Шымкент қаласын сумен қамту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Октября 2011 в 18:36, дипломная работа

Описание

Адамзат тіршілігінің барлығы сумен байланысты. Халқымызда “ауру-астан” деген аталы сөз бар. Ал, тағамыңыз тұщы сусыз жасалмайды. Ауыз су сапасыз болса түрлі дерттердің қозуына себепші ғой. Су тірші¬ліктің өзегі деп осындайда айтылған шығар.

Работа состоит из  1 файл

диля диплом.doc

— 929.00 Кб (Скачать документ)

КІРІСПЕ 
 

     Адамзат тіршілігінің барлығы сумен байланысты. Халқымызда “ауру-астан” деген аталы  сөз бар. Ал, тағамыңыз тұщы сусыз жасалмайды. Ауыз су сапасыз болса түрлі дерттердің қозуына себепші ғой. Су тіршіліктің өзегі деп осындайда айтылған шығар.

     Осыдан үш-төрт жыл бұрын Отырар ауданында көп жұрт ауыз суды сырттан тасымалдап ішіп отырды. Шәуілдірдің тұз татып, кебірсіген жерінде жоқ емес бар, бірақ шәйнектегі қайнаған судай ыстық. Сондықтан, су тасығыш машиналардан әуіттеріне су жинап ішер еді. Көп тұрғаннан кейін су борсиды. Кейде қызыл құрттар пайда болады. Бұл – суды сырттан тасымалдап, сатып алып ішетін ауылдардың жағдайы. Ал, Шымкент қаласының тұрғындары борсыған су жайлы біле бермейді. Салыстырмалы түрде шәрбәт су ішіп отыр. Бірақ, тегін дүниеге келгенде алакөзденіп, парқын білмей кететін әдетіміз ғой. Шымкентке ауыз суын жеткізіп отырған “ Су Ресурстары - Маркетинг” ЖШС басшылары “ауыз суды үнемді пайдаланайық, келешек ұрпақ үшін де керек” дегенді жиі айтып жүрді де, құр үгіттен ештеңе шықпасын аңдағаннан кейін су есептегіш құралдарын орната бастаған. Жемісін берді. Қалтасына тереңірек түсе бергеннен кейін жұрт бей-берекет пайдалануды қойды. Соның нәтижесінде табиғаттың тартуы бес есеге үнемделді. Бұл үлкен жеңіс еді.

     Шымкенттің су құбыры, канализациялық жүйесінің бүгінгі жағдайы әлемдік стандартқа сәйкес болмағандықтан, ірі көлемдегі инвестицияға мұқтаж екен. Оның үстіне қала шекарасының жыл сайын кеңеюі, әлеуметтік-экономикалық және демографиялық өсім сумен жабдықтау және су көздерін белгілеуді жақсартуды талап етеді. Бүгінгі күні қала іргесіндегі 27 ауылдың, яғни, онда тұратын 160 мыңға жуық халықтың суға тәуелділігі байқалып отыр. Ал, қаланың жеке үйлерінің 15 пайызы ғана канализация жүйесіне қосылған. Осының бәрін ескере келіп, серіктестік басшылығы Шымкент қаласын 2015 жылға дейін ауыз және шаруашылық сумен жабдықтау және канализация жүйесін жақсарту жөнінде негіздеме дайындалған. Инвестиция салуға лайықталған жүйе бойынша сумен жабдықтау және су көздерін белгілеудің барлық проблемалары көрінеді. Бұған 2004 жылғы бағамен шамалағанның өзінде, 17,8 млрд. теңге қажет екен. Алайда, облыстық депутаттар мақұлдаған 2007-2009 жылдарға арналған бағдарлама әр түрлі себептерге байланысты орындалмай қалды. Жұмыс жасап жатқан салаға тапқан қаржыдан салмасаң орнында табандап тұрып қалады. Серіктестік ұжымы қызмет деңгейін көтеру мақсатында 2001 жыл мен 2008 жыл аралығында 2,2 млрд. теңгеге дейін қаржы құйыпты. Соның бірегейі — ауыз суды мүмкіндігінше үнемдеп пайдалану. Су есептегіш құралдарын орнату мезгілі 2009 жылдың бірінші қаңтарына дейін болғанымен Шымкентте заң талабы бес жыл бұрын орындалып қойған. Мәселен, 1996 жылы қала тұрғындары 76,8 млн. текше метр су тұтынған болса, қала халқы еселенгеніне қарамастан, 2008 жылы 31,4 млн. текше метрге жеткен. Сонда 1997-2008 жылдар аралығының өзінде табиғаттың ауыз суы 539 млн. текше метрге  үнемделіп, ел игілігіне қалған. Электр энергиясын тұтыну мөлшері де осындай деңгейде. Бағдарламаны мақсатына жетті деуге де болады. Өйткені, сумен жабдықтау және канализацияны тұтыну бір адамға шаққанда республика бойынша орташадан төмен бағаға жеткен.

     Серіктестік су жоғалтудың ең негізгі себебінің бірі су құбырларының тозығы жеткендігі екендігімен байланыстырады. “ Су Ресуртары - Маркетинг” ЖШС  2001-2008 жылдар аралығында шіріген металл құбырларды патенті бар пластика құбырларға ауыстыру мақсатында қыруар қаржы жұмсады. Осылайша, 367 шақырым су құбыры жаңартылды.

     Өзінің  азын-аулақ табысы су жүйесін замануаи талаптарға сай жарақтауға жетпейтіндігін бағамдаған серіктестік инвестиция тарту үшін халықаралық қаржы институттарымен сенімді байланыс орната бастады. Іздеген мұратына жетеді дегендей, өз талаптарына сәйкес келетін банк те табылды. 2008 жылдан Еуропа Қайта құру және даму банкімен қоян-қолтық жұмыс жасап келеді. Биылғы жылдың 30 сәуірінде Шымкент қаласының әкімі және Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ОҚО бойынша басқармасы мен аталмыш банк  арасында 2009 жылдан 10 жылға жеңілдік жағдайында 8 млн. доллар инвестицияға қол қойылды.

     Аталған бағдарламаны іске асыру барысында тозығы жетіп су көп жоғалып жатқан орталық және көше аралық су құбырларының 62 шақырымы жөнделеді. Сонымен қатар, қаланың канализация жүйесін 2,5 шақырымға ұлғайту көзделуде. Техникалық эксперттер болашақты көздей отырып ауыз судың сапасын арттырудың бүгінгісінен мықты жағдайына талдау жасап берді. Сонда ауыз су үшін алаңдамайтындай мүмкіндік туады. Аталған бағдарлама энергетикалық су сору қоңдырғысын жаңа технологиямен жетілдіруге, су көздеріндегі дайындықты заманауи автоматтандыруға жағдай туғызып отыр.

 

      1 Жобалау ауданының табиғи-климаттық сипаттамасы 

     1.1Климаты 
 

     Облыс аумағының географиялық орнына (яғни атмосфераның ылғалдылықтың негізгі  көзі мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерінің сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Мұнда күндізгі және түнгі, қысқы жөне жазғы температуралар шұғыл ауытқып отырады. Жазы ұзақ, облыс түстігінде 8 айға дейін созылады. Қысы жылы: ең суық ай - қаңтардың орташа температурасы -2 -9°С. Ең суық кезең (-41°С) тіркелген.

     Жазы  ыстық: шілде айының орташа тем-пературасы 20-30°С. Ең ыстық кезең (47°С) тіркелген. Вегетация кезеңі 230-320 тәулікке созылады.

     Шөлді аудандарда жылдық жауын-шашын мөлшері 100-170 мм, тау етектерінде 300-450 мм, ал биік тауларда 1000 мм-ге дейін құбылады. Жауын-шашын негізінен көктем мен күз айларында болады. Қар жамылғысының орташа қалыңдығы 20-40 см аралығында, жазықта 2 айға, тауларда 5 айға дейін жатады. Қар қарашаның соңы, желтоқсанның басында түсіп, наурыз айында ери бастайды.  
 

     1.2 Су қорлары  
 

     Облыстың  су қорларын ірілі-ұсақты 127 өзен (жалпы үзыңдығы 5 мың шақырымдай), 34 көл (көлемі 110 млн. текше метр), 30 бөген (көлемі 6 млрд. текше метр), 29 пайдаланылатын жер асты сулары және 5 минералды су көздері құрайды. Жалпы облыс аумағына жылына орташа есеппен 37 млрд. текше метрге жуық су келіп, осыншама мөлшерде су кетіл отырады.

     Облыстағы ең ірі және ұзын өзен - Сырдария өзені  басқа мемлекеттерден басталып, Қызылорда  облысы арқылы Арал теңізіне қүяды. Облыс  аумағындағы Сырдария өзенінің негізгі  саласы Арыс өзені (378 км), ол Алатау мұздықтарынан басталып, жол-жөнекей Боралдай (130 км), Ақсу (133 км), Машат (60 км), т.б. көптеген өзен суларымен толығады. Маңызды да ірі өзендер қатарына Келес (102 км), Бадам (145 км) өзендерін жатқызуға болады.

     Облыстағы ең үлкен суқойма - Шардара бөгені 1965 жылы пайдалануға берілген, су сыйымдылығы 5,2 млрд. текше метр, су өткізу мөлшері 200 м3/с. Одан су алатын Қызылқұм (106 км), Шардара (10 км) каналдары арқылы 71,5 мың гектар егістік жер суландырылады. Бөген суқой-масының сыйымдылығы 37 млн. текше метр, ол Бөген, Арыс өзендерінің суларымен толығып отырады.

     Облыстағы 500 мың гектардан астам суармалы жерлерді игеру үшін 14336 шақырым  су арналары, 4743 км су қашыртқылары және 1900 дана тік дренажды ұңғышалар, 61 мыңнан астам гидротехникалық ғимараттар жұмыс істейді.

     Облыс аумағындағы көлдер ауыл шаруашылығымен бірге басқа да мақсаттарға пайдаланылады. Шошқакөлде (көлемі 8,6 млн.м3) аң ауланады, Сарыкөлден (10,2 м3) балық ауланады, Қызылкөл суының (5,9 м3) ем үшін пайдасы зор.

     Облыстағы жерасты суларының қоры ретінде Бадам-Сайрам, Мырғалымсай, Талас-Ақсу, Иқансу, Бөген жерасты су көздерін атауға болады, Шу-Сарысу артезиан алабының су қоры 260 млн. текше метрден асады, минерадды сулар Сарыағаш, Манкент шипажайлары мен Темірлан ауылда-рында арнайы рұқсатпен пайдалануға берілген.

     ТОО '' Су ресурсы –  маркетинг  '' пайдаланады:

  1. Су құбыр жүйелері – 891,2 км

     Соның ішінде сутартқыш – 294,4 км

  1. Канализациялық жүйелері – 410 км

     Соның ішінде коллекторлар – 153,2 км

  1. Бас тоғандар – 5

     Соның ішінде, Бадам – Сайрам –29 ұңғыма,

     өнімділігі 137 т.м3/тәу.

     Ақбай – Қарасу – 32 ұңғыма, өнімділігі 206 т.м3/тәу.

     Тассай  І – 11 ұңғыма, өнімділігі 30 т.м3/тәу.

     Тассай  ІІ – 19 ұңғыма, өнімділігі 35 т.м3/тәу.

     Құмышбұлақ  – 15 ұңғыма, өнімділігі 69,6 т.м3/тәу.

     Жер беті сулары:

     Қызыл ту өзені – 700,0 т.м3/айына  
 

     1.3 Жер бедері  
 

     Облыс жері негізінен жазық, көпшілік бөлігін  орташа биіктігі теңіз деңгейінен 200-300 м болатын Тұран ойпатының  шығыс бөлігі алып жатыр. Терістігіңде Бетпакдала шөлі, Шу аңғарының оңтүстігін Мойынқұм, облыстың батысында Қызылқұм және Шардара даласы, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр. Орталық бөлігінде, Жамбыл облысының аумағымен шектес, оңтүстік-шығыстан солтүстікке қарай 217 километрге көлбей созылып Қаратау жотасы (ең биік нүктесі 2176 м) жатыр, ал оңтүстік-шығысыңда Талас Алатауының батыс шетіндегі - Өгем жотасында облыстың ең биік нүктесі - Сайрам шыңы (4238 м) бар. Өгем мен Келес өзеңдерін бөліп жатқан Қаржантау жотасы Тәңіртаудың (Тянь-Шань) ең батыс сілемі болып табылады. Қаржантаудың орташа биіктігі 2000 м, ал ең биік нүктесі - Мыңбұлақ тауы (биіктігі 2834 м). Қаржантаудан солтүстік батыска қарай тарихы терең, аңызға толы қарт Қазығұрт (ең биік нүктесі 1600 м) тұр. Қазығұрт тауы оңтүстігіде Келес өзенінің аңғарына тіреледі.

     Қазығұрт туралы жыр да, аңыз да көп. Көк Тәңірі дүние жүзін топан су басқан кезде жаңа бір пәк дүние жасау үшін Нұх пайғамбардың кемесіне адамзат, жан-жануар, ұшқан құстан, өсімдіктен жұп-жұбымен отырғызып, таза тұқым сақтап қалмақ болған. Топан тартылып, су қайтқанда, Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауының басына қайырлапты деседі.

     Облыс аумағының жер бедеріндегі жазықтар мен таулы аймақтар жиі алмасып  отырады. Мұнда алуан түрлі құмды, сортаң шөлдерден биік тау мұздықтарына дейінгі климаттық табиғат зоналары кездеседі. Таулы аймақтарда болып тұратын тектоникалық жер сілкіністері аумақтағы тау түзілу процестерінің әлі аяқталмағандығын көрсетеді.

     Жер бедерінің қалыптасуына зор ықпал  етуші күштер: ағын сулар мен желдер. Осы күштерге қосымша антропогендік, яғни адамдардың шаруашылық әрекеттері табиғи ортаның, әсіресе жер бедерінің қалыптасуына зор әсерін тигізетіні сөзсіз. Мысалы, каналдар мен суару аймақтары, авто және темір жолдар, кеніштер мен қала салынған аймақтар, т.б.  
 

     1.4 Геологиясы және кен байлықтары  
 

     Геологиялық құрылымы жөнінен облыс аумағы Тұран  плитасына жатады. Қаратау жотасы - протерозой тақтатастарынан және құмтастардан тұрса, оңтүстік-батыс  Қаратау карбонның әктас, кұмтас конгломераттарынан және девонның жанартау тектес тау жыныстарынан құралған. Сонымен бірге палеозой қатпарлы іргетасы, пермь дәуірінде қалыптасқан интрузиялық және жа-нартаулық, сондай-ақ платформалық мезозой-кайнозой шөгінді тау жыныстары кездеседі.

     Облыс қойнауы әр түрлі пайдалы қазбаларға бай: полиметалдар, қоңыр көмір, темір кені, гипс, әктас, оттөзімді саз, кварцты құм қабаттары, мәрмәр, түрлі құрылыс шикізаттары бар. Қарт Қаратау қойнауындағы Ащысай, Мырғалымсай және Байжансай қорғасын-мырыш кеніштері 20 ғасырдың 40-жылдарынан жұмыс істейді. Боралдайтау, Қаржантау, Күмісті және Жоғарғы Бадам алтын кен көздерінің орны ерекше.

     Облыста республика уран ресурстарының жартысына  жуығы орналасқан, олар әлемдегі ең ірі уран кеніштері болып саналады. Ал Иірсу, Сусіңген және Абайыл кеніштерінен титан, хром, марганец және темір кендері өндіріледі. Облыс аумағында Шу-Сарысу газ-гелий және Сырдария мұнай-газ кен орындары бар. Боралдайдан, Таскөмірсайдан, Келтемашаттан және Ленгер кеніштерінен мезозойлық қоңыр көмір өндіріледі. Облыс аумағындағы Қаратау фосфорит алабына жататын Герес және Үшбас фосфор кен орындары барлаудан өтті. Ал Тәңіртаудың ең батыс сілемі Қаржантау мен Сайрам жоталары өнеркәсіптің көптеген салаларына өте қажетті шикізатқа бай.

     Кентау  қаласына жақын маңда орналасқан Ақсай және Солтүстік доломитті  кеніштерінде резина, қағаз, бояулар дайындалады, газ-мұнай бұрғылау жұмыстарында кеңінен пайдаланылатын минералдық шикізат - бариттің ірі ресурстары бар.

     Облыстағы қүрылыс материалдарының минералды-шикізат  базасы әр түрлі цемент, керамзит, кірпіш, шыны және құрылыстық тас өндірістерінің шикізаттары, кұм-тас, минералдық бояулар ретінде қолданылады. Олар: Қазығұрт, Бадам, Састөбе және Түлкібас әктастары, Бағаналы гипсі, Күбірексай минералдық бояулары, Леңгір оттөзімді сазы, Күрішбұлақ кварц құмы, Дарбаза және Қыңырақ бентониттері, Сарытопырақты саздақтардың ірілі-ұсақгы ресурстары мен құмтастардың табиғи қоспалары көп кездеседі.

 

      2 Техникалық бөлім 

     
    1.   Объектінің қолданылуы мен мақсаты, оның құрылыстағы қажеттілігі мен орындылығы

Информация о работе Шымкент қаласын сумен қамту