қылмыстың көптілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 16:31, реферат

Описание

Қылмыстық құқық дегеніміз – құқық саласының негізгі түрлерінің бірі ретінде қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың негізі мен шектерін, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың шарттарын айқындайтын құқықтың нормалардың жиынтығы. Жалпы қылмыстық құқықтың негізгі міндеттері - әлеуметтік құндылықтарды қорғау және қылмыстардың алдын алу ( қылмыстарды болдырмау; қылмыстардың профилактикасы) болып табылады.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім

1. Қылмыстардың көптігінің жекелеген қылмыстардан
ерекшелігі
2. Қылмыстардың көптігінің ажыратылуы:
а) Қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуы;
б) Қылмыстардың жиынтығы;
в) Қылмыстардың қайталануы.
III. Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Ильмира кылмытын коптиги.doc

— 151.00 Кб (Скачать документ)

жасалған қылмысы үшін ҚК-тің тиісті бабы немесе бабының бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылатындығында.


в) Қылмыстардың қайталануы.

                      Қайталану – қылмыстың бірнеше мәрте жасалуының бір түрі болып табылады. ҚК-тің 13-бабының бірінші бөлігіне сәйкес қылмыстардың қайталануы бұрын қасақана қылмыс жасауы ретінде түсіндіріледі. ҚК-тің осы бабының төртінші бөлігінде 18 жасқа толмаған адамның жасаған қылмысы үшін соттылығы, сондай-ақ Кодексте белгіленген тәртіп бойынша алынып тасталған немесе жойылған соттылық қылмыстың қайталануын тану кезінде ескермейді делінген. Қылмыстардың қайталануы қылмыскердің қоғам үшін қауіптілігінің жоғары екендігін білдіреді, себебі бұл – оған алғашқы қылмысы үшін қолданылған жазаның мақсатының орындалмағандығы. Қылмыстың қайталануының орын алуы, кінәлі қылмыстық жауаптылыққа тартылар кезде міндетті түрде ескерілуі тиіс.
                      ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 25 мамырдағы «Соттардың қайталанған қылмыстар туралы қылмысты істерді қарастыру тәжіребесі туралы» №1 қаулысында бұрын болған соттылық, бұған дейін тағайындалған және шын мәнінде өтелген жазалар, жазадан босатылу негіздері туралы мәліметтер жан-жақты және мұқият тексерілуі керектігі, сонымен қатар, сотталушымен жеке басы туралы басқа да деректерді анықтап, білу керектігі атап көрсетілді.
                 Жасалатын қылмыстардың сипатына қарай қайталану – ж а л п ы және     а р н а й ы болып бөлінеді.

18

                 Жалпы қайталану – бұрын соттылығы бар тұлғаның кез келген жаңа қылмыс жасауы. Мысалы, алаяқтық үшін сотталған тұлға бұзақылық жасауы мүмкін.
                  Жалпы қайталанудың заңдылық тұрғысынан маңыздылығы – оның қылмыстардың саралануына әсерін тигізбестен, жеке жауаптылықты анықтау мен жаза тағайындау кезінде ескерілетіндігі   (ҚК-тің   54-бабының бірінші бөлігінің “а”

тармағы бойынша жалпы қайталану жауаптылық пен жазаны ауырлататын жағдай болып табылады). Егер де қылмыстың қайталануы  бұрынға жасалған қылмыс үшін

жазаны өтеу кезінде орын алса, жаза ҚК-тің 60-бабымен үкімдердің жиынтығы үшін бекітілген ережелер бойынша тағайындалады. Егер бұрын жасалған қылмыс үшін сотталушы бас бостандығынан айыру жазасын өтеген болса, қайта жасаған қылмыс үшін бас бостандғынан айыру қатаң режимдегі түзеу колониясына тағайындалады.
                Соттылығы бар тұлғаның ұқсас немесе біртекті жаңадан қылмыс жасауы арнайы қайталану болып танылады. Арнайы қайталанудың заңды тұрғыдан алғандағы мәні мынада: біріншіден, ол заңмен қарастырылған жағдайларда саралаушы немесе ерекше саралаушы жағдай болып табылады (ҚК-тің 170-бабының екінші бөлігі,175-бабының үшінші бөлігі т.б.). Екіншіден, жалпы қайталану сияқты, арнай қайталануды да егер де ол ҚК-тің Ерекше бөлімінде саралаушы белгі ретінде көрсетілмесе, сот жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар ретінде ескереді. Және де, үшіншіден, егер де арнайы қайталан сотталушының бұрын жасаған қылмысы үшін субъект бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеген болса арнайы қайталану да жалпы қайталану сияқты салдарға әкеліп соқтырады.
Қоғамдық қауіптілігінің деңгейі бойынша қайталану қ а р а п а й ы м , қ а у і п т і және ө т е қ а у і п т і болып бөлінеді.

               Қарапайым қайталану – бұл қауіпті және өте қауіпті қайталанудың белгілеріне сәйкес келмейтін қайталану.

               ҚК-тің 13-бабының екінші бөлігіне сәйкес қылмыстың қайталануы төмендегідей жағдайларда қауіпті қайталану деп танылады:
      а) егер адам бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін екі рет бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адам қасақана жасаған қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;

19

      ә) егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса, ол ауыр қылмыс жасаған жағдайда.

Қылмыстың қайталануы ҚК-тің 13-бабының үшінші бөлігіне сәйкес мынадай жағдайларда өте қауіпті қайталану деп танылады:

     а) егер адам бұрын ауыр қылмыс немесе ауырлығы орташа қасақана қылмыс жасағаны үшін кемінде үш рет бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адам қасақана жасаған қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;

      ә) егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін екі ретбас бостандығынан айыруға сотталса немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса, осы адам жасаған ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;
     б) егер адам бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса, ол ауыр қылмыс жасаған жағдайда.

               Қылмыстың қайталануының қарапайым, қауіпті және өте қауіпті болып бөлінуінің заң тұрғысынан алғандағы мағынасы – ҚК-тің 59-бабының екінші бөлігіне сәйкес, қайталанудың қандай да бір түрі орын алғанда, соттың жазаның мерзімі мен мөлшерін осы жасалған қылмыс үшін заң жүзінде көзделген ең қатаң жаза түрінің ең жоғарғы мерзімі мен мөлшерінің шегінен төмен тағайындай алмайтындығында.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

20

                                                            III.Қорытынды

                     Сонымен, тұлғаның қылмыстық жауапқа тартылуының ескіру мерзімі өтпеген немесе соттылығы жойылмаған не алынып тасталмаған немесе қылмыстық жауапқа тартылу заңға сәйкес тоқтатылмаған екі не одан да көп қылмыс жасауы қылмыстық құқыққа қылмыстардың көптігі деп танылады.

                    Жалпы қылмыстың көптігі 3 түрге ажыратылады:

1) қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы;

2) қылмыстардың жиынтығы;

3) қылмыстың қайталануы.

              ҚК-тің 11-бабында Қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы туралы жазылған.
          1. ҚК-тің ерекше бөлімінің белгілі бір бабында немесе бабының бөлігінде көзделген екі немесе одан да көп әрекетті жасау – қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуы деп танылады.

          2.ҚК-тің Ерекше бөлімінің түрлі баптарында көзделген екі немесе одан да көп қылмыс жасауы ҚК-те арнайы көрсетілген жағдайларда ғана бірнеше рет жасалған деп танылуы мүмкін.

          3. Егер адам бұрын жасаған қылмысы үшін заңмен белгіленген тәртіп бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса не адамның бұрын жасаған қылмысы үшін соттылығы жойылған немесе онысы алынған болса, немесе мұндай қылмыс үшін қылмыстық жауапқа тарту мерзімі өтіп кетсе, қылмыс бірнеше рет жасалған деп танылмайды.

         4. Жалғасатын қылмыс, яғни бір ниетпен және бір мақсатпен қамтылып, тұтас алғанда бір қылмысты құрайтын бірқатар бірдей қылмыстық әрекеттерден тұратын қылмыс бірнеше мәрте жасалған қылмыс деп танылмайды.

         5. Қылмыстардың әлденеше рет жасалуы ҚК-те неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтыратын мән-жай ретінде көзделген жағдайларда адамның жасаған қылмысы ҚК-тің Ерекше бөлімінің қылмыстарды бірнеше мәрте жасағаны үшін жазалауды көздейтін бабының тиісті бөлігі бойынша айқындалады.

                 Қылмыстардың жиынтығына келетін болсақ, ҚК-тің түрлі баптарында немесе баптарының бөліктерінде көзделген, адам солардың бірде - біреуі үшін

21

сотталмаған немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екі немесе одан да көп әрекеттерді жасау қылмыстардың жиынтығы деп танылады. Қылмыстардың жиынтығында адам, егер жасалған әрекеттердің белгілері ҚК-тің бір бабының немесе бабының бір бөлігінің неғұрлым қатаң жаза қолдануды көздейтін нормасымен қамтылмаған болса, әрбір жасалған қылмыс үшін ҚК-тің тиісті бабы немесе бабының бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. ҚК-тің екі немесе одан да көп баптарында көзделген қылмыстардың белгілері бар бір іс-әрекет (әрекетсіздік) те қылмыстардың жиынтығы деп танылады. Адам қылмыстардың мұндай жиынтығында, әрбір әрекеттің белгілері ҚК-тің бабының басқа әрекет үшін неғұрлым қатаң жаза қолдануды көздейтін нормасымен қамтылмаған болса, әрбір қылмыс үшін ҚК-тің тиісті баптары бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Егер белгілі бір және нақ сол әрекет ҚК-тің тиісті баптарының жалпы және арнаулы нормаларының белгілеріне сәйкес келсе, қылмыстардың жиынтығы болмайды және қылмыстық жауаптылық ҚК-тің Ерекше бөлімінің арнаулы норманы қамтитын бабы бойынша туындайды.
                         ҚК-тің 13-бабына сәйкес Қылмыстың қайталануы бұрын қасақан жасаған қылмысы үшін соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады. Қылмыстың қайталануы:

                 а) егер адам бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін екі рет бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адам қасақана жасаған қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;

                б) егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса, ол ауыр қылмыс жасаған жағдайда қауіпті деп танылады.

                     Қылмыстың қайталануы:

        а) егер адам бұрын ауыр қылмыс немесе ауырлығы орташа қасақана қылмыс жасағаны үшін кемінде үш рет бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адам қасақана жасаған қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;
        б) егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін екі рет бас бостандығынан айыруға сотталса немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса, осы адам

22

жасаған ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда:
             в) егер адам бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса, ол аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда аса қауіпті деп танылады.
                        Он сегіз жасқа толмаған адамның жасаған қылмысы үшін соттылығы, сондай-ақ ҚК-те белгіленген тәртіп бойынша алынып тасталған немесе жойылған соттылық қылмыстың қайталануын тану кезінде ескерілмейді. Қылмыстардың қайталануы ҚК-те көзделген негіздер мен шектерде неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтырады.



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

23

                                             Қолданылған әдебиеттер тізімі:


1. ҚР Конституциясы 1995 жылы 30 тамыз; 2007 жылы 21 мамырда өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

2. ҚР Қылмыстық Кодексі 1997 жылы 16 шілде (№167-I); 2007 жылғы 15 мамырдағы №253-III енгізілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

3. ҚР Қылмыстың құқығы Жалпы бөлім Абдрашит А.А. Алматы. Жеті Жарғы, 2001.- 134.

4. ҚР Қылмыстық құқығы Жалпы бөлім Борчашвил И.Ш. Алматы, 2001.

5.Қылмыстық құқық Жалпы бөлім  Ағыбаев .Жеті Жарғы «Алматы».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

24

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

«Береке» гуманитарлық-техникалық колледжі

 

 

 

 

 

 

 

Курстық жұмыс

 

 

                            Пәні: «Қылмыстық құқық»

Мамандығы: «Құқықтану» - 0201023

 

Тақырыбы: «Қылмыстың көптігі»

 

             

             

 

 

                                                                                                        Орындаған:    

              Бағасы_______                                                                         2ПВ-10-01

  Күні ______                                                                                білімгері

                                                                            Асан И.                                                 

                               

                                                                                 Тексерген:

                                                                                       Құқық пәнінің

                                                                             мұғалімі

                                                                                        Ескулова Т.С.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2012 оқу жылы
 



Информация о работе қылмыстың көптілігі