Қазақстанның тәуелсіздігіне 20 жыл

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 15:12, реферат

Описание

Осыдан бірнеше ғасыр бұрын Қозыбасы тауы мен Шу өзені аралығында Керей мен Жәнібек хандар бастаған үш жүздің тайпалары өз хандықтарын құрып, тарих сахнасында «қазақ» деген атау пайда болды. Алтай мен Атырауды, кең байтақ Сарыарқаны мекен еткен, қаны бір түркі тайпалары бір-біріне тез үйреніп, ар мен намысты алға қойған халық болды.

Работа состоит из  1 файл

Шығарма.docx

— 28.10 Кб (Скачать документ)
 

 Осыдан бірнеше ғасыр бұрын   Қозыбасы тауы мен Шу өзені аралығында Керей мен Жәнібек хандар бастаған үш жүздің тайпалары өз хандықтарын құрып, тарих сахнасында «қазақ» деген атау пайда болды. Алтай мен Атырауды, кең байтақ Сарыарқаны мекен еткен, қаны бір түркі тайпалары бір-біріне тез үйреніп, ар мен намысты алға қойған халық болды.

    Осы заманнан бастап халқымыз талай жаугершілік  соғыс күндерін бастан кешкен. Сонау Тәуке ханның тұсында шығыстан анталап жоңғарлар, оңтүстіктен өзбек, қарақалпақ , солтүстік- батыстан башқұрттар, солтүстіктен Сібір казактары тыныш жатқан халыққа күндіз күлкі, түнде ұйқы бермеген.

    Ел  арасында Бөгенбай, Қабанбай, Жәнібек, Жауғашар, Қарасай сияқты батыр тұлғалар ел басына күн туғанда қалың қолын  бастап, бейбіт өмір  жолында үлкен рөл атқарған.

    Бертін  келе XVIII ғасырда Ұлы империяға  тәуелді болуы да халқымызға қиыншылықтан көз аштырмады. Халықты қорғаймын деп өзіне бағынышты еткен империяның малдың ізінде жүріп көшпелі өмір салтын ұстанған, момын халыққа көрсеткен қиындықтары да аз емес еді. Алайда қазақ тыныш жатқан момын халық болғанымен, бір-екі шалыс басқан қадамыңды кешірер-ау, бірақ тағы қайталап шамына тиер болсаң қылыштай шауып түсірер айбаты да жетерлік.

    Қазақ халқы ондаған жылдар бойы орталықтың ұлыдержавалық саясатының қаталдығы мен озбырлығынан апаттың және қожыраудың шегіне дейін жетті. Жетімі мен жесірін бауырына басып, ерлерінің қолына найза мен садақ ұстатқан, елім, жерім деп тәуелсіздік таңынын аңсаған, қан жылаған қазағым, тар тайғақ жолдан өтіп, міне бүгінде тәуелсіздігіннің 20 жылдық мерейтойын тойламақсын. Осы ұланғайыр уақыт ішіндегі оқиғалар мұхиттай терең, ал халқымыз болса мұхит ортасында қалған жалғыз кемедей болды.

    «Еңбек  жоқ, қарекет жоқ қазақ кедей, қайтеді тамақ іздеп теңтіремей?»  деп ұлы ақын Абай халқының мүшкіл халіне қынжылып, жылай жазды, жүрекке  пышықтай тіліп, қадай жазды.

    Қазақ елі бір тудың астына жиылып, біртұтас ел болуды армандаған казақ елінің Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай, Халел Досмұхамедов, Әлейхаң Бөкейхановтар ұлы ұлдары қазақ елінің тәуелсіздігі үшін өмірлерін қиды. Алаш ұлдарының арман тілегі аспай қалғанымен, ұлттық сананы оятуда қазақ тарихында рухани түрткі болды. Олар қазақ елінің болуы мен өркениеті ел қатарына қосылуын қалады.

    «Қазақ халқы не көрмеді?» өткен ғасырдың басында саны 1,5 млн-дай Қытай, Ауғанстан, Түркия шекарасынан асты. 1928-1955 жылдары зиялылар репрессияға ұшырады. Қазақстың саны үш есеге дейін кеміп, 1 млн-ға дейін азайды. Одан қалды Ұлы Отан Соғысы жылдары 700 мыңдайы өз еліне оралмады. 

    Адамзаттың  жылдар бойы даму тарихында жер үшін, тәуелсіздік болған қантөгіс соғыстар көп болды. Соның нәтижесінде  талай мемлекекеттің аумағында  әлем картасына түзетулер енгені белгілі. XX ғасырдың соңында әлем картасы  тағыда өзгеріске түсті. Оған алып империя КСРО-ның күйреуі себеп болы, осы қираған жұртта тәуелсіз жаңа 15 мемлекет орнады.

    Солардың  бірі Еуразия құрлығының орталығында  орналасқан Қазақстан Республикасы Қазақстан компартиясының орталық  комитетінің V пленумында соншама қысқа, бар болғаны 18 минуттың ішінде Д.А. Қонаевты орнынан алу мәселесі шешіліп, оның орнына бұрын-сонды Қазақстанда  қызмет атқармаған және республика тұрғындарының  көпшілігіне беймәлім Г.В. Колбин сайланды. Орталықтың бұндай басшылығын қазақ  халқы 1927-1937 жылдары елбасына бұратана елдің адамын басшылыққа алып келсе  қалай болатының және қандай күйді  басымыздан өткізіп, барымыздан айырылғанымыз  ұмытылмаған еді. 1986 жылы 16 желтоқсан  күні алматыда жаппай толқу басталып, кейінірек республиканың басқа  да қалаларын қамтыды. 1986 жылы 16 желтоқсандағы  тәуелсіздік үшін өздерінің жас  өмірлерін «Еркек тоқты құрбандық» деп қиған Қайрат пен Ләззат сынды қазақтың қаншама жазықсыз жапа шегіп, өмірлерін қиған ұл-қыздарын сот жылдарды құрбан болған жастарды жиі еске алып, арамызда жүргендерге, рахмет десек артық болмас еді. 

    Бұрынғы өткен заманда бабамыз Абылай армандаған «қазақтың сарыарқадай сайын даласының Есіл жағасына ел қондырсам деп еді, елімді – жерімді біртұтас жүз жүзге бөлінбейтін мемлекетке айналдырсам» деген арманы міне бүгінде орындалды.

    Біз білсек қазір қой үстінде бозторғай  жұмыртқалаған заманда өмір сүріп  жатырмыз. Бұл кез келген мемлекеттің  жете бермейтін жетістігі.  
Бұл «Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқының сан ғасырлық аңсаулы асыл арманы еді. 

    Тәуелсіздікке жету жолындағы ең алғашқы батыл  қадам Қазақ  Кеңестік Социалистік  Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Деклорацияның қабылдануы болды. Бұл контитуциялық емес, саяси акті ғана еді, одан дербес мемлекет туындамады. Сөйтседе, бұл қадам болшағы бар қоғамдық өмірдің белсенділігіне ақ жол ашты.

    Жұртшылықтың  зор қысымы және егемендікке қол  жеткізген жағдайда, 1991 жылғы тамыздағы мемлекеттік төңкеріс нәтижесінде Кеңес Одағы құлағаннан кейін демократия мен жариялылықтың жеңісі арқасында бұрынғы одақтас республикалар тек саяси емес, ең алдымен шынайы егенмендікті жеңіп алу үшін батыл қадамдар жасауға кірісті. Нәтижесінде бұл 15 тәуелсіз мемлекеттін әлемдік сахнаға шығуына алып келді. Бұл мемлекеттер эколномиканы тұрақтандыру және баға қою мәселелерін де өзара бірлесіп шешуге өзара келісті. Осылайша аймақтық нарықтық кеңестік пайда болды. Осындай тығыз интеграцияның қажеттілігін қазақ азаматы, саяси қайраткер Тұрар Рысқұлов көз жеткізе дәлелдеген еді.

    Қазақстанның  тәуелсіздігін жариялауы  өзінен-өзі  маңызы зор тарихи оқиға. Ол өз жерінде  толық өкімет билігін, ішкі және сыртқы саясатты өздігінше белгілеудің  және жүргізудің кепілі еді. Ал өкіметті басқару үшін ең алдымен жауапты басшы керек. Сол кезде бұл жоғары лауазыммен тарихи сахнаға Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевты шығады.

    Тәуелсіз  мемлекеттің  тұңғыш Президенті сол  күні көп ұлтты республика халқына қалтқысыз қызмет етуге, азаматтардың құқықтары мен еркіндігінің кепілі – Конституцияға адал болуға, өзіне жүктелген міндеттерді ақ ниетімен орындауға ант берді.

    Презиндентіміз  өзінің алғашқы қадамын қазақ  халқын әлеуметтік жағынан қолдауы  жөніндегі қосымша шаралар туралы заң актілерін шығарудан бастады. Осыған сәйкес дәрігерлердің, мұғалімдердің, мектепке дейінгі балалар мекемелері тәрбиешілерінің және басқада әлеуметтік саладағы қызметкерлердің  еңбек  ақысы көбейді.

    1986 жылдың 17-18 желтоқсанындағы Алматыдағы жастар көтерілісіне қатысқаны үшін жазаланған қазақ азаматтары Президенттің жарлығымен ақталып, абақтыдан босатылды.

    Тәуелсіз  Қазақстанда бір жыл шын мәнінде  орасан зор револоциялық жаңғырту шаралары жүзеге асырылды. Қоғам өмірін демократияландыру, меншік формаларының сан алуандығын қалыптастыру процесі басталды. Бұл  – өтпелі кезең бастамасы еді.

    Білім, ғылым, денсаулық сақтау және мәдениет мәселелері тәуелсіздік жағдайында айрықша күн тәртібінде тұрды. Білім  беру саласында қысқа мерзімде бірнеше  оқу орындары, соның ішінде жаңа университеттер ашылды. «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында тіл туралы» заң шеңберінде қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болып, орыс тілі ұлтаралық қатынас құралы атанды. Жаңа мектептер мен балабақшалар ашылып, 15 ұлттық тілдерді ана тілі ретінде енгізілді. Мемлекеттік тілде оқыту барлық дерлік жоғары оқыту орындарында ұйымдастырылды.

    Нарықтық  экономика жағдайында кадрларды дайындау бағдарламасы қолға алынды. Бұл бағдаралама бойынша шетелмен тәжірибе алмасу үшін, талантты жастар оқуға жіберілді.

    Мемлекеттің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін  тиянақты ету үшін «ұлттық ұлан»  жасақталды. Қазақстан жерінде орналастырылаған стратегиялық ракеталарға  берік бақылаудың шаралары белгіленді. Әскери құрамалардың барлығы және олрадың мүліктері, Байқоныр ғарыш айлағы Қазақстанның қарамағына өтті.

    Тұнғыш  рет адамның ғарышқа ұшқанынан 30 жыл өткен соң көне бабалар  жеріндегі Байқоңырдан 1991 жылы 2-қазаңда  бірінші қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшуы еліміздің  қоғамдық саяси өміріндегі маңызды  оқиға еді.

    Тәуелсіздікке  қолы жеткен Қазақстанға шет елдер  назар аудара бастады. Оның АҚШ, Франция, Австрия, Ұлыбритания, Германия, Жапония, Сингапур, Италия мемлекеттерімен үкіметаралық байланыстары мен іскерлік жақындасулары  барған сайын ұлғая түсті.  Әсіресе Түркия мен Қытаймен, Корея Республикасымен тығыз байланыс орантылды. Осы жылы елмізде 35 бірлескен кәсіпорын, 16 сыртқы экономикалық ассосациялар тіркелді. Халықаралық бірлескен коммерциялық банк ашылды. Шетелдік әріптестердің қатысуымен қажетті ғылыми ауқымда өнімдердің бірқатар түрлері, оның ішінде қазіргі заманның теледидарларын жасап шығаратын, тері-мех және басқа ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін, құрылыс материалдарын жасайтын, т.б. өндіретін кәсіорындар ұйымдастырылды.Шет елдердің Қазақстанның байтақ жеріне қызығушылығы арта бастады.

    Қазірде Қазақстан дүниежүзілік қауымдастыққа  белсенді түрде еніп,  оның ішінде Еуропа елдерімен де тең құқықтық қатнастар орнатып отыр. Ол 1992 жылы Біріккен Ұлттар ұйымына, Қауіпсіздік  және ынтымақтасу жөніндегі Еуропалық  кеңеске, Дүниежүзілік валюта қорына мүше болды. Осы жылда Жаңа Конституция жобасы бүкілхалықытық талқылауға ұсынылды. Ол 1993 жылы 28 қаңтарда қайта қабылды.

    Елтаңба, Ту, Әнұран сияқты өзінің мемлекеттік рәміздерін бекіту және ұлттық валютамыз теңгені айнылымға енгізу жөніндегі шаралар жас тәуелсіз мемлекеттің егемендігін  нығайту жолында жасаған маңызды қадамдар еді. Осының бәрі тәуелсіздікті  нығайтудағы қол жеткен ізгі нәтижелер.

    1997 жылы желтоқсанда мемлекетіміздің  астанасы Алматыдан Ақмолаға  көшірілді. Бұл қала Астана  деген атаумен өзгертілді. Сол жылы Президенттің халыққа жолдауы жарияланды, онда жас тәуелсіз мемлекеттің ұзақ мерзімді даму стратегиясының бағдар - бағыты  бейнеленген, ол «Қазақстан 2030» стратегиялы  даму бағдарламасы деп аталды. Ұзақ мерзімді стратегияны жүзеге асыру  барысында 7 басымдылықты іске асыру көзделіп отыр:

  1. Ұлттық кауіпсіздікті сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету;
  2. Ішкі саясатта жұртшылықмен қоғамның топтасуы;
  3. Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың днңгейі жоғары, ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу;
  4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты;
  5. Мемлекеттік ресурстарды тиімді пайдалану;
  6. Инфрақұрылым, әсіресе көлік пен байланыс;
  7. Кәсіби мемлекет ісіне адал әрі басты мақсаттарға қол жеткізуде халықтың өкілдері болуға қабілеттіқазақстанның мемлкеттік қызметшілерінің ықпалды және осы заманғы корпусын жасақтау;

    Осы бағдарламада көрсетілген ұзақ мерзімді басымдылықтар мемлекет пен азаматтардың күш-жігерін жұмылдыру үшін қызмет етуге, елдің бюджеті мен кадр саясатын қалыптастыру кезінде өлшемдер негізінде алынбақ. Егер Қазақстан халқы осы стратегиялық бағдарламаны жүзеге асырса, онда ол Еуразиялық саяси картада лайықты жағдайға ие болады, әлемдік қауымдастықта өз орынын алады.

    Қазақстанның  тәуелсіздігіне 10 жыл толуына арналған мәжілісте Ел басымыз Н.Ә. Назарбаев  «Ел экономикалық өсу фазасына енді» - деді. Сол кездерден бастап Қазақстанда әлеуметтік – экономикалық өрлеу басталды. Экономиканы одан әрі ырықтандыру, жаңа реформаларды шығару, ашық экономикалық жүйені күшейту, ауылды дамыту, экспорт, медициналық, тұрғын үй, инфрақұрылымды дамыту бағдарламалары жоғары қарқынмен жүзеге асырылып жатты.

    1991 жыл - еліміздің Қазақстан деген  атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылдан бері міне 20 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы - қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. 

    «Қаз  тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік  тұсауын өміршең  уақытқа кестірген  кезден бастап, осынау 20 жылдың бедерінде  айшылық жерді  алты рет аттаған  алып секілді, дәуір  жалынын мығым  ұстап, тізгінін бекем  қаға білді» - деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша  әлем танып отыр.

    Тәуелсіздік алғандағы алғашқы әрекеттердің арасында мемлекетіміздің ұлттық валютасы - теңгені енгізу, көршілес мемлекеттермен шекараны белгілеп алу, Конституциямызды бекіту бар еді. Ата Заңымызға сәйкес Қазақстан және қазақстандықтар ешкімнің жеріне көз салмайды, бірақ өз жерінің бір сантиметрін де ешкімге бермейді. Мұндай істердің орындалуы - ерекше тарихи жетістік. Айта берсек 20 жылда жеткен еліміздің жетістігі өте көп. Дегенмен, бұл жетістіктерге жетуде еліміз көп қиыншылықты көргенін ұмытпағанымыз жөн.

    Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік  аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке  зарығып жетті. Тәуелсіздік жолында  еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік  – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа  ұмтылысының және өшпес қайсар рухының   арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны рас. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткен. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын.

Информация о работе Қазақстанның тәуелсіздігіне 20 жыл