Шымкент қаласын сумен қамту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Октября 2011 в 18:36, дипломная работа

Описание

Адамзат тіршілігінің барлығы сумен байланысты. Халқымызда “ауру-астан” деген аталы сөз бар. Ал, тағамыңыз тұщы сусыз жасалмайды. Ауыз су сапасыз болса түрлі дерттердің қозуына себепші ғой. Су тірші¬ліктің өзегі деп осындайда айтылған шығар.

Работа состоит из  1 файл

диля диплом.doc

— 929.00 Кб (Скачать документ)
 
 

     2.4.2 Шикі сарқынды судың сапасы 
 

     Шикі  сарқынды сулардың сапасы тапсырыс берушіден  алынған ластанудағы мәліметтер негізінде қабылданған. Базада өңделген, ағынның алынған анализ нәтижесіне қарай ластану концентрациясы қабылданған, олар  төмендегі  кестеде  көрсетілген. 
 
 
 
 
 

     3 – кесте

            Шикі ағыстардағы  ластану концентрациясы 

Көрсеткіштері, өлшем бірлігі Концентрация
БПК5, гO2/м3 270,5
ХПК, гO2/м3 455,4
Қалқыма заттар, г/ м3 250
Аммиакты  азот   NH4N, г/ м3 31,2
Азоттың жалпы көлемі  Nорг, г N / м3 52
Фосфаттар РО4, гР/м3 4,04
 

     Сарқынды  суды тазалау ғимаратттарын жаңарту  жобаларын бастамас бұрын, кеңесшімен өңделген көрсеткіштерге сай ағынды анализдеу керек.

     Шикі  ағындар БПК5  орташа концентрациясымен және де жалпы фосфордың өте төмен концентрациясымен сипатталады. Ал қалған ластану коэффициенттері тұрмыстық ағындарда орташа концентрация көрсеткішімен көрсетіледі. 
 

     2.4.3 Тазаланған сарқынды  сулардың талапқа сай және жобаланған сапасы 
 

     Инвестордан алынған ақпаратқа негізделіп, тазаланған сарқынды суларды суармалау жұмыстарына ( ауылшаруашылық жерлерді ) қолданылатыны  анықталды. Сондықтан қысқы мезгілде  тазаланған ағындарды  реттеуші Буржар алабына сақтайды.

       Польшада және ЕС де анализ нормативтерінен және де Инвестормен кеңескеннен кейін төмендегі кесте көрсетілген. Бұл кестеде ағындарға арналған  Польшада, Германияда және  ЕС да кепілденген нормативтер берілген. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     4 – кесте

            Басқа да мемлекеттердегі  тазаланған ағындардағы негізгі ластартардың нормативі 

Көрсеткіші, бірлігі  
PDS көле-мі Жобаланған  көлемі  Польша-дағы көлемі (грунтқа кететін) Герма-ния-дағы көлемі ЕС кепілдеген көлемі Польша-дағы көлемі (сулы алап-тарға кететін)
БПК5, гO2/м3 12 12 15 15 15 15
ХПК, гO2/м3 25 50 125 75 125 125
Жалпы суспензия г/м3 15 15 35 35 35 35
Нитрит  NO2 г N / м3 3,3 3,3 - - - -
Нитрат NO3 г N / м3 45 45 - - - -
Аммиакты  азот   NH4N, г/ м3 7,1 6 - - - -
Азоттың жалпы көлемі  Nорг, г N / м3 - - - 18 10 10
Фосфаттар Рорг, гР/м3 0,85 0,85 - 1 1 1
 
 

     2.5 Сарқынды суды  механикалық тазалау 

     2.5.1 Механикалық тазалау 
 

     Механикалық тазалау бұл – сарқынды  судан  ластарды  физикалық процесс көмегімен  тазалайтын, тазалаудың бірінші сатысын  айтамыз.

     Механикалық бөлім құрамына кіреді:

  • Қабылдау камерасы бар 6мм – лі қалың торлар
  • Көлденең құмұстағыштар – жаңартылған
  • Су өлшегіш науа (Вентури)
  • Бірінші сатылы тұндырғыш алдындағы сарқынды суды таратушы камера.
  • Бірінші сатылы тұндырғыштар
  • Құм сепараторлары

     Сарқынды  сулар қабылдау камерасына  түседі, одан ары қарай сирек торлардан өтеді. Қолмен істейтін торларда 80 мм өлшемді ірі қалдықтар ұсталып қалады. Одан ары қарай ағындар қалың текшелі торлардан өтеді. Текшелі торлар ұнтақтағыш торлардың орнына қондырылады. Торлардан  өткен соң ағын, көлденең құмұстағыш және ‘‘ Вентури ” науасы  арқылы бірінші сатылы  тұндырғышқа дейінгі таратушы камераларға түседі.

     Бірінші сатылы тұндырғыштан соң ағын сарқынды суды  тазалау ғимараттарындағы биологиялық тазалау бөліміне  дейінгі құрама коллекторларға түседі.

     Сол  кездегі  құмұстағыштан  алынған  құмдарды құмды алаңға алып барады да , онда гравитациялық әдіспен  оны сусыздандырады.  Құмұстағышқа жақын орналасқан, құмды сусыздандыратын,  механикалық сепараторлар қондырылған  ғимарат құрылған. Сепараторлардан сусыздандырылған құмдарды контейнерлерге бағыттап және де оны қалдықтар алаң қоймасына алып тасталады.

     Құмды сусыздандыруға қолданылып жатқан алаң  жабылады немесе   уақытша құмды  қоймалармен  ауыстырылады.  
 

     2.5.2 Қабылдау камерасы бар торлар блогы 
 

     Торларға  дейінгі қабылдау камерасы өзгеріссіз қалады.

     Тексеру актіне байланысты қолданыстағы торлар жөнделеді. Каналдарға ірілігі 80 мм – лі жаңа торлар ( сирек )  қондырылады. Сирек торлар қалың  торларға үлкен ластардың түсуден сақтау керек. Қалың торлар үш каналдарда қондырылады. Төртінші апатты каналда қолмен істетілетін ірілігі 50 мм – лі тор қондырылады.

     Апатты  торлар механикалық  торлардың  бірі апатқа ұшыраған кезде  немесе жөндеу құрылыс жұмыстарын жасаған кезде  және де басқа да қажеттіліктер кезінде, соның ішінде жаңбыр жауғанда, тазалау ғимараттарына сарқынды судың экстримальды түсімін көбейткенде қосылады.

     Қалың  сатылы  торлар  ірі  механикалық   ластардан ағынды тиімді тазалау  үшін  6 мм тоғаншалар  арасында жарық саңылаулары бар.

     Торлардағы  ірі элементтері ( қоқыстар ) таспалы  конвеерге түседі, одан  олар қатты  бөліктер үшін  тығыздауға тасымалданады.

     Сусыздандырылғаннан соң торлардағы қалдықтар контейнерге  таспалы конвеермен беріледі.

     Тазалау ғимараттардағы қалдықтарды дәрілеу жүйесі өзгеріссіз  қалады.

     Қалың торлар таспалы конвеерлер, тығыздатқыштар қорғаныс қабырғалармен және үстіңгі  қақпамен жабылады, себебі климаттық  шарттардың қолайсыз жағдайларының  әсерінен олардың жұмыстарының істен  шығуынан қорғайды. 
 
 
 
 
 
 

     2.5.3 Көлденең құмұстағыштар 
 

     Көлденең  құмұстағыштар өзгеріссіз қалады.

     Сарқынды  судан негізінен минералды заттарды, құм, шлак және т.б заттарды бөлу үшін қызмет атқарады.

     Технологиялық процесстің түсіндірмесі.

     Құмұстағышқа  каналдан өтер жолда ағынның тірі қимасы бірден үлкейеді, сондықтан судың қозғалыс жылдамдығы азайып, ағындағы 85 – 90 % жүзуші және жылжымалы минералды бөләктер тұнбаға түседі. Құмұстағышта қалатын бөліктердің ірілігі – 0,25 мм және үлкен. Құмұстағыштың түбіне түскен тұнбаны гидроэлеваторлармен құмды алаңға алып барып тастайды.

     Құмды органикалық қоспалардан жуу  үшін құмұстағышта аэрация қолданады. Көлденеңді аэрациялы құмұстағыштардағы  ағының қозғалыс жылдамдығы 0,8  ден 0,12 м/сек болған  жағдайда жұмыс  орынды болады.

     Максимальды ағыс кезіндегі құмұстағышқа судың келу ұзақтығы 30 секундтан кем емес.

     Құмұстағышты  қолданудағы көрсеткіштер.

     Тексеру обьектілері:

  • 4 құмұстағыш;
  • Гидроэлеватор;
  • Құмұстағыштағы аэрация жүйелері;
  • Тексеру приборлары;
  • Қабылдау камерасы;
  • әкелуші және әкетуші науалар;
 
 

     2.5.4 Су өлшегіш науа ( Вентури науасы ) 
 

     Жобада  сарқынды судың  көлемін өлшейтін қондырғыны ауыстыру қарастырылған.  
 

     2.5.5 Бірінші сатылы  тұндырғыш алдындағы  сарқынды суды таратушы камера 
 

     Бірінші сатылы тұндырғыш алдындағы сарқынды суды таратушы камера өзгеріссіз қалады. 
 
 

     2.5.6 Бірінші сатылы тұндырғыштар 
 

     Бірінші сатылы тұндырғышта қарастырылған: қыстырма ауыстыру, сарқынды суды алып кететін жүйені ( суағарды ауыстыру ) ауыстыру және де қалқушы бөліктерді алып кететін жүйені  құрастыру. Екі тұндырғыш пайдалануда. Ал үшінші тұндырғыш апат кезінде немесе екі тұндырғыштың бірі жөнделу барысында және де қатты жаңбыр болған кезде  қолданылады.

     Бірінші тазалаудан соң ағындар аэротенктің  алдындағы құрама камераға жиналады, ал шөгуші бастапқы тұнбалар ,  бастапқы тұнбалар соғыш бекетіне, содан соң  ашық  ферментациялы камераға беріледі. Қалқыма заттар шикі тұнбалы құбырға беріліп, одан  сорғыштар арқылы шикі тұнбалар, ашық ферментациялы камераға беріледі.  
 

     2.5.7 Құм сепараторларының ғимараттары 
 

       Бұл құмұстағыштардың жанына құрылатын жобалы ғимарат. Бұл имаратта сарқынды судан құмды бөлетін екі сепаратор қондырылады. Ғимараттың қасына таспалы конвейермен берілетін, сусыздандырылған құмдар себілетін  контейнерге орын қарастырылған.

     Сусыздандырылған  құмнан алынған сүзінді  өздігінен ағып тазалау ғимараттарына қайталаннып тазалау үшін барады.

     Контейнерлердегі сусыздандырылған құмдарды қоқысқа немесе  уақытша  сусыздандырылған құмдарды сақтайтын қоймада  сақталады. 
 

     2.6  Сарқынды суды биологиялық тазалау 

     2.6. 1  Биологиялық тазалау 
 

     Сарқынды  суды биологияық  тазалау бұл  тазалаудың  екінші сатысы болып  келеді, мұнда активті  тұнбаның микроорганизмдердің ластаушы заттармен  өзара әрекеттесуі нәтижесінде  пайда болатын, сарқынды судағы ластарды физикалық және биохимиялық жолмен тазартылады.

     Сарқынды  суды биологиялық тазалаудың негізгі  ғимараттары екінші сатылы тұндырғышпен өзара әрекеттесетін, активті тұнбасы  бар екі аэротенк болып табылады.

Информация о работе Шымкент қаласын сумен қамту