Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының негізгі бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 16:02, реферат

Описание

2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін. Бізде Жолбарыстар жоқ, ал тауларымызда тіршілік ететін Қар Барысы дүниежүзілік қоғамдастыққа онша таныс емес.

Содержание

I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
а) Студенттерге жолдау.
ә)Үкіметке 1998жылға 8 нақты тапсырма .
б) Мақсаттар мен оларды іске асыру стратегиялары
в)Күн тәртібінде 2000, 2004ж.ж..
III.Қорытынды.
IV.Пайдаланған әдебиеттер.

Работа состоит из  1 файл

тарих. срс.docx

— 75.49 Кб (Скачать документ)

Энергетикалық ресурстарды  пайдалану стратегиясы мынадай  элементтерді қамтиды:

Біріншісі, біз өз қорларымызды жедел әрі тиімді пайдалану үшін үздік халықаралық технологиялар, ноу-хау, ірі капиталдар тарту мақсатымен басты халықаралық мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді әріптестікке барамыз. Біз қазірдің өзінде бірсыпыра ірі контрактарға қол қойдық, ал басқа контрактар әзірлену үстінде.

Біз ұзақ мерзімді келешекке  өзімізге міндеттері сәйкес келетін  әріптестер іздейміз. Контрактарда біз Қазақстанның мүддесін, экологиясын, өз адамдарымыздың жұмыспен қамтылуы мен даярлануын, әлеуметтік міндеттерді шешу қажеттігін қатаң әрі парасат тұрғысынан көздестіретін боламыз.

Өзіміздің табиғи ресурстарды  пайдалануда біз үздік әлемдік  практикаға сәйкес келетін және Қазақстанның мүдделеріне жауап беретін орнықты келісімдерге мүдделіміз.

Біздің кірістеріміздің тұрақтылығы және контрактарымыздың әділеттілігі, сондай-ақ әлемдік қауымдастықтың қолдауының кепілдігі, міне, осында жатыр.

Біздің стратегиямыздың  екінші бөлігі — мұнай мен газ экспорты үшін құбыр арналарының жүйесін құру. Тәуелсіз экспорт арналары көп болғанда ғана біз көршіміздің біріне тәуелді болудан және келесі тұтынушыға баға жөнінен кіріптар болудан қүлыламыз.

Үшіншісі. Отын ресурстарын  пайдалану жөніндегі біздің стратегиямыз әлемдік қауымдастықтың ірі елдерінің мүддесін Қазақстанға, оның әлемдік отын өндіруші ретіндегі рөліне бағыттау. Бұл ретте біздің мұнай-газ бизнесімізді инвестициялауга тиіс компаниялар мен елдер АҚШ-ты, Ресейді, Қытайды, Жапонияны және Батыс Еуропаның мемлекеттерін қамтиды. Бұл елдер мен компаниялардың біздің ресурстарымызды тұрақты және тұрлаулы негізде экспорттауға деген экономикалық мүдделері Қазақстанның тәуелсіз және қарыштап дамуына жәрдемдесетін болады.

Төртіншіден, шетел инвестицияларын  тарту арқылы біз ішкі энергетика инфрақұрылымын ұру мен дамытуды, ішкі қажеттілік пен тәуелсіз бәсекелестік проблемаларын шешетін боламыз.

Ақыр соңында, бесіншіден, бүл стратегия осы ресурстардан түсетін келешек кірістерді барынша үнемшілдікпен пайдалануды көздейді.

Біз өзіміздің стратегиялық ресурстарымызға қатаң бақылау  қоюға, үнемшіл болуға әрі қаражатты ұқыпты жұмсап, олардың бір бөлігін өзіміздің болашақ ұрпақтарымыз үшін жинақтауға тиіспіз. 

 

6-ИНФРАҚҰРЫЛЫМ, ӘСІРЕСЕ КӨЛІК ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС

АДАМҒА АБЫРОЙ ӘПЕРЕТІН ҮШ ІС БАР: ҚҰМДА ҚАЗЫЛҒАН ҚҰДЫҚ, ӨЗЕНГЕ САЛЫНҒАН КӨПІР, ЖОЛ ЖАҒАСЫНА ОТЫРҒЫЗЫЛҒАН САЯЛЫ АҒАШ

Шығыс мақалы

Тарихи тұрғыдан алғанда, еліміздің аумағы арқылы шығыстан батысқа және кері қарай көлік легі тоқтаусыз өтіп жатты, ал олардың жылжу жиілігі бүгінгі күні де саябырситын емес. Қазақстанның міндеті отандық көлік-коммуникация кешенінің бәсекелестік қабілетін және аумағымыз арқылы өтетін сауда легінің үлғайтылуын қамтамасыз етуде жатыр.

Белгілі бір дәрежеде бұл сала біршама дамыған, ал ұзақ мерзімдік келешекте жан-жақты өсу стратегиясына ілесуге тиіс, мұның өзі ұлттық рынокты жан-жақты жетілдіруге және біздің көлік және коммуникациялық қызметімізге ден қоятын жаңа рыноктар іздеуге саяды. Бұл стратегия автомобиль жасау, туризм, қызмет жүйесі, жол және күрделі құрылыс салаларын барған сайын дамыта беруге және отандық өнімнің өзіндік құнындағы көлік шығасысын кемітуге жәрдемдесетін болады.

ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІ

Аумағымыздың ауқымын  және экономикамыздың шикізаттық бағдарын ескерсек, Қазақстанда жүк тасымалының  негізгі көлемі теміржол арқылы жүзеге асырылатын болады. Көліктің осы түрінің алдында турған стратегиялық міндеттерді іске асыру ушін басымдықтар ретінде мыналарды атау керек:

— Халықаралық көлік және сауда байланыстарын, сондай-ақ Трансазия  магистралі бойынша транзиттік жүк  тасқынын қамтамасыз ететін негізгі  теміржол бағыттарын жаңарту;

— Достық станциясын дамыту мен Достық — Ақтоғай учаскесін  нығайтуды аяқтап, оның өткізім қабілетін  жылына 10 млн. тонна жүк тасымалына дейін жеткізу;

— Жүк жинақталатын аудандарда көп модульды терминалдар ұйымдастыруға кірісу, сол арқылы көліктің сан түрлерінің технологиялық бірлігін қамтамасыз ететін контейнерлік және бумалық тасымалды қолдана бастау;

— Барлық көліктік-коммуникациялық  монополияларды батыл қайта құрылымдауды жүзеге асыру, оларды бейіні сәйкес келмейтін кәсіпорындардан арылту.

АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ АВТОКӨЛІК

— Автомобилъ жолдарын шапшаң аралықтар құру арқылы халықаралық  тасымалды қамтамасыз ететін бағыттарда дамыту;

— Жеке меншік автомагистральдар  салу, қазіргі барларын жекешелендіру  мен концессияға беру жөніндегі жұмыстарды бастау. Оларға осы заманғы халықаралық талаптар деңгейінде қызмет көрсетілуін қамтамасыз ету;

— Ауылдық жерлердегі автожолдардың  желісін басымдық тәртібімен дамыту және ұзақ мерзімді келешекте олардың  тығыз табанды жолға көшірілуіне жету, автомагистральдар мен көпір конструкцияларының өткізім қабілетін жақсарту.

ӘУЕ КӨЛІГІ

— Авиацияда тәртіп орнату және ұшақтар паркін лизинг пен жоғары сыныпты ұшақтардың белгілі бір көлемін сатып алу есебінен толықтыру;

— Әуежайларды қайта жаңартуды  қолға алу, қызмет көрсету мен сервисті қамтамасыз ету деңгейін халықаралық стандарттарға дейін жеткізу;

— Қазақстан арқылы өтетін транзиттік әуе желілерін дамыту мақсатында әуе қозғалысын басқару жүйесін қайта ұйымдастыру.

СУ КӨЛІГІ

—„Ақтау" айлағын қайта  жаңарту және флотты „өзен-теңіз" түріндегі кемелермен толықтыру үшін шетел инвестицияларын тарту;

— Өзен пароходстволарының жұмысын, әсіресе жүк және жолаушы  тасымалындағы өзіндік құны төмен кемелерді іске қосып, олардың жұмысын жандандыру.

БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛАР  ЖЕЛІЛЕРІ

Телекоммуникациялар нарықтық тетіктер қызметін ақпарат алуды  кеңейту мен олардың берілуін жүзеге асыру арқылы қуаттап отырады

Телефондар, факстар мен  электрондық почта — осы заманғы  бизнесті дамытудың өмірлік маңызды  әрі объективті тұрғыдан қажетті шарты. Ақпараттық технологиялар, оның басқа түрлерімен салыстырғанда, өз мәнісі жағынан неғұрлым „көпшіл" әрі икемді бола отырып, бизнесті, экспорттық қызметті дамытуға және экономиканы орталықсыздандыруға барынша жәрдемдеседі. Олар ұлттық экономикаларды шоғырландырады және аймақтың ауқымын кеңейте отырып, әлемдік экономикалық байланыстарды нығайтады.

Сонымен қатар телекоммуникациялар  жаңа жұмыс орындарын бере отырып, ауылдық және қалалық аймақтардың арасындағы экономикалық көші-қонды азайта отырып, әлеуметтік салалардағы кереғарлықтар мен келеңсіз құбылыстарды азайтуға барынша жағдай жасай алады. Ақпараттық технологиялардың денсаулық сақтау мен білім беру салалары үшін, сондай-ақ айналадағы ортаны жақсарту үшін маңызына баға жеткісіз.

Баршаның пайдалануына ортақ  әрі толығымен іске қосылған телекоммуникциялық жүйенің келесі бір жақсы жағы — жолдың ауырлығына, жекелеген  аймақтардың алыстығына және жолаушы  тасымалы бағасының қымбаттығына қарамастан, күллі жұртқа ақпарат алуға мүмкіндік беретін кепілдігінде жатыр.

Біздің үкіметіміз шалғайдағы әлсіз дамыған аудандарға, ең кемі, байланыс қызметінің ең төмен деңгейін беретін болады. Айталық, балалар мен жастарға арналған аймақтық оқыту бағдарламаларын таратып отырады. Мұның өзіндік құны өте арзан, әрі алдағы уақытта едәуір пайда келтіреді.

Бүгінгі таңда Қазақстан  Республикасының алдында, ең алдымен, болашақта әлемнің дамыған елдерінің  осындай инфрақұрылымдарымен бәсекелесуге қабілетті дербес тәуелсіз және тиімді телекоммуникациялық қызмет көрсету жүйесін құру міндеті түр.

Қазақстан телекоммуникацияларының  қазіргі жай-күйі басқа елдермен салыстырғанда өз желілерінің жетерліктей тығыздығына қарамастан, елеулі экономикалық проблемаға айналып отыр.

              7-НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРМЕН ҒАНА ШЕКТЕЛЕТІН КӘСІПҚОЙ МЕМЛЕКЕТ

БАСТЫҒЫ КӨП ЕЛ ЗАҢНАН ТАЯДЫ

Соломон

Қазір мемлекеттік аппаратты қайта ұйымдастыру мен жетілдіру қолға алынды, алайда бұл процеске неғұрлым қуатты қарқын беру қажет. Менің биылғы жылдың басынан бері үкіметіміз бен оның дербес құрамын түбегейлі реформалау стратегиясын іске асыруға кірісуім де сондықтан. Үкімет орталық және аймақтық деңгейлерде қысқартыла бастады және бұл процесс жалғаса береді.

Біздің міндет — Қазақстанда  нарықтық экономика үшін оңтайлы  болатын мемлекеттік қызмет пен  басқару құрылымының осы заманғы, тиімді жүйесін жасау; басым мақсаттарды  іске асыруға қабілетті үкімет құру; ұлттық мүдделердің сақшысы бола алатын мемлекет қалыптастыру.

Кеңестік әміршілдік экономика  дәуірінде мемлекет бастан-аяқ бәрін бақылауға тырысты. Соның салдарынан ол көптеген қайталанатын қызмет буындары көп ебедейсіз құрылымға айналды. Қалыпты дамыған елдерде кеңес мемлекеті бақылауына алуға әрекеттенген міндеттердің 80 проценті мемлекеттердің функциясына жатпайды.

Кеңес Одағы ыдырағаннан  кейін мемлекеттік құрылыс пен  басқару мәселелерін көп ретте жаңадан шешуге тура келді. Ең алдымен бұл жаңа тәуелсіз мемлекеттің өмір сүруінің заңдық-құқықтық негізін қамтамасыз етуге, әлеуметтік-саяси тұрақтылықты дәйектілікпен орнықтыруға қатысты болды.

Бүгінгі күні қоғамның және экономиканың күрделі жүйелік қайта  жаңғыруларын мемлекеттік басқару  жүйесшің өзін жүйелі ету мәселесі күн тәртібіне өткір қойылып отыр. Әрине, бұған біртіндеп, соның өзінде мемлекеттің функцияларын ұзақ мерзімді реформалаудың үйлестірілген, дәйекті жоспарын алдын ала әзірлеген жағдайда ғана жетуге болады.

Үкімет пен жергілікті өкіметті түпкілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін жеті негізгі стратегия прициптері мынаған саяды:

1. Неғұрлым маңызды бірнеше  функцияларды ғана орындауға  жұмылған ықшам әрі кәсіпқой Үкімет.

2. Стратегиялар негізіндегі  іс-қимыл бағдарла-малары бойынша атқарылатын жүмыс.

3. Нақтылы жолға қойылған ведомствоаралық үйлестіру.

4. Министрлердің өкілеттіктері  мен жауапкершіліктерін, олардың  есептілігін және олардың қызметіне  стратегиялық бақылауды арттыру.

5. Министрліктердің ішінде, орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жекеше секторға қарай орталыққа тәуелділікті жою.

6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл да ымырасыз күрес.

7. Кадрларды жалдау, даярлау  және жоғарылату жүйелерін жақсарту.

Табысқа жеткен үкіметтер, әдетте ықашам келеді әрі мемлекет қана атқара алатын ең басты бірнеше функцияларға жұмылады. Әлбетте, оңтайлы үкіметтер өз қызметін аз санды басымдықтарға және осы мақсатқа жету жолындағы стратегияларды іске асыруға ұмтылады.

Үкіметтің тиімділігі өзара  байланысты үш факторға: оның құрылымдық ұйымына, стратегиялық үйлесімділігіне  және кадрлар даярлығының дәрежесіне негізделеді. Біздің таяу болашақтағы  міндетіміз стратегиялық жоспарлау  әдістерін меңгерген қабілетті, әрі адал кадрлардан тұратын шағын, оңтайлы аппарат құру болады.

Әлеуметтік экономикалық өмірдегі дағдарысты құбылыстардың  негізгі себептерінің бірі — министрліктер  мен ведомстволар арасында, аймақтар арасында үйлестірудің болмауында екенін айтып жату артық. Нақтылы міндеттерді  шешу жолындағы жауапкершілік көлемінің бір-біріне сәйкес келмеуі, функцияларды қайталау және жең ұшынан жалғасу сан түрлі кедергілерге және бюрократиялық ішараздыққа, қағазбастылық пен ұжымдық жауапсыздыққа әкеліп соғады. Бүгінгі мемлекеттік басқарудың діңі де, тіні де осында жатыр.

Бұл проблеманың тамыры — стратегиялық жоспарлардың жоқтығында болып отыр.

Әрбір министрліктің, ведомствоның, әкімшіліктің жұмысы, сайып келгенде аймақтық дамудың өзі мақсаты айқын, міндеттері нақты жалпымемлекеттік стратегияға бағындырылуға тиіс.

Мұның тың көзқарас пен жаңа әдістемені талап етері даусыз. Стратегиялық жоспарлау, қаржылық бағдарламалау мен жобалық менеджмент таяу болашақтағы мемлекеттік басқарудағы жаңарудың өзегіне айналуға тиіс.

Ведомствоаралық және аймақтараралық үйлестіру, басым мақсаттарға жедел  жетуге деген саяси ерік-жігердің көрінісі ретінде ауадай қажет.

Ведомстволардың стратегиялық міндеттерді іске асыру жөніндегі  қызметі мен күш-қимылын бақылайтын біртұтас билік жүргізуші үйлестіруші орган құру қажет.

Мемлекеттік үйлестіру жүйесі тиімді әрі қарымды болуға тиіс. Оның жұмысының нәтижелері барлық есепті органдар үшін ашық болуы қажет.

Министрліктер мен ведомстволардағы бүгінгі қалыптасқан ахуалға  келетін болсақ, жауапкершілік деңгейі  өкілеттілік көлемінен асып тусіп отыр. Өкілеттіктер мен жауапкершіліктер арасалмағының бір жағына қарай ауытқуы басқару тиімділігін күрт төмендетеді. Әлемдік тәжірибе мекеме басшысына ішкі басқару жөнінен кең өкілеттік берудің билікті асыра пайдалану мүмкіндігінен келетін залалдан гөрі әлдеқайда көп артықшылықтар беретінін дәлелдеп отыр.

Министр мен әкім кең өкілеттіктер иеленуге тиіс және солай болуы керек, алайда олардың қызметі жоғары тұрған органдарға есепті болуы қажет, әрі ұдайы жасалып отыратын тәптіштеуші бақылау емес, стратегиялық бақылауға алынуы керек.

Информация о работе Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының негізгі бағыттары