Шымкент қаласын сумен қамту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Октября 2011 в 18:36, дипломная работа

Описание

Адамзат тіршілігінің барлығы сумен байланысты. Халқымызда “ауру-астан” деген аталы сөз бар. Ал, тағамыңыз тұщы сусыз жасалмайды. Ауыз су сапасыз болса түрлі дерттердің қозуына себепші ғой. Су тірші¬ліктің өзегі деп осындайда айтылған шығар.

Работа состоит из  1 файл

диля диплом.doc

— 929.00 Кб (Скачать документ)
 
 

     Тазалау ғимараттарының реконструкциялау мақсаты  – тазалау ғимараттарының қуатын үлкейту және сарқынды суды одан ары қарай терең тазалау, техникалық ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруде тазаланған сарқынды суды пайдалану, қоршаған ортаны жақсарту, құм және тұнбаның толық жойылуын, тазаланған ағын мен тұнбаны зарарсыздандыру қажет. 
 

     2.1.1 Өңдеу заты  
 

     80 000 м3/тәу сарқынды суды тазалауға мүмкіндік беретін, болашақта 100 000  м3/тәу үлкейтілетін сарқынды суды тазалау ғимараттарының концепциялық модернизациясы өңдеу заты болып табылады.

     Сарқынды суды тазалау ғимараттың бар объектілерінің максималды пайдалануы жоспарлануда. 
 

     2.1.2  Өңдеу түрі  
 

     Қазіргі өңдеуді біздің клиент ТЭН өңдеулер қажеттіліктеріне қолданады. Бұл өңдеу бар объектілердің модернизациясы бойынша жаңа жабдықтардың тізімі, тұнбаларды пайдаланудағы сұрақтарды шешу әдісі және ұсынысы бар. Бұл өңдеу теориялық бөлімнен және техникалық суреттерден тұрады. 
 

     2.1.3  Өңдеу үшін қолданылатын  материалдар 
 

     Бұл өңдеу келесідегідей  материалдар  негізінде орындалған :

  1. Шымкент қаласындағы тазалау ғимараттарындағы тазаланған сарқынды сулар үшін ШРК.
  2. 28.09.2006ж күннен бері алынған сарқынды судың анализі.
  3. Концепцияны өңдеу кезіндегі берілген сұрақтарға инвестордың жауаптары.
  4. Су қабылдау алабының және тазалау ғимараттарының жергілікті аумағын қарау.
 

      2.2 Құрылыс объектілердің негізгі мағлұматтары және қабылданған жобалық шешімдер 

     2.2.1 Құрылыс алаңының  сипаттамасы және  объекттің орналасу орны. 
 

     Сарқынды  судың  тазалау ғимараттары Шымкент  қаласының әкімшілік шекараларында, оның солтүстік  шығыс бөлігінде, Алматы қаласына жүретін жолға жақын орналасқан.  Тазаланған сарқынды сулар ашық канал арқылы, тазалау ғимараттарынан арақашықтығы 3 км жерде орналасқан Бұржар жинағышына құйылады.

     Ағынды  тазалау ғимараттары жазық жерде, 5 га ауданда орналасқан.

     Қаладан биологиялық тазалау бекетіне дейінгі жолдар  асфальттенген.

     Тазалау ғимараты орналасқан алаң территориясының  рельефі жазық болып келеді.

     Климаттық аудандар IV.

     Ең  суық бес күндегі сыртқы ауаның орташа температурасы 17 С0 .

     Нормалы қардың ауырлығы – 0,50 кПа.

     Желдің  жылдамдық  нормативі – 0,38 кПа.

     Груннтық  мұздану тереңдігінің нормативі  – 0,34 метра.

     Қар жамылғысының ауырлық ауданы I.

     Алаңның сейсмикалық жағдайы  7 балл.

     Архивті мағлұматтар бойынша жер асты сулары жер бетінен 23 м тереңдікте, ашылмаған .

     Аумақты жобалауда номенклатура түрінде  және шөгу қасиетте территорияның литологиялық құрылысында екі инженерлік геологиялық  элементі ерекшеленген.

     1) ИГЭ 1 – ашық күлгін құмайт  және сорғыш күлгін, қатты және  пластикалық консистенциялы, шөгінді, 0,00 – 13,6 м қалыңдықта ашылған.

     2)  ИГЭ  2 – 25 %  дейінгі құм толықтырушысы  бар жұмыртасты грунт, 13,6 – 15,0 м аз ылғалды қалыңдықта ашылған. 

     Шөгу  жөнінен бірінші грунттық шарттардың типі.

     Бірінші ИГЭ грунты – қосымша жүктемеден шөгу қасиетке ие.

     Құрамына  қарай алаңның грунттары  жеңіл және орташа ерігіш тұздармен тұздалмаған.

     Құрғақ  қалдық көлемі  0,052 ден 0,116 % - ға дейін  құрайды. 
 
 
 
 
 

     2.3 Қабылданған жобалық  шешімдердің түсініктемесі 

     2.3.1 Шымкент қаласының  тазалау ғимараттарының бар жағдайының сипаттамасы 
 

     Сарқынды  сулардың тазалау ғимараттары ағындарды  тұрғын үйлерде және Шымкент қаласындағы  өндірістік өнеркәсіптерден алады.

     Шымкент қаласындағы канализация  жүйесінің  ұзындығы шамамен 500 км. Тазалау ғимараттарына  ағын өздігінен ағады.

     Қалада  жаңбырлы канализация жоқ. Жауын – шашын кезінде кішкентай құдықтар арқылы 20 – 30 % жаңбырлы су санитарлы канализацияға өтеді.

     Сарқынды  суды тазалау ғимараттары механикалық, биологиялық, және де тұнбалы бөліктер тұрады. 
 

     2.3.2 Сарқынды суды  тазалаудың механикалық бөлігі   
 

     Сарқынды  суды тазалаудың механикалық 1983 жыл пайдалануға беріледі және ол:

  1. қабылдау камерасы бар торлар блогынан
  2. көлденең құмұстағыштардан
  3. су өлшегіш науадан (Вентури науасы)
  4. бірінші сатылы тұндырғыш алдындағы таратушы камерадан
  5. бірінші сатылы тұндырғыштан
  6. құмды кептіру алаңынан   тұрады.
 
 

     2.3.3 Сарқынды суды  тазалаудың биологиялық  бөлігі  
 

     Сарқынды  суды тазалаудың биологиялық бөлігі 1987 ж. пайдалануға беріліп және ол:

  1. аэротенкті камераның алдындағы ағынның (жалпы)  таратушы камерасынан
  2. тереңдігі 5 м аэротенкті камерадан
  3. тереңдігі 6 м аэротенкті камерадан
  4. екінші сатылы тұндырғыш алдындағы ағынның (жалпы) таратушы камерасынан
  5. екінші сатылы тұндырғыш
  6. тазаланған ағындарға арналған құрама камерадан
  7. циркуляцияланған тұнбаның сорғыш бекетінен  тұрады.
 

     2.3.4 Тазалау ғимараттарының тұнбалы бөлігі  
 

     Тазалау ғимараттарының тұнбалы бөлігі келесіден  тұрады:

  1. бірінші сатылы тұндырғыштың сорғыш бекетінен
  2. артық тұнбаның сорғыш бекетінен
  3. тұнбалы гравитациялық тығыздауыштан
  4. тұнбаны аэробты тұрақтандырғыш камерасынан
  5. тұнбалы алаңнан   тұрады.
 
 

     2.3.5 Сарқынды судың бас тоғаны 
 

     Тазалау ғимаратының сарқынды суының бас  тоғаны болып  реттеуші бассейн Буржар болып келеді және де төңіректегі  алаңдарға жіберілетін каналдар жүйесі кіреді. 
 

     2.3.6 Тазалау  ғимараттарының техникалық  жағдайы 
 

     Тазалау  ғимараттарының техникалық  жағдайын тексерген кезде орнатылды:

  1. қолданылып жатқан торлар коррозиядан зақымданған және толық  ремонт жасауды қажет етеді, ары қарай пайдалануға жарамсыз.
  2. Сарқынды судың мөлшерін өлшейтін құрал жабдықтары (вентури науасы ) ары қарай пайдалануға жарамсыз және ауыстыруды қажет етеді.
  3. Жаңа қыстырма және суағарлар құрылғыларын жаңарту жолымен бірінші сатылы тұндырғыштар толық жөндеуді қажет етеді.
 
 

     2.3.7 Аэротенкті тексеру  
 

     Аэротенкті тексерген кезде келесідегідей жағдайлар көрсетіледі

  1. Қолданыстағы аэротенктің конструкциялық жағдайы қанағаттанарлықтай.
  2. Болат  құбырлар коррозиядан  зақымданған және ағып өтіп кетеді.
  3. Металды өтпелі көпірлер мен  металды қоршаулар ауыстыруды  қажет етеді.
  4. Аэротенктің  түбі сумен және 1,0 м дейін қалыңдықтағы тұнбамен толтырылған.
  5. Сорғыш бекетінің  тұнба ағысының құбыры мен барлық қолданыстағы  құбырлар ары қарай қолдануға жарамсыз, себебі коррозиядан зақымданған ,  ауыстыруды қажет етеді.
 
 

     2.3.8 Тазалау ғимарат аумағында басқа да реконструкциялар  
 

     Тазалау ғимарат аумағында басқа да реконструкциялар қарастырылған:

     1) Құмұстағыштан   кейін құмды  сусыздандыру үшін құмды сепараторлар  ғимараты қарастырылған, сепараторлардан  кейін сусыздандырылған  құм ары қарай контейнерлерде қалдықтар тұратын қойма алаңына алып барылады.     

     2)  Сарқынды  судың активті тұнбасымен  және оттегімен одан да жақсы араласуы үшін, аэротенктің бірінші камераларындағы деаэрация камерасын екі араластырғышпен жабдықталудың екі тармақты бөлігін бөлу үшін қосымша қабырғалар орындалған. 
 

     2.3.9 Тазалау ғимараттарының  су жинау алабына  қысқаша сипаттама 
 

     Сарқынды  суды тазалау ғимараттары ағынды тұрғылықты аудандардан және өндірістік кәсіпорындардан алады.

     Санитарлы канализацияның ұзындығы шамамен 500 км. Тазалау ғимараттарына ағынның құйылуы гравитациялық жолмен жүреді. Қалада ағынға арналған сорғыш бекеті жоқ. Қалада жаңбырлы канализация жоқ. Жауын – шашын болған кезде кішкентай құдықтар арқылы жаңбырдың 20 – 30 % суы санитарлы канализацияға түседі. Жауын – шашынның жылдық мөлшері 450 – 550 мм.

     Тордардан және құм ұстағыштан өтіп тазалау  ғимараттарына баратын  қатты  жаңбыр кезінде ағынның бір бөлігі тікелей су қабылдағышқа бағытталады. 
 

     2.4 Сарқынды  суды тазалаудағы технологиялық шешімдері 

     2.4.1 Есептік шығындар, сарқынды судың ластану көлемі мен концентрациясы 
 

     Сарқынды  су көлемі пайдаланылатын тазалау ғимараттарының ұйымынан  алынған   ақпараттар негізінде анықталған және олар 80000  м3/ тәу құрайды.

     Сарқынды  су мөлшері– сарқынды суды тазалау ғимараттарын пайдаланушыдан алынған ақпарат негізінде анықталған. 

     1 – кесте

         Сарқынды  су мөлшері 

Тізімі Сарқынды су мөлшері
Қазіргі кездегі ағынның құйылуы 80000
Жоспарланған  ағын мөлшері 100000
 

     Әр  айдағы сарқынды судың орташа мөлшері негізінде және сағаттық шығындар негізінде есептеуге келесі шығындар, сарқынды судың жоспарлы мөлшері қабылданған. Олар келесі кестеде көрсетілген. 

     2 – кесте

         Есептік шығындар  

Аты Өлшем бірлігі Көлемі (мөлшері) Примечание
Орташа  тәуліктік шығын М3/тәу 80 000 Өткізу қабілеттілігі
Максимальды тәуліктік шығын М3/тәу 104 000 Ктәу – 1,2
Орташа  сағаттық шығын М3/сағ 3 333  
Күндізгі  уақыттағы орташа шығын М3/сағ 4 450  
Құрғақ  ауа райындағы максимальды шығын  сағатына М3/сағ 5 720  
Ылғалды ауа райындағы максимальды шығын сағатына М3/сағ 8 900  
Минимальды  шығын сағатына М3/сағ 2 000  

Информация о работе Шымкент қаласын сумен қамту