қылымыстың көптігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 16:26, курсовая работа

Описание

Қылмыстық құқық дегеніміз – құқық саласының негізгі түрлерінің бірі ретінде қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың негізі мен шектерін, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың шарттарын айқындайтын құқықтың нормалардың жиынтығы. Жалпы қылмыстық құқықтың негізгі міндеттері - әлеуметтік құндылықтарды қорғау және қылмыстардың алдын алу (қылмыстарды болдырмау; қылмыстардың профилактикасы) болып табылады.

Содержание

Кіріспе

Негізгі бөлім

1.1. Қылмыстың көптігінің түсінігі;

1.2. Қылмыстардың көптігінің жекелеген қылмыстардан ерекшелігі

1.3. Қылмыстардың көптігінің ажыратылуы:

а) Қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуы;
б) Қылмыстардың жиынтығы;
в) Қылмыстардың қайталануы.
III Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің белгілі бір бабында немесе бабының бөлішінле көзделген екі немесе одан да көп әрекетті жасау.docx

— 57.19 Кб (Скачать документ)

    Мысал ретінде жалғасатын ұрлықты алуға  болады. Егер де кінәлі деп табылған адам қоймадағы азық – түлікті  белгілі бір уақыт аралығында азғантай мөлшерде алып шығып ұрлап  отырса, оның әрекеттерінде қылмыстың  көптілігі болмайды. Бұл орайда, қылмыскердің әр кезде ұрлап шығарған мүлкінің мөлшерінің маңызы жоқ. Әр жолғы  ұрланған мүлік мөлшері айтарлықтай  болып, келесі бір жолы келтірілген  залал елеусіз болғандықтан қоғамдық қауіптілікке жатпайтын және ҚК-тің 9-бабының екінші бөліміне сәйкес қылмыс болып табылмайтын күнде де бұл  ұрлық – жалғасатын деп танылғаны  орынды.

    Ұрлықпен  бірге тұтынушыларды алдау (ҚК 223-бап), ұрып – соғу (ҚК 106-бап), азаптау (ҚК 107-бап) және басқа да қылмыстар жалғасатын қылмыстар қатарында жиі ұшырасады.

    Қылмыстардың  бірнеше рет жасалуы дегеннің мағанасына тереңірек үңілер болсақ, ол – бір тұлғаның екі немесе одан да көп қылмыстар жасауы. Бұл  әрекеттері үшін тұлғаның сотталған  – сотталмағандығы ескерілмейді.  
Теория жүзінде де, практика жүзінде де қылмысты бірнеше рет жасау екі түрге бөлінеді: жалпы және арнайы.

    Қылмыстардың  қайталануының кез келген түрі, оның қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен  деңгейіне қарамастан жалпы бірнеше  рет қайталану деп табылады. Жалпы  бірнеше рет қайталану қылмыстардың саралануына ықпал жасамайды, бірақ  жаза тағайындау кезінде сот бұл  жағдайды жауаптылықты ауырлататын  мән – жай ретінде ескеруі  мүмкін. (ҚК-тің 54-бабының бірінші  бөлігінің “а” тармағы).  
Кінәлі тұлғаның ұқсас немесе біртекті екі немесе одан да көп қылмыс жасауы арнайы бернеше рет жасалу деп танылады. ҚК-тің 11-бабының бірінші бөлігінде дәл осындай бірнеше рет жасалу туралы айтылған: «Осы Кодекстің Ерекше бөлімінің белгілі бір бабында немесе бабының бөлігінде көзделген екі немесе одан көп әрекетті жасау – қылмыстардың бірнеше рет жасалуы деп танылады».
 

    Нақты жағдайлар тұрғысынан өзара айырмашылықтары  болғанымен, бірдей қылмыс құрамының  белгілерінен тұратын қылмыстар, ұқсас (бірдей) қылмыстар деп есептеледі.

    Мысалы, бір тұлғаның кісі өлтіру қылмысын екі рет жасауының бір –  бірінен қылмыстың жасалған уақыты, орны және басқа да нақты жағдайлары тұрғысынан өзара айырмашылығы болуы  мүмкін, бірақ бұл ҚК-тің 96-бабында  қарастырылған қылмыс құрамының  белгілері бойынша ұқсас (бірдей) болып келеді.  

    ҚК-тің  ерекше бөлімінің бірқатар нормаларында ұқсас қылмыстардың бірнеше мәрте  жасалуының орын алуы саралаушы мән-жайлар болып табылады. (ҚК-тің 96-бабының  екінші бөлігінің “а” тармағы; 120-бабының  екінші бөлігі және т.б.).  

    Заңмен  тікелей қарастырылған жағдайларда  біртекті қылмыстардың да бірнеше мәрте  жасалуы ескеріледі. Белгілі бір  объектіге немесе оған ұқсас объектіге  қайталап қиянат келтіруші, кінәнің  түрі бірдей және басқа да объективтік  және субъективті ұқсас белгілерден  тұратын қылмыстар (мысалы, ұрлық, тонау, қарақшылық, т.б.) біртекті қылмыстар  деп танылады. Біртекті қылмыстарды  есепке алу мүмкіндігі ҚК-тің 175-бабына қатысты 3-ші ескертуде тікелей қарастырылған, атап айтқанда онда былай делінген: «Осы Кодекстің 175-181-баптарындағы бірнеше  рет жасалған қылмыс деп осы бапта, сондай-ақ осы Кодекстің 248, 255, 260-баптарында көзделген бір немесе одан да көп  қылмыстардан кейін жасалған қылмыс танылады». Осыған орай, бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысы, бұған дейін де мүлік ұрланғандықтан ғана емес, сонымен  қатар, кінәлі тұлға жоғарыда аталған  қылмыстардың бірін бұрын жасаған  жағдайда да бірнеше рет жасалған деп танылатын болады. Бірнеше  рет жасалу ұғымы, кінәлі тұлғаның сотты  болған қылмыстарымен қатар, оның қылмыстық  жауаптылыққа әлі тартылмаған әрекеттерін  де қамтиды. Аяқталған немесе аяқталмаған  қылмыс деп саралануына, кінәлі тұлғаның бұл қылмыстардың орындаушысы немесе оған бірлесіп қатысушы болуына қарамастан, бұл әрекеттер – бірнеше рет  жасалған деп танылады.

    Бірнеше рет қайталанудың заң тұрғысынан алғандағы мәні мынада: біріншіден, жоғарыда айтылғанындай ҚК-тің 54-бабының  бірінші бөлігінің “а” тармағына  сәйкес сот оны жауаптылық пен  жазаны ауырлататын жағдай ретінде  қарастырылатындығында. Екіншіден, ҚК-тің 11-бабының бесінші бөлігіне орай «Қылмыстардың әлденеше рет жасалуы  осы Кодексте неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтыратын мән-жай ретінде көзделген жағдайларда адамның жасаған қылмысы осы Кодекстің Ерекше бөлімінің қылмыстарды бірнеше мірте жасағаны үшін жазалауды көздейтін бабының тиісті бөлігі бойынша айқындалады» деп көрсетілетіндігінде.

    Қылмыстардың  жиынтығы 

    Қылмыстық Кодекстің түрлі баптарында немесе баптарының бөліктерінде көзделген, адам солардың бірде – біреуі үшін сотталмаған  немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан  босатылмаған екі немесе одан да көп  әрекеттерді жасау қылмыстардың жиынтығы деп танылады. Қылмыстардың жиынтығында адам, егер жасалған әрекеттердің белгілері осы Кодекстің бір  бабының немесе бабының бір бөлігінің  неғұрлым қатаң жаза қолдануды көздейтін  нормасымен қамтылмаған болса, әрбір  жасалған қылмыс үшін осы Кодекстің  тиісті бабы немесе бабының бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.

    Осы Кодекстің екі немесе одан да көп  баптарында көзделген қылмыстардың белгілері бар бір іс – әрекет (әрекетсіздік) те қылмыстардың жиынтығы деп танылады. Адам қылмыстардың мұндай жиынтығында, егер бір әрекеттің  белгілері осы Кодекс бабының  басқа әрекет үшін неғұрлым қатаң  жаза қолдануды көздейтін нормасымен қамтылмаған болса, әрбір қылмыс үшін осы Кодекстің тиісті баптары  бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.

    Егер  белгілі бір және нақ сол әрекет осы Кодекстің тиісті баптарының жалпы және арнайы нормаларының белгілеріне  сәйкес келсе, қылмыстардың жиынтығы болмайды және қылмыстық жауаптылық осы Кодекстің Ерекше бөлімінің арнаулы норманы қамтитын бабы бойынша туындайды. 

    ҚК-тің 12-бабының бірінші бөлімінде қылмыстардың жиынтығына ол «осы кодекстің түрлі  баптарында немесе баптарының бөліктерінде көзделген, адам солардың бірде –  біреуі үшін сотталмағаны немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық  жауаптылықтан босатылмаған екі  немесе одан да көп әрекеттерді жасауы»  деген анықтама берілген.

    Басқаша айтқанда, кінәлі тұлғаның жасаған  қоғамдық қауіпті әрекеттерінің  жиынтығы кезінде, қылмыстың екі  немесе одан да көп құрамдары орын алады. Және де ескерілетін жай –  кінәлінің жасаған істері ҚК Ерекше бөлімінің түрлі баптарында немесе бір баптың түрлі бөлімшелері  мен пункттерінде қарастырылған  қылмыстардың белгілеріне сай болу керек. Тұлғаның біртекті әрекеттер  жасауы, ол әрекеттердің кейбіреулері аяқталған қылмыс, қалғандары қылмыс жасауғы даярлау, оқталу немесе бірлесіп қатысу сияқты болып бағаланса да – қылмыстардың жиынтығы болып табылады.

    Құрамына  кіретін істердіңешқайсысы үшін тұлға бұрын сотталмаған жағдайда ғана оның істері қылмыстар жиынтығы болып есептеледі. Ал бұдан өзге жағдайларда ол қылмыстың жиынтығы емес, қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы немесе қайталануы болады. Іс жүзінде, субъектінің қылығында қылмыстың көптілігінің бірнеше түрлері, атап айтқанда , қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуы мен жиынтығы, қылмыстардың жиынтығы мен қайталануы бірден байқалатындығы жиі ұшырасады. Қылмыстардың жиынтығының түрлерінің әрқайсысының заңды салдары дербес туындайды. Бұдан басқа, жиынтықтың құрамына енетін қылмыстар бойынша, жоғарыда айтылғанындай, қылмыстық жауаптылыққа тартылудың ескіру мерзімінің кетпеуі, осы қылмыстардың біреуі бойынша қылмысты жауаптылықтан заң жүзінде тағайындалған негіздер арқылы бұрын босатылмағандық болуы қажет. 

    Қылмыстар жиынтығының екі түрі болады: идеалды  – (идеальная) және нақты(реальной).

    Кінәлі  тұлға өзінің бір ғана әрекеті  арқылы, қылмыстық заңның әр түрлі  баптары бойынша бағаланатын  екі немесе одан да көп қылмыс жасаған  жағдайда идеалды * жиынтық орын алады. Қылмыстар жиынтығының бұл түр ҚК-тің 12-бабының екінші бөлімінде тікелей қарастырылған. Идеалды жиынтық үшін кінәлінің жасаған ісінің бір – ақ рет орын алуының, әлде ол істің әжептәуір ұзақ уақыт аралығында жасалып келетіндігінің еш әсері (маңызы) жоқ. Үйдің ішіндегі адамды өлтіру мақсатымен сол үйді өртеп жіберу – идеалды жиынтықтың айқын, нақты үлгісі. Бұл мысалда жалғыз әрекет арқылы бірден екі қылмыс жасалып отыр, яғни бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру (ҚК 187-бап 2-бөлім), әрі кісі өлтіру (ҚК 96-бап). Бұл жерде, кінәлі адамның үйдің ішіндегі кісіні өлтіру жөніндегі ниетінің болу – болмауы істің айқындаушысы болып табылады. Егер де кісі өлтіру жөнінде ниет болмаған жағдайда, бұл іс өзіне тиісті жағдайларға қарай бір ғана қылмыс ретінде бағаланады, атап айтқанда: бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдірудің абайсызда адам өліміне әкеліп соқтыруы (ҚК 187-бап 3-бөлім).  

    Тұлғаның  өзінің әр түрлі әрекеттері арқылы қылмыстық заңның түрлі баптарына (бір баптың бөлімдері мен тармақтарына) сай келетін бірнеше қылмыс жасауы нақты жиынтық деп қарастырылады.

    Мысалы, тұлға алдымен ұрлық, сосын қарақшылық шабуыл жасайды.

    Нақты жиынтықтың идеаоды жиынтықтан айырмашылығы – тұлғаның жасаған қылмыстарының арасында уақыт үзілісінің болу – болмауында. Бұл үзіліс тіпті азғантай ғана болып, бір қылмысқа екінші қылмыс ұласып отыруы мүмкін.

    Қылмыстар жиынтығының идеалды және нақты  болып бөлінуінің теориялық қана емес, практикалық тұрғыдан да зор  маңызы бар.

    Біріншіден, нақты жиынтықтың болуы, әдетте, қылмыс жасаған адамның қоғам үшін анағұрлым  қауіпті екендігін дәлелдейді. Ал мұның өзі жаза тағайындау кезінде  соттың неғұрлым қатаң шара қолдануына әкеліп соқтырады, себебі алғашқы қылмыстың  жасалуы екінші қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде ауырлатушы жағдай ретінде  танылуы мүмкін (ҚК 54-бап бірінші  бөлім «а» тармағы). 

    Екіншіден, қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі идеалды және нақты жиынтық  кезінде әр түрлі есептеледі.  

    Үшіншіден, нақты жиынтық заңмен қарастырылатын жағдайларда бірнеше мәрте жасаудың бағалаушы белгілерін құрауы мүмкін (ҚК 175-бап). Ал идеалды жиынтық кезінде  бұл жағдай мүлдем болмайды. 

    Қылмыстардың  жиынтығын бір қылмыс ҚК-тің Ерекше бөлімінің бірнеше баптарымен бірден қамтылатын кездегі нормалардың  бәсекелестігінен ажырата білу керек. Жиынтықпен салыстырғанда, нормалар бәсекесі кезінде бір ғана қылмыс жасалады және сот ҚК-тің баптарының ішінен осы әрекетті бағалайтындай біреуін  ғана таңдап алуы тиіс.

    Ал  норманың жалпы және арнайы түрлерінің бәсекесі кезінде арнайы норма қолданылуы тиіс. ҚК-тің 12-бабының үшінші бөлімінде  былай делінген: «Егер белгілі  бір және нақ сол әрекет осы  кодекстің тиісті баптарының жылпы  және арнаулы нормаларының белгілеріне  сәйкес келсе, қылмыстардың жиынтығы болмайды және қылмыстық жауаптылық осы кодекстің  Ерекше бөлімінің ар – наулы норманы  қамтитын бабы бойынша туындайды». Мысалы, сотты оның заңды қызметіне  кедергі жасау үшін өлтіру ҚК-тің  қызметтік іс – әрекетін жүзеге асыруына байдланысты кісі өлтіру үшін жауаптылықты қарастыратын 96-баптың 2-бөлімінің  «б» тармағына сәйкес емес, ҚК-тің  сот төрелігін немесе алдын ала  тергеуді жүзеге асырушы адамдардың өміріне қол сұғу үшін жаза тағайындайтын 340 – шы бабы бойынша бағалау керек, себебі екінші норма біріншіге байланысты арнайы болып табылады. 

    Егер  де арнайы нормалардың өзара бәсекесі туындаса, жазаның қандай түрі қарастырылатынына қарамастан, ең арнайы норма қалауы тиіс. Бағаланған және ерекше бағаланған құрамдардан тұратын нормалардың бәсекесі кезінде, қылмыстың ерекше  бағаланған нормасынан тұратын норма қолданылуы тиіс. Мысалы, ұйымдасқан топтың бірнеше рет  жасаған ұрлығы бағалаушы белгі ретінде бірнеше рет жасалуды қарастыратын 175-баптың екінші бөлімі мен осы баптың ерекше бағалаушы белгі ретінде қылмысты ұйымдасқан топтың жасауын қарастыратын үшінші бөлімнің жиынтығы арқылы бағаланбауы тиіс. Бұл жерде кінәлінің әрекеттері аталған баптың неғұрлым бағаланған құрамынан тұратын үшінші бөлімі бойынша бағалануы тиіс. Ал айыптау тұжырымдасы бағалаушы белгілердің барлығында, яғни әрі бағаланған, әрі ерекше бағаланған құрамдарды құрастырушы белгілерді қаму тиіс. Артықшылықтары бар екі құрамның бәсекелестігі кезінде (жеңілдетуші мән – жайлары бар) артықшылығы молдау құрамға жол беріледі. Мысалы, жан күйзелісі жағдайында қажетті қорғаныс шегінен шығып, осының салдарынан, өзіне шабуыл жасаған адамды өлтірген тұлғаның әрекеттері бірден екі бап бойынша, яғни ҚК-тің 98, 99-баптары қолдануы тиіс, себебі оның жазалаушы шарасы жеңілдеу. 

    Бағаланған  және артықшылығы бар құрамдардан  тұратын нормалардың бәсекесі артықшылығы  бар құрамнан тұратын норманың пайдасына  шешіледі. Мысалы, кенет пайда болған жан күйзелісі жағдайында, жәбірленушінің заңға қарсы әрекеттеріне байланысты субъекті екі адам өлтірсе, оның әрекеттері 96-баптың 2-бөлімінің «а» тармағы  бойынша емес, ҚК-тің 98-бабының 2-бөлімі бойынша бағалануы тиіс.

Информация о работе қылымыстың көптігі