Тараз қаласының туристік обьктілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2011 в 15:03, курсовая работа

Описание

Жерінің кеңдігі жағынан тоғызыншы орында тұрған Қазақстанның табиғаты ешбір елден кем емес екендігі бесенеден белгілі. Әр аймағы өзіндік қасиеттерімен ерекшеленетін біздің жеріміз батысы мен шығысы, солтүстігі мен оңтүстігі бірін-бірі қайталамайтын көрікке ие. Аспанымен бой таластырған қарлы шыңдар мен биік таулар, құмды, шөлді далалар, ну ормандар мен қалың тоғайлар, өзендер мен көлдердің де неше атасы біздің жерімізде орналасқан.

Содержание

КІРІСПЕ


1 ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ МЕН ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ


1.1 Географиялық орны

1.2 Көне Тараз тарихы


2 ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ДАМЫҒАН РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАР


2.1 Тарихи - мәдени

2.2 Тараз қаласындағы археологиялық қазба жұмысы



3 ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ТУРИЗМ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ


3.1 Туризмнің қазіргі жағдайы мен болашағы

3.2 Тараз қаласындағы туризмнің даму мәселелері


ҚОРЫТЫНДЫ


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

Кіріспе.doc

— 343.50 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ 

1 ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ МЕН ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ 

1.1 Географиялық орны

1.2 Көне Тараз тарихы 

2    ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ДАМЫҒАН РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАР 

2.1 Тарихи - мәдени

2.2 Тараз қаласындағы археологиялық қазба жұмысы 
 

3 ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ТУРИЗМ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

3.1 Туризмнің қазіргі жағдайы мен болашағы

3.2 Тараз қаласындағы туризмнің даму мәселелері 

ҚОРЫТЫНДЫ 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 
 

     Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  Республикамыздың әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясын айқындап, елу елдің қатарына кіру үшін 7 кластерді дамыту керек екендігін атап көрсетті. Бұл жеті кластердің бірі – туризм кластері. Туризм – әрі экономика, әрі саясат Мемлекет басшысының туризм кластерін дамыту арқылы Қазақстанның халықаралық беделін көтеру, сала жұмысының тиімділігін арттыру арқылы оны табыс көзіне айналдыру жайлы үкімет алдына мәселе қойып отыр. Туристік кластерді дамытуда қызмет көрсетушілер, немесе, басқаша айтқанда Қазақстанға шетелдік туристерді тартуда қызмет ететін туристік агенттіктердің орны үлкен. Мейманханалардың, демалыс үйлерінің және көлік кешендерінің қызметтері де туристік бизнестің маңызды буыны болып табылады. Туризм бүгінгі күнде жай ғана демалыс емес, қай мемлекетте болмасын шағын және  орта бизнесті дамытатын қозғаушы күш. Бұл сала сонымен қатар, валюттік түсімдердің қайнар көзі әрі жергілікті халықты жұмыспен қамтамасыз етудің де құралы. Әлемдік статистика мәліметтеріне сүйенер болсақ, келген турист қай елге болмасын орта есеппен мың доллар көлемінде қаржы түсіріп, тоғыз адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді екен. Жер бетінің ұлтарақтай ғана аумағын мекен еткен Андора, Лихтенштейн, Монако, Сан-Марино тәрізді егжейлі мемлекеттерден бастап әлемдік саясатқа ықпал жасап келе жатқан Ұлыбритания, Германия, Испания, Франция, Қытай, Канада тәрізді іргелі державаларға дейін туризмді экономиканың негізгі табыс көзі айналдырған.

      Жерінің кеңдігі жағынан тоғызыншы орында тұрған Қазақстанның табиғаты ешбір елден кем емес екендігі бесенеден белгілі. Әр аймағы өзіндік қасиеттерімен ерекшеленетін біздің жеріміз батысы мен шығысы, солтүстігі мен оңтүстігі бірін-бірі қайталамайтын көрікке ие. Аспанымен бой таластырған қарлы шыңдар мен биік таулар, құмды, шөлді далалар, ну ормандар мен қалың тоғайлар, өзендер мен көлдердің де неше атасы біздің жерімізде орналасқан.

      Жедел қанатын жайып келе жатқан туризм индустриясы әлемдік экономиканың дамуына өзінің қомақты үлесін қосып  келуде. Еліміз экономикасының дамуында басымды бағыттардың бірі ретінде Қазақстанда туризмнің өріс алуына ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы саланы дамытуда мемлекеттің қолдауы нәтижесінде осы заманғы, тиімділігі жоғары және бәсекелестікке қабілетті туризм инфрақұрылымын жетілдірудің бүгінгі күнгі стратегиясы қалыптасуда.

      Еліміздің туризмге тартымды өкілдерінің ішінде Тараз қаласы туристерді бірден-бір  қызықтыра алатын, туристік көне ескерткіштері  мол, туризмді дамытуда үлкен мүмкіншіліктері бар өлке екені сөзсіз.

      Туристік  өңір ретінде, ауа райының қолайлығымен, табиғаттың әсемдігімен, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің сан түрлілігімен, таулы жерлердің ғажайып көркі мен тамылжыған табиғатымен біздің облысымыз туристік қызмет көрсетудің халықаралық нарығында оңды көрініс алып отыр.

      Саяси тұрақтылық, демократиялық өзгерістер біздің өлкенің беделін арттыруға қолайлы жағдай жасауда.

      Бай мәдени мұралар, ежелгі Тараз қаласын  мекендеген түркі халықтарының аңыздары, тарихи ескерткіштар мен археологиялық  қазбалар Ұлы Жібек жолы бойындағы  Қазақстан учаскесінің мәдени-тарихи ресурстары мен туристік әуелетінің негізі болып таблады.

      Тараз қаласы шғыс халықтарының меймандостығымен, аса бай ұлттық мәдениетімен, табиғаттың көрікті жерлерімен және ескіліктің ғазайып ескерткіштерімен тамсандырып, құшақ жая қарсы алатыны сөзсіз.

     Жұмыстың  мақсаты: Тараз қаласының  туристік мүмкіндіктерін анықтау.

     Жұмыстың  міндеті: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1  ТАРАЗ  ҚАЛАСЫНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ МЕН  ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ 

      1.1 Көне Тараз тарихы 
 

      Қалалардың  да адамдар секілді жастары болады. Олар ежелгі, жаңа, жас болып ерекшеленеді. Ежелгі қалалардың біріне Тараз қаласы жатады. Қазақстанның бұл ежелгі қаласы тарихта көптеген атпен қалған: Талас, Тараз, Яны-Тараз, Наманган-Көше, Аулие-ата, Мирзоян, Жамбыл. Қаланың 2000 жылдық тарихы тікелей осы аттармен байланысты. Сол кезеңді қысқаша шолып өтейік.

      Көптеген  жылдар бойы ғалымдар Тараздың құрылған жылы жайында пікірталаста болды. Архелогиялық жазбаларға жүгінсек бұл қалаға халық  б.э. 1 ғасырында қоныстана бастаған. Ірі ғалымдардың бірі, шығыстанушы В.В.Бартольд Тараз қаласы б.э.д. салынған деген. Өкінішке орай жазбалардың аздығынан Тараз туралы толық мәлімет жоқ. Дегенмен, архелогиялық қазбалардың деректеріне жүгіне отырып, біздің ежелгі қаламыздың қай жылы кіммен соғылғанын білуге болады. Б.э.д. 1 ғасырдың соңында Талас пен Сырдария өзендерінің маңында Қаңлы көшпенді халқының мемлекеті өмір сүрген. Халық саны 600 000 адам, оның ішінде 120 000 әскер болған. Олар Жетісуда өмір сүрген Үйсіндермен жаугершілікте болған. Үйсіндер Қаңлыларды қыспаққа алғаннан кейін Қаңлылар Ғұндармен одақ құрмақшы болып, Ғұндардың билеушісі Чжи-Чжиді шақырады. Бұл оқиға жайында Л.Н.Гумилевтің «Б.э.д. 36 жылдағы Таластағы соғыс» дерегінде көрсеткен. Талас өзенінің жағасында ғұн билеушісі Чжи-чжи біздің жыл санауымызда бұрынғы 42-41 жылдары тұтқын Рим легионерлерін пайдалана отырып, кент салғызғанын жазған еді. Талас өзені жағасында салынған сол қала әуелі Талас аталып, 892 жылы Бұқарадан қалың әскермен келіп, жаулап алған Исмаил Самани билігінен кейін ортағасырлық тәжік тілінің «р» мен «л» дыбыстарын алмастыра айтатын әсерімен Тараз аталып кеткен. Талас қаласы және оның тұрғындары талай тарихи оқиғаларды бастан өткізді. «Талас» деген сөз санскрит тілінде, сол тілден бастау алған соғды тілінде «су», «өзен» деген мағынаны білдіреді екен. Ата-баба түркілер санскрит тілі негізінде сөйлейтін парсылармен кемінде 3 мың жыл аралас-құралас болғаны белгілі. 568-ші жылы Византия императоры Юстианның елшісі Земарх түркі қағаны Естемиге келгенде қаламыздың атын грекше Талас деп жазған екен. Бұл елші түркі қағанына Визатияның Иранға қарсы одақтасуды ұсынғаны, бұл ұсыныс құп алып, түркі әскерлері эфталиттердің-ақ ғұндардың қаласы Яссының (қазіргі Түркістанды) жаулап алған. 751 жылы шілде айында Талас өзені жағасында қытайлықтар мен араб әскерлері шайқасқанда да біздің ата-бабаларымыз — түркілер мұсылмандар жағына шығып, Ислам дінін жаппай қабылдағаны да аса зор оқиға болды. Осы соғыс араб жылнамаларында Талас соғысы немесе Атлах шайқасы деп жазылған. Талас қаласы түркештердің, қарлықтардың, кейінірек қарахандар әулеті шыққан яғмалардың үлкен саяси орталығы, астанасы болды. Бұл жерде «көшпелі» деген мағынаны білдіретіндігін айту керек. Атақты академик В.В. Бартольд яғмалардың кейінгі мұрагерлері жалайырлар болды деп жазған. Бұл жөнінде Казақ Совет Энциклопедиясының 12 томыдағы «яғма» деген сөздің мағынасы туралы мақаладан білуге болады.

      Л.Н.Гумилевтің жазба деректерінде б.э.д. 55 жылы Ғұн мемлекеті солтүстік және оңтүстікке бөлінгендігі айтылады. Манғолияның солтүстік батысында, Қырғыз-Нұр өзенінің маңында Чжи-Чжи өзінің мемлекетін құрады. Осы жерден ол Үйсіндерге шапқыншылық жасаған. Чжи-Чжи мен Оңтүстік ғұндардың басшысы арасында бәсекелестік туындайды. Бұл кезде Чжи-Чжидің Қытаймен де ара-қатынасы нашар еді. Осындай жағдайда жүрген Чжи-Чжиге Қаңлылардың басшысының Таласқа шақыруы өте қолайлы ұсыныс болатын. 3000 қолмен келген Чжи-Чжи Үйсіндерге қарсы соғыста Қаңлы мемлекетіне көмектесе алмады. Сөйтіп, Чжи-Чжи мен Қаңлылардың ара-қатынасы үзіледі. Чжи-Чжи Талас өзенінің бастамасында қалып, өзіне қала соға бастайды. 500 жұмысшының қолымен 2 жыл соғылған қала мықты бекініс болып шықты. Қаланың дуалы екі қабаттан тұрды – сыртқы қабаты ағаш, ішкі қабаты лайдан соғылған. Кейбір деректерге сүйенсек, Талас деп атанған бұл қаланың соғылуына Марк Крассаның бүлінген армиясынан қалған Римнің легионерлері де жұмыс істеген. Чжи-Чжидің күшеюі Қытай империясын дүрліктіре бастады, сөйтіп олар соғысқа дайындала бастады. Қытай қолжазбаларында осы соғыстар жайлы көп деректер жазылған: Чжи-Чжи өз атымен көпке танымал болды. Ол Үйсіндерді басып алып, Қаңлыларға шабуыл жасамақшы болады. Оның әскері жақсы соғысатын, көп жеңіс көрген, жылдам әрі батыл қимылдайтын болған. Қытаймен соғысқанда Чжи-Чжи өзі сауытын киіп, қолына қару алып, соғысқа шығады. Әйелдер де қолдарына садақ алып, қаланы қорғады. Осы кезде Чжи-Чжидің мұрнына садақ тиеді. Әскердің көбісі, оның ішінде әйелдер де Қытай әскерінің қолынан қаза табады. Түннің бір уақытысында Қытайлықтар қалаға басып кіреді. Чжи-Чжидің батыл қорғанысына қарамастан, Қытайлар сыртқы ағаш дуалды өртеп, ішкі лай дуалды бұзып, қалаға басып кіреді. Олар Чжи-Чжиді көптеген әйелдерімен, балаларымен, қызметшілерімен, барлығын есептегенде 1518 адаммен тұтқындап, бастарын алады. Бірақ қала түгелдей талқандалмай, одан әрі өмір сүре береді. Осы деректерге сүйене отырып, Қазақстан Республикасының академигі Алкей Марғұлан – Б.э.д. 1 ғасырда Ұлы Чжи-Чжи Талас қаласы өзінің мемлекетінің астанасы қылу үшін соққан дейді. Қазақтың ғалымы Самат Утениязов – Қытайдың бір мұражайында осы күнге дейін Таластың сол кездегі бейнесі бейнеленген жібек картасы барын айтады. Таластың кейінгі тағдыры оның Жібек жолының бойында орналасқанына байланысты болады. Археологиялық қазбалардан табылған римнің, (кушанның) тиындары Таластың сол кезде-ақ Орта Азиямен, Орталық шығыстың елдерімен байланыста болғанын дәлелдейді. 6-8 ғ-ғы жазбаларда Талас қаласын «Көпестер қаласы» деп атағандығын айтады. Көп жылдар бойы қаланың құрылу уақытын 568 жылы осы өлкеге Византия императоры Юстиниан 2-ші түріктерді өз жағына өткізу үшін келгендігімен байланыстырған. Ол кезде Талас 552 жылы құрылған Түрік қағанатының құрамына кіретін. 603 жылы Түрік қағанатынан бөлініп шыққан Батыс Түрік қағанаты бөлініп шыққан. Олар Шығыс Түркістаннан Амударияға дейінгі жерді мекендеді. 629 жылы Қытайдың саяхатшысы Сюань-Цзян: Цянь-цюаньнан батысқа қарай 140-150 шаршы жүргеннен кейін біз Даласы (Талас) деген қалаға келдік. Қаланың шекарасы 8-9 шаршы шақырым. Ол қалада әр елдің саудагерлері өмір сүреді екен. Жері мен табиғаты Сүйеттікіндей. Олардың тілдері, салт-дәстүрлері мен заңдары Қытайдікіндей, дейді. VIII ғасырдың басында (704 ж.) Батыс Түрік қағанатынан Түркештер бөлініп шығады, олар Іле өзенінен келіп, Шаш (Ташкент) қаласынан Турфан, Бесбалыққа дейінгі жерді мекендеді. Бас қаласы Суяб қаласы, екінші бас қалалары Кунгут болды. Түркештер қара және сары болып екіге бөлінді. Қара Түркештер Талас өзенінің бойын қоныстанды. VIII ғасырдың ортасында Таразды астана етіп жариялады. Мемлекеттің сыртқы саясаты қиын болды. Соғдылармен қосылып Түркештер арабтарға қарсы соғысты. Оңтүстіктен Тан мемлекеті қауіп төндірді. 751 жылы Талас өзенінің маңында құрамында қара түркештері бар қытайлар арабтармен соғысты. Бұл шайқас тарихта Атлах шайқасы атымен қалды. Бұл соғыс туралы деректерде: екі жақтың әскерлері 751 жылдың шілде айында Таластың бойында жиналды. Ұрысқа бірден түсуге батылдары бармай, 5 күннен кейін қарлұқтар қытайларға шабуыл жасады, сол кезде екінші жағынан арабтар соққы берді. Қытайлар шегінуге мәжбүр болды. Мұсылмандар мен қарлұқтар үлкен олжаға кенелді, ал тұтқындар Самарқанд пен Иракқа қағаз және жібек өндіру үшін жіберілді. Талас шайқасынан кейін қытайлықтар Орта Азияның тірлігіне араласуын қойды, ал арабтар жеңісіне қарамастан өз жерлеріне қайтты. Арабтар мен үнемі соғысудың нәтижесінде түркеш қағандары әлсіреп, ақырында қарлұқтардан жеңіліп қалады, сөйтіп қарлықтар 744 жылы өз мемлекеттерін құрады. Аса ірі көшпенді және жартылай көшпенді Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның халықтары: тухси, шығылы, азкештер, түркештер, халаджы, шарұқтар, барысхандар. 766 жылдан бастап Талас – Тараз деп атала бастады. 893 жылы Исмаил Ибн Асад Таразды шауып алып, ислам дінін қабылдатады. Осы соғыстан кейін Тараз – Бағдат, Каир, Дамаск қалаларымен тікелей байланыста болды. 940 жылы Қарлұқ мемлекеті құлайды, оның орнына Қараханид мемлекеті келеді. XI-XII ғасырларда Қараханид мемлекетінің шекарасы Мауеренахрдан батыста Жетісу, шығыста Қашғарияға дейін созылып жатты. IX-XII ғасырларда Тараз гүлдене түсті. VIII ғасырда Тараз өз ақшасын шығара бастады, алғаш түркештің теңгелерін, кейін қараханидтің дирхемдерін. XIII ғасырда Жетісу мен Орталық Азияның басына қара бұлт үйіріледі. Орта Азияны бағындыру үшін қарақытайлар, наймандар, хорезмшах Мухаммед өзара қырқысты. Тараз қолдан қолға өтті. 1212 жылы хорезмшах Мухаммед Таразды талқандайды. XIII ғасырдың ортасында Манғолдар басып алған кезде қала қайта құрылады, бұл туралы Гильом Рубрук жазбаларында айтады. Осы жылдары Тараздың дамығаны сонша ешкімнің қолдауынсыз Самарқандты өздері басып алады. Қаланың ішіне тастан жолдар, жер асты құбырын, көптеген мавзолейлер, оның ішінде Айша-бибі, Бабаджа-Хатун, Қарахан т.б. соғады. Тараздың аты тек қана сауда орталығымен емес, түрлі-түсті металлургиясымен де шыға бастады. Бұл кезде Тараздың айналысында Жықыл, Төменгі Барысхан, Құлан, Меркі, бас-аяғы 26 қалалар мен ауылдар болды. XII ғасырдың 1-ші жартысында Қарақытайлар Жетісуды басып алды. 1211 жылы Күшлік хан қарақытайларды басып алады. 1220 жылы Манғол шапқыншылығы Тараз қаласын талқандады. Олар Тараздың атын Яны (жаңа) деп өзгертті. Қала қайта құрылды. Қытай ғалымы Чянь-Чунь 1221 жылы Янының қасынан өтіп бара жатып көрген көрінісін жазған: Шу мен Таластың тұрғындары жібек өңдеумен, шарап жасаумен айланысады. Жолдар жөнделіп, көпірлер соғылған. Бұл жылдары Тараз Шағатай ханның ұлысы Кайдудың астанасы болатын. XIV ғасырда Шағатайдың ұрпағының арасында билікке талас туындайды. Сөйтіп Тараз тағы да шапқыншылыққа ұшырайды. 1513 жылы Тараз туралы ең соңғы деректе Қасым ханның осы қалаға жорығы жазылған. XVI ғасырда Тараз бен оның айналасындағы қалалар, соның ішінде Шу, Қозыбас, Қордай Қазақ хандығының құрамына кірді. XVIII ғасырдың екінші он жылдығында Қазақ хандығының жеріне Жоңғарлардың көзі түсе бастайды. Кең жайылымдардан басқа, Қазақстанды Ресеймен, Шығыс елдерімен байланыстырып тұрған сауда жолдары оларды қызықтырады. 1723 жылы Талас пен Қазақстанның оңтүстік аймақтарын жоңғарлар шауып алып, 1755 жылға дейін билігін жүргізеді. Тарихта бұл шапқыншылық «Ақтабан шұбырынды» деген атпен қалған. Бұл шапқыншылықтан қазақтар мал-мүліктерін, жерлерін тастап, Ташкент, Ходжент, Ферғана, Самарқандқа қашады. Сол кездегі жағдай «Елімай» өлеңінде толығымен көрсетілген. 1731 жылы Кіші жүздің ханы Әбілхайыр хан батырларымен жоңғарларға соғыс ашып, көптеген жерді қайтарып алады. 1734-35 жылдары монғолдар қазақтарға соғыс ашып, Қазақ хандығы өз билігін тек XVIII ғасырдың 50 жылдарының ортасында ғана жүргізе бастайды. 1771 жылы Манғолияға көшіп бара жатқан Қалмықтар жол-жөнекей қазақ ауылдарын тонап, қиратады. Осы мүмкіншілікті пайдаланып Қырғыздар Шу, Іле, Талас жерлерін басып алады. Абылай ханның бастауымен қырғыздар қуылып, 1774 жылы Таластың бойына Абылай хан қоныстанады. Тараздың орнына Яны қаласын соғып, Абылайханның баласы Әділ басшы болып сайланды. Осы тұста қаланың аты Аулие-Ата болып өзгерді. Себебі Қарахан мавзолейінде Аулие-Ата, яғни Қараханидтердің басшысы Шах-Махмуд жерленген еді. XIX ғасырдың аяғымен XX ғасырдың басындағы деректерде – Тараздың шекарасы көрсетілген. Қаланың солтүстік дуалы 370 м, батыс 160 м, оңтүстігі 200 м-ге дейін жалғасқан. Археологтардың қазба жұмыстарының нәтижесінде Тараздың шығыс жағынан, жылу жүйесі бар 7 бөлмелі XI ғасырдың моншасы табылған. 1-де қызыл, сары плиталармен жабылған едені бар, 2-де кірпіштен жасалған хауыздар, 2-ші бөлмеден моншаның үшінші бөлмесіне өтетін есік бар, моншаның 6-шы бөлмесінде орындықтар орналасқан. Моншаға су арнайы соғылған бөлмеден келетін. Жылу жүйесі еденнің астында орналасқан. Тараздың моншасы шығыстағы Каср-ал Хайр ал-Гарби сарайындағы моншаға өте ұқсас, қабырғаларының ою-өрнектері, әсемделген дуалдары. Орталық Азияда моншалар VIII ғасырда пайда бола бастаған. IX – XII ғасырда үлкен қалаларда моншалар 10-нан кем болмайтын. Мысалы, Самарқанд пен Бұхарада 100 шақты монша болған. Ал-Макдиси қолжазбаларында: Орта Азияның моншаларының қабырғаларында жиі кездесетін суреттердің бірі – ал-Анка атты құстың бейнесін көруге болады. Бұл құстың беті адамдікі, тұмсығы бүркіттікі, екі жағынан төрт қанаты бар, ұзын тырнақты екі қолы бар. IX – X ғасырдың дәрігері Закария ал-Рази ағзаның демалып, жаңаруы үшін моншалардың қабырғаларына жануарлар, құстардың бейнесін салуға кеңес берген. Тараз қаласы бай сауда орталығы болған. Осы қалаға өз керуенін жібермеген ел болмаған. Мұнда әр елдің халықтары тек қана сауда емес, жаңа идеялар, ғылыми-географиялық ашылымдар, жер өңдеу, қала соғу, ән, би, ұлттық салт-дәстүрлермен де алмасқан. Тараз қаласының Ұлы Жібек Жолының бойында орналасуы бұл қалаға кең танымалдық, жылдам экономикалық даму, саяси салмақ берді.

      1774 жылы Талас өзенінің жағасына  Абылай хан қала тұрғызып, оны өзінің ұлы Әділ сұлтанға билетті. Осы жайында Абылай ханның шөбересі, атақты ғалымымыз Шоқан Уәлиханов өзінің «Абылай» атты мақаласында атап көрсеткен болатын. Бұл қала Әулиеата аталды. Осы арада кейбір тарихшыларымыз Әулиеата қаласын қоқандықтар салды деп жаңсақ айтып жүргендігін айта кету керек. Рас, қоқан мемлекетінің тағына би атауынан бас тартып, хан лауазымен алғаш отырған Әлім 1799-1809 жылдары арасында қазақтың Түркістан Шымкент сондай-ақ Әулиеата қаласын жаулап алған. Бұл туралы өзбек тарихшысы Молла Әлім Махмуд қажы 1914 жылы «Түркістан тарихы» атты өзбекше жазған кітабында атап көрсетеді. Бұл дерек тарихшымыз Е. Бекмахановтың «Казакстан в 20-40 годы XIX века» деген монографиясынан келтіріліп отыр (ҚазМУ баспасы, 1992 ж., 158-159 бб.). Осы өзбек тарихшысының шығармасында Әділ сұлтан Әулиеата қаласын қайтарып алумен бірге Ташкентке де билік жүргізуге әскери жеңіс нәтижесінде ие болғаны, бірақ кенеттен 1815 жылы көз жұмғаны да айтылады. Тек Әділ сұлтанның қазасынан кейін ғана Қоқан хандығы Әулиеата қаласын екінші рет жаулап алып, 1826 жылы Наманган көшесін, қамал-қорған салады. Бұдан туатын қорытынды: Әулиеата қаласын қираған Тараз орнына салып, ең ежелгі шаһарымыздың үзілген тарихи жібін қайта жалғастырған ұлы ханымыз Абылай екендігін халқымыздың және жат жұрттардың зердесіне жеткізу. Әулиеата қаласын 1864 жылы полковник М.Г. Черняев басқарған орыс армиясы қоқандықтардан күшпен тартып алғаны белгілі. Бұл жорыққа штабс-капитан Шоқан Уәлиханов, Жетісудан атақты Сұраншы батыр, Рүстем сұлтан Аспандиярұлы, Меркіде Сыпатай батырдың ұлы Пірімқұл, Құланнан Бәйетұлы Құдайберген, Әулиеатадан Байзақ датқа ұлы Ақмолда батырбасы, басқа да қазақ-қырғыздың талай белгілі адамдары қатысқан. Әулиеата соғысында орыс армиясың бейбіт халыққа қарсы зеңбіректер қолдануынан көп адамдар шығын болды, олардың арасында Рүстем сұлтан да қаза тапты. Оның сүйегі Ташкентке, нағашысы Төле би мазарының қасына апарылып қойылды. Шоқан Уәлиханов мұндай жауыздыққа қарсылық білдіріп Әулиеатадан Алматыға қайтып кетті. Әулиеатаны азат етуге қатысқан Ақмолда батырбасы - орыс армиясының капитаны, Құдаберген — майор алғандығы архивтен мәлім. Әулиеата қаласы - Мирзоян, артынша Жамбыл есімдерімен аталып, 1997 жылы Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен ежелгі Тараз атауына ие болды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Тараз қаласының туристік обьктілері