Шымкент қаласын сумен қамту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Октября 2011 в 18:36, дипломная работа

Описание

Адамзат тіршілігінің барлығы сумен байланысты. Халқымызда “ауру-астан” деген аталы сөз бар. Ал, тағамыңыз тұщы сусыз жасалмайды. Ауыз су сапасыз болса түрлі дерттердің қозуына себепші ғой. Су тірші¬ліктің өзегі деп осындайда айтылған шығар.

Работа состоит из  1 файл

диля диплом.doc

— 929.00 Кб (Скачать документ)

     Аэротенктен ағындар екінші сатылы тұндырғышқа  дейінгі орналасқан таратушы камералар арқылы үш екініші сатылы тұндырғышқа барады.

     Екінші  сатылы тұндырғыштағы   шөгуші активті  тұнба құбыр арқылы циркуляцияланатын  тұнбаның сорғыш бекетіне бағытталады.                                                                            

     Ағын  бірінші сатылы тұндырғыштан кейінгі  орналасқан екінші сатылы тұндырғыштан апаттық канал арқылы қабылдау алабына  түседі.

     Екінші  сатылы тұндырғыштан кейінгі орналасқан құрама камера арқылы екінші сатылы тұндырғышта  тазартылған ағындар ашық каналдар жүйесіне және Буржар жинағыш қабылдау алабына бағытталады.  
 

     2.6.2 Аэротенкке дейінгі таратушы камера 
 

     Қолданыстағы  таратушы камера өзгеріссіз қалады.

     Бірінші сатылы камерадағы ағындар аэротенкке бөлуші камералар арқылы түседі, ол ағындарды каналдарға, аэротенктерге бағыттайды. 
 

     2.6.3 Аэротенктер 
 

     Сарқынды  судағы коллоидты күйде кішкентай  суспензия түріндегі ластарды микроорганизмдер көмегімен жойылады.

     Органикалық қышқылдар, спирттер, ақуыздар,көмірсулар, минералды тұздар және т.б бактерия ретінде көміртегілерді, азотты, фосфорды, калии және т.б алу үшін, өздерінің торын құрауда пайдаланады , соның нәтижесінде бактериялар саны көбееді.

     Бактериялар тыныс алу процесінде ауадан оттегіні алады,олар органикалық заттардың  минерализациялануына және қышқылдануына шығындалады.

     Биохимиялық процесстің өту кезінде тазалау  ғимараттарында микроорганизмдердің  кешені – белсенді тұнба құралады.

     Биохимиялық процесстердің қарқындылығы төмендегі  факторларға байланысты:

     Температура, күн радиациясы, оттегімен қамтамасыздығы, биоценоз құрамы, нәрлі және токсинді заттар және т.б.

     Аэротенктерде микроорганиздерге тиімді тіршілік етуге ең жақсы шарттар жасалған.

     Тұнғаннан кейін тұнбаның бір бөлігі аэротенкке қайта оралады, ал қалған бөлігі аэротенктегі өсімге тең,ол өңдеуге кетеді немесе жойылады.

     Тексеру обьектілері:

  • 2 аэротенк;
  • Шибері бар таратушы каналдар;
  • Ығыстырмасы бар ауа жібергіш;
  • Босатылу ығыстырмасы бар құдықтар;

     Екі аэротенктің жұмыс көлемі  40540 м3.

     Қолданыстағы  төрт дәлізді аэротенктердің жұмыс  тереңдігі 5 м.

     Әрбір аэротенктегі бірінші камера екі араластырғышпен жабдықталған ауасыздандырушы камера болып табылады.

     Рециркуляцияланатын  тұнбаны және техналогиялық ауасыздандыру  процесіндегі толығымен ағудағы  уақытша шығындарды азайту үшін, сарқынды судың жете араласуын қамтамасыз ету үшін, ауасыздандыру камерасын екі параллельді тармақ бөліктерге бөлетін, камера қосымша көлденең қабырғамен жабдықталады.

     Келесі  үш дәліз аэробты камера болып  табылады, ол төртінші аэробты камерадан  ауасыздандыру камерасына ішкі циркуляциясын  қамтамасыз ететін, тербелмелі   араластырғышпен және  аэрация үшін  ұсақ көпіршікті  диффузормен жабдықталған. Сарқынды суды құрама камераға  бұруды  ұзындығы 9 м – лі тегіс сапырғышпен орындалады. Аэротенктегінің құрама камерадан шыққан тазаланған ағын  екінші сатылы тұндырғыш алдындағы таратушы камераға  барады.

     Аэробты камералардағы оттегі концентрациясын  өлшейтін, технологиялық жүйені басқару  ретінде оттегі зонды қолданылады.  Земерге қарағанда ішкі рециркуляция және де диффузорға (аэраторға) ауа жіберетін  ауа үрлегішті басқару  реттелетін болады.

     Ауасыз  камерадағы қоспаны екі батырылған араластырғыш піскек  жұмысының  арқасында дисперсті күйде ұстап  және араластыратын болады.

     Ені  4 м  бұрыштық   бұрылыстармен  жабдықталған, аэротенкке дейінгі құрама каналдың, құрылған саңылаулары арқылы қайта айналатын  тұнбаның және сарқынды судағы қоспаның  құйылымы орындалады.

     Ұсақ  көпіршікті  диффузорлар (аэраторлар) көмегімен аэробты камералар  аэрацияланады. 
 

     2.6.4 Екінші сатылы  тұндырғышқа дейінгі таратушы камералар 
 

     Екінші  сатылы тұндырғышқа дейінгі таратушы камералар және екініші сатылы тұндырғыштар толық жөнделуі алдында бекітілген жобаға байланысты орындалады.  
 

     2.6.5 Екінші сатылы тұндырғыштар 
 

     Екінші  сатылы тұндырғыштардың мақсаты  тазаланған судан қайта шыққан белсенді тұнбаны тұндыру жолымен бөлу.

     Тұнбалы қоспаның қозғалыс жылдамдығы тұндырғышқа  түскен кезде бірден төмендейді.Жапалақ  тұнбаның гидравликалық ірілігінен қозғалыс жылдамды аз болса ,онда соңындағылар тұнбаға түседі.

     Тексеру обьектілері:

  • 3 екінші сатылы  тұндырғыштар;
  • Шибері бар таратушы шара;
  • Қайтарма тұнбаның екі сорғышы  « Флюгт »;
  • Тұнбалы камера;
  • Босатылу ығыстырмасы бар құдықтар;
  • Құрама камера және әкетуші канал;

     Қолданыстағы  екініші сатылы тұндырғыштарға ағындар  екініші сатылы тұндырғышқа дейінгі  таратушы камералардан келеді.

     Сарқынды  суды тазалау ғимараттарында диаметрі 40 м бес екініші сатылы тұндырғыштардан  тұрады, олардың үшеуі екініші сатылы ал екеуі бірінші сатылы тұндырғыштардан құрастырылған тұндырғыштар.

     Үш  тұндырғыштан тазаланып шыққан ағындар  екініші сатылы тұндырғыштан кейігі  құрама  камераларға бағытталады, одан ары қарай ашық суармалы каналдарға және Буржар жинағышына барады.

     Екінші  сатылы тұндырғыштар және бірінші сатылы тұндырғыштарға ағынның келуін және кетуінің стандартты шешімін қарастырайық.

     Ағындар орталық құбыр арқылы тұндырғыштың ортасынан келеді, ал тісті суағар арқылы ағын кететін болады.

     Екінші  сатылы тұндырғыштағы шөгетін активті тұнба циркуляцияланатын  сорғыш бекетіне және артық тұнбаға түседі.

     Қалдықты  циркуляциялайтын сорғыш бекетіндегі  тұнбаны жинағыш канал көмегімен  тазаланған сарқынды су құйылымның бастапқы бөлігінен, бірінші тұндырғыштан  аэротнекке жібереді.

     Артық активті тұнба өздігінен ағып артық тұнбаның оттектік тұрақтандырғыш алабына бағытталады. 
 

     2.6.6 Екінші сатылы  тұндырғыштан кейінгі  құрама  камералар 
 

     Екінші  сатылы тұндырғыштан кейінгі құрама  камералар өзгеріссіз қалады. 
 

     2.6.7 Ауа үрлегіш ғимараты 
 

     Ауа үрлегіш ғимаратында сыйымдылығы 11000 м3/ сағ сығылған ауа   үш  ауа үрлегіші және сыйымдылығы 47400 м3/ сағ сығылған ауа бір ауа үрлегішіорналасқан.

     Сыйымдылығы 11000 м3/ сағ ауа үрлегішіке  800 мм – лі  ауа өткізгіш қосылған.

     Сыйымдылығы 47400 м3/ сағ ауа үрлегішіке диаметрі  800 мм – лі   жаңа ауа өткізгіш қосылады. Осы құбыр аэротенкте диаметрі  800 мм – лі сығылған ауаның  құбырымен қосылады.

     Барлық  аэрациялық жүйенің дұрыстығын және ауа үрлегіштердің өзекті өндірістігін тексергеннен соң, барлық диффузорларды  және қосымша жаңа  ауа үрлегіштерді ауыстыру туралы шешім қабылдаған дұрыс болатын еді.  Егер де   ауа үрлегіштерді жаңартатын болса онда ‘‘ Roots ” типті  ауа үрлегішті қондырған жөн болады.

     Ауа үрлегіш ғимараттарының ішінен және сыртқы жағынан минималды шу болу үшін қамтамасыз ететін  ауа үрлегіштер дыбыс өткізбейтін қабықта болады.

     Ауаның  жобаланған  жүйе құбыры ауаны аэротенкке  және де артық тұнбаның тұрақтандыру камерасына беріп тұрады.

     Ауа үрлегіш ғимаратында тағы да  аэробты тұрақтандырғыштан кейінгі  тұнбаны тұнба алаңына беріп  тұратын, артық тұнбаның аэробты  тұрақтандырғышының ашық камерасымен беттескен  сорғышы орналасқан. Бірақ бұл жүйе өзгеріссіз қалады. 
 

     2.6.8 Рециркуляцияланған  және артық тұнбаның сорғыш бекеті 
 

       Бар ғимараттардың сорғыш бекеттері  өзгеріссіз қалады. Сорғыш бекеттің  технологиялық жұмыстарын  қайта  жаңарту  екі  жүктеме  сорғышты  орналастыру , жаңа электрқұбырды және басқаруды монтаждауға байланысты  болады.

     Сорғыш  бекетінде сыйымдылығы  200 л/с  екі қолданыстағы сорғыш бар, оған қосымша  сыйымдылығы 500 л/с  жаңа сорғыштар  қондырылады. Қолданыстағы және жаңа сорғыштар  қолданыстағы төрт сорғыш құбырларға қондырылады.

     Диаметрі 700 мм құбырымен арнадан рециркуляцияланатын тұнба өздігінен ағып  аэротенктің суландыру камерасына құйылады,бұл канал бірінші сатылы тұндырғыштан аэротенкке баратын ағынмен байланысады.

     Артық тұнба диаметрі 300 мм құбырымен  өздігінен  ағып тұнбаны аэробты тұрақтандыру камерасына барады.    
 
 
 
 
 
 
 
 

     2.7  Сарқынды судың тұнбалы бөлігі 

     2.7.1 Тұнбалы бөлігі 
 

     Тазалау ғимараттарындағы тазалау нәтижесінде  тұнба пайда болады: бірінші сатылы және екінші сатылы (артық), және де бірінші сатылы және екінші сатылы  тұндырғыштардағы қалқыма тұнбалар.

     Тазалау ғимараттарындағы тұнбалы бөлігінің  шегіндегі жоспарлы технологиялық  операциялары: бірінші сатылы тұндырғышта  қалқитын бастапқы тұнба және тұнбаға қатысты: осы тұнбаны ашық ферментациялық камера арқылы өткізу, тұнбалы алаңдарды гравитациондық сусыздандыру және тыңайтқыш ретінде қолдану.

     Артық тұнбаға қатысты: аэробты тұрақтандыру және  тұнбалы алаңдарда табиғи сусыздандыру, оларды тыңайтқыш ретінде пайдалану жобалануда.

     Жоғарыда  айтылған операциялардың кіріспесі  ретінде құрамына келесідегідей  обьекттер кіреді.

  1. Бастапқы тұнбаның сорғыш бекеті (бар).
  2. Бастапқы тұндырғыштың  ашық ферментациялық камерасы (бар).
  3. Тұнба ферментацияланғаннан кейінгі сорғыш бекеті (жобалануда).
  4. Артық тұнбаны тұрақтандырғаннан кейінгі сорғыш бекеті (бар).
  5. Артық тұнбаны оттекті тұрақтандыру камерасы (бар).
  6. Тұнба алаңы (бар).
 
 

     2.7.2 Бастапқы тұнбаның сорғыш бекеті 
 

     Қолданыстағы  бастапқы тұнбаның сорғыш бекеті өзгеріссіз қалады.

     Бастапқы  тұнбаның ферментациялық камерасына тұнбаны  тасымалдау тікелей жүргізіледі.

       Бастапқы тұнбаның ашық ферментациялық  камерасы – қайта жаңартылады.

     Ашық  ферментациялық камераның жалпы  сыйымдылығы шамамен 21800 м3 .

     Бастапқы  тұнбаның сорғыш бекеті арқылы бастапқы тұнба тасымалданады. Бастапқы тұнбаның сорғыш бекетіндегі тұнба сорғыштарының жұмысы арқылы тұнбаның берілуі реттеледі, ал құбырлар ферментациялық камерада тұнбаның деңгейінен төмен орналасқан.

     Ферментациядан  соң тұнбаны әкету диаметрі 300 мм құбыр көмегімен құбырлар жүйесі арқылы және ферментациядан соң тұнба жаңа сорғыш бекетіне өтеді.

     Ферментациядан  кейінгі жаңа тұнбаның сорғыш бекеті бастапқы тұнбаның ашық ферментациялық камерасында орналасады. Сорғыштар  мен бірге арынды құбырлар тұнбаны қолданыстағы тұнбалар алаңына алып барады, және де бастапқы ферментациялық камерасына тұнбаны рециркуляциялауды қамтамасыз етеді.

Информация о работе Шымкент қаласын сумен қамту