Тараз қаласының туристік обьктілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2011 в 15:03, курсовая работа

Описание

Жерінің кеңдігі жағынан тоғызыншы орында тұрған Қазақстанның табиғаты ешбір елден кем емес екендігі бесенеден белгілі. Әр аймағы өзіндік қасиеттерімен ерекшеленетін біздің жеріміз батысы мен шығысы, солтүстігі мен оңтүстігі бірін-бірі қайталамайтын көрікке ие. Аспанымен бой таластырған қарлы шыңдар мен биік таулар, құмды, шөлді далалар, ну ормандар мен қалың тоғайлар, өзендер мен көлдердің де неше атасы біздің жерімізде орналасқан.

Содержание

КІРІСПЕ


1 ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ МЕН ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ


1.1 Географиялық орны

1.2 Көне Тараз тарихы


2 ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ДАМЫҒАН РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАР


2.1 Тарихи - мәдени

2.2 Тараз қаласындағы археологиялық қазба жұмысы



3 ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ТУРИЗМ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ


3.1 Туризмнің қазіргі жағдайы мен болашағы

3.2 Тараз қаласындағы туризмнің даму мәселелері


ҚОРЫТЫНДЫ


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

Кіріспе.doc

— 343.50 Кб (Скачать документ)

Енді  филология ғылымының докторы, профессор  Жанғара Дәдебаевтың айтуы бойынша  Тектұрмас атаның әу бастағы қасиет тұтып қойған аты Сұлтан Махмұдхан екен. Тектурмасты Әулие ата бек болып қызмет атқаруға сарайына шақырады. Бірақ, ол бек болудан бас тартып, жеке, дара әулиелік жолға түседі. Бектіткен бас тартқандықтан, ел оны тектұрмас деп атап кетеді. Жұрт тектұрмас атаның мазарын қасиет тұтып, оның басына шырақ жағып, құрбандық берген.

      Тағы  да осындай жорамалдар баршылық. Біздің ойымызша, тектұрмас қандай да болмасын жеке тұлғаның есімі емес. Бұл орынның  осылайша аталуы мынада: осындай бір  халықтың жадында терең із қалдырған адамды жұрт әулие тұтатыны белгілі: осында келіп, мінәжат етеді, перзент көрмей жүргендер түнеп жатып, жалбарынып, Алладан перзент сұрайды, ауырғандар жазылып кетуін тілейді екен. Яғни бұл жер ешқашан адамсыз болмайды, тек тұрмайды.

      Сонымен, қорыта айтқанда, бұл жерде жерленген адам – атқарған ісімен көзі тірісінде әйгілі болған көрнекті тұлға, ол қарахандықтар әулетінен шыққан билеушілердің біреуі. Қарахан мемлекетінің патшасы Мұса 960 жылы Исламды мемлекеттік дін деп жариялады. Содан бастап әлгі аты беймәлім тұлға бар ғұмырын осы жаңа дінді жергілікті түркі тілдес халықтар арасында таратуға, соны уағыздауға арнаған. Сондықтан да оның іс-әрекеті жұрттың жадында сақталған, оны әулие деп таныған. Дүниеден озғаннан кейін оның моласының үстіне XIII ғасырда сол қарахандықтардың билеушілері кесене орнатқан. Кесене Тараз қаласының шығыс жағында Талас өзенінің оң жағалауында төбе үстінде орналасқан. Шамамен XIII-XIV ғасырларда салынған. Кесене 1935 жылы толық  қирап қалған, ол тек 19 ғасырдың 80 жылдары түсірілген фотосурет арқылы ғана белгілі. Күйдірілген кірпіштен салынған, күнбезі болған, іргесі төртбұрышты басып келген. Кіретін арқа тәрізді қақпасы батысқа Тараз қаласына қарай қараған. Қазір оның орнына 2002 жылы ортағасырлық үлгідегі жаңа кесене салып, қалпына келтірілді. Кесене орналасқан төбеден төменде жатқан Тараз қаласының бар көрінісі жақсы көрінеді. Кесененің дәл қасында қазақтың ұлы батыры Мәмбет батырдың моласының үстіне салынған кесене бар. Тектұрмас – сәулеттік кешен, сондай-ақ зиярат ету орны болып табылады [11].  

     Айша  бибі кесенесі – XI-XII ғасырлар. Айша бибі орта ғасырда өмір сүрген ару қыз. Ол Зеңгі бабаның қызы. Айша бибі Тараздан келген жас батыр Қараханның өнеріне ғашық болған. Жігіт те қызды ұнатқан. Бірін-бірі ұнатқан  екі жас бас қосып, өмірлік серік болуға уағдаласады. Алайда, аяқастынан еліне жау шапқанын естіген Қарахан дереу еліне аттанады. Әуелі кезде хабар болмаған соң, алаңдаған Айша бибі күйеу жігіт еліне барып бір хабарын білейін, аман болса алдыңызға келіп ақ батаңызды алып қосылармыз деп, әкесінен рұқсат сұрайды. Бірақ қыз әкесі келісімін бермейді. Айша бибі әкесі Зеңгі бабаны тыңдамай 40 қыз жолды ертіп, Қараханның еліне өз бетімен аттанады. Әкесі Айша бибіге теріс батасын береді. Айша бибі Қараханның еліне таяғанда дем алмақшы болып су бойына тоқтап жуынады. Сол кезде жерде тұрған сәукеленің  ішіне жылан кіріп кетеді. Айша бибі оны байқамай, сәукелесін киейін дегенде жылан шағып алады. Қыздардың хабарын естіп Қарахан да келеді. Бірақ Айша тілге келмейді. Ең болмаса о дүниеде қосылайық деп Қарахан сол жерде Айшамен некесін қидырады. Қарахан сол Айша бибі қабірінің үстіне күмбез тұрғызады. Кесенені 12 ғасырда, қазіргі Жамбыл ауданының Айша бибі ауылында салдырған.  

      ҚР  Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «2004-2006 жылғы  мәдени мұралар» мемлекеттік бағдарламасы жарлығын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімінің 2004 жылғы 26 ақпанындағы шешімі №40 мәдени басқармасында «тарихи – мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру және сақтау» туралы мемлекеттік мекеме ашылды. «Дирекцияның» негізгі міндеті Жамбыл облысында көп жылғы археологиялық және тарихи археологиялық зерттеу нәтижесінде аңықталған тарихи-мәдени мұраларды қорғау, сақталған ескерткіштер облысымыздың тарихи-мұрасының бағалы қоры. Жамбыл облысында 2006 жылы 1080 ескерткіш есепке алынды, оның ішінде 844 археологилық, 111 тарихи, 97 архитектуралық, 28 монументальды өнер туындысы. Ескерткіштердің ішінде 29-ының Республикалық мәні бар, ал қалған 1051 ескерткіштің жергілікті мәні бар.

      Жамбыл  Жабаев ескерткіші Жамбыл алаңында орналасқан. 1961 жылы ақынның 115 жылдың мерей тойына арналып салынды. Жобаның авторы – сәулетші В. Сашенко мүсінші Қазақ ССР-інің халық суретші Х. Наурызбаев. Мүсін Ленинградта жасалған. Қола мүсін тік бұрышты ашық қызыл плитадан жасалған биік таста тұр. Жамбыл ұзын шапанда, бөрік киген, сол қолында домбыра, оң қолы жоғары көтірілген.

      Жамбыл  Жабаев халық ақыны, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында туған. Халық ауыз әдебиетінің  ірі өкілі. Қазан төңкерісіне  дейінгі өлеңдері сүйікті шығармашылығы  – айтыс. Батырлар туралы өз халқын қорғаған ерлік істері туралы жырлаған ақын. Соғыс жылдарында Қоршаудағы Ленинград қаласын қорғаған батырларға арнап жазаған «Ленинградтық өренім» атты өлеңі көп ұлтты кеңес әдебиетінің ең үздік шығармасы. 1934 жылы Алматыда республикалық айтыстың лауреаты, СССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 1941 жылы Ленин және Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.

      Мұхамед Хайдар Дулати. Ескерткіш 1998 жылы Сүлейменов көшесіндегі университеттің бас корпусының алдына Мұхамед Хайдар Дулати мырзаның 500 жылдығына арналып салынған.Авторы – О. Әуезов.

Мүсіншілер  – Д.Ж. Әлдеков, Н.А. Рүстемов. Ескерткіштің биіктігі 3 м. Постамент қызыл граниттен жасалған. Мұхамед Хайдар Дулати – көрнекті мемлекеттік қайраткер, дипломат, тарихшы, публицист. М.Х. Дулатидің бас еңбегі «Тарих және Рашиди» Орта Азия халықтарының тарихы туралы.

Ол өз шығармасының кейіпкері, мемуаршы, осы қасиеттері орта ғасыр әдебиетінің ұлы ескерткіші Орта Азия жалпы әсіресе, қазақ халқы үшін ерекше. «Тарих және Рашиди» Алтын Орданың құлауынан кейінгі мемлекеттің дамуы және Қазақ мемлекеттінің құрылуы. 1533 жылы М.Х. Дулати өз өмірін қорғап қалу мақсатымен Индияғакеледі, онда Кашмирді жеңіп алып қалған бар өмірінде оны билейді.

      Бауыржан  Момышұлының ескерткіші 2000 жылы 12 қазанда  Ұлы Жеңістік 55 жылдығына және батырдың 90 жылдығына арнап салынды. Авторлар ұжымы: мүсіншілер: М. Рүстемов, Д. Әлдеков. Сәулетшілер: С. Дамбай, Н. Баекеев. Биік ірге тасты қолында қылышы бар ұлғы тұлға айбынды жауынгер, философ интернационалист, жазушы. Екінші шешуші дүние жүзілік соғыстың батырының ескерткішінен халық көптеген ұрпақтың айбында батырларының бейнесін көреді. Ол каһарлы соғыс мектабін өткен ажал көріне бірнеше рет қараған, әр ұлттың жауынгерін жеңіске жету мақсатында тәрбиелеген. Ол үнемі үкімет оппозиясында болып, өзінің тәуелсіз мінезімен, әділетсіздікті сынап отырған. Кеңес Одағының Батыры халық батыры Бауыржан Момышұлының өмір жолы туралы Отан тарихына арналған кинотаспаларда, энциклопедияларда бейнеленген, оның образы ТМД елдері мен Шетел галлереяларында. Баукеңнің атымен оның туған жері Жуалы ауданы аталады, онда оған арналған мұражай, сонымен бірге Кременевка ауылы да Баукеңнің атымен аталады, алаң, көше, мектеп, лицейлерге Баукең аты берілді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      2.2 Тараз қаласындағы археологиялық қазба жұмысы

         

      Одан  әрі қала тарихына және Талас аңғарында  Көне заманнан бізге жеткен бабаларымыздың бай мұраларын зерттеуге қомақты  үлес қосқан, 1880-1898 жылдары Әулиеата уезінің бастығы болған, өлкетанушы В.В. Каллаур еді. Ол өзінің саналы өмірінде өлкеміздегі тарихи мәдени мұралар туралы көптеген қызықты деректер жинап, оларды  1895 жылы Ташкент қаласында ұйымдастырылған Түркістан әуесқой археологиялық үйірмесіне жазбаша жіберіп отырды. Өзінің қызметінің көптігіне қарамастан Әулиеата туралы ел арасынан ауызекі қызықты деректер жинап, 1864 жылы Көне Тараз қаласының жоспарын қағазға түсіріп тарихымызға үлкен үлес қосты. Өлкемізге алғаш қызметке келгенде дала төсіндегі ежелгі заманнан жеткен тарихи ескерткіштерге қамқорлық жасап, уақытын бөліп, олар жергілікті халықтын мұрасы екендігін ыждақаттықпен түсіндірді. Көп ғасырлар бойы тарих қойнауынан бізге жеткен мұраларды зерттеуге едәуір үлес қосқан О.Л. Иванов, П.Н. Лерх, Н.Н. Пантусовтардың есімдерін де мақтанышпен еске алуға болды.

      Ғасырлар  тереңінен бізге жеткен көне Тараз қаласына академик В.В. Бартольдтың ұсынысы бойынша 1927 жылы археолог М. Массон археологиялық қазба жұмысын жүргізіп, тарихи деректердегі қала туралы мәліметтер толық дәлелденді. Көне қаламыздың тарихын және Талас өңіріндегі ескерткіштерді зерттеуде сүбелі үлес қосқан КСРО Ғылым академиясының Н.Я. Морра атындағы тарихи және мәдени материалды институтының Қазақстан филиалы және Талас өңіріндегі ескерткіштерді зерттеуде сүбелі үлес қосқан КСРО Ғылым академиясының Н.Я. Морра атындағы тарихи және мәдени материалды институтының Қазақстан филиалының ұйымдастыруымен 1936-1939 жылдары археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Бұл аса жауапты істі белгілі ғалым Н.А. Бернштам басқарды. Бұған әр түрлі саладағы маман иелері мен ғалымдар, бір топ тарихшылар қатысты. Археологтар қазба жұмысын негізінен қаланың шығыс пен түстік жағында жүргізіп, араб тарихшысы Макдиси керсеткендей, қаланың Шығыс жағындағы Талас өзеніне қараған жерінде қалаға кіретін қақпаның орнын анықтады, соқпа дуалдарымен соғылған бекіністің қалдығын кездестірді. Осында жаппай жүргізілген қазба жұмыстың нәтижесі көне қала негізінен бес мәдени қабаттардан тұратынын және бірнеше рет қиратылып қайта салынғанын растады. Әсіресе, бұл қабаттарда қала тұрғындарының тұрмыстарында кең пайдаланған ыдыс-аяқтар мен су құбырларының, Түркеш кезеңінің тиын ақшаларының табылуы сөз жоқ, қала мәдениетінің едәуір дамығандығын растайды. Осы қазба барысында ғасырлар тереңінен бізге жеткен сәулет өнерінің бірі - Тараз моншасы еді. Қазба жұмысын археолог А.Н. Бернштам басқарды. Монша қазіргі көк базардағы Шахристан бөлігінің Шығыс жағынан жер астынан табылды. Ол бірнеше бөлмеден тұрады, қабырғалары көп бұрышты геометриялық ою-өрнекпен көмкерілген. Бірінші бөлмеде еденге сары және қызыл түсті шаршы тас тақта төселсе, екінші бөлмеде ішкі қабырғалар қызыл түсті жұлдыздар тәрізді өрнектермен безендірілген. Бөлмелерден кірпіш астау мен кірлендер табылған, қабырғалардағы әлі түсі кетпеген қызыл бояумен өрнектелген тақтайшалар, осы уақытқа дейін көздің майын алатын өнер туындысы іспетті еді. Бұл құрылыс Қараханид дәуіріндегі Жетісу өнерінің тамаша үлгілері пайдаланылған ғимарат. Осы монша туралы ғалым К.М. Байпаков "Бұл моншаның құрлыс техникасының ерекшеліктері жылыту жүйесі, өрнектеу мәнері мен көркем суреттері бейнелеу өнері оның ХІ-XII ғғ. қаланың экономикалық өркендеу кезеңіне куә", - деп жоғары баға берді. Ежелгі Тараз қаласының орнына 60 жылдары Қазақстан Ұлттық Академиясының археология институтының бір топ ғалымдары Т.Н. Сенигова, Е.И. Агиеева, Г.Н. Пацевич сияқты археологтар ғылыми жұмыстар жүргізіп, қомақты үлес  қосты, Олар қаланың бес мәдени қабаттарынан тоғызыншы мәдени қабатқа жетіп, тарихымыздың төркіні ілгеріден бастау алғаны жан-жақты дәлелденді. Соғыстың алдыңғы кезеңіндегі жүргізілген қазба жұмысы негізінде қаланың мәдени қабаттары тек VI ғасырға тән деп келсек, ал 60-шы жылдарда жүргізілген ғылыми жұмыстар барысында қаланың біздің эрамыздың I ғасырында өмір сүргендігін растайтын құнды деректер табылды.

      Осы жүргізілген кешенді ғылыми жұмыс  барысында тұңғыш рет Шахристан бөлігінің ең төменгі қабатында X-XУ ғғ. Құшан патшалығының шығарған тиын ақшасы мен 73 жылы соғылған Рим императоры Веспиасонның күміс динарының табылуы, сөз жоқ, алыстағы ірі де іргелі империялармен сауда жасалғанын дәлелдейді. Одан әрі ғалым Т.Н. Сенигова Тараз қаласы біздің эрамыздың I ғасырында мекен жай орындары қорғаныс дуалдармен қоршалған бекіністі қала екенін археологиялық қазба барысында дәлелдеді. Осы зерттеу барысында төменгі қабаттан Талас өңірін сонау Неолит дәуіріндегі адам баласының мекендегенін дәлелдейтін бірнеше шақпақ тастан жасалған тас қарулардың табылуы да көп жайды ұқтырса керек.

      Соңғы жылдары Тараз қаласының орналасқан өңірі көп адам баласының ертеден  егіншілікпен, қолөнер мәдениетімен айналысқанын, Қола мен Сақ дәуіріндегі  тайпалардың құтты қонысы болғанын дәлелдейтін көптеген жәдігерлер табылды. Бұған осыдан бірнеше жыл бұрын көне қаланың терістік жағынан табылған біздің эрамызға дейінгі IX-VII ғғ. жататын Қола дәуірінің өлікпен бірге қойылған қыш ыдысы, қаладағы кірпіш зауытының маңынан табылған сақ жауынгерінің мүсіні, қола қазаны мен егіншілікпен айналысқанын растайтын дән жарғышы дәлел.

      Жамбыл  ауданы Ақбұлым ауылының маңындағы  сақтардың жеті обасы мен қала Батыс іргесіндегі Суперфос зауытының  маңындағы үш обасы сөз жоқ, ежелгі Таразға қатысты орын әрі сақтар қоныс жайы болғанын  жоққа шығармаса керек. Ежелгі  көшпенділерд тарихынан тағы да бір  құнды деректер көненің көзі - Жамбыл ауданы  Ақбұлым ауылының шығыс жағындағы Қарасай шатқалындағы жарғабақ тастардағы таңбалар. Олардың бетінде алғашқы Тараз қаласына дейінгі мекендеген көшпенді тайпаның тұрмыс тіршілігін бейнелейтін көптеген төрт түлі малдың суреттері бейнеленген. Оның ішінде қос өркешті түйелер, тау ешкілер, жабайы бұғылар бар. Бір үлкен жарғабақ таста үйірлері үшін шабысып-шайнасып жатқан сәйгүлік айғырлардың суреті кімді де болса жайбарақат қалдырмайды. Жарғабақ тастар тарихында өте сирек кездесетін хайуанаттарды қолға үйреткенін айғақтайтын көгеннің суретінің салынуы да құнды мәлімет. Көне заманнан бізге жеткен сурет галлереясында қолдарын көтеріп билеп жүрген адамдардың суреттерін де кездестірдік. Тас бетіне түсірілген өнер туындылары қола дәуіріне жататынын ескерсек, бұларды Тараз өңірінде  ол қала болғанға дейін мекен етіп, тіршілік кешкен көшпенді аңшылардың қалдырған мұралары демекпіз.

      "Көне  қаланың әр жерінді жүргізілген  қазбалар «Тараз өмірінің әртүрлі  кезеңдеріндегі құрылыс комплекстері  мен ғимараттарын берді" - дейді  көрнект ғалым К. Байпаков. Шын  мәнінде қазба барысында ір  қоғамдық ғимараттар мен сыртқы  және ішкі қабырғаларын безендіруге пайдаланған көптеген ою-өрнегі бар бедерлі тақтайшалардың табылуы қалада сәулетті сарайлар мен қоғамдық ғимарттардың болғанын растайды. Оған сәнді сарайларда қойылатын ою-өрнегі бар бірнеше қоладан жасалған май шырағдан дәлел болады. Міне Тараздың осындай салтанатты сарайында 568 жылы Византияның елшісі Земархты Түркі қағаны Дизабул (Естими) салтанатты түрде қабылдап өзара келісім шартқа қол қойылғандығы тарихтан белгілі.

      Қаланың негізінен гүлденіп дамыған кезеңі Х-ХІІ ғасырлардағы Қараханидтер дәуірі. Бұл кезде сауда мен қолөнердің, ғылым мен мәдениеттің дамуымен бірге қалада еңсесі биік сәулетті ғимараттар, халыққа қызмет ететін қоғамдық жайлар бой көтере бастады. Оған Қараханидтер дәуірінде ел басқарған қала датқаларының атына арналып соғылған облыстык моншаның шығыс жағындағы тас орындықтың арасынан Тараздың бір сұлуының жоғалтып алған сақинасы табылды. Ол қазір Мұражай экспозициясына қойылды. Төбеден түскен сылақтардың қалдықтарына қарағанда ол көп күмбезді монша болған. Бұл архитектуралық ескерткіштің батыс қабырғасының жанынан екі жерден моншаның лас сулары ағатын әртүрлі диаметрдегі күйдірілген балшықтан жасалған су құбыры табылды. Бір қызығы екі құбыр жерге түсіріліп, оған арнаулы су тазартқыш сүзгі және бүйірінде тесігі бар дөңгелек құмыра орнатылған. Моншаға суды сол бөлменің ішінде айналасы таспен өрілген құдықтан алғаны көрінеді.

      Ортағасырлық  моншаларды зерттеушілердің пікірі бойынша, олар орта Азия қалаларында VIII ғасырда пайда болған. Моншалардың  адам денсаулығына, көңіл сезіміне әсерін айтумен бірге, оның ішкі безендірілуінің маңызын X ғасыр авторы ал-Масуди өз шығармаларының бірінде "Моншаларда адам келбеті, бүркіт тұмсықты екі бүйрінде төрт қанаты және хайуан тырнақты екі қолы бар, құс тәріздес Ал-Анка деп аталған ғажайып жануардың бейнесін жиі кездестіруге болады..." - деп жазған.

      Ал  басқа авторларда моншаның адам денесіне әсерін сипаттай отырып, жуыну кезінде  хайуан суреті рухани және табиғи күштерді әлсіретеді деп санаған. Сондықтан  моншаны адамды сергітетің уайым ауыршылықтарын жеңілдететін көркем суреттермен әшекейлеуді ұсынған. Бір өкініштісі Тараз жұртынан табылған, екінші моншаны қазу ісі қаражат болмай жабылып қалғандығы.

      Өмірдің негізгі күретамырына айналған Ұлы  Жібек жолының бойындағы Тараз  қаласында аты беймәлім қаншама зиялы ақыл ой иелері, абыздар, ақындар, күйшілер де болған. Көне деректер біздің туған қаламыз осындай зиялы адамдардан кем емес екенін дәлелдейді. Соның бірі арабтың тарихшы, саяхатшысы Яқұт әл-Хамади ар-Руми (1179-1229) өзінің "Мұғджанәл Булдан" (Елдер сөздігі) немесе "Елдер жайлы сөздік" атты еңбегінде Тараз туралы айта келе "Одан бір топ ғалымдар шыққан дейді", автор өз зерттеуінде Махмуд бин Әу бин ат-Тарази деген ғалымның атын айтады. "Ол білгір, салиқалы, Құранды мәнерлеп оқудың үздігі болатын, Әбу Садық Ахмал ибн Хасан аз-заңды Әл-Бұхари жайлы хадис жазған еді" - дейді. Ғалым Махмуд Қарахан мемлекетінің уірінде білім алған, ол уақыт ғылым мен мәдениет дамып, сәулет өнерінің шарықтау кезімен тұспа-тұс болып отыр.

Информация о работе Тараз қаласының туристік обьктілері