қылмыстың көптілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 16:31, реферат

Описание

Қылмыстық құқық дегеніміз – құқық саласының негізгі түрлерінің бірі ретінде қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың негізі мен шектерін, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың шарттарын айқындайтын құқықтың нормалардың жиынтығы. Жалпы қылмыстық құқықтың негізгі міндеттері - әлеуметтік құндылықтарды қорғау және қылмыстардың алдын алу ( қылмыстарды болдырмау; қылмыстардың профилактикасы) болып табылады.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім

1. Қылмыстардың көптігінің жекелеген қылмыстардан
ерекшелігі
2. Қылмыстардың көптігінің ажыратылуы:
а) Қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуы;
б) Қылмыстардың жиынтығы;
в) Қылмыстардың қайталануы.
III. Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Ильмира кылмытын коптиги.doc

— 151.00 Кб (Скачать документ)


                                         

                                                 Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім


              1. Қылмыстардың көптігінің жекелеген қылмыстардан

                   ерекшелігі

             2. Қылмыстардың көптігінің ажыратылуы:

                а) Қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуы;

                б) Қылмыстардың жиынтығы;

                в) Қылмыстардың қайталануы.

III. Қорытынды
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          

2

                                                       Мазмұны:

I. Кіріспе....................................................................................................................4

II. Негізгі бөлім........................................................................................................6


              1. Қылмыстардың көптігінің жекелеген қылмыстардан

                   ерекшелігі.........................................................................................................9

             2. Қылмыстардың көптігінің ажыратылуы:.......................................................11

                а) Қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуы;...................................................11

                б) Қылмыстардың жиынтығы;.........................................................................13

                в) Қылмыстардың қайталануы.........................................................................18

     III. Қорытынды..........................................................................................................21

     ІV. Қолданылған әдебиеттер ..................................................................................24



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

І.Кіріспе


                       Қылмыстық құқық дегеніміз – құқық саласының негізгі түрлерінің бірі ретінде қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың  негізі мен шектерін, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың шарттарын айқындайтын құқықтың нормалардың жиынтығы. Жалпы қылмыстық құқықтың негізгі міндеттері - әлеуметтік құндылықтарды қорғау және қылмыстардың алдын алу ( қылмыстарды болдырмау; қылмыстардың профилактикасы) болып табылады.
                        Заң әдебиеттерінде қылмыстық құқықтың тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыратындығы туралы пікірлер айтылған. Біздің мұнымен келісуміз керек. Себебі: азаматтардың бойына заң құрметтешілік дағдысын, мораль талаптарына жауап беретін тәртіп қалыптастыру барлық құқық салаларының алдында тұрған міндет. Сондықтан, қылмысты құқық – азаматтық, әкімшілік тағы басқа да құқық салаларындай тәрбиелік мәні бар әсер ету шаралары қолдануы қажет.
                      Жалпы бұл жұмыста, қылмыстардың көптігінің түсігіні, оның жекелеген қылмыстардан ерекшелігі, ажыратылуы туралы айтылып кеткен.
                    Тұлғаның қылмыстық жауапқа тартылуының ескіру мерзімі өтпеген немесе соттылығы жойылмаған не алынып тасталмаған немесе қылмыстық жауапқа тартылу заңға сәйкес тоқтатылмаған екі не одан да көп қылмыс жасауы қылмыстық құқыққа қылмыстардың көптігі деп танылады. Бір ғана тұлғаның бірнеше рет қылмысқа баруы – қоғам үшін аса қауіпті болып табылады. Біріншіден, қылмыстық құқықтық қорғауындағы қоғамдық қатынастарға тиетін зиян объективті түрде анағұрлым арта түседі. Екіншіден, бір тұлғаның жасаған қылмыстары әртүрлі объектілерге қиянат келтіретін болса, зиян келетін қоғамдық қатынастардың қатарының өзі де кеңейе түсуі мүмкін. Және де, бір тұлғаның бір ғана емес, бірнеше қылмыс жасауының өзі әдетте, бұл қылмыскердің бойында тұрақты түрде қоғамға қарсы бағыт қалыптасқандығын дәлелдейді. Мұның өзі жағдайдың тең қарастырылуы барысында бұл тұлғаға неғұрлым қатал қылмыстық – құқықтық ықпалдың қолданылуын талап етеді.Сонымен қатар, бір тұлғаның бірнеше қылмыс жасауы, оның істегендерінің дұрыс саралануы мәселесін де туындатады.

4

                       Қылмыстардың көптігі 3 түрге  ажыратылады:
     1) қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы;
     2) қылмыстардың жиынтығы;
     3) қылмыстың қайталануы.
                 Қылмыстардың көптігін жекелеген қылмыстан, яғни қылмыстың бір ғана құрамының белгілерінен тұратын әрекеттен  ажырата білу керек. Егер де жасалған қылмыс қарапайым құрамның белгілерінен тұратын қылмысты   қылықтың бір ғана көрінісі болса, әрине, жекелеген қылмыс түрін қылмыстардың көптігінен ажыратып алу, әдетте, қиынға соқпайды.



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5

                                                   II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ


                          Қылмыстардың көптігінің түсінігі. Бір ғана тұлғаның бірнеше рет қылмысқа баруы – қоғам үшін аса қауіпті болып табылады. Біріншіден, қылмыстық құқықтық қорғауындағы қоғамдық қатынастарға тиетін зиян объективті түрде анағұрлым арта түседі. Екіншіден, бір тұлғаның жасаған қылмыстары әртүрлі объектілерге қиянат келтіретін болса, зиян келетін қоғамдық қатынастардың қатарының өзі де кеңейе түсуі мүмкін. Және де, бір тұлғаның бір ғана емес, бірнеше қылмыс жасауының өзі әдетте, бұл қылмыскердің бойында тұрақты түрде қоғамға қарсы бағыт қалыптасқандығын дәлелдейді. Мұның өзі жағдайдың тең қарастырылуы барысында бұл тұлғаға неғұрлым қатал қылмыстық – құқықтық ықпалдың қолданылуын талап етеді.Сонымен қатар, бір тұлғаның бірнеше қылмыс жасауы, оның істегендерінің дұрыс саралануы мәселесін де туындатады.Тұлғаның қылмыстық жауапқа тартылуының ескіру мерзімі өтпеген немесе соттылығы жойылмаған не алынып тасталмаған немесе қылмыстық жауапқа тартылу заңға сәйкес тоқтатылмаған екі не одан да көп қылмыс жасауы қылмыстық құқыққа қылмыстардың көптігі деп танылады. Қазіргі қылмыстық заңдар бойынша қылмыстардың көптігінің төмендегідей түрлері айқындалып,ажыратылады:
       1. қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы;

       2. қылмыстардың жиынтығы;

       3. қылмыстың қайталануы.

      Қылмыстардың көптігінің айрықша белгісі – мұнда бір адам кем дегенде екі қылмыс жасаған болуы керек, әрі олардың әрбірі дербес қылмыс құрамдарын құрайтындай болуы керек.

Қылмыстардың көптігін жеке қылмыстардан ажырата білген жөн. Жеке қылмыстар мен қылмыстардың көптігін ажырату, тергеу және сот қызметінде ерекше маңызға ие. Өйткені, жеке қылмыстардың өзі жай, күрделі, созылмалы, жалғасқан қылмыстар болып бөлінеді. Жай құрамда бір объектке бір әрекет арқылы кінәнің бір нысанымен зиян келтіру арқылы іске асырылады. Мысалы, 175-баптың 1-бөлімі бөтеннің мүлкін жасырын түрде ұрлау. Бұл жерде бір объектке (бөтеннің меншігі) бір әрекет (жасырын ұрлау) а рқылы  бір кінә  нысанымен (қасақаналылық)

6

жәбірленушіге зиян келтіріп отыр.

Күрделі құрам деп екі немесе одан да көп әрекеттерден құралатын, оның әрқайсысының бірінен-бірін бөліп қарағанда жай түрдегі қылмыс құрамына жататын, бірақ ішкі бірлігі бойынша бір қылмыстың құрамын құрайтын қылмыстардың жиынтығын айтамыз. Мысалы, қарақшылықтың құрамын алайық. Мұнда бөтеннің мүлігіне ие болу жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті күш жұмсау арқылы жүзеге асырылады (179-бап). Бұл жағдайда әртүрлі қылмыстық әрекеттер өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсету және мүлікті иемдену немесе иемденуге оқталу бір күрделі қылмыс құрамын – қарақшылықты құрайды, бірақ осы әрекет ішкі бірлігіне байланысты бір қылмыс құрамын құрап тұр. Жеке, күрделі қылмыс құрамдарының бір түрі – баламалы әрекетті қылмыс құрамдары болып табылады. Оның ерекшелігі сол қылмыстық заңда көрсетілген әрбір әрекет немесе әрекетсіздік біткен қылмыс құрамын көрсетеді. Мысалы, 165-бапта бір қылмыс құрамы мемлекетке опасыздық туралы жауаптылық көрсетілген, осы қылмыстың объективтік жағының әртүрлі мынадай баламалы әрекеттерінің әрқайсысы жеке-жеке біткен қылмысты білдіреді: жау жағына шығып кету, шпиондық жасау, мемлекеттік құпияны жатқа беру, Қазақстан Республикасына дұшпандық әрекеттер жасау, шетелдік мемлекетке, ұйымдарға немесе олардың өкілдеріне өзге де көмектер көрсету. Қылмыстық кодекстің 223-бабында да бірнеше баламалы әрекеттердің жиынтығынан тұратын бір қылмыс құрамы туралы сөз болады, мұнда тұтынушыларды кем өлшеу, кем тарту, кем санау немесе тұтынушыларды өзге де алдау әрекеттерінің әрқайсысы жекелеген қылмыс құрамының біткен түрін білдіреді, осы әрекеттредің біреуін немесе бірнешесін істеуі де бір ғана қылмыстың істелгенін білдіреді.

Созылмалы қылмыс деп кінәлінің өзіне қылмыстық заң жазамен қорқытып жүктеген міндеттерін ұзақ мерзімге орындамай әрекет немесе әрекетсіздік арқылы белгілі бір қылмыс құрамын үзіліссіз, белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асыруы болып табылады.

Мұндай созылмалы қылмыстардың қатарына бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тасап кету, балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-аналарын бағуға арналған    қаражаттарды  төлеуден әдейі бұлтару, қаруды,    оқ-дәріні,   жарылғыш

7

заттарды заңсыз алып жүру, сақтау, алу, жасау және өткізу, қылмыс туралы хабарламау жатады. Мұндай жағдайларда қылмыстық әрекет кінәлінің кінәсін өзі мойындап келген уақытына немесе оның өкімет органына байланысты ұсталуына байланысты жағдайларда ғана үзіледі. Оған дейін істеген іс-әрекет бір созылмалы қылмыс ретінде қарастырылады. Жалғасқан қылмыс деп ортақ мақсатқа жетуге бағытталған ұқсас қылмыстық әрекеттерден құралатын, жиынтығында бір қылмыс болып табылатын қылмыстарды айтамыз. Мұндай қылмыстарға, мысалы, 223-бапта көрсетілген тұтынушыларды алдау, үнемі ұрып-соғу немесе басқа да әрекеттермен азаптау (107-бап) сияқты қылмыс құрамдары, сондай-ақ мемлекет мүлкін өзара ұқсас әртүрлі қылмыстық әрекеттер арқылы тегін, заңсыз иелік ету мақсатымен жасалған, нәтижесінде бір қылмыс болып табылатын талан-тараждар жатады. Жоғарыда сөз болған жеке қылмыстардан қылмыстардың көптігін ажырата білу керек. Сондықтан ең алдымен қылмыстардың көптігіне дұрыс анықтама берген жөн. Қылмыстық құқықта қылмыстардың көптігі деп адамның екі немесе одан да көп қылмыстарды кінәлі түрде істеуін айтамыз.

                 Қылмыстардың көптігінің өзіне тән белгісі – бір тұлғаның кемінде екі рет қылмыс, яғни қылмыстардың дербес құрамдарының белгілері бар әрекеттер (немесе жиынтықталған бір әрекет) жасауы. Ал әкімшілік құқық бұзушылық, тәртіпке қарсы қылық, азаматтық – құқықтық тәртіп бұзушылық, сол сияқты, ҚК-тің 9-бабының екінші бөлігінде қарастырылған іс - әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстың көптігіне жатпайды.Қылмыстық жауаптылықтың ескеру мерзімі өтіп кеткен немесе соттылығы жойылған заң бұзушылықтар да қылмыстың көптігіне жатпайды. Бұл туралы қылмыстың бірнеше мәрте жасалуына    қатысты ҚК-тің 11-бабының үшінші бөлігінде анық айтылған.Сонымен қатар, қылмыстық – құқықтық салдар жоққа шығарылған әрекеттер де қылмыстардың көптігіне жатпайды. Ол жағдайлар, атап айтқанда мыналар: шын өкінуіне (ҚК-тің 65-бабы), қажетті қорғанудың шегінен асуына (ҚК-тің 66-бабы), жәбірленушімен татуласуына (ҚК-тің 67-бабы) байланысты немесе рақымшылық жасау актісі негізінде (ҚК-тің 76-бабының екінші бөлігі) немесе ҚК-тің Ерекше бөлімінде көрсетілген жағдайларға орай (125, 165, 231, 233, 312 және басқа баптарда кездесетін ескертулер) қылмыс жасаған тұлғаның қылмыстық жауаптылықтан босатылуы немесе босатылуға тиістілігі.

8

         1. Қылмыстардың көптігінің жекелеген қылмыстардан ерекшелігі.
                      Қылмыстардың көптігін жекелеген қылмыстан, яғни қылмыстың бір ғана құрамының белгілерінен тұратын әрекеттен ажырата білу керек. Егер         де жасалған    қылмыс  қарапайым    құрамның     белгілерінен     тұратын қылмысты қылықтың бір   ғана көрінісі болса,    әрине, жекелеген қылмыс түрін қылмыстардың көптігінен     ажыратып алу,    әдетте, қиынға соқпайды.   Алайда, сот тәжіребесінде сырттай қарағанда жекелеген қылмыстардың қылмыстың көптігіне өте ұқсас болып келетін жағдайлар да ұшырасады. Бұл күрделі (құрамдас), созылмалы, жалғаспалы қылмыстар жасағанда орын алады.
                       Жеке алғанда әрқайсысының өзі қылмыстың дербес құрамының белгілерінен   тұра алатын, алайда ішкі тұтастығына қарай бір қылмыс             ретінде қарастырылушыекі немесе бірнеше әрекеттерден                               құралатын қылмыстар күрделі (құрамдас) қылмыстар деп танылады.
                     Мұндай қылмыстардың ең кең тараған түрі ретінде бөтен мүлікті иелену мақсатымен жәбірленушінің өміріне не денсаулығына қауіпті болып табылатын күш қолдану арқылы қол жеткізетін қарақшылықты мысалға алуға болады.
                     Жекелеген күрделі қылмыстардың қатарына екі әрекеттен, соның  ішінде балама әрекеттерден де тұратын қылмыстар жатады. ҚК-тің 202-бабында төмендегідей балама әрекеттерден тұруы мүмкін бір ған қылмыс туралы сөз болады: құнды қағаздарды эмиссиялау жобасын оның жалған ақпараттардан            тұратынын біле тұра бекіту, сонымен бірге, құнды қағаздарды шығару         жөніндегі есептің жалған екендігінбіле тұра оны бекіту. Кінәлі адам осы          аталған әрекеттердің тек біреуін ғана жасаса да, бірнешеуін жасаса да оның ісі, бәрібір, қылмыстың бір құрамынан тұрады деп есептеледі.
                      Белгілі бір қылмысты әрекет құрамын үзбестен жүзег асырып отыру – созылмалы қылмыс болып табылады. Атап айтқанда ол – заңмен қылмыстық қудалану қаупін төндіре отырып кінәлінің мойнына артқан міндеттердің өп уақыт бойына орындалмауына келіп тірелетін әрекет немесе әрекетсіздік.
           Айталық, азамат П. өзінің ұлын асырауға қажетті, сот шешімі арқылы белгіленген қаржыны төлеуден бір жарым жыл бойы қасақана бас тартты. Бұл уақыт аралығында ол өзінің   жұмыс    орнын   сегіз рет өзгертіп, бір қаладан екінші қалаға

9

көшумен болды. Қылмысты қылығының осыншама уақытта созылмағанына қарамастан, азамат П-ның ісі қылмыстың көптігіне жатпайды, ол                 созылмалы жалғыз ғана қылмыс болып табылады.
                  Созылмалы қылмыстар қатарына, сонымен қатар, қашқындық (ҚК-тің 373-бабы), несиелі берешекті өтеуден әдейі жалтару (ҚК-тің 195-бабы), шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (ҚК-тің 213-бабы) және т.б.
                  ҚК-тің 11-бабының бірінші бөлігіне сәйкес – жалғаспалы қылмыс ортақ ниетпен және мақсатпен қамтылып, тұтас алғанда, бірдей қылмыстық әрекеттер қатарынан тұрады. Әдетте, жалғаспалы қылмыстар әрекеттерден туындайды, бірақ әрекетсіздіктен де тұруы мүмкін (ҚК-тің 315-бабындағы қызметтік әрекетсіздік). Барлығын тұтас алғанда жалғаспалы қылмысты құраушы әрекеттердің әрқайсысы жеке алғанда дербес қылмыс болуы да, болмауы да мүмкін (әкімшілік               немесе тәртіптік жауаптылықпен байланысты немесе тіпті ешқандай заң жауаптылығына байланыссыз). Алайда, кез-келген жағдайда да, мұндай әрекеттердің әрқайсысы заң тұрғасынан өз алдына жеке сараланбауы тиіс, себебі, ол жалғаспалы қылмыс болып табылатын тұтас әрекеттің бір кезеңі ғана. Мысал ретінде жалғаспалы            ұрлықты алуға болады. Егер де кінәлі деп танылған адам қоймадағы азық – түлікті белгілі бір уақыт аралығында азғантай мөлшерде алып шығып ұрлап отырса,      оның әрекеттерінде қылмыстың көптігі       болмайды. Бұл орайда, қылмыскердің         әр кезде ұрлап шығарған мүлкінің мөлшерінің маңызы жоқ. Әр жолғы          ұрланған мүлік мөлшері әртүрлі болып келтірілген залал бір жолы айтарлықтай келесі бір    жолы   елеусіз болғандықтан қоғамдық қауіптілікке жатпайтын және         ҚК-тің      9-бабының екінші б   өлігіне сәйкес   қылмыс болып табылмайтын күнде де   бұл ұрлықтың – жалғаспалы деп танылғаны орынды.
                      Ұрлықпен бірге тұтынушыларды алдау (ҚК-тің 223-бабы), азаптау (ҚК-тің 107-бабы), ұрып – соғу (ҚК-тің 106-бабы) және басқа да                 қылмыстар жалғаспалы қылмыстар қатарында жиі ұшырасады.
 




                                                                        10

2. Қылмыстардың көптігінің ажыратылуы.

                    Қазіргі қылмыстық заңдар бойынша қылмыстардың көптігінің төмендегідей түрлері айқындалып, ажыратылады:

    1. қылмыстың бірнеше мәрте  жасалуы;

    2. қылмыстардың жиынтығы;

    3. қылмыстың қайталануы.


а) Қылмыстардың бірнеше мәрте қайталануы.

              Қылмыстардың бірнеше рет жасалуы дегеннің мағанасына тереңірек үңілер болсақ, ол – бір тұлғаның екі немесе одан да көп қылмыстар жасауы. Бұл әрекеттері үшін тұлғаның сотталған – сотталмағандығы ескерілмейді.
             Теория жүзінде де, практика жүзінде де қылмысты бірнеше рет жасау екі түрге бөлінеді: жалпы және арнайы.

Информация о работе қылмыстың көптілігі