнемі іздестіру қажеттігі бізден қалыптасып отырған жағдайды геостратегиялық күштермен және олардың өзгеру серпінімен теңдестіре байсалды әрі барабар бағалауды талап етеді.

Ұлттық қауіпсіздік басымдықтарының деңгейіне мықты демографиялық және көші-қон саясаты шығарылуға тиіс. Егер біздің мемлекеттік органдарымыз бұған бүрынғысынша немқұрайдылықпен қарайтын болса, онда біз XXI ғасырдың қарсаңында Ресейдің артынан адам саны сыртқы көші-қон процестерінен ғана емес, табиғи жолмен кеми беретін „демографиялық оппа" жағдайына тап боламыз. Бүл тенденция дереу тоқтатылуға тиіс.

2-ІШКІ САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМНЫҢ ТОПТАСУЫ

БІРЛІК ЖОҚ ЖЕРДЕ — ТІРЛІК ЖОҚ

Төлеби

Тату көршілік бірінші кезектегі міндет, алайда елді ішкі алауыздық жайласа, ол шешілмейді. Егер әр түрлі топтар оларды қандай мүдделердің — саяси, идеология, діни, этникалық немесе таптық мүдделердің біріктіретініне қарамастан, қарама-қарсылық күйде болса, бұл халықты ортақ игілікке қол жеткізу мен өзінің ұлттық мүдделерін іске асыру мақсатынан жаңылыстыратын қауіпті жағдайға әкеп соғады. Бұл жерде әңгіме тікелей қарсыластық немесе соғыс жағдайы туралы да болып отырған жоқ. Солтүстік Ирландия, бүрынғы Югославия, Перу, Ауғанстан, Камбоджа мен Руанда және басқа да елдер ешбір өркениеттің, ешбір мәдениеттің алауыздықтың ауыр салдарынан сақтандырылмағанын дәлелдеп отыр.

Информация о работе Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының негізгі бағыттары