Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының негізгі бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 16:02, реферат

Описание

2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін. Бізде Жолбарыстар жоқ, ал тауларымызда тіршілік ететін Қар Барысы дүниежүзілік қоғамдастыққа онша таныс емес.

Содержание

I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
а) Студенттерге жолдау.
ә)Үкіметке 1998жылға 8 нақты тапсырма .
б) Мақсаттар мен оларды іске асыру стратегиялары
в)Күн тәртібінде 2000, 2004ж.ж..
III.Қорытынды.
IV.Пайдаланған әдебиеттер.

Работа состоит из  1 файл

тарих. срс.docx

— 75.49 Кб (Скачать документ)

Бірлікке апаратын жолдағы бұрынғы кедергілерді жойып, әдетке, құштарлыққа, ерекше мүдделерге, дінге, жас қарайластығына немесе басқа факторлардың қайсысына негізделгеніне қарамастан, жаңа кедергілерді болдырмау — біздің міндетіміз. Диалогтың ықтимал барлық нысандарын көтермелеу, сондай-ақ адамдар арасындағы өзара байланыс пен қарым-қатынасты күшейту арқылы біз біртіндеп ұлттық ынтымағымызды нығайтып, ұлттық әлеуетімізді ұлғайтамыз.

Қоғамның негізі болып табылатын бұл басымдықты жүзеге асырудағы біздің стратегиямыздың мынадай құрамдас бөліктері бар:

— еліміздің барлық азаматтары үшін мүмкіндіктердің теңдігіне негізделген біріңғай азаматтығымызды дамытатынымызға кепілдік беру;

— этникалық түсініспеушілік себептерінің жойылуын, барлық этникалық топтар құқықтарының тең болуын қамтамасыз ету;

— қоғамымыздағы дәулеттілер мен жарлылардың арасындағы айырмашылықты азайту және ауыл проблемасына үнемі ерекше көңіл бөлу;

— өтпелі және кейінгі кезеңдерде пайда болатын әлеуметтік проблемаларды ұдайы шешіп отыру;

— ұзақ мерзімді болашақта саяси тұрақтылықты да, қоғамның топтасуын да қамтамасыз ететін бай Қазақстанды барынша жігерлі түрде қалыптастыру;

— адамдар арасындағы қарым-қатынас пен коммуникациялық байланыстардын, барлық нысандарын дамыту;

— әр түрлі конфессиялар арасындағы өзара құрмет, төзімділік пен сенімді қарым-қатынастарды нығайту. Бүгін „Біздер — қазақстандықтар кімдерміз?" деген сырттай қарағанда қарапайым сауалға кез келген адам бірден жауап бере алмайды. Өзін-өзі бірегейлендіру проблемасын шешу үшін уақыт пен белгілі бір тарихи даму кезеңі қажет болады.

Алдымызға екінің бірін таңдап алу керек деген мәселені қоймаймыз. Біз екеуін де, іс жүзінде өзінің тиімділігін дәлелдеген барлық өркениеттердің ең соны жетістіктерін пайдаланып, диалектикалы боламыз.

Біздің моделіміз қоғам дамуының әр түрлі модельдерінің түйісуін бейнелеуге тиіс. Қазақстан Конституциясына сәйкес біз әлеуеттік-нарықтық экономика құрудамыз. Бұл — бізге қажеттінің нақ өзі.

іздің моделіміз басқа модельдердің элементтерін сабақтастыра отырып, бірақ негізінен өзіміздің ерекшеліктерімізге, тарихымызға, жаңа азаматтығымызға және даму кезеңдерінің нақтылығын еске ала отырып, ұмтылыстарымызға сүйеніп, өзіміздің жеке даму жолымызды белгілейтін болады.

3-ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫ, ДАМЫҒАН НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ

ЭКОНОМИКА НЕҒҰРЛЫМ ЕРКІН  БОЛСА, СОҒҰРЛЫМ ӘЛЕУМЕТТІК БОЛАДЫ

Эрхард

Біздің салауатты экономикалық өрлеу стратегиямыз мықты нарықтық экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және айтарлықтай шетел инвестицияларын тартуға негізделеді. Ол мынадай 10 принциптен тұрады:

Мемлекеттің белсенді рөл атқара отырып, экономикаға араласуының шектеулі болуы. Экономикалық реформалардың табысы мен олардың жекелеген учаскелерде тежелуі мемлекеттің рөлін қайта қарастыруды талап етеді.

Дамыған рыноктарда мемлекет рөлінің шектеулі болатынына қарап, ол еркі мен қайратынан айырылып, енжар байқаушыға айналады деген түсінік тумауға тиіс. Керісінше, ол заңдардың орындалуы үшін өте күштіг конъюнктураның өзгерістеріне даяр болу үшін құзыретті, әлемдік және отандық рыноктарды білетін, босаң және шашыраңқы болмау үшін өз жұмысын белсенді жоспарлайтын болуға тиіс. Ол халықтың әр түрлі топтарының мүдделерін анықтауға, даму басымдықтарын айқындауға, жекеше сектормен тығыз ынтымақтастықта болуға және сол арқылы қоғамды біріктіре, беріктете түсуге тиіс.

Ал бүгін мемлекет қажетсіз жерлерде зор әкімшілік билікке  ие болып, керісінше, рөлі жоғары болуға тиісті жерлерде енжар қалып отыр. Алайда істің мұндай күйі біздін, дамуымызға кедергі болып отырғаны барған сайын айқын көрініп келеді.

Екінші жағынан алып қарағанда, салықтар мен баждарды толық ала  алмай, жалақы мен зейнетақыны уақытында  төлемей отырып, зандар мен жарлықтар  көбінесе орындалмай отырғанда өзімізді күшті мемлекет деп санай аламыз ба? Осыған байланысты саналы салық төлеушілер мен кәсіпорындардың адал иелері, сондай-ақ халықтың аз қорғалған жіктері үнемі зиян шегіп отырады. Ал кәсіпорындардын, оспадарсыз басшылары мен салық төлемейтіндер алшаң басуда.

Бұл проблемаларды шешудің стратегиясы белгілі. Біз:

— Үкіметтің әлі де орын алып отырған сауда мен өндіріске әкімгершілік араласуын жоюға;

— жылжымайтын мүлікті, қалған ұсақ және орта кәсіпорындар мен агроөнеркәсіп кешенін қоса алғанда, жекешелендіру процесін аяқтауға;

— орталық Үкіметті және жергілікті өкімет орындарын парасатты  ұйымдастыру мен оңтайландыруға, олардың рөлін, өкілеттігі мен жауапкершілігін байсалды ой елегінен өткізуге;

— сот билігі мен құқық  қорғау органдарын реформалауды жандандыра түсуге;

— заңның шексіз үстемдігін белгілеуге және занды орындайтын азаматтарды  қылмыстан қорғауға тиіспіз. Бұған керісінше, билік пен заңның бар күшін заңсыз жолмен, шалқып өмір сүретіндерге қарсы қолдану керек.

Соңғы үш жылдың ішінде біздің экономикалық стратегиямыз макроэкономиканы тұрақтандыру болды, бұл мемлекеттік  бюджеттің тапшылығын қысқарту мен  қатал монетарлық және несие саясатын дәйекті жүргізуді білдіреді. Бүгін  біз осы мәселені шешуге бұрынғыдан да жақын тұрмыз. Бірақ бүгінгі табыстарымыз тоқмейілсуге негіз бола алмайды.

Егер елдегі инфляция шектен асып кетсе, ұлттық валютаның бағамы экономиканың жалпы жағдайы мен  біздің стратегиялық ұмтылыстарымызға сай келмесе, ал өсім ставкалары нақты сектор үшін жоғары болып, оған қол жеткізу мүмкін болмай қалса немесе нақты сипатында теріс болып отырса, біз алға қойған мақсаттарды іске асыра алмаймыз.

Халықаралық тәжірибенің сабақтары айқын. Экономикалық жоғары табыстарға қол жеткізген кез келген ел жедел экономикалық өрлеудің алдындағы кезеңде жоғары инфляцияны жою жөнінде барлық шараларды міндетті түрде қолданған және кейін макроэкономикалық көрсеткіштерді белгіленген шекте ұстап тұруды қатаң қадағалаған. Бұл жолдан ауытқығандар сәтсіздікке ұшырады.

Бірінші Азиялық Барыс болу үшін біздің басымдықтарымыздың қатарына макроэкономикалық көрсеткіштер саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибе енгізілуге тиіс. Ол-инфляция мен бюджет тапшылығынын, төмен болуын, ұлттық валютаның күшеюін, жинақтау нормасының жоғары болуын көздейді. Бүл рецепт Жапонияда, Кореяда, Индонезияда, Тайвань мен Чилиде іске асты. Қазақстанда да іске асады.

2010 жылға дейінгі бастапқы  кезеңде өз мүмкіндіктері мен  бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек. Бұл, басымдық тәртібімен айтар болсақ — ауыл шаруашылығы, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, туризм, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылым жасау. Осы салаларды дамыту арқылы біз экономиканың құрылымдық мәселелерін ғана емес, жұмыспен қамту және кедейлік мәселелерін де шешеміз, бұл қазіргі уақытта ерекше маңызды нәрсе. Экономикалық өрлеудің еліміздің дамуы үшін қаншалықты маңызды екенін баршамыз түсінеміз. Қарқынды экономика болмайынша біз мектептер мен ауруханаларды қаржыландыра алмаймыз, қоғамды жемқорлық пен қылмыскерліктен қорғай алмаймыз. Сондықтан бұл басымдық бүгін де, ертең де және алдағы отыз жылдың ішінде де ең маңызды басымдықтардың бірі болып қала береді.

     4- ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ, БІЛІМІ МЕН ӘЛ-АУҚАТЫ

ТАЗАЛЫҚ — САУЛЫҚ НЕГІЗІ, САУЛЫҚ – БАЙЛЫҚ НЕІЗІ

Экономикалық ілгерілеу  біздід азаматтарымыздың игілігіне өздігінен кепілдік бере алмайды. Гүлденген экономика жағдайында-ақ өз денсаулығын дұрыс күтпеуінің және қоршаған ортаның ластануы салдарынан науқас адамдардың саны жылдан-жылға өсіп отырғанын көзге елестету қиын емес. Қоғамымызды құруымызға қарай азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін күш салу керек. Бул мақсатты іске асырудағы біздің стратегиямыз мынадай құрамдас бөліктерден тұрады:

Ауруды болдырмау және салауатты өмір салтын ынталандыру. Мемлекеттің, бір жағынан, ауруды болдырмау, екінші жағынан, салауатты өмір салтын ынталандыру жөніндегі қадамдары халықтың денсаулығына әсер ететін маңызды фактор екенін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Аурулардың алдын алу дегеніміз таза су мен кенеулі асты пайдалануды, тазарту жүйелерінің болуын, қоршаған ортаны ластайтын және экологиялық зиян келтіретін объектілерді қысқартуды, басқа да қауіпті факторларды төмендету жөніндегі осыған уқсас шараларды білдіреді.

Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкоголді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т. с. с. бағытталған. Жеткілікті құралдар болмай тұрған жағдайда ауруларға қарсы күрес пен денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеуден басталады. Салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды, тазалық пен санитария ережелерін насихаттайтын пәрменді ақпараттық іс-шаралар жургізілуі қажет. Ол мыналарды қамтуға тиіс:

Нашақорлық пен наркобизнеске қарсы күрес. Есірткіні әкелу мен таратуға қолданылатын жазаны қатайту және осыған байланысты бірқатар елдердегідей, оның ішінде Малайзия мен Сингапурдегідей өлім жазасын енгізу керек пе деген мәселені қоғамның талқысына шығару керек. Есірткі — өте ерекше және түпке жетегін сала, сондықтан бұл жерде адамгершілік принциптерінің қандай дәрежеде қолданылуы улкен мәселе. Таразының бір басында оны әкеліп, тарататын адамның өмірі тұрса, екінші басында соның „көмегімен" қор болған есірткі тұтынушылардың ғұмыры тұр.

Темекі мен алкогольді тұтынуды қысқарту. Алкоголь мен темекінің  адам өміріне зиянды екені дәлелдеуді қажет етпейді. Халықаралық тәжірибе бұл салада мемлекеттік саясатты жургізудің алкоголь мен темекіге салық енгізу, сондай-ақ маскүнемдіктен емделуге арнайы салық салудан бастап, бірнеше сабағын усынып отыр. Біз бұл мәселеде байыпты саясат жүргізуіміз керек. Контрабанданың ағыны мен қылмыскерліктің өсуі сияқты кері нәтижеге душар болмас үшін бұл арада барлығын салмақтап, бірнеше қайтара есептеп шығу керек. Бастапқы кезде алкоголь мен темекіні жарнамалауға барлық жерде және түпкілікті тыйым салынуға тиіс. Шылым шегу терең ойластырылып, асыра сілтеушілікке ұрынбай, біртіндеп қоғамдық орындардан ығыстырылуы қажет. Мұны басқаларға үлгі болу үшін мемлекеттік үйлер мен мекемелерден бастау керек. Жалпы, адамдар неліктен өз денсаулықтарын құртып, оны улайтындарға төзіммен қарауға тиіс? Мен барлықтарықызды шылым шегушілерге ымырасыз болуға шақырамын.

Қоғамдық сана мен мораль алкогольге барынша қарсы болуға тиіс. Мемлекет бұл сезімді тәрбиелеуге  тиіс. Кеңес өкіметі жылдарында арақ біздің тұрмысымызға, әдетімізге, дәстүрімізге тереңдеп енді. Ол ауылдық жерлерде де адам өмірінің ажырамас бөлігі болып алды. Бүгін көпшілік қиыншылыққа тап боп, күйзеліске түскенде ішкілікке салыну артып отыр.

Әйел мен баланың денсаулығын  жақсарту. Ана мен баланың денсаулығын  қорғау біздін, мемлекетіміздің, денсаулық  сақтау органдарының, жұртшылықтың тікелей  назарында болуға тиіс. Уақыт өтіп, қазына кірісі өскенде мемлекет үшін де, отбасын қолдауға тиімді демографиялық саясат үшін де қолайлы нысанда аналар мен балаларға мемлекеттік қолдау көрсетуге қаражат табамыз. Біз бұрынғы уақыттан бері және қиындықтарға қарамастан бүгін де осындай көмекті көрсетіп келеміз. Мен балалы болғысы келмейтіндерге салық енгізу туралы ұсынысты көпшілік талқысына саламын. Одан түскен қаржыны көп балалы отбасыларды қолдауға жұмсар едік.

Салауатты тұрмыс құрып, сол  арқылы балаларына үлгі көрсетіп отырған ата-аналарды айрықша атап көрсету қажет. Мен компаниялар мен жұмыс берушілерге осы тұрғыдан көтермелеудің тиісті нысандарын іздестіруді ұсынар едім.

Елімізде жыл сайын 200 мың аборт жасалады. Қоғамда абортқа  тыйым салу керек пе, жоқ па деген  мәселе пікір таласына түсуі керек. Мұндай өте нәзік мәселеде де, басқа мәселелерде де мен көпшілікті қолдаймын. Қандай жағдайда да, әйелдің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін отбасын жоспарлаудың өркениетті жолына түсуіміз керек.

Мемлекеттік ведомстволардың  басшылары осының бәрінде де үлгі көрсетуге тиіс. Сонымен қатар дінбасылар мен қоғамның басқа да құрметті адамдарын осы процеске қосылуға шақырамын. Бұл — маңызы зор мәселелер. Адамдардың денсаулығы мен он мындаған отандастарымыздың өмірі осы шараларға тікелей байланысты.

5-ЭНЕРГЕТИКА РЕСУРСТАРЫ

БАЙЛЫҚ — БАЙЛЫҚҚА ИЕ БОЛУДА ЕМЕС, ОНЫ ҰҚСАТА БІЛУДЕ

Сервантес

Қазақстан табиғи ресурстардың, әсіресе энергетика ресурстарының  орасан зор қорына ие. Біздің еліміздің аумағында, бағам бойынша мұнайлы алғашқы он елдің қатарына қосарлық мұнай мен газ кен орындары бар. Сонымен қатар Қазақстанда көмірдің, уранның, алтынның және басқа да бағалы минералдардың мол қоры бар.

Соған қарамастан, біз көп жылдар бойы өзіміздің ішкі қажетімізді қамтамасыз ете алмай келеміз. Бұл — кеңестер кезеңінде жасалған бөліс жүйесі, сондай-ақ өзімізде қажетті инфрақұрылым болмауының салдары.

Сайып келгенде халықаралық  рынокқа мұнай мен газ экспорттау үшін қажетті коммуникациялардың болмауы дамуымыздың жоспарларын жүзеге асыруға керекті қаражат алатын мүмкіндігімізді барынша шектеп отыр.

Информация о работе Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының негізгі бағыттары