Шымкент қаласын сумен қамту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Октября 2011 в 18:36, дипломная работа

Описание

Адамзат тіршілігінің барлығы сумен байланысты. Халқымызда “ауру-астан” деген аталы сөз бар. Ал, тағамыңыз тұщы сусыз жасалмайды. Ауыз су сапасыз болса түрлі дерттердің қозуына себепші ғой. Су тірші¬ліктің өзегі деп осындайда айтылған шығар.

Работа состоит из  1 файл

диля диплом.doc

— 929.00 Кб (Скачать документ)

     Имараттарды зарарсыз желдету кәдімгі болып  қабылданған. 
 

     2.10.2  Электрмен қамтамасыздандыру 
 

     22.05.2009 жылғы №03-874 техникалық шарттарына  тиісті қабылданған, ТИОО берілген  ҚР ОҚО «Су ресурстары. Маркетинг»; тазарту ғимараттарын реконструкциялау жобасында қарастырылған электр құрылғыларын іске қосу үшін   ВЛ-0.4 кВ орындалады.

     1) тор блогы – бұрынғы тор  блогының күшейткіш қалқанынан;

     2) сепаратор ғимаратындағы құмұстағыштар  – бұрынғы тор блогының         

         қалқанынан;

     3) бірінші ретті тұндырғыштар –  бұрынғы сорғы қалқанынан;

     4) биологиялық реактор – ТП – 2x630 бастап;

     5) ферментациялық тұнбаның ашық камерасы – ТП – 2x630-ден          

         ВЛ-0.4 кВ дейін;

     6) ферментациялағаннан кейін тұнбаны  тасымалдайын сорғы бекеті – 

         ТП – 2x630-ден ВЛ-0.4 кВ дейін;

       Алаң бойынша таратушы желі  орға салынған кабельдердің және 

     ВЛ-0.4 кВ тіреуіштері бойындағы жүктеменің көмегімен орындалады.

     Электротехникалық бөлшектер бойынша негізгі техникалық көрсеткіштер.

     Электрмен қамтамасыздандыру.

  1. ҚР ОҚО «Су ресурстары. Маркетинг» ТИОО берілген, жобалауға және электрқамтамасыздандыруға техникалық шарттар 2009 жылдың №03-874 тапсырмалары көрсетілген;
  2. Электрқамтамасыздандырудың алаң ішіндегі желілерінің сызбалары берілген, жер жұмыстарының көлемі көрсетілген, электрқамтамасыздандыру бөлімдері мен күшейткіш құрылғыларын қосатын ЭСМ сызбаларының маркасы қабылданған;
  3. Ақау актісіне сәйкес бұрынғы құрал-жабдықтардың, рециркуляциялық тұнба сорғысының, 30 кВт екі сорғының демонтажды жұмыстар қарастырылған;
 

     7 – кесте

            Электрмен қамтамасыздандыру 

Аталуы  Өлшем бірлігі  Көрсеткіші
Электр  желісіндегі кернеу кВ 380
Қойылған  қуаттылық кВт 327.8
Есептік қуаттылық кВт 230.65
Есептік тоқ А 433.6
Қуаттылық коэффициенті cos φ  0.8
Электр  энергиясының жылдық шығыны мың кВт.сағ 957.2
 
 
      1. Күшейткіш электроқұрылғылар
 
 

     Жобаланатын объектінің күшейткіш электроқұрылғылары ақаба сулардың тазартқыш имараттарының  технологиялық құрал-жабдықтарыныңының  электрқозғалтқыштар болып табылады.

     Электрқозғалқыштардың басқару қораптары технологиялық құрал-жабдықтармен бірге жеткізіліп, автоматтандырылған жұмыс тәртібімен қамтамасыздандырады.

     Таратушы  қалқандар ретінде ПР11типті қалқандар  қабылданған.

     Таратушы  желі, едендегі, құбырдағы кабельді конструкциялар бойымен салынған, АВВГ маркалы кабелімен орындалған. 
 
 
 
 
 

     2.10.4 Жерлендіру  
 

     Қорғаушы  заземление бойынша және жобада әлуетті  теңестіру шаралары қарастырылмайды, себебі реконструкциялау жобасында  қарастырылған электроқрылғылар бұрынғы  ғимараттар мен имараттарда орнатылады. 
 

     2.11   Сметалық құжаттама    
 

           Сметалық құжаттама  ҚР ҚНжЕ 8.02-02-2002 «Қазақстан Республикасында  құрылыстың сметалық құнын анықтау  реті», ҚР ҚНжЕ    1.02-01-2007  «Құрылысты өңдеу, талқылау, бекіту және  жобалық  құжаттама құрамының реті жөніндегі ережелер», ҚР ҚН  8.02-03-2002, ҚР ҚН  8.02-04-2002,  ҚР ҚН 8.02-05-2002, ҚР ҚНжЕ  8.02-06-2002 сәйкес құрастырылған, өзгертулер мен толықтырулар 1-8 шығарылымдарында.

     Сметалық  құжаттама АВС-4 бағдарламалық кешенін  қолданумен құрастырылған, 3.17.4 редакциясы. Құрылыстың сметалық құны ОҚО жергілікті құрылыс жағдайларына байланысты 2001 жылдың базалық деңгейінде сметалық нормалар мен бағаларды ҚНжБ-2001 пайдалану арқылы құрастырылған.

     2001 жылдың бағаларынан ағымдағы  бағалар деңгейіне ауыстыру  2009 және 2010 жылдарында бюджеттік заңнамасына сәйкес 1296 теңге (1296/775 теңге = 1/672) және 1375  теңге (1375/775=1.774) көлемінде бекітілген, айлық есептік көрсеткіштің өзгеру индексі арқылы анықталады.

     Сметалық  құжаттаманы құрастыру кезінде  қабылданды:

  1. территориялық аудан – 15.1;
  2. ҚР ҚНжЕ 8.02-02-2002 сәйкес шығындар, 1 қосымша;
  3. ҚР ҚНжЕ 8.02-09-2002 сәйкес уақытша ғимараттар мен имараттарға кететін шығындар – 1.92%;
  4. ҚР ҚНжЕ 8.02-07-2002 сәйк ес қыс мезгілінде жұмыс өндірісіне кететін қосымша шығындар – 1.12%;
  5. қызмет ететін жылдарға байланысты шығындар – 1.0%;
  6. қосымша демалыстарға кететін шығындар – 0.4%;
  7. салықтар, жиналымдар, қажетті төлемдер – 2%;
  8. қосылған құнына байланысты салық – 12%;
  9. қарастырылмаған және нормаланбайтын шығындар – 6%;

     . Сметалық құжаттама.

  1. Құрылыс құнының сәйкестендірілген сметалық есебі. Экспертизаның құны 806.32 мың теңге көлеміне дейін азайтудың есбіне сәйкес түзетілген;
  2. Құрылыс құнының сметалық есебі. Уақытша ғимараттар мен имараттарға кететін шығындар 1.44% орнына 1.92% қабылданған, қыс мезгілінде жұмыс өндірісі кезіндегі қосымша шығындар 0.7% орнына 1.12% қабылданған, негізделмей қосылған шығындар ретінде жұмысшыларды іссапарларға жіберумен байланысты құражаттың шығындары  23116.05 мың теңге және кедендік шығындар 28907.37 мың теңге көлемінде алынып тасталған;
  3. Айлық есептік көрсеткіш 1273 теңгенің орнына  1296 теңге көлемінде қабылданған;
  4. №1-2 локальды смета. Демонтажды жұмыстар (ақау актісі бойынша). Негізделмей қосылған шығындар ретінде барабан ұнтақтатқышының демонтаж құны 669.31 мың теңгеге азайтылып түзетілген, тегістейтін монолитті темірбетонды қабырға құрылғысына ақау актісіне сәйкес жұмыс көлемі қосылған, жалпы сомасы  623.81 мың теңге, суды сорып төгуге кететін шығындар  13433.77 мың теңге, тұнбаны жүктеу жұмыстарына және көлікке кететін шығындар  452.13 мың теңге көлемінде алынып тасталған. Локальды смета бойынша жалпы азаюы 15385.77 мың теңгені құрайды;
  5. № 2-1-1 локальды сметасы. Құйылу камералары бар торлардың ғимараты. Металлды тұрақтар мен прогондардың салмағы 133.70 мың теңге сомасына азайтылып түзетілген, металлды конструкцияларды өрттен қорғайтын ВПМ-2 пастасымен бояу қабаттарының саны 200.16 мың теңге сомасына дейін азайтылған. Локальды смета бойынша жалпы азаюы 343.26 мың теңгені құрайды;
  6. № 2-1-2 локальды сметасы. Технологиялық құбыр желістері мен құрал-жабдықтар. Диаметрі 256 мм болатын құбырлардың құны және оларды салуға кететін шығындар 154.63 мың теңгеге, қазынды конвейердің құны және оны орнатуға кететін шығын 2838.39 мың теңгеге, электрлік тальға 63.40  мың теңгеге, екі ретті есептелген қосалқы шығындар 8108.94 мың теңгеге, гидротехникалық зондтың құны және орнатуға кететін шығындар,  сепараторлар мен сорғыларға арналған басқару қалқандарына кететін шығындардың жалпы сомасы 5655.97 теңгеге қысқартылған, ал негізделмей қосылған шығындар ретінде құрал-жабдықтарды басқару қалқанына қосудың құнына 541.24 мың теңгеге қосылды. Локальды смета бойынша  жалпы төмендету 18005.86 мың теңгені құрайды;
  7. № 2-2-1 локальды сметасы. Құмды сепаратордан өткізу. Диаметрі 12 мм болатын жабдықтардың салмағы 1198.72 мың  теңгеге қысқартылып, пенополиуретанның көлемі  582.31 мың теңгеге арттырылған, қабырғалардың металлды конструкциялар бөлшектерінің салмағы 187.15 мың теңге сомасына арттырылған, арнайы төсеніштер алаңына кететін шығындар  261.26 мың теңге сомасына арттырылған. Локальды смета бойынша жалпы төмендетулер  75.38 мың теңгені құрайды;
  8. № 2-2-2 локальды сметасы. Технологиялық құбыр желістері және құрал-жабдықтар. Үздіксіз желдету сепараторының құны және оны орнатуға кететін шығындар  979.70 мың теңгеге, ленталы конвейерге кететін шығындар 1419.19 мың теңгеге екі ретті есептелген қосалқы шығындардың құны 3104.43 мың теңгеге қысқартылған, ал  гидротехникалық зондтың құнына, орнатуға және  сепараторлар мен сорғыларға арналған басқару қалқандарына және құбырлар мен фасонды бөлшектердің бірфланецті түріне    5563.40 мың теңге көлеміндегі шығындар қосылған. Локальды смета бойынша жалпы төмендетулер 1248.29 мың теңгені құрайды;
  9. №2-3-1 локальды сметасы. Технологиялық құбыр желістері және бірінші ретті тұндырғыштар. Негізделмей қосылған шығындар ретінде 3369.38 мың теңге көлеміндегі қосалқы шығындардың құны алынып тасталған; 
  10. №2-4-1 локальды сметасы. Биореактор. Жабықтардың монолитті конструкциялар қондырғыларының салмағы жалпы сомасы 179.07 мың теңгеге арттырылып, ленталы іргетас қондырғысына қажетті бетонның көлемі 330.46 мың теңгеге азайтылып, қабырғалардың қондырғысына кететін шығындар  470.89 мың теңге сомасына азайтылып, металлды конструкцияларды өрттен қорғайтын ВПМ-2 пастасымен бояу қабаттарының саны   390.16 мың теңге сомасына азйтылып түзетілген.  Локальды смета бойынша жалпы төмендетулер 1218.99 мың теңгені құрайды;
  11. № 2-4-2 локальды сметасы. Технологиялық құбыр желістері және биореактордың құрал-жабдықтары. Құбырлар мен фасонды бөлшектердің ұзындығы өзгертіліп, шығындар 2012.65 мың теңге сомасына арттырылған, жел беруге арналған құбырлардың ұзындығы өзгертіліп, шығындар 1313.94 мың теңге сомасына арттырылған, жаңа аэраторлардың саны өзгертіліп, шығындары 32025.01 мың теңгеге азайтылған, сығылған ауа құбыр желістеріне арналған тіреуіш конструкциялардың саны  4724.44 мың теңгеге азайтылған, 20074.61 мың теңге көлемінде қосалқы шығындардың құны алынып тасталған. Локальды смета бойынша жалпы төмендетулер 56749.69 мың теңгені құрайды;
  12. № 2-5-2 локальды сметасы. Технологиялық құбыр желістері және ауаүрлегіш ғимаратының құрал-жабдықтары. Негізделмей қосылған шығындар ретінде қосалқы шығындардың құны 4027.99 мың теңге көлемінде азайтылған;
  13. № 2-6-1 локальды сметасы. Ферментациядан кейінгі сорғы бекеті. Диаметрі 14 мм болатын жабдықтардың салмағы 125.4 тн орнына   125.4 кг қабылданған, кететін шығындардың көлемі  13744.81 мың теңгені құрайды;
  14. № 2-6-2 локальды сметасы. Технологиялық құбыр желістері және ферментациядан кейінгі сорғы бекеттері. Негізделмей қосылған шығындар ретінде 5838.25 мың теңге көлемінде қосалқы шығындардың құны алынып тасталған;
  15. № 6-1 локальды сметасы. Канализация желістері. Жер жұмыстарының көлемі түзетіліп, шығыны 40.27 мың теңгеге азайтылған, шығындары  78.87 мың теңгеге азайтылып ысырмалардың саны өзгертілген, канализациялық құдықтардың диаметрі өзгертіліп, шығындары 136.74 мың теңгеге азайтылған, құмұстағышқа дейінгі және кейінгі дренажды желілердің шығындары  жалпы 298.94 мың теңге көлемінде қосылған;
  16. № 4-1 локальды сметасы. ЛЭП-0.4 кВ желілер. Асбестцементті муфтаның құны  247.18 мың теңгеге азайтылып өзгертілген.
 
 
 

     2. 12  Автоматтандыру  және басқару 

     2.12.1  Жалпы мәліметтер 
 

     Автоматтандыру  жүйесі келесі принциптерді назарға  алып,

     жоспарланған:

  1. Құрал-жабдықтарды бір жерден ғана қосу мүмкіндігі – қауіпсіздік үшін құрал-жабдықтардың қорабы болу керек.
  2. Құрал-жабдықтардың жеке қосылу жүйесін басқарудағы анықтылық пен
  3. Автоматтандыру жүйесінің тиімділігі мен үнемділігі.
  4. Жүйенің апаттық жағдайларын шектеу.
  5. Жүйенің қарапайым қолданылуын қамтамасыз ету.
 
 

     2.12.2  Автоматты түрде  басқарудың функциялары 
 

     Автоматты басқарудың жүйесі PLC (Programmable Logic Controller) типіндегі бағдарлама негізінде және берілген технологиялық қондырғының мәліметтерімен бірге жеткізілетін басқару жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

     Сондай-ақ автоматтандырудың басты мақсаты  аэротенктердегі ауа концентрациясына байланысты аэрация жүйесін басқару, сығылған ауаны клапанды ашуда баяу реттелетін электромеханикалық желісімен және бір желүрлегішпен жабдықталған дроссель арқыры беру  болып табылады.

     Бір желүрлегіштің қозғалтқышының айналымдарын баяу реттейтінқұрал-жабдықтар қарастырылған. Қойылған автоматтандыру жүйесі аэротенктердегі қажетті ауа концентрациясының болуын қамтамасыз етеді.

     Автоматтандыру  жүйесі келесідей жалпы функцияларды қамтамасыз етеді:

  • құрал-жабдықтарды бекітілген бағдарлама (автоматты түрде басқару) немесе оператормен қойылатын (ара қашықтықтағы қолмен басқару) ғимараттардың көмегімен басқару;
  • апаттық жағдайдағы хабаршы;
  • нақты мәліметтердің информациясын жинау;
  • Тазарту ғимараттарын байланысты болатын ең негізгі мәліметтеді сақтау (арчивтеу);

     Автоматтандыру  жүйесі даму перспективасының мүмкіндігін қарастырады. Жүйенің көлемі оның қосымша құралдар/қондырғылар жүйесіне қосылу мүмкіндігі болу үшін арнайы қор қабылданған. 
 
 

     2.12.3  Басқару қалқандары  
 

     Автоматты басқарудың келесідей қалқандары қарастырылған:

  1. Тазарту ғимараттарының механикалық бөлігі – келесідей басқарушы пульттері қондырылады (орналасуына байланысты):
    • торлар ғимаратында;
    • құм сепараторларының, сонымен қатар құмұстағыштардағы сорғыларының ғимаратында;
    • тұнбаның ферментациядан кейінгі сорғы бекетінің ғимаратында;
    • электрлік қораптар және ферментацияның ашық камерасындағы араластырғыштарды басқару қораптары;
    • электрлік қораптар және бірінші ретті тұндырғыштардағы араластырғыштарды басқару қораптары;
  2. Желүрлегіштердің ғимараты:
    • Ауа зондтары;
    • Дроссельді
    • Желүрлегіштің қозғалтқыш айналымдарын реттеуші;
    • Рециркуляциядан кейінгі тұнбаның сорғы бекеті;
    • Аэробты тұрақтандырғыштан кейінгі тұнбаның сорғы бекеті;
  3. Аэротенктер
    • араластырғыштардағы электрлік қораптар мен басқару қораптары;
    • электрлік қораптар мен басқару қораптары;
 
 

     2.12.4  Басқару жүйесі 
 

     Аэротенктердегі аэрация аэробты камерадағы ауаның концентрациясына байланысты болады.

     Ауаның  берілуін жұмыс істейтін машиналардың санын реттеу көмегімен, сонымен  қатар желүрлегіш қозғалтқышының айналымдарының көмегімен басқару қарастырылған.

     Желүрлегіштің автоматты қосылуы және сөндірілуі желүрлегіш ғимаратында орналасқан пульттің көмегімен ара қашықтықтан  басқару арқылы, ал мануальды басқару  – жұмыс орнында жүзеге асырылады. Өнімділігі 47400 м3/сағ тең болатын желүрлегіш үздіксіз жұмыс жасайды.

     Өнімділігі 11000 м3/сағ тең болатын желүрлегіштің автоматты түрде қосылуы және сөндірілуі, сонымен қатар аэротенктердегі ауа концентрвциясына байланысты бір желүрлегіштің айналымдарын реттеу қарастырылған. Аэрация камерасындағы минималды ауа концентрациясы   1.5 мг/л, ал максималды - 2.2 мг/л болу керек.

     Аэробты камералардағы ауаның оптималды  концентрациясы – 2мгО2/л.

Информация о работе Шымкент қаласын сумен қамту