қылымыстың көптігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 16:26, курсовая работа

Описание

Қылмыстық құқық дегеніміз – құқық саласының негізгі түрлерінің бірі ретінде қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың негізі мен шектерін, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың шарттарын айқындайтын құқықтың нормалардың жиынтығы. Жалпы қылмыстық құқықтың негізгі міндеттері - әлеуметтік құндылықтарды қорғау және қылмыстардың алдын алу (қылмыстарды болдырмау; қылмыстардың профилактикасы) болып табылады.

Содержание

Кіріспе

Негізгі бөлім

1.1. Қылмыстың көптігінің түсінігі;

1.2. Қылмыстардың көптігінің жекелеген қылмыстардан ерекшелігі

1.3. Қылмыстардың көптігінің ажыратылуы:

а) Қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуы;
б) Қылмыстардың жиынтығы;
в) Қылмыстардың қайталануы.
III Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің белгілі бір бабында немесе бабының бөлішінле көзделген екі немесе одан да көп әрекетті жасау.docx

— 57.19 Кб (Скачать документ)

    Бөлшек  пен бүтіннің бәсекелестігі кезінде  қылмыстардың жиынтығы болмайды (бір  қылмысты әрекет басқа қылмыстың  мінтетті белгісі болып табылған кезде).

    Дағдылы мысал ретінде қарақшылықты айтуға болады (ҚК 179-бап). Шабуыл кезінде жәбірленушінің өмірі не денсаулығы үшін қауіпті  болып табылатын күш қолдану  оның міндетті белгілерінің бірі болып  табылады. Егер де қарақшылық шабуыл жасау  барысында кінәлі жәбірленушінің денсаулығына залал келтірсе, оның әрекеттері ҚК-тің  осындай залал тигізгендік үшін жауаптылық қарастыратын баптарының жиынтығы арқылы бағалануды қажет етеді. Бұл  жағдайда, істелінгеннің барлығына  неғұрлым толық заңды баға беруші норма, яғни ҚК-тің 179-бабы қолданылады. 

    Егер  де, басқа қылмысты жасаудың тәсілі болып табылатын әрекет, бұл қылмыс құралынын заң арқылы құрастырылатын міндетті белгісі болып табылмаса, мұндай әрекет жеке қылмыс ретінде танылып, істелгеннің барлығы ҚК-тің Ерекше бөлімінің тиісті баптарының жиынтығы бойынша бағаланады.

    Мысалы, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті  иеленіп алудың немесе ысырап етудің жолы болып табылатын қызметтік  жалғандық жасау, ҚК-тің мұндай мүлік  ұрлау үшін жауаптылық қарастыратын баптарының (ҚК 176, 180-баптары) белгілерімен қамтыла алмайды, сондықтан ол ҚК-тің 314-бабы бойынша қосымша бағалануы  тиіс.

    Қылмыстардың  жиынтығының заң тұрғысынан маңыздылығы, оның орын алған кезінде, ҚК-тің 12-бабының 1-бөліміне сәйкес «тұлғаның әрбір  жасалған қылмыс үшін осы Кодекстің  тиісті бабы немесе бабының бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылатындығында».

ҚК-тің 12-бабының бірінші бөлігінде айтылғандай  «ҚК-тің түрлі баптарында немесе баптарының бөліктерінде көзделген, адам солардың бірде-біреуі үшін сотталмаған  немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан  босатылмаған екі немесе одан да көп  әрекеттерді жасау қылмыстардың жиынтығы деп танылады». Қылмыстардың жиынтығында адам, егер жасалған әрекеттердің белгілері ҚК-тің бір бабының  немесе бабының бір бөлігінің  неғұрлым қатаң жаза қолдануды көздейтін  нормасымен қамтылмаған болса әрбір  жасалған қылмыс үшін ҚК-тің тиісті бабы немесе бабының бөлігі бойынша  қылмыстық жауапқа тартылады.

 
       Басқаша айтқанда, кінәлі тұлғаның жасаған қоғамдық қауіпті әрекеттерінің жиынтығы кезінде, қылмыстың екі немесе одан да көп құрамдары орын алады. Және де ескерілетін жай – кінәлінің жасаған істері ҚК-тің Ерекше бөлімінің түрлі баптарында немесе бір бабының әр түрлі бөліктері мен тармақтарында қарастырылған қылмыстардың белгілеріне сай болуы керек. Тұлғаның біртекті әрекеттер жасауы, ол әрекеттердің кейбіреулері аяқталған қылмыс, қалғандары қылмыс жасауға даярлану, оқталу немесе бірлесіп қатысу сияқты болып сараланса да – қылмыстардың жиынтығы болып табылады. Құрамына кіретін істердің ешқайсысы үшін тұлға бұрын сотталмаған жағдайда ғана қылмыстар жиынтығы орын алады. Ал бұдан өзге жағдайларда ол қылмыстың жиынтығы емес, қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы немесе қайталануы болады. Іс жүзінде, субъектінің қылығында қылмыстың көптігінің бірнеше түрлері, атап айтқанда, қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуы мен жиынтығы, қылмыстардың жиынтығы мен қайталануы бірден байқалатындығы жиі ұшырасады. Қылмыстардың жиынтығының түрлерінің әрқайсысының заңды салдары дербес туындайды. Бұдан басқа, жиынтықтың құрамына енетін қылмыстар бойынша, жоғарыда айтылғанындай, қылмыстық жауаптылыққа тартылудың ескіру мерзімінің өтіп кетпеуі, осы қылмыстардың біреуі бойынша қылмыстық жауаптылықтан заң жүзінде тағайындалған негіздер арқылы бұрын босатылмағандықтан болуы қажет.
 

    Қылмыстар жиынтығының екі түрі болады: идеалды  және нақты. Кінәлі тұлға өзінің бір ғана әрекеті арқылы, қылмыстық заңның әртүрлі баптары бойынша сараланатын екі немесе одан да көп қылмыс жасаған жағдайда идеалды жиынтық орын алады. Қылмыстар жиынтығының бұл түрі ҚК-тің 12-бабының екінші бөлігінде тікелей қарастырылған. Идеалды жиынтық әрекеттермен қатар, әрекетсіздіктен де құралуы мүмкін. Идеалды жиынтық үшін кінәлінің жасаған ісінің бір-ақ рет орын алуының, немесе ол істің әжептәуір ұзақ уақыт аралығында жасалып келгендігінің еш маңызы жоқ.  

    Үйдің ішіндегі адамды өлтіру мақсатымен сол  үйді өртеп жіберу – идеалды жиынтықтың айқын, нақты үлгісі. Бұл мысалда  жалғыз әрекет арқылы бірден екі қылмыс, яғни бөтен мүлікті қасақана жою  немесе бүлдіру (ҚК-тің 187-бабының екінші бөлігі), әрі кісі өлтіру (ҚК-тің 96-бабы) жасалып отыр. Бұл жерде, кінәлі адамның  үйдің ішіндегі болу-болмауы істің  айқындаушысы болып табылады. Егер де кісі өлтіру жөнінде ниет болмаған жағдайда, бұл іс өзіне тиісті жағдайларға  қарай бір ғана қылмыс ретінде  сараланады, атап айтқанда, бөтен мүлікті  қасаөана жою немесе бүлдірудің абайсызда  адам өліміне әкеліп соқтыруы (ҚК-тің 187-бабының үшінші бөлігі).  

    Тұлғаның  өзінің әртүрлі әрекеттері арқылы қылмыстық  заңның түрлі баптарына (бір баптың бөліктері мен тармақтарына) сай  келетін бірнеше қылмыс жасауы нақты  жиынтық деп қарастырылады. Мысалы, адам алдымен ұрлық, содан кейін құрақшылық жабуыл жасайды.

    Нақты жиынтықтың идеалды жиынтықтан айырмашылығы – тұлғаның жасаған қылмыстарының  арасында уақыт үзілісінің болу –  болмауында. Бұл үзіліс тіпті азғандай ғана болып, бір қылмысқа екінші қылмыс ұласып отыруы мүмкін. Қылмыстар жиынтығының идеалды және нақты болып бөлінуінің теориялық ғана емес, практикалық тұрғыдан да маңызы зор.  

    Біріншіден, нақты жиынтықтың болуы, әдетте, қылмыс жасаған адамның қоғам үшін анағұрлым қауіпті екендігін дәлелдейді. Ал мұның өзі жаза тағайындау кезінде соттың неғұрлым қатаң шара қолдануына әкеліп соқтырады, себебі алғашқы қылмыстың жасалуы екінші қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде ауырлатушы жағдай ретінде танылуы мүмкін (ҚК-тің 54-бабының бірінші бөлігінің “а” тармағы). 

    Екіншіден, қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі идеалды және нақты жиынтық кезінде әрқалай есептеледі.  

    Үшіншіден, нақта жиынтық заңмен көзделген  жағдайларда бірнеше мәрте қайтлаудың саалаушы белгілерін құрауы мүмкін (ҚК-тің 175-бабына қатысты 3-ші ескерту). Ал идеалды  жиынтық кезінде бұл жағдай мүлдем болмайды.

    Қылмыстардың  жиынтығын бір қылмыстың ҚК-тің  Ерекше бөлімінің бірнеше баптарымен бірден қамтылатын кезіндегі нормалардың  бәсекелестігінен ажырата білу керек. Жиынтықпен салыстырғанда, нормалар бәсекесі кезінде бір ғана қылмыс жасалады және сот ҚК-тің баптарының ішінен осы әрекетті саралайтындай біреуін ғана таңдап алуы тиіс.  
Ал норманың жалпы және арнайы түрлерінің бәсекесі кезінде арнайы норма қолдануы тиіс. ҚК-тің 12-бабының үшінші бөлігінде былай делінген: “Егер белгілі бір және нақ сол әрекет осы Кодекстің тиісті баптарының жалпы және арнаулы нормаларының белгілеріне сәйкес келсе, қылмыстардың жиынтығы болмайды және қылмыстық жауаптылық осы Кодекстің Ерекше бөлімінің арнаулы норманы қамтитын бабы бойынша туындайды”. Мысалы, судьяны оны заңды қызметіне кедергі жасау үшін өлтіруді ҚК-тің қызметтік іс - әрекетін жүзеге асыруына байланысты кісі өлтіру үшін жауаптылық көзделген 96-бабының екінші бөлігінің “б” тармағына сәйкес емес, ҚК-тің сот төрелігін немесе алдын – ала тергеуді жүзеге асырушы адамдардың өміріне қол сұғу үшін жаза тағайындайтын 340-бабы бойынша саралау керек, себебі екінші норма біріншіге қатысты арнайы болып табылады.
 

    Егер  де арнайы нормалардың өзара бәсекесі туындаса, жазаның қандай түрі қарастырылатынына  қарамастан, арнайы норма қолдануы тиіс. Сараланған және ерекше сараланған құрамдардан нормалардың бәсекесі кезінде, қылмыстың ерекше сараланған нормасынан тұратын норма қолдануы тиіс. Мысалы, ұйымдасқан топтың бірнеше рет жасаған ұрлығы саралаушы белгі ретінде бірнеше рет жасалуды қарастыратын 175-баптың екінші бөлігі мен осы баптың ерекше саралаушы белгі ретінде қылмысты ұйымдасқан топтың жасауын қарастыратын үшінші бөлігінің жиынтығы арқылы сараланбауы тиіс. Бұл жер де кінәлінің әрекеттері аталған баптың едәуір сараланған құрамнан тұратын үшінші бөлігі бойынша саралануы тиіс. Ал айыптау қорытындысы саралаушы белгілердің бәрінде яғни әрі сараланған, әрі ерекше сараланған құрамдарды құрастырушы белгілерді қамтуы тиіс.  

    Артықшылықты  екі құрамның бәсекелестігі кезінде (жеңілдетуші мән-жайлары бар) артықшылығы  басым құрамға жол беріледі. Мысалы, жан күйзелісі жағдайында қажетті қорғаныс шегінен шығып, осының салдарынан, өзіне шабуыл жасаған адамды өлтірген тұлғаның әрекеттері бірден екі бап бойынша, яғни ҚК-тің 98 және 99-бабы бойынша саралануға тиіс, себебі оның жазалаушы шарасы жеңілдеу.

    Сараланған  және артықшылықты бар құрамдардан  тұратын нормалардың бәсекесі артықшылықты құрамнан тұратын норманың пайдасына  шешіледі. Мысалы, кенет пайда болған жан күйзелісі жағдайында, жәбірленушінің заңға қарсы әрекеттеріне байланысты субъекті екі адам өлтірсе, оның әрекеттері 96-баптың екінші бөлігінің “а” тармағы бойынша емес, ҚК-тің 98-бабының екінші бөлігі бойынша саралануы тиіс.

    ҚР  Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы қаулысы.  

    Бөлшек  пен бүтіннің бәсекелестігі кезінде  де қылмыстардың жиынтығы болмайды (бір  қылмысты әрекет басқа қылмыстың  міндетті белгісі болып табылған кезде). Әдеттегідей мысал ретінде  қарақшылықты айтуға болады (ҚК-тің 179-бабы). Шабуыл кезінде жәбірленушінің өмірі  не денсаулығы үшін қауіпті болып  табылатын күш қолдану оның міндетті белгілерінің бірі болып табылады. Егер де қарақшылық шабуыл жасау барысында  кінәлі жәбірленушінің денсаулығына залал  келтірсе, оның әрекеттері ҚК-тің осындай  залал тигізгендік үшін жауаптылық қарастыратын баптарының жиынтығы арқылы саралануды қажет етпейді. Бұл жағдайда істелгеннің бәріне неғұрлым толық  заңды саралаушы норма, яғни ҚК-тің 179-бабы қолданылады.  

    Егер  де басқа қылмысты жасаудың тәсілі болып табылатын әрекет, бұл қылмыстың  заң арқылы қарастырылатын міндетті белгісі болып табылмаса, мұндай әрекет жеке қылмыс ретінде танылып, істелген әрекеттердің барлығы ҚК-тің  Ерекше бөлімінің тиісті баптарының жиынтығы бойынша сараланады. Мысалы, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алудың немесе ысырап етудің жолы болып табылатын қызметтік жалғандық жасау, ҚК-тің мұндай мүлік ұрлау үшін жауаптылық қарастырылатын баптарының (ҚК-тің 176, 180-баптарының) белгілерімен қамтыла алмайды, сондықтан ол ҚК-тің 314-бабы бойынша қосымша саралануы тиіс. Қылмыстардың жиынтығының заң тұрғысынан алғандағы мәні, оның орын алған кезінде, ҚК-тің 12-бабының бірінші бөлігіне сәйкес тұлғаның әрбір жасалған қылмысы үшін ҚК-тің тиісті бабы немесе бабының бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылатындығында.  

    Қылмыстың қайталануы

    Бұран қасақана жасаған қылмыс үшін соттылығы  бар адамның қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады.

    Қылмыстың қайталануы:

    а) егер адам бұрын қасақана жасаған  қылмысы үшін екі рет бас бостандығынан  айыруға сотталған болса, осы  адам қасақана жасаған қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған  жағдайда; 

    б) егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса, ол ауыр қылмыс жасаған жағдайда қауіпті деп  танылады.

    Қылмыстардың  қайталануы:

    а) егер адам бұрын ауыр қылмыс

    немесе  ауырлығы орташа қасақана қылмыс жасағаны үшін кемінде үш рет бас бостандығынан  айыруға сотталған болса, осы  адам қасақана жасаған қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған  жағдайда; 

    б) егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін екі рет бас бостандығынан  айыруға сотталса немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса, осы адам жасаған ауыр қылмысы  үшін бас бостандығынан айырылған  жағдайда; 

    в) егер адам бұрын ауыр немесе асам ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса, ол аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда аса қауіпті деп танылады.

    Он  сегіз жасқа толмаған адамның  жасаған қылмысы үшін соттылығы, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген  тәртіп бойынша алынып тасталған  немесе жойылған соттылық қылмыстың  қайталануын тану кезінде ескерілмейді.

    Қылмыстардың  қайталануы осы Кодексте көзделген  негіздер мен шектерде неғұрлым қатаң  жазаға әкеп соқтырады.

    Қайталану – қылмыстың бірнеше мәрте  жасалуының бір түрі болып табылады. ҚК-тің 13-бабының 1-бөліміне сәйкес ол «бұрын қасақана қылмысы үшін соттылығы  бар адамның қасақана қылмыс жасауы». ҚК-тің осы бабының төртінші бөліміне сәйкес «Он сегіз жасқа толмаған адамның жасаған қылмысы үшін соттылығы, сондай – ақ осы Кодекстің  белгіленген тәртіп бойынша алынып тасталған немесе жойылған соттылық, қылмыстың қайталануын тану кезінде  ескерілмейді: қылмыстардың қайталануы қылмыскердің қоғам үшін қауіптілігінің жоғары екендігін білдіреді, себебі оған алғашқы қылмысы үшін қолданылған жазаның мақсаты орындалмады. Қылмыстың қайталануының орын алуы кінәлі қылмыстық жауаптылыққа тартылар кезде міндетті түрде ескерілуі тиіс. 

    Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты 1994 жылғы 25 мамырда №1 «Соттардың қайталанған  қылымыстар туралы қылмысты істерді  қарастыру тәжірибесі туралы» қаулысында бұрын болған соттылықтар, бұған  дейін тағайындалған және шын  мәнінде өтелген жазалар, жазадан  босатылу негіздері туралы  мәліметтерді жан – жақты және мұқият тексеріп, сонымен қатар, сотталушының жеке басы туралы басқа да деректерді» анықтап, білу керектігін атап көрсетті.

    Жасалатын қылмыстардың сипатына қарай қайталану  – жалпы және арнайы болып бөлінеді.

    Жалпы қайталану – бұрын соттылығы  бар тұлғаның кез келген жаңа қылмыс жасауы. Мысалы, алаяқтық үшін сотталған  тұлға бұзақылық жасауы мүмкін.

    Жалпы қайталанудың заңдылық тұрғысынан маңыздылығы- оның қылмыстардың бағалануына әсерін тигізбестен, жеке жауаптылық анықтау  мен жаза тағайындау кезінде ескерілуінде (ҚК-тің 54-бабының 1-бөлімінің «а» тармағы бойынша жалпы қайталану жауаптылық пен жазаны ауырлатушы жағдай болып табылады). Егер де қылмыстың қайталануы бұрынғы жасалған қылмыс үшін жазаны өтеу кезінде болса, жаза ҚК-тің 60-бабымен үкімдердің жиынтығы үшін бекіңтілген ережелер бойынша тағайындалады. Егер бұрын жасалған қылмыс үшін сотталушы бас бостандығынан айыру жазасын өтеген болса, қайта жасаған қылмыс үшін бас бостандығынан айыру қатаң режимдегі түзеу калониясына тағайындалады.

Информация о работе қылымыстың көптігі